ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 8

1. 1. Қоршаған ортаға келтірілген зиянның ұғымы мен ерекшеліктері . . . 8

1. 2. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері . . . 14

1. 3. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік және оның құрамы . . . 19

2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗУ САЛДАРЫНАН КЕЛТІРІЛГЕН МАТЕРИАЛДЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 23

2. 1. Азаматтық құқықтарды қорғау мен залалдарды өтеу . . . 23

2. 2. Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелері . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 36

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығыэкологиялық құқық деп аталады.

Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

ХХI ғасырдағы ғылымның ұлы жетістіктерінің бірі - технология жетістіктерін пайдалануға қол жеткізу болса, бұл бір жағынан адамзат баласының алдындағы көптеген күрделі мәселелердің шешілуіне, ғылым мен техниканың дамуы барысында үлкен бетбұрыс алуына мүмкіндік жасаса, екінші жағынан ол өзінің кері әсерін де тигізіп отыр.

Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас аймақ болып табылады. Демек, ел аумағының экологиялық ластануы адамзаттың өмір сүруін тоқтататындай жағдайға таяуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында күн тәртібінде республикадағы экологиялық ахуалдың арнайы қаралуы осының айғағы.

Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай да өршіп тұр. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай падалану, адамдардың экологиялық сана сезімінің төмендігі, келешек ұрпақтың денсаулығын ойламау және т. б. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 1. 2. тармақшасында 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтарының ішінде бiрiншi кезеңде (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеуі көрсетілген. [1]

Сонда да экологиялық жағдайдың әсерінен бала туу, балалардың өкпе, тері ауруларымен ауруының жиілеп кеткенін ескерсек, бұл кезеңнен өттік деп айту қиын. Әрине, экономикамызды көтереміз деп бар байлығымыз - шикізатты пайдалана берсек, оның сарқылу күні де туындайтынын ескеруіміз қажет. Сонымен қатар инвестиция тарту мақсатында бірнеше шетел өнеркәсіптері ашылып, олардың қазақстандық экологиялық заңнама талаптарына салғыртықпен қарауы да табиғатымыздың нашарлауына әкеліп соққанын жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында баршаға мәлім болған деректердің негізінің өзінде, экологиялық мәселенің ең күрделі, әрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басына дейiн Арал теңiзi әлемдегi ішкі теңiздердiң аумағы бойынша төртінші орында болды. Оның аумағы 64, 5 мың шаршы километрге жетті, тереңдігі - 68 метрді құрады. 60-шы жылдардан бастап Арал теңiзiне құятын сулар лезде азайды. Теңiз аумағы теңiз түбінің үш миллионнан астам гектарын жалаңаштап екі есе қысқарды. Теңiз деңгейi 19 метрге төмендедi, көлемi 1064-тен 210 км 3 -қа қысқарды. Теңiз суының минералдануы 33, 3-тен 60 г/л-ға дейiн екі eceге жуық көтерiлдi. Арал өңiрiнде пайда болатын, тұзды-шаңды ағыстар ғарыштан түсiрiлген суреттердiң деректерi бойынша 150-300 және одан да үлкен километрлерге таралады. Шаңның таралу және шөгуi аймақтарының көлемi шамамен 25 млн. гектар құрайды. Арал теңiзi айдынының апатты қысқаруы аумағында 178 елдi мекен орналасқан, 186, 3 мың адам тұратын экологиялық апат аймағы деп, мәлiм болғандай, Арал өңiрiн жариялаудың себебi болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету негізiнен, ашық су қоймалары мен әкелiнетін сулардың есебiнен, 25% құрайды. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы №520 қаулысымен 2004-2006 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама бекiтiлдi. [2]

