Енбек сабақтарын жоспарлау


Тақырыбы: Енбек сабақтарын жоспарлау
Дәріс : Шағын жинақты мектептер үшін бастауыш сыныпта "Еңбекке баулу", ал жоғарғы сыныпта "Технология" пәнінен әрбір мұғалім сабақ бере алады, себебі бұл пән мұғалімдер, оқушылар және жалпы мектеп үшін өте тиімді, бұл сабақта адам өміріне, қоғамға қажетті жұмыстар орындалады.
Ауылды жерлерде "Еңбекке баулу" сабағының өткізу қиындық туғызбайды, осы сабақтың барлық тақырыбына қажетті материалды әрбір жанұядан табуға болады. Жалпы бұл сабақтың тәрбиелік мәні өте зор, оқушыларды тек қана қолөнерге ғана үйретіп қоймай, жанұядағы экономиканы үнемдеуге, тазалықты сақтауға септігін тигізеді.
«Еңбекке баулу» пәнінің бағдарламасында бірнеше бөлімдер берілген, атап айтатын болсақ: қағаз және қатырма қағаз, ермексаз және сазбалшықпен жұмыс, табиғи материалдармен жұмыс, ағаш және сымтемірмен жұмыс, дизайн сияқты бөлімдер қарастырылған. Осы бөлімдерде берілген тақырыптардың барлығын оқушылар қызығушылықпен орындайды, себебі мұнда олар берілген жұмысты орындау барысында ойлау қабілеттерімен қатар түрлі қиялдар пайда болады. Жалпы оқушылардың басқа гуманитарлық пәндерге қарағанда «Еңбекке баулу» пәніне қызығушылығы мол, олай дейтініміз олар гуманитарлық пәндерден шаршап келіп, осы сабақта қимыл-қозғалыста, өздерінің қиялдары бойынша жұмыстар орындау кезінде қысылмай өздерін еркіндікте сезінеді, міне бұл баланың психологиялық әрекетінің артуына да көптеген әсерін тигізеді. Мұғалім тақырыпқа байланысты әрбі оқушының орындалған жұмыстарынан шығармашылық көрмелер ұйымдастырып, ондағы жақсы орындалған жұмыстарды іріктеп алып, оларды мектеп қорына сақтайды. Себебі осы оқушылардың өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған шығармашылық көрмелер біздің еліміздың этномәдениетін паш ететіні белгілі. Сонымен қатар ол жұмысы несімен қызықты, неге ол, бұл тақырыпты алды, кім оған көмектескенін анықтай алады. Егер де оқушы оқу жылы бой жасаған жұмыстарын жинақтап, өзінің шығармашылық қабілетінің қаншалықты өскендігін және де жұмыстың нәтиженін байқай алады. «Еңбекке баулу» сабағында қойылатын талап - балаларға түрлі материалдардың ерекшеліктерін, құрылымын түсіндіру. Оларды қарапайым құралдармен, тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуге үйрету.
Оқушылар сабақта қолданылатын түрлі материалдардың өзіндік қасиеттерін білмесе, өздеріне тән ерекшеліктерінен хабарсыз болса, онда сапалы бұйымдар жасай алмауы мүмкін. Сондықтан, жасалатын бұйымның материалы туралы нақтылы мәліметтерді білулері қажет.
“Әрбір оқушы - жасап шығарушы”. Бұл оқушылар үшін маңызды. Сондықтан да мұғалім қандай педагогикалық технологияны алмасын, ол баланы жан-жақты дамуына көмектесетін, түрлі техникада жасалатын заттарды орындауға көмегін тигізетін тапсырмалар беруі қажет. Еліміздің дәстүрлі және көңілді кештерін мерекелерде қолөнер бұйымдарының қолданылу жылдан-жылға үлкен сұранысқа ие болып отыр. Міне осындай қолөнерді мектеп қабырғасынан бастап, яғни "Еңбекке баулу", "Технология" пәнінен білім беруде ұлтымыздың қолөнерін жаңғыртып, дәстүрлі және қазіргі заманғы бұйымдарды жасап шығаруларында. Шағын жинақталған мектептерде мектептерде бастауыш сыныпта "Еңбекке баулу", ал жоғарғы сыныпта "Технология" пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуға даярлау теориясы мен практикасына жасалған талдау мектепте білім беру үдерісін технологиялық қамтамасыз ету мүмкіндігін берді.
Шағын жинақталған мектептерде Технология сабағын жүргізу барысында жеке, жеке-топтық, топтық, ұжымдық жұмыс формалары қолданылды. Соның бірі топтық жұмыс мұнда екі сыныптың оқушыларына бағдарламада берілген бірдей тақырып беріледі. Мұндағы айырмашылық жұмыс оқушыларның жас ерекшелігіне байланысты таңдалады. Атап айтатын болсақ, орындалатын қолөнер жұмысының көлемі мен оның күрделігіне көңіл бөлінеді, бірақ екі сынып та бірдей тәсілді, техниканы қолданады. Мысалы, 3-4 сыныпты алып, оларға "Ою-өрнекті кестелеу" - тақырыбы болса, мұнда 3-сынып қол орамалды кестелесе, 4- сынып киімге немесе қандай да бір кәде сыйлықты кестелейді. Бұдан біз оқушының таңдаған жұмысының және оған түсетін кестенің көлемін байқаймыз. Демек ою-өрнектердің төмендегі берілген топтарын қарастырамыз:
Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты.
Малға, малдың дене мүшесіне байланысты ою-өнектер атауы.
Аңға байланысты ою-өрнек атауы.
Құрт-құмырсқаға байланысты ою-өрнектер атауы.
Құстарға ою-өрнектер атауы.
Жер, су, өсімдікке ою-өрнектер атауы.
Қару құралдарға ою-өрнектер атауы.
Геометриялық фигура тектес.
Жалпы қолөнердің ішінде сәндік бұйымдарға өсімдік тектес ою-өрнектерді қолданғанды жөн көрдік, себебі ол оқушылардың көңіл-күйін көтеретін, эстетикалық жағынан да тартымды, қазіргі заманда интерерге қолдануға да қолайлы өрнектердің бірі блып келеді.
Қорыта келе, шағын жинақталған мектептердің проблемасын шешу үшін мұғалімдерге қажетті әдістемелік тұрғыдан көмек беру қажет. Сонымен қатар, шағын жинақталған мектеп мұғалімдерін ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға тарту, жаңа инновациялық технологияларын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізе отырып, жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындау, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және олардың электрондық, мультимедиялық нұсқасы дайындап, шығарылса және қашықтан оқытудыға мүмкіндіктер ұйымдастырылса шағын жинақталған мектеп мұғалімдері және келешек мамандарға білім беруге үлкен септігін тигізер еді.
«Еңбекке баулу» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz