Инфляция - экономикалық категория ретінде



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

I. Инфляция - экономикалық категория ретінде
1.1. Инфляцияның түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Инфляцияның себептері және онымен күресу жолдары ... ... ..9
1.3.Инфляцияның зардаптары және онымен күресудің
мемлекеттік бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІ. Қазақстандағы жұмыссыздық және оның әлеуметтік салдары
2.1. Жұмыссыздықпен күрес барысында ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...13
2.2. Қазақстанда жұмыспен қамтудың қазіргі теориясы ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Кіріспе.

Инфляция - айналамыздағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі.
Бұл күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестігінің бұзылуы.Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі дүниежүзілік ең өткір проблемаларының бірі.
Инфляция кезінде экономиканың даму үрдісі бұзылады; әсіресе гиперинфляцияның кезінде; өйткені баға үздіксіз өсіп тұрғандықтан фирмалар есеп-қисабын дұрыс жүргізіп жоспар жасай алмайды. Мұндай жағдай резеңке метр қолданғанмен бірдей; өйткені фирма пайда табатынын немесе зауал шегетінін алдын ала болжай алмайды. Жоғары жұмыссыздық жағдайы мен қатар бір мезгілде инфляция қатар дамиды. Бұл негізінен шығындар инфляциясында көрініс табады. Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі.
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әр түрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндірді.
Батыс мектебінің өкілдері XX-шы ғасырдың 30 - шы жылдарына дейін жұмыссыздықты - жалдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді; сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисті Кембридж университетінің профессоры А.Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан "Жұмыссыздық теориясы" кітабында баяндады. Алайда XX - шы ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.
Кез - келген жұмссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша адамды жұмыссыз деп есептегенде; ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай; өзінің абыройын да жоғалтады.
Біздің экономика әкімшілдік-әміршілдік жүйесінен нарықтық тәсілге көшуі жұмыс күшін босату процесін жеделдеттіреді. Нарық жағдайында нақты жұмыс орны енді ешкімге де кепілденбейді және еңбекті жалдаудың осы түрінің күшіне енуі шын мәнге ие болып; көптеген адамдардың мүдделеріне кәдімгідей әсер етеді. Осы уақытқа дейін бізде жұмыссыздықтың болмағандығы мойындалады және біз оны үлкен жетістікке санадық. Қазақстан Республикасында 1991 - ші жылы алғашқы рет жұмыссыздар тіркеліп; олар 4 мыңнан астам адамды құрады; оның ішінде
75 % - әйелдер болды. Ал, 2003 - ші жылы жұмыссыздардың арнайы тіркелген саны 499,0 мың адам болды.
Республикада алдағы жылдары тіркелетін жұмыссыздар саны бірнеше мыңға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл процеске мемлекет дайындалғаны жөн және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып; оны реттеуді үйренген дұрыс-ақ.
Жұмыссыздық бойынша ақы АҚШ-та жалақының 50% -ін құрайды; Жапонияда жұмыссыздардың жас ерекшелігі мен басқада көрсеткішіне байланысты 3 - 12 айдың жалақысының 60-80% құрайды, Францияда - 1-2,5 жылдағы жалақының 42% - құрап, қосымша күніне 40 франк төленеді, ал 3 жыл бойы ерекше ақы төленеді.
"Инфляция" АҚШ-та 1861 - 1865 жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде долллардың 60 % - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканы әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапының қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырды. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанын қарамай, төменгі бағалары сақталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы сақталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазір инфляцияның себептеріне: 30 - жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдрының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарды өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне инфляцияға жол берілді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) жатады. Ол үй шаруашылығының "тұтыну қоржынына" жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып, бағаның өсуі индексі негізінде анықталады. ТБИ Қазақстанда 1991 ж. бастап анықталды. "Тұтыну қоржыны" 275 тауарлар мен қызметтер түрін қамтиды. Бағаның құрылымы мен тұтыну тауарларының өзгеруіне байланысты ТБИ қайта қаралып, өзгеріп отырады. 1996 ж. шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір жанұя бюджетін зерттеу нәтижесінен келіп, "тұтыну қоржыныдағы" тауарлар мен қызметтер үлесі былай анықталынды: тамақ өнімдері - 62,6 % (бұрынғысы - 58,2 % болған), азық-түлік емес тауарлар - 23,2 % (30%); ақылы қызмет - 14,2 % (11,8 %).
Шартты түрде инфляцияны мынадай түрлерге бөлуге болады: глобалдығына қарай - локальдық, яғни жекелеген елдерде ғана орын алатын және дүниежүзінде; даму қарқынына қарай - төмен, бәсең, гиперинфляция және супергиперинфляция, яғни бағаның өсуі 5 % - дан аспайтын болса; циклдігіне қарай жылжымалы (бағаның біртіндеп өсуі), тұрақты сатылы.
Егерде инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты болса, онда бұл стагфляция деп аталады.
Инфляция процесінің Қазақстандағы дамуы да осы көзқарасты куәландырады. Айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырды. Осылайша 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 845 % және 125 % ; 1995 жылы - 216 % және 160 % құрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді, ал осы жылғы Қазақстандағы инфляция деңгейі 8,9% құрады. 1
А.Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р.Липси жасады. Бұдан әрі американ экономистері П.Самуэльсон және Р. Солоу Филлипстің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы ставкасын тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі парметрлердің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р 1 келеді) төтенше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша - несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, Бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Р2 - ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың "қызып" кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.
Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда (5 - 10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.
Бұлардың ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру мәселесінбөліп көрсету керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді "қайта күту" дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляцияның өсуі (мұнымен байланысты номиналды жалақының өсуі) жұмыссыздықты азайту мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалқының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды бірте-бірте азайтса, үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін ұсынбайды.
Мұндай өзара тәуелділікке американ экономисі М.Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен "толтыру" тиімсіз деп көрсетті. Сонымен, халық өзінің "жалған күтуін" сезіп, номиналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбекті ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуінен жүреді.
Филлипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Бұл теорияның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздық дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар, мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт инерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді.2

Ι. Инфляция - экономикалық категория ретінде.
0.1. Инфляцияның түсінігі мен түрлері.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен; қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - inflatio - (вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла басталды. Экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен; ол тек ақшаға тән "ғажайып" құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Инфляция - негізінен қағаз ақша айналымына ғана тән құбылыс жөнінен ол айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарының құнсыздану процесі.
Осы айқындаманың сырттай қарапайымдылығына қарамастан инфляцияның іс жүзіндегі дамуы көптеген факторларға тәуелді өте күрделі процесс екендігін де есекру керек. Ол мемлекет өзінің өсе келе түсіп отырған шығындарын қағаз ақшалары эмиссиялау (шығару) жолымен жабуға ұмтылуы сияқты, теріс экономикалық саясаттың да салдары болуы мүмкін. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірісті дамытудағы тұрақты сәйкессіздіктері (пропорцияның жоқтығы) салдарынан да орын алуы мүмкін "бағалық" ауыртпалығын күтуі де, кәсіподақтардың еңбекақыны арттыру жолыдағы күресі және тағы басқа да көптеген жайлар да әсерін тигізеді. Осынау бөлекше құбылыстың мәніне көз жеткізу үшін инфляцияның түрлері және дамыту қарқынына қарай бөле білу қажет.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетше, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шағындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынына жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10 % - тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, Кейнсилер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік берді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция - тұсында бағаның өсуі 20 - дан 200% - ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады. 1
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін бідіреді.
Инфляция балансталған, тепе-теңдекті болуы болуы мүмкін, яғни бағаның өсуібаяу және барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны "жоспарлайды".
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуінен сипатталады, ол ақаша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қйындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жағдайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі орындатып, бағаның өсуін өршітеді.
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әртүрлі себептерін атайды.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатысының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттілктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек ақшаға тән "ғажайып" құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эвивалент деп қарастыруда жатыр.
Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның өсуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девольвациялануы мен револьвациялануына, рынок конюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз. Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінң бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкінен заем арқылы қаржыландырылса, онда айналыста "ақша станогы" белсенді пайдаланылса, онда аналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін МV = РО еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдай да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери асеигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жолын өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өндімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңа йуақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бғаны билейді. Ологопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін омегополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстық сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында "импортық" инфляцияның қауіпі туады.
Бесіншіден, инфляция өзін-өзі дем беретін сипат алады, ол "инфляцияны күту" нәтижесінде орын алады. Батыс елдердің көптеген экономистері және біздің елімізде де факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті. Инфляциялық күту жағдайындағы эканомикаға ықпал етудің механизімі қандай? Баға денгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбешілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағыда өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей эканомикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс денгейінен ғана емес, инфляцияны күткен денгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан алуан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
1.2. Инфляцияның себептері және онымен күресу жолдары.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдрламасы жүзеге асырыа бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы манеер жасау мүкіндіктерін тарылтады.
Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктердің ақша - несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді. Ақша - несие саясаты экономикаға ысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданды. Өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляция мен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша инфляцияны 1 % - ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2 % жоғарылатады, ал нақты ЖҰӨ - ні 4 % кемітеді.
Бақылаудан шыққан инфляцияны ауыздықтау үшін біраз елдердің үкіметтері баға мен табыс арақатысы деген саясатты жүргізуде. Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу. Бұл саясат инфляция мен күресте рыноктық стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстанғандықтан туындайды және ол алға қойған мақсатқа әрдайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық шараларды қатар қолдану жалпы экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныспен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кейнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Алайда, олармен бір мезгілде өндіріс те қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Ал екінші бағыт өкілдері экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді.
Ақша-несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. Өйткені, экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша инфляцияны 11 %-ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2 % жоғарылатады, ал нақты ЖҰӨ - ні 4 % -ке кемітеді.
Бақылаудан шыққан инфляцияны ауыздықтау үшін біраз елдердің үкіметтері, баға мен табыс арақатысы деген саясатты жүргізуде. Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу. Бұл саясат инфляциямен күресте рыноктық стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстағандықтан туындайды және ол алға қойған мақсатқа әрдайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық шараларды қатар қолдану жалпы экономикалық реттеуді тиімсіз етеді. Қорыта айтқанда қазіргі инфляция сан қилы, көп факторлы күрделі процесс, ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келтіреді.
1.3. Инфляцияның зардаптары және онымен күресудің мемлекеттік бағдарламасы
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтәік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шарқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын, бүркемелеп, ішікі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді. 4
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқыны қызметкер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешімді. Мысалы, АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады (жалақыны индекстеу және т.б.).
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кенйнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда солармен бірге бір мезгілде өндіріс те қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұқмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Елбасы жыл сайынғы Жолдауында жалпы қаржы жүйесінің алдына мынандай міндеттер қойды:
-инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге эканомикалық өсуді ынталандыру;
-ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру;
-компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестері шамалы инвесторлардың, акционерлік және құрылтайшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын әзірлеу;
-мемлекеттік жєне жалпы сыртқы борышты басқарудың тиімді жүйесін құру.
2012-2013 жылы инфляция деңгейі 6-7% болса, 2012-2013 жылы инфляция қарқыны мейлінше жоғарылады. 2013 жылы инфляция 7,5% деңгеінде қалыптасса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 8,9%-ға дейін көтерілді. Бұл үрдіске себепші болған факторлардың негізгісі жиынтық сұраныстың, яғни үй шарушылығының, кәсіпорындардың, мемлекеттің сұранысының едәуір өсуі болып отыр. Сонымен бірге, бұл жиынтық ұсынысты, яғни ішкі өндірісті және импортты кеңейту қарқынынан асып отыр. Осы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өсу қарқынында туындап отырған "айырма" бағалар деңгейінің өсуіне әкеліп соғады. Экономикалық жалақы еңбек өнімділігінен жылдамырақ өсуде. Тұтынушылық және инвестициялық сұранысты қыздыратын бюджет шығыстары өсуде. Экономиканың барлық субъектілері кірістерінің өсуі нәтижесінде ақшаға деген сұраныстың ұлғаюы секілді инфляция факторын (монетарлық факторлар ) атап өтпеске болмайды. Ақша ұсынысының тиісінше ұлғаюы банктердің экономиканы кредиттеуінің ұлғаюымен және шетелдік капиталдың келуімен қамтамасыз етіледі, бұл нәтижесінде ақша агрегаттарының өсуіне әкеледі. Қазақстанға шетел валютасын әкелуге және, тиісінше, экономикада ақшаның өсуіне екінші деңгейдегі банктерге сыртқы нарықта қарыз алу көлемдерінің өсуі, сондай-ақ әлемдік бағалардың, әсіресе мұнай бағасының өсуі себепші болады. Осы факторлардың инфляцияға қайсысының көбірек, ал ағымдағы сәтке қайсысының азырақ ықпал ететіні дәл анықтау іс жүзінде мүмкін емес. Бұлардың барлығы инфляцияға ғана ықпал етіп қоймайды, олар өзара да тығыз байланысты. Сондықтан инфляцияны жоғарылауы Қазақстанның тез өсіп келе жатқан экономикасындағы үрдістердің көрінісі болып табылады. Бюджеттің әлеуметтік шығыстарының көбеюі өмір сүру деңгейін, демек, халықтың тауарларға және көрсетілген қызметтерге сұранысын да арттырды. Бірақ бұл жағдайда әсірелеудің қажеті жоқ. 2012 және 2013жылғы тәжірибе көрсеткендей, тұтыну бағаларының өсуі бюджеттің әлеуметтік шығыстарының ұлғаюынан емес, оның төңірегіндегі даурығудан туындап отыр. Сатушылар кірістерін арттыру мақсатында бағаны көтере бастайды, ал сатып алушылар болашақта кірістерін арттыру үшін сатып алуын көбейте бастайды. Инфляцияны күту жағдайы туындайды. Бұл табиғи үдеріс. Бірақ биылғы жылы, біздің ойымызша күтілетін жағдайлар қолайлы қалыптасып отыр, яғни бағаны күрт және негізсіз көтерілуі байқалмайды.Кәсіпорындардың табиғи монополистердің қызмет көрсету құнының жоғарылауына келсек, онда басқа нарықтарды тауарлардың және қызмет көрсетулердің бағалары да түзетілуі мүмкін.
2.Қазақстандағы жұмыссыздық және оның әлеуметтік салдары.
2.1. Жұмыссыздықпен күрес барысында
Бүгінгі таңда біз экономикалық өсу кезеңін бастан кешіп отырмыз. Экономиканың хал-ахуалының кіріктірілген көрсеткіштері немесе оның макрокөрсеткіштері бізге жақсы мәлім. Бұлар атап айтқанда ЖІӨ, елдің оңды төлем балансына қол жеткізу, қаржылық тұрақтылық, инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі.
Алайда Премьер-министрдің өз баяндамасында атап көрсеткендей, бұған экономиканың экстенсивті дамуының нәтижесінде қол жетті. Ал дамудың басқа жолы еңбектің тиімділігі мен өнімділігі критерийлеріне көшуді қалайды. Бұл мәселе Үкіметтің 2012-жылдарға арналған бағдарламасында алдыңғы қатарға шығып отыр. Бұл - өндіріс шығындарының кемуіне, тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының төмендеуіне, еңбекақының соған сәйкес өсуіне, сондай-ақ, жалпы сұраныстың. Соның ішінде ішкі сұраныстың өсуіне жол ашатыны белгілі.
Бірақ біз, экономиканың шынайы жағдайын сипаттайтын пара-пар көрсеткіштерді таңдап алмай жатып, экономикалық өсімнің басқа критерийлеріне көшуге дайынбыз ба?
Жұмыспен қамту деңгейінің көрсеткіштеріне келер болсақ, бұо көрсеткіш өкінішке қарай, Үкіметтің бағдарламасында орташа мерзімді кезеңінде қол жеткізу межеленіп отырған мақсатты индикаторлар құрамына енгізілмеген. Біз жұмыспен қамтудың деңгейіне көп назар аударуымыз қажет. Себебі өндірістің негізгі тұтқасы жұмысшы, ол өндірістің экстенсивті немесе интенсивті негізде өсуінің базалық реттегіші болып табылады да, экономикалық дамудың кіріктірілген көрсеткіштерінің ішінен 4 негізгі көрсеткішті бөліп алып қарастырады. Бұлар өндірудің өзгеруінің жұмыспен қамтудың, бағалар жиынтығы мен инфляцияның деңгейлері. Классиктер оларды шаршының магиялық бұрыштары деп атаған. Кез келген экономика өзінің дамуында табиғат және адам ресурстарына сүйенеді, ал қалғандарының бәрі солардан туындайды.
Іс жүзінде Үкіметтің бағдарламалары мен жооспарларының макроэкономикалық көрсеткіштерінің базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткішінің болмауы - экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болады.
Осы айтылғандарды ескере отырып, экономистер мыналарды ұсынады:
1.Басымдықтардың дәрежесін сақтай отырып (ең алдымен макроэкономикалық саясатты, срдан кейін еңбек нарығындағы саясатты), жұмыспен қамтудың шын мәніндегі рөлі мен маңызын қалпына келтіру қажет.
2.Жұмыспен қамту саласындағы саясат мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы жүйесімен кіріктірілуге тиіс (жұмыспен қамту көрсеткішін Үкімет Бағдарламасының мақсатты индикаторларының құрамына қоса отырып).
3.Жауакершілікті тұтастай алғанда Үкіметке және атқарушы биліктің жекелеген құрылымдарына жүктеп (қажет болған жағдайда жекелеген мемлекеттік және салалық бағдарламаларда жұмыспен қамту деңгейінің индикативтік көрсеткіштерін белгілей отырып), жұмыспен қамту саласындағы істің жақсартылуын дамудың жалпыұлттық сіндеті ретінде заң жүзінде тану қажет, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі тиімді өндіріс жағдайында жекелеген кірістерді тұрақтандырып қана қоймай, сонымен бірге қоғамның жалпы кірісінің өсуін қамтамасыз етеді.
4.Әртүрлі министрліктердің, ведомстволардың еңбек саласының
жай күйі үшін функциялары мен жауапкершіліктерін институционалдық- ұйымдық құрылымға сәйкес бір деңгейде және жоғардан төменге дейін ретке келтіру қажет.
Үкімет талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезінде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік - экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары, әдетте, ЖІӨ-нің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне электр қуатын жетікізушілер бағасының өсу серпініне халықаралық валюта қоры несиелерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде қалады. Ал шын мәнісінде жұмыспен қамту саласындағы қатынастар әлеуметтік - экономикалық және қаржылық қатынастардың барлық кешенінің нарықтық қысымының ықпалымен дамыды. Оның үстіне макроэкономикалық ілгерілеушіліктер жұмыспен қамтуға әр кезде қолайлы ықпал ете қойған жоқ. Сондықтан да мұндағы жағдай өте қарама- қайшы.
1. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер жұмыспен қамтылғандардың құрылымындағы өзгерістерге әкеп соқты және еңбек қатынастарын қайта қаруға ынталандырды. Бұл, өз кезегінде, жұмыс күшінің артуын жылдамдатып, ресми емес жұмыспен қамтудың кеңеюіне ұласты. Мемлекет тарапынан бақылаудың әлсіреуі (халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуы) әлеуметтік әріптестік қатынастар дамымай отырған кезде жұмыс берушілердің, ең алдымен, еңбекақыны уақытында төлеу, жұмыс уақытының режимін сақтау, жұмысқа орналастыру орталықтарына бос орындарды ұсыну жөніндегі жауапкершілігінің төмендеуіне әкеп соқты.
2. Еңбекке деген сұраныстың азаюы нарықтық экономиканың жаңа салаларында тиісті жұмыс орындарының ашылуына ұласпады. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі төмен өндірістік емес салалрда жұмыспен қамтудың артқанын атап өту қажет. Ал ғылымды және ғылыми еңбекті қажет ететін салаларда жұмыспен қамтылғандардың үлесі төмендегені байқатады.
3. Жұмыс күштерінің салалар арасында ауысуы зиялы жұмыс күшінің ғылыми ауыр еңбекті қажет ететін кәсіпорындардан, ғылыми мекемелер мен басқару салаларынан нарықтық қатынастардың ілгері басқан салаларына (несие, бағалық қағаздар, сақтандыру саласы) келуіне әкеп соқты.
Экономикалық өсу байқалып отырған бүгінгі таңда басқару саласы кадрларға зәру болып отыр. Ал жұмыс күшінің көбею факторы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың кәсіптік, салалық және аймақтық сегменттегі жалпы теңсіздігін білдіреді. Осы фактордың бірқатар ерекшеліктері бар, ол ашық және жасырын жұмыссыздық түрінде болады; еңбек өнімділігінің төмендеуі жағдайында ұлғаяды; жұмыспен қамтуды реттеудің жағымсыз тәсілдерінің белең алуының салдарынан еңбекке деген ынта төмендейді. Мысалы, атаулы көмек ұсынудың әдістемесі жұмыспен қамтудың негізгі мақсатына қайшы келеді.
4. Сегменттер арасындағы объективтік және субъективтік себептерге байланысты, рынокты тұрақты сегменттеуеңбек нарығы саясатының проблемасы болып отыр. Соңғы бес жылдан бері жұмысқа орналастыру органдарында жұмыссыздардың жалпы санының үштен бірінен кемі ғана тіркелуде (2002 жылдың қаңтарына дейін 780 мың жұмыссыздың 216 мыңы ғана тіркелген). Осы сандар еңбек нарығының шынайы процесін, оның тенденциялары мен жай-күйін әр кез бейнелей алмайды. Алайда, бірде бір мемлекетте бүгінгі таңда еңбек нарығының барлық сегменттеріне қажетті талдау жасалмайды, соған орай, жұмыспен қамту саясатына өзгеріс енгізіліп отырмайды. Оның өтпелі кезең мен экономикалық өсу кезеңі үшін біркелкі болуы мүмкін емес. 6
Жұмыспен қамту саласында қолданылатын саясатқа жасалған талдаудан 2012 жылдан бастап жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарлама шеңберінде іске асырылуда. Оның күші 2013 жылы аяқталатыны, оған жауапты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі екені белгілі. Осы бағдарлама жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды, оларды кәсіптік дайындауды және қайта дайындауды кәсіптік машықты талап ететін қоғамдық жұмысқа қатыстыруды, жұмыс орындарын, оның ішінде салалар мен қызмет түрлері жөнінде облыстар бойынша индикативтік көрсеткіштерді қамтиды. Бағдарламаны іске асыру белгілі бір дәрежеде жұмыссызыдқтың деңгейіне, жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға ықпал етті. Шын мәнінде жұмысқа қамту саясатының ауқымы еңбек нарығындағы саясаттан анағұрлым кең, ал еңбек нарығындағы саясат болса жоғарыда аталған Бағдарламадағы сапалық көрсеткіштерден ауқымды.
Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру, оның құнын арттырып, сапасын жақсарту саясаты маңызды өлшемдері мемлкеттік реттеу шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек нарығындағы саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс қалып отыр.
Осының нәтижесінде, экономикада құрылымдық алғабасушылық тежелуде, еңбек өнімділігі төмендеп, адамның тиімді еңбекпен өзін және отбасын қамтамасыз ету мүмкіндігі азаяды.
Атаулы әлеуметтік көмек туралы заңның енгізілуіне орай, мұның өзі, адамды тиімді еңбекке емес, масылдық өмірге итермелейтін заң болып шықты. Осы аталған заңның әдістемесі жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілмеген. Сондықтан ада халық арасында осы заң асыраушы заң деген атқа ие болды.
Жағдайды ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасы арқылы реттеуге әрекет жасау, шағын шаруашылығы болғандықтан өз күндерін өзі көріп жүрген ауыл тұрғындарына, көп балалы аналарға атаулы көмек беруден бас тартқызды. Заң шың мәнісінде солар үшін жазылса да, ол іс жүзінде олардың тірлігіне қарсы жұмыс істеп отыр.
Саясатты институционалдық - ұйымдық реттеуде елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. 1997 жылы жұмыспен қамтитын және еңбек пен халықты әлеуметтік қорғаумен шұғылданатын екі орган біріккен кезде, бұл шара өтпелі кезеңге байланысты дұрыс деп табылды. Осы бірігудің нәтижесінде әлеуметтік төлемдер жөніндегі қарыздарды өтеу, төлемдерді тағайындау мен қайта қарау мәселелеріне көбңрек назар аударылды. Осыдан барып, орталық орган алушы мен мемлекеттік бюджеттің ортасында делдалдық рөл атқара бастады.
Қазіргі уақытта орталық органның штатындағы 140 қызметшінің 100-ден астамы пассивтік саясатпен (зейнетақы, жәрдемақылар мен көмек көрсету мәселелерімен) және тек 5 пайызы ғана кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның шеңберінде белсенді саясатпен шұғылдануда, 14-і еңбек инспекциясы және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселеллерімен айналысады. Әдетте, соңғылардың (инспекциялар мен әлеуметтік әріптестік) басымдықтары, өз кезегінде, жалпыэкономикалық саясатпен үйлестіруге тиісті жұмыспен қамту саясаытынан туындауға тиіс. Тиісінше, еңбек қатынастарының сапалық дамуына қол жеткізу, сәйкес нормалау әлеуметтік әріптестердің жаппай қатысуының негізінде ойдағыдай және еркін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және инфляция туралы
Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі рөлі
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi жайында
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi туралы
Ақша айналымы мен оның құрлымы
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Пәндер