ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 3
I -тарау. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру . . . 5
1. 2 Құқық ұғымы және нысаны . . . 7
1. 3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы . . . 10
II -тарау. ҚҰҚЫҚТЫҢ ФУНКЦИЯСЫ
2. 1 Құқықтың түсінігі, мәнi және белгілері . . . 14
2. 2 Құқықтың функциясы және әлеуметтiк құндылығы . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Құқықтың қызметi мен оның әлеуметтiк құндылығына қатысты мәселенi қарастырмас бұрын ең алдымен құқық туралы ұғымға жалпыламы тоқталып өтiп оның ұғымы мен мәнiн ашып алған орынды деп бiлемiн.
Құқық негiзiнен әлеуметтiк нормалардың ерекше жүйесi болып табылады және мемлекетпен бiрге өмiрге келiп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Сондай-ақ, құқық қоғамның, объективтiк даму процесiнiң талабына сәйкес қалыптасады.
Құқықтың тағы бiр қасиетi - оның өзгермелiлiгi. Қоғамдық өмiр сiресiп қалмай, құбылып өзгерiп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерiп оның әлеуметтiк құндылығы да артып қызмет мақсаты сол заман талабына сай өзгерiп тұрады. Осыған байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтiн құрал ретiнде ескiрген заңдар қүшiн жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық бiркелкi қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Құқықты мемлекет қорғайды. Ал құқық өз кезегiнде азаматтар мен мемлекеттiң мүддесiн қорғауда маңызды әлеуметтiк функция атқарады. Құқықтың ролi қазiргi кезде айрықша сипатқа ие деп айтуға болады. Себебi, бұл күнде құқық қоғамдық қатынастарды реттеудiң ең тиiмдi де әдiл жолдарының бiрi болып табылады. Оның үстiне құқықтың мәнi мен функциясын, яғни қызметiн терең түсiнген адам оның түрлi жағдайда мағынасы әр түрлi болатынын да анықтай алады.
Мен өзiмнiң курстық жұмысымда құқықтың функциясын және құқықтың әлеуметтiк құндылығының құқықтық-теориялық мәселелерiн құқықтың мәнiмен ұштастыра отырып жан-жақты қарастырып кетпекпiн.
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қоғамымызды одан әрі демократияландыру, құкыктық мемлекет құру ісі құқықтық оқыту меп тәрбиені жетілдіру және алдымен жастарды қамтитын, оларды оқытудың барлық кезеңдерінде үздіксіз құкықтық даярлау тұрғысында жалпыға бірдей заң білімін беруді ұйымдастыру жөнінде кезек күттірмейтін пәрменді шараларды талап етеді.
Осыған байланысты менім ұсынылып отырған курстық жұмыста мемлкет, құқық, мораль туралы негізгі ұғымдар мен идеяларды студенттердің қазіргі заман тұрғысынан зерттеуі, Қазақстан Республикасының конституциялык құрылысы мен мемлекеттік билік жүйесі және олардың басқа жаңа қоғамдық саяси институттарымен өзара әрекеттссу жолдары, адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері, егемен Қазақстанның құкық салаларының (азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық және тағы басқа) негізгі мәселелері қаралған.
Жұмысымның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы барша азаматтарға құқықтық сананы тереңдете жеткізу сонымен қатар құқықтық білімімді нығайту.
Жұмысты жазу барысын кіріспе ретін мына жұмысымның өзектілігіне тоқталғанды жөн көрдім. Жұмыстың өзектілігінде жалпы құқықтың түсінігі, оның қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметі, сонымен қатар қазіргі кездегі құқықтың түсінігі мен мәніне ерекше көңіл бөліп қарастырдым.
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық - қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.
I -тарау. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Құкықтың түсінігін анықтаудың теориялық және іс жүзінде маңызы зор. Біріншгден, құқықтанудын ғылыми бағыты және нәтижесі, оның мазмұнымен нысанына байланысты болады. Екіншіден, белгілі органдармен және адамдармен тікелей заң нормаларын пайдаланған кездердегі маңызды себебі, соларға байланысты заңдардың негізгі мәселелсрі шешіледі - қатынасушы лардың тәртібінің құқыққа сайлығы көрсетілсді.
Құқықтың жалпы сипаттамасының біріне жататын объективтік өлшемді, әлеуметтік реттеу әдістемесі арқылы белгілеу болып табылады. Әр түрлі тарихи кезеңдерде әлеуметтік және саяси құрылымдар құқық түсінігі арқылы, өздерінің мүдделері үшін белгілі әлеуметтік принциптерді, тәртіптерді, нормаларды, идеалдарды белгілеуге және олардың әлеуметтік шындыққа, адалдыққа сай болуын көздейді. Шын мәнісінде, құқықтың түсінігін әр түрлі байымдау, тарихи белгілі әлеумсттік проблемаларды көрсету және оларды шешудің бір мезгілдегі жолы болып табылады. Мұндай бөліп карау, сайып келгенде, құқықтың тек көп жақтылығынан емес, атауды (термин) дұрыс пайдаланбағанына байланысты болғандығын білуіміз қажет. И. Канттың, "заңгерлер құқыктың түсінігін осы күнге дейін іздеуде", дегені шындыққа жарасады.
Шын мәнісіндегі, құқық танымына жету адам баласының заңдылық құнын (бағалылығын) түсіну, оңай жол емес. 1917жылдың қазан айынан бастап, егемендік алғанға дейін Ресейді мскендейтін ұлттардың қатарында қазак ұлты да қиын кездерді басынан кешірді1.
Құқықтанудың алғашқы кезеңі (жолы) - құқықты тікелей жоққа шығару, оны "революциялық құқықтанумен" айырбастаудан басталды. В. И. Лениннің бастауымен солай аталатын, пролетарлық құқық енгізілді. Ол кұқық, пролетариат диктатурасы теориясының ережелерін өзіне сіңіріп, құкықпен саясатты пролстариат диктатурасының нысаны ретінде қарады. 1936 жылғы Конституцияда құқық нормалары тәртіппен заңдылықтың негізі ретінде талданған дықтан, құқық түсінігін белгілейтін бөлігі (элементі) болып есептеледі. Мұның шығу көзі "Коммунистік партия манифесіндегі" "құқық - заңра айналдырылған үстем таптың еркі" деген идея болды. Құкықтық мемлекетпен белгіленген, үстем таптың кұқық нормала рының жиынтығы және олардың өмірінің материалдық жағдайын белгілейтін үстем таптың еркі екендігі көрсстіледі. Құқық 30 жылдардағы ресмиге айналған Кеңестік тоталитарлық жүйенің. "әлеуметтік тапсырмасы" болды, кейіннен жұмысшы табы басқарған еңбекшілердің, компартия бақарған барлық халықтың еркі деп дәлелденеді. Бұл байымдау тоталитарлық бассыздықты теориялық жағынан дәлелдсу, өзіне мынандай сипаттағы құқықтың бөліктерін косып алады: этикалық (мемлекеттік) құқықтың пайда болуы, бір таптың екінші таптың үстінен қарауы, мемлекеттің құқыққа үстемдігі, құқықпен заңның сәйкестігі. Кейінгі, жылдардағы философиялық еңбектерде мұндай "ғылыми" анықтамаларды "зан жүзіндегі төмендік" деп айтуы адалдыққа жатады.
50 жылдардың ортасында қоғамдық-саяси өмірді либерали зациялау кезінде құқық түсінігін ресми түрде нормативтік шешімдерге жатқызып, сынға ұшырауға тура келді. Оның авторлары құқық түсінігін кеңейте түсуді (жақтаушылардың өкілдері) оған, нормадан басқа құқық қатынасты, құқықтаңуды және субъективтік құқықты қосты.
- Құқық ұғымы және нысаны
Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта «ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
Себебі күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ұжданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, заңды сыйламау арқылы қоғамда құқық бұзушылықтың кең өршіп отырғаны ойланарлық жағдай. Осының өзі жас ұрпақтың, одан қала берсе жалпы халықтың құқықтық санасын жетілдіру идеясын қуаттайды.
Бұл идея тек халық арасында айтылып қалмай, билік тізгінін ұстаған лауазым иелерін ойлантқаны да көңілімізге сенім үмітін ұялатады. Олай дейтініміз, қоғамда орын алған құқық бұзушылық сипаттағы келеңсіз құбылыстарға үн қатып, оған білім беру мекемелері арқылы құқықтық насихат жүргізу іс-шарасы ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі тарпынан арнайы қолдау тапты2.
“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. “Құқық - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адамзаттардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда “құқық” түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады .
Субъективтік (тұлғалар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз иелігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдалануда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: “Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс” (6 бап) .
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, “құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. (4 бап) .
Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық тағы басқа. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, “құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты “құқық жүйесі” деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттілігі туады. Азаматтарға сан-қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты тараптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады. Бірақ Маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңдегені белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі. Құқық - бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. » (15 бап) .
Құқықтық жүйенің екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі - субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы қажет. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты - құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. (Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы) . Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды. Формальдық анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді.
Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет3.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атынан жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі. (25 бап) Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz