САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ


Бүгінгі таңдағы көптеген дүние жүзіндегі республикалар өз бастарынан түрлі режимдерді кешіру арқасында билеудің жеке формасына жетіп отыр. Нақты мысал ретінде біздің қазіргі Қазақстан республикасын айту өте орынды. 70 жылдан астам КСРО құрамында, сталиндік тоталитаризм аясында өмір сүріп, бүгінгі таңда демократиялық, егеменді, тәуелсіз мемлекетке қол жеткізіді. Конституциямыздың I - бабы міне осымен бекітілген.
Сондай-ақ 1990 жылы ғана азаматтық билеу құқына жеткен авторитарлық режимде өмір сүрген Чилиді атаған жөн. Авторитарлық саяси режим демократияға өтудің бір түрі. Оны Голландиялық журналист Ф. Верстич былайша сипаттайды: Англиядан басқа Европа елдерінің барлығы авторитаризмді басынан кешірді. Авторитарлық бисмарктық Германиямен Мейдзи кезеңіндегі Жапония халқының бөлігі жалпы дауыс беру құқығына ерлер 1917 жылы, ал әйелдер 1922 жылы қол жеткізген.
Қазіргі кезде коғамды модернизациялаудың атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы жүйесін; мүшелерінің теңдігіне; басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар жемісін бейнелеу үшін қолданылады.
Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз. Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды мемлекеттік басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейд. Саясаттануда саяси режимнен бөлек мемлекеттік режим ұғымы бар. Саяси режим саяси билікті жүргізудің әдіс-тәсілдер жиынтығы болса, ал мемлекеттік режим қоғамның яғи өмір сүріп отырған ортаның саяси оспектісі болып табылады. «Саяси режим» ұғымы «мемлекеттік режим» ұғымына қарағанда кең ұғым болса керек. Саяси режим тек қана мемлекет жағынан жүргізілетін саяси биліктің әдіс-тәсілдерін ғана емес, сондай-ақ саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдардың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Сондықтан да, сая-си режим - абстракгілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік- саяси мазмұнға ие.
Қазақстанда қазіргі заманғы саяси-құқықтық жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, құқықтық мемлекеттің одан әрі жетілуіне халықты саяси-құқықтық үрдістерге кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады. Қазақстанда саяси-құқықтық режимнің қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелерін салыстырмалы талдай келе ХХ ғасыр басындағы саяси-құқықтық процестерге шолу жасай отырып, ұлт арасынан шыққан зиялылардың іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық саяси қозғалыстың футурологиялық бастауында тұрды деуге негіз бар. Бұл істің басы қасында болған, Ресей университеттерінен білім алған қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған заңгерлері, тұңғыш интеллигенттердің жаңа сапалы легі саяси-құқықтық режимге сәйкес сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Қазақ мемлекетінің зиялылары саяси-құқықтық ойды үздіксіз дамытуға ат салысты. Олар күрестің көшбастауында тұрған саяси тұлғалар болашақ Қазақ мемлекеті туралы бағдарламалардың гносеологиялық негізін қалады.
Қазақстандағы саяси-құқықтың режимді оңтайлы түрде жетілдіруге қатысты принциптердің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2010 жылыдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген:«Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға жаңа басқару технологияларын енгізуге, әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Ал бұл-құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті-биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Президент Н. Ә. Назарбаев ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстанда саяси-құқықтық жүйенің модернизациялық даму жолына түсіп, дүниежүзілік қауымдастыққа танылып отыр. Енді әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылу мақсаты осы заманға сай қоғам өмірін жетілдіруді, демократияны одан әрі дамытуды талап етеді.
І САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Саяси режим түсінігіСаяси режим - саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары
Қазіргі саясаттануда ең кең тараған жіктеудің түрі қоғамдағы қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшеліктерінде негізделеді. Саяси тәртіп деп, саяси билік, қоғамды басқару әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Саяси билікті жүзеге асырудың қоғамды басқарудың тәсілдер жиынтығы ретінде демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші өлшеуші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады.
Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп, біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік. Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы бай- ланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны - өте маңызды мәсе- ле. Бұл жағдайда біз қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көре аламыз. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың ара- сындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі "саяси режим" ұғымымен белгіленеді. Саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мәнді сипаттамасы. Ерте кезден, яғни қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адам мен қоғамды, яғни жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдделерін калай біріктіруге болады де- ген әлеуметтік проблемалар "мәңгілік" сұрақтар болып кала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерде- ленген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің автори- тарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар. Бұл жағдай да, жеке немесе ортақ мүдденің қайсысы ба- сым; тұлға өзінің мүдделерін сезінуде және жүзеге асыруда қаншалықты еркін; осы мүдделерді жүзеге асыру мен олар- ды түйістіру үшін биліктік іс-әрекеттің қандай ұйымдасты- ру құрылымдары мен әдістері қолданылады деген мөселе- лер әрқашан күн тәртібінде тұрды. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықгы және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметгік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, сая-си режим - абстракгілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік- саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның кұндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді
Саяси режим қоғамдық - саяси процестің интенсивтілігі мен даму деңгейімен, басқарушы элитаның құрылымдылығымен, бюрократиямен қарым-қатынас жағдайымен, қоғамдағы саяси сана мен мінез-құлықтың қоғамдық-саяси дәстүрлі дамуымен анықталады.
Саяси режимдердің тарихқа белгілі үш түрі бар:
- Тоталитарлық режим.
- Авторитарлық режим.
- Демократиялық режим.
Саяси режимдердің демократиялық және антидемократиялық түрі бар. Демократиялық режим президенттік және парламенттік болып бөлінеді. Президенттік режимде атқарушы органдан тікелей үкімет басшысына бағынады. Президент белгілі бір мерзімге бүкіл халықтық сайлау негізінде сайланады. Мысал ретінде біздің ҚР-сы президенттік басқарудағы мемлекет.
Парламенттік режимде - заң шығарушы өкіметтің рөлі басым болады. Онда атқарушы өкімет парламентке бағынады. Мысалы Англия парламенттік республикаға жатады.
Антидемократиялық режимдер тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.
Тоталитарлық режим дегіміз - қоғамның барлық салаларына, мемлекеттің толық бақылау жасауы. Тоталитарлық режим адамның саяси билік пен қоғамдағы идеологияға бағынуымен сипатталады.
Тоталитаризм термині - латынша “totalitas” (жаппай, бүкіл) деген мағына береді. Бұл ұғымды тарихқа ең алғаш рет италияндық фашизм идеологы Дж. Джитиле ХХ ғасырда енгізді. 1925 жылы бұл ұғым ең бірінші рет Италия парламентінде қолданды. Бұл ұғымды италияндық фашизм лидері Б. Муссолини қолданып, саяси лексиконға енгізді. Осы кезден бастап Италияда тотаритарлық құрылыс басталды, кейін КСРО Сталинизм Германияда Гитлеризм кезеңдері басталды. (1933)
Тоталитаризмнің өзіне тән белгілері бар:
1. биліктің жоғары концентрациялануы, билік аппаратының гипортрофиялануы және оның бүкіл қоғам өміріне еніп кетуі;
2. тоталитарлық құрылыс бір партиямен шектеледі яғни қоғамды жалғыз партия билейді;
3. тоталитарлық режимде бүкіл Бұқаралық Ақпарат Құралдарын (БАҚ) (өз) мемлекет өз (құр) бақылауына алады;
4. адамдардың тәртібін бақылап отыратын зорлық жасау жүйелерінің болуы. Осы мақсатты жүзеге асыратын лагерлер, гетто яғни қиын еңбекпен адамдарды сынау, сондай-ақ кінәсіз адамддарды жазалау шаралары жүзеге асырылады. КСРО-ға ГУЛАГ лагерін айтуға болады. Оған 1941 жылға дейін 53 концентрациялық лагер, 425 еңбек колониясы және кәмелетке толмағандарға 51 лагер болған. Осы лагер өмір сүрген кезде 40 млн-нан аса адам қырылған.
Тоталитарлық қоғамда репрессивтік аппарат болады. Репрессивтік аппарат негізінде тоталитарлық режим басшылары өздеріне оппозицияны болғызбауға тырысады.
Кезінде репрессивтік аппарат негізінде Қазақстандағы қаншама кінәсіз «сүт бетіндегі тұрған қаймақтарымыз» қырылды. Олардың қатарына С. Сейфулин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т. б. интеллигенция қауымы «халық жауы» деп аталып құрбан болды.
Сондай-ақ мұндай қоғам партияның демократиялық емес жолмен құрылуы, бір идеологияның үстем болуы, адамдардың саяси процестерден шетте қалуы, биліктің бір орталыққа бағынуы, демократиялық құқықтармен бостандықтарға жол берілмеуі, экономикаға, дінге, мәдениетке т. б. мемлекеттік монополияның орнауы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам принциптерінің болмауы мен сипатталады.
Режимнің бұл түрінде мемлекеттік биліктің орталығы диктатор және оның қарамағындағылардың қолында болуы мен айқындалады.
«Қырғи - қабақ» соғыс кезінде тоталитаризм концепциясы Батыс пен Шығыс арасындағы идеологиялық күрестің негізіг элементіне айналды. Сол кезде демократия мен тоталитаризмді өмірдің қарам-қарсы екі образы, екі мәдениеті ретінде қарастырды.
Батыстың көптеген зерттеушілері X. Арнедт («Истоки тоталитаризма» 1951), К. Фридрих пен З. Бзежинскийдің («Тоталитарная диктатура и авкратия 1956), Р. Аронның («Демократия и тоталитаризм» 1965) еңбектерінде тоталитаризм фенониміне ғылыми анализ жасаған. Мысалы, К. Фридрих тоталитаризмнің теориялық жағынан өзекті бес белгісін бөліп көрсеткен. Олар:
- Бір идеологияның үстемдігі.
- Бір партия билігі.
- Террористік жасырын полицияның болуы.
- БАҚ-тағы монополия.
- Экономиканың орталықтандырылуы.
Тоталитаризмнің өзіне тән белгілері мен қатар түрлері де бар. Олар:
- коммунистік тоталитаризм
- фашизм және социализм.
Коммунистік тоталитаризм тотаритарлықтың нақты көрінісі. Ол қоғамдағы экономикалық өмірді толық бақылауға алады, жеке меншік, индивидуализм ұғымдары жойылады.
1. 2 Саяси режим түрлері
Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси режимнің белгілері :
- Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.
- Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
- Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
- Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
- Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
- Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
- Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
- демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
- Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
- Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.
Тоталитарлық режимнің белгілері:
- Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйытқысы болады.
- Бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.
- Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.
- Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.
- Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады
Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды. Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлкет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрбылы, жұмыс істейді. Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы.
Республикалық референдум өткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы көп. Референдум мақсаты - адамды сайлау емес, мәселе шешу. Референдумға қойылатын мәселе азамат оған “иә” немесе “жоқ” деп бір жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып есептеледі. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық референдумді ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар “Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н. Ә. Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты - көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының Конституциялық соты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы және Саяси режимнің қоғамның саяси жүйесімен өзара байланысыСаяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін, оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
-мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтардың арақатынасы;
-жеке адамның бостандығының кепілі;
-қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты;
-халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі;
-ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,
-мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі;
-заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Мемлекетімізде қалыптасқан саяси-құқықтық режимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп, саяси шешімдер қабылданып отырады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының шығуы еліміздегі саяси-құқықтық жүйеге
Құқықтық мемлекетті модернизациялауда ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси-құқықтық болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси-құқықтық режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты.
Осы орайда біз мақаламызда Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық. Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген «биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық» туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.
Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына, оның саяси-құқықтық қырларының негізделуінде көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси-құқықтық модернизациялау іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі құқықтық саясатпен сабақтас, жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Бұл сол кезеңдегі саяси-құқықтық режимінің талаптарына балама ұсыныстар жасаған, қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған аз ғана тұңғыш заңгерлерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Модернизация мақсаты modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси-құқықтық жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым қатынас жүйесі деп есептейді.
Қоғамның саяси-құқықтық жүйесін модернизациялау дегеніміз - жалпы алғанда белгілі бір әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси-құқықтық жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz