МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І - тарау. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Мемлекет нысандарының түсінігі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекет нысанының элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ - тарау . МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Мемлекеттің басқару нысаны, белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Мемлекеттік құрылым нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Саяси режим: түсінігі, белгілері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, үйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Осы курстық жүмыстың мемлекет нысандарың тақырыбы бойынша орындаудағы мақсатым: мемлекет нысандарының мазмұнын талқылай келе, олрдың арақатынасын, жалпы әлемдік тарихтағы орнын қарастыру блып табылады. Сондықтан да, мемлекет нысандарының жалпы сипаттамсына, түсінігі мен мазмұнына тоқталуды жөн санадым. Сондай-ақ мемлекет нысандарының арақатынасы туралы сөз қозғай келе, мемлекет нысандары жөнІнде жалпы мағлұмат беруді орынды деген үйғарымға келдім.
Мемлекет дегеніміз бүл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси үйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген.
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар.
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамсыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту, қоғамның жүмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жүмыс жасай аламады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болуы (әскер, полиция, сот, т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сай қоғамды қарым-қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес жеріне сай бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттіқ қалыптасуы процесіне әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б. бүлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси үйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне иелігі. Мемлекеттік өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
Мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым, басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады.

І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Мемлекет нысандарының түсінігі және мазмұны

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Еліміздің 1995-жылғы 30-тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциясының 2-бабының 1-тармағында көрсетілген. Ал 1993-жылғы Қазқстанның тұңғыш Конституциясында еліміздің басқару нысанының дәл президенттік екендігі анықталмаған болатын.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мүхитқа шықса, бүл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерінде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте - Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда - Ганг. Шығыс мемлекеттерде - монархия, Еуропада - шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдардың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Ежелгі - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді. Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгеріске ұшырады. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдау міндетті болған. бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның ықпалы көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде және бейбіт уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары - федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір үлттық мемлекеттер, бірақ біреулері бҚртұтас унитарлық мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия - федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияңың жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде түрады: ФРГ, Швейцария, Австрия - олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі атасы - қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің алдында тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты. Қазақстанның көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда орын алды. Сондықтан Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы елімізді біртұтас, бөлінбейтін мемлекет ретінде жариялады.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс екені даусыз. Мысалы, өлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге үлгі бола білді.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты ықпалын тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр бірінші, Ататүрік және басқаларын атап өтуге болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін тигізеді. Мүсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.
Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді - басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде, мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп нұсқалары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреу бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей Федерациясының негізгі қағидаларын сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін жүзеге асырылған саясат. Бүл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орында екендігін аңғартады. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай қағидалармен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сүрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді.
Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бүл билік мүрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі немесе табыс етілуі. Сондықтан оның билігі - мұралық билік болып табылады. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға ғана беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді. (Дания, Англия). Монархия озбырлық жолмен де көшуі мүмкін. Наполеон, Каролингтердің түқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Англиядағы соңғы мемлекеттік төңкеріс патшаның қолынан билікті алғаны белгілі.
Монархияның көшуінің үшінші түрі келесідегідей: монарх бірнеше ақсүйектердің түқымдарынан сайланады (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару нысаны да орын алған (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мүрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны жүзеге асыру, мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мүқтажына керек ақшаны беріп отыратын. Корольдердің сарайлары киімдері, әскерлері мемлекеттің оларды қамтамасыз ету үлесінде болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі - Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан Король англияға керек пе? деп сұрастырғанда, 66 пайызы монархия да, король де сақталсынң деп жауап берді.
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия - Шығыс деспотиясы (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бүл билік осы айтқан мемлекеттердің георграфиялы және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаоржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған. тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бүл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик XIV, Петр Бірінші, Екатерина Екінші, Елизавета Бірінші, Фридрих II, Әдемі Сүлеймен монархиялары жатады. Людовик XIV мемлекетті 55 жыл басқарды. Оның "мемлекет деген - мен" -сөзі бүкіл Еуропаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, ғаржыны өзі жүмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бүл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын - критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала түрғындар, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп, заң шығару үсынысты қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бүл басқару форма "сегунат" деп аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялыққ революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол Yenлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін құқығы туралы Билль деген конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бүл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх - мемлекеттің көркі, түрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрырптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атынан мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.

1.2 Мемлекет нысанының элементтері

Мемлекет формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекеттiң және бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым - ұлттық мемлекеттiк қатынастарды, әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге бөлiнедi.
Тұтас мемлекеттер. "Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет" делiнген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында ("унус" деген сөз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен аударылады) [1, 15б.]. Тұтас мемлекеттер тек қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бөлiнедi. Мысалы, Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бөлiнедi. Ал жергiлiктi өкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстердiң құқықтары тең. Жергiлiктi атқару орган -- әкiм.
Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік үйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
"Мемлекеттің негізі" санаты мемлекеттегі басты, заңдылық неге байланысты екенін белгілесе, "мемлекет нысаны" санаты - қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әртұрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жұргізілетіндігін көрсетеді.
Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмірдің өзі, мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.
Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындарымен қарым-қатынасын сипаттайды.
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.
Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) - басқару нысаны, өкімет тұгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады -монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с.).
Монархияныц белгілеріне:
-жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мүра ретінде беріледі;
-басқаруының уақілты шексіз болады;
-сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз тұрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жұруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы - Саудов Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жұруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жұргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).
Монархия бірнеше жұз, жылдарға созылған уақытта, дұние жұзіндег ұстемдік құрған басқару нысаны болады. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен - мемлекеттік, қоғамдық іс) - басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республика белгілеріне:
- өкіметтің сайлануы;
- белгілі уақытқа ғана сайлау;
- сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (США, бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол рольді президенттің өзі ғана орындайды, Парламенттік республикаларда (германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) - парламент, аралас (Франция, Финляндия, Полыпа, Болгария, Австрия т.б.) - Президент пен парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен және бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жүмысын өзі басқарады. Бүл мемлекетте парламент үкіметке
сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал президент - парламентті таратпайды.
Парламенттік республикада - ұкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен ұкіметтің қызметіне, ұкіметтің басшысына (министірлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы Президент, не парламентпен не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына ұкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады - президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептеледі.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мұмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
Мемлекет кейпі - біртұтас қоғамдық-экономикалық формацияның мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.
Бір жағынан, әртұрлі кейіптегі мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен (ертедегі шығыс деспотиясы -Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса, республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді. Феодалдық кейіпке - монархиялар (ерте феодалдық, феодалдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттік монархия), буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық монархиялар, социалистік кейіпке - парижз Коммунасы, кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.
Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне тән болды. Мысалы, сословиялық - өкілетті монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі даму кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.
Сонымен, көрсетілген кейіптегі мемлекеттер кез келген нысандарға ауыса алмайды. Себебі, олардың мазмұнына ашық қайшы келеді және экономикалық негізіне сай емес. Мысалы, құл иеленуші мемлекетті шектелген монархия нысанында, не демократиялық республиканы жалпы ұлттық өкілеттілігі бар мекемелермен бірдей ойлауға болмайды.
Нақты мемлекеттің нысаны оның тарихи кейпімен алдын-ала белгіленеді. Бірақ, ол басқа факторларға: қоғамның экономикалық дамуының деңгейіне; (ұлттық және мәдени дәстұрлер, халықаралық жағдайларға т.с.с. байланысты).
Сондықтан, мазмұн мен нысан ретіндегі ара-қатынасында белгілеуші рольді, тек мазмұны (мемлекеттің кейпі) көрсетеді.

ІІ - тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Мемлекеттің басқару нысаны, белгілері
Басқару нысаны мынадай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
- мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
- жоғарғы және басқа мемлекеттік органдарының арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
- жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
жоғарғы мемлекеттік органдардың үйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Осы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында абылданған Қазақстан Республикасы Конституциясына байланысты "Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртүтас мемлекет".
Президенттік басқару нысандары әр елде әртүрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынадай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің парламенттің алдында емес, президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттік қолына мемлекеттіқ басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті - мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті - мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
1998 жылы "Қазақстан Республикасының Конституциясының өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын ролін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, сотты құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. Мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады. Парламенттің сайлану мерзімі 4 жыл болып белгіленді, Сенат депуттарының өкілеттік мерзімі - 5 жыл болып белгіленді, мәжіліс депутаттарының саны 77-ге дейін көбейтіліп, 10 депутат партиялық тізімдерге байланысты сайланатын болды.
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізуге заңды түрде мүмкіндік көзделді. Дауьіс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебіне кіретін болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса ғана, сайлау өтті деп есептелген кедергі жойылады. Соған сай, аралас сайлау жүйесі енгізіліп Мәжіліс депутаттарының көбісі мажоритарлық (көпшілік дауыс алуына байланысты) жүйе негізінде, ал басқа бөліктері - пропорционалды (тепе-теңдік) жүйе бойынша, партиялық тізімдер арқылы сайланатын болды. Депутаттың мерзімі аяқталғанда, оның бұрынғы істеген қызметін беруге не сондай қызметтің берілмейтіндігі туралы норма алынып тасталды. Себеі, ондай норма Парламент депутаттарының мәртебесін төмендетіп, әлеуметтік қорғалуын күшейтуге кедергі болатын. Заңда Президент сайлауының рәсімдері, еліміздің қазіргі дамуына сай демократияландырылып, сайлаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатынасса ғана, сайлаудың өткізілгені деп белгіленген кедергілер алынып тасталды. Себебі, дауыс беру, не бермеу әрбір жеке адамның еркі субъективтік құқығы болып табылады, яғни мұнда сайлауға келгендердің пайызы емес, сайланатын адамға деген сенімдеріне шек қойылмай дауыс берілуі.
Президент өкілеттілігінің бес жыл мерзімі жеті жыл мерзімге ауыстырылды. Президентке кандидаттар үшін жас мөлшерін белгілеу нормасы да алынып тасталды.
Заңда қазақстандағы сот жүйесіне арналған нормаларға да өзгерістер, толықтырылулар енгізілді.
Қазақстан республикасының Конституциясы мынадай Конституциялық заңдармен белгіленді:
1."Қазақстан Республикасының Президенті туралы".
2."Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы".
3."Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы".
4."Республикалық референдум туралы".
5."Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы".
2. Мемлекет нысанының құрамы.
Монархияда мемлекеттік билік тек ғана бір адамның қолында болады, билік тұқым жалғастыру арқылы беріледі. Монархия екі түрге бөлінеді: Абсолюттік (шексіз), және конституциялық.
Абсолюттік монархияда мемлекеттің басшысы монарх болып саналады, оның қолында заң шығару, атқарушы және сот биліктері шоғырланады. Мемлекет аумағында оның билігі шексіз, ешқандай мемлекеттік тетіктермен шектелмеді, барлық министрлерді, сот, прокуратура органдарының басшыларын өзінің еркімен тағайындайды және босатуға құқылы. Монарх өзінің әрекеттері үшін ешқандай органдардың алдында жауап бермейді. Абсолюттік монархия құл иеленуші мемлекеттерде қалыптасып, феодалдық мемлекеттерде де кеңінен пайдаланылады, казіргі заманда да бар. Мысалы, (Бахрейн, Бруней, Ватикан, Катар, Біріккен Араб Эмираты, Сауд Аравиясы, Оман). Тарихта Ресей 1917 жылға дейін абсолюттік монархия болған.
Конституциялык, (шектелген) монархияда мемлекеттік билік жүргізетін монархтың билігі мемлекеттік органмен, негізінде парламентпен шектеледі. Мысалы, Непал, Марокко, Ұлыбритания, Нидерланды, Жапония, Бельгия т.б. Осы мемлекеттердің конституциялары бойынша император, король мемлекет басшысы болғанмен, олардың биліктері заң шығару саласында билік жүргізу кұқықтары шектелген. Бельгияда король мемлекет басшысы, министрлерді өзі тағайындайды, ал заң шығару қос палаталы парламент кұзырында. Шектелген монархияда атқарушы билік премьерминистрдің қолында. Шектелген монархия дуалистік және парламенттік болады.
Дуалистік (дуализм - лат. сһдаііз - екі жақты) монархияда (Кувейт, Непал) монархтың билігі заң шығаратын органмен шектелген, бірақ, заңға вето қою құқы сақталады, ал басқа атқарушы билікті іс жүзінде асыруда еркіндік білдіреді, министрлерді өзі тағайындайды, үкімет монарх алдында есеп береді. Билік - монарх, парламент және үкімет болып бөлінеді. Дуалистік монархия негізінде абсолютгік монархиядан парламенттік монархияға етудің негізгі сатысы.
Парламенттік монархияда корольдің, императордың мемлекеттік билігі заң шығару және атқарушы билік жүргізу салаларында шектеледі. Монарх үкімет басшысы және министрлерді тағайындайды, бірақ олар парламенттің алдында жауап береді. Монархтың шығарған жарлықтары парламент бекіткеннен кейін ғана іске асады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік білдірсе үкімет қызметін доғарады, немесе монарх арқылы парламентті таратып, қайтадан сайланады. Негізінде біріншісі үстемдік жасайды. Мысалы, Испанияда үкімет өзінің атқарған қызметі туралы Кортес алдында жауапты. Қазақ хандығында парламентік манархия қалыптасқанын атап кеткен жөн.
Сол заманның Билер кеңесі өзінін, мемлекеттік мәртебесі бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болған, кешпелі қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігіне сай қалыптасқан ұлы даланың сол кездегі парламент және ең жоғарғы сот органы ханның ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша шешім қобылдауы Билер кеңесінің құптауын талап еткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның қолында шоғырланған. Билер кеңесі шығарған заңдар мен шешімдерді хан іс жүзіне асырып отырған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен қабылдағанмен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша Билер кеңесінің ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселелер бойынша тез арада шешуді талап ететін жағдайда хан өз тарапынан батыл қимыл әрекеттер жасауға құқылы.
Республикада жоғарғы мемлекеттік биліктің қалыптасуы сайлау арқылы бір мерзімге дейін құрылады. Монархиямен салыстырғанда республика жоғарғы сатыда прогрессивтік басқарудың формасы болып табылады. Республиканың мынандай сипаттары бар:
Мемлекет басшысы сайлау арқылы өкілеттілікке ие болды.
Мемлекет басшысы өзінің функцияларын арнайы белгіленген мерзімде атқарады.
1. Мемлекет басшысымен қатар жоғарғы өкілеттілік орган өзінің функцияларын атқарады.
Республиканың үш түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас, және Кеңестер республикасы.
Президенттік республикада АҚШ, Қазақстан, Ресей президент мемлекет басшысы, үкімет президенттің алдында жауап береді, ол мемлекеттің жоғарғы лауазымдарын тағайындайды және олар президенттің өкілі болып саналады (мысалы, Қазақстанда әкімдер). Мемлекет басшысы қарулы күштердің бас қолбасшысы, парламент шығарған зандарды бекітеді. Теориялык мағанада президент парламентті тарқатуға құқы жоқ. Бірақ, практикада кептеген елдерде бар (Қазақстан).
Парламенттік республикада заң шығарушы орган - парламент ең жоғары орган болып табылады. Парламент президентті және үкіметті сайлау құқына ие. Олар билікті іске асыруда парламенттің алдында жауапты. Егер парламент үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, қызметін доғарулары тиіс. Мұндай жағдайда президент парламентті таратуға құқы бар. Парламенттік басқару жүйесі Италияда, Германияда, Индияда, Турцияда, Финляндияда қалыптасқан.
Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде қалыптасқан саяси-құқықтық ой-пікір негізінде парламенттік республиканы жақтағаны ашық байқалады. Мысалы, XX ғасырдың басында ірі қайраткер және реформатор Барлыбек Сыртанов 1911 жылы Қазақ елінің уставы деген еңбегінде (қазақ халқының тұңғыш конституциясының жобасы) парламенттік республика құру идеясын жақтайды.
Аралас басқару формасында президенттік және парламенттік басқару жүйесінің мемлекетке қажетті деген талаптар мен институттар енгізіледі. Мысалы, Франция .
Кеңестер республикасы 1917 жылы Кеңес өкіметі орнағаннан кейін пайда болған мемлекеттік форма. Мәні жағынан саяси билікті алған болып большевиктердің диктатурасын бекітті. Кеңестер республикасында билікті болу мүлдем жойылады, бір партияның билігі, идеологиясы үстемдік етеді. Кеңестер - өкілетті орган ретінде формальды түрде сайлау арқылы болғанымен коммунистік партияға тәуелді. Мемлекетте тоталитарлық режим үстемдік етеді, демократиялық институттар тұншықтырылады. Кеңестер республикасында парламентің функциялары коммунистік партиясының диктатурасымен жоққа шығарылады, кәсіби деңгейі аяққа тапталады. В.И.Ленин осы талаптарды ашық түрде мойындап былай деп жазды: Парламенттік республика емес, - жұмысшы депутаттары Советтерінен оған қайта оралу бір адым кері шегінгендік болар
еді, - бүкіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Құқық норманың негізгі сипаты
Қаржы саясаты
Құқықтық әдет ерекшеліктері
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі. Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері
Салық түрлері
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Пәндер