Билирубин метаболизмінің тұқым қуалаушы бұзылыстары



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы АҚ
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы АҚ

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырып: Билирубин метаболизмінің тұқым қуалаушы бұзылыстары

Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 210 A ЖM
Қабылдаған: Қанжігітова М.Ж.

Шымкент - 2018
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Гемолиттік сарыауру
2.2. Обтурациялық сарыауру
2.3. Паренхиматозалық сарыауру
2.4. Жильбер синдромы
2.5. Нәрестелердің физиологиялық сарыауруы
2.6. Дәрілік сарыауру
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Билирубин - бұл қан құрамдас бөлігінің, оның ішінде гемоглобиннің ыдырау өнімі, жасыл-қызыл түсті пигмент. Билирубин өттің құрамына кіреді. Сапалы және сауатты атқарылған билирубинге деген қан талдауы бауыр жұмысын толықтай дұрыс көрсетеді. Билирубин деңгейін анықтау көптеген кеселдердегі диагностикалық талдаулар кешеніне енгізіледі.
Қан сарысуындағы билирубин мынадай түрлерде кездеседі: жанама билирубин және тура билирубин. Қандағы билирубин талдауы оның қандағы мөлшерін ғана анықтап қоймай, сондай-ақ типін де айқындайды.
Билирубин талдауына деген негізгі мұқтаждықтар:
- Бауырдың әр түрлі кеселдері;
- Гемолитикалық қан аздықтар (анемиялар);
- Холестаз (өт іркілісі);
- Әр түрлі этиологиядағы сарғаюларды диагностикалау.
Қалыпты кезде қандағы билирубиннің (жанама және тура фракциялар) болу деңгейі 20,5 мкмольл-ге дейін. Жанама билирубин 17,1 мкмольл-ге дейін, тура билирубин 4,3 мкмольл-ге дейін болуы мүмкін.
Нәрестелер қанындағы билирубин әрқашан жоғары деңгейде - бұл физиологиялық сарғаю деп аталатын құбылыс.
Қандағы сапалы және шынайы билирубин нәтижесін алу үшін процедураны таңертеңге, міндетті түрде ашқарынға жоспарлаған жөн. Талдауға дейін 6-8 сағат ештеңе жеуге болмайды.
Биохимиялық талдауға қанды тек көктамырдан (венадан) алады.

Негізгі бөлім

Кейбір ауруларда билирубин шырышты қабықшаларда, теріде, склерада жинала бастайды. Адам сарғаяды. Бұл симптом САРЫАУРУ деп аталады және өт-тасы ауруында, гемолизде, жұқпалы немесе улы гепатитте байқалады. Қанда, зәрде және нәжісте билирубинді анықтау сары аурудың себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Гемолиттік сарыауру. Эритроциттердің ыдырауы күшейген кезде байқалады. Билирубин қалыптан көп мөлшерде түзіледі және оның экскрециясы жылдамдығы да жоғарлайды. Қанда тікелей емес билирубин мөлщері жоғарлайды. Зәрде билирубин болмайды, ал нәжіс пен зәрде стеркобилин мөлшері жоғары болады.

Обтурациялық сарыауру (механикалық). Өт жолдарының бітелуінде (мысалы, өт-тасы ауруларында) байқалады. өттің өндірілуі ары қарай жалғасады, бірақ ол тек жолдарына ғана емес, сонымен бірге қанға да түседі. Қанда билирубиннің деңгейі жоғарлайды, негізінен, тікелей билирубиннің. Билирубинурия байқалады. Стеркобилиннің зәрдегі және нәжістегі мөлшері төмен (нәжіс ақшыл-сұр түсте, зәр тікелей билирубин есебінен қараяды).

Паренхиматозалық сарыауру. Гепатоциттер зақымдалған кезде байқалады (мысалы, вирустық гепатитте). Билирубин залалсызданбайды. Өт пигменттері тек ішекке ғана емес, сонымен бірге қанға да түседі. Қанда тікелей де, тікелей емес де билирубин мөлшері жоғарлайды. Билирубинурия байқалады. Зәрде мезобилиноген анықталады.

Жильбер синдромы (пигментті гепатоз, ювенильді шекараланатын сарыауру) -- қатерлі емес созылмалы тұқымқуалаушы ауру, аса айқын емес гемолитсіз конъюгирленбеген гипербилирубинемия түрінде, бауырда билирубин клиренсі бұзылуымен байланысты өтеді. Доминантты түрде тұқымқуалайды. Патогенез негізіне бос билирубинді гепатоцит мембранасы арқылы тасымалдайтын процестің бұзылуын дамытатын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәріге патологиялық реакция
Жануарлар ұлпасының негізгі көмірсулары, олардың құрылысы және биологиялық рөлі
Балалар неврологиясы пәнінен оқу - әдістемелік нұсқау
Гетерополисахаридтер алмасуына қатысатын ферменттер
Органдар биохимиясы ІІ
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Баланың нормадағы қан көрсеткіштері
Гемнің құрылысы мен биосинтезі. Билирубин алмасуы. Ксенобиотиктердің залалсыздандырылуы
Пәндер