Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу.



Кіріспе
1. Нарықтың дамуы.
1.1. Нарықтың даму тарихы және теориясы.
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы.
2. Нарықтық экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
2.1. Нарықтық экономиканың белгілері.
2.2. Нарықтық экономикадағы мемлекет.
3. Нарықтық экономикадағы инфляция және осы инфляцияны тежеу бағытындағы мемлекеттің Ұлттық банкі арқылы ақша саясатын реттеуі, 2006 жылғы мәліметтер аясында.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: «Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы азаматтық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудің куәсі болар... Ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгіліктен қосуға бағытталған». Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын – аралас экономиканы туғызады. Тауарлы өндіріс – аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Я. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2004ж.
2. К. Р. Макконнелл, С.Л. Брю, 14-издание, «Экономикс», Москва – 2003.
3. Шеденов Қ. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – 1999
4. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев «Экономикалық теория», оқу құралы
5. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу.
Жоспар 
Кіріспе
1. Нарықтың дамуы.
1.1. Нарықтың даму тарихы және теориясы.
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы.
2. Нарықтық экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
2.1. Нарықтық экономиканың белгілері.
2.2. Нарықтық экономикадағы мемлекет.
3. Нарықтық экономикадағы инфляция және осы инфляцияны тежеу
бағытындағы мемлекеттің Ұлттық банкі арқылы ақша саясатын реттеуі, 2006
жылғы мәліметтер аясында.
     Қорытынды
     Пайдаланған әдебиеттер 
 

Кіріспе
     Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш
күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының
қатарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей
ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: Мүмкін соғыстан кейінгі
тарихқа тән жалпы азаматтық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа
түріне өтудің куәсі болар... Ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені
ізгіліктен қосуға бағытталған. Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі
өзгерісті мәнді мойындау бар.
     Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық
өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана
модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды
енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің
индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті
келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз
бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс
салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі
ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың
қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын
білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының
жаңа сатысын – аралас экономиканы туғызады.  Тауарлы өндіріс – аралас
экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің
заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі,
тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің
заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар
дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады.
Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып
отырады.  
 
1.1.  Нарықтың даму тарихы және теориясы. 
Нарықтық экономика –ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу
құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас
пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының
дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
a) Нарық элементтерінің пайда болуы,
ә) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
б) Тауар баламасы кезеңінін нарығы
в) Тауар емес балама кезеңінін нарығы
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады,олар
өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-
саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2
көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола
бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы
қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас
болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше
тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе –теңдігі мына айырбас формуласы
бойынша Т1- Т2 , балама - Т2 .Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір
түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып
шығып қалып отырады.Бұл кезенде таза өзінің иеленушісінің белгілі
бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз
өмір суре алмайтын шығындық және шығындық емес деп бөлінетін
құрамалары байланады.Дүниежүзілік нарқтың қалыптасуымен құнның жеке дара
иеленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1 –тауар емес
балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның таза
иеленушілері несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша
айтқанда, құнның өзінің заттық иеле нушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы
нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық,
монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихилы нарық капитализмнің
алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар,
еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы,
әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790)
өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу (1776ж)
деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі
өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы
күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер
немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі
даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы
мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз
ететін түнгі күзеткішінің рөлін атқару қажет. Мемлекет laisser faire (
мейлі өзімен өзі жүрсін) саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы
керек. Бірақ АСмит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ.
Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке
күресіне шек қоятын жаман әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке
ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты
реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты
экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың
көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше – жеке мүддені қоғамдық
игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің
күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай
жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден
бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың алғашқы кезеңінде
өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер
етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің
баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның
барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік
меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРОөның
экономикасына жатады.Нәтижесінде ,суранам мен ұсыным сұрақтары әкімшілік
өміршілік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған
өндіушілер нарығының типы қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып
отыр.Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен
бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды
орналастыру,шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету
, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық
коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін
тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын
ассоциацияларын, жарнама –ақпараттық жүйелерді құр арқылы реттеуде
мемлекеттің шешуі рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі
тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі
әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың
баламасыз құралы деп танылып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты
экономикаға көшу бағдарламасын көрсету бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.

1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның
ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру
онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің
тарихын білмейміз. Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан
патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.
Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы
пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте
төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған
жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз
пікірлерін айта жатар
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты.Өндіріс құрал-
жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі
жерге феодалдық меншік болдыІрі-ірі мал иелері жердің де аса ірі
меншіктенушілері болды.Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің
шарты ғана емес , сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып
алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал
жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті.Мысалы,1914жылға
дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып
келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне
тартып алынған болатын.Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас
–тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық –рұлық
қатынастар ыдырай бастады.Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі
байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер
қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың
қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша
қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда
болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің
мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан
бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу
үшін өндіріліп отырған.
Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана
мал шаруашылығы болды,егіншілікпен айналыспаған деген жалан тұжырым жасалып
келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін
көрсетеді.Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар
негізінен оңтүстік , оңтустік-шығыс аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік
өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға
шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы
егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау
саясаты мықты кедергі болды.Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға
күшпенкөшурудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан тырықшылық ұяларыбұзылды.
Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы,
профессор Толған Әбдіразақовтың Қазақстан және қазақтар деген үлкен
мақаласында мынадай деректер келтіріледі.XIX ғасырдың орта тұсында қазақтар
арқылы орталау Өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кең әсер етті
. Қазақтар алған байтақ жер бөліктері , көп ұзамай тақыр айналды , олар көп
ретте жеке еңбекпен егін шаруашылығымен шұғылданудың орнына түрлі формада
қырғыздарды қанаумен айналысты.1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376
десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни
сегіз өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге еткен , бұл қырғыздардың
бұрынғы егінінң 7 проценттейі (Россия , 7 том ,С-Петербург, 1913,321
бет).Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы шаруашылығы
құлдырап кеткен.Осы бір ғана мысал не көрсетеді? Ол патшалық Россияның
шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге
жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т .
Әбіразақов көрсеткен мынадй мәліметтерде де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың
аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 % қазақтардың иелігінде
болған. Орал уезінің қазақ диқандары 5,4 миллион пұт астық жинап,оның 4 млн
пұтын астам нарықтарында сатқан. Ал 1893жылдың өзінде ғана Ақтобе уезін
қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі шаруашылығы өнімдерін
сатудан түскен кірісінен жарты есе артық болған. Кезінде патша үкіметі дала
өлкесінде өндіріліп арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді
қауыптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкім тарапынан қорғау )
нарық саясатын жүргізеді . Бұдан біз нарық экономиканың негізгі
белгілерінің бірі-бәсеке күресі Қазақстанда болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір
дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды,
жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді,
киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды.Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін ,
ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы
патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына, капиталистік элементтердің
пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте
алматы.Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта
қалғандығы еді .Бұл да патшалы Россиияның отарлау саясатымен байланысты
болды.Өнеркәсіп ресейлік және шетел капмталының күшімен өріс алды,ал
жергілікті капиталдың бұл саламен айналасуына бөгет жасады.Капитал
негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кең байлықтарын алу
қасақана терістәсілдермен жүргізілді, олардың тек қана аса бай,қол
күшіменғана алынатын орындары пайдаланылды.Сайып келгенде осының бәрі
ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ,сонымен
бірге ,қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейнгі дәүірдің
он бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойында да) аграрлы –
шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу,
отырышылық ошақтарын талқандау ,қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық
алалау,қисапсыз алым –салық қазақ халқының экономикалықжағдайының
қалдыруына,еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды.Осының бәрі
Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып,оның өндіргіш күштерінің
дамуын тежеді.
Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда
көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық
мақсат-демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау,нарықтық
экономиканы өндіру болыптабылады.Қазақстанда нарықты экономикаға көшу
шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды
қамтиды.Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен
сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны
жекешелендіру және тұтыну нарығын таурлармен толтыру.1992 жылғы наурыздың 5-
ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған
Қазақстан Республикасында мемлект иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-
1995 жылдарға (IIкезең) арналған ұлттық бағдарламасында былай деп
жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты-мемлекетке қарасты өндірістік
объектілерді , басқа да материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз
және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару
барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтантырған -
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар
жасау.
Екінші кезеңде (1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың бағытын
біртіндеп жою жалғасады,бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен
телекомуникацияны жедел дамыту, сондайөақ дамыған тауар және
валюта,капитал,жұмыс күші,бағалы қағаздар интелектілік меншік нарығын құру
болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлдегі экономиканың шапшаң
қарын алып дамуымен сипатталды,соның негізінде өтпелі кезеннің стратегиялық
мақсатына жетумен Қазақстанынң әлемдік саудадағы айқындамасындағы нығаюмен
және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруіме сипатталатын
болады.
Батыс елдердің шаруашылық саласындағы саясаты анықтайтын қазіргі
заманғы экономикалық тоериялар мен мектептерді,шартты түрде,екі негізгі
бағытқа бөлуге болады.
Оның біріншілері- еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің
араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындары либерализм (негізін
салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын неолиберализм
мектебптерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридем)деп атайды.
Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсен түрде
араласуын жақтайды.Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның
атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946)
болды.Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкілдүние
жүзілік экономикалық дағдарыс түркті болды.Ол өзінің басты еңбегі Жұмыспен
қамтудың, проценттің және ақшаның далпы теориясы(1936ж) деген кітабындағы
идеяларды классикалық теория деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана
сұранымды көтермелеу, ынталантыру арқылы шешуге болады деп қорытынды
жасады.Жұмыспен қамту процесіне мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу
Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық тұралы концепциясының негізгі қорытындысы болып
табылады. XX ғасырдың 30-80 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның
әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті.Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары ,
француздардың дирижестері жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың
кейбір кемшіліктерін мойындай отырып , сонымен қатар нарықтық автоматты
түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан
болатын.Өздерінің зерттеулеріне , олар,бірінші кезекте ұлттық табыс,қорлану
мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім,ұсыным сияқты макроэкономикалық
көрсеткіштерді басшылыққа алды.
Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәүір бөлігін алып алып оны
тиімді сұранымды және толық жумыспен қамтуды қолдау пайдаланады:экономикада
мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады,
азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады(зейнт
ақы,жәрдем ақша,халыққа білім беру,денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу
т.б.).Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың
бағыт беруші күшіне айналады,оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын
жөнге салып реттен отырады.
XX ғасырдың 70 жылдарында болған экономикалық дағдарыс және
кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндылығы тұралы
идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды.Еркін нарық идеясының өкілдері
нарық механизмнің бәсекенің негізінде балансылынған өсуді,яғни сұраным мен
ұсынымның тепе-тендігі қамтамасыз ету3 м8мк3н деп есептеді.Олар – өздерінің
зерттеулеріне микроталдауды басшылыққа алады,яғни экономиканы оқуды әрбір
кәсіпорынның жұмыс істеу себебін қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан
бастайды.Шын мәнінде ,қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқа шаруашылық
бірліктердіңжиынтығы болып табылады.Бұл экономистер мемлекеттің рөлі еркін
бәсеке қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды.Олар
экономикалық бостандықты,мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін
қоғамда болатын табиғи ,әмбебабты заңның әрекетімен түсіндіреді.Мұндай
неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық
нарық төмендету жолымен ұсынымды(өндірісті) көтермелеу,мемлекетсіздендіру
және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары
көзделген.Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік
бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды.Бір жағынан әлеуметтік
мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып олар екінші жағынан
әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дұрыс емес
деп есептейді.Қорыта айтқанда бұл мектептің жақтастарының пікірінше
өндірісті ұлғайту мен қоғамдық дәулеттілікті арттырудың негізі және
кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі бой көрсетіп
кележатқан жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр.Бұған АҚШ
экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915ж) неоклассикалық синтез теориясы
барынша ақыл дәлел бола алады.Оның пікірінше неоклассикалық синтез
макроэкономикамен дәстурлі микроэкономиканың арасындағы алшақтығы
жояды.Реттелмелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да
еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек ғана
мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты,жұмыссыздықты болдырмайды деп
есептейді.Сонымен бірге белгілі бір ақылға сиымды шекте бәсекені
қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді .Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және
мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда
болады. Толық жұмыспен қамту жағдайында шекті пайдалылық , шекті еңбек
өнімділігі теориялық турінде көрінетін,сөйтіп Самуэльсон үшін құн және
табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип
толықтай заңды күш алады.
Жалпы неоклассикалық синтезі жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол
экономиканы реттеулегі мемлекетің жетекші рөлі жағдайындағы жоғарыды
көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады.
П.Самуэльсон өзінің неоклассикалық синтезінеғылыми техникалық
революцияға ,экономиканы реттеуге мемлекеттің,ірі крпорациялар мен
кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шартсияқты
нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисіДжон Кеннет Гэлбрейттің(1908ж)
негізгі жағдай ларында қосады.Бұндай ұсыныстардың мақсаты-
мемлекеттікбақылаудыкешейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсендету үшін
әлеуметтік маневр жасау әдістерін кеңінен қолдану.
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеу жүзінде жинақталған
бай тәжірибиесін қолдану қажеттігі тұр.Әрине олаодың бәрі біздің
жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісте емес. Біз үшін
қазіргі басты міндет -әлеуметтік

 2. Нарықтық экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
     Экономика жүйелерінің осы замандағы түрлерінің бірі – нарықтық
экономика жүйесі.
     1. Нарықтық экономиканың басты ерекшелігіне келсек, мұндай
экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтері нарықты экономиканың
элементтерімен қатар қалыптасады және қандай да болмасын әлеуметтік-
экономикалық даму негізін салады. Нарықтық экономика жүйесінің басты негізі
– жартылай мемлекеттік , жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді. Мысалы,
Швецияда, жалпы Скандинавия елдерінде аралас экономика жүйесі өткен
ғасырлар бойы дамып келеді. Соның негізінде осы елдерде аса жоғары деңгейде
әлеуметтік-экономикалық даму қамтамасыз етіліп, нақтылы өмір жүзінде
көрсетіліп отыр.
     Нарықтық экономика жүйесінің нұсқасы, механизмі негізінде –
тұрақты капиталдың, онда ең бірінші инвестициялық процесс арқылы, немесе
өндіргіш күштерді толық пайдалану арқылы халық шаруашылығын өркендетуде,
жалпы экономиканы өрлеу деңгейінде тұрақты өсіруде, күрделі қаржыны
экономикалық тұрғыдан тиімді пайдаланып, барлық халық шаруашылығының
потенциалын, әлеуметтік сапасының салаларын құрып, іске қосып жұмыс істету
- өндіріс пен экономиканы өркендету. Осындай негізде, осы кездегі нақтылы
өмір жүзінде орын алып, ондағы жалпы өнім көлемінің өсімі ең жоғары
деңгейге жетті.
     2. Салыстырмалы қосымша құн өндіру әдісін қолдану ең маңызды
шара. Оның негіздері:
     а) жұмысшының еңбек өнімін арттыру арқылы қажетті уақытын
кемітіп, қосымша уақытын көбейту;
     ә) өндірілген тауардың құнын, тауардың қоғамдық құнынан әр түрлі
жолдармен кеміту нәтижесінде алынатын құнды арттыру;
     б) жұмысшының жұмыс күнін ұзарту арқылы өндірілген қосымша құн.
    Нарықтық экономика жүйесінің сипаттамасының қатарында басты мәселе
– экономикалық нұсқаны құрудағы кезеңнің мазмұны болып келеді. Жоғарыда
қаралған нарықтық экономика жүйесінің басты ерекшеліктері – осы
экономикалық жүйеде жоспарлы экономикалық элементтер, үлгі механизмдер,
нарықтық экономиканың методологиялық негіздері қалыптасады. Ол жүйеде бұл
қатынас, әсіресе меншік үлесі, дәл, нақты үйлестіріліп, сол деңгейде
олардың әлеуметтік-экономикалық даму, атап айтсақ, мысалы жүз жыл бойы
Скандинавия елдері, оның ішінде Швеция мемлекеті осындай аралас экономика
жүйесінің негізінде дамып, әлемдік деңгейде өркендеу, даму тәжірибесін іс
жүзінде көрсетіп келеді. Осы кезеңде аралас экономика жүйесінің
элементтерін пайдалануда социалистік елдер де кездесіп отыр. Бұл жерде
Қытай Халық Республикасын айтуымызға болады. Қазіргі жағдайдағы тәжірибеге
сүйенсек, ол аса ірі әлем елдерінің біріне айналды. Экономикалық дамуы
осындай жүйе механизмін қолданған осы және басқа елдерде жалпы дамуы аса
жоғары дәрежеде болып келе жатқаны мәлім. Аталған жүйелердің ішінде ең
жоғары деңгейдегі даму – аралас экономикалық жүйесі, яғни жартылай
мемлекеттік және жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді.
     Қандай да болмасын экономикалық нұсқаны құрғаннан кейін, оның
шынайы күнделікті өмірде экономикалық даму деңгейін салыстырмалы түрде
айналуы, жалпы экономикада кіріс пен шығыстың деңгейін шығару, теңестіру
болып келеді. Ондай теңестіру осы көрсеткіштердің жалпы техника
экономикалық көрсеткіштердің экономикалық дамудағы барлық ресурстарды толық
пайдалану негізінде жасалады. Экономикалық есептеу – талдауда экономикалық
нұсқаны құрып, іске асыруда тұрақты әрбір кезеңде модульдерді қайта
есептеп, түзетіп, жаңартып, өмір ағымымен байланыстырып отыру керек.
Әсіресе, мынадай мәселелерге жауап беруге тиісті: қабылданған шешім
бойынша; экономикалық нұсқа бойынша; өндірістік шаруашылық мекемелерде,
ондағы еңбек өнімділігі жалпы табыс-кіріс, шығын, қорыта келгенде, жалпы
пайда, таза пайда қаралады. Осындай мәселелерді шешу үшін және экономикалық
нұсқаларды тұрақты экономикалық талдау – есептеу, тұжырымдау және шешім
қабылдау қажет болады.
     Мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтерін
нарық экономикасы жүйесімен қатар қалыптастыратын нақты негізде, олардың
аралас жүйесі қалыптасып, қандай да болмасын елде даму негізін салады.
Мұндай елдер жайлы жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.
     Жаңа заманда әлем елдеріндегі жүйелерді экономикалық теория
тұрғысынан қарағанда, макроэкономика, оның жалпы ел экономикасы деңгейінде
болатындығын және методологиялық негіз және сол деңгейде экономикалық
көрсеткіштер жүйесі болады. Теория бойынша саясаттың экономикаға тікелей
әсерінен саяси экономика – объективтік ғылым болып табылады. Ал, аралас
экономиканың нұсқалары макроэкономикалық теориясыз, ғылымға айналған
теориясыз еркін бағалау негізінсіз нұсқалар құрып даму мүмкін емес.
     Макроэкономика үш бөлімнен тұрады:
     1. Қарапайым және фундаментальды, макроэкономиканың функционалдық
нұсқасы;
     2. Нарықты нұсқа жоспарлы және аралас нұсқасымен салыстырмалы
түрде алғанда;
     3. Әртүрлі нарықтарды экономикалық талдау, яғни микроэкономикалық
теория.
     Егер де аралас экономикалы жүйелерді алсақ, оның қарамағында
конъюктуралық саясат, оны мемлекеттік сектормен қаржыландыру және
макротеория негізінде макроэкономикалық талдау жасау. Қандай да
экономикалық жүйе болмасын оны құруда, өндірістік қатынастар мәселесі,
экономикалық теорияның негізін қамтамасыз ету қажет. Онда:
     а) қоғамдағы өндіріс процесінде өндіру, бөлу, айырбастау және
тұтынуда – адамдардың санасы мен еркінен тыс пайда болып, олардың арқасында
қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы;
     ә) қоғамда өндіріс процесінде өндіру, бөлу, айырбастау және
тұтынуда – адамдардың санасы мен еркіне байланысты пайда болатын, оларда
реттелетін экономикалық қатынастар.
     Осы аталған өндірістік қатынас ең бірінші, өзгермелі капиталды
пайдаланумен тікелей байланысты, оның басты нақты дәлелдері, біріншіден,
бұл жұмыс күшін сатып алуға жұмсалатын, әр өндіріс процесінде өсіп ұлғаятын
капитал. Сонымен қатар, ол айналымы капитал ретінде өз құнымен дамып,
өнімге біртіндеп өткізетін заттар болуы және өндіріс құрал-жабдықтары
түрінде болатын, өндіріс процесінде өз құнын өзгертетін бөлігі, жұмыс күші
– тауардың тұтынуын қамтамасыз ететін негізі болады. Өзгермелі немесе
айналмалы капитал, өзі жұмыс күші құнынан артық жасаған, еңбек ақы
төленбеген еңбегі арқылы жасалатын құн негізінде болуы. Осыған байланысты
жұмысшының және оның жанұя мүшелерінің өмір сүруі үшін қажетті тіршілік
заттарының құны. Өндірісте өінм өндіруде аталған капитал, еңбек процесінде
жұмысшының өзінің жұмыс күші құны мөлшерінен артық қосымша құн өндіру
қабілеті ретінде туындайды. 
  
 
 

1. Нарықтық экономиканың белгілері
     Аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономиканы реттеуге
мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу құрылымы
Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Экономиканы мемлекеттік реттеу және басым бағыттары
Экономиканы реттеу құралдары
Экономикалық мемлекеттік реттеу, даму үрдістері
Пәндер