МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ. Мемлекеттің негізгі теориялары


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ . . . 5

1. 1 Мемлекет түсінігі . . . 5

1. 2 Мемлекеттің негізгі теориялары . . . 12

1. 3 Мемлекеттің пайда болу белгілері . . . 16

1. 4 Мемлекеттің функциялары . . . 22

2 ҚОҒАМНЫҢ ТҮСІНІГІ . . . 27

2. 1 Қоғамның жалпы түсінігі . . . 27

2. 2 Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы . . . 29

3ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

4 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34

КІРІСПЕ

Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның - мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет - адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:

1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі - мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.

2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.

3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы - шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.

4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.

Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың - байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.

Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.

Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.

Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өмір сүрді.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Қоғам- экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ

1. 1 Мемлекет түсінігі

Мемлекет - кез келген қоғамның табиғатынан туындайтын жалпы істерді және тікелей таптық мәселелерді шешуге қажетті саяси билік ұйымы.

Мемлекет пайда болғанда дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың белгілері:

1. Алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар- әдет-ғұрыптармен, яғни тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;

2. Жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;

3. Негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендірМемлекеттің қалыптасуы әлемнің әр түрлі елдерінде әр қилы жолдармен жүзеге асқан күрделі құбылыс. Қазіргі кезеңде мемлекеттің пайда болуының шығыстық және батыстық жолдары ажыратылып қарастырылады. Бірақ бұл атаулардың шартты екендігін атап өткен жөн, себебі мемлекет қалыптасуының батыстық жолы тек Европа елдеріне ғана тән. Бұлай жіктеудің пайда болу себептері шаруашылық жүргізу тәсілдерінің өзгешеліктеріне байланысты. Шығыстық мемлекеттердің (Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан және т. б. ) пайда болуындағы ерекшеліктерге тоқталатын болсақ, ол "азиаттық өндіріс тәсіліне" негізделген. Бұл мемлекеттердегі басқару нысаны - шығыстық деспотия түрінде болған. Ол дегеніміз елдегі барлық жер, су, мүлік және адамдардың өздері де құқықтық мәртебелерінің өзгешеліктеріне қарамастан мемлекет басшысының толық тәуелділігінде болғандығын білдіреді.

Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолының ерекшелігі: саяси үстемдік коғамдық қызметті атқаруға, қоғамдык лауазымға негізделеді. Мемлекеттің қалыптасуына өмір сүру ортасының географиялык ерекшеліктері де әсер етеді. Қатаң климаттық жағдайда өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшш бір тайпаның мүмкіндігі аумағынан асып кететін көлемді коғамдық жүмыстар үйымдастыру қажеттігі туындайды. Осындай күрделі жүйелерді салу, құрастыру және оны бірлесе колдану, сенімді қорғау қажеттіп дербес көпшілік билігінің табиғи негізін қалады. Қауым көлемінде биліктін негізгі міндеті қоғамдық артык өнімнің басты бөлігі шоғырланған ерекше резервтік корларды баскару болып табылады. Бұл қауым ішінен коғамдық қазынашы, бакылаушы, әкімшілік қызметін аткаратын лауазымды адамдардың арнаулы тобының шығуына сеп болады. Өз жағдайларынан пайда көрген, лауазымдарға ие болған әкімшілік осы мәртебенің өзіне бекітіліп берілуіне мүдделі болады, оны мұрагерлікке берілетін лауазымға айналдыруға тырысады. Сөйтіп, әкімшілік жеңілдіктерге ие болған «тұйық әлеуметтік құрылымға» ауысады.

Азияттық тип бойынша мемлекет қалыптастырудың ерекше алғы шарттарының бірі - басқарушы топтардың қалыптасқан басқару аппаратын, экономиканы, саясатты және әскери қызметті бақылауды өз қажеттігіне тиімді қолданғандық болады десек жаңылмаймыз. Экономикалық қажеттілікпен қатаң негізделген әкімшілік - мемлекеттік құрылымның пайда болуы жеке меншіктен (басым түрде жерге меншіктен) бұрын қалыптасады. Шығыстық елдерде мемлекет таптық үстемдік құралы ғана емес, тап қалыптастырудың қайнар көзі қызметін атқарды. Шығыста өндіріс құралдарын емес, оларды басқаруды иемденді.

Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы рулық-тайпалық қоғамның мемлекетке бірте-бірте өтуін көрсетеді. Бұндағы мемлекетгің пайда болуының негізгі себептері:

-суармалы егістіктің пайда болуына байланысты кең көлемді

-ирригациялық жұмыстарды жүргізу қажеттілігі;

-осы мақсатта көп адамдар мен үлкен территорияларды біріктіру қажеттілігі;

- бұқара халықты біркелкі, орталықтандырылған басқарудың қажеттігімен аныкталады.

Батыстағы теориялық ойлардың жандануына әсер еткен, жетік мемлекеттік жүйе іздестіруге шақырған карқынды саяси өмір Шығыс мемлекеттері үшін жат еді. Шығыс ойшылдары бір мәрте тағайындалған заттар (дүние) тәртібінің тұрақтылығы, бұзылмастығы идеяларын уағыздады. Бұл тәртіп адамдардың тәңір талаптарын сақтамағандығына байланысты бұзылуы мүмкін деп санады. Дүниедегі барлық құбылыстардың негізі, қозғаушы күші -құдіретті құдай деген ой негізделді.

Мемлекет коғамда тәңірлік және жердегі тәртіп өкілі қызметін атқарды, коғамға оның ішкі бірлігі мен сыртқы тұйықтылығын көрсету кұралы болды. Ол коғамда өсіп-жетіліп алып, оны өзінін құрылып жатқан мемлекеттік үлгілеріне тартуға тырысады. Нәтижесінде жоғарысында шексіз монарх, орта тұсында оның билігін жүзеге асыруға көмектесетін лауазым иелері, негізінде рулық сипаттарынан бірте-бірте айырыла бастаған қауым мүшелері болатын ерекше құрылым құрылады. Бұндай мемлекеттер кейінірек «шығыстық» немесе «азиаттық» деген атауға ие болды, бірақ расында бұндай мемлекеттік жүйенің Африка, Америка континенттеріне де тарағаны мәлім.

Батыстағы мемлекеттердің пайда болуының негізгі нысандары:

1. Афин мемлекетінің пайда болуы;

2. Рим мемлекетінің пайда болуы;

3. Герман мемлекетінің пайда болуы.

Афин мемлекеті - мемлекеттің пайда болуынын ең таза және таптық, классикалық нысаны. Ол ең алдымен тап қайшылықтарынан бастау алады. Бірте-бірте қалыптаса бастаған жеке меншік мүлік иелерінің экономикалық үстемдігін бекітудің түп қазығы ролін атқарды. Бұл кемшілік (жария) билік институттарын иемденуге және оларды өз мүддесін қорғау үшін пайдалануға жол ашады. Мемлекет коғам дамуының нәтижесінде ешқандай қақтығыссыз өз жолымен пайда болады.

Римде мемлекеттің пайда болуы рим руларынан тыс өмір сүрген (кірме), басы бос, бірақ саяси құқықтары жоқ плебейлер мен ру зиялыларының -патрицийлердің арасындағы текетірестік нәтижесінде өмірге келген. Римдегі рулық қоғамның ыдырауы Афин мемлекетіндегідей қарқынмен өткен, экономикалық үстем топ билікті иемдене отырып, өзіне қажетті органдар қалыптастыру үстінде еді. Бірақ бұл процесске тұрғындардың үшінші тобы -плебейлер белсенді араласа жөнелді. Экономикалык қуатты плебейлер тобының саяси билікке қол жеткізу мақсатындағы күресі Римдегі рулық-тайпалық құрылымды ыдыратуды көтермеледі, мемлекеттілік қалыптастырудың қозғаушы күші ролін атқарды.

Герман мемлекеттің пайда болу жолы да өзгеше. Греция мен Римдегі табиғи жағдайлар патриархалды құрылымды жоюға ықпал етсе, осы табиғи жағдайлар Германияда белгілі бір кезеңге дейін өндіргіш күштердің рулық қоғам жағдайында да дамуына мүмкіндік берді. Құл иеленудің аталмыш мемлекеттердегі сипаты Франк мемлекеттері үшін экономикалық жағынан тиімсіз болды. Сондықтан да, кедейленген ру мүшелері құлдыққа емес, байларға бағыныштылыққа ауысты. Бұл шаруашылык жүргізудің ұжымдық нысанын ұзак мерзімге сақталып қалуына ықпал етті. Әскери қажеттілік, жартылай көшпенді жер өндеу қоғамдық-шаруашылық ұйымның ұжымдық нысанын сақтап қалуға әсерін тигізді. Бұндағы мүліктік теңсіздік және әлеуметтік жіктелу протофеодалдық қоғамның қалыптасуына әкелді. Екінші жағынан, франктердің Рим империясының. қомақты аумағын варварлык жаулап алуы рулық қоғамның оларға үстемдік ете алмайтындығын көрсетті. Мемлекет қалыптастырудың объективті алғы шарттары қалыптасты. Соңғы қарастырылған мемлекет қалыптастырудың үш нысаны туралы Ф. Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» атты еңбегінен толығырақ мағлұмат алуға болады.

Ф. Энгельс «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде мемлекеттің шығуының үш түріне тоқ-алып, талдау жасайды. Олар Афина, Рим және Германдықтардың мемлекеттері.

Ертедегі Афинада мемлекет классикалық түрде таптық шиеленістің өршуінен пайда болды. Ф. Энгельс былай деп атап көрсетті: «Афина нағыз таза, неғұрлым классикалық форма болып табылады: мұнда мемлекет көбіне рулық қоғамның өз ішінде өріс алған таптық қарама-қарсылықтардан тікелей пайда болады». Ертедегі Римде мемлекеттің пайда болуы Рим руларының сыртында қалған плебейлердің Рим бай-шонжарларына патрициларға қарсы күресі мемлекеттің пайда болуын жеделдетті. Мемлекеттің пайда болуының үшінші түрі ретінде Ф. Энгельс ертедегі Германдықтарды мысалға келтіреді. » . . . Рим империясын жеңген герман жеңімпаздарында мемлекет бөтен елдердің кең-байтақ жерлерін жаулап алудың тікелей нәтижесі ретінде пайда болды, рулық құрылыс бұл жерлерді билеп-төстеу үшін ешқандай кұрал бермейді».

Мемлекет дегеніміз арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, басқаруды іс жүзіне асыратын, арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі.

Адамзат өркениетінің тарихында мемлекеттің жүздеген, мыңдаған ұғымы бар. Солардың біразына көз жүгіртіп көрелік. Аристотельдің түсінігі бойынша мемлекет - бірге өмір сүру үшін жасалынған қоғамдық одақ.

Еңбек құралдарының нашар дамуы, еңбек өнімділігінің төменгі дәрежесі бірлесіп өмір сүру, өндіріс құралдарына ортақ меншік, жиналаған өнімді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындатты. Бұл билік табиғаты мен алғашқы қауымдық қоғам нормаларына мәнді әсер етеді. Сонымен, мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуымызға болады:

а) әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып, оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;

ә) ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі басқару бастамасында құрылады;

б) алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу кезінде билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар танылады.

Ф. Энгельс «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде мемлекеттің шығуының үш түріне тоқ-алып, талдау жасайды. Олар Афина, Рим және Германдықтардың мемлекеттер.

Мемлекет мәні - жеткілікті деңгейдегі тұрақты категория, бірақ әр түрлі процестер, факторлар әсерінен ол өзгеруі мүмкін. Бірақ уақыт ол өзгерістер анықталмауы ықтимал, сапалы белгілер мен ерекшеліктердің жиналуы арқылы ғана бір деңгейдегі мәннен өзге сападағы және мазмұнды толықтырылған мәнге өту мүмкіншілігі қарастырылған.

Алғашқыда пайда болған мемлекет өз мәні жөнінен бүкіл қоғамның мүддесін білдірді. Тек жекелеген әлеуметтік топтар мен бөліктер қоғамның мемлекеттік ұйымдасуының маңыздылығын түсініп, оны өз мақсаттарында пайдалануға тырысқаннан кейін ғана мемлекеттің мәнінің өзгеруі жүзеге асты. Мемлекет билікте тұрған әлеуметтік күштердің мүдделерін білдіре бастады.

Қазіргі кезде мемлекет мәнін талдайтын екі негізгі көзқарас қалыптасты.

Бірінші көзқарас (таптық) мемлекет мәнін экономикалық үстем таптың мүдделерін көрсету және осы тап еркін бүкіл қоғамға таңу арқылы анықтау жолымен жүзеге асады. Бұл көзқарас билік басында тұрушылардың таптық ұйымы ретінде қарастырылатын және қоғамның өзге таптарына қатысты ұйымдасқан озбырлық көрсететін мемлекеттің марксистік түсінігіне тән. Демек, мемлекет күштеу, мәжбүрлеу, басып-жаншу аппараты ретінде тұжырымдалады, ал оның мәнін экономикалық үстем таптың диктатурасы құрайды.

Марксистік оқудың негізін салушылар мемлекет саяси биліктің таптық ұйымы ретінде кез келген қоғамға тән және қоғам мүшелерінің барлығының немесе көпшілігінің мүдделерін көрсететін бір мезгілде бірқатар «Жалпы істерді» атқаратынын мойындайды. Мұндай деңгейдегі жалпы істерге ел қорғанысы, қоғамдық тәртіпті сақтау, ал қазіргі таңда тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігі, жоқ-жітік топтарды әлеуметтік көтермелеу және т. б. жатады. Алайда Марксистік теорияның аталмыш тезисі мемлекет мәнін түсінуге маңызды нақтылау әкелсе де, өз дамуын таппады.

Мемлекет мәніне деген Марксистік көзқарасты айта отырып, мемлекет си паттамасы күштеу, басып-жаншу, мәжбүрлеу құралы ретінде тек қанаушы мемлекеттерге қатысты ғана қолданылғандығын есте ұстау керек. Ал социалистік мемлекет «Жартылай мемлекет» ретінде қарастырылды. Социалистік мемлекет тұрғындардың көпшілігінің мүдделерін бейнелейтін құрал іспеттес сипатталды. Шындық алайда басқаша болды. Барлық бұрыңғы социалистік елдердегі мемлекет басқарушы партиялық топтың мүдделерін бейнеледі және іске асырды және бір мезгілде бекітілген режиммен келіспейтін тұлғаларды басып-жаншу машинасы ретінде әрекет етті.

Екінші көзқарас мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәнінен, оның қоғамға қызмет ету мақсатынан шығады. Сәйкесінше мемлекет мәні оның күллі қоғамды біріктіру, туындаған даулар мен қарама-қайшылықтарды шешу, әлеуметтік келісім мен ымыраластыққа қол жеткізуші құрал ретінде әрекет ету мүмкіндігінен көрінеді.

Мемлекет мәні және оның әлеуметтік мақсаты қоғам дамуының сәйкес сатысында мемлекет қызметінің бағыттарын анықтауда, оның мақсаттары мен міндеттерін бекітуде шешуші факторлар болып табылады. Бірақ та, мемлекетте бірқатар жаңа функциялардың пайда болуы әрдайым оның жаңа сипаттамасымен анықталмайды. Мемлекет мәнінің өзгеруі міндетті түрде оның қызметінің мазмұнында көрініс алады, себебі функциялар мәндік өзгерістерге аса сезімтал болып келеді. Бұл қазіргі ресей мемлекеті функцияларында сипатты көрініс береді, олардың көпшілігі оның дамуының алдыңғы кезеңдерімен салыстырғанда, біршама модификацияға ұшырады.

Мемлекет функцияларының қалыптасуы оның қалыптасу, нығаю және даму процесінде жүзеге асады. Функциялардың пайда болу реті қоғам алдында оның тарихи дамуы кезінде тұратын міндеттер қатарына және қойылған мақсаттарға байланысты. Бұл міндеттер мен мақсаттар шынайы жағдайларға, оның ішінде тұрғындардың қажеттіліктері мен мүдделеріне, қоғамның экономикалық мүдделеріне, оның рухани және мәдени деңгейіне, мемлекеттік аппарат кәсібилігіне және т. б. тәуелді.

Әр түрлі уақытта қандай да бір мемлекет міндеттері мақсаттары және сәйкесінше оның түрлі функциялары басым маңызға ие болады. Кей сатыларда ауырлық орталығы экономика аймағына ауысады, сондықтан мемлекет қызметінде экономикалық функция шешуші мәнді иеленеді, ал басқаларында - саяси аймаққа ауысады, мұнда мемлекеттік биліктің саяси функцияларын жүзеге асыруға көп көңіл бөлінеді.

Мемлекеттің әрбір функциясы белгілі бір мазмұнға ие, өйткені ол қоғамдық өмірдің нақты саласындағы қызметті айқындайды. Функциялар мазмұны мемлекет не істейтінін, оның органдары немен айналысатынын және олар қандай сұрақтар шешетінін көрсетеді. Функциялар мазмұны өзгеріссіз қалмайды, ол әр түрлі факторлар әсерінен өзгереді. Мәселен, революциялық көтерілістер, басқа радикалдық әлеуметтік өзгерістер кезеңіндегі мемлекет функциялары үлкен ерекшеліктерімен көрінеді. Мемлекет функцияларының оның мәнімен және әлеуметтік мақсатымен байланысы оның кез келген мемлекет функциялары мазмұнында таптық та, жалпы әлеуметтік те бастаулар бар екенін көрсетеді. Әлеуметтік құрылыс айқын көрінетін саяси әртүрлілікке ие, билеушілер мен басқарылатындар арасындағы антагонизм, таптар мен әлеуметтік топтар бір-біріне қарама-қарсы тұратын, мемлекет басқарушы тап немесе қоғам тобыныңсаяс ұйымы ретінде әрекет ететін қоғамда ол, ең алдымен, осы таптар мен топтардың мүдделеріне қызмет етеді және өзінің таптық қарсыластарына қатысты ұйымдасқан зорлық-зомбылықты жүзеге асырады.

Алайда мемлекет фукцияларын тек қана таптық тұрғыдан талдау мемлекетпен «жалпы істерді» орындауы туралы теріс тұжырымға алып келеді. Мысалы, таптар мен бір-біріне қарсы тұратын топтарға бөлінген қоғамдағы мемлекетте таптан жоғары тұратын жалпы әлеуметтік функциялар жоқ деп есептелді. Бірақ та, бұл қоғам билеушілер мен басқарушылар тек қатар өмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ әріптесетін мемлекеттік қоғам, біртұтас әлеуметтік ұжым болып табылады. Сондықтан мемлекет қоғамды басқару механизмі бола отырып, тұрғындардың барлық топтары мен таптары, күллі қоғам мүдделі жалпы әлеуметтік қызметті жүзеге асырды. Мұндай қызмет аумақтарына, мысалы ұлттық қауіпсіздік табиғи аппаттарымен және экологиялық катастрофалармен күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстылықпен күрес, ұлтаралық дауларды шешу үшін мемлекеттік құқықтық құрамдарды пайдалану және т. б. жатады.

Мемлекеттің жалпы әлеуметтік қызметі қоғам ішіндегі қатынастар мен байланыстар тұрақтылығының белгілі бір деңгейін, оның тұтастығын және ортақ мүдделер негізінде оның бірігуін қамтамасыз етеді. Мемлекет функцияларындағы жалпы әлеуметтік бастаулардың үлестік салмағы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым оның қарама-қайшылықтарды жеңу, қоғамдық ымыраластыққа қол жеткізу, қоғамдық байланыстарды тұрақтандыру құралы ретіндегі роль де өсе түспек.

Кез келген қоғам түрлі және көбінесе қарама-қайшы қажеттіліктері мен мүдделері бар тұрғындардың әр түрлі топтары мен бөліктерінен тұрады. Олардың арасындағы қарама-қайшылықтар дауға өсіп кетуі мүмкін, ал бұл әрине, қоғамның қалыпты дамуына әрекет жасамайды.

Мемлекетке оның қолындағы барлық құралдармен, ең алдымен, әлеуметтік ымыраластыққа негізделе отырып, дауларды жою міндеті жүктеледі. Мұндай ымыраластық барлығын қанағаттандыра алмайды және барлық мүдделерді ескере алмайды, бірақ ол бұлардың қарама-қарсы тұруын жоя алады және күштеу мен басып жаншудың орнына қоғамды басқарудың демократиялық құралдарды ұсынады.

Мемлекет мәніне деген мұндай көзқарас таптық көзқараспен салыстырғанда, күмәнсіз артықшылықтарға ие.

Біріншіден ол мемлекеттің жалпы адамзаттық, жалпы әлеуметтік табиғатына, оны жеке адам және тұтастай қоғам мүдделеріне әрекет ететін қоғамды басқаратын билік жүйесі ретінде қарастыруға негізделеді.

Екіншіден, ол қоғамды басқарудың демократиялық құралдарына нег ізделеді, өйткені әлеуметтік ымыраластыққа мәжбүрлеу мен күштеу арқылы қол жеткізу мүмкін емес.

Үшіншіден, қоғам үшін мемлекеттік ұйым құндылығын бекітеді. Себебі әлі күнге шейін адамзат адамдар өмір қызметін сондай жетілген және рационалды ұйымдастыруды ойлап тапқан жоқ. Мемлекетке антипод ретінде азаматтық қоғамның өзін-өзі басқаруын айтуға болады. Бірақ толықтай өзін-өзі басқаруға көшу тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыруының өте жоғары деңгейін, маманданған басқарудың мықты дағдыларын, жоғары құқықтық саяси және жалпы мәдениетті, дүние жүзіне әлде бірде-бір қоғам иеленбейтін көптеген өзге де шарттар мен факторларды талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқық теориясы
Сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері
Валюталық бағам түсінігі
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Мемлекет нысанының түсінігі
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Мемлекет түсінігі мен нысаны
Мемлекет пен құқық теория негізі
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz