Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары


К І Р І С П Е
Мемлекеттік билік пен басқару билігі қағидасы - мемлекеттің ұйымдық - саяси мәні мен оның бағыныштылық әсерінің қоғамдық жүйеге әсерін білдіреді. Ол соған сәйкес мемлекеттік органдар тарапынан қажетті құралдар қолдануының арнайы нысанында айқындалады. Бұл жағдайда билік өзін мемлекеттік басқару, мемлекет сипаттамасының ажырамас компоненті ретінде көрсетеді. Мемлекеттік билік бүтін, бірегей екенін ерекше көрсетуіміз қажет. Ол Конституция мен Заңдар негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ конституциялық қағида бүтіндей мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөледі.
Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың ҚР-ның әрекеттегі заңдары мен конституциясын, басқа тұлғалардың құқықтыры, бостандықтары мен ар-намысы қабыр-қасиеттерін силауын талап етуін білдіреді. Заң мен сот алдында барлығы тең.
Ешкімге өзінің пайда болу жағдайы, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасы, тұрғылықты жері және т. б. жағдайларға байланысты ешқандай диекреминацияға жол берілмейді. (ҚР Кон. 14-бап) .
Мемлекеттік басқару саласында заңдылық қағидасының сақталуы бүкіл мемлекеттік тәжірибе мен бүтіндей қоғамдық өмір негізделетін заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Аталған қағиданың талаптары басқару актілерін шығарумен қатар, оларды қолдану барысында да жүргізіледі.
Азаматтардың мемлекет мүддесі алдындағы құқықтыры, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдық ету қағидасы - азаматтардың мемлекуеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларға қатынасы бойынша өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысындағы азаматтардың көбінесе басымдылық жағдайын білдіреді. ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан өзін демокралиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариалай отырып, адам өмірі, құқығы мен бостандықтарын жоғары құндылығы, байлығы деп есептейді. Мемлекет әркімге тумысынан берілетін конституциялық құқықтыры мен бостандықтарын мойындайды және олар обсалютті, қол сұғылмайтын болып табылады. Мемлекет заңдар мен басқада құқықтық нормативтік актілердің қолдануы мен мазмұнын белгілейді.
Мемлекетті басқару дегеніміз белгілі бір шекарада қалыптасқан халықты басқару, сол мемлекеттің өзінің құқықтық базасын қалыптастыру, мемлекетті басқаратын органдар мен аппаратты құру болып табылады. Мемлекеттік басқару туралы ғалымдардың еңбектерінде әр түрлі көзқарастар жазылған.
Мемлекеттік басқару - осы аядағы басқару органдарының, яғни тек басқару жөніндегі мемлекет тарапынан уәкілдік берілген өкілетті мемлекеттік органдардың күшімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік басқарудың негізгі бағдар- бағыты, басқару ісінің негізгі мән- маңызы - атқару-жарлық беру қызметтері. Бұл қызметтер мемлекеттің алға қойған міндет- мақсаттарын орындау үшін шығарылған заңдарды іс жүзінде іске асыру, сол заңдардың орындалуын көздеп және солардың негізінде (белгіленген шеңберден шықпай) атқарылатын іс- қимылдары болып табылады. Атқару мемлекеттік басқарудың басты және өзіне тән белгісі ретінде көрініс табады. Сонда атқару дегеніміз мемлекеттік басқару қызметін мемлекет тарапынан қабылдаған заңдарға немесе басқа да заң күші бар нормативтік актілерге сай, соларға негіздеп іс жүзінде іске асыру;
Мемлекеттік басқару мемлекеттік- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Басқару істері өздеріне бағынышты салалар мен объектілерді басқарушылардың өз өкілеттіктері шеңберінен шықпай өктем- бұйрық беру, яғни жарлық ету арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік- өктем, яғни өктем- ұйымдастыру түрінде жүргізілетін биліктің көрінісі болып табылады;
Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары
Мемлекеттік басқарудың нақты әдістері екі топқа бөлінеді:
экономикадан тыс ықпал ету әдістері, яғни басқарылушы объектілерге міндетті шешімдерді қабылдау арқылы басқару функциясын іске асыру;
экономикалық ықпал жасау әдістері- бақылаушы объектілердің материалдық жағдайларына тиісті мөлшерде әсер ету арқылы басқару функциясын жүзеге асыру.
Мемлекеттік басқару қағидалары өзінің мазмұны бойынша, әрекет ету саласы бойынша, мақсатты бағыты бойынша, байланыс сипаты мен басқару тәжірибесіндегі көрініс нысаны бойынша әрекеті.
І-тарау. Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары
- Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні жіктелуі
Мемлекеттік басқару жүйесінде қағида зандылықты, қатынастарды, элементтер арасындағы өзара байланысты білдіреді. Соларға сәйкес мемлекетгік басқару жүйесі құрылып, жұмыс істейді. Қандай да бір қағидадан «бас тарту» бүкіл жүйенің қалыпты қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау және негіздеу процесіне белгілі талаптар қойылады: а) мемлекеттік басқарудың кез келген емес, тек ең маңызды, басты, объективті, қажетті зандылықтарын, қатынастары мен өзара байланыстарын білдіру; ә) мемлекеттік басқарудағы тек тұрақты зандылықтарды сипатгау; б) мемлекеттік басқарудың өзге басқару түрлерінен ерекшелігін білдіру.
Мемлекеттік басқару қағидаларының ерекше белгілерін де атап өткен жөн: бұл олардың диалектикалылығы, жүйелілігі, басқарушы субъектінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы және қағидалардың өзара байланыстылығы.
Отандық және шетелдік ғалымдар басқару қағидаларын жүйелеу мен жіктеуге әр түрлі көзқарастар білдіреді. Олар мемлекеттік басқарудың ерекшелігін ескере отырып басқару қағидаларының жүйесін үш топқа бөледі: 1) жалпы ортақ қағидалар: жүйелілік, объективтілік, өзін-өзі реттеу, кері байланыс, оңтайлылық, ақпараттық жеткіліктілік, демократизм, жариялылық, құқықтық реттілік (заңға сәйкес келу) ; 2) қоғамның түрлі салаларында (экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани) және әр түрлі қоғамдық құбылыстарды, ұйымдарды, институттарды талдау барысында қолданылатын жекелеген қағидалар; 3) мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-технологиялық жақтарын қарастыратын үйымдастырушылық-технологиялық қағидалар
Бастапқы ғылыми және құқықтық категориялар сияқты басқару қағидасы туралы сұрақ, қоғам өмірінің әр түрлі салаларында маңызды және басқарушылық үрдістерді көрсететін маңызды теориялық және тәжірибелік мағынаға ие. Президенттің «Қазақстан - 2030» қазақстан халқына жолдауында былай делінеді: «біз өзіміздің тәуелсіз мемлекетіміздің негізін салдық. Барлық қажетті мемлекеттік институттар қалыптасқан және олардың білімі мен тәжірибесі әр ай сайын өседі». Осындай басқару қағидаларының қалыптасу, сақталу жағдайында мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінде дұрыс қызмет етуінің фундаментальды негізі ретінде болады, Республиканың қазіргі кездегі әлеуметтік-әкімшілік және саяси өзгеріс жағдайында, мемлекеттік аппараттың қызметтерінің және реформаларының құрылымын, алдына қойылған маңызды қызметтерді жүзеге асыруы жатады.
Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары мыналар: мемлекеттік биліктің және басқарудың бірлігі; заңдылық; мемлекет алдында өзінің заңды мүдделерінің, бостандықтарының және құқықтарының жоғары болуы; мемлекетті басқаруға қатысуда азаматтардың теңдігі; мемлекеттік басқаруда жариялылық және қоғам пікірін бақылау; мемлекеттік басқаруда ортақтандыру және ортақсыздандырудың оптималды сәйкестігі; халықаралық қатынас.
Экономикалық салада мемлекеттік басқарудың салалық қағидаларының қалыптасуы Республиканың нарықтық қатынаста дамуы және қалыптасуына заңдылықтың әрекет етуінен болады. ҚР Президентінің қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында негізгі қағидалар айқындалған.
Мемлекеттік басқару осы қызметтердің бір түрі болып табылады және тек арнайы мамандандырылған басқару аппараты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқарудың саяси мағынасы бар. Бұл жерде барлық мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ммемлекет атынан қызмет атқарады және оларға басқаруға қажетті белгілі бір өкілеттіліктер берілген, сондай- ақ оның қызметі мемлекет тарапынан қорғаныс, қолдау табады. Мемлекеттік басқаруды саяси- әлеуметтік тұрғыдан алып қарасық, онда оны барлық мемлекеттік механизмнің қызметі, сондай- ақ оның бөлек алғандағы буындарының қызметі деп түсінеміз.
Мемлекеттік басқару жоғары тұрған үкімет билігі орындарының бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан басқару қызметі атқару күйінде болады. Атқару билігіне ие болу үшін мемлекеттік күші бар жарлық беру қажет болады. Жарлық берудің басты элементі өкілетті мемлекеттік басқару органдарының нормативті актілер қабылдауы болып табылады. Демек, мемлекеттік басқарудың екі жағы- атқару және жарлық беру тығыз байланыста болады. Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекеттік басқару үшке бөлінеді: халық шаруашылығын басқару; әлеуметтік- мәдени құрылысты басқару; әкімшілік- саяси саладағы басқару.
Әрбір саланың өзіне тән аялары және салалары болады. Мысалы: жоспарлау, материалдық- техникалық жабдықтау мемлекеттік басқару аяларына жатса, салаларға - өнеркәсіптік басқару, денсаулық салаларын басқару, қорғанысты басқару және т. б. жатады. Бұлардан басқа төменгі деңгейдегі ұйымдар- кәсіпорындар, мекемелер, бірлестіктер және тағы басқалары бар. Осы жоғарыда аталған құрылымдық элементтерді басқаруды арнайы мемлекеттік басқару аппараттары жүзеге асырады.
Мемлекетімізде қоғамда жасалып жатқан қызметтердің жүзеге асырылып жатқан іс- қимылдардың бағдар мақсаттары және өздеріне тән салалары болғандықтан олар мемлекет тарапынан, дәлірек айтсақ мемлекет тікелей өкілеттілік берген органдардың жоғарыда атлған еңбек процестерін белгілі бір жүйеленген тәртіпке келтірулерін, яғни басқаруларын қажет етеді. Басқару элеметтері: басқару субъектісі басқару жөніндегі міндеттер мен мақсаттарды қалыптастыра отырып, өзінің басшылық еркін білдірсе, ал басқару объектісі соған бағынышты болуға тиісті Бағынышты болу- басқару субъектісінің басқару жөніндегі жарлық- бұйрықтары арқылы (бағыну және бұлжытпай орындау арқылы) жүзеге асырылады. Бұл жағдайдабасқару субъектісіне мемлекеттік- өктем өкілеттілік беріледі.
Басқару қызметі басқару принциптерін басшылыққа ала отырып, жүзеге асады. Басқару принциптері әлеуметтік- саяси және ұйымдастырушы болып бөлінеді. Әлеуметтік- саяси принциптер: заңдылық, жоспарлылық, нормативтілік, халықтың талап- тілегін есепке алу, бұқаралық және жариялылық. Ұйымдастырушы принциптер: 1. Құзыреттерді (басқарушылардың өкілеттіктері мен қызмет бағыттарын ) белгілеу және бөлу принциптері; 2. Басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық мүдделердің есепке алынуы; 3. Басқарушылардың құзыреттері шегіндегі жауапкершілік; 4. Алқалық басқаруды жеке дара басқарумен салыстыру және алқалық басқарудың үстемдігін есепке алу; 5. Тікелей және жан- жақты басқару.
Мемлекеттік басқару, оның функциялары мен әдістері өздерінің объектісі ретінде адамдардың іс- қимылдары мен тәртіптерін білдіреді. Осыған байланысты басқарушы қатынастарда тұрақты қатысатын мына ұйымдық - құқықтық категорияларды бөліп шығаруға болады:
адамдардың әртүрлі ұжымдары; өндірістік- техникалық және басқа да кешендер- бірлестіктер, кәсіпорындар т. б.
мемлекеттік басқару салалары;
мемлекеттік басқару аялары;
мемлекеттік басқару облыстары.
Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, сондай- ақ азаматтарға байланысты жүзеге асырылады.
Осыған орай басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастарға әсер ететін жалпы механизм ішінен мына қызметтерді бөліп көрсетуге болады:
мемлекеттік заңды тұлғаларға басшылық ету жөніндегі қызмет;
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыстарын мемлекеттік реттеу және олармен байланыстарды дамыту жөніндегі қызмет;
азаматтардың заңды мүдделері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік заңды тұлғалар тұрғысында орталықтандырылған басшылық және тікелей басқару жүзеге асырылады. Орталықтандырылған басшылық тікелей емес өзара қатынастар туындатады. Бұл жерде басшылық ортадағы звенолар арқылы жүргізіледі. Ал тікелей басқару кезінде басқару органы заңды тұлғалар - басқарушылармен тығыз, тікелей байланыста болады.
Мемлекеттік басқаруға жалпы сипаттама берген кезде атқару қызметінің басқару органдарына тән екенін есепке алу қажет. Сонымен қатар олардың әртүрлі мәміле жасайтындарын және материалдық- техникалық операцияларды жүргізетіндерін ұмытпаған жөн.
Әлеуметтік басқару қоғамдық (саяси) және тарихи ұғым болып табылады. Себебі ол қоғамда туындап дамиды, адамдардың өзара қатынастарын бекітеді. Ал оның мәні, әдістері және т. б. қоғамдық - тарихи даму процестерінде өзгеріп тоырады.
“Қағида” ұғымы (латынның - бастау, негізгі деген сөзінен шыққан) адамның негізгі тәртіп ережесі, бастапқы, басшы, идея дегенді білдіреді. Қағида өзіне мемлекеттік басқарудың мәндік қасиеттерін таңдайды, және соның құрамынан бөлініп шығады. Осыған сәкес мемлекеттік басқару қағидасы мемлекеттік басқару жүйесі құрылымдық элементтерінің ішкі келісімі мен мәнін білдіретін, негізгі басшылық бастамасы болады. Мемлекеттік басқарудың мәні мен жіктелуі бір жағынан ҚР-ның әлеуметтік -экономикалық және саяси бамуының жалпы заңдылықтарын, екінші жағынан - мемлекеттік басқарушылық саладағы объективтік процесске негізделеді.
Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде қағида заңдарда белгіленіп, бекітілуі тиіс. Тек осындай кесде ғана олар басқарушылық тәжірибе үшін міндетті заңды мәнге ие болады.
Басқарудың құықтық (міндетті) қағидалары басқарушылық жағдайдағы заңдылықта жүзеге асқан болып табылады. Бұған дәлел ретінде ҚР Конституциясының 1-бабының 2-ші тармағында бекітілген:
қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық
бүкіл халық игілігі үшін экономикалық өркендеу
қазақстандық патриатизм
Республикалық референдум немесе Парламенттегі дауыс беруді қоса, мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қағидалары мысал бола алады. Ары қарай, Конституцияның 2- тарауы “Адам және азамат” бөлімінде (33 бап) басшылықтағы идея азаматтардың мемлекетті басқару істеріне қатысу құқығына, мемлекеттік қызметке кіруге теңдей құқық және тағы басқалары негізделген.
Мемлекеттік басқару қағидаларының жетекші рөлін төмендегі негізгі позицияларда айқындауға болады:
қағидалар басқару тәжірибесі үшін арнайы болжам ретінде қызмет етеді, немесе олар заңдық актілерде бекітілген және басқарушылық қатынастарның қатысушыларының тәртібін мемлекеттік құрылыстың, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызмет ұйымдарының реформалауынаң басқарушы идеяларына сәйкес бағыттайды;
қағидалар басқарушылық қатыныстардықұқықытық реттеу үшін алғашқы негіз болып табылады. Бұл ретте қағидалар құқықтық нысанда мемлекеттік басқарушылардың мәні мен мазмұнын айқындайды, сондай-ақ заң шығарушыларды жаңат заңдарды қабылдау мен шығару кезінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру мәселесі бойынша осы басқарушы идеялардың іске асырылу механизмін көздеуін болжайды.
қағидалар мемлекеттік басқарудың құқықтық дағдысына тұрақталық береді. Бұл әсіресе ҚР-да нарықтық қатынастарды құру мәселесінде өте маңызды. Қоғамдық істерді басқару саласындағы басқарушылық идеялары заңдарда бекіте отырып мемлекет осылайша өзінің бүкіл мемлекеттік басқару механизмі үшін алғашқы құқықтық негіз құруды, сонымен қатар басқарудың қоғам өміріндегі жеке салаларын құруды қамтамасыз етеді (экономика, әлеуметтік және әкімшілік саяси құрылыс саласын) ;
басқару қағыдаларымемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне, кәсіпорындар мекемелер ұйым азаматтары мен ұжымдарына тәрбиелік әсерін тигізеді. Басқарушылық қатынастарда тараптар әрекеттегі заңдардың мағынасын анықтай отырып және нормативтік құқықтық актілердегі мемлекеттік басқару қағидаларын игере отырып, сонда көрсетілген тәртіп ережелеріне ерікті түрде бағынады.
Басқару теориясы мен мемлекеттік тәжірибеде дамуға ие болған аталған қағидалардың қасиеттері мемлекеттік басқару механизмінің фундаментальдық негізін құрайды.
Бүкіл қоғам үшін әсер ететін негізгі қағидалар ҚР Конституциясында бекітілген. Олар мемлекеттік басқарудың әлеуметтік саяси мәнін бүтіндей анықтайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару қағидалары конституциялық (негізгі) және салалық болып бөлінеді. Аталған екі топ қағидалары бүтіндей бір жүйені құрайды, олар өзара тығыз байланысты және бір-бірімен бүтіндей, сонымен қатар көрсетілген топтардың ішінде де әрекет етеді.
1. 2Мемлекеттік басқарушылардың конституциялық (негізгі) қағидалары.
Мемлкеттік басқарудың конституциялық (негізгі) қағидалары:
- мемлекеттік билік пен басқару билігі;
- заңдылық;
- мемлекет мүддесі алдындағы азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы (приоритет) ;
- мемлекеттік басқаруды қатысуға азаматтардың тең құқықтығы;
- мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариалылықтың есебі;
- аумақтық - саласық; мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімділігі;
- халықаралық іскерлік болып табылады.
Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысудың тең құқықтығы. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес ҚР азаматтары мемлекетті басқару істеріне қатысуға тікелей және сонымен қатар өздерінің өкілдері арқылы, жеке, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке дара және ұжымдық жолдаулар жіберуге құқығы бар.
Сондай-ақ азаматтар өздерінің қабілеттері мен кәсіпқойлық дайындықтарымен мемлекеттік қызметке кіруге тең құқылы болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер қызметіне үміткерлерге қойылатын талаптар қызметтік міндеттер сипатына қарай тек заңға сәйкес белгіленеді.
Мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариалылық есебі қағидасы басқару органдарының және ондағы лауазымды тұлғалардың қоғамдық пікір мен қызмет тәжірибесінің тіркелуін, есеп жүргізу міндеттілігін талап етуде, ол әр түрлә нысанда болуы мүмкін (мыс: басқару органдары қызметі туралы сын материалдары, тікелей басқару органдарына бағыталған ғылыми нұсқаулар немесе ұсыныстар түріндегі мөр (печать) ) . ҚР Конституциясында (5 бап) мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жалпы кегіздері анықталған. Жекеше қоғамдық бірлестіктердің қызметіне заңсыз араласуына және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, мемлекеттік органдардың қызметінің қоғамдық бірлестіктерге жүктеуіне сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер қызметін мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді.
Жариялылық мемлекеттік органдар қызметі туралы БАҚ мен басқада басылымдарда үлкен қоғамдық ақпараттарды білдіреді. Жариалылықты мысалы ретінде мемлекеттік қызметтің бос әкімшілік қызмет орындарына конкурс жариалау бола алады. Сонымен қатар жариалылық қағидасы өзіне сәйкес мемлекеттік органдардың арнайы өкілеттіктерін есепке ала отырып белгілі бір шектеулерге де ие болады.
Мемлекеттік басқару құрылымдық негізін аумақтық-салалық қағида бейнелейді. Бұл қағиданың мәні мемлекеттік басқару органдарының қызметі мен құрылысында аумақтық және салақық дірігуімен құралады. Көрсетілген бастулардың тіркелуі мемлекеттік басқару органдары құзіретінде бекітіледі. Аумақтық басқару құзіреттері белгілі бір территорияға қатаң таратылатын басқару органдарының қызметінде іске асады. (аудан, қала, облыс, республика) . Бұл жағдайда басқару соған сәйкес территорияда орналасқан объектіге қатысты жүзеге асырылады.
Мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді тіркесі мемлекеттік басқару аппаратының барлық деңгейі мен буындарына басқару органдарының қызметі мен өкілеттіклерін қайта бөлу үшін негіз болып табылады. Қаралып отырған қағида мемлекеттік аппараттың құру тәртібін, нысаны мен әдістерін анықтайды.
ҚР-ның Президенті мемлекеттік басшысы болып табылады, оны жоғары лауазымды тұлға ретінде мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүйелеуі мен билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігі қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік орган болып табылады, ол мемлекеттік басқару мен бақылау жүргізуге өкіметті заңды түрде бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін қалыптандыру бағытында арнайы нұсқаулар, іс-әрекет пен жұмыс жасайды. Ол барлық мелекеттік органдарға, Үкіметке және балық сатыдағы әкімдерге, лауазымды тұлғаларға қатысты, керек кезінде бұл нұсқаулар мемлекеттік органдарда жасалатын Ережелерге де қатысты болуы мүмкін. Мемлекеттік органның құрушысы ретінде мемлекет атынан Президент, Үкімет, Астана, облыс, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері бола алады. Мемлекеттік органды құруда басты құжат ол Ереже мен акт болып табылады. Мемлекеттік органды қаржыландыру тек мемлекеттік бюджет есебінен ғана алынады. Мемлекеттік органның құрылымы мен штаттық саны тек қана белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мемлекеттік орган - заңды тұлға болып табылады және өзінің мөрі мен штампы, мемлекеттік тілдегі және белгіленген үлгідегі бланктері, сонымен қатар заңды банктегі есепшоттары бар болады. Мемлекеттік органның құрылу объективті және субъективті факторларға байланысты. Бұрын айтылғандай объективтілерге қоғам мен мемлекет жатады. Сонымен қатар объективті факторларға өкіметті басқарудағы әлеуметтік қажетті жүйелердің пайда болуы, ал субъективті факторларға мемлекеттік органның мемлекеттің нарықтық жағдайындағы мәселеерін шешуге байланысты. Осының бәрі мемлекеттік орган құруда пайдаланылады, оның құзіреттілігін, құрылымын, қызметі мен әдістерінде есептеледі.
Мемлекеттік орган заңды түрде ұйымдасқан ұжымдағы ададардан тұрады, ол мемлекеттік аппараттың құрылымының шамасы, жүйелік элементі болып келеді. Ол өзіне тән қатаң түрде орнатылған салалық негізі және оған қоса өзіне сай мемлекеттік өкіметтің өкілеттілігіне сай болуы керек.
Саясат сөзі (гректің polis - мемлекет, politika - мемлекет істерін жүргізу) жалпыұғымдық түсінікте класстар, ұлттар және басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды қамтитын мемлекеттік қызмет саласы болады. Қоғамның саяси өмірінің ядросы болып басқару ортасы мүддесіндегі билікке күресте, оны пайдалану мен ұстап тұруға күреске қатысуы табылады. Аталған ұғыммен сондай-ақ мемлекет істерін басқаруға, мемлекеттік қызметтің мақсатын, мәселелерін, функцияларын, әдістері мен нысандарын анықтауға қатысуын қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz