Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
1.1 Сот төрелігінің мазмұны және оның іске асырылу
негіздері ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің
жүйесі ... ... ... ... ... ... ...10
2.Сот билігін жүргізуші судьялардың құқықтық жағдайы
2.1 Судьялардың мәртебесі мен
өкілеттіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Қазіргі Қазақстанның сот жүйесін жетілдірудің кейбір
мәселелері...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...27

КІРІСПЕ

Өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.
Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы
мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі
тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді [1].
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру
демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік
құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде
бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.
Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген
бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің,
оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып
табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді.
Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете
отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот
билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың
қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады.
Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің
қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді.
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде
келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің
барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену,
зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес
мәселелерінің бір бөлігі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот
төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті
мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.
Сот төрелігінің басқа да айырмашылық белгісі, мемлекеттік қызметтің осы
түрі заңда егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы
жүзеге асырылады. Айырмашылық белгілерге, ең соңында, тек ерекше орган –
сот(судья) жүзеге асыратын жатады.
Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң
актілерін шығаруға тыйым салынады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың
судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы,- деп
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы
ҚР Конституциялық заңында белгіленген [2].
Аталған айырмашылық белгілерді ескере отырып, сот төрелігін соттың сот
шешімдерінің заңдылығын, негізділігін, әділдігін және жалпыға міндеттілігін
қамтамасыз ететін заңның талаптары мен онымен белгіленген тәртібін
бұлжытпай сақтау кезінде азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен
белгіленген сот ісін жүргізу нысандарын қарау бойынша құқық қорғау қызметін
жүзеге асыру ретінде айқындауға болады.
Курстық жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасындағы сот билігінің
жүйесін, судьяларының құқықтық мәртебесін реттейтін құқықтық қатынастар
болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот
жүйесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы судьяларының құқықтық
мәртебесін талдауға тырысып, қазіргі Қазақстанның сот билігінің өзекті
мәселелерін анықтау. Осы мақсаттан келесідей міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің
ерекшеліктеріне тоқталу;
- сот төрелігінің мазмұны және оның іске асырылу негіздерін ашу;
- Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесіне сипаттама беру;
- сот билігін жүргізуші судьялардың құқықтық жағдайын қарастыру;
- судьялардың мәртебесі мен өкілеттіліктері жайлы баяндау;
- қазіргі Қазақстанның сот жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелерінің
ерекшеліктерін көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу деңгейі: Қазақстан Республикасы судьяларының
құқықтық мәртебесін зерттеу барысында Қаржаубаев Е.Қ. Қазақстан
Республикасы сот билігінің құқықтық мәртебесі, Сагиндыкова А.Н.
Конституционное право Российской Федерации и Республики Казахстан: общие
черты и особенности, Нурмагамбетов Р.Г. Конституционное право Республики
Казахстан, Шарипов Ш.М. Судьяның тәуелсіздігі, Сапаргалиев Г.
Конституционное право Республики Казахстан, Мухамеджанов Э.Б.
Конституционное (государственное) право зарубежных стран, Габричидзе
Б.Н., Елисеев Б.П., Чернявский А.Г. Конституционное право современной
России оқу-әдістемелік құралдары қолданылды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Қаржаубаев Е.Қ., Сагиндыкова А.Н.,
Шарипов Ш.М., Сапаргалиев Г., Мухамеджанов Э.Б., Баянов Е., Сартаев С.С.,
Назаркулова Л.Т., Нарикбаев. М.С., сондай-ақ тағы басқа заң ғылымындағы
еңбектерінің негізінде баяндау, зерттеу, жинақтау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
1.1 Сот төрелігінің мазмұны және оның іске асырылу негіздері

Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптастыру тарихы –
қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін
қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ
даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет
аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің
тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің
қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің
қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші
нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның
ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын
талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және
шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру
әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.
Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар
қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт
беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен
тіпті, жоғары шонжарлар – сұлтандар мен хандар санасты. Билердің көшпенді
ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса
құрметті және тәуелсіз орган болған [3, 55 б.].
Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және
атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын
білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі
туралы ҚР конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі
Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға,
Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нориативтік құқықтық
актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет
етеді [2].
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген
құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады.
Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми
жұмыстардың, әсіресе Ресей Федерациясы ғалымдарының зерттеу тақырыбына
айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз
жұмыстарында қарастырды.
Қазақстандық ғалым К.Х. Халықов сот билігін мемлекеттік биліктің ең
маңызды тармақтарының бірі деп көрсетті. Оның қоғамның саяси және
әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны мен рөлі бүгінгі таңда ең қымбат
қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып
табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет
орнату міндеттерімен айқындалады. Сот билігі адамдар тағдырындағы ең жоғары
әділеттік таразысы тәріздес. Ондағы нақ осы қасиет мемлекеттік билік
тармақтарының ешқайсысында жоқ. Осылардың бәрі сот билігі мәселесінің жалпы
теориялық бағыттарын айқындайтын факторлар болып табылады. Ал әкімшіл-
әміршіл кеңестік тәртіптен демократияға өтудің күрделі де қиын кезеңдерін
бастан кешіп отырған бүгінгі Қазақстанның нақты өмірінде сот билігі қалай
әрекет етеді, сот билігінің өзінің қалыптасу процесі қалай өтуде және ол
қандай қиындықтарға кезігіп отыр – міне осылардың бәрі ғылыми тұрғыдан да
тәжірибелік тұрғыдан да өзекті мәселелер болып табылады.
Сот билігі ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуына және
жақында – 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына
байланысты. Сонымен бірге кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде
теориялық тұжырымы қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін
мемлекеттік билік жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік
биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот төрелігіне байланысты
проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот – құқық қорғау органы
жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды [3, 55 б.].
Құқықтық мемлекет қоғамындағы биліктерді бөлу теориясын мойындау сот
билігінің мәнін зерттеуді бастауға негіз болды. Бұл ретте ғалымдар арасында
ортақ пікір болмаған сот билігі ұғымын айқындау туралы мәселе маңызды
болды. Мәселен, М.В. Баглай сотты адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға, заңдылықты орнықтыруға арналған мемлекеттік биліктің тәуелсіз
буыны ретінде ролін көрсете отырып, “Тәуелсіз сот билігі құқықтық
мемлекеттің және конституционизмнің, халық бостандығының басты кепілі бола
бастады”. Осы көзқарасты В.И. Раученко, В.П. Кашенов, К.Ф. Гуценко және
В.М. Ковалев бөліседі.
Кейбір авторлар сот билігінің ұғымы мен мақсатын тек сот төрелігін
жүзеге асыруымен байланыстырады. Мәселен, У.Жекебаев және В.К. Бобров, сот
билігі сот төрелігінде іске асырылады деп пайымдайды.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, сот билігі оның құқықтық мемлекет
жағдайында сот қызметін жүзеге асырудағы аса маңызды белгілері мен
қызметтерін негіздеу тұрғысында қаралуға тиіс [4, 8 б.].
Сот билігінің мәні соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде көрінеді.
Алайда сот қызметін осы биліктің тек бір нысанын іске асыру болып табылатын
бір сот төрелігінжүзеге асырумен ғанашектеуге болмайды. Алайда Қ.Ә.Мәми
дұрыс ажыратқандай “сот билігі ұғымының мәнін және мазмұнын неғұрлым толық
және айқын ашу үшін оның барлық белгілерін яғни мемлекеттетігінде оның ролі
мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан айырмашылығын көрсететін
ерекшеліктері мен қырларын анықтау қажет”. Сот билігін, - дейді
В.М.Савицкий, - құқықтық мемлекеттің негізгі құрылымдарының бірі ретінде
азаматтық немесе құқықтық нормаларда көзделген нақты істерді қараумен
шектеуге болмайды. Мұндай көзқарас өзін жояды. ... Қазіргі сот билігі бұрын
әдетте құқық төрелігі деп аталғаннан бөлек, соттың сапалы жаңа
функцияларға ие болуы нәтижесінде туындауы мүмкін.
Сот төрелігі саласынан басқа да сот билігі соттың басқа да функцияларды
жүзеге асыруы кезінде іске асырылады, атап айтқанда:
- анықтау, алдын ала тергеу органдарының және прокурордың қабылдаған
шешімдері мен іс-әрекеттерінде заңдылықты бақылау;
- азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
туралы өтініштерді, сондай-ақ бұзылған құқықтарға және бостандықтарын
бұзған іс-әрекеттер мен шешімдерге шағымдарды қарау;
- соттардың заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану
тәжірибесін зерделеу және жинақтау;
- жеке қаулылылармен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыс жасауға
ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды келтіру;
- республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысында сот тәжірибесі мәселелері
бойынша нормативтік қаулыларды қабылдау;
- жоғары тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс жүргізу
әрекеттеріне сот қадағалауын жүзеге асыруы және т.б.
Сот билігі істі қарау кезінде кімге тиесілі – нақты судьяға ма немесе
сот мекемесіне ме деген сұрақ талқыға түсті. Б.А.Страшун және А.А.Мишин
“сот билігі құқық қоғамдық қатынастарға ықпал ету құралы ретінде барлық сот
органдарының жиынтығына жүктелген, әрбір сот органы сот билігін
ұстанушылар болып табылады”- деп есептейді [5, 106 б.].
Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды.
Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның
талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға)
бағынуға тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де құқықтық актілерді дұрыс
қолданумен, олардың Конституцияға, сондай-ақ жалпы танылған халықаралық
қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да баға беруге тиіс.
Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот іс бойынша іс
жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық
емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы соттар мен заң
шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.
Осылайша, тәуелсіз және кәсіпқой сот билігі қылмыстық, азаматтық және
заңмен белгіленген барлық істер мен құқық және фактілер туралы дауларды
қарауға және шешуге бағытталған сот ісін жүргізу нысандары саласындары
саласында соттың биліктік өкілеттігі мен мүмкіндігін білдіреді. Оның
үстіне, соңғы уақытта сот қызметі мен дербестігін ұйымдастыруда көп нәрсе
жасалады және жасалуда. Олардың материалдық базасы нығаюда, материалдық
ынталандыру айтарлықтай өсті.
Қазақстан Республикасында сот билігі шындыққа айналды. Бұл біздің
мемлекеттілігімізді дамытуда басты жетістіктердің бірі. Бүгінде сот билігі
мемлекеттік биліктің барлық қажетті атрибуттарына ие. Ол оны мемлекет
тұрақтандырушы күшке айналдарды, қоғамды әлеуметтік тартыстардан қорғайды.
Оған басқа органдар мен адамдардың іс-әрекеттері мен заң шығарушы және
атқарушы биліктің іс-әрекеттері мен шешімдеріне белсенді әсер етудің,
оларды “теңдестірудің” заңдық мүмкіндігін білдіретін сот билігі
өкілеттіктерінің тұжырымды жаңа түрі [4, 22 б.].
Конституция мен соттар туралы Конституциялық Заңда сот билігін іске
асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып
табылатыны айқындалған. Ғылыми әдебиетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі
қырларында ашылады. Авторлардың көпшілігі сот төрелігінсот отырыстарында іс
жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық
нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау
және шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды. Осы анықтама, сондай-ақ ҚР
Конституциясының 75 және 78-баптары мен соттар туралы Конституциялық Заңның
нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмүнын және мағынасын ашатын
негізгі спецификалық белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына
мыналарды жатқызуға болады.
1. Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган – сот
жүзеге асырады. Соттардың толық тізбесі ҚР Конституциясында және сот жүйесі
туралы Конституциялық заңда айқындалған. Соттардың мәртебесінің өзгешелігі
олардың ұйымдастырылуының ерекшелігіне байланысты;
2. Сот төрелігі іс жүргізу заңнамасында (ҚПК, АПК) белгіленген
тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарау (істің нақты мән-
жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы) және шешу
(қаулыларды, үкімдерді және басқа да сот актілерін шығару арқылы) арқылы
жүзеге асырылады;
3. Істер және қорғау тараптарының, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеуге
белсенді қатысу құқығы берілген процестің басқа да қатысушыларының міндетті
қатысуымен сот отырыстары нысаныда қаралады. Бұл ретте сот қорғау немесе
айыптау жағына шықпайды. Ол сот отырысында қаралған дәлелдемелерді
зерттеуге және бағалауға әрі заңның талаптарына сай келетін шешім шығыруға
тиіс;
4. Соттың үкімдері, қаулылары, ұйғарымдары және шешімдері олар заңды
күшіне енген сәттен бастап заң күшіне ие болады, сондықтан да
республиканың барлық аумағындағыбарлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,
лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті болып
табылады. Заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтару заңнамада
белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Сот актілерін тек жоғары тұрған
соттар және тек іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгертуі
немесе күшін жоюы мүмкін.
5. Сот төрелігі Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда
және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген идеяларды
басшылыққа алатын, сот төрелігін және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мәнін және мазмұнын
айқындайтын негізгі ережелерден тұрады.
ҚР Конституциясының 75-бабында және ҚР сот жүйесі мен судьялардың
мәртебесі туралы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, Қазақстан
Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігіне нақты
адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану және оған жазалау, не заңда
белгіленген әсер ету шарасын тағайындауда, сондай-ақ заңсыз және негізсіз
жауапкершілікке тартылғандарды ақтау кезінде шешуші сөз оған тиесілі.
Сот төрелігі – адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды жүзеге
асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
Оның міндеттеріне басқа да құқық қорғау функцияларын да орындау
бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс бойынша сот төрелігі, егер осы іс алдын
ала құзыретті органдар жан-жақты және толық тергемесе, егер олар барлық
қажетті дәлелдемелерді анықтамасы және т.б. заңды, негізді және әділ жүзеге
асырылмаған болар еді. Сондықтан, сот төрелігі – құқық қорғау қызметінің
тұтастай алғанда жүрегі.
Процесте немесе сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын,
заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот
шешімдері(қылмыстық істер бойынша үкімдер, азаматтық істер бойынша
шешімдер) заңнамаға сәйкес ерекше сипаттар беріледі. Олардың бірі – жалпыға
міндеттілік. Ол, атап айтқанда, заңды күшіне енген үкім, ұйғарым немесе
істі қараған кезде сот шығарған қаулының барлық мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, лауазымды адамдар мен азаматар үшін
міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға
жататындығын білдіреді. Сот шешімін орындамау немесе орындауға кедергі
келтіру осыған кінәлі адамдарға қатысты түрлі тектегі санкцияларды
қолдануға әкеледі [3, 129 б.].

1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі

Әлеуметтік тәжірибенің салалық жағынан жаңа жағдайларына біршама
бейімделе бастаған сот жүйесі өзінің адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғам мен жеке адамға қатысты мемлекеттік
құқық қорғау міндетін жүзеге асыру жөніндегі қызметінде барған сайын елеулі
маңызға ие болады.
Қарастырылудағы мәселе шеңберінде, ең алдымен, мына жайт назар аударуға
тұрады: қазіргі кезде Қазақстан Республикасының сот құрылысы республиканың
бұрынғы сот жүйесінің оңды жақтарын сақтай отырып, елеулі өзгерістер
жасады. Бұған қысқа мерзім ішінде Республикамызда сот құрылысы мен сот
органдары қызметін жетілдіруге бағытталған жоғары мемлекеттік деңгейде
бірқатар шаралар қабылданғанын қосу керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республиканың Жоғарғы
Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып
табылады. Сот Қазақстан Республикасында со төрелігін жүзеге асыратын бірден-
бір орган.
Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды уәкiлеттi органның Жоғарғы
Сот Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше
аудандық сот құруы мүмкін. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын
уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi
бекiтедi. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының
ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi [5, 237 б.].
Аудандық сот Конституцияда және Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгiленген
тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе,
ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.
Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады. Аудандық сот:
өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; сот
статистикасын жүргiзедi; заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн
атқарумен қатар:
1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi
нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi;
6) өкiмдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот
төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының
бiрiне жүктеледi.
Бiрқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн
атқару аумақтық уәкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот
төрағасының өкiмiмен басқа соттың судьяларының бiрiне жүктеледi.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды уәкiлеттi органның
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады
және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әр облыстық
сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi
орган белгiлейдi.
Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Облыстық соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
3) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
4) соттардың жалпы отырысы.
Облыстық сот: өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және
материалдарын қарайды; сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың
қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi
заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн
бақылауды жүзеге асырады.
Облыстық соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы мен қылмыстық iстер
жөнiндегi алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы
басқарады. Әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша
жалпы отырыста белгiленедi. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында
жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен жыл
сайын сайланатын судьяларынан тұрады [6, 411 б.].
Азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер жөнiндегi алқа жалпы
отырыста талқылағаннан кейiн дербес құрамын сот төрағасы белгiлейтiн
судьялардан тұрады. Сот төрағасы азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен
қылмыстық iстер жөнiндегi алқада мамандандырылған құрам түзуi мүмкiн.
Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның мiндеттерiн
атқарумен қатар:
1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот iстерiн қараған кезде
төрағалық етуге құқылы;
3) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа)
судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады;
4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етедi;
5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетiн атқаруды
алқа судьяларының бiрiне жүктейдi;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi
нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi;
7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негiзiнде Әдiлет бiлiктiлiк алқасына
судья қызметiне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелерi туралы қорытынды
жiбередi;
8) сот тәжiрибесiн зерделеудi ұйымдастырады;
9) өкiмдер шығарады;
10) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi.
Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетi
өзiнiң өкiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.
Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкiлеттiктерiн мерзiмнен бұрын
өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның мiндеттерi уәкiлеттi органның шешiмi
бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.
Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья
мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) алқа судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) алқа отырыстарында төрағалық етедi;
3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау
жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау жөнiндегi жұмысты
ұйымдастырады;
5) соттың жалпы отырысына алқа қызметi туралы хабарлама ұсынады.
Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның
мiндетiн атқаруды алқалар судьяларының бiрiне жүктейдi.
Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы
отырыстар өткiзедi, оларда:
1) алқа құрамының санын белгiлейдi және қадағалау алқасының құрамына
судьялар сайлайды;
2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;
3) алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың
сақталу мәселелерiн қарайды;
5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi
қызметiне тағайындауға келiсiмiн бередi;
6) облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды;
7) аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды
және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды;
8) уәкiлеттi органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы
ұсыныс енгiзедi;
9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын
қарайды және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды бередi;
9-1) сот төрелiгiн iске асыру бойынша төмен көрсеткiштерi немесе сот
iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн екi және одан да көп
тәртiптiк жазасы бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы
мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм
шығарады.
Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен
екiсi қатысқан жағдайда заңды болады. Облыстық соттың жалпы отырысының
жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары
сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың
қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi
бойынша түсiндiрмелер бередi [5, 239 б.].
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi
заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелерi бойынша түсiндiрмелер
беретiн нормативтiк қаулылар қабылдайды.
Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
3) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы
құрылады.
Жоғарғы Соттың қадағалау алқасын, азаматтық iстер жөнiндегi алқасын
және қылмыстық iстер жөнiндегi алқасын алқалардың төрағалары басқарады. Әр
алқадағы судьялардың саны және олардың дербес құрамы Жоғарғы Сот
Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыста белгiленедi. Жоғарғы Соттың
Төрағасы алқаларда мамандандырылған құрамдарды құруы мүмкiн.
Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн
атқарумен қатар:
1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) алқада сот iсiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық
етедi;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы және заңда
көзделген негiздемелер бойынша қадағалау тәртiбiмен сот актiлерiн қайта
қарау туралы ұсыныс жасау мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк
қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы
отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң
кандидатураларын енгiзедi;
6) қажет болған жағдайларда бiр алқаның судьяларын басқа алқаның
құрамында iс қарау үшiн тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;
8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;
9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның
құрылымы мен штатын бекiтедi;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
11) өкiмдер шығарады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттiк билiк
тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы
кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне уәкiлеттi орган басшысының
кандидатурасын ұсынады;
2) соттардың тиiстi жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың
төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы,
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметiнiң бос орнына балама
негiзде кандидатуралар енгiзедi;
3) соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негiзiнде соттардың
жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса
тiркей отырып, тиiсiнше Жоғары Сот Кеңесiне немесе Әдiлет бiлiктiлiк
алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық сот
алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы
қызметтерiнiң бос орындарына балама негiзде кандидатуралар ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде
ұсыныс енгiзедi;
5) ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық
Заңымен көзделген негiздер туындаған жағдайда, тиiсiнше Жоғары Сот Кеңесiне
және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа
төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс
енгiзедi;
6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды мемлекеттiк
наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс
енгiзедi;
7) Республика судьяларына "Құрметтi судья" атағын бередi, осы атақты
беру тәртiбi туралы ереженi бекiтедi.
Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетi
Жоғарғы Сот Төрағасының өкiмi бойынша алқалардың бiрiнiң төрағасына
жүктеледi. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi
мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша
атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Сот алқалары
төрағаларының бiрiне жүктейдi.
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья
мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) алқаның сот отырыстарында төрағалық етедi;
2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты
ұйымдастырады;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi
құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды сот төрелігі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Сот билігінің ұғымы
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігі жүйесі
Құқық қорғау қызметі
Пәндер