ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
1.1
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілін оқытудың әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілі сабақтары арқылы оқушылардың тілін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ
2.1
Қазақ тілі сабақтары арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеуін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2
Қазақ тілі сабақтары арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеуін дамытуда тиімді әдіс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ІV
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 24
V
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру - жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі.
Қазақ тілі пәнінің маңыздылығы оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретуімен, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен айқындалады. Өйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне байланысты.
Қазақ тілі пәні бағдарламасының мақсаты - тілдің функционалдық және коммуникативтік қызметі арқылы қоғамдық-әлеуметтік ортада тілдік қатынасты жүзеге асыратын жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау.
Қазақ тілі пәні бағдарламасы:
- тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұмат алуға;
- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану арқылы коммуникативтік, оқу, әлеуметтік - тұрмыстық, ақпараттық - коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға;
- өмірде қажетті тілдік дағдыларды игеруіне көмектеседі.
Қазақ тілі пәнінің негізгі міндеттері:
- тілдік ойлауы мен сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту;
- түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдану;
- оқушылардың тілдік дағдыларды игеру арқылы сыни ойлау мен жазуға жетелеу;
- тілдік дағдыларды әлеуметтік-тұрмыстық ортада еркін қолдана білуге жетелеу;
- құрмет, ашықтық, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру, өмір бойы білім алуға баулу;
Тіл дамыту - сөйлей, жаза білу, ойды байланыстырып айту, сөйлем кұрай білу, сөздік корды молайту, жеке дыбыс, сөз, сөз тіркестерін дұрыс айта білу мен тығыз байланысты.
Ауызша сөйлеу кезінде актив және пассив сөздер болып екіге бөлінеді. Актив сөздер дегеніміз күн сайын жиі қолданылатын сөздер болып табылады. Пассив сөздер дегеніміз сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болып табылады [1, 4б].
Зерттеудің мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдістеме элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін дамыту, сондай-ақ оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашылығын, танымдық қасиеттерін жетілдіру, әдеби сөйлеу арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар пән мұғалімінің жүргізетін жұмысын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, мәтінмен жұмыс жасау әдістемесін жетілдіру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Мәтін бойынша тапсырма түрлері арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларын (диалог, монолог, еркін пікірталас түрінде) және жазу тілінің интесивті түрде белсенділігін арттыру әрі дамыту;
2. Сөздік қорын кеңейту;
3. Тілдік құбылыстарға, сонымен қатар жалпы өмір құбылыстарына интеллектуалды талдау жасау дағдыларын жетілдіру;
4. Тілді дамытудағы, меңгертудегі қиындықтарды жеңудің тиімді әдістерін қалыптастыру;
5. Сабақтың тиімділігі мен пәрменділігін арттыру жолдарын айқындау;
6. Қазақ тілін оқытудың ғылыми негіздерін белгілеу;
7. Тіл дамыту жұмыстарының түрлері мен мазмұнын айқындау;
Зерттеудің болжамы: Егер тұлғаның танымдық қабілеттері және танымдық үдеріс.
* тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өзін-өзі белсенді етуге, өзін-өзі тануға, қарым-қатынас жасауға ұмтылуға, ойын дамытуға, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталса;
* белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) қалыптастырып, дамытуға бағытталса;
* пән мұғалімі мен оқушылардың жұмыс жүйесі тиімді қарым-қатынас арқылы педагогикалық ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылса, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әдістемелік жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың тілді білу деңгейі жоғарылап, пән мұғалімінің оқушыларымен жүргізетін жұмыстарының тиімділігі артады.
Зерттеудің әдістері: курстық жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің маңызы: бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушыларға ауызекі сөйлеуін дамытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістмесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің пәні: бастауыш мектепте оқушылардың ауызекі сөйлеуін дамыту.
Зерттеудің обьектісі: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту үрдісі.
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
1.1 Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілін оқытудың әдіс- тәсілдері
Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру - жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі.
Қазақ тілі пәні - білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі болып табылады.

Қазақ тілі пәнінің басты бағыты - тіл арқылы оқушының ақыл-ой қабілеті мен тілдік эстетикалық талғамының дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, коммуникативтік дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына іргетас қалай отырып, өздігінен білім алуына мүдделілік туғызу.
Қазақ тілі пәнін оқытуда негізгі басымдылық коммуникативтік дағдыларды, сөйлеу әрекетінің төрт түрін - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, оқудағы және жазудағы функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталады.
Қазақ тілі пәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әр түрлі мәселелерге деген көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын ұғынады.
Қазақ тілі пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білуіне көмектеседі.

- тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика, орфография) игеруін қамтамасыз ете отырып, тілдік-коммуникативтік білігі мен дағдыларын дамытуға ынталандыру;

- тыңдағанын, оқығанын, түсінгенін, ойлағанын ауызша және жазбаша жоспарлай алуға, әсерлі және жинақы түрде бере білуге, талдау, салыстыру, жинақтау, бағалауға дағдыландыру;
- оқушыларды тілдік дағдыларды игеру арқылы сыни ойлау мен жазуға жетелеу;
- мәтіннің құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін талдап, мәтінге интерпретация жасау арқылы ойларын ауызша, жазбаша еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру;

- оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, тілдің маңыздылығы мен эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы тілді құрметтеу және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;
- құрмет, ашықтық, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру, өмір бойы білім алуға баулу.
Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының тіл туралы білімін толықтырып, игерген тілдік дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас құралы ретінде қолдануын қамтамасыз етедi.

- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану арқылы коммуникативтік, оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға;

Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Қазақ тілі пәні бойынша әр сыныптағы сағат саны:
Сынып
Апталық сағат саны
Жылдық сағат саны
2-сынып
4 сағат
136 сағат
3-сынып
4 сағат
136 сағат
4-сынып
4 сағат
136 сағат
Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар жылжытуға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы орындар болуы қажет.
Қазақ тілі пәнін сапалы, тиімді оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:
техникалық құралдар: проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта; офистік құрылғылар: (компьютер, принтер, сканер, құлаққаптар және ноутбуктер) шектеусіз интернет; дыбыс жазу құралдары: диктофон, микрофон, бейнекамера, сандық фотоаппарат, жылжымалы маркерлі тақталар;
Кеңселік тауарлар: түрлі-түсті қағаздар, флип-чарт, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары; фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар; еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б;
Жиһаздар: Жазу бұрышы және Оқу бұрышына арналған диван, кілемшелер, орындықтар, дөңгелек үстелдер, жылжымалы кітап сөрелері;
Дидактикалық және қосымша үлестірме материалдар: суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, аудио, бейне-материалдар, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.); анықтамалықтар (түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер); энциклопедиялар; грамматикалық кестелер жинағы; ұлттық қуыршақтар (сахналық көріністер үшін); мамандықтарға байланысты костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.
Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер:
ҚР жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) білім алу жолдарын білетін, өз бетімен білім алуға ұмтылатын, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы мен жауапкершілігі жоғары, өзіне сенімді, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
oo оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
oo зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
oo жүйелі - әрекеттік тәсілдеме;
oo дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
oo дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).
Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
oo мұғалім мен оқушының субъект-субъектілік дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
oo оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;
oo оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;
oo ойын әдісі;
oo оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы қолдау жасау;
oo сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
oo ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
oo тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;
oo оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
oo оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
oo оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);
oo оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);
oo оқыту барысында не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім? түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.
Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек [1, 4б].
Қазақ тілін тиімді оқытудың алғышарты - ұстаздардың әдістемелік ұсынысы арқылы әртүрлі әдіс-тәсілді пайдалану нәтижесінде тәжірибе жинақтай отырып, оның тиімді жақтарын өз тәжірибесіне енгізу.
Тиімді оқытудың негізгі бір шарты - білімнің мазмұнын дәл тиімді анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.
Қазақ тілі пәнін терең меңгертуде тіл дамыту жұмыстарының атқаратын маңызы өте зор. Тіл дамыту сабақтарын сапалы жүргізу оқушы тілін ұштай түсетіні анық. Бұл жайында педагогика ғылымының докторы Н. Құрманова былай дейді: Тіл дамыту оқушыға берілген теориялық материалды практикалық қажеттіліктерімен, арнайы ұйымдастырылатын түрлі тілдік ситуациялармен, сөйлеу жағдайларымен байланыстыра отырып, жаттығулар орындату. Тіл дамытуда ситуациялық жаттығулар мен іс-қағаздарын, стильдердің ерекшеліктерін меңгертуге басым назар аударылады. Әрине бұл жағдайларды күнделікті сабақ барысында тиімді қолдану үшін икемділік пен дағдылық білім жүйесін танып, білу қажет.
Тіл дамыту жұмыстарының бір ерекшелігі - оқушыларға тілдік заңдылықтар туралы тиянақты мағлұмат беріп, оны оқу әрекетінің барлық сатыларында дамытып отыру тиімді. Мысалы, тілдің қоғамдық рөлін, сұлулығын, байлығын, даралық сипатын түсіндіріп, белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдар мен ойшылдардың нақыл сөздеріне талдау жасату керек.
1. Дидактикалық мәтіндерді іріктеп, ондағы ой жүйесін қорытындылауға баулу;
2. Тіл сөз құдіреті жайында халық ауыз әдебиеті үлгілерін, мақал-мәтелдерді жинату;
3. Тіл туралы оқушының ой-пікірлерін, толғаныстарын жаздыру секілді жұмыс түрлерін ұсыну оқушының білімін арттырады.
Тілдің даму үстінде болатыны, оның ішкі заңдылықтары да оқушы назарынан тыс қалмауы тиіс. Әр ұрпақтың сөздік қорының өзгеруімен, яғни тіл өзінің негізін сақтауымен бірге, ішкі алмасу, жаңару сипатына ие болатыны жөнінде, лексика, морфология тарауларын өткенде мол мағлұмат беріледі.
Сондай-ақ тілдік бірліктердің өзара байланыстылығына, бір-біріне тәуелділігіне, яғни тілдің күрделі құбылыс екеніне оқушының назарын аударудың маңызы зор. Мәселен, дыбыс - морфема мен сөзде, сөз - сөз тіркесі мен сөйлемде, сөйлем мәтінде қолданылатынын, осылай тізбектеле орналасуының өзінде ерекше заңдылық бар екенін білу оқушының білімін тереңдетумен бірге, сөзді орнымен қолдануға үйретеді. Оқушылар сөздегі әр дыбыстың грамматикалық, лексикалық мағынаны түрлендіруге негіз болатынын таниды, екінші жағынан, сөз тудыру, форма түрлендіру және сөздердің бірігуі сол сөздің лексикалық мағынасына тәуелді болатынын біледі. Мәселен, лексика тарауын өткенде, тілдік хабардарлықты басқа тараулармен қалай сабақтастыруға болады?
Мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің лексика тарауы өзге тараулармен тығыз байланыста қайталанып отырылатын өзекті сала. Себебі, мұнда тілдің негізі - сөз туралы, оның басты белгісі - мағынасы жөнінде жан-жақты айтылады.
Кез келген теориялық білім мазмұнында тілдің құрылымы мен қызметі жайындағы білімдердің жиынтығы берілуі тиіс. Мұндай білім екі түрлі қызметті атқарады: бірі - оқушының тілді қолдану өрісін кеңейтсе, екіншісі, тілдік іскерлік-дағдыларды қалыптастырады. Яғни теориялық білім мен тілдік тұжырымдарды практикалық тұрғыда қолдану нәтижесінде сабақтың түпкі міндеті жүзеге асырылады. Сондықтан лексика тарауы бойынша өтілетін тақырыптар үстірт түсіндіріле салмай, оқушының тілін дамытуын, сөздік қорын байытуда, әдеби тіл нормаларына сай болуын ескерту жөн. Бала өтіліп отырған тақырыпты дара қалпында қабылдамай, тілдік жүйедегі орнын, басқалармен байланысын, әрі тұтастың бөлшегі ретінде қызмет ететінін бағамдайды. Мұндай лексикалық байланыссыз ешқандай тілдік ұғымды игертуге болмайды.
Оқушылардың тіл білімі жөніндегі түсінігін қалыптастыру дегеніміз - балаға тіліміздің ғылым ретіндегі даму үрдісін, жүйелілігін, атқаратын қызметін түсіндіру болып саналады. Мұның өзі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылып беріледі. Оқушы әрекетіне түрткі болып, оны білімге талпындыратын негізгі тетіктер - пәнге деген қызығушылық, білімге деген қажеттілік бір-бірінен туындап отырғанда ғана түпкілікті нәтижеге жеткізеді [2, 12 б].
1.2 Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілі сабақтары арқылы оқушылардың тілін дамыту
Елбасы Н.Ә.Назаpбаевтың: Қазақ тілін, әдебиетін дамыту дегеніміз -гуманитарлық тұрғыда қуатты қаpуды шыңдау, қоршаған оpтаны парықтап, бағалаудың біp құpалын жетілдіpу деген сөзі тіл мамандаpына бағыт - бағдаp іспеттес. Оpтақ мүддеміз де - осы [3, 7б].
Қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушылаpға қазақ тілін меңгеpту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын аpттыpу, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәpежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұpпын, таpихын танып талаптандыpу, тілін құрметтеуге тәpбиелеу, сонымен қатаp Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс тіpшілігімен жан-жақты теpең таныстыpу. Оқушылаpды қазақ тілін оқу баpысында мұғалімнің қойған сұpақтаpын түсініп, оған жауап беpуге, үйpенген сөздеpін дұpыс айтуға, әсіpесе, құpамында қазақ тіліне тән дыбыстаpы баp сөздеp мен сөз тіpкестерін дұpыс қолданып, сөйлемді дұpыс құpуға үйpету қажет.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажетті. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын әзірлеу керек. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген педагогикалық әдістемелерді қолданып, оңтайлы жетістіктерге жетуге болады.
Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн болып табылады. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушыларының білім деңгейінің өсуін байқауға болады. Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат - тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат - оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.
Тіл дамыту - тіл үйретудегі қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Мұндай көзқарасты ғалым З.Ш. Есназарова ұсынып, тиімділігін өз еңбектерінде дәлелдеп жүр. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем - байланыстыра сөйлеудің бастапқы алғы шарттары. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Басқа да әдістемелік әдебиеттерге назар салсақ, сөзді меңгеруде тақырыптық жүйенің дұрыстығын айтады. Яғни, әр түрлі лексикалық тақырыптарға байланысты айналаны, қоршаған ортаны бейнелейтін, танытатын сөздерді меңгерген ұтымдырақ. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.
Оқушылардың меңгерген сөздік қорларын бекітіп, білімдерін молайтып, сауатты да мәдени-эстетикалық деңгейде сөйлесе алуға үйретуге болады. Сөздік қордың бір жүйемен жүргізілуі, оның тоқсан сайын, жыл сайын артып отырылуы көзделу қажет. Оқушы әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп, оны сабақ барысында бірнеше рет қайталап, жазбаша және ауызша жұмыс түрлерімен байланыстырып, санасына берік сақтаса ғана ол сөздік қорына енеді.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор.
Тіл дамыту жұмыстарында сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін орфографиялық, синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйрету де артық болмайды.
Тіл үйрету - ол иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс. Алайда, қандай да бір құбылыс болмасын оның қажеттілігі байқалмайынша жүзеге аспайтыны анық. Олай болса, мемлекеттік тіл қазақстандық басқа ұлт өкілдерінің қажеттіліктеріне айналмайынша, олардың тілді үйренуі кешеуілдей беруі ықтимал.
Мемлекеттік тілдің іргетасын қалау бастауыш мектептен басталуы әбден заңды. Демек, мектептің оқушыларға ұсынатын білім беру материалдары осы заман ғылымының дәрежесі мен талабына сай болу керек. Соңғы жылдары білім беру үрдісінде бой көрсете бастаған ғалым М.Жанпейісованың модульдік технология әдісі бойынша қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету тиімді әдістердің бірі екенін өмір өзі дәлелдеп келеді [4,12б].
II ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ
СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ
2.1 Қазақ тілі сабақтары арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеуін дамыту
Тіл - сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар қазақ тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру қазақ тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы қазақ тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Қазақ тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және қазақ тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады.
Тіл қарым-қатынас құралы, ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы [5, 8б].
Сөйлеу дегеніміз - тіл арқылы ойдың басқа біреуге жеткізілуі. Ал сөйлем - ең басты тілдік бірліктердің бірі, толық коммуникативтік қызметі бар синтаксистік бірлік - деп жазады тілші, ғалым К.Аханов өзінің Тіл білімінің негіздері атты кітабында [6, 12б].
М.Жұмабаев: Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа шығара аламыз деп жазады . Сөйлеу қалай пайда болады? - деген сауалға тоқталатын болсақ, жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп өзара ұғысады. Сөйлеу дегеніміз - тілдік материалдар арқылы жүзеге асу, тілдік заң ережелеріне, тілдік нормаға бағыну. Сөйлеу - әрекет, сөйлеу - тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.
Сөйлеу тілінің дамуы - өте күрделі процесс. Ол оқушының психикалық дамуына, әсіресе ақыл - ойының дамуына тікелей байланысты. Тірі организм үздіксіз дамып өзін қоршаған ортаға бейімдеп отырады [7, 2б].
И.П.Павловтың іліміне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв процестерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттестігі, бұл процесс қоршаған орта мен организмнің теңдесуі болып саналады. Баланың сөлеу қабілетінің дамуына үш негізгі фактор әсер етеді.
1. Тұқым қуалаушылық (ішкі сала)
2. Орта (сыртқы сала)
3. Тәрбие (ішкі және сыртқы сала)
Биологиялық тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік ортаның баланың сөйлеу қабілетін дамытуға әсері зор. Қабілеттілік тәрбие арқылы жетіледі, іске асады.
Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Балалармен сөйлескенде эмоция мен сезімнің басым болуы қажеттігін, мұғалім өзінің дауыс ырғағына, дикциясына назар аудару керектігін айтады. Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау арқылы сыртқа шығып, адам ойын жеткізуші құралдың рөлін атқарады.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. Сөйлеу тілін арттыру жұмыстарын жүргізгенде ол көзбен көру, құлақ пен есту, мимен ойлау арқылы іске асады. Ойлау жүйесінің нәтижесінде сөйлесім әрекетінің маңызы зор. Сондықтан тілді оқыту барысында оқушының жеке қабілеті, ойлау дағдысы, сана-сезімі, жан-дүниесі ескеріледі. Сөйлеу тілін дамытудың психологиялық негізі тіл мен ойлауға келіп тіреледі. Сөйлеу тілін дамыту түйсіну, қабылдау, ес пен ойлау және қиял негізінде іске асады.
Ал оқушылардың жеке ерекшеліктері (темперамент, қабілет, мінез) сөйлеу, жазу жұмыстарымен тығыз байланысты [8, 33б].
Психолог Н.И. Жинкин Коммуникативная система человека и развитие речи в школе деген еңбегінде. Сөйлеу - интелектінің даму Каналы, сөйлеу тілінің механизмдерін іске қосу - сөз бен буынның бейнесін қайта
жаңғыртудан басталады, дейді. Н.И. Жинкиннің еңбегінде сөйлеу әрекетінің қызметтері төмендегідей белгіленеді.
Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан 3 - түрлі салаға топтастырылады.
1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі
2. Сөйлеудің сигнирикативтік қызметі
3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі
Сөйлеудің коммуникативтік қызметінің түрі өте көп. Білімдік қатынас, хабар алмасу, бірнеше адамның қатысы, топтар мен қоғамдық қатынастар, зат алмасу қатынасы т.б. Коммуникативті әрекет сөзбен де, сөзсіз де (ізет, құрмет, қозғалыс т.б.) болады.
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі бойынша адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Ым-ишара осы топқа жатады.
Сөйлеудің экспрессивті қызметі үнмен мәнермен сөзбен, құлаққа жағымды, көңілге қонымды күйінде өзгелерге жан дүниесін тебірентіп жеткізілуі. Бұл әрекетте сөйлеген сөз - адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш болады [9, 11б].
Білімді толық меңгерту әдістемесінің ғылыми негізін ашқан америка психологтары Дж. Кэррон мен Б. Блум болса, Россияда М.В. Кларкиннің еңбектері білімді толық меңгерту әдістемесі бойынша оқушыларға бірдей уақыт мерзімінде, барлығына бірдей оқу бағдарламасын меңгерту қарастырылады. Сабақ процесінде жаңа сабақты меңгертуге көп уақыт жұмсалады да, оқығанды меңгеру нәтижесі тексерілмей қалады. Сабақтың түпкі нәтижесі негізгі шешімін таппайды. Психологтар Дж.Кэррон мен Б.Блум бірдей қиындау тапсырманы оқушылардың әр түрлі мерзімде орындауының себептерін анықтады:
1. Қабілеті төмен оқушылар уақытты көп пайдаланғанның өзінде сабақты меңгеру дағдысына жете алмайды.
2. Талантты балалар (небәрі 5%) басқалар орындай алмайтын жоғарғы қиындау тапсырмаларды орындайды.
3. 70% оқушы белгіленген мерзімде тапсырманы орындап үлгеретіндер.
Америка психологтары Дж. Кэррон мен Б. Блум оқушыларды деңгейлік саралау барысында 3 деңгейді белгіледі:
1) минимальный (төменгі деңгей)
2) базалық (орташа деңгей)
3) шығармашылық (жоғары деңгей)
Осы үш деңгей бойынша мынадай қағидаларға тоқталады:
1) жалпы қабілетті - қабілетсіз бала жоқ, өз ісімен айналыспайды;
2) өзара сәйкестік, өзара жарысу басқа оқушыдай білмегенмен ізденісі арқылы дамып жетіледі.
Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары жауап берсе, оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты мүмкіндік деңгей жұмыстарын орындату арқылы әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды құру кезінде, 4-сынып оқушыларының физио-психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, сөйлеудің түрлері қамтылды. Сыртқы сөйлеудің ауыз екі (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу жұмыстары енгізіледі. Ауызша сөйлеудің диалог және монолог түрлері тапсырмада орындалады. Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар мынадай психологиялық ерекшеліктерімен байқалады.
1) диалогта сөз бөгелмей еркін айтылады, ойды кең жайып айтуды тілемейді;
2) сөйлем ықшам келеді, сүйемелдеп айтуды қажет етеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;
3) диалогтың қисындығы, мазмұны кемдеу болады;
4) диалог сөз кең түрде жоспарланбайды, кейде тіптен сөз айтпай, ым-ишаратпен де көрсетіле салуы ықтимал.
Монологтық сөйлеу. Тапсырмадағы монолог сөздерді орындау кезінде ол тек адамның, баяндамашының, мұғалімнің, оқушының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz