Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
I- тарау. Мемлекет нысанының түсінігі . . . 4
1. 1 Мемлекет нысаны түрлері . . . 6
1. 2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысаны . . . 14
ІІ-тарау. Саяси режим . . . 16
2. 1 Саяси жүйе мен саяси биліктің арақатынасы . . . 18
2. 2 Қазақстан Республикасының саяси режимі . . . 20
2. 3Саяси режим түрлері . . . 21
Қорытынды . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26
КІРІСПЕ
Мемлекет нысанына - халықаралық жағдай, мемлекетердің арасындағы қарым-қатынастар, және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Біз кез келген ғылымды алсақ, оның өзінің зертейтін пәні болады. Орталық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі обьективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген Конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және тоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Сонымен бірге мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін тигізді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік және т. б. мемлекеттердің өздеріне тән нышандары(белгілері) бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек. Бұл тақырыпты қарастыра отырып қазіргі кезеңде дербестігін алған біздің мемлекетіміздің қандай екенін, оның қалыптасуын ұғынуға болады. Мемлекетіміздің республика екендігі атынан айқын болса, унитарлық екендігін Конституциямыздан айқын көре аламыз. Енді міне бұл терминдердің астарында не жатқанын зерделеп, оның маңызы мен мәндерін түсінуге күш саламыз. Мемлекет нысаны туралы ұғым маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады . Әдіснамалық жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ. Мемлекеттің нысаны деп мемлекет нысаны деп мемлекетік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтамыз. Мұндағы маңызды мәселе: мемлекет билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.
Мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның іс жүзінде саяси мәнінің жоғары дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекетегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болады. Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрлымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - мемлекет пен басқарудың жоғары оргондарын құру және ұйымдастыру, мемлекетік саяси билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекеттің нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысаны, саяси режим деп бөлінеді. Осы жұмысты атқара отырып, Мемллекеттердің нысандарына тоқталамыз. Мемлекет нысанының түсінігі, басқару нысаны, аумақтық құрылымы, саяси режимі туралы баяндалады.
I-тарау. Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекеттің нысаны деп - мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады. Яғни мемлекеттің басқару нысанын(формасын), мемлекеттің құрылыс нысанын (формасын), және мемлкеттік құқықтық режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың жиынтық түрі.
Мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның іс жүзінде саяси мәнінің жоғарғы дәрежеге дейін көтерілуі, мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекетік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Мемлекет нысанына- халықаралық жағдай, мемлекетердің арасындағы қарым-қатынастар, және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Орталық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі обьективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген Конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және тоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Сонымен бірге мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін тигізді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік және т. б. мемлекеттердің өздеріне тән нышандары(белгілері) бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек. Міне, мемлекет нысны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетіні осыдан.
Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғары оргондарын құру және ұйымдастыру дың белгіленген тәртібі. Екіншіден - бұл мемлекетің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық аймақтық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден- бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері амалдары мен жолдары.
Мемлекеттің нысаны негізінде үш сыңардан тұрады:
1. Мемлекеттік басқару нысаны
2. Мемлекеттік құрылымы
3. Саяси режимі
Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлкетік құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим қоса қарастырылатын болды. Ал негізінде мемлекеттің нысаны тарихи кезеңнен және әрбір мемлекет нысандары мен ерекшеленеді. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей Федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі, бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Мысалы Фашистік режим құрылған кезде мемлекеттің үшінші элементі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
Мемлекетттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдардың құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады.
Мемлекеттік басқару нысаны деп қоғамда жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдасуының және оған халықтың тікелей қатысуын айтамыз. Сонымен бірге, мемлекет ныснанының ерекшелігіне қарай Монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
Мемлекеттің құрылым нысаныда - мемлекетің аумақтық құрылысын, мемлекет пен оның аумақтық бөліктерінің арсындағы қарым-қатынастары көрсетіледі. Мемлекеттің құрылым нысаны түрлеріне унитарлық, федаративтік және конфедеративтік мемлекеттер жатады. Мемлекеттің құрылым нысандары- мемлекет тің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекетттің барлық органдарының белгілі қарым- қатынастарының оның құрайтын органдарының бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты.
1. 1Мемлекет нысанының түрлері
Мемлекетті басқару нысаны - ұғымын пайымдағанда мемлекеттік жоғары биліктің ұйымдастырылуын түсінеміз. Әсіресе, оның ең жоғары биліктің ұйымдастырылуын түсінеміз. Мемлекеттің басқару нысаны - мемлекеттік жоғарғы биліктің ұйымдастырылуын, оның оргондарын құрудың тәртібін және олардың азаматтармен болатын өзара қатынастарын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі. Басқаша айтқанда басқару нысаны- мемлкеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамнын немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Мемлекетті басқару нысаны: монархия және республика болып екіге бөлінеді. Ежелгі грек философы Аристотель өз заманында басқарудың нысанын жоғары өкіметтік биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына байланысты жіктеген болатын. Онда жоғарғы үкіметтік билікті жеке адамның бір өзі атқаратын түрін- монархия, шектеулі адамдар арқылы атқатылатын жоғары үкіметтік билік- аристократиялыя және бүкіл халықтың қатысуымен атқарылатын жоғарғы үкіметтік билік - демократия деп жіктеген болатын. Басқару нысандарының осы көрсетілген айырым белгілері қазіргі кезге шейін сақталады. Жоғары билікті жалғыз адам атқара ма? Әлде ол билік сайланбалы алқалы органға тиесілі ме? Міне осы жайтке байланысты басқару нысаны ерекшеленеді. Енді осыны байланыстыра отырып, басқарудың монархиялық және республикалық нысандарын атап, бөліп көрсетуге болады.
Монархия - мемлекетің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады) . Монарх (патша, король, перғауын, (фараон) қаған, хан және тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты.
Ең алғашқы құрылған мемлекеттердің бәрі де монархиялық болған және орта ғасырдағы мемлекеттердің көпшілігі монархиялық болатын.
Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер монархиялық болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.
Сонымен, монархия деп жоғары билігі бір ғана адамға тиесілі болып келетін мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі биліктіол адам өз билігімен қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен қалауынша пайдалану құқығын ол адам басқа биліктен алған емес, және де билік мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.
Монархияның 3 түрі болады:
1) Шексіз(абсолютік) монархия
2) Шектеулі конституциялық немесе парламентік
3 Дуалистік монархия
Шексіз(абсолюттік) монархия- бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, және сот биліктері шоғырланады. Мемлекет аумағында оның билігі шексіз, ешқандай мемлекеттік тетіктермен шектелмеді, барлық министрлерді, сот, прокуратура органдарының басшыларын өзінің еркімен тағайындайды және босатуға құқылы. Монарх өзінің әрекеттері үшін ешқандай органдардың алдында жауап бермейді. Абсолюттік монархия құл иеленуші мемлекеттер де кеңінен пайдаланылады, қазіргі заманда да бар. Мысалы, (Бахрейн, Бурней, Ватикан, Катар, Біріккен Араб Эмираты, Сауд Аравиясы, Оман) .
Абсолютік монархияның белгілері:
- Королдің сөзі бүкіл ел үшін заң болып табылады;
-Корол қазынаны өзі билеп-тестетеді;
-соттарды өзі басқарады;
-Салық мөлшерін өзі тағайындап отырады;
-Армияны өзі басқарады;
-Салық жинаушыларды өзі тағайындап отырады;
-елдің барлық халқы королдің боданы деп саналады;
-Ағылшын королдері сияқты, француз корольдері де шіркеуді өздеріне бағындырады;
Шектеулі конститутциялық немесе парламенттік монархия- басқарудың мұндай ныснында елдегі билік (үкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді. Мысалы, парламентке. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция, Испания, Жапония мемлекеттерінде бар.
Парламентік монархия белгілері :
- Үкімет парлемент сайлауында көп дауысқа ие болған партияның өкілдерінен құрылады:
-Парламентте көп орны бар партия көсемі - үкімет басшысы болады;
-Мемлекеттік билікке мархияның араласпауы, ол тек символ ретіндеболуы;
-Конституцияға сәйкес, Үкімет монархтың емес, Парламенттің алдында жауапты болады;
Дуалистік монархия- басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді. Мысалы, өткен замандардағы Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монархтың қолында атқарушы билік(үкімет) болған. Үкіметті жасақтау, өзінің алдында жауапты министрлерді, басқа да лауазымды тұлғаларды тағайындау және оларды орнынан алу құқығына ие болған. Бұлардан басқа монарх тыйым (вето) құқығы мен парламентітаратып жіберуге шексіз құқықты болған.
Республика - жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға катыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түр лерге бөлінеді:
1) парламентгік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі, шешуші рөл парламент сайлаган үкіметке тиесілі болады;
2) президенттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды кызметінен босатады;
3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.
Республика - билік белгілі бір мерзімге сайланбалы орғандарға берілетін басқару нысаны. Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш негізгі түрлері белгілі: президенттік және парламенттік сонымен қатар жартылай президенттік. Республика - басқарудағың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік өкімет сайланбалы оргондарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады және олар сайланушылар алдында жауапты болады. Республика билігінің екі жолы бар: президенттік және парламенттік болып бөлінеді. Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен, үкіметті өзі құрады. Қазақстан мемлекеті - Президенттік басқару нысанындағы республика.
Республика белгілері :
1. биліктің сайланбалығы;
2. мерзімділігі;
3. сайлаушылардан тәуелділігі.
Үкіметті кім қалыптастырса, ол кісмге есепті және кімнің бақылауында болса соған байланысты республика президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді. Президенттік Республикада(АҚШ, Сирия ) президент, парламенттікте (Германия, Италия ) - парламент, ал араласта (Франция, Финляндия, Австрия, Португалия) - президент және парламент бұлрөлді қоса атқарады .
Президенттік республика - тұңғыш рет АҚШ та жүзеге асырылып, 1789 жылы Вашингтон призидент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік республикада президенттің өкілеттілігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктіңде басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады.
Президенттік республика - басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметттері бойынша приздент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында және Қазақстанда орын алған.
Парламенттік республика - мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент - мемлекет, яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады, премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін) .
Парламентік республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне сүйеніп қызмет істейді.
Парламент Үкіметті қолдамаса, ол қызметін тоқтатады. Парламенттік-президенттік аралас республикалар да кездеседі(мысалы, Қырғыстан Республикасы, Португалия, Германия Италия ), онда Үкіметті Президент пен Парламент бірлесе отырып жасақтайды, құрады.
Формалды тұрғыдан қарасақ, басқару нысанының мемлекеттік құрылысқа шешуші әсер етпейтінін байқаймыз. Мысалы, монархиялық Жапония немесе Ұлыбритания әлдеқашан демократиялық құқықтық мемлекет бола алмады. Патшалық Ресей демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған еді. Ал Франция Республикасын бұрынан демократиялық басқарудан республикалық басқару нысанындағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына көбірек сәйкес келеді. Парламенттік республикада жоғарғы билік иесі парламент болып табылады. Мұндай республикада үкіметті парламент құрады, яғни оған атқарушы билік тәуелді болады. Сондай-ақ парламент салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды бекітеді, соғыс пен бітім мәселесін шешеді, әскерді қамтамыз етеді, халықаралық шарттарды бекітеді. Парламент кез келген мәселеге байланысты үкіметтен есеп беруді талап етуге, үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы.
