Мемлекет туралы негізгі түсініктер


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Мемлекет туралы негізгі түсініктер
1. 1 Мемлекет туралы түсінік . . . 5
1. 2 Мемлекет түсінгі, белгілері, функциясы және механизмі . . . 16
1. 3 Мемлекет ұғымы мен белгілері . . . 20
2. Конституция. Мемлекет. Халық
2. 1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы . . . 27
2. 2 Мемлекет механизмі түсінігі . . . 28
2. 3 Мемлекеттің функциясы, нысаны . . . 30
2. 4 Мемлекеттік басқарудың функциялары . . . 33
2. 5 Конституциялық құқық туралы түсінік . . . 37
Қорытынды . . . 41
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 43
Кіріспе
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т. б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т. б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
Жоғары өкілдік орган - Парламент. Парламент - бірден -бір заң шығаратын орган.
Жергілікті өкілдік органдар - оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
Барлау, қарсы барлау органдары.
Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету - қоғамның міндеті.
1. Мемлекет туралы негізгі түсініктер
1. 1 Мемлекет туралы түсінік
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары және т. б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.
Мемлекетің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері мыналар:
1. Діни теория - мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын - абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория - мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы әкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Фильмердің еңбектерінен тапты.
3. Шартты теория - мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді. Негізін салушылар - Гуго Гроций, Спиноза, Жан-Жак Руссо, Радищев.
4. Күштеу теориясы -мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясының өкілдері - Л. Гумплович, К. Каутский, Е. Дюринг.
5. Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г. Спенсер, Вормс, Х. Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.
7. Ирригациялық теорияға сәйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К. А. Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері - К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин.
Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері бар:
1. Бұқаралық биліктің болуы (шенеуніктер, әскер, полиция,
түрме) .
2. Аумақтық бөлініс.
3. Салықтар жүйесі.
4. Егемендік.
5. Құқықтың болуы.
Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті.
Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әр түрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар коғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, коғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, баскару, қорғаныс және т. б. функцияларымен тікелей байланысты. «Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:
Ақшалай қаражаттарды олардың максатты арнадымы бойынша пайдалану, ягни ақшалай қаражаттары айырбас үдерісіндетікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамынатүпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіріктіріледі, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
Айырбас удерісінде қаражаттарды нактылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорын-дардың қорларын максатты арналым бойынша бөлген кезде; ақшалай шығыстар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарамақайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рэсуаны, тұтынуды («табыстарға» қарама-карсы) қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (рыноктық және әкімшіл- әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады. Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеггің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары оқулықтың 14. 4 парагрфында баяндалған.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер; көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы капиталдардың толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады («шығындар» терминінің мағынасын қараңыз) . Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың emu- mi және үшінші топтарын кіріктіреді. Баска категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік үдерістердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін канағаттандырады. Реформалау кезеңінде Қазақстан экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегімен, бірақ меншіктің, ақшалай ресурстардың едәуір үлесі мемлекеттің қарамағында қалады. Дамыған рыноктық экономикасы бар елдерде мұның өзі дамыған рыноктық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және келешекте өзінің манызын сактайды.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқықтың тәртіпті қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өніміне және қызметтеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың рыноктық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Бағыттары мен маңсатты арнсілымы бойынша шығыстардың барлъщ түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік бюджетке орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның тазата бысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ак өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомаларымен өтелуі мүмкін, бұл ақша мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағыт-талады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салықтық төлемдер, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және техникалық жетілдіру мақсаттарында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың катаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспаршылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік жұмыс деңгейін арттыру максатында мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен үлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі болып табылады. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын катаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және еңірдің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, қаржыларды ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективалық және прогрессивтік салаларға бөлу және аса маңызды екі әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын каржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредиттік механизмнен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл кагидат бойынша каржылық ресурстарды беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен катар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) ; бұл пайдаланылатын каржылық ресурстардың тиімділігін арттырады. Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай ңаржыландыру қаржылық ресурстарды тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді. Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды кағидаты, ол ішкі резе-рвтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджеттік, кредиттік және метиікті көздердің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру үдерісін білдіреді. Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдъщ өндіріс пен үлттық табысты жасау үдерісінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топка бөлінеді:
материалдық өндіріспен тікелей байланысты шығыстар;
қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
мемлекеттік резервтерді жасауға жұмсалатын шығыстар;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және үлттық табысты жасаумен байланысты. Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты өндірістік емес сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын үй мен мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік камсыздандыруға бағытталады. Мемлекет сондай- ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты баска шараларға жұмсайды. Материалдық емес сфера мұқтаждарына жұмсалатын шығыстар түтыну ңорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы: шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін артғыру карқынында білініп. көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлеріне медициналық қызметті көрсетуді қамқорсыз ету есебінен кол жетеді. Мемлекеттін. шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының ара салмағы өзгерді - соңғы жылдары тұтыну қорының өсу карқыны қорлану қорының өсу карқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылтын ұлттық ғабыстағы түтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға салатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дулей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ак өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыраптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды камтамасыз өтуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салысты рылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашы-лықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді. Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сактау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сактандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, баскару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды еа жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырубың екі әдісі бар:
Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджеттік қаражаттар есебінен жасалынады.
Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіппен ерекше құжаттардың - каржылаңдырудың дара жоспарларының негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын үстау, қорғаныс шығындары қаржылаңдырылады. Бюджеттік тәртіппен каржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.
Ерекше жағдайларда эдіс ретінде айналысқа қолма-кол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық царжыландыру қолданылады. Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды камтамасыз етуге және баска мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеу қаржы, субвенциялар, субсидиялар
Демеуқаржылар кезінде ақшалай қаражаттар қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджеттік қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойынсауық және баскадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды камтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік каржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.
Субсидиялар -үлестік негізде белгілі бір шараларды каржыландыруға бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақшалай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т. б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
Айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің шығыстары мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу - акциялардың (үлестердің) елу және одан көп пайызын немесе мемлекетке жататын акциялардың бақылау пакетін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен қосылма заңи тұлғалардың қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.
Мемлекеттік сатып алу жүйесі қоғам мен мемлекеттің орнықтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан қызметтің маңызды сфераларында мемлекеттік монополияның қажеттігіне негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz