Қазақ айтысы: тарихы, түрлері және Біржан мен Сара айтысының әлеуметтік мағынасы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

Айтыс

Қазақ халқының музыкалық өмірінде жыраулық, термешілікпен қатар табан астында жыр шығаратын суырып салмалық өнер де кең дамыған. Халқымыз үлкен жиын-тойларда бір-бірінеөлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына, айтысқа айналған.

Айтыс атауы “айтысу” деген сөзден шыққан. Ол өлең созбен жарысу, сайысу, тартысу, дауласу, сынасу мағынасында қолданылады. Айтысу өлеңменде, қара сөзбенде, күй тарту арқылы да болуы мүмкін. мұның бәрі де аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты, ұшқыр ойлылықты, білімділікті, қиыннан қиыстыратын қас шеберлікті талап етеді.

Айтыстың бірнеше түрі бар: “Бәдік айтыс”, “Жар-жар айтысы”, “Мысал айтысы”, “Қыз бен жігіт айтысы”, “Қайым айтыс”, “Жұмбақ айтыс”. Ақындар айтысының қазақ өнері тарихындағы озық үлгілері - “Біржан мен Сара айтысы”, “Жамбыл мен Құлманбетайтысы”, “Шөже мен Балтаның айтысы” .

Казіргі кезде халқымыздың жаңарып, омір кезеңдерінің озгеруіне байланысты айтыстың тақырыптары да, мазмұны да жаңарып, түрленіп жаңаша түр сипат алып, көптеген айтыс ақындары шығып, айтыс өнері төселіп, құлашын кеңге жайып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Сөйтіп, айтыс өнері халқымыздың сүйікті өнеріне айналды.

Айтыстың ең озық үлгілерінің бірі-“Біржан мен Сара айтысы”-бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тыңдайтын өлеңіне айналған.

“Біржан мен Сара айтысының ” тақырыбы-әйел теңдігі, айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Сол кездегі қазақ әйелдерінің басынан кешкен аянышты да ауыр хәлі, омірі айтылады.

Сара Тастанбекқызы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған, жастайынан жетім қалып өмірдің қиындығын, кедейлік тауқыметін тартады. Ол жасынан сауықшыл, домбырашы, әнші, күйші ақын қауымында өсіп, өзі де осындай өнер иесі болған. Ол талай ақындармен айтыстарда оза шауып бәйге алған жүйрік атанған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біржан сал Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы және Біржан мен Сара айтысының әлеуметтік мәні
Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы: Біржан мен Сара айтысының зерттеуі
Біржан мен Сара айтысының тарихи маңызы мен авторлығын зерттеу
Айтыс өнерін оқыту әдіс-тәсілдері: Біржан мен Сара айтысы мысалында
Қазақ айтысының түрлері мен мазмұндық-әлеуметтік ерекшеліктері
Қазақ айтысы: шығу тарихы, түрлері және әдеби-мәдени ерекшеліктері
Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы: Біржан-Сара операсының академиялық талдауы
Мұқан Төлебаев: өмірі, шығармашылығы және Біржан-Сара операсының маңызы
М. Төлебаевтің Біржан мен Сара операсының музыкалық драматургиялық талдауы және редакциялық өзгерістері
Балалар жұмбақтары мен балалар айтысының тарихы, мазмұны және тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz