Мемлекет және құқық теориясының пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі. Мемлекет және құқық теориясының пәні - адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылымы және мақсаты.

Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше функциялар (қызмет) атқарады: Онтологиялық функция - (грек . . . шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму зандылықтарын зерттеу.

Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады. Гносеологиялық функция - (грек. -. . білім, теория) таным теориясы арқылы мемлекет және құқықтың қүрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады. Эвристикалық функция - (грек . . . табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа зандылықтарын табу, ашу.

Әдістемелік функция - мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау. Саяси функция - қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу.

Идеологиялық функция - жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми түрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана-сезімін, құқықгық мәдениетінің сапасын жақсарту. Тәжірибелік-ұйымдық функция - тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы зақдылыкты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет. Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси- құқыктық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқьіқтық реттеп, басқару бағдарламасын дайындауы қажет.

Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т. б. тығыз байланыстқа түседі. Солай, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар үшін нақты материалдар береді.

Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орнын оның тарихи құқықтық ғылымдармен ара қатынасын мысалға ала отырып, қарастыруға болады. Мемлекет және құқық теориясымен тарихи құқықтық ғылымдарға тән ортақ белгі - олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырмашылықтары мынада - тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тәртіпте зерттесе, мемлекет және құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықның мәнін, олардың қызметін ету заңдылықтарын және т. б. зерттейді.

Жалпы түрде қүқық пен мемлекет теориясының пәнін - бәріне бірдей мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен процестердің заңдылығы, қасиеті, жақтары, сипаттамасы ретінде айтуға болады. Қандай жағдайда болмасын, бүл проблематика - қүқық пен мемлекеттің жалпы теориясының пәнін құратын міндетті бөлім. Сонымен бірге есепке алатынымыз, мемлекет пен қүқық теориясы әртүрлі деңгейде жалпылама жасалуы мүмкін және белгілі ортадағы мемлекеттік - құқықтық құбылыстардың заңдылығы туралы әңгіме қозғауға болады. Мысалы, қүқық пен мемлекеттің әртүрлі типтері туралы айтқанда.

Кейбір көзқарастар бойынша, қүқық пен мемлекет теориясының пәніне, тек заңдылықты ғана жатқызбай, кездейсоқтықты да жатқызу керек (профессор А. Б. Венгеров) . Олай болса, кездей соқты да зерттеу керек, себебі, оны заңдылықтан бөліп көрсету керек. Құқық пен мемлекет теориясының қалыптасуы білім жүйесі ретінде, дегенмен де, қүқық және мемлекет туралы жалпы мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

  1. Мемлекет және құқық теориясының пәні

Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.

Әр ғылымының өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне - предметіне айналады. Мемлекет және құқық теориясы - қоғамдағы саяси - экономикалық, мәдени- әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым- қатынастарды реттеу, басқару әдіс - тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекетпен құқықтың өмірге келу, даму зыңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, фунцияларын зерттейді.

Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арсындағы сан қырлы, күрделі қарым- қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана - сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.

Мемлекет пен құқықты бір - бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси- экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық - нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.

Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс - тәсілдерін, функцияларын жан - жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.

Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдіс -тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процессінде болған жақсы тәджірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.

Мемлекет және құқық теориясының пәні - адам қоғамының өмірдегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні - маңызы, құрылымы және мақсаты.

Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше фунциялар атқарады.

Мемлекет және құқық теориясы - құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында медотодологиялық (әдістемелік) маңызға ие фундаменталдық (базалық) ғылым. Оны терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ басқарушылық профиліндегі пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.

Мемлекет және құқық теориясын меңгеру бірнеше мақсаттарға жетуді көздейді: біріншіден, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы жалпы теориялық білімдердің кешенін игеру; екіншіден, мемлекет пен құқықтың заңдылығын көрсететін негізгі категориялар туралы білу; үшіншіден, жалпытеориялық білімдердің маңызын белгілеу, бұл келешектегі тәжірибелік қызмет үшін қажет. Әрбір ғылымның өзінің пәні болады - ол адамның қандай да бір қызметінің аумағындағы зерттелетін заңдылықтың нақты бір шеңбері.

Мемлекет және құқық теориясының пәні ретінде келесілерді атауға болады :

1) Мемлекет пен құқықтың шығуының, дамуының және функциялануының жалпы заңдылықтары.

2) Мемлекет пен құқықтың әрекет етуінің мазмұны, түрлері, нысандары, функциялары, құрылымы және механизмі, құқықтық жүйесі.

3) Барлық заң ғылымдары үшін ортақ болатын негізгі мемлекеттік-құқықтық ұғымдар.

«Жалпы заңдылықтар» осы ғылымның нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттілік пен құқықтың шығуын, дамуын және қызмет жасауын, яғни қайда орналасқанына қарамастан, олардың қандай да болсын қоғамның мемлекеті мен құқығына тән жалпы белгілерді игеретінін білдіреді. Мемлекет және құқық теориясы жалпыланған нысанда уақыттық және кеңістік сипаттарына қарамастан барлық мемлекеттер мен барлық құқықтық жүйелерді игереді. Сондықтан, онда мемлекет пен құқық туралы ғылыми ойлардың жеткен жетістіктері, әлеуметтік институттардың мәліметтері туралы барлық теориялық маңыздар топтастырылған.

Мемлекет және құқық теориясының пәнінің төл ерекшелігі мемлекет және құқық теориясы ұғымдар жүйесін тек «өзі үшін» ғана емес, сондай-ақ оның әліппесі, іргетасы ретінде барлық юриспруденция үшін талдап шығаратынында қорытындылады. Мұндай ұғымдарға құқықты, құқықтың қайнар көздерін, құқықтық актілерді, құқықтың институтын, саласын және сала тармақтарын, құқықтың жүйесін және заңшығарушылықтың жүйесін, құқықтық қатынастарды, құқықтың субъектісі мен объектісін , құқық қабілеттік және әрекет қабілеттілікті, құқықтық деректі, құқықшығармашылықты, заңшығарушылықты, құқықты қолдануды және талдауды, құқықтық коллизиялар мен ақаулықтарды, құқықтық тәжірибені және құқықбұзушылықты, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, құқықтық құралдарды, субъективтік құқықтарды және құқықтық міндеттерді, тыйымдар мен тыйым салынбаған нәрселерді, құқықтық жауаптылықты және жазаны, құқықтық жеңілдіктерді және көтермелеулерді, құқықтық иммунитеттерді, құқықтық стимулдар мен шектеулерді, құқықтық реттеудің механизмін және құқықтық әсер етудің механизмін, құқықтық жағдайлар мен құқықтық режимдерді, құқықтық саясатты және құқықтық өмірді және т. б. жатқызуға болады.

Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшелігі мемлекет пен құқық өзара байланыста, бір бірін толықтырушы әлуметтік институттар ретінде зерттелетіндігі болып табылады.

Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтық емес, жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т. б. сияқты түсініктерді зерттейді.

  1. Мемлекет және құқық теориясының әдістері

Методология - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретің ілім. Ғылыми методологияның негізі - материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы - оның ғылыми зерттеу әдіс - тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді - теория және методика. Теория - ғылым нені зерттейді? - деген сұраққа жауап береді. Методика - ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? - деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген.

Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымда дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қортынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: жалпы ғылыми әдіс - тәсіл және жекелік ғылыми әдіс - тәсіл.

1. Жалпы әдістер - ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетандық бағыттар.

Ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетандық бағыттар. Оларға мыналар жатады:

а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мәңгілік және өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;

ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъекетивтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.

2. Жалпы ғылыми әдістер - жалпы әдістер сияқы бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеге кезеңдерінде ғана қолданылады.

3. Жеке ғылыми әдістер - мемлекет мен құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.

4. Жеке құқықтық әдістер - тек заң ғылымдарына ғана тән болып келеді.

Ғылым әдісі - бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зеттеу үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:

1. Жалпы әдістер - ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетандық бағыттар. Оларға мыналар жатады:

а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мәңгілік және өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;

ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъекетивтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.

Бұл ойлаудың әмбебап қағидаларын білдіретін философиялық, дүниетанымдық көзқарастар. Жалпының ортасынан метофизиканы (мемлекет пен құқықты бір бірімен және өзге де қоғамдық құбылыстармен байланыссыз, мәңгілік және өзгермейтін институт ретінде қарастырады) және диалектиканы (материалдық және идеалистикалық; соңғы аталғаны өз ретінде объективтік не субъективтік идеализм ретінде болуы мүмкін) бөліп көрсетеді. Осылайша, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен бар екендігі фактісін объективті идеализм құдай күшімен не объективтік ақыл-еспен байланыстырады; субъективтік идеализм адамның ой-өрісімен, адамдардың ерік-жігерінің келісуімен (келісім-шартпен), материалдық диалектика болса қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен (жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамды антагоникалық класстарға бөлумен) байланыстырады. Материалдық диалектика тұрғысынан алғанда қандай да болсын құбылыс (соның ішінде мемлекет пен құқық) нақты бір тарихи жағдайда және өзге де құбылыстармен өзара байланыста қарастырылады.

2. Жалпы ғылыми әдістер - бұл жалпы әдістерден өзге, жалпы ғылыми танымды қамтымайтын, тек оның жекелеген кезеңдерінде қолданылатын әдістер. Жалпы ғылымдық әдістердің қатарына талдауды (анализді), синтезді, жүйелік және функционалдық көзқарастарды, әлеуметтік тәжірибелік әдістерін жатқызады. Анализ (талдау) - бұл күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты жекелеген бөліктерге шартты түрде бөлу. Осылайша, мемлекет пен құқықтың көптеген категориялары олардың мазмұндық белгілерін, өзіндік қасиеттерін ашу жолымен қалыптасады.

Синтез (сомдау), керісінше, құбылысты, оны құраушы бөліктерді шартты түрде біріктіру жолымен игеруді білдіреді. Анализ бен синтез, әрине, біріккен күйінде қолданылады.

Жүйелік көзқарас объектінің тұтастығын ашуға, ондағы байланыстардың көптүрлілігін анықтауға бағытталған. Бұл әдіс жүйелік құрылыс ретінде мемлекеттік аппаратты, саяси және құқықтық жүйені, құқықтың нормаларын, құқықтық қатынастарды, құқықбұзушылықты, құқықтық тәртіпті және т. б. қарастыруға мүмкіндік береді.

Функционалды көзқарас бір әлеуметтік құбылыстардың басқаларына әсер ету нысандарын анықтауға бағыттайды. Бұл әдіс мемлекеттің және оның жеке органдарының функцияларын, құқық пен оның нормаларының функцияларын, құқықтық сананың, заңдық жауаптылықтың, құқықтық жеңілдіктер мен көтермелеудің және құқықтық ынталар мен шектеулердің функцияларын және т. б. білуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік тәжірибелік әдісі құқықтық реттеудің қате нұсқаларынан келетін зардаптардың алдын алу мақсатымен қандай да бір шешімнің жобасын тексерумен байланысты.

Жалпы әдістер сияқы бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеге кезеңдерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:

а) талдау - күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;

3. Жеке ғылыми әдістер - бұл мемлекет және құқық теориясын игерудің салдары болып табылатын нақты (жеке) техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерінің тәсілдері. Оларға нақты-әлеуметтік, статистикалық, кибернетикалық, математикалық әдістерді және т. б. жатқызылады.

Нақты-әлеуметтік әдіс сауалнамалық, сұхбаттасу, бақылау және өзге де тәсілдерінің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің фактілік жүріс-тұрысы жайлы мәліметерді алуға мүмкіндік береді.

Статистикалық әдіс жиі қайталанатын құқықбұзушылық, заңдық тәжірибе, мемлекеттік органдардың қызметтері және т. б. секілді қандай да бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың көлемдік көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді.

Жеке ғылыми әдістердің ішінен толықтай заңдық болып табылатын екі әдісті: формальді-заңдық және салыстырмалы-құқықтық деп бөліп көрсету қажет.

Формальді-заңдық әдіс құқықтық ұғымдарды (мысалға, «мәнді зардап» «заңды тұлға», «кінәні жеңілдететін мән-жайлар» секілді арнаулы заң терминдері), анықтап, олардың белгілерін шығаруға, саралау жүргізуге, құқықтық жазбаларды түсіндіруге және т. б. мүмкіндік береді.

Салыстырмалы-құқықтық әдіс олардың жалпы және ерекше қасиеттерін табу мақсатымен, әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін - заңдарды, заңдық тәжірибені және т. б. салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалға, Ресей мен Германияның құқықтық жүйелерін салыстыра отырып, біз олардың арасында ұқсастық барын көреміз, бірақ, сонымен қатар, оларға тарихи түрде тән нақты бір айырмашылықтар да бар.

мемлекет мен құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.

ә) статистикалық әдіс - нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;

б) кибернетикалық әдіс - кибернетиканың түсініктері, заңдары және техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.

4. Жеке құқықтық әдістер - тек заң ғылымдарына ғана тән болып келеді, оларға мыналар жатады:

а) формалды заңды әдіс - заң түсініктерін, олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге және т. б. мүмкіндік береді;

ә) салыстырмалы-құқықтық әдіс - әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы және арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді

  1. Мемлекет және құқық теориясының функциясы

Заң ғылымдарының қоғам өміріндегі мақсаты оның атқаратын қызметінен көрінеді.

Мемлекет және құқык теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.

Мемлекет және құқықтың функциясы әртүрлі.

Онтологиялық фунция - (грек . . . шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдалақтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықытың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыпстасады.

Гносеологиялық фунция - (грек . . . білім, теория) таңым теориясы арқылы мемелкет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.

Эвлистикалық функция - (грек . . . табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс - тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процессінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.

Әдістемелік функция - мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымда жасап, ғылымының жақсы дамуына жағдай жасау.

Саяси функция - қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі - сыртқы саясатының ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.

Идеологиялық функция - жалпы теория қоғамдары әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана - сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.

Тәжірибелік - ұйымдық функция - тәжірибелерге сүйене отырып жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.

Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси - құқықытық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қортынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп, басқару бағдарламасын дауындауы қажет.

Құқық және мемлекет теориясының фунциялары бір бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз фунцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.

Мемлекет және құқық теориясяның белгі - нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан -жақты зерттеп, оның объективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымының бір саласы.

Жалпы теория қоғамджық ғылымсдардың ішіндегі тек мемлекеттік - құқықытық құбылыстарды зерттейтін саласы. Сондықтан жалпы теория заң ғылымының бір саласы.

Жалпы теория заң ғылымдарының барлық салаларының объективтік даму заңдылықтарын зерттеп, оларды қалай қолдану жолдарын көрстеіп отырады және ғылымының салаларынын бірлесіп, дербестік даму бағыттарын анықтап отырады. Сондықтан мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының ішіндегі ең терең түйінді ғылым, (фундаментальды ғылым) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет және құқық пәні мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz