КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН КЕШЕНДІ ИГЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АНАЛИЗДІҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 131 бет
Таңдаулыға:   

. . . 1 тарау . . .

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН КЕШЕНДІ ИГЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АНАЛИЗДІҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ

1. 1

Әлеуметтік-экономикалық қатынас жүйесіндегі экологиялық-экономикалық анализдің маңызы, орны және рөлі

Өндірістің материалды-техникалық базасын қайта қалыптастырусыз экономикалық механизмді нығайту және халықтық-шаруашылық кешенді жоғары сатыға көтеру, шаруашылықты жүргізудің қарқынды формаларын пайдалану, туындаған мәселелер мен сұрақтарды шешуге программалық, кешенді ықпал ету мүмкін емес.

Қоғам өзінің шаруашылық және мәдени дамуындағы міндеттерді атқара отырып, қоршаған табиғи ортамен әр түрлі байланыстарға және қарым-қатынастарға түседі.

Ғылыми-техникалық прогресс қоғамдық өндірістің тиімділігін көтерудегі негізгі құрал бола отырып, адамзат қоғамындағы алғашқы тіршілік үшін қызмет атқаратын табиғи байлықтарды қарқынды пайдаланудың мүмкіндіктерін кеңітеді.

Бірақ, адамзат табиғи процестерді заманауи техникалық құралдардың көмегімен баса отырып, қоғам мен табиғат арасындағы динамикалық тұрақтылықты жиі бұзады. Өндірістік күштердің дамуына кері әсер ететін қоғам мен қоршаған табиғи орта арасындағы қарама-қайшылықтар қоршаған ортадағы жағымсыз құбылыстар мен үрдістердің өсуіне, оның құрылымдық бөліктерінің диалектикалық бірліктерін бұзуға әкеліп соғады.

Мұндай қарама-қайшы процесстерге қатысушы және куәгер ретінде қазіргі заманауи қоғам шығады. Бір жағынан, ол өндіріс сферасына нағыз табиғи ресурстардың қарқынды араласуынсыз дами алмайды, екінші жағынан - қоршаған табиғи ортаны қорғауы тиіс, өйткені оның жағдайына адамның жер бетінде тіршілік етуі тәуелді.

ЖІӨ-ді өндіру көлемінің өсуі және оның аймақтық шоғырлануының күшеюі табиғи ресурстардың қажеттілігінің көбеюіне алып келеді. Көптеген табиғи компоненттер қорының шектеулілігі оларды пайдалануда тиімділігін көтеруді, сонымен қатар табиғатта өзіне үйлестігі жоқ жаңа материалдық және энергетикалық көздерді принципиалды өңдеу және нығайту мәселесін туындатады.

Бұл мәселені шешу - алдымен пайдалы қазбаларды, энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өндіру және қайта жасау технологиясын сапалы жақсартумен байланысты көптеген шарттар мен факторларға тәуелді болып отыр. Дәл осы жерде белгілі бір уақыт сәтіне қол жеткізген қоғамның ғылыми-техникалық даму деңгейінің көрінісін табады. Өндірістің қазіргі уақыттағы техникалық және технологиялық жағдайы қоғам мен табиғат арасындағы динамикалық тұрақтылықты сақтауға әлі мүмкіндік бермейді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, биосферадан алынған заттардың 100 бірлігінен тек үш-төрт бірлігі ғана пайдалануға беріледі, қалған 96-97 бірлігі қоршаған ортаны ластайтын қалдық ретінде жоғалады.

Бұл зерттеушілерге қалдықтардың (артынша, табиғаттың ластануы) шарасыздығын нақтылау үшін негіз болды, немесе олардың көрінуі технологиялық процесстердің жағдайымен байланысты. Сондай-ақ, олардың кейбіреуі «қолайлы ластану өмірдің гүлденуін қамтамасыз етеді, одан келіп ортаның өзінің тазаруына әкеледі» деп есептейді. «Мүлде қалдықсыз өндіріс» концепциясын ашқан авторлардың пікірлері сияқты, мұндай шешімдермен келісу қиын.

Технологиялық процесстердің мағынасы алғашқы табиғи шикізат көлемінен соңғы қажеттіліктерді алумен түсіндіріледі. Алғашқы шикізатты өңдеудің кейінгі жағдайы өндірістің әр түрлі қалдықтарды шығаруын көрсетеді. Қалдықтарды алудың шарасыздығы туралы концепция табиғаттың шикізат ресурсының көлемі мен өндірістік-шаруашылық қызметтің соңғы өнімінің өлшемі арасындағы тура байланыс ретінде қарастырылады. Мұндай шешім өндірістік процестің сатысы немесе жеке нақты түрге қатысы болса дұрыс деп табылады. Егер ғылыми-техникалық прогресстің потенциалды мүмкіндіктері бойынша өндірістің қалдықтарын қарастырса, онда, өкінішке орай, оның жетістіктері тек табиғи заттарды ғана емес, олардың негізгі және жанама компоненттерін де тұтыну құнына айналдыруға мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаны пайдаланудың бұрынғы шаруашылық әдістері жаңа техникалық немесе ғылыми-техникалық негізге қойылғанда ғана заманауи технологиялардың дамуын аяқталды деп есептеуге болады. Бұл көзқарас бойынша ғылыми-техникалық прогресске әлі соңғы қадам жасау керек болады, өйткені, барлық жаңа және жаңа әдістерді қолдануға қарамастан, қоршаған табиғи ортаның негізгі шамасы дәстүрлік әдістерді шаруашылық айналымға еліктіру үшін қолданылады, кейбіреуіне қарағанда және қазіргі табиғатты пайдалануды әрі қарай кеңейтуге, адамдардың экологиялық өмірін жақсартуға кедергі келтіретін қиындықтар ретінде түсіндіріледі.

Осындай тенденциялардың көрінуі қоғамда бұл негативті тенденцияларды жеңуге бола ма, және жеңуге болатын болса, туындаған экологиялық жағдайдан шығудың жолы қандай деген сұрақтарды қоюға мүмкіндік бермейді. Қоршаған орта мәселесінің ашық геосаяси бояумен бейнеленуі, бәсекелестік күрестің алдыңғы жағына шығуы тіптен маңызды.

Қоршаған орта мәселесіне зерттеушілердің көзқарастарын көрсететін қайнар көздердің анализі сол мәселенің туу себебі мен оны шешу жолдарын сараптауға екі негізгі амалды көрсетуге мүмкіндік береді.

Олардың біреуінің негізіне технологиялық сипаттың басты бейнесін алып жүрген мәселе ретінде қоршаған ортаны қорғау мәселесінің интерпретациясы алынады.

Мұндай сұрақтың түсіндірмесі бойынша, экономикалық дамудың бағдары мен қалпы экологиялық факторларға қатысты ішкі, алдын ала анықталған және талқылауға болмайтын деп түсіндіріледі.

Бірінші орынға сәтсіз экологиялық технологиялардың уақытылы қолданылуына әсер ететін жағдай жасау және оларды қоршаған орта үшін пайдалануда негативті салдарды жою сұрақтарыы шығады. Бұл сұрақты шешудің негізгі жолдарының бірін осы тәсілдің жақтаушылары, экологиялық мәселелерді беруде, өзінің бейнесін таба алатын белгілі бір экономикалық мазмұнды көреді, мысалы, қалыптасқан білім беруді бағалау саясатын өзгертуде, қаржылық санкциялардың іс-әрекетін көтеруде, табиғи ресурстарды экономикалық бағалауда және т. б.

Соған сәйкес, әдеттегідей, мұндай әдісте «табиғилық» және «нәтижелілік» міндетті түрде есепке алынады, сондай-ақ оларды әлсірететін шарасыз технологиялық өзгерістер тудыратын қандай да бір қарама-қайшы тенденциялардың көрінетіні ақиқат.

Негізінде, технологиялық даму қоғам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықты күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар адамның іс-әрекетінен кейінгі кері әсерлерді жоюға үшін бұл қарама-қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерінің арқасында адам көптеген табиғи процесстерге саналы түрде әрекет етуге жағдайы бар және өзі қызыққан жағдайда олардың жойқын күші мен энергияны пайдалана алады. Сонымен қатар, ол минералды ресурстарды тиімді пайдалануға, топыраққа тұқым себуге, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған көптеген биологиялық процесстерді басқаруға шамасы жетеді.

Шектеулілік, өз ресурстардың дефицитінің өсуі жадайларының қатарында бірінші жоспарға оларды пайдалануда үнемді және ұқыпты пайдалануды көтерді. Негізінде, бұл ой пайдаланылатын табиғи ресурстардың қысқаруы туралы емес, керісінше оларды тиімдірек пайдалану, шығарылатын өнімнің бірлігіне шығындарды азайту туралы болып отыр. Технологиялық прогресс өндірістің барлық салаларында және түрлерінде мұндай қысқарту үшін көптеген мүмкіндіктер ашады. Мұнда мәселенің шешілуі ғылыми-техникалық жетістіктерді прогрессивті, ресурсты сақтаушы және қалдықсыз технологияға негіздеу, сіңдіруде болып табылады. Артынша, табиғатты пайдалану процесстерін рационализациялау өз табиғатты тұтынушыларға байланысты, тіршілікке өндірген және әкелген әлеуметтік техникалық саясатқа байланысты.

Сонымен, заманауи инновациялық даму өзінде локализация мүмкіндігін алып жүреді, ал адамның табиғи процесстермен араласуына әкелетін негативті құбылыстардың ликвидациясы мен жағдайлар қатарына кіреді. Белгілі бір әлеуметтік технологиялық прогресстер жағдайында қоғам өзінің қазіргі экологиялық техника мен технологияны, адам іс-әрекетінде табиғатты қалыптастырушы кері әсер етеін жағдайлардың минимумына әкелетін жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.

Осыған байланысты, ғылыми табиғаттану табиғаттың объективті заңын шешуде қоғаммен алынатын сәйкестіктерді қамтамасыз етеді, ал қоғамдық ғылымдар адамның қызығушылықтарымен алынатын шешімдерді келістіруге, үлкен көлемде табиғаттың қалыптасу процесстерін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қоғамның даму қажеттіліктерін біле отырып, адамдар табиғатқа қатысты өз іс-әрекеттерін мөлшерлеуге қабілетті.

Табиғи және қоғамдық заңдылықтар тығыз байланысты болғандықтан, табиғат пен қоғамды бір жүйе ретінде игеру, табиғи орта мен қоғамдық қатынастарында пайда болған маңызды теоретикалық және практикалық мәселелерді сараптауда диалектикалық-материалистикалық әдістемелердің шарттарын сақтауда дұрыс бағыт беру қамтамасыз етіледі.

Қоршаған ортаны қорғау сұрақтары практикалық ғылымдардың қолдану аясы болуы қажет, немесе жеке пәндер бұл сұрақтарды шешугешарасы жоқ. Қоғам мен табиғаттың қатынасы туралы жаңа интегралды ғылымды құруға талпыну мамандандыру мен практикалық жүзеге аспайтын принципіне қарама-қайшы болады. Осыдан қоршаған орта туралы білімнің жиынтығынан ерекше ғылым шықпайды, тек ғылыми пәндердің көп бөлігінің қосындысы ғана бола алады.

Қоршаған ортаның салалық мәселелерін шешу бұдан былай жеке ғылыми пәндердің жұмысы болу қажет. Бірақ мамандандыру кең мүмкіндіктерге, білімнің басқа да салаларының контекстіне белгілі бір бағытталған спецификалық мәселелерді көрудегі қажеттіліктерге бөгет болмауы тиіс. Егер қоршаған орта, бір жағынан, көптеген ғылыми пәндердің қолдану аясы болса, екінші жағынан, бұл пәндердің әрқайсысы өзінің міндеттерін байытатын және қиындататын жаңа аспектіге ие болады. Тек осы орайда, маңызды деңгейге байланысты, қоғамдық ғылымдардың экологизациясы туралы айтуға болады.

Осыған байланысты, қоғамдық ғылымдар өзі үшін білім берудің жаңа саласына белсенді араласады, адам - қоғам - қоршаған орта қатынасы жүйесінде адам білімдерін жетілдіреді, олардың арақатынасын тездетеді.

Қоғамдық ғылым бола отырып, экологиялық-экономикалық анализ тек құбылыстарды ғана емес, оған қатысты заттарды, бірақ сол пәнді игеруге қажетті, мысалы, табиғи байлықтар мен қоршаған ортаны, олар экономикалық және әлеуметтік салаға жататынына қарамастан, игереді. Табиғи орта қоғамдық өмірдің өзгеруіне біршама әсер ететін фактор ретінде орын алады, сонымен қатар қоғамдық өндіріс пен қоғамдық қатынастардың дамуына әсер етеді. Анализ қоғамдық ғылым ретінде қоршаған ортаны экономикалық және әлеуметтік позицияларымен қатар меңгереді.

Өндіріс процесінде, бір жағынан, географиялық ортаның жылжуы, және бәрінен бұрын табиғи ресурстардан жалпы ұлттық өнімге өтуі көрінеді, екінші жағынан, жалпы ұлттық өнімнің бөлігі қоршаған орта жағдайын өндірудің қорытындысы бойынша қайта қалыптастыру үшін пайдаланылады. Мұнда өндірістің қоршаған ортадан қоғамдық өнімге қосылуы, табиғи ортаның өндірілуіне бағытталған шаруашылық сайыстар шеңберінде табиғи орта өндірісінің табиғи және жанама элементтерін рационалды пайдаланбау деп атауға болады. Ол қоғамды қажетті табиғи ресурстармен қамтамасыз етуді, оларды рационалды өнім мен пайдалы қазбаларды толық үйлесімінде комплексті пайдалану және табиғи орта элементтерінің өздігінен қайта қалыптасуын сақтауды қарастырады. Жинақталған қоғамдық өнімнен қоршаған ортаға айналатын кері қозғалыстағы шаралар айналымы өндіріс және табиғат элементтерін сақтау, немесе оны тікелей өндіру ретінде көрінеді.

Сонымен, кеңейтілген өндіріс жүйесіндегі қоғам мен табиғи орта арасында сапалы жаңа өзара байланыстар және өзара тәуелділік қалыптасты. Бұл өзара байланыстардың мәні табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау сияқты әлеуметтік-экономикалық категорияға негізделген заңдылыққа сәйкес өз көрінісін тапты. Олардың негізіне табиғи ресурстарды пайдаланудың комплексті тәсілін, оларды қайта қалыптастыру және көбейтуді, жоспарланған және ғылыми негізделген табиғатты өңдеуді жатқызамыз.

Бұл байланыста табиғатты оңтайлы тұтынудың әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарын айқындау және іс-әрекет шараларда сандық сипаттың объективті қажеттілігі туындайды. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекетіндегі барлық деңгейде бұқаралық процесстерді сандық сипаттай отырып, қоршаған ортаның экологиялық-экономикалық анализі табиғатты тұтыну процесстерін, оның даму заңдылықтарын ғылыми тануға әрекет етеді.

Көрсетілген мәселелерді шешуде ғылымның танымдық функцияларына негізделген бірыңғай әдістемелік амалдар қолданылады. Бұл функциялар табиғатты пайдалану объектілерінің жиынтығын, қоршаған ортаның аналитикалық көрсеткіштерінің динамикасын, өз кезегінде көрсеткіштер арасындағы өзара тәуелділіктер мен байланыстар кезінде болатын жиынтықтар құрылымының өзгеруін тануға алып келеді. Теориямен өңделген өлшеу амалдарының күшті арсеналын орнықтыра отырып, анализ табиғатты тұтынуды басқаруды жетілдіреді. Осыдан келіп қоғам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы процессінде пайда болған көптеген категориялар мен қатынастар жиынтығын ұстау, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды өндіруді халық шаруашылығы қызметінің жалпы механизміне айналдыру саясатын жетілдіру міндеті туындайды.

Ортаны қорғау шараларының жоспарын орындаудағы әрбір қорытындыны қараудың өзі алдын-ала анықталған емес, керісінше бір мүмкін болатын қорытынды ретінде эколого-экономикалық анализ үшін бай келешекті көрсетеді, басқару шешімдерін оптимальды таңдауға арналған рөлі мен мазмұнын ашады. Міне, сондықтан бұдан кейін де табиғатты пайдалану процесстерінің бейнесін анығырақ және толық көру үшін, қоршаған ортада іс-әрекет барысындағы жүйе көрсеткіштерін сапалық жағынан да, сандық жағынан да жетілдіру қажет. Одан басқа, табиғат тұтыну көрсеткіштерінің аналитикалық жүйесі басқа да жүйелермен, ең біріншіден - қорытындыланған экономикалық көрсеткіштер жүйесімен тығыз байланысты болуы тиіс. Осыған байланысты, пайдаланылатын ресурстар сәйкес кәсіпорынның шығындарына қосылуы қажет болғандықтан, табиғи ресурстардың құндылық бағасы қажет болады. Табиғи ресурстарды адекватты экономикалық бағалау - экономикалық ғылымның алдында тұрған күрделі тапсырмалардың бірі. Оны шеше алмасақ, табиғат тұтыншылықтың статистикалық сипатын сәтті есептеу, ғылыми-техникалық базисті қамтитын әр түрлі жүйелерді, экономика, биосфера және соған сәйкес әлеуметтік процесстер аймағын бір жүйеге біріктіру мүмкін емес.

Қоршаған орта анализінің маңызы табиғатты қорғау қызметін басқаруда қолданылатын әлеуметтік-экономикалық ақпараттарды ұйымдастырудың тиімді формаларын анықтауда оның әдістемесінің белсенді пайдаланылуынан көрінеді. Сондықтн эколого-экономикалық анализдің теоретикалық және практикалық міндетін адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында табиғат объектілерін қолданудағы іс-әрекетті танып-білу міндеті атқарады. Басқаша айтқанда, эколого-экономикалық анализ «әлеуметтік танудың мықты қаруы» болуы үшін, ең алдымен, сапаның құрамының, табиғат құбылыстарын және сандық өлшемге нақты не жататынын, немесе тек осы формалардың мәні мен олардың салыстырмалы ерекшеліктері анықталғаннан кейін ғана, сол және басқа формалардан құралған бейнелеудің маңызы болуы керек.

Ортаны қорғау әрекетін аналитикалық зерттеудің объектілері кез-келген деңгейде - локальды, аймақтық, іс-әрекеттің барлық салалары мен сфераларында бар.

Сонымен қатар, айтылған сұрақтардың анализінде белгілі бір қиындықтардың барын айта кеткен жөн. Олар бәрінен бұрын білімнің әр түрлі салаларына қатысты анализдің түсініктер мен категорияға ену қажеттілігімен байланысты. Қоршаған орта аймағындағы түсініктердің экономикалық ғылымдарға арналғаны үйреншікті емес және тұрақталмаған. Одан басқа, қоғам мен табиғаттың тура және кері байланысын меңгеруде әлі де жоғары деңгейді мойындау қажет. Әлеуметтік-экономикалық ақпараттардың (бәрінен бұрын аналитикалық) жетіспеушілігі, сондай-ақ табиғи-ғылымның(көбінесе өарама-қайшы) әр түрлілігі қаралатын құбылыстар мен процесстердің көлемін бағалауды қиындатады. Мұндай қиындыққа мысал ретінде, қоршаған ортаны эколого-экономикалық анализдеу аймағында түсініктер мен категорияларды өңдеуді алуға болады.

Пәнаралық мәселелер терминологиялық күрделенуге алып келетіні анық, немесе ғылыми зерттеулер кезінде жаңа түсініктер пайда болады және ескі түсініктер нақтыланады. Сонымен, жұмыс кезінде әр түрлі бағыттағы, «қоршаған», «табиғи», «географиялық орта», «эколого-экономикалық жүйе», «жүктеме», «ықпал», «экологиялық зардап», «табиғатты пайдалану», «ортаны қорғау қызметі» және т. б терминдер көріне бастады. Бірыңғай экологиялық терминологияның жоқтығы бұл мәселені шешуді қиындатады.

«Қоршаған орта» атты пәнаралық түсініктің пайда болуы «табиғи орта», «географиялық орта» сияқты дәстүрлік терминдерді қысқартты. Соңғы түсінік спецификалық географиялық категорияда болды, оған түсінік беруде әр түрлі трактовкаларға ұшырады. «Географиялық орта» түсінігіне дау және оны түсіндірудегі алауыздық, соған қарағанда, өздігінен нақты бағдар бермейтініне байланысты, оған зерттеушінің трактовкасына тәуелді және белгілі мөлшерде субъективті белгілі бір мағына беру қажет. «Географиялық орта» түсінігі табиғи ортаны, оның элементтері - алдымен табиғи, кейіннен қоғамдық бағытта географиялық ғылымдардың зерттеу пәнін көрсетеді.

«Қоршаған орта» термины - жүйелік, табиғатты қорғау мәселесін шешудегі пәнаралық әдісті сипаттайтын түсінік. Оны қоғамға қатысты өзімен бірге бөлінбес диалектикалық бірліктің дамуында және оның бары материалды жағдайға байланысты ішкі жиынтықты көрсететін категория ретінде анықтады. Кейіннен Р. Лацко экономикалық ғылымдар позициясымен осындай түсінік береді: «Қоршаған орта - адам қоғамдық тіршілік етуші ретінде өз қажеттіліктерін қамтамасыз етіп және өз кезегінде оған іс-әрекетімен ықпал ететін және қалыптастыратын, адам қоғамын қоршап және оған әсер ететін адаммен құрылған табиғи және материалдық әлем». Географиялық орта» түсінігі де табиғи ортаны, табиғи-географиялық ғылымдар позициясына сай табиғи жағдайларды сипаттайды. Табиғи ғылымдардың зерттеу объектісі ретінде «географиялық орта» түсінігі жеке орталардың жиынтығымен анықталатын, қоршаған ортаның бір бөлігін сипаттайтын «табиғаттың қоршаған ортасы» түсінігіне белгілі мөлшерде жақын келеді.

Тәжірибенің көрсетуінше, терминологиялық сұрақтарға талас бұдан кейін сәйкеспейтін сипат алды, және көп жағдайда мәселелерді шешудің шынайы әдістемелік таңдауымен байланысты болды.

Сонымен, эколого-экономикалық анализді әрі қарай жетілдіруде қазіргі кезге дейін анықталмаған статистика объектісі ретінде қоршаған ортаның нақты шегі туралы сұрақты теоретикалық өңдеудің маңызы зор. Бұл сұрақты шешу табиғатты қорғау және шаруашылық әрекетіндегі анализді шектеуден құралады, мақсаты бойынша, біріншіден, эколого-экономикалық анализде кейбір және сол көрсеткіштердің қайталануын жоюдан, екіншіден, әлі күнге дейн анықталмаған, бірақ қоршаған ортаның жоғарғы сапасын сақтауда үлкен маңызы бар көрсеткіштерді анықтау және айқындаудан тұрады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, «қоршаған орта» түсәнігіне тек ауағ табиғи су және топырақты ғана жатқызуға болмайды. Мұндай тәсіл табиғаттың жеке элементтерін қорғау сұрақтарына жалпы мәселілікті алып келеді. Бүл түсінікті тарату мүмкіндіктері адам өмірінің айқындалуы мен барлық жағдайларына негізделеді, ол түсініктерді шектеуге ықпал етпейді, табиғатты тұтынуды басқару жүйесінің өздігінен құрылуына кедергі жасайды, кейінгісіне қатысы жоқ ақпараттардың өсуіне әкеледі. «Қоршаған орта» түсінігін анықтауда біртектілік қажет, егер оның көлемі мен мазмұнын айтатын болсақ, ол көрнекті болуы үшін, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасын жақсартатын және оған әсер ететін іс-әрекет түрлерімен байланысты сақталуы қажет. Осыдан келіп орын мен уақыт нақтылығы жағдайында қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекет сферасында эколого-экономикалық анализдің пәні бұқаралық құбылыстар мен процесстердің сандық жағы болып табылады. Зерттеулер барысында «табиғат күзетшісі» түсінігімен қатар «қоршаған табиғи ортаны қорғау», «қоршаған ортаны қорғау», сонымен қатар «ортаны қорғау қызметі» сөз тіркестері жиі қолданылады. Бұл барлық терминдерді синоним ретінде түсінуге болады, немесе табиғи орта - тұтас қоғам айналасында адам өмірі өтетін табиғат бөлігі болып табылады.

1. 2

Эколого-экономикалық анализдің пәні, мақсаты және міндеті

Экономикалық анализдің ерекшеліктерінің мәнін ашу негізінде оның кәсіпорын қызметінде кешенді экономикалық анализінің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау мәселелері жатыр. Қазіргі кезде экономикалық анализді иеленуші субъектілердің қызметі туралы экономикалық ақпараттарды бағалау және өңдеуге қажетті әдістер мен зерттеу тәсілдері бойынша арнайы білімдер жүйесі деп түсіндіріледі. Одан басқа, экономикалық анализді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттарды аналитикалық өңдеу процессстері түрінде немесе тану әдісінің призмасы арқылы менеджмент жүйесіндегі кәсіпорынның функциясы деп те қарастыруға болады.

Сонымен заманауи кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметі тұрақты әрекет етуші өзара байланысқан экономикалық, өндірістік-технологиялық, әлеуметтік және экологиялық процесстердің бірыңғай күрделі жүйесімен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау
Басты өнеркәсіптік компания
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Қоршаған ортаның ластануы және экономикалық құрылымы
Кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау
Инвестициялық жобаларды талдау әдістері
Инвестициялық жобалаудың теориялық және ғылыми-практикалық проблемаларын және оның Қазақстан экономикасының экономикалық өсуі жағдайындағы ролін зерттеп, соның негізінде инвестициялық жобалаудың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz