Мемлекеттік қызмет түсінігі. Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы
КІРІСПЕ
Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтын субъектілері ретінде демократия мен құкық негізінде әкономика әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын баскару, қазакстан мемлекеттілігін нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуле аса маңызды рол аткарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жаткан қайта кұруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеітік қызметшілерге койылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік ақпараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандыктан мемлекеттік қызметті реформалаудын қажеттігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты казіргі және келешектегі саяси және әкономикалык жағдайларда жұмыс істей алатын кабілетті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, кұзыретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Сонғы көзге дейін заңнамаларда мемлекеттік қызмет ұғымынын түсінігі болмады. Зан әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардын (органдардың, кәсіиорындардың, мекемелердің және т.б.) қызметшілерінің қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруга бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылды. Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлык қызметшілер меміекеттік қызметшілер болып саналды.
Мұндай жағдай 1995 ж. дейін сақталып келді. ҚР-ның 1995 ж. Конституциясы мемлекетіік қызметке кірудің және мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын негізгі кағиданы белгіледі (ЗЗ-б. 4-т.) 1995ж.желтоқсанда ҚР-сы Президентінің Мемлекеттік қызмет туралы заң Мемлекеттік қызметші құқықтык актілерді, азаматтардың құқыктарыи кагал сактауга, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті мумкіндікіерді жасауға міндетті.
Мемлекеттік қызметті бұлай анықтау нәтижесінде бір жағынан, мемлекеттік орган және қызметшілер жүзеге асыратын мемлекет функциясы және міндеті, ал, екінші жағынан, аталған функцияны жүзеге асыратын және нақты міндеттерді шешетін еңбек қызметі бөлініп шығады.
Мемлекеттік қызметті және оның құқықтық реттелуін қалыптастыру қажеттілігі - мемлекеттің өз қызметі мен міндетімен бірге өмір сүруімен, сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы (заң шығару, атқарушы және сот билігі) кадрлар деңгейін ұйымдастыру қажеттілігімен байланысты. Дәл осы қызметшілер мемлекеттік органдардың көп түрлі құрылымдарында, мекемелер мен ұйымдарда, басқаратын және басқарылатын жүйенің ішкі институтында ерекше роль атқарады.
Мемлекеттік қызмет - бұл жариялы қызмет, яғни жариялы билік органындағы қызмет. Мемлекеттік ретінде - мемлекеттік мекеме, кәсіпорны, ұйым және қоғамдардағы қызмет түсініледі.
Кең теориялық мағынадағы мемлекеттік қызмет-бұл мемлекеттік органдар аппараттарында, соның ішінде заң шығарушы, атқарушы, сот билігі, прокуратурада, қадағалау-бақылау органдарында, мемлекеттік кәсіпорындардың әкімшілігінде тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын және мемлекеттік бюджеттен еңбек ақысын алатын, барлық тұлғалардың мемлекеттік органдардағы жүзеге асыратын қызметі.
А.П.Алехин және Ю.М.Козлов мемлекеттік қызметті кең мағынада мемлекеттік ұйымдардағы, мемлекеттік билік органдарындағы, кәсіпорын, мекемелердегі қызметкерлердің өз міндетін жүзеге асырудағы қызметі.
Ал, мемлекеттік қызмет тар мағынада, осы авторлардың пікірі бойынша, қызметшілердің өз міндеттерін мемлекеттік органдарда ғана жүзеге асыру деп түсіндіріледі.
Ғылыми әдебиеттерде В.М.Манохиннің мемлекеттік қызметке берген анықтамасы дәстүрге айналған. Оның анықтамасы бойынша: мемлекеттік қызмет - мемлекеттің және мемлекеттік органның жеке құрамының және өзге де мемлекеттік ұйымдардың құқықтық реттелуінің және ұйымдастырылуының бір жақты қызметін, сондай-ақ, осы жеке құрамының - мемлекеттік қызметшілердің мемлекет қызметін және міндеттерін жүзеге асырудағы қызметін білдіреді .
Б.Ю.Лазарев мемлекеттік қызметке мынадай анықтама береді: ... мемлекетке қызмет ету, яғни, оның тапсырмасы бойынша және оның төлейтін ақысына мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет міндеттерін жүзеге асыруды орындау.
Қазіргі уақыттағы заң шығарушының көзқарасы бойынша, ҚР мемлекеттік қызмет - бұл ҚР мемлекеттік билік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің және заңдарда және нормативтік актілерде анықталған, осы орган субъектілерінің кәсіби қызметі.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі.
I - тарау. Мемлекеттік қызмет түсінігі
1.1 Мемлекеттік қызметтің ұғымы,маңызы.
Мемлекеттік қызмет -- бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.
Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, көсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады.
Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік-өкімдік сипаттамасы бар және оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады, яғни мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз.
Мемлекеттік лауазым -- мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдың өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі;
Мемлекеттік қызмет -- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі;
Мемлекеттік қызметші -- мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
Лауазымды тұлға -- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша үкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам. Лауазымдық өкілеттік -- заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретіні нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.
Сонымен, мемлекеттік қызметтегі қызметшілердің ақы төленетін лауазымдарға ие болуына қарай, мынадай әр түрлі лауазымдық функцияларды жүзеге асырады, олар:
-- басқарушылық (орган, мекеме және т.б. басшылары)
-- құқық қолданушылық (IIO қызметкерлері және т.б.)
-- әлеуметтік-мәдени (оқытушылар, дәрігерлер және т.б.) Мемлекеттік қызметтің материалдық игіліктерді өндіруден, кәсіпкерліктен және басқа да еңбек қызметтерінен айырмашылығы -- қызметші еңбегінің заты болып ақпарат саналады. Қызметші адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Олар нақты материалдық құндылықтарды жасамайды, бірақ олардың қамтамасыздандырылуына қажетті жағдайларды жасайды.
Сонымен, мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып саналады. Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізі
Мемлекеттік қызмет, қызметке кірудің және өткерудің жағдайы мен тәртібін, қызметшілерді ынталандыру шаралары мен жауаптылық шараларын, қызметтік қатынастарды аяқтаудың негіздерін реттейтін мемлекеттік қызмет институтын құрайды.
Мемлекеттік қызмет институты салааралық сипатта болып саналады. Оған конституциялық, әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржылық және басқа да құқық салаларының нормалары кіреді. Мемлекеттік қызметті реттейтін арнаулы актілер болып Мемлекеттік қызмет туралы 23.07.99 жылғы Қазақстан Республикасының №453-1 Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 10 наурыздағы №357 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру туралы ереже; ҚР Президенті 29.12.1999 ж. №317 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану тәртібі туралы Ереже; Қазақстан Республикасы Президентінің 31.12.1999 жылғы №321 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіпті жазалар қолдану тәртібі туралы Ереже; Қазақстан Республикасы Президентінің 21.07.2000 жылғы №328 қаулысымен бекітілген ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет этикасы Ережелері; Қазақстан Республикасы Президентінің 21.12.1999 жылғы №319 Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің анты және т.б.
Мемлекеттік қызмет түрлері
Мемлекеттік қызметтің түрлеріне мемлекеттік басқару саласындағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтары жатқызылған. Билік тармақтарына бөлу ұстанымына байланысты, мемлекеттік қызмет, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарындағы және басқа да мемлекеттік органдардағы (прокуратура) қызмет болып бөлінеді.
Мемлекеттік қызметтің әр түрлі аялары мен салаларына байланысты мемлекеттік қызмет әскери, ішкі істер органдарындағы, қаржы полициясы органдары, кеден және салық және т.б. қызметтерге бөлінеді. Аталған қызмет және де басқа да осындай қызмет түрлеріне арнайы қызметті реттейтін заң актілері бар, мысалы, ҚР ІІО қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет өткеруі туралы Ереже.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:
1)заңдылық;
2)қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі;
8) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі;
10) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13) мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
14) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу ұстанымдары.
Сонымен бірге, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Мемлекеттік басқаруды іске асыру, мемлекеттік аппараттың барлық буындарының қызметіне талдау жасау жалпыметодологиялық базасыз мүмкін емес. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқаруын реформалау концепциясын жете зерттеу мен басқарудың теориялық және тәжірибелік маңызы бар мәселелерді зерттеумен тығыз байланысты, ол философиялық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және басқа да аспектілерді зерттеумен тығыз байланысты, басқарудың кейбір ерекше салаларын қалыптастыру және даму заңдылықтарын зерттеу, республиканың әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістерін есептеу, мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтін жүйесін толығымен көрсету; мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру; мемлекеттік функциялардың тиімділігі мен мемлекеттік органдардың компетенциясына талдау жасау; басқару әдістері, формалары мен стильдерін жетілдіру; мемлекеттік басқарудың шетел концепциялары; республикада емлекеттік басқаруды реформалауды жасап шығарудың негізді болжамына байланысты.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезінде әлеуметтік саланың жүйелік жолын пайдалану кере екендігі айтылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ең маңызды мәселе болып - "мемлекеттік басқарудың қоғам мен экономиканың өзгеруі өзін-өзі қиын жүйеден жай жүйеге көшуі тиіс". Себебі, мемлекеттік аппаратта қандай да өзгерістер болса, ол емлекеттік басқару жүйесіне өзінің әсерін тигізеді. Сондықтан мемлекеттік басқаруға сай жүйе есепке алу және Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті ұйымдастыру болып табылады.
Басқару жүйесінің құрылымын басқа да бөлектенген салалар ретінде қарау, мемлекеттік басқарудың толық, ұйымдастырушылық құралы ретінде қалыптастыру, себебі мемлекеттік органдар жүйесін реформалау ол өзіне-өзі қойылған мақсат емес, оның ішкі себептері де бар. Бұл жерде мемлекеттің өзін құудағы әлеуметтік-саяси және экономикалық факторлары туралы сөз болып отыр, ол басқару процесін осы өзгерістерге алып келу, мемлекеттік аппарат құрылымын тиімді қалыптастыру, функциялардың қайталануларын болдырмау, көпбөлімді бақылау, тікелей басқарудан бас тарту, кейбір мемлекеттік функциялардың жеке меншік секторларына берілуі және т.б. Әрине бұл бағытта идеяларға жүйелі қарау жақсы нышандарды білдіреді, ол мемлекеттік басқарудың әкімшілік-командалық жүйесінен қазіргі базар экономика жүйесінде жұмыс жасау, мемлекеттік басқару жүйесінде еркін де қажеттіліктерге сай жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің пайда болу тарихы.
Мемлекеттік қызмет терең тарихи тамырға ие. Оның тарихы мемлекет және құқық тарихымен бірге дамып келе жатыр десек те болады. Алғашқы мемлекеттік қызмет ежелгі египеттіктер мен гректерге таныс болған, себебі оларда әділет істері құқық тәртібімен малшылық бойынша арнайы департаменттері болған.
Ежелгі римдіктер мемлекеттік қызметке иерархиялық бастаманы дамытып отырған - оларда әділет, әскери, қаржы және салық, сыртқы және ішкі істер саласы жөнінде барлық империялар вертикалі тағы басқа департаменттер пайда бола бастады. Ең көп тарихы бар мемлекеттік қызмет Қытайда кездеседі. Дәл осы Қытайда алғашқы рет қызмет жүйесінің элементі пайдаланылған. Мемлекеттік қызметке тұру үшін арнайы жазбаша емтихандардан өту қажет болды. Объективті және шынайы болу үшін тесттер анонимді яғни жасырын түрде, жауаптың атауларын көрсетудің орнына, олар арнайы сандармен шифрланған болды. Ортағасырларда мемлекеттік қызмет қоғамның феодалдық құрылымының әсерінің бағынуында болған. Феодалдың және корольдердың құлдары чиновниктерге, ақсүйектерге айнала бастады. Қызметтік міндеттері нашар анықтал ды, орталық билік қызметінің күшею шаралары сатылды.
Европада мемлекеттік қызметтің қазіргі жүйесінің негіздері XVII ғасырдан бастау алады. Бірнеше ғасырлар тоғысында мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы формасын берген жүйесі дамыды.
Барлық постсоветтің мемлекеттерге мемлекеттік қызметтің адекваттық жаңа шарттарын құру мәселесінде жалпы проблемалар тән болды. Көбіне бұл советтік ақсүйектер саясатпен өте тығыз байланыста болды, бірақ заң нормаларымен жеткіліксіз деңгейде байланыста болғанымен, мемлекет аппарат қызметкерлерін таңдау мен іріктеу олардың жеке еңбектерімен өкілеттігі негізінде жүзеге асырылғандығымен түсіндіріледі. Бұдан басқа, маңызды мәселенің бірі мынада болды, кадрлардың елеулі бөлігі жұмыс тәжірибесіне тек мемлекеттік партиялық аппарат экономикалық және қоғамдық аспектінің дерлік барлығын қадағалаған жағдайда ие болатын, жаңа талаптар бойынша кадрлар мемлекеттің тез әрі жылдам өзгеру рөліне тез ыңғайланып қабылдауы қажет болды.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, ұлттық әдет-ғұрыптар сияқты халық стандартқа да жауап бере алатынын ескере отырып, мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы жүйесін құру проблемасы тұрды. Қазақстанда мемлекет қызмет жүйесін институттандыру бастамасы 1995 ж 26 желтоқсанда қабылданған "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Президентінің заң күші бар жарғысы болды. Онда Республикада мемлекеттік қызметті ұйымдастыру негіздері, мемлекет қызметшінің құқықтық жағдайы және мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастардың әлеуметтік қорғалуы мен реттелуі белгіленген.
Аталған Жарғы қабылданған кейін 1999 ж 23 шілдеде "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңы қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік биліктің мәселелері мен функциясын жасауға бағытталған өзінің қызметтік өкілеттігін орындау бойынша мемлекеттік орындаудағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында мемлекеттік қызметті толық жетілдірудің негізгі бағыты белгіленген. Осыған орай мемлекеттік қызметті реформалауды жылдамдататын және оны 2000 жылға дейін бітіру мәселесі тұрды. Стратегиялық курсқа сәйкес 2000 жылдың басына қарай Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа заң шығарушылық және институтционалдық базасы құрылды.
Жоғарыда аталған заңның 2 бабына сәйкес мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конститутциядан, аталған Заңнан, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінен тұрады.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік биліктің мәселелері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметтік өкілеттіктерін орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі. Аталған анықтама мемлекеттік қызметтің кәсіби қызмет ретіндегі кеесі мәнді белгілерін көрсетеді:
А) мемлекеттік қызмет мемлекет ішіндегімен қатар сыртында мемлекеттік мәселелер мен функцияларды іске асырумен байланысқан;
Б) мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саласы және әкімшілік-саяси құрылысты дамыту бойынша мәселелері мен функциялары мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқарудың кәсіпқойлық қызметі, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі арқылы шешіледі. Бұл қызмет көптүрлі, басқарушылық функциялардың көлемділігімен, күрделілігімен және ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда мелекет пен бүкіл қоғамның қажеттілігі мен мүддесі айқындалады. Бұл аспектідегі мелекеттік қызметшілердің қызметі осы мүдделер мен қажеттіліктерді, мемлекеттік әлеуметтік мәселелері мен функцияларын іске асыруға қанағаттандыруға тікелей бағытталған.
В) мемлекеттік қызмет қоғамдағы басқарушылық іске асыруды қамтамасыз ететін, арнайы аппарат шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметік сала мен әкімшілік-шаруашылық құрылыс саласын дамыту бойынша қызметі органдар жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Г) мемлекеттік қызметтің спецификасы басқару функцияларын жүзеге асырумен байланысқан. Соңғылары мемлекеттің мәселелері мен функцияларын іске асыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік жұмысының объективті қажетті бағытталуы ретінде көрінеді. Нақ осы басқару аппаратында мемлекет функциясының мемлекеттік органдар функциясымен қосылуы болып жатады, сол сияқты мемлекеттік органдардың мәселелері мен функциялары мемлекеттің мәселелері мен функцияларына сәйкес болуы қажет;
Д) мемлекеттік қызметшілер мемлекет атынан сөз сөйлейді, сондықтан да олар өздеріне жүктелген басқару фукцияларын жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерге ие;
Е) мемлекеттік қызмет қатаң түрде Конституцияның нормаларына, заңдарға, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделеді.Басқаша айтқанда мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының талаптарына сәйкес болуы қажет;
Ж) мемлекеттік қызмет - тәжірибелік, ұйымдастырушылық қызмет, атқарушылық сипатқа ие. Мемлекеттік қызметтің барлық мағынасы мемлекеттік басқаруды әлеуметтік процесстермен ұйымдастыру үшін, өзіне сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін құрылатындығымен түсіндіріледі.
З) мемлекеттік қызмет нұсқаушылық сипаттағы қызмет, ол мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген басқару функциясын жұзеге асыру барысында өз шеңберінде заңды-биліктік нұсқауларды қолдануға құқылы болуын білдіреді. Нұсқамалық қызмет қажетті жағдайда басқару актілерінің басып шығарылуын болжайды (сонымен қатар нормативтік-құқықтық), осының көмегімен ведомтсвалық объектілерге мақсатты бағытталған әсері және олардың негізгі қызметінің бағыты қамтамасыз етледі;
И) мемлекеттік қызмет деосаясаттық сипатқа ие. Бұл мемлекеттік қызметшілерді өзіне жүктелген қызметтік функциялары мен өкілеттіктерін орындау барысында тек қана заң талаптарын басшылыққа алуы қажет және өзін қандай да бір партияның, қоғамдық бірлестіктердің не оның органдарының шешімдерімен байланыстырмауы керек. Мемлекеттік қызметшілер өзінің басқарушылық қызметінде әрекеттегі заңда көрініс тапқандай, тек шекті жағдайда мемлекеттің мүдделері мен саясатын басшылыққа алады.
Көрсетілген белгілер (критерийлер) өзінің жиынтығында мемлекеттік қызметті өзінің әлеуметтік мәні мен мазмұны бойынша күрделі кәсіби қызмет түрі ретінде сипаттайды.
1.2 Мемлекеттік қызметті дамыту және экономикалық жағдайының өзара байланысы
Мемлекеттік қызметшінің мемлекетпен байланысы ол қызметшіге жасаған еңбегі үшін төленетін еңбек ақы мемлекеттік бюджеттен төленеді.Мемлекеттік қызметте еңбекке ақы төлеу стандартты түрде жүргізіледі. Мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі; Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс:
1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттiк орган не Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган конкурс өткiзу туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде хабарландыру жарияланғаннан кейiн өткiзедi.
Конкурс орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволарда өткiзiлген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.
3-1. Егер конкурс белгiлi бiр жұмыс мерзiмiмен бос тұрған орынға өткiзiлетiн болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлуге тиiс.
4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.
5.Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады.
6. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.
7. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке кiру үшiн заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс.
8. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.
9. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады.
10. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.
Тұтас алғанда мемлекеттiк органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты (үздiксiз) жұмысы әрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл және күнi бұрын болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының жазбаша өкiмi бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сәйкес өтелетiн, демалыс және мереке күндерi қызметке келуге мiндеттi жекелеген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн.
Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттігін тоқтату негіздері және олардың жауапкершілігі
Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз -- саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:
* мемлекеттік органның жабылуы;
* заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
* оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
* сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
* саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
* саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
* оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
* қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
* келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
* табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
* Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
* заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;
аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органның тиісті лауазым иесі қызметтен шығарады. Саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
*
*
* ескерту;
* сөгіс;
* қатаң сөгіс;
* қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
* қызметтен шығару.
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері.
Мемлекеттік қызметшінің:
- Республиканың азаматтарына ҚР Конституциясымен және Заңдарымен кепілдік берілген құқықтыры мен бостандықтарды пайдалануға;
- Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
- Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдар алуға;
- Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
- Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;
- Жеке басының қадыр-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар өзгеде лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;
- Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;
- Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;
өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз та нысуға, қажет болған жағдайда жеке түсіндірмелер беруге;
- Біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындалуы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшілердің міндеттері:
- Республиканың Конституциясы мен Заңдарын сақтауға;
- ҚР Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге;
- Азаматтар мен заңды тұлғалар құқығының, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
- Өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;
- Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға;
- Өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;
- Қызметтік әділет нормаларын сақтауға;
- Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігінің шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
- Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзгеде құпияны сақтауға оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейінде, заңмен белгіленген белгілі-бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;
- Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадыр-қасиетін қорғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшінің өкілді органның депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарыны ңмүшесі болуға; педыгоктық, ғылыми шығармашылықты қоспағанда басқада ақылы қызметпен айналысуға; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, комметциялық ұйымды басқаруға; үшінші тұлғаның істері бойынша өзі қызмет істейтін және өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда болуға; өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралджарын қызметтік емес мақсатта пайдалануға; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.
Штаттар мен мемлекеттік органдардың жеке құрамы.
"Штат" түсінігі мемлекеттік орган түсінігі құрылымының айрылмас бөлігі. Бұл тақырыпта мынадай терминдер мен ұжымдар кездеседі: "Штаттар", "штаттық кестелер", "штаттың белгілері", "жеке құрам", "штаттан тыс қызметкерлер" және т.б.
Штат - өзіне ұйым қызметшілерінің тұрақты құрамын қамтиды. Штаттық (кесте) персоналға белгілі бір кәсіпорында сыйыстыру немесе бірлескен түрде жұмыс істейтін тұлғалар жатады. Штаттық кесте немесе күнтізбе бұл тұрақты қызметшілердің біратаұы қызметтер мен бос орындары, қызметтік төлем мөлшері көрсетілген қызметтік атаулар тізбесі жоғары тұрған органдар мен басшылар тарапынан бекітілетін құжаттар. Мемлекеттік органдардың штаты мен құрылымына сәйкес қызметшілердің 3 түрін бөлуге болады:
органның басшылық құрамына кіретіндер.
органның құрылымдық бөлімшелерінде негізгі қызметті жүзеге асырушылар.
Көмекші құрамы.
Қызметшінің қызмет түрі еңбек сипатына қарай:
Басшылар, мамандар және техникалық орындаушылар болып бөлінеді.
Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы
1. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады
Мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы осы өкімді жазбаша түрде растаған жағдайда, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, мемлекеттік қызметші оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары үшін осы өкімді растаған басшы жауапты болады.
2. Лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруіне тыйым салынады.
3. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік орган өздеріне қатысты қабылдаған шешімдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.
Тәртіптік жауаптылық - бұл қылмыстық тәртіппен қудаланбайтын мемлекеттік қызметтің Ережелерін кінәлі түрде бұзған үшін қызметтік бағыныштылық тәртібімен тәртіптік ықпал жасаудың шараларын қолдану. Ол өзге азаматтармен бірдей жалпы негіздемелер негізінде белгіленген (жұрттың бәрі заң алдында теңдігі, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың бірыңғай іс жүргізу нысаны т.с.с.). Алайда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің сипаты олардың жауаптылығын реттеудің кейбір ерекшеліктерін де болжайды. Мысалы, бірқатар жағдайларда олар үшін жоғары жауаптылық тағайындалған, атқарып отырған қызметіне жауаптылығының сәйкес болуы , тек қызметшілерге ғана қатысты қолданылуға болатын санкциялар (қызметіне толық сәйкес келмейтіндігі туралы ескрту, әскери немесе арнайы атағын төмендету және басқа).
Заңдық жауаптылықтың бұл түрін реттейтін нормативтік актілер Мемлекет қызмет туралы заң, ҚР ның әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесі, ҚР сы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеру туралы Ереже, ҚР Қарулы күштерінің тәртіптік жарғысы, ҚР ның Кеден органдарында лауазымды адамдардың қызмет өткеруі туралы Ереже және кейбір басқа актілер болып табылады. Олар бұл жазаларды тағайындау жөніндегі атқарушы билік органдары мен басшылардың құқықтарын, сондай ақ мемлекеттік қызметтің нақты жағдайларын ескере отырып оларлы қолданудың және шағым жасаудың тәртібін белгілейді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның 28-бабы мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны , мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты осы заңмен белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін қолданлуы мүмкін деп бекіткен.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәптіптік жауапкершілігі - Заңдық жауапкершіліктің бір түрі, оны қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін атқару үстінде тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тартады.
Қызметшінің тәртіптік теріс қылығы қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, атқармау кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, қызметтік этика Ережелерін бұзуы, сол сияқты Мемлекеттік қызмет туралы заңда беелгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы болып табылады.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметшілердің Ар- Намыс кодексінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды деп көрсеткен.
Кодексте мемлекеттік қызметшілердің сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған моральдық этикалық нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез құлық ережелері белгіленген.
Олар мынадай атаулармен топтастырылып, нақтыланған:
a. Мемлекеттік қызметшілердің өз қызметіндегі парызы мен міндеттері;
b. Азаматтармен жеке тұлғалармен қарым қатынастарда қызметшілердің ұстанатын қағидалары;
c. Өзіне бағынысты қызметкерлері болатын қызметшілердің міндеттері және т.б.
Осы кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Осыған орай облыстардағы, Астана және алматы қалаларындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестерінің атқаратын рөлін ерекше атап айтқан жөн.
Тәртіптік кеңес мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Мемлекеттік қызметшілердің ар намыс кодексін сақтау мәселелерін қарайтын консультативтік кеңесші болып табылады.
Тәртіптік кеңес өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен Ар намыс кодексін бұзуға жол берген аталған ереженің үшінші тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарайды.
Мемлекеттік қызметшінің теріс қылық жасауы жаза қолдану үшін негіз болып табылады.
1.3 Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайларын талдау.
Көтермелеу мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін қолданылады. Бұл мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көтермелеудiң өзге де нысандарымен, оның ішінде ведомстволық наградалармен және омырауға тағатын ерекшелік белгілерімен марапаттау арқылы көтермеленуi мүмкiн.
Мемлекеттiк қызметшiлер ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады:
Ордендармен, медальдармен, құрметті атақтармен, құрмет грамотасымен, мамандығы бойынша таңдаулы қызметкер деген атақтармен.
ҚР ның мемлекеттік наградалары туралы 1995 ж.12 желтоқсандағы заңда барлық азаматтарға қатысты ережелер белгіленген: наградтаудың негіздері мен түрлері, наградтау туралы ұсыныстар енгізу тәртібі, наградтарды беру, оларды тағып жүрудің тәртібі наградталғандардың жеңілдіктері , құқықтары мен міндеттері, наградаларынан айыру, жауаптылық.
Мемлекеттік қызметшілердің кейбір санаттарының құқықтық мәртебеесінің ерекшеліктерін белгілейтін құқықтық актілермен көтермелеудің арнайы шаралары тағайындалған: уақытынан бұрын әскери, арнайы атақтар, сыныптық шендер беру, қызметін жоғарылату т.б. Мысалы, ҚР ның қаржы полициясы органдары туралы 2002ж.4 шілдедегізаңмен осы полиция органдарының қызметкерлеріне берілетін арнайы атақтардың түрлері және оларды берудің шарттары мен тәртібі белгіленген. Заңның мақсаты полиция органдары кадрларының әлеуетін сақтау мен дамыту, олардың қызмет парызын орындаудағы жеке жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдығы мен тәртібін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметшілерге көтермелеу шараларын тек оларды қолдануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолдана алады. Бұл орайда олар тек тиісті нормативтік актілермен қаралған көтермелеулерді ғана өздеріне берілген биліктің шегінде және белгіленген тәртіппен қодануға міндетті.
Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде айрықша күрделі және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін азаматтық қызметшілер: 1) азаматтық қызметтегі жоғарылатумен; 2) ақшалай сыйақымен; 3) алғыс жариялаумен көтермеленуі мүмкін. Ұжымдық шартта көтермелеудің басқа да шаралары көзделуі мүмкін.
Көтермелеумен қатар заңнамалар, қажет болған кезде, мемлекеттік қызметшілердің заңдық жауаптылығын қарайды, атап айтқанда: тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық. Жауаптылық мемлекеттік қызметшілерге олардың кінәлі түрде құқық бұзушылық жасағаны үшін , яғни заң жүзінде құқыққа қарсы ретінде танылған қылықтар мен іс әрекеттер үшін заңдарда қаралған қандай да болмасын сазай мен жаза шараларыннан көрініс табады. Азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау
1. Азаматтық қызметшілер кәсіптік білімі мен дағдыларын тереңдету, кәсіптер мен мамандықтар алу мақсатында тиісті білім беру ұйымдарына жіберілуі мүмкін. 2. Азаматтық қызметшінің оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан өтуі, өндірістен (жұмыстан) қол үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса алғанда, жіберуші ұйымның қаражаты есебінен төленеді. Азаматтық қызметшінің оқуы кезінде оның атқаратын лауазымы, кепілдіктері мен өтемақы төлемдері сақталады. 3. Біліктілігін арттырудан немесе азаматтық қызмет бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша қайта даярлаудан өтіп жатқан азаматтық қызметшілерге ақылы оқу демалысы беріледі.
II - тарау . Мемлекеттік қызметтің даму болашағы
2.1Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік реформормалаудың тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау мәселесінің өзектілігі бірқатар объективтік және субъективтік сипаттағы факторларда көрініс тапқан. Ең алдымен жас мемлекеттің қалыптасуы мемлекеттік қызметтің жаңартылған кадрлық құрамының қалыптасуын да талап етеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz