Материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің келіп түсуі есебі



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Технологиялық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Материалдық емес активтер
Тобы: Қаржы 15-1
Орындаған: Нурқасым Торғын
Тексерген: Шерзатов Қ.А

Алматы қаласы. 2017 жыл

Жоспар:
1. Материалдық емес активтер.
2. Материалдық емес активтердің келіп түсуі есебі.
3. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі.
4. Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы.

Материалдық емес активтердің есебі

Материалдық емес активтер - белгілі бір табиғи физикалық, заттай пішіні жоқ, мекемеде немесе ұйымда ұзақ уақыт бойы қызмет ететін активтер.

Материалдық емес активтерге мыналар жатады:
патент;
гудвилл;
ұйымдастыру шығындары;
лицензиялық келісімдер;
авторлық құқық;
сауда маркалары;
франчайзинг;
ноу-хау;
бағдарламамен қамтамасыз ету және т.б.;

Патент - кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкерлік патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек. заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар;

Гудвилл - субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтіне пайда болған құндылығы;

Ұйымдастыру шығындары - субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, т.б.) сақтандыру;

Лицензиялық келісімдер - кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқықтар;

Авторлық құқық - шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары;

Сауда маркалары (тауарлық белгілер) - ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіреді;

Франчайзинг - мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді;

Ноу- хау - пайдаланылуы барысында субъектіге табыс әкелетін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.

Материалдық емес активтерді 4 топқа бөлуге болады:
1. Өндіріспен байланысы бар материалдық емес активтер:
ноу-хау;
бағдарламамен қамтамасыз ету және т.б.

2. Коммерциялық қызметпен байланысы бар материалдық емес активтер:
тауар белгісі

3. Пайдалану құқығымен байланысты материалдық емес активтер:
лицензияны пайдалану құқығы;
өнер тапқыштық құқығы;
авторлық құқық және т.б.

4. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері:
"гудвилл" - фирма бағасы;
зияткерлік меншік және т.б.

Материалдық емес активтердің қалдық құны - олардың бухгалтерлік баланста көрсетілген (алынған) құны.
Материалдық емес активтердің қалдық құны деп - материалдық емес активтердің бастапқы құны мен есептелген амортизация арасындағы айырманы айтамыз.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі есебі.
Ұйымға материалдық емес активтер келесідей шаруашылық операциялар негізінде келіп түседі:
1. Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу;
2. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның өзі жасауы (бағдарламамен қамтамасыз ету, интелектуалды құнды объект құру, тауар белгілерін әзірлеу және т.б.);
3. Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсуі;
4. Материалдық емес активтердің өтеусіз тегін түсуі;
5. Материалдық емес активтердің мемлекеттік субсидия ретінде келіп түсуі.

Ұйымға материалдық емес активтер келіп түкен кезде арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрылымына ұйымның мамандары кіреді (бас бухгалтер, материалды жауапты тұлға және т.б.)
Комиссия, материалдық емес активтерді пайдалануға құқық беретін құжатты қарастыра келе, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасайды. Бұл құжатта объектінің сипаттамасы, бастапқы құны, пайдалану мерзімі, орны және т.б. ақпараттар көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісіне комиссия мүшелері қол қояды және ұйым басшысы бекітеді. Қол қойылған және бекітілген актіні бухгалтерге өткізеді.
Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі негізінде инвентарлық (мүліктік) карточка ашылады. Инвентарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның материалдық емес активтер есебін және аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының есебі
Материалдық емес активтер туралы ақпарат
Материалдық емес активтердің қозғалысының есебі
Бухгалтерлік баланс аудиті
Материалдық емес активтер жайлы
Пәндер