Семей аймағы (Семей ядролық сынақ полигоны - СЯСП) полигон әсерiмен сипатталатын, денсаулық пен ауру жай-күйінің негiзгi көрсеткiшi бойынша ең қолайсыздың бiрi болып қалуда. СЯСП-та ядролық қаруды сынау нәтижесiнде Қазақстан халқының денсаулығына келтірiлген зиянды бағалау жүйесі түпкілікті анықталып әзiрленген жоқ және шаралардың тиiстi кешенiн жүргiзудi белгілейдi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы №182-ө өкiмімен құрылған Ведомстволық жұмыс тобы бұрынғы әскери-сынақ полигонын, оның iшiнде, СЯСП-ты зерттеу үшiн кешендi бағдарлама әзірлеуді жүргiзуде. Бағдарламада осы жерлердегі нақты радиациялық жағдайды анықтау үшiн жерлердi қайта өңдеу, оңалту iс-шараларының кешенін әзiрлеу және орындау жөнiндегі жұмыстарды одан кейінгі жүргiзумен iрi көлемдi ғылыми зерттеулер көзделетін болады. Толық көлемдi зерттеулерді полигонның өзінің жерлерінде ғана емес, сонымен, полигонға жақын аудандар аумақтарында да жүргiзу қажет.

Каспий теңізiнің көмірсутегi ресурстарын игеру бастылары балық аулауға кедергi келтіру, теңiз түбiндегі бұзушылықтары, балықтар миграциясының бұзылуы, айдынды шеттету, судың лайлылығын арттыру, өндiру және тасымалдау кезiнде технологиялық, авариялық төгiнділер, шығарындылар және жайылулар болып табылады. Каспий экожүйесiнiң бiрегейлігін ескере отырып, тиістi экологиялық талаптар мен стандарттармен шаруашылық жүргізудің ерекше шарттарын әзiрлеу қажет. Каспийдiң солтүстiк және солтүстік-шығыс тайыз қайраң аймағы негізін бентостық, планктондық жануарлар мен балдырлардың үлкен әртүрлiлiгi құрайтын балықтар мен (оның ішінде бекiре тұқымдастар) құстардың табиғи молаюының бай таралу аймағын бiлдiредi. Қайраң аймағының және Еділ мен Жайық өзендері атырауының аумағы 1974 жылдан бастап қорық аймағы болып жарияланған, бiрақ оны зоналауды қорық режимiмен учаскелердегі жұмыстарды толық тыйым салу үшін аяқтау талап етіледі. Теңiздiң солтүстiк шығыс бөлігiндегi аралдарда Каспий итбалығының негiзгі мекен ету ортасы, ал батпақты-сулы алқаптарда суда жүзетін құстарды, оның iшiнде көшiп-қонып жүретiн құстар мекен етедi. Каспий экожүйесiнiң бiрегейлігін ескере отырып, тиістi экологиялық талаптар мен стандарттармен шаруашылық жүргізудің ерекше шарттарын әзiрлеу қажет. [3]

Мұндай экологиялық ахуал тек қана Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан жағдай.

Мұндай экологиялық тығырыққа келудің себебі не? Бұған берілетін түсініктер аз емес: ведомстволық бюрократизм, жетілдірілмеген заңдылық, нашар ғылыми техникалық база. Бірақ мұның барлығы тығырықтың пайда болуының негізгі себебі емес, салдары болып табылады. Яғни басты себеп емес.

Айналадағы табиғи ортаны қорғау - ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.

Жалпы экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің жиынтығы болып табылады .

Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-қарсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз.

Зерттеу жұмысында анықталғандай Қазақстанның бүкіл аумағының экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді Сондықтан да бүгін қоршаған ортаны, ондағы тіршілік иелерін оның залалынан қорғаудың мәселесі өткір тұр. Соған орай экология саласында құқықтық зерттеулерді жан-жақты жүргізу қажет.

Ата заңымыз негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та практикалық та маңызы зор мәселе.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты : Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптерін оқып білу. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мына міндеттер орындалады:

- Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңын білу;

- Қазақстанның табиғатын қорғау заңы және Ата заңымен танысу;

- ҚР экологиялық кодексі, қоршаған ортаны қорғау және оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйрену;

- Қазақстанда экологиялық заңның ахуалын жете білу;

- қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсартуды қарастыру болып табылады

1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Қоршаған ортаға келтірілген зиянның ұғымы мен ерекшеліктері

Экологиялық зиян ұғымын белгілеу, оның жалпы сипаты мен ерекшеліктерін айқындау проблемасы бүгінгі таңда әлеуметтік және құқықтық зор мағынаға ие болып отыр. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ол қоршаған ортаның ауыр күйімен байланысты. Соңғы кездері қоғамдық экологиялық қатынастарға қол сұғудың әлеуметтік заңдылығының елеулі түрде өзгергені күмән тудырмайды, қайта ол келтіретін зиянның сипаты күрделене түсіп, іс жүзінде әр қырынан танылып отыр. Кей жағдайларда оның жағымсыз салдары ұзақ уақыттан кейін және мүлдем өзге аумақта пайда болуы ықтимал. Бұл оның шекарамен теңдесетін табиғатын танытады.

Сонымен бірге, экологиялық құқық теориясында экологиялық зиян ұғымын зерттеуге көп мән берілмеуде.

“Экологиялық құқық бұзушылық” және “экологиялық зиян” ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80-ші жылдардың басында белгілі ғалым С. Б. Байсалов назар аударған. Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекелеген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапты. Сонымен бірге, экологиялық зиян ұғымының жалпы жұртшылыққа танылған бірыңғай анықтамасы әзірше жоқ.

Экологиялық заңнаманы бұзу салдарынан келтірілген зиянның ұғымы туралы мәселе тиісті құқық бұзушылық объектісі ұғымымен тығыз байланыста қарастырылады, себебі заңсыз әрекеттердің салдарынан нақ осы экологиялық ортаның өзіне зиян келтіргендіктен ол жалпы құқық бұзушылық объектісіне айналады.

Кейбіреу экологиялық құқық бұзушылық объектісі ретінде материалдық және материялдық емес игіліктерді, атап айтқанда, заң бойынша ластаудан, тозу және күйреуден қорғалатын табиғи объектілер мен кешендерді, сондай-ақ жалпы қоршаған ортаны, табиғи ортаның сапасына байланысты адамның денсаулығы мен материалдық құндылықтарды не қоршаған ортаның сапасын, басқалары-құқық қорғау мүддесін алып жүр. Кейбір ғалымдар заң тұрғысынан маңызды әлеуметтік қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалардың ажырамас байланысы туралы тұжырымға негіздеп, құқық бұзушылық объектісінің құрамына заңнаманың табиғатты қорғау және табиғи ресурстар саласындағы нормаларын және олар реттейтін қоғамдық қатынастарды енгізіп отыр.

Міне, осы айтылғандар экологиялық құқық ғылымындағы осы құқықтық санат бойынша біркелкі түсініктің жоқтығын білдіреді.

Бізге экологиялық құқық бұзушылық объектісі ұғымын экологиялық сипаттағы қоғамдық қатынастардың күрделі тұтас кешені ретінде қарастырып отырған ғалымдардың көзқарасы жақын.

Экологиялық құқық саласындағы мамандар экологиялық құқық нормаларымен тыйым салынған әрекеттер жасалған кезде экологиялық қатынастарға зиян, әдеттегідей, сол қатынастардың нысанына әсер ету арқылы жүзеге асырылады деп есептейді. Осыған байланысты экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі мен нысанасының арақатынасын анықтау қажеттілігі туады. [4]

Қоғамдық қатынастарға себеп болған құбылыстар сол қатынастардың нысанасы болып табылады және оның субъектілерінің танымдық және практикалық қызметі жүзеге асырылады. Экологиялық қатынастар нысанасы әрқашанда материалдық нысанан екені белгілі, себебі қоршаған орта мен оның құрамы материалдық қабаттан тұрады.

Экологиялық құқық бұзушылық объектісі мен нысанасының айырмашылығы мынада: заң материалдық дүниенің заттарын емес, қоғамдық қатынастардың элементтері ретіндегі заттарды (мүлікті) қорғайды, және оларға қол сұғу тиісті қоғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады. Сондықтан біз қоршаған ортаны және оның құрамын экологиялық құқық бұзушылық объектісі ретінде қарастыратын авторлармен келісе алмаймыз.

Демек, жалпы табиғат объектілері мен қоршаған орта материалдық, басқаша айтқанда, заттай объектілер болып табылады. Олар арқылы экологиялық құқық қатынастары қарым қатынастарын белгілі бір қырлары мен қасиеттері танылады.

Құқықтық қорғауға алынған табиғи объектілердің шеңбері ҚР Экологиялық кодексінің 1-бабында белгіленген. Оларға: атмосфералық ауа, су, жер, оның қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ климат жатады.

Табиғи объектілердің қоршаған ортаның ажырамас құрамы ретінде міндетті түрде мынадай белгілері:

Бұл белгілерінің екіншісінің анықтаушы маңызы бар, себебі заңсыз әрекетті экологиялық құқыққа қарсы әрекеттер қатарына жатқызу үшін ол жасалған кезде құқыққа қарсы әрекеттің заты қоршаған ортамен өзара табиғи байланыста болуға тиіс. Бұл белгі бойынша үй жануарларын ұрлауды, зоопарктегі жабайы аңдарды жоюды және т. б. экологиялық құқық бұзушылықтарға жатқызуға болмайды.

Жоғарыда айтылғандардың маңыздылығына қарамастан, осы санатпен байланысты мәселеллер мұнымен шектелмейді. Осы орайда “экологиялық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген зиян” және “экологиялық зиян” ұғымдарының ара қатынасын ашып көрсету қажет.

Бұл үшін кейбір бастапқы ережелерді анықтап алайық. Біріншіден, заңмен қорғалатын кез келген қоғамдық қатынастарға қол сұғудың негізгі құқықтық тәртіпке келтірілген зиян. Демек, экологиялық құқық бұзушылық жасау барлық жағдайда жалпы экологиялық құқықтық тіртіпке зиян келтіреді, ал оны біз экологиялық құқық нормаларымен бекітілетін және реттелетін қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуы деп түсінеміз.

Сонымен бірге, жекелеген жағдайларда құқықтық нормалармен қатар субъективтік құқықтар бұзылып, құқық бұзушылықтың нысаны - нақты мүліктік және мүліктік емес игіліктердің маңызы төмендетіліп жатады.

Сондықтан, заң әдебиетінде зиянның екі түрі көрсетіледі - заң-әлеуметтік және нақты зиян. Бұл орайда, нақты зиян (субъективтік құқықты бұзу, мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің маңызын төмендету) болмаса да, заң-әлеуметтік маңызы бар зиянның туындауы мүмкін екендігіне назар аударылады.

Сонымен, заңға қарсы әрекет салдары ретінде экологиялық-құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастарды бұзушылық экологиялық құқық бұзушылық объектісіне келтірілген зиянның әлеуметтік сипатын ашып көрсетеді. Сондай-ақ, экологиялық құқық бұзушылық нысанасына тікелей жағымсыз әсер еткен жағдайда, мұндай әрекеттер өзінің физикалық сипаты бойынша материалдық болып, заттай объектілерді бұзу немесе жою арқылы танылады.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: кез келген құқықтық экологиялық талаптарды бұзушылық қоршаған ортаға оның сапасын нашарлату немесе санын азайту арқылы нақты зиян келтіре бермейді.

Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде экологиялық құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды былай топтастыруға болады;

1) жалпы экологиялық құқықтық тәртіпке келтірілген зиян (заң-әлеуметтік мағынадағы зиян) ;

2) қоршаған ортаның сапасын нашарлату немесе сандық көрсеткіштерін азайту арқылы келтірілген нақты зиян.

Экологиялық құқық бұзушылықтар арқылы келтірілген нақты зиян да өзінің құрылымы бойынша біркелкі емес. Біздіңше, кейбір экологиялық заңдарды бұзушылық, мысалы, заңсыз аң, құс, балық аулау, заңсыз ормандағы ағаштарды кесу және т. б., қоршаған ортаның сапасы және экологиялық тепе-теңдікті сақтау тұрғысынан жағымсыз экологиялық салдарға соқтырмайды, бірақ табиғи ресурстардың меншік иесі-мемлекетке немесе жекелеген табиғат пайдаланушыға мүліктік зиян келтіреді.

Сондықтан, мұндай зиянды топтастыру үшін қоршаған ортаға келтірілетін жағымсыз әсерлердің экологиялық тұрғыдан неғұрлым маңыздыларын егжей-тегжейлі қарастырған жөн.

Экологиялық зиян, біріншіден, қоршаған орта күйінің сапасына келтірілетін болғандықтан, оның сипаттамасын берер алдында құқықтық қорғау нысанасының дұрыс, бұзылмаған қалпының сипаттамасын беру керек. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның сапасы түсінігін беру керек.

Заң әдебиетінде қоршаған ортаның сапасы мәселесі туралы біраз айтылып жүр. Кейде қоршаған ортаның сапасы деп адам мекендеген орта ішіндегі, адам мен оның мекендеген ортасы арасындағы заттар мен қуаттардың үнемі және тұрақты түрде алмасуы қабілетін сақтаған, шаруашылық қызмет барысында жетілдірілген және өзгерген табиғи экологиялық жүйелердің күйі деп түсіндіріледі. Кейбір авторлар қоршаған ортаның сапасы биологиялық, химиялық және өзге де қасиеттермен белгіленеді деп көрсетеді, үшіншілері оны-табиғи ортаның нормативтік жағынан бекітілген, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген, адам мен қоғамның дамуының осы кезеңінде олардың биологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени талаптарын қанағаттандыратын жиынтығы деп нақтылай түседі. [5]

Біздің ойымызша, қоршаған ортаның сапасы төмендегі өлшемдердің жиынтығымен сипатталады.

1. Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, қоршаған ортаның адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы күйі оның сапасының өлшемі болып табылады. Табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзара байланысы мен өзара шарттасуын ескерсек, адам өзінің мекендеген табиғи ортасымен өзара әрекеттеседі. Адамның табиғи физиологиялық - дем алу, шөл басу, тамақтану сияқты қажеттіліктерін табиғаттың жеке элементтері тікелей қанағаттандырады. Ал, бұл-қоршаған ортаның биологиялық тұрғыдан тазалық (ластанбаған) өлшеміне сәйкес келу қажет екенін білдіреді.

2. Табиғи байлықтар өздерінің экономикалық қасиеттеріне және белгілі экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты адамдардың әртүрлі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көзі болып табылады. Осының салдарынан адамның минералды ресурстарды, өсіидіктер мен жануарлар өнімдерін пайдаланбауы мүмкін емес, ал бұл қоршаған ортаның кейбір құрамының санының азаюына әкеп соқтырады. Нәтижесінде сапалық өзгерістер (экологиялық тепе-теңдіктің, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, т. с. с. ) туындауы мүмкін. Алайда жаңартылатын табиғи ресурстарды олардың өзінен өзі қалпына келуінің табиғи жолдарын есекере отырып, оларды ақылмен және ғылыми негізде пайдалану немесе жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтынудың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан негізделген режимі қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына шектеу болар еді.

Сонымен, экономикалық тұрғыдан қоршаған ортаның сапасы адамзаттың даму барысына көбейе түсетін материалдық қажеттіліктерін (өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, энергетика, көлік т. б. ) қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, қоршаған ортаның қолайлы күйінің экономикалық көрсеткіштері оның ресурстарының сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстарының өндірушілік қабілеті.

3. Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда қоршаған ортаның сапасы адамның эстетикалық, рекреациялық, ғылыми, мәдени қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, себебі табиғатпен қарым-қатынас барысында адам өзінің физиологиялық және материалдық қана емес, сонымен бірге рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұған осы орайда қоршаған ортаның сапасын алуан-түрлілік және эстетикалық байлық сияқты өлшемдерге жауап беруі қажет.

4. Құрылымдық функционалдық тұрғыдан алып қарағанда қоршаған орта экологиялық орнықтылық (экологиялық құрамдастардың балансы), табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы сияқты өлшемдерге сәйкес келуге тиіс.

Сонымен, қоршаған орта сапасының өлшемдеріне:

1) қоршаған ортаның тазалығы (ластанбағандығы) ;

2) табиғи ресурстардың сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстардың өндірушілік қабілеті;

3) алуан түрлілік және эстетикалық байлық;

4) экологиялық орталық және табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы жатады.

Бұл қоршаған орта келтірілетін зиянның құрылымына не әлеуметтік-мәдени, не экономикалық, не биологиялық аспектілердің барын білдіреді. Сондай-ақ олардың жалғаса пайда болуы мүмкін. Экологиялық тепе-теңдіктің жоғалуына әкеп соқтыратын, табиғи экологиялық байланыстардың құрылымдық-функционалдық бұзылуы экономикалық және (немесе) биологиялық аспектілердің деңгейіне байланысты. [6]

Экологиялық заң бұзушылық үшін жауапкершілік қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану заңының ең негізгі талаптарының бірі. Заңды жауапкершіліктің мақсаты - экологиялық заңдарды бұзған тұлғаға қолайсыз зардаптар туындату.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктер
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы
Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
Экология құқығының дәрістері
Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері
Табиғат пайдалану құқығы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz