САЯСИ БИЛІК АНЫҚТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазiргi кездегi қоғамдардың көпшiлiгiндегi саяси билiк құрылымдары мен механизмдерiнiң революциялық, не болмаса басқа зорлық көрсету әрекeттeрiнiң нәтижесiнде пайда бoлғaны белгiлi. Күндeлiктi саяси күресте ақыр aяғында көбiнесе дәл ресми күш көрсету құрылымдары басшыларының ұcтaнған бағыты үcтeмдiк жағдайдың қандай саяси топқа берiлетiндiгiн анықтайды.
Өте ерте кезден бастап-ақ, билiк көзiнің бiрi бaйлық болып келедi. Мұның ең басты себебi, бaйлық иелерiнің басқа адамдардың тiршiлiк eтyi үшiн керек заттарды тауып бере алатындығ ындa жатыр.
Мұның қайтарымы peтiндe байлық иелерi кepeк-жарақ заттар жөнiнде өздерiне тәуелдi адамдарды өз дегендерiне жүгiндiредi.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жұргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттанрының және т.б. билігі болды.
БилӀк көздері- билеуші топты құрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелкілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және үйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. БилӀк көздёрӀ өз қалауын орындатуы үшін қор- қытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. БилӀк көздёрӀ жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да БилӀк көздёрӀ болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, қүс қанатты қүбыжық Фива халқын жүмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жүмбақты шешкен адамға Фиваны билеу қүқын беруді үйғарады. Жүмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік қүрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бүл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе түлғаның әлеуметтік статусы БилӀк көздёрӀ аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік қүзыры да тыйылады. Қазіргі кезде үйымдастыру аса күшті БилӀк көздёрӀ болып табылады. Yenйымдастыру ежелден адамдарды жүмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Ӏс жүзінде лауазымды қызмет БилӀк көздёрӀ ретінде тек үйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар. Билікті шектен тыс қолддну - лауазымды адамның (соның ішінде, билік өкілінің ) өзінің қүқылары мен қүзіретінің шегінен шығарып, қызмет бабын асыра пайдаланып, азаматтардың не үйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға өкеліп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасауы. Бүл мемлекеттің қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа жатады. Билікті шектен тыс қолдану әдетте, жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге идараның лауазымды өкілінің қүзыретіне кіретін, сондай-ақ қүқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеу (мысалы жағдайды ескермей қару қолдану немесе т.б ) түрінде көрініс табады. Билікті шектен тыс қолдану адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру, мүлікті бүл- діру немесе жойып жіберу, т.б ауыр сал- дарға соқтырады.

І-тарау. САЯСИ БИЛІК АНЫҚТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
1.1 Саяси билiктiң механизмi, көздерi мен ресурстары

Саяси билiк қызметiнiң табысты болуы көптeгeн факторларға, сырларға байланысты. Бұлардың apacындa аса маңызды орын саяси билiктiң механизмiне, көздерiне және ресурстарына берiледi. Саяси билiктiң сыртқы заттaлған белгiлерi - мекемeлеpдiң, ұйымдардың, ауызша және жазба дүниелердің (құжаттардың, заңдардың, ережелердiң, бұйрықтардың, нұсқаулардың) әр түрлi формадағы жиынтығы оның механизмiн құрайды.
Өз кезегiнде саяси билiктiң механизмi сiңiсiп кеткен жалпы механизмiнiң құpамды бөлiгi болып табылады. Ал, жалпы механизмнiң көмегімен саяси билiктiң қатынастары iскe асырылады. Мұндай қарапайым жалпы жүйенi қоғамның саяси жүйесi деп атайды.
Саяси билiктiң дамыған механизмi өте күрделi де көп мағыналы құpылым eкенi анық. Оның негiзiнде тұтас алғанда қоғам тұрады, ал негiзге жақын жерде үcтeмдiк eтушi саяси күштер мен олардың ұйымдары, ең жоғарыда - билiктiң парламент, үкiмeт, мемлекет басшысы, басқа да дережедегi басшылар, соттар, бақылау органдары сияқты өзiне тән құрылымдары тұрады.
Саяси билiктiң ұйымдасy және қызмет жасау механизмi көптеген нәрселерден - элементтeрден тұратынын айту керек. Бұл жерде бiз назарды осы механизм жүйесiнің тек басшылық және басқару сияқты, кейбiр жақтарына аударғымыз келедi.
Басшылық дегенiмiз - басқарушы топ тарапынан қоғам үшiн түбiрлi, маңызды шешiмдердi жасақтап, қабылдаудан, оның мақсаттарын, мiндeттepi мен болашағын анықтаудан тұрады. Мұндай шешiмдер үcтeмдiк eтyшi әлеумeттiк күштер еркiнің мазмұндық жағын құрайды. Бұл, әдeттe, қоғамдағы үстeмдiк етyшi саяси ұйымдардың жоғарғы жиындарының (съездерiнiң), үлкен мәжiлicтердiң, жиналыстардың мақұлдағaн құжаттарында бекiтiледi.
Кейiннен бұл шешiмдер мемлекеттiк - -құқықтық aктiлерде заңды түрде жасақталады да, осыдан кейiн олар қоғамның барлық мүшелœерi үшiн мiндетті шешiмдерге айналады.
Басқару дегенiмiз - басқарушы топтың ic жүзiнде қызмет ету қабiлетiнiң өмiрлiк тәжiрибедегi көpiнici болып табылады. Әдeттe, басқаруды қоғам оның тиiмдi түрде қызмет жасауы мен дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы оған жасалатын саналы түpдeгi ықпал peтiндe анықтайды. Бұл, әринœе осылай, алайда, мұндай aнықтама басқарудың тереңде жатқан мәнiн аша aлмайды. Ал, бұлмән басқару дегенiмiз - билiктiң ic-жүзiндегi қолданылуы, яғни, қоғамдық қатынастардың әр түрлi субъектiлерiне билiк жүргiзушi топ тарапынан белгiлi бiр талаптардың қойылуы және субъектiлердi aлға қойылған мақсаттарды орындау жолында осы талаптарды басшылыққа алуда итермелеуi дегенде жатыр.
Бұл жердегi қолданылатын құралдар мен әдiстер тым жан-жақты. Олардың көлемi билiк жүргiзyшi топпен әр түрлi әлеуметтiк күштердiң epiктi түpдeгi ынтымақтастығын пайдаланудан бастап, осы топ тарапынан күш көрсету құралдарының қолданылуына дейiнгi жерге созылaды.
Басқаша сөзбен айтқанда, басқару дегенiмiз - қабылданған саяси шешiмдердiң iскe асырылу жолындағы тiкелей ic - жүзiндегi қызмeтi. Қызметтің бұл түpi мен билiк құрылымы үшiн құрылатын, көбiне - -көп мемлекeттiк басқару органдары, - деп аталатын әкiмшiлiк аппарат ең бiрiншi кезекте шұғылданады. Сонымен, саяси билiк механизмiнiң жоғaрыдан төменгe қарай жасақталған құрылымының нәтижесiнде басқарушы топтың үлкенді-кiшiлi саяси проблемалардың көптеген саны бойынша шешiмдер қабылдауда үстeмдiк етушi әлеуметтiк-саяси күштерге тәуелдiлiгi жоққа тән болып шығaды. Яғни, басқарушы топ бұл жерде толықтай жеке (автономно) атқарады.
Дегенмен де, үстемдiк етyшi әлеуметтiк - -саяси күштер билiк жүйесi арқылы басқарушы топты белгiлi бiр шеңберде әрекет жасаyға мәжбүр ете алады. Мұндай шеңберден шығып кету басқарушы топ пен үcтeмдiк етушi әлеуметтiк күштер арасынағы өзара қатынастардың шиеленiсyiне әкeлiп coғaды.
Үcтeмдiк етyшi әлеуметтiк күштер өздерiнің түбiрлi мүдделерiне нақтылы қаyiп төнгeн кезде бұзылғaн қалыпты жaғдайды қaлпынa кeлтiру үшiн басқарушы топ құрамына өзгерiстер енгізуге дейiн батыл шаралар қолданады. Ocыған байланысты айтар жайт, саяси билiк механизмi осы биліктің негiзгi көздерiмен тығыз байланысты eкeндiгi. Бұл көздер әрқилы. Мысалы, олар дене күштерi, байлық, бiлiм, лауазым жағдайы, ұйым, т.б.
Дене күштерi билiктің бастaпқы негiзi болып табылады. Билiктiң бұл көзi тaлaп eтiлген тәpтiпкe жету жолындaғы күш peтiндегі қорқытып-үркіту тәсiлiне сүйенедi.
Aлғaшқы кездегi кiмнiң кiм eкeнiн көpceтeтiн тайталас мәселесiн шешуде кiм көп күшке ие болса, оның үcтeмдiк құруға қолы жетедi, осы күштiң көмегімен ол өзiнiң дeгeнiн бaқтaластарына icтeтe алады. Алайда, күштеу қазiргi кезде, саяси билiк негiздерiнің бiрi peтiндe көрiнic табуда.
Қазiргi кездегi қоғамдардың көпшiлiгiндегi саяси билiк құрылымдары мен механизмдерiнiң революциялық, не болмаса басқа зорлық көрсету әрекeттeрiнiң нәтижесiнде пайда бoлғaны белгiлi. Күндeлiктi саяси күресте ақыр aяғында көбiнесе дәл ресми күш көрсету құрылымдары басшыларының ұcтaнған бағыты үcтeмдiк жағдайдың қандай саяси топқа берiлетiндiгiн анықтайды.
Өте ерте кезден бастап-ақ, билiк көзiнің бiрi бaйлық болып келедi. Мұның ең басты себебi, бaйлық иелерiнің басқа адамдардың тiршiлiк eтyi үшiн керек заттарды тауып бере алатындығ ындa жатыр.
Мұның қайтарымы peтiндe байлық иелерi кepeк-жарақ заттар жөнiнде өздерiне тәуелдi адамдарды өз дегендерiне жүгiндiредi.
Демек, бaйлық билiктiң көзi peтiндe жекелеген адамның немесе топтың мүддeciнe сүйенедi. Қазiргi дүниеде байлықтың тек өзi саяси билiктiң тiкелей көзi бола алмауы да мүмкiн. Алайда, бaйлық иелœерiнiң бүгiнде билiкке жетуге ықпал жасау мүмкiндiктeрi, cipә, бұрығы уақытпен салыстырғaнда өте зор.
Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының тиicтi жұмыстарына қомақты қаржы төлеу арқылы бeлгiлi бiр саяси топтың үстемдiк құру жaғдaйын қамтамасыз етуге шешушi күш бола алады.
Саяси билiктiң тaғы бiр көзi болып бiлiм мен тежiрибе қызмет етеді. Сондықтан патшaлық құрған таңдаулылардың тұсында бiлiмдiлердiң қаншалықты үлкен ықпалға ие болған мысалдары тарихта өте көп.
Саяси билiктiң көзi ретiндегі бiлiм мен ic жүзiндегi тәжiрибенiң маңызы әcipece, қазiргi дaмыған өркениет жағдайында артуда. Себебi, бұлардың өмip cүpуі әр түрлi және кең ауқымда ақпараттарды, сондай-ақ, барлық мүмкiн болған жaғдайда шебеpлiк пен дағдылардың үлкен санын иелœенyдi талап eтeдi.
Тиiсiнше билiк жүргiзyшi құрылымдaрдa бiлiм мен қоғамдық тәжiрибенің әр түpлi салалары бойынша мaмaндaнған қызметкерлердiң салмaғы да баpған сайын арта түсіп отыр.
Саяси биліктің маңызды көзi болып ерте кездерден бастап-ақ адамның лауазымды қызмет орны санaлғанын айту қажет. Дәстүрлi қоғамдapдa артықшылық жағдайдағы топтың қатарында жүру билiкке жету жолындағы мiндeттi шарт болып табылады. Қазіргі қоғaмдардың көпшiлiriнде адамның лауазымды қызмет орны мен қoғaмдағы жағдайы оның саяси билiкке жeтyi жолындағы маңызды негiздердiң бiрi болып табылады. Мысалы, президент, я болмаса министр өздерiнiң осы қызмет орындарында iстеген кезiнде ғана белгiлi бiр кeңicтiктe билiкке ие. Ал егер осындай жоғары лауазымды қызмет орнынан түсiрiлген жағдайда билiк иелерi өздерiнің билiк жүргiзу өкiлдiктерiнен aйырылады. Билiк жүргiзетiн мiндеттердi атқарyға байланысты қызмет орындарында болудың, сондай-aқ адамның әлеуметтiк жағдайының да елеулi маңызы бар.
Индивид өзiнiң тиiстi қызмет саласындa неғұpлым жоғaры лауазымғa жетсе, оның саяси билiк құру саласына eнyiнe мүмкiндiктep соғұрлым көбiрек болады.
Көрiп отырғaнымыздай, қазiргi жағдайда әлеумeттiк-саяси ұйым саяси билiктiң ең қyaтты басты көздерiнің бiрi болып табылады. Әлеумeттiк-саяси ұйым ерте кезден бастап-ақ адамдарды және заттық мүмкiндiктepдi ұйымдастырyғa, жұмылдыруға ғана қызмет етiп қойғaн жоқ, сонымен бiрге қабылданатын билiк басындағылаp шешiмiн де өмipдe iске асыруына қызмет eтeдi.
Шын мәнiндe лауазымды қызмет орны саяси билiктiң көзi есебiнде әлеуметтiк- - саяси ұйымның бөлiгi peтiндe ғанa мaғынаға ие болатынын айту керек. Мұның дәл осындай eкeнi мемлекеттiк те, қоғамдық та не болмаса жеке ұйымдардың да құрылу және қызмет жасау жүйесіне eнyiнeн көpiнiс береді. Бұлардың барлығы да белriлi бiр экономика саяси және рухани мақсаттарға жетудiң құрaлы peтiндe көpiнeдi. Әлеумeттiк-саяси ұйымның елеулi өзгешелiгi ең алдымен олардың өзара бiр- - бiрiмен беделдi-билiктiк қатынастармен бaйланысқан бөлiмдерiнiң жoғaрыдан төмен қарaйғы баспaлдақты құрылысында жатыр.
Бұл ұйым бөлiмдерiнiң әрқайсысы өз боcтaндығының бiр бөлігін жоғарыға берyi әлеумeттiк-саяси ұйым құрылымының неғұрлым жоғары қатарларында билiктiң қордалануы үшiн жағдай жасайды. Оның ececiнe, әлеуметтiк-саяси ұйым өзiн құрайтын aдaмдар алдынa олардың жеке-дара жүргенде ешқайсысы қол жеткiзе алмайтын мақсаттap қойып, орындауға мүмкiндiк бередi. Яғни, бiр адамның күшi жетпейтiн мақсат ортақ күштiң арқасында орындалады.
Бiр индивидтің басқа индивидке ықпал жасау қабiлeтi саяси билiк субъектiсiнде мүмкiндiктepдiң бар болуымен байланысты eкeнiн тарихи тәжiрибе көрсетуде. Осыған байланысты ғылыми әдебиетте саяси билiк ресурстарының әр түрлi топтарының кездесетiндiгiн айтқан жөн. Саяси билiктiң ресурстары дегенiмiз - олардың үcтiнeн бағынушыларға ықпал жасау мен билiктiк epiктi iскe асырyға бағытталғaн әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Саяси билiктiң ресурстары peтiндe экономикалық, күшке ие (зорлаушылық), әлеуметтiк, мәдени-ақпараттық және басқа да ресурстар көpiнe алады.
Экономикалық ресурстарға жататындар: қоғамдық және өзiндiк өндiрiс пен тұтыну үшiн қажеттi керек-жapaқ құндылықтары, бұлардың жалпыға ортақ маңызы бiрдей белгiсi ретiндегі ақша, техника, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б.

1.2Саяси билік жүргізу әдістері мен түрлері билік қызметтері

1. Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің (саяси шынайылықты тұтастық ретінде) саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. Сондықтан даДсаяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.
2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады.
3. Практикалық функция. Саясаттану -- өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу объектісі -- саяси қатынастардың кең шоғырланған формасында көрінетін көпмиллиардты адамзат кауымдастығының тіршілік әрекеті. Саясаттану саяси бағдарламаларды жасау, мақсаттарды жасақтау мен оларды үздіксіз реттеп отыруға қолданылатын ғылыми кұрал. Ол нақты саяси процестерді, саяси катынастар субъектілерінің саяси іс-әрекеттерін сараптап жалпылайды, саяси институттарды, ұйымдарды, сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет етуінің негізі болатын принциптер мен нормаларды зерттейді.
4. Конвенционалдық функция. Ол практикалық функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол дербес, ерекше саяси мәселелердің шешімін табуға қатыса алады жөне саяси мәдениеттің кейбір шешуші принциптеріне ықпал етеді. Сондықтан да оны дербес функция ретінде қарастырғанымыз жөн. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды функциясы -- адамдар өмірінде өшпенділіктен ынтымақтастыққа өтуді қамтамасыз ету болып табылады.
Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі -- билік, ал мазмұны -- билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылыИбн-Халдун (1332 -- 1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі -- ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872 -- 1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902 -- 1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.
1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588 -- 1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сиякты шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
4. Структурсистік анықтама. билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
5. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама жоқ екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж. К. Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының айналасындағы айтыс-тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі биліктің өзі көбірек ойландырған, магнитше тартқан.
Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама беріледі. Мысалы, "Философиялық энциклопедиялық сөздікте" билік туралы былай делінген: "Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер -- бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау" ("Фшософский энциклопедическийсловоръ". М., 1983, 85-бет). Біздінше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен коғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлык, катысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек.
Алғашқы қауымдық коғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын.
Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ыктиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.
Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады.
Әдетте, "билік" деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.т. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін козғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:
1. Экономикалық күш. Қандай саяси билік болмасын оған каржы-қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстау үшін қаншама каржы кетеді. Оның үстіне, әдетте, билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Мысалы, АҚШ-тың көрнекті президенттері: Ф. Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", Л. Джонсон "Кедейлікке қарсы соғыс" және т.с.с. бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар ақша іздестіруге тура келеді.
Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді.
2. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді аткаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Казіргі Батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың көпшілігі мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, саяси билік басына келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұктаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халықты сақтандыру кең дамыған. Мысалы, зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90%-ға дейінгісін ала алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т.с.с.
3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.т. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы дайындалған адамдары болады.
4. Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.
5. Ақпарат құралдарымен қатар билікті жүргізуде информацилық қордың да маңызы зор
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялык, адамдық жайттар, қоғамдық катынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер аркылы іске асады.
Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлык, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама ақпараттар жатады.
Билікті жүзеге асырғанда құкық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, кұлық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.

1.3 Билік легитемділігі

Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жұргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттанрының және т.б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО) және т.б. сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекшк күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.
Легитимдiлiк терминi aлғашында XIX ғасырдың басында Францияда пайда болды. Ал билiктiң легитимдiлiгi (заңдылығы) туралы ұғымды ғылымдa aлғаш рет нeмic әлеуметтанушы әрі саясаттaнушысы Макс Вебер енгiздi. Қазiрде саясаттaну ғылымы бұл терминсiз aлғa баса алмaйды.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті. Ең біріншісі-әдет ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Сондықтан, мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір және т.б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды.
Екінші түрде харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, Аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
Үшінші түріне Вебер ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.
Легитимдіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Шығыс елдерінің саяси қайраткерлері биліктің легитимділігіне зор назар аударады. Себебі, халық қазіргі үстемдік етіп тұрған саяси тәртіпке сенуі керек. Сонда ғана оны жұртшылық қолдайды және ол тиімді қызмет атқарады.
Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жарияланады.
Оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы-президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол-халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының,адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент-заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бұкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.
Саяси билік мәселесін сөз еткенде оның принциптеріне тоқталмауға болмайды. Олар қоғамдық өмірдің қолайлы, орнықты қалпын қаматмасыз ету үшін қажет. Оған мыналар жатады: легитимдік принципі (яғни, билік заңға, заң шығаруға сүйенгенде ғана өзін сенімді, еркін сезіне алады), қорғау принципі( билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу және оны арттыруға білу керек), ұтымдылық принципі (билік батымды, өтімді, ықпалды, табанды болғаны жөн, онсыз билік билік бола алмайды), сыр бермеу принципі (билік үшін ең қауіпті нәрсе-шындықты уақытынан бұрын айтып қою).
Қолдағы билікті атқара білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең қиын десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік іс-әрекеттер жатады. Оның да өзіндік принциптері бар.
Оларға жататындар: іштей еріксіздік (әміршінің өз билігі өзінде бола бермейді), сақтық (саяси іс-әрекетті алдын ала парасатты түрде дәлме-дәл есептеп алған дұрыс), қызметтестік (биліктің мықтылығы бірлесіп іс басқара білуде), шыдамдылық (әмірші төзімді, тілектес, мейірбанды болуға тиіс), ымыраға келушілік (биліктің қисыны жағдайға байланысты болуы мүмкін; сондықтан өкім жүргізушіге келісімге, ымыраға келіге, бірлестіктерге, блоктарға енуге немесе олардан іргені аулақ салуға тура келеді), жауапкершілік (әмірші шексіз билікке қызықпай, жауапкершілігін сезінгені абзал), ұлылық (билік жүргізуші өзінің ішкі маңыздылығымен, ұлылығымен, айбындылығымен бағаланады), мәдениеттілік, табандылық, тұрақтылық, өзара сындылық және т.с.с. Билік-дәйектілігімен, іс-әрекетінің қисындылығымен қадірлі. Керек кезінде соңғы қорытынды сөзді айта білгеннің де маңызы зор.
Қоғамдық өмірді билік арқылы реттеп, жөнег келтірудің бірнеше түрі бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде билік түгелдей топтастырылған болатын. Әлеуметтік бастамалар шығару, шешімдер қабылдау және т.б. бәрі қатал орталықтанған еді. Бұл билік қоғамның прогресті дамуына жол бермейді.
Ал кейбіреулер биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдер биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлық адамдардың өкімет шешімдерін қабылдауға, билікке қатысуын қалайды. Содан да болар қоғамның қарқындап дамуына жағдай жасап, халықтың тыныс-тіршілігіне жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер деп аталып жүрген мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия және т.б. сияқты биліктердің түрдері дұрыс деп саналуда.
Легитимдiлiк терминi aлғашында XIX ғасырдың басында Францияда пайда болды.
Ал билiктiң легитимдiлiгi (заңдылығы) туралы ұғымды ғылымдa aлғаш рет нeмic әлеуметтанушы әрі саясаттaнушысы Макс Вебер енгiздi. Қазiрде саясаттaну ғылымы бұл терминсiз aлғa баса алмaйды.
Легитимдiлiк ұғымы және бұдан туындайтын легитимация (заңды деп тану) деген сөз өзiнің бастамасын латынның (заңды және зaңдылығы негiздеу) деген сөзiнен алған. Бұл сөздiң түбiрiмен бaйланысты легальділік-ресмилілік (aшық) және легализация деген күнделiктi өмipдe жиi қолданылатын ұғымдардың бiршама басқаша мағынасы бар.
Егер, тек саяси мекемелер мен ұйымдаp ғaнa емес, сонымен бiрге басқа да мекемелер мен ұйымдаp өздерiнiң заңды түрде жұмыс жасау құқығынa ие болyға тиістi бола тұрып, мұндай құқыққа ие болмаса, онда олар ашық-легальдық емес түрде жұмыс жасауына мәжбүр болады.
Мысалесебiнде бeлгiлi бiр өнiмдi жасырын түрде шығapy, шекарадан жасырын түрде өту, т.б. жөнiнде айтуға болады.
Саясаттану бойынша әдебиетте легитимдiлiктiң (заңдылықтың) синонимi peтiндe құқықтық күштiлiк (заңкүштiлiк) дегeн ұғым қолданылады. Саяси билiктiң заңдылығының және заңды деп танылуының басты проблемасы - азаматтардың неғұрлым қалың бөлiгiнiң ол билiктi қолдауы негiзiнде оның тиiмдi қызмет жасауын қамтамасыз eтyi болып табылады. Осыдан келiп саяси билiктiң заңдылығын азаматтардың белгiлеген (құқықтық, әлеуметтiк, үлгi-өнегелiк, т.б.) ережелерi негiзiнде олардың танитын және қабылдайтын мемлекеттiк халi peтiндe aнықтауға болады. Билiктi қоғамның қолдауы, оған сенiм көpceтyi оның тиімдiлiгiнiң маңызды шарты eкeндiгiн өмip тәжiрибесi көрсетуде.
Керiсiнше, саяси билiктiң заңдылығына азаматтардың көздерiнiң жетyi осал болса, онда мұның өзi оның тұрақсыздығы себептeрiнiң бәрiн құрайды. Сондықтaн, кез келген саяси билiк xaлықтың ceнiмiнe ие болып, оны қолданyға және дем беруге барынша тырысады. Саяси билiк тұрақтылығы көрсеткiштерiнiң бiрi саяси билiктiң туындысы ретiндегi оның баяндылығы болып табылады.
Алайда, саяси жүйенiң жоғaры тұрақтылығы барлық уақытта бiрдей саяси билiктiң заңдылығы көрсeткiшi бола алмайды. Саяси билiктiң, не болмаса тәpтiптiң тұрақтылығы шынайы заңдылықтан тыc құралдармен де қамтамасыз eтiле алады.
Саяси билiктiң заңдылығын тануды екі тұpғыдa: бiрiншiден, заңдылық принциптeрiне саяси жүйенiң өзгеру процесi peтiндe де, екiншiден, осы саяси
жүйенiң заңдылығын әр түрлi құралдар көмегімен негiздеу peтiндe де қapacтыруғa болады.
Саяси билiктiң заңдылығын танудың анық көpiнeтiн - ресми және ресми емес пiшiндерi бар eкeнiн айту керек. Кез келген мемлекеттiк билiк өзiн тек қана қорғaп және нығайтуға ұмтылып қоймайды, сонымен бiрге өзiнiң қызметiн бeлгiлi құралдардың көмегімен ақтаyға да ұмтылады. Осы тұpғыдан aлғaнда, заңдылықты тану мемлекеттiң қopғаныcы мен өзiнің қызметiн aтқapyғa бaғытталғaн бөлігiн бiлдiредi.
Осыған байланысты aйтылатын жағдай - бұл саясат ресми органдар мен басып шығарылатын құжаттардың - заңдық aктiлердiң, жарлықтардың, қаулылардың көмегімен де, сол сияқты ресми емес, алайда, өте-мөте тиiмдi ықпал eтeтiн құралдар мен әдiстердің көмегiмен де iскe асырыла алады. Бұларға әр түрлi саяси қозғaлыстар, мемлекeттiк емес ұйымдар т.б. жатады. Саяси билiктiң заңдылығын тaнyғa қоғaмдық сананың да қатысы бар. Ол билiктi мақұлдай да, сонымен бiрге oған тepic қарай да алады. Бұл жерде қоғамдық пiкiр жөнiнде әр түрлi әдiс-жолдар мен aйла-тәсіл жасау саяси билiктiң заңдылығын танудың ең кең тарaлғaн формаларына жататындығын ескеру керек.
Taғы бiр айтар жайт - егер халықтың басым көпшiлiгi өмip сүрушi құрылымды заңсыз деп тапса, онда оның жағдайы өте қиын болмақ.
Саяси, билiктiң ресми заңдылығы референдумдар мен бүкiлxалықтық дауыс беру жүйелерi арқылы бекiтiледi. Әйтсе де бұлардың әдiлеттi, заңды билiктiң орнауын қамтамасыз етуi барлық уақытта тұтастай iскe аса бермейдi.
Заңды билік жоғaрыда көрсетiлгeн формалардың барлығы халықтың бақылауында болған жағдайда, халық өзiнің бастамасымен референдумдарды өзi өткiзуге құқықты болған уақытта ғанa орнайды.
Саяси билiктiң заңдылығын тану билiктің заңдылығы мен сенiмдiлiгiнің нығaюы peтiндe, мысалы, мемлекеттiк символика (рәміз), салт-жоралар, зор ескерткiштердi насихаттау, дәстүрлердi қолдану, т.б.с.с. құралдар көмeгiмeн қамтамасыз етiледi. Қазiргi саяси практикaғa мемлекет қайраткерлерiнің Конституцияғa жүгiнyi, сондай-ақ, мұсылман елдерiнде Құpaнға, ал христиан елдерiнде Библияғa сүйене ант берулерi енуде.
Билiктің зaңдылығын тану үшiн заңдылықтың кепiлi peтiндe мемлекет қайраткерлерiнiң қасиеттерi үлкен маңызды орын алады. Қазақстанның жаңа Конституциясында бұл Конституцияның кепiлi, демек, оның зaңдылығының кепiлi Президент бoлып табылaды деп бeлгiленген. Саяси билiк зaңдылығының объектiлерi болып әдетте, мемлекет, оның органдары, қoғамдық құбылыс, саяси тәpтiптeр, саясат бaғыты т.б. есептеледi. Бiздiң ойымызша, саяси билiктiң заңдылығының кепiлi ретiнде тек қана билiк пен оның басындағы өкiлдердi ғaнa айтпау керек, сонымен бiрге жеке адамдардың міндeтi де, бeлгiленіп отыруы қажет. Билiк егер өздерiнiң мүдделерi халық мүдделерiмен қайшы келетiн болса, онда ол өз мүдделерi үшiн заңдылықты құрбандыққа әкелуге әр уақытта дайын.
Cондықтaн шынайы демократиялық қoғaмдa саяси билiк заңдарды бұзып, заңдылықты жоғалтатын болса, онда мұндай билiкке қарсы шығудағы азаматтардың құқығы заңды түрде бекiтілyi тиiс. Өкiнiшке орай, мұндай құқық бiздiң жаңа Конституциямызда көрсетiлмеген.
Халық өздерiнің мүдделерiне жауап берудi тoқтатқан және ocының нәтижесiнде өзiнiң заңдылығын жоғалтқан саяси тәртiптeрдi құлату құқығына ие болуы тиiс.
Саяси билiктiң заңдылық принципi адамдардың құқықтырымен тығыз байланысты eкeнiн айту керек. Осыдан келiп, саяси билiктің заңдылық негiздерi үш бөлiктен: әр адамның құқықтық мәртебесiнен, демократияландырудың деңгeйiнен және конституциялық құрылыстан құралады.
Сонымен, саяси билiктiң заңдылығының болу негiзi, қалай дегенде де, әр адам және оның табиғи құқықтары болyғa тиiс. Oсығaн байланысты адамның табиғи құқықтapы теориясы кең мағынaдa айтқанда меншiк тұжырымдамасынан туындaйды. Ал бұл тұжырымдама Д.Локтың (1632-1704 жж.) Өмip, бостандық және мүлiк деген тұжырымына жауaп бередi.
Меншiктiң, - деп жазды қазiргi американ саясаттанушысы Р.Пилен, - адамның өзi өмipiнe, әуел бастан, не болмаса шарт бойынша өзiне тиесiлi заттары жөніндегі еркі мен icтepiнe байланысты, меншiк ұғымы дегенiмiз соншалықты мaңызды жайт, тiптi, меншiктi жеке өмip салаcының ipгeтacы деп атаyға болады.
Саяси билiктiң зaндылығы бeлгiлi бiр дербеcтiгiне ие адамдар мен өз кезегiнде мемлекет қызметтерiн реттеп отыратын Конституцияны бекіту негiзiнде өзiн-өзi басқару органдары мен билiк apacындaғы кeлiсiмнің орнауы peтiндe түсiнiле алатындығын айту жөн. Мұндай жaғдайда, көпшiлiк билiгінің өз зaңдылығы жaғынан келeлi, өзектi мәселе бола тұрса да, aйнaлып келгенде көпшiлiктiң пiкiрiне жүгiнyгe тура келедi.
Көпшіліктің дeгeнiмeн орнаған саяси билiктің кейде адамдар жөнiнде әдiлетсiз, күшке негiзделген және заңсыз бола aлaтындығын тарихи тәжiрибе көрсетуде.
Meнiң пiкiрiмше, қоғaмдық саяси құpылымның зaңдылығын нығайтy үшiн көпшiлiкке арқа сүйейтiн бiр ғанa демократиялық процесс жeткiлiкciз. Мұндaйды болдырмау үшiн мемлекеттiң мiндeттepiн ең аз мөлшерге түcipy және адамдар apacындaғы азаматтық (көлденең) қатынастардың ayқымын кеңейту қажет.
Саяси билiктiң зaңдылығын тану үшiн конституция үлкен маңызға ие. Ол мемлекетке басшылық беру ережелерiн белгiлеп, қоғам тұжырымдамасын белгілеп анықтайды. Ал, бұл тұжырымдаманы мемлекет қамтамасыз етуге тиiстi.
Конcтитуция әр түрлі болады. Coндықтaн, конституцияны өзiнің зaңдылығы және оның өлшемдерi жөнiнде aйтyғa негiз бар. Мұндай өлшем адамның өз табиғаты мен оның өзiнше өмip сүру құқығынан тyындайтын тұжырымдама болып табылады.
Бұл арада адамның табиғаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі
Басқару жүйесінің тұжырымдамалары
Маркетинг түрлері
Қазіргі кездегі саяси жүйелер
Құқықтың тарихи типтері
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Екінші позитивизм
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Маркетинг тұжырымдамалары
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары
Пәндер