Иммунопатология. Постинфекционды иммунодефициттер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

http://edurk.kz/cms/uploads/images/1_019.jpg

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


«Биохимия, биология және микробиология» кафедрасы


РЕФЕРАТ


Тақырып: Иммунопатология. Постинфекционды иммунодефициттер.




Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 210 A ЖM
Қабылдаған: Омарова Г. С.

Шымкент - 2017

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

  • Иммунды тапшлық
  • Біріншілік, немесе туа біткен иммунды тапшылық
  • Екіншілік, немесе жүре пайда болған иммунды тапшылық
  • Аутоиммунды аурулар
  • Аллергиялық ауруллар
  • І-типтес реакциялар (анафилактикалық)
  • ІІ-типтес реакциялар (гуморальды цитотоксикалық)
  • ІІІ-типтес реакциялар (иммундыкомплекстік)
  • ІV-типтес реакциялар (Т-лимфоцитердің жанамасымен)
  • Иммунды пролиферативті аурулар

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Иммунды жүйе - барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтарменқосылып, иммунологиялық жауаптың негізі - антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Иммундық жүйе бұзылуының екі түрі әйгілі: а) иммундық жауап механизімінің көрсеткіштерінде бір, немесе бірнеше ақаулық байқалса оны иммунды тапшылық, не иммунды дефицит деп атайды; б) иммунды механизімнің шеттен тыс белсенділігінің себебінн аллергиялық, не аутоиммундық аурулар дамуы. Аталғантүрлерге қосымша ерекше орналасқан иммунды проферативті сырқаттар болуы мүмкін.

Иммунды тапшылық

Иммунды тапшылық дегеніміз иммундық жауаптың бір, немесе бірнеше механизімінің ақаулығының себебінен қалыпты иммунды статусының бұзылуы.

Иммунды тапшылықтың екі түрі кездеседі: біріншілік, немесе туа біткен (генетикалық) және екіншілік, немесе жүре пайда болған. Иммунды тапшылықтардың клиникалық көрністері ұқасас болып келіп, көбінесе төменгідей түрде кездеседі: инфекциялық асқыну; гематологиялық күйреу; ас қорыту жүйесінің бұзылуы; ісіктер; аллергиялық реакциялар; туа біткен кемістік. Иммундық тапшылық диагнозы жан-жақты тексерудің жинағына сүйеніп қойылады: анамнез, клиникалық көрніс және ин витро, ин виво зертхана сынамалары.

Біріншілік, немесе туа біткен иммунды тапшылық

Иммунды тапшылықтың бұл түрі хромосамада пайда болған ақаулықтармен байланысты, сондықтан иммундық жүйенің кайбір үзбесі иммунды жауап қайтара алмайды. Ақаулық иммундық жүйенің спецификалық және бейспецификалық факторларымен байланысты болуы мүмкін. Кейде ақаулық катарынан екі бөлімде болады. Ақаулықтың деңгейіне және сипатына тәуелді иммунды тапшылықтың гуморалды, жасушалық және аралас түрлері бар.

Туа біткен иммунды тапшылық түрлері әдетте өте сирек кездеседі. Бұл түрдің себептері: нүктелі мутация, хромосоманың екі есе көбеюі, нуклеин қышқылын құратын ферменттердің жетіспеушілігі т. б. Әдетте біріншілік иммунды тапшылықтың көрнісі перзент дүниеге келе сала пайда болады. Олар фагоцитоздың, комплемент жүйесінің, гуморалдық, жасушалық иммунитетің жетіспеушілігі түрінде, не аралас түрде кездеседі.

Фагоцитоздың жетіспеушілігі - фагоциттердің саны төмендегеніне, немесе олардың толық іс атқармауына негізделген. Фагоциттер санының төмендеуіне гемопоэздің мезгіл- мезгіл бұзылуы себеп болады. Фагоциттер санының азаюы гуморалдық және жасушалы иммунитеттің тапшылығымен тікелей байланысып жүрмесе де, бұл жағдайда инфекциялық аурулардың пайда болу қаупі көтеріңкі болады. Фагоциттердің толық іс атқармауы фогоцитоздың кез келген сатысының кемшішлігіне байланысты (хемотаксис, эндоцитоз, т. б. ) .

Комплементтің жетіспеушілігі сирек кездеседі. Кездескен кезде ол комлементтің С1 бөлшегінің тұқым қуалайтын тапшылығымен байланысты. Клиникалық көрнісі ангионевротикалық қабыну түрінде болады.

Гуморалдық иммуниеттің жетіспеушілігінің көрінісі -дисгаммаглобулинемия мен агаммаглобулинемия. Агаммаглобулинемия негізінде иммундыглобулиндер синтезінің бұзылуы, немесе синтезделуі кезінде олардың басымырақ ыдыратылуымен байланысты. Бұл жағдайда аурудың қанында гаммаглобулиндер табылмағандықтан антитоксикалық және антибактериалық иммунитет нашарлайды. Дисгаммаглобулинемия иммундыглобулиннің бір сыныбы жетіспегендіктен туындайды. Бірақ, иммундыглобулиндердің бірлескен дәрежесі калпында болады. IgG -ның жетіспеушілігі жиі кездеседі, не болмаса IgG, IgA-лардың жетіспеушілігі, ал IgМ-нің көтеріңкі концентрациясы косарланып жүреді.

Жасушалы иммунитеттің жетіспеушілігі Т-лимфоциттердің функционалдық белсенділігі бәсеңдегенінен байқалады. Т-лимфоциттер В-лимфоциттердің белсенділігіне әсер ететіндігінен, кыйыстырылған В- және Т- лифоциттердің қатар жетіспеушілігі жиі кездеседі. Соған қарамастан Т-жасушалы жетіспеушіліктің жекеленген түрлері, алимфоцитоз (Нозелоф синдромы), синдром Ди Джорджи, Даун синдромындағы иммунды тапшылық, ергежейліктің иммунды тапшылығы болуы мүмкін. Т-жасушалық иммунды жетіспеушілікте вирусқа, саңырауқұлаққа, қатерлі ісікке, трансплантқа қарсы иммунитет зардап шегеді, өйткені айтылған иммунитеттерде басты рөлді Т-лимфоциттер атқарады.

Жасушалы иммунитет жетіспеушілігінің бірінші клиникалық көрнісі- микоз, қайталмалы вирустық инфекция, вакцинациядан кейінгі асқыну. Әдетте жасушалы иммундық тапшылықпен дүниеге келгендер бала шағында, сирек жағдайда жасөспірім кезінде қайталанатын оппортунистік инфекциядан, немесе қатерлі ісіктен қайтыс болады.

Қыйыстырылған иммунды жетіспеушілік иммундық жүйенің Т - және В - жасушаларының қосарласып бұзылуының әсерінен түзіледі. Бұл иммунды тапшылықтың ең ауыр өтетін түрі және басқа түрге қарағанда жиі кездеседі. Олар көбінесе иммундық жүйенің отралық органдарының ақуалығынан пайда болады. Ақаулықтың ауырлығына байланысты инфекциялық ауруларға шалдығу бейімділігі байқалады. Иммунитет көлемді бұзылған кезде адам жас кезінен бастап жиілеп жұқпалы аурулармен ауыра беріп, ақырында өлімге душар болады. Иммундық жүйенің орталық органында пайда болған ақаулық жүйелік жасушалармен байланысты. Ақаулықты эндогендік, немесе экзогендік факторлар тудыруы мүмкін. Қыйыстырылған иммунды тапшылықта басты рөл Т-лимфоциттердің ақаулығымен байланысты.

Екіншілік, немесе жүре пайда болған иммунды тапшылық

Екіншілік иммунды тапшылық біріншілікпен салыстырғанда туғаннан кейін калыпты іс атқаратын иммундық жүйенің бұзылуынан пайда болады. Ол айналадағы ортаның жағымсыз факторларының, немесе түрлі аурулардың әсерінен иммундық жүйенің зақымдалуына байланысты. Екіншілік иммунды тапшылық Т-және В жүйелері қатарынан, иммунитетің бейспецификалық факторларының жекелеп, немесе бірлесіп бұзылуынан туады. Екіншілік иммунды тапшылық жиі кездеседі. Оларды емдеп, калыпты жағдайына қайта келтіруге болады.

Екіншілік иммунды тапшылық төменгі жағдайлардан кейін болуы мүмкін: жұқпалы аурулардан (әсіресе вирустық), инвазиядан (протозойлық және гельминттік) ; күйгеннен; қатерлі ісіктен; жедел жүдегенен; көлемді хирургиялық операциялардан; радиациалық сәуледен; химиялық заттардан; қартайғаннан;

Пайда болу мезгіліне сәйкес екіншілік иммунды тапшылық антенаталдық (ДиДжорджи синдромының тұқым қумайтын түрі), перинаталдық (жаңа туған перзенттің нейтропениясы) және постнаталдық болып бөлінеді.

Екіншілік иммунды тапшылықтыклиникалық ағымы бойынша компенсацияланған, субкомпенсацияланған және декомпенсацияланған түрлерге бөледі. Компенсацияланған түрі кезінде оппортунистік инфекция туғызатын инфекциялық агенттерге сезімтал келеді. Субкомпенсацияланған түрінде ауру жиілеп созылмалы түрге айналады. Декомпенсацияланған түрде шартты-патогенді микробтар (ШПМ) тудырған жайылған инфекциялар және қатерлі ісіктер байқалады.

Иммунды тапшылықтың екі түрі де, әсіресе екінші түрі, адам арасында кездеседі. Олар түрлі аурулар мен патологиялық жағдайлардың пайда болуына себепкер болады, сондықтан олардың алдын алу және иммундытроптық препараттармен емдеу шараларының қолданылынуы қажет.

Аутоиммунды аурулар

Аутоиммунды аурулар (аутоагрессиялы аурулар) - патогенезінде аутосенсибилизация шешуші рөл атқаратын аурулар.

Аутоиммунды реакция және аутоиммунды ауру түрі болады. Олардың механизімінің негізінде иммундық жүйе факторларының бойдағы калыпты жасушалар және тіндермен байланысуы жатады. Аутоиммунды ауруларға иммунды кешенді аурулар да жатады.

Аутоиммунды реакциялар калыпты жағдайда сау адамдарда және патологияда байқалады. Сау адамның бойында жүретін аутоиммунды реакция кажетті процестің бір түрі, өйткені сол процесс арқылы организм өлген, ескірген, өзгеріп керексіз болған жасушалардан үнемі арылып отырады.

Аутоиммунды ауру, немесе аутоаллергия сирек кездеседі. Процестің негізінде калыпты жағдайда болмайтын «тыйым салынған» иммундыкомпетентті жасушалардың клоны пайда болып, олар меншікті қалыпты жасушалар және тіндермен қарым-қатынасқа түсіп соның нәтижесінде аутоиммунды көрністің пайда болуы жатады. Мұндай жағдай, мысалы, дәрі қабылдағанның себебінен болуы мүмкін.

Аутоиммунды аурулардың органспецификалық, органбейспецификалық және араласқан түрі бар. Органспецификалық деп аутоантиденелердің ортақ антигендері бар жасушалар, немесе тіндермен байланысу зардабынан туған ауруларды айтады (Хашимото тиреоидиты, біріншілік микседема, тиреотоксикоз т. б. ) . аутоантиденелердің қайшылас антигедері бар әр түрлі жасушалар, тіндермен байланысуынан пайда болған аурулар жатады (жүйелік қызыл жегі, ревматоидық артрит) . Араласқан түрде екі механизм қатарлас жүреді.

Организмде аутоантиденелердін табылуы барлық аурудың дәләлі болмауы мүмкін, өйткені калыпты жағдайда организмде аутоантиденелер табылады. Олардың ауруға себепкер екенін дәләлдеу үшін арнаулы тәсілдер қолданылады.

Аллергиялық аурулар

Ағза антигенмен бірінші кездескенде антидене және сенсибилизацияланған лимфоциттердің құрылуымен жауап қайтарады. Антиген сол ағзаға кайталап еңгенде сол антиденелер және сенсибилизацияланған лимфоциттермен байланысқа түседі. Реакция антигеннен арылуға бағытталған, бірақ кейбір кезде реакция патологиялық жағдайға соқтырады. Иммунды жауап калыпты деңгейден асқанда патологиялық процесс туады. Тұлға антигенге көтеріңкі жауап берген кезде аллергия көрнісі пайда болады.

Аллергия төрт түрге бөлінеді. Клиникалық тәжрибеде ол өте маңызды. Күнделікті жағдайда аллергияның жекеленген түрі сирек кездеседі. Әдетте аралас, немесе бір түрі екіншіге айналатын жағдайлары жиі, кездеседі.

I-типтес реакциялар (анафилактикалық)

Анафилаксия пайда болу үшін спецификалық цитофилді антиденелер (IgЕ) мен жасушалар қажет. Оның көрнісіне сәйкес жергілікті (тері, шырышты қабық) және жүйелік (анафилактикалы шок) реакциялары бар. Жергілікті түрдің клиникалық сырқаттарына уртикарлық бөртпе, вазомоторлық тымау, бронхиалдық демікпе, не ішек жұмысының бұзылулары жатады. Базофилдер мен тін базофилдерінің аллергияның осы түріне белсенді қатынасы бар болғандықтан, және де олар ағзаның барлық бөлімінде кездесетіндіктен анафилактикалы реакция барлық органдарда өтуі мүмкін (16-сызбанұсқа) . Адам организмінің бронхалары мен артериолалары анафилаксияның органдары деп атайды. IgE қоздыратын адамның анафилактикалы реакциялар түріне бронхиалдық демікпенің ұстауы, шөп безгегі, қышыма, сона, не ара шағуы жатады. Табиғи шығу тегі әртүрлі заттар анафилаксия қоздыруға себепкер болады (11. 3. -кесте)

C:\Users\admin\Desktop\WhatsApp Image 2017-12-24 at 18.50.19.jpeg

(11. 3. -кесте)

II-ші типтес реакциялар (гуморалды цитотоксикалық)

II-типтес аллергиялық реакциялар антиденелердің жасушаның беткейлік антигендерімен немесе жасуша беткейіне екіншілік ретте жабысқан антигендермен тікелей байланысуына негізделген (17-сызбанұсқа) . Шешуші рөлді комплементті белсендіретін IgG1-3, IgМ антиделері атқарады. 11-ші типті аллергияға дәріге қарсы аллергияны жатқызуға болады. Өйткені дәрі антигендері қан түйіршіктерінің бетіне орналасады. Соның әсерінен гемолитикалық анемия, лейкоцитопения, тромбоцитопения, агранулоцитопения аурулары дамиды. Басқа тұлғаның эритроцитетеріне қарсы бағытталған реакцияны изоиммунды, меншікті эритроциттерге бағытталғанды аутоиммунды реакция деп атайды. Әрбір адамның қан сарысуында, қан ұйыту жүйесінің құрамында жоқ антигенге қарсы жоғары концентрциядағы антиденелер бар.

Сәйкес емес қан құйылғанда сол антиденелер цитотоксикалық реакция туғызып эритроциттерді ерітеді. Қайталап жүкті болған кезде резус оң нәрәстеге резус теріс ананың қанында антирезустік IgG құрылады. Ол антидене плацентадан өту мүмкіншілігі боғандықтан нәрестенің эритроциттеріне цитотоксикалық әсер етіп оларды жояды. Бұл көрніс нәрестеде гемолитикалық аурудың дамуына тікелей себепкер болады. Аутоиммунды гемолитикалық анемияда меншікті эритроциттерге қарсы құрылған антиденелер комплементтің көмегімен эритроциттерді ерітеді. Кейбір дәрі түрлері эритроциттерге қонуға ықшам тұрып, соларға қонған кезде иммуноген ретінде гемолитикалық анемия туғызады. Айтылған әсері бар препараттарға хинин, пенициллин, цефалоспорин, сулфаниламидтер т. б. жатады. Аталған механизіммен қанның басқа элементтері де цитотоксикалық көрніске душар болады (агранулоцитоз, тромбоцитопения) .

III-ші типтес реакциялар (иммундыкомплекстік)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру түрі
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Иммунопатология
Зоонозды аурулар: бруцеллез, күйдіргі, оба, туляремия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Анаэробты инфекция қоздырғыштары: сіреспе, газды гангрена, ботулизм. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Иммуннопатология
Иммун жүйесі
Бруцелла
ИММУНОЖЕТІСПЕУШІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ
Аллергологиядағы молекулалық зерттеу әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz