Дәм сезу рецепциясының механизмі. Иіс сезу, дәм сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы АҚ
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы АҚ

Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырып: Дәм сезу рецепциясының механизмі. Иіс сезу, дәм сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі.

Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 210 A ЖM
Қабылдаған: Оразбаева Ж.Т.

Шымкент - 2018
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Дәм қабылдағыштары
2.2 Дәм сезу механизмі (жолы)
2.3 Дәм сезу аймақтары
2.4 Дәм талдағыштарының адаптациясы
2.5 Дәм сезу патологиялары
2.6 Иіс сезу, дәм сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сезімдік жүйелер организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды орын алады.
Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар (анализаторлар) белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.
Дәм сезу жүйесі ауыз қуысына түскен тағамның сипатын, мөлшерін және түрін анықтап, организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы ортаға бейімделісін қамтамасыз етеді.
Дәм және иіс талдағыштары бұл екі сезім бір-бірімен тығыз байланысты. Олар асқорыту процесінде үлкен рөл атқарады,сондай-ақ иісті,дәмді сілекей бездері мен асқазан бездері көмегімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ағзадағы өткір заттар,жағымсыз иістер осы ақпараттар адамның иіс сезу қабілетін төмендетеді.

Дәм қабылдағыштары - дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағына, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Әсіресе тілдің ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі.

Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасқан. Бұларды емізікшелер арасындағы бездердің сөлі шайып отырады
Қабылдағыштардың ұзындығы = 10-20 мкм, ені = 3-4 мкм
Ұшқары жеріндегі өте сезімтал шағын түктердің саны = 30-40
Демеуші заттар дәм сезуші жасушаларға бадананың тесіктері арқылы өтеді

Қабылдағыштың әртүрлі заттарды іріктеп сіңіретін стереоарнамалы шектері болады деп жорамалдайды
Әрбір қабылдағыштардан сезгіштік жүйке талшықтары басталады
Қабылдағыштар организмнің ең аз өмір сүретін жасушаларына жатады
Олар әрбір 250 сағаттан кейін дәм сезу баданасының шетінен ортасына жылжып келетін жаңа жасушамен алмасады
Көшкен кезде сүйке ұштары қабылдағышқа айналады

Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып, тіл,жұтқыншақ және кезеген жүйкенің құрамында сопақша мидың жалпы будасына келеді
Бұлардан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетеді
Одан ми қыртысының дәм сезетін аймағына келетін, үшінші нейрон басталады
Дәм қабылдағыштары дәмді түйсіну үшін жеке хеморецепторлар болады деген пікір бар.

oo Ащы - тілдің түбінде
oo Тәтті - тілдің ұшында
oo Қышқыл және тұзды - тілдің бүйірлерінде

Алайда кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, тілдің түбінде орналасқан қабылдағыштардың ащы тітіркендіргішке сезімталдығы,оның ұшындағыларға қарағанда,тек 6 есе,ал бүйіріндегілермен салыстырғанда 4 есе жоғары екендігі көрсетіледі

Қабылдағыштардың ұқсас тітіркендіргіштерді жіктеп айыра білу қабілетін "ажырату сезімталдығы" деп аталады
Адамда дәм сезудің әркелкі абсолют табалдырығы болады
Ол организмнің әртүрлі (аштық, тоқтық, т.б) жағдайларына байланысты

Дәм сезу талдағышы ми қыртысының артқы орталық қатпарының төменгі жағында - дәм сезу орталығына барады (Сильвий сайы).

(Дәм сезу механизмі)
Дәм талдағыштарының адаптациясы

Тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дәм талдағышы оған бейімделіп алады, яғни оның сезімталдығы төмендейді
Талдағыштар бәрінен де тәтті және тұзды тітіркендіргіштерге тез бейімделеді
Ал қышқыл, әсіресе тітіркендіргіштерге бейімделісі өте баяу өтеді

Бірнеше тітіркендіргіштер қатар немесе бірінен соң бірі әсер еткенде қарама-қарсы дәм түйсігі туады не олар аралас сезіледі. Бұл айқас "бейімделу" деп аталады

Тұздыға бейімделу тәттіге, ал тәттіге бейімделу қышқыл мен ащыға сезімталдықты арттырады. Сондықтан тұзды тамақтан кейін тұщы су тәттілеу болып, ал тәтті тамақтан кейін алма, жүзім едәуір қышқыл болып көрінеді
Бірнеше дәмді заттарды араластырғанда, қоспа құрамына кіретін заттардың дәмінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбыс анализаторы
Дәм сезу рецепциясының механизмі
Иіс сезу талдағыштары. Иістердің жіктелуі
Дәм қабылдағыштары
Түйсіктер қасиеті
Сезімтал жүйелер туралы түсінік. Әлемді тануда талдағыштардың маңызы
Иіс сенсорлық жүйесі
Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары
Түйсік тұралы ұғым
Иіс сезу мүшелері
Пәндер