Рикетсийлердің,хламидиялардың және микоплазмалардың морфолологиясы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: Рикетсийлердің,хламидиялардың және микоплазмалардың морфолологиясы

Орындаған:Тлеуханова А.
БТ-507 тобы
Тексерген:
Семей 2016 жыл

Rickettsiacеае тұқымдастығы - грам теріс облигатты жасушаішілік паразиттер тобы, олар адамдарды, жануарлар, құстар және буынаяқтыларды зақымдайды. Барлық риккетсиялар облигатты жасуша ішілік паразиттер болып келеді. Риккетсиялар вирустар мен бактериялар арасынан орын алады. Вирустар сияқты, риккетсиялар майда пішінді микроорганизмдерге жатады және мезоэндотелия жасушаларының ядросы мен цитоплазмаларында өсіп өнеді. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, тірі және ауыспалы жасушаларда дақылданады. Бактерияларға ұқсас нуклейн қышқылының 2 түрі (ДНҚ мен РНҚ) бар, көп қабатты жасуша қабығы бар және цитоплазмасында дәнге ұқсас қосындылары бар, L-пішінге өте алады, гемолизин, токсиндер түзеді, фагтары бар. Арнайы антигендік қасиетке ие. Риккетсия жасушалары полиморфты:кокк пішінді, овоидты-эллипсоидты, диаметрі 0,2 - 0,5 мкм, гомогенді - дәнді, осы пішінде иесінің жасуша ішінде жиі кездеседі, бұл пішін қоздырғыштың жедел жасуша іші көбейгенін көрсетеді;таяқша пішінді - ұзындығы 1-4 мкм, протоплазмасы нашар боялатын, екі шетінде бір дәннен орналасқан, қоздырғыштың интенсивті көбеюімен сипатталады;жіптәрізді немесе мицелиальды - ұзындығы 10 - 40 мкм нашар боялатын көп дәнді протоплазмамен, инфекцияның басталумен сипатталады;ұзынша таяқшалар - 0,5 х 3 - 4 мкм, екі ұшында 2 - 4 жұп дәндері (үлкендігі 20 - 70 нм) бар, баяу көбеюмен сипатталады.
Эпидемиологиясы. Адам және жануарлар арасында таралуы тасымалдаушылардың (кенелер, биттер) көптігімен байланысты. Риккетсиялар тудыратын аурулардың жалпы аталуы - риккетсиоздар. Риикетсиоздар - дене қызбасымен сипатталатын трансмиссивті аурулар тобы.
Таксономиясы. Rickettsiaceae тұқымдастығы келесі туыстастықтардан тұрады: Rickettsia, Orientia, Ehrlichia, Coxiella. Қазіргі жіктелуі бойынша Rickettsiaсeae тұқымдастығы альфа-1 - протеобактериялар класына жатады және 3 туыстық кіреді: Rickettsia, Orientia, Ehrlichia. Coxiella туыстығы осы тұқымдастықтан шығарылып гамма-протеобактериялар класына жатқызылған. Альфа-2 - протеобактерияларға Bartonellaceae тұқымдастығы жатқызылған.
Таксономиясы. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы осы инфекцияны ашу жолында қайтыс болған АҚШ ғалымы Н. Риккетс және Чехия ғалымы С. Провацек құрметіне аталған.
:: Тұқымдастығы: Rickettsiacеае.
:: Туыстастығы: Rickettsia.
:: Түрі: Rickettsia prowazekii.
Морфологиясы, дақылдандыруы және антигендік қасиеті.R. prowazekii - грам теріс таяқшалар, Романовский - Гимзе әдісі бойынша қызыл түске боялады. Олардың субмикроскопиялық құрылысы грам теріс бактериялардың құрылымына ұқсас. Жаусуша ішіндегі R. рrowazekii-ді электронды микроскопта қарағанда микрокапсуласын көруге болады.
Негізгі екі антигені бар: беткейлі орналасқан термостабилді топтық- спецификалық липополисахарид және ерімейтін соматикалық түрлік-спецификалық термолабилді ақуызды - полисахаридті кешен. Провацек риккетсиясының генетикалық инженерия әдісімен үш ақуызды антигені анықталды. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы - жасуша цитоплазмасында көбейетін жасушаішілік паразит. Токсикалық және гемолитикалық қасиетке ие. Оны тауық эмбрионының сары уыз қапшығында, жасуша дақылында және сезімтал жануарларда (тышқан, теңіз шошқасы, ор қоян) өсіреді.
Провацек риккетсиясы қоршаған ортаға тұрақсыз. Жоғары температураға, антибиотиктерге, дезинфекция ертінділеріне өте сезімтал, дегенмен төменгі температурада, биттің құрғақ экскременттерінде ұзақ сақталады (6 тәуліктен 3 жылға дейін).
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - ауру адам. Тасымалдаушысы науқастың қанын сорған киім биттері. Риккетсия бит ішегінің эпителийінде көбейеді және де ішек қуысына бөлінеді, биттердің сілекей бездерінде және қан сорғыш мүшесінде риккетсиялар болмағандықтан шаққан кезде жұқпайды. Адамның зақымдануы бит шаққан жерді қасыған кезде олардың экскременттерін теріге жағып, риккетсиялардың кіруіне жағдай жасалынады. Бөртпе сүзегінің пайда болуы мен таралуы биттеумен (педикулез) байланысты. Бөртпе сүзегі көне заманнан белгілі, дегенмен жеке ауру ретінде XIX ғасырдың аяғында тіркелді. Ауру барлық жерде кездеседі. Бөртпе сүзегінің эпидемиясы соғыс, аштық, әлеуметтік дағдарыстарға, яғни санитарлық-гигиеналық деңгейдің, адамдардың өмір сүру жағдайларының төмендеуіне байланысты. Бұрынғы кезде өлімге шалдығуы 80% дейін болған. Қазіргі уақытта бірен-саран (спорадикалық жағдайда), көбінесе Брилль-Цинссер ауру түрінде кездеседі. Бұл ауру бұрын бөртпе сүзегімен ауырғандарда қоздырғыш тасымалдаушы болмасада дамитын эндогенді спорадикалық инфекция. Аурудан биттерге жұғып, бөртпе сүзегінің эпидемиясы қайта дамуы мүмкін. Бөртпе сүзегінің қоздырғышына адам организмі қыс-көктем уақытында сезімтал болып келеді. Ал Брилль-Цинссер ауруы жыл мезгіліне тәуелді емес және қарт адамдар ауырады. Ауру дамуына хирургиялық ауыр операциялар, аштық, басқа аурулар, стресс септік болуы мүмкін.
Патогенезі.Риккетсиялар қанға түсіп, қан тамырларының қабырғасында орналасқан эндотелий жасушасына енеді, сонда көбейеді және эндотоксин бөледі. Токсин әсерінен эндотелий жасушалары бұзылып, риккетсиялар қайта қанға түседі. Ұсақ қан тамырлардың, капиллярлардың зақымдануына байланысты мида, бүйректе, миокардта және басқа да ағзаларда микроайналым бұзылуы нәтижесінде менингоэнцефалит, миокардит, гломерулонефрит дамиды. Науқас жазылған соң риккетсиялар адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы ықтимал, бұл бөртпе сүзегінің рецидивтік түріне әкелуі мүмкін.
Клиникалық көріністері.Инкубациялық кезеңі - орташа 12 - 14 тәулік. Ауру ағымын 3 кезеңге бөледі: бірінші 4 - 5 күн бөртпе пайда болғанша; аурудың масимальды айқындалуы 5 - ші күннен 10 - 12-ші күнге дейін; реконвалесценция кезеңі (2 - 3 апта). Аурудың белгілері бойынша ауыр, орташа және жеңіл түрге бөлінеді. Аурудың негізгі белгілері: дене температурасы 38 - 390С, сандырақтау, естудің нашарлауы, бастың қатты ауыруы, миалгия, қан тамырларының зақымдану әсерінен розеолозды-петехиальды бөртпемен сипатталады. Ауру дене қызуының көтерілуімен, бастың қатты ауыруы, ұйқысыздық, сандырақтаумен басталады; 4 - 5 күннен кейін тері капилляларының кеңеюі және оның зақымдану нәтижесінде ерекше бөртпелер пайда болады. Ауыр жағдайда жүрек және ми зақымдануының асқынулары дамуы мүмкін.Организмде ауруға қарсы пайда болған иммунитет әсерінен Брилль-Цинссер ауруы жеңіл өтеді. Бөртпе розеолозды және аз мөлшерде, олардың дамуы мен сипаты бөртпе сүзегіне ұқсас.
Микробиологиялық диагноз қою.Науқас ағзасынан риккетсияны бөліп алу қиындықтар тудырады. Негізгі диагноз қою әдісі - серологиялық. Науқастардан алынған әртүрлі материалдардан (қан сарысуы) риккетсиялық антиген немесе антиденелерді анықтау үшін ПГАР, АР, КБР, ИФР, ИФТ қолданылады. Бөртпе сүзегінің және Брилль-Цинссер ауруын ажырату иммунологиялық ес феноменіне негізделген. Бөртпе сүзегінде алғашқыда IgM, содан кейін IgG түзіледі. Ал, Брилл ауруында IgG тез түзіледі.
ПГАР. Гетерогенді аглютининдерден босату үшін зерттелінетін сарысуды 30 мин 560 С-та қыздырып изотоникалық ерітіндімен 1:10-нан 1:5120-ға дейін сұйылтады. Қой эритроциттерін сезімтал ету үшін (диагностикум дайындау) R. рrowazekii ерітілетін фракциясынан тұратын құрғақ антигенді жиі қолданады. Сарысудың максимальды титрін анықтайтын антигеннің жұмыс мөлшерін алдын ала анықтайды. Пробиркада немесе ойшықтарда 0,4 мл антиген ерітіндісін 0,1 мл үш мәрте натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен шайылған сезімталды эритроциттермен араластырады. Бақылау алдын ала иммунды және қалыпты сарысумен сезімталдырылған эритроциттер; сезімталмаған эритроциттер зерттелінетін сарысумен және сарысусыз, сондай-ақ сарысу тек қана құйылған пробиркаларда атқарылады. Реакция талдауы 370 С-та 2 сағат инкубациялағаннан кейін бақылауда эритроцит тұнбаға түскенде жүргізіледі. Сосын талдауды 24 сағат бөлме температурасында инкубациялағаннан кейін, эритроциттер қолшатыр мен түйме тәріздес тұнба түзуіне қарай қорытынды жасалады... Диагностикалық титр 1:250 болып есептеледі және қайта қойғанда титрі өседі.
Агглютинациялық реакция R. рrowazekii-мен (Вейгля реакциясы) микросопиялық әдіспен шыныда немесе макроәдіспен пробиркада қояды (Мосинг, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бактерия клеткасының құрылысы
Риккетсиялар,хламидиялар, микоплазмалар морфологиясы мен құрылысы
Патогенді риккетсиялармен және хламидиялар зертханалық диагностикасы
Оба тектес қоздырғышы
Респираторлық микоплазмоз
Микоплазмалар және актиномицеттер
Микоплазмалардың антигендік құрылымы
Микробтық паразитизм және патогенді микроағзалардың пайда болу эволюциясы
Трансмисивті инфекция қоздырғыштары
Қойдың хламидиоз ауруының диагностикасы мен алдын алу шаралары
Пәндер