Жартылай президенттік республика- немесе аралас республика деп те атайды. Оның негізгі белгісі үкіметтің - президенттің де, парламентің де қосарланған жауаптылығы. Жартылай президенттік республикада президент және парламент тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланады. Бұл жерде мемлекет басы президент болып табылады. Ол парламенттегі саяси күштердің орналасуын есепке ала отырып үкімет басы мен минстрлерді тағайындайды. Мемлекет басы министрлер кабинеті мәжілістерін басқарады және оның шешімдерін бекітеді. Парламенттіңде елдің жыл сайынғы бюджетін бекіту барысында үкіметті бақылау мүмкіндігі, сонымен қатар үкіметке сенімсіздік білдіру құзыры бар. Жалпы алғанда, жартылай президенттік республикада әр түрлі билік институттары арасындағы өкілеттік және қатынастар тәртібі әр елді әртүрлі ерекшеліктерін есепке алып, өзгерген. (Франция, Финляндия, Австрия, Португалия) - президент және парламент бұлрөлді атқарады .
Мемлекеттік құрылымның нысаны бұл мемлекеттің ішкі құрылымын, оның саяси және территориялық бөлімшелерін сипаттайтын, мемлекеттің барлық органдарының оның құрамдас бөліктерінің органдарымен анықталған өзара қатынастарын оқшаулайтын мемлекет нысанының элементі. Оның саяси, территорияды бөлінезінің тәсілі, ол мемлекеттің бүлік орғандарының құрамдас бөліктерінің органдарымен арақатынасын көрсетеді . Мемлекеттік құрылым нысаны - тұтастай мемлекет пен оның бөліктерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы болып табылады. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұтас мемлекет - бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды. Бұл мемлекетке жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманын ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.
Күрделі мемлекет - бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одактастықтар жатады. Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда кұрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әр түрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі - олардың кұрамдас бөліктерінін ешқашан ортак мемлекеттік құкықтық мәр тебесі болмаған.
Әрбір мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумақтық құралымы оның ішкі құрлысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттің аумақтық бөліктерінің жүйесі қалыптасады. Солармен мемлекет, мемлекет оргондарының байланыс жүйесі түзеледі. Мемлкеттің тұтастай және оның әрбір аумақтық бөлігінің құқықтық мәртебесінің сипаты да соған байланысты болады. Мемлекет аумағының аталған түзілімін мемлекеттік құрылым дейді. Мемлекеттің құрылымына байланысты барлық мемлекеттер біртұтас(унитарлы) және күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Унитарлық мемлекет - ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады. Унитарлық мемлекет, әдетте тек әкімшілік - аумақтық бөліктерге ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте бір ғана Конституциялық, бір ғана заң шығаратын жоғары оргон, бір ғана жоғары басқару оргоны, біртұтас азаматтық болады. Қазақстан Республикасы -унитарлық мемлекет.
Унитарлы мемлекет - тұтас орталықтандырылған мемлекет. Оның әкімшілік-аумақтық бөліктерінде мемлекеттік құрылым мәртебесі және егемендік құқықтар болмайды. Унитарлық мемлекетте жоғары оргондардың, заң қабылдаудың, соттардың біріңғай жүйелері құрылады. Онда біріңғай жүйелері құрылады. Онда бірыңғай азаматтық және бір арналы салық жүйесі болады.
Күрделі мемлекет - мұндай мемлекеттердің құрамдас бөлктерінің белгілі бір дәрежеде дербестігі болады. Күрделі мемлекеттерге империя, конфедерация, федерация, достастық және бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.
Империя - күш жұмсаудың нәижесінде құрылған күрделі мемлекет . Бұл мемлекеттің құрамдық бөліктері жоғарғы үкімет (билік) орындарына тәуелді болып келеді.
Империялардың бір ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде ешқашанда біріңғай мемлекеттік құқықтық тәртіп болмаған. Мысалы, тарихта белгілі Рим империясы, Бриятания империясы және т. б. жатады.
Федерация - бұл мемлекет күрделі одақтық мемлекет, оның құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Олардың белгілі бір мөлшерлі шамада (дәрежеде) егемендігі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz