Еңбек физиологиясының негізі, дене еңбегімен ой еңбегінің ерекшеліктері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырып: Еңбек физиологиясының негізі, дене еңбегімен ой еңбегінің ерекшеліктері.

Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 210 A ЖM
Қабылдаған: Оразбаева Ж.Т.

Шымкент - 2017
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Еңбек физиологиясы
2.2 Дене еңбегінің физиологиялық ерекшеліктері
2.3 Гиподинамия
2.4 Ой еңбегінің физиологиялық ерекшеліктері
2.5 Қажу (жалпы және жергілікті)
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемі бейімделуі арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі. Ал бұл мінездің басты себепкерлігі (детерминантты) организмнің өз белсенділігінен туады. Мінез белсенділігін мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз әрбір кезде пайда болатын және мақсатты мінез арқылы жойылатын организмнің маңызды қажеттілігі.
Адамдарда байқалатын мұқтаждықты тіршіліктік, әлеуметтік және мұратты мақсаттарға сәйкес үш топқа бөледі. Тіршіліктік мақсаттар тағамдық, жыныстық, қорғаныс іс - әрекеттерімен қанағаттандырылады. Әлеуметтік мақсаттарға адамның еңбектену, білім алу, спорт, мақсаттар таным және шығармашылық мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау - зерттеу құрайды.
Адамның мәдени және тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін, бірнеше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге асырылады.

Еңбек физиологиясы

Еңбек адм организмін қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады.
Ф. Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол және сөйлеу мұшелерінің әрекеті мүлдем жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және психика қалыптасты. Сондықтан адамның түйсігі және ұғынуы кеңейді, еңбек қимылдары еріксіз атқарылатын болды.
Еңбек - адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсатты іс - әрекеті. Ол қағаммен тығыз байланысты әлеметтік санат. Өйткені еңбек адам тіршілігінің және тұрмыс қалыпының қажетті шарты болып саналады.
Еңбектену іс - әрекеттің организмге ететін әсерін еңбек физиологиясы зерттейді. Ол адам организмнің еңбектену кезіндегі әрекеттік өзгерістерін тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жоғары жұмыскерлінгін сақтау үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимі мен жүктемелердің организмге қолайлы түрлері мен әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастырады. Адамның қимыл іс - әрекеті өте күрделі. Ол іс жүзінде организмнің қозғалыс жүйесі - бұлшықеттердің қызметі арқылы атқарылады. Сондықтан бұлшықеттердің іс-әрекетін және оның реттелу механизмдерін зерттеу еңбек физиологиясының маңызды саласы болып саналады.
Бұлшықеттердің жұмысы едәуір энергия шығынын талап етеді және вегетативтік жүйелер (қан айналымы, тыныс, зат алмасуы, сыртка шығару т. с. с.) әрекетінде өзгерістер тудырады. Сонымен катар адамның еңбегі мақсатты іс-әрекеттен тұрады, ол тәлім-тәрбие, үйрену және дағдылану істері арқылы қалыптасады.
Қазіргі өндіріс жағдайларында адамның еңбек іс-әрекеті мен физиологиялық керсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте маңызды орын алып отыр. Мұны жүзеге асыратын ғылым саласын эргономика деп атайды. Эргономика еңбектену процесінің жұмыс құралдары мен жағдайларының тиімді жолдарын іздейді. Ал еңбек физиологиясы оның маңызды бір бөлімі болып есептеледі.
Еңбектенудің қолайлы жағдайларын таңдап алу және жақсарту, өндірістің қосымша түрткілерінің (шу, вибрация, қысым, ылғалдық, химиялық заттар) зиянды әсерлерінен сақтандыру мен кәсіби ауруларды болдырмау істерін еңбек гигиенасы жүзеге асырады. Бұл мақсаттарды орындау үшін ол еңбек физиологиясының зерттеу әдістері мен нәтижелерін пайдаланады. Адамдардың еңбектену кезіндегі қарым қатынасын еңбек психологиясы ғылыми тексереді.
Еңбекті жағдайға байланысты дене және ой еңбегі деп екі топқа бөледі. Қазіргі кезде еңбектің бірнеше түрі кездеседі: көбінесе бұлшықет белсенділігін тілейтін еңбек, механизацияланған, автоматизацияланған және қашықтан меңгеретін еңбектер, парасатты еңбек.

2.1 Дене еңбегі

Еңбектің барлық түрі адамның қозғалыс іс - әрекеті арқылы атқарылады. Сондықтан адам организмі қоршаған ортаға бейімделеді және оны жете меңгереді.
Дене еңбектерінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендіріледі, оны вегетативтік жабдықтау (зат алмасу, қан айналымы, тыныс алу) қамтамасыз етеді. Негізінен жұмыс арекетіне тікелей үш әрекеттік жүйе: қозғалыс, талдағыш және ақыл-ой қатысады. Өйткені сыртқы мәліметтер сезім жүйесі арқылы қабылданады да, мида өңделеді, сөйтіп жауапты қимыл әсерленісі ұйымдастырылады.

Жұмыстың барлық түрі қозғалыс аппаратымен атқарылады. Физиологияда қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыстыруды және сыртқы нәрселерге белсенді қимыл жасауды камтамасыз ететін мүшелер мен тканьдер жиынтығын айтады. Қозғалыс аппаратына бұлшықеттер, оларды жиырылатын мотонейрондар және каңқа кіреді. Сондықтан өндірістік еңбекті жоғары деңгейде өткізу үшін, еттің маңызды физиологиялық қасиеттерін, оның күші мен жылдамдылығын ескеру қажет. Еттердің жиырылуына орташа жүктеме мөлшері тиімді келеді.
Бұлшықеттің ұзақ уақыт жиырылу күшін жүзеге асыратын және сақтайтын қабілетін оның шыдамдылығы деп атайды. Оны статикалық жұмысты орындағанда, жүкті мығым жағдайда ұстап тұратын немесе тұрақты қысым күшін сақтайтьш мерзімі арқылы анықтайды. Ол ушін уақытты күш көрсеткішіне көбейтеді. Егер жұмсалған күш максимальды күштің 20%-не тең болса, тұрақты қалыпты жұмыс ұзақ уақытқа созылады.
Динамикалық (жылжымалы) жұмыстарда шыдамдылық ең ақырғы уақыт және шегіне жеткен қажетті қуатпен бағаланады. Жылжымалы шыдамдылық орындалған қимылдың ең жоғары мөлшерімен сипатталады. Жымжымалы жұмысты орындау кезіндегі шыдамдылық велоэргометрдің көмегімен өлшенеді.

Еңбек физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын алады. Жұмыскерлік деп адамның нақтылы жұмысты белгіленген мерзімде жеткілікті нәтижемен орындай алатын пәрменді мүмкіндіктерін айтады. Өндіріс жағдайында жұмыскерлік әртүрлі түрткілердің ықпалынан смена (ауысым) кезінде жиі өзгереді. Сондықтан жұмыскерлікті бірнеше кезеңге бөледі. Бірінші кезең -- іске қосылу. Бұл кезенде шартты тітіркендірудің әсерінен ОЖЖ-нің белсенділігі артады, зат алмасу деңгейі көбейеді, қан айналысы күшейеді. Сөйтіп жұмыскерлік көтеріледі. Бұл әртүрлі психофизиологиялық әрекеттердің біртіндеп қосылуынан, организмнің, көптеген жүйелердің осы реттеуші әрекетінен пайда болады.
Екінші кезең - тиянақты жұмыскерлікті көрсетеді. Бұл кезедде ОЖЖ қолайлы қызмет атқарады. Ал еңбек нәтижесі ете жоғары болады.
Үшінші -- қажу кезеңі -- мұнда жұмыскерлік төмендейді. Төртінші кезеңде жұмыскерлік қайта көтеріледі. Оның негізін жұмыс аяқталуы мен кезекті демалысқа байланысты, шартты рефлекстер жасайды. Жұмыскерлікке жұмыс істейтін ортаның жағдайлары әсер етеді.
Жұмыскерлікті көтеру және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін, үнемі машықтанудың (тренировка) мәні ете зор. Өйткені жаттығулар адам организмі қызметін тереңірек кайта құрады. Машықтану кезінде организм жұмыскерлігінің дамуы және оның жоғары сатыға көтерілуі әртурлі болады. Бұлшықеттер жұмысы энергия шығынын көбейтеді. Мәселен, бұлшықеттің 70-90%-і қатысатын ауыр жүмыстарда энергия шығыны 12-20 кДжм, ал 30--60%-і қатысатын жеңіл және орташа жұмыстарда 8-12 кДжм-ге тең келеді. Энергия шығыны отырып істейтін жұмыстарда (бұлшықеттің 5-15%-де шамамен 1-4 кДжм) аз болады. Энергия шығымының мөлшері интегралды көрсеткіш болатындықтан оны еңбек физиологиясы жиі қолданады.

Дененің энергия шығымы тек еттер қызметінен ғана тумайды, оған адамның эмоциялық күйі де әсер етеді. Ол организмнің негізгі зат алмасу деңгейін қалыптағыдан 10% көтереді. Еңбектену кезіндегі знергия шығынына адамныц жұмыс істеу қалпы үлес қосады. Отырып жұмыс істеу негізгі алмасуды 5 -- 10%-ке, істейтін жұмыс -- 10 -- 25%-ке өсіреді. Ал жұмыс кезінде дене қалпы ыңғайсыз болса, энергия шығыны 40 -- 50%-ке жетеді.
Жұмыс істеуші бұлшықеттерге оттегі, глюкоза және т. б. қажетті заттар дер кезінде жетіп, организмнен ыдырау өнімдері жедел шығарылады, Сондықтан тыныс және жүрек-тамыр жүйесінің кызметі күшейеді.
Қызу жұмыс кезінде сүт қышқылы толық тотығып үлгермейді. Сондықтан ол жұмыс аяқталғанда да оттегін пайдаланып толтыра береді. Мұны оттегілік қарыз деп атайды, ол ауыр жұмыс істегенде 15 -- 20 литрге жетеді.
Организм ағзалары кимыл рефлекстері арқыльп әрбір әсерленіске қатысады. Мұңда кері байланыстар қозғалыс жүйесінің вегетативтік әсерленістеріне ерекше ықпалын айқындайды. Жұмыс туралы алдын ала ойлаудың өзі вегетативтік өзгерістер тудырады. Ол еңбек әрекетінің ми қыртысы арқылы ұйымдастырлатынын керсетеді.

Дене еңбегі қан айналысын қатты өзгертеді. Ет жиырылуы әуелі қан ағысының жылдамдығы арқылы қамтамасыз етіледі. Жұмыс кезінде жүректің минуттық көлемі (ЖМҚ) 4 -- 8 есе артады, сөйтіп газ алмасуы 5 -- 10 есе жеделдейді. Жүректің систолалық көлемі ауыр жұмыстарда 1,5 -- 3 есе көбейеді, ал сору жиілігі минутына 160 -- 240 ретке жетеді. Қанның ағысына жеңілдік туады. Өйткені жұмысқа кіріскен еттердің майда талшықтарынын көбісі ашылса, тамырлар тонусы темендейді. Дені сау және еңбекке жарамды адамдарда қанның диастолалық қысымы аз өзгереді немесе с. б. б. 5 -- 15 мм-ге көтеріледі. Систолалық қысым с. б. б. 150 және тіпті 200 мм-ге жетеді, ол істелетін жұмыстың алымына сәйкес келеді.

Жұмыс кезінде жүректің соғу жиілігіне организмнің сезім күйі мен тұлға қалпы әсер етеді. Тұрып жұмыіс істегенде, отырғанмен салыстырғанда, шамамен 10 -- 15 рет жиі жиырылады. Еркектермен бірдей жұмыс атқарған кезде, әйелдердің жүрек соғу жиілігі орташа шамамен минутына 10 -- 15 рет артық. Жұмыс кезінде жүректің соғу жиілігіне коршаран ортаның температурасы да әсерін тигізеді. Температура 25 -- 30°С, не одан жоғары болса, ол минутына 10 -- 15-ке өседі. Жүректіқ соғу жиілігін анықтау, тіркеу жұмыстың әрбір сәтінде немесе букіл смена кезінде организмнің физиологиялық күйін бақылауға мүмкіндік туғызады.
Еңбектену кезінде организмнің газ алмасуын қамтамасыз ететін тыныс жүйесі де өзгереді. Жұмысқа сәйкес өкпенің желдетілуі және оттегін пайдалану арта түседі. Қалыпты жағдай өкпенің 5 -- Г8 лмин желдетілу келемінен 3. -- 4% оттегі пайдаланылады. Ал жұмыс кезінде өкпенің жеддетілуі минутына ондаған литрге көбейеді, оттегін пайдалану 4 -- 8%-іке тең болады. Өкпенің желдетілуі тыныстың тереңдеуі мен жиіленуі арқылы көбейеді. Жұмыс істегенде тыныс терендігі осы адамға тән өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30 -- 40%-інен тұрады. Тыныс жиілігі жұмыс кезінде тыныштық кезімен салыстырғанда 2 -- 3 есе өседі. Қарқынды. жұмыс кезінде алғашқыда бейімделу кезеңі байқалады, онда тыныс тарылып, өкпенің желдетілуі үлгермегендіктен тыныс жолдарында жағымсыз күй пайда болады. Содан кейін бүл құбылыстар жойылады, алайда 20 -- 30 минуттан кейін нәтижесіз нүкте туады. Бұнда аталған жағымсыз жайлар күшейіп, адам жүмысты жалғастырудан бас тартуы мүмкін. Егер оны жеңіп жұмыс жалғастырылса, бұл сезім тыйылады. Сөйтіп, екінші тыныс ашылады. Мұның физиологиялык мәні вегетативтік әрекеттің қайта кұрылуында.

Еңбектену кезіңде жұмыскерлікті камтамасыз ету үшін энергия қорын іске тартатын эндокриндік жүйенің белсенділігі артады. Әртүрлі еңбек процестерін орыңдағанда гипофиз-бүйрекүсті бездерінің (симпато-адреналдық жүйесінің) белсенділігі күшейеді. Көптеген жағдайда ол қол жұмысының ауыртпалық, дәрежесіне сәйкес келеді. Өйткені бұл сөлініс бездерінің, гормондары адамның бейімделу әрекетін жүзеге асырады.
Жұмыс кезінде қанда тиросиннің мөлшері көбейеді. Ұзақ жұмыс істеудің салдарынан қанда инсулиннің мөлшері азаяды және оның ыдырауы күшейеді. Сонымен эндокриндік жүйенің аталған өзгерістері жоғарыда керсетілген бейімделу әсерленістерін керсетеді. Егер жүмыс істеген жерде температура жоғары болса (ыстық цехта, тігін мекемесінде т. б.) дене температурасы онан сайын өседі. Ауыр дене жұмысында температура 1,0 -- 1,5°С-қа жоғарылайды. Мәселен, орта жылдамдықпен жаяу жүргенде дене температурасы 0,5 -- О°С, ал ұзақ жүргенде не жүгіргенде ол 39 -- 40°С дейін көтеріледі.

Салқын микроклиматта жұмыс істегенде дене температурасы төмендейді, тіпті дене тоңазып, жұмысты жалғастыруға мумкіндік болмайды.
Адам температурасын тыныштық және жұмыс кезінде өлшеу аркылы, көптеген өндіріс саласында жұмыс ауыртпалығын жеңілдету үшін ұсыныстар енгізіледі.
Жұмыс салдарынан кан жүйесінде кептеген өзгерістер байқалады. Қанның тыныс арекеті (эритроциттер, гемоглобин мөлшері) артады, оның клеткаларының жаңғыру қарқыны үдейді, қанның морфологиялық, құрамын реттейтін жүйке орталыктарының тонусы күшейеді, Сонымен катар зритроциттің осмостық төзімділігі артып, қанның тұтқырлығы көбейеді, оның оттегіне сыйымдылығы кеңейеді. Сөйтіп қан жүйесі жұмысқа сәйкес бейімделеді.
Сонымен адам арганизмі өзінің табиғаты арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ой еңбегі
Дене еңбегінің физиологиялық ерекшеліктері
Еңбек физиологиясы
Еңбектенудің физиологиялық негізі
Еңбек әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жасөспірімдердің ой еңбегімен физикалық жүктемеге бейімделу ерекшеліктері
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
Жас ерекшелік физиологиясы
Еңбек гигиенасы
Пәндер