Үнді философиясы. Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
СӨЖ
Тақырыбы: Үнді философиясы
2018 ж
Жоспар
Кіріспе
Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері.
Ағымдары, бағыттары
Буддизм ағымы
Нирвана теориясы
Чарвака-локаята материалистік бағыты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Философиялық ой біздің дәуіріміздің алғашқы І-ші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі дүниенің негізгі үш орталығындағы -Үндіде, Қытайда ертедегі Грецияда шамамен бір мезгілде туды. Ежелгі шығыс елдеріндегі, ең алдымен, Үнді мен Қытай философиясының дамуы мен қалыптасу тарихы, оларда философия толық дамымаған -- деген еуропашылдық көзқарастарды жоққа шығарады. Қазіргі уақыттары Шығыс және Батыс философиялық ойларының бір-біріне деген ықпалдары адамзат өркениетінің жаңа үлгісіндегі тұжырымдарды тудыруда.
Үнді мәдениетінде көптеген философиялық сюжеттер еуропалыққа қарағанда басқаша дәлелденеді. Бұл әлемге адам қайдан келеді, оның мақсаты неде, елім дегеніміз не? Ежелгі үңді дәстүрлері бойынша, бұл жерге жаңа адам, жаңа дене кейпінде қайтақайта келеді және алдын ала анықталған түрде, бұл реинкарнация идеясы яғни қайта туу идеясы. Индустар үшін жердегі өмірі жаттану күй-жағдайын бейнелейді, ал, өлім болса қосылуды, рухани босануды және оянуды әкеледі. Тағдыр доңғалағы әрбіреуді рух жетілгенше қайта келудің азабын көтеруге мәжбүр қылады. Бұл мәдениеттің адамдарды өлімнен емес, жаңа тіршіліктің қайталануынан қорқады. Міне сол себептен қасиетті доңғалақтардың астына ұмтылып, Ганга суларына бататыны. Адам не ғұрым қайта туудың кезендерінен өтсе, сол ғұрлым жақсырақ ...
Дәстүрлі мәдениет Құдай, құдайлар, құдайлылық, қасиеттілер, такуалар туралы тұрақты түрде айтып келді, яғни біздің табиғаттан тысқы күш деп айтатындарымыз. Соған қарамастан дәстүрлі мәтін жұмбақтарға толы және оны түсіндіру де қиын. Бірақ дәстүрлі мәтін өзінің бастапқы түрінде пәнділік белгілерсіз болған. Ол адам жадында болады және есте сақтау арқылы ауызша бірден-бірге беріледі. Үндістік қасиетті мәтін дәл осылай -- шрути (естілген) деп аталады және смрити, (есте қалған), Сонымен қатар, әсіресе мынаны ерекше атаған жөн, ауызша айтылатын мәтіндер алғашқы жазылу түріне түскенге дейін жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Үнді философиясы туралы айта кететін тағы бір ерекшелік мынада, ондағы бізге жеткен шығармалар тікелей философияға арналған емес. Ия, оларда метафизикалық ойлар көп. Бірақ олар қатаң философиялық трактат түрінде баяндалмаған. Бұл, бір жағынан әдеби мұра және сонымен бірге діни сананың әлпеті және мифтік жеткізілімдер. Философиялық мазмұн да және нұрға бөлену де бар. Бірақ, айрықша бөлектенген түрде философиямен айналысу әзірге жоқ. Сол себептен болар қазіргі заман философтарының көшілігі философияның пайда болуын Үндімен емес, антикалық мәдениетпен байланыстырады.
Көне Үнді қоғамының осындай əлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі - жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мəселелері болды.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі жəне белгісіздігі;
5) негізгі философиялық ұғымдардың мəн-мағынасының күрделілігі жəне сантүрлілігі.
Ертедегі Үндістан төрт кастаға бөлінген. Бірі - эскери, аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі - абыздар кастасы (брахмандар), үшіншісі -дін басы бос қоғам мүшелері (вайшилер), төртіншісі - төменгі каста (шудралар). Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Олардың теңсіздік жағдайы діни ұғымдармен орнықтырылып отырды. Брахмандар əбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына (дəрісіне), немесе құдайларды дəріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын. Əрбір веда кейін өз алдына брахмандар дамытқан кітапта жазылған діни араньямаға (тоғай кітабы) айналады, оны таратқан шайқылар, сондай-ақ упанишадтар (ұстаз қасында отырып дəріс тыңдайтын шəкірттер) болды, Бірақ веданың нағыз шын берілген қолдаушысы жоғары каста - брахмандар болды. Ең алдымен бұларға күмəндана қарап, қарсы тұрғандар рахаттан безген диуаналар еді. Біздің заманымыздан бұрынғы VII -- VI ғасырларда брахманизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды.

Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дəуірімізге дейінгі ІІ жəне І мыңжылдықтарда қалыптасқан. Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне əдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мəдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы роль атқарды.
"Веда" сөзі "білім" дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.
Ведалар төрт бөліктен түрады:
:: Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен түрады;
:: Брахмандар - діни салт өлендер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.
:: Араньяктар - "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы.
Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-əрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.
Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта ("Ведалардың соңы") деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дəуірімізге дейінгі \ІІ-\І ғасырларда қалыптасып, бұл дəстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. ирапі-засі ( "қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шəкіртпен диалог-əңгімесі, оның тақырыбы -болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Махабхарата - "Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз", діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған көне Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі.

Көне Үнді философиясының негізгі мектептері Жайнизм - көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа- тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы -біздің дəуірімізге дейінгі УІ-У ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса -тірі мақұлықтəрдың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке (М.Əуезов өзінің "Будда" еңбегінде осы ұғымды "жабыспау" деп аударған) тиым салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін - брахмачарья - некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.
Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: дигам-баралар ("ауа киіндіргендер") жəне шветамбаралар ("ақ кигендер"). Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс жəне одан тəуелсіз өмір сүреді деп түсінді жəне бес немесе алты субстанцияны бөліп көрсетті: 1)джива - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зəг, 3) кеңістік, 4- жəне 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхармаг, 6) уақыт.
Жайндардың пікірінше, субстанциялар мəңгі жəне өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді жəне формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді жəне денесіз. Тірі" болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар "тірі емеске" жатады. Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге -прадешаларға бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін əлем кеңістігі - "дүние" (лока) жəне "дүние-емес" (а- лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.
Зат, жайндардыңтүсінігінде, ұсақ жəне бөлінбейтін бөліктер - атомдардан тұратын, бірігетін жəне ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, белсенді, əртүрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар: ✓ стхула-стхула - "өте дөрекі", яғни қатты заттар.
✓ стхула - "дөрекі", мысалы, сұйықтар;
✓ стхула - сукшма - "дөрекі-нəзік", мысалы, көлеңкелер жəне айнадағы бейнелер;
✓ сукшмə-стхупа - "нəзік-дөрекі", көзге көрінбейтін газдар, иістер;
✓ сукшма -"нəзік", ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия;
✓ сукшма-сукшма - атом секілді "өте нəзік" зат.
Субстанция деп тек қана дигəмбаралар мойындайды, ол барлық субстанциялардың барлық көріністерінің əлемдік кеңістікте пайда болуының, өмір сүруінің жəне жойылуының негізі ретінде қарастырылады. Адам жəне оның өмірі мəселесін шешуде жайнизм "өмір дегеніміз -азап" ұғымын ұстанады. Азап-карма заңының нəтижесі. Карма заңының мəні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік сипаты бар істер əсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін -джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нəрсені орындау - дұрыс сенім, дұрыс таным жəне дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тəуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нəпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.
Моральдық ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу - жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған уш шартты бұлжытпай орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Жайндар өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының бəрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар мен жəндіктердің өміріне де зиян келтірмеуге тырысты. Адал, шыдамды, өзіне талабы қатты, қоршаған дүниеден тəуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтарға мейірімді аскет адам ғана өмірдің мəніне жетеді деп тұжырымдады.
Ағымдары, бағыттары
Буддизм ағымы
Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дəуірімізге дейінгі 560- 480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық əдебиеттердің көбінде Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz