Липидтер алмасуының патологиясы. Гиперхолестеринемия. Атеросклероз биохимиясы. Өт-тас ауруы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырып: Липидтер алмасуының патологиясы. Гиперхолестеринемия. Атеросклероз биохимиясы. Өт-тас ауруы.

Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 210 A ЖM
Қабылдаған: Қанжігітова М.Ж.

Шымкент - 2017
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Липидтер алмасуының патологиясы
2.2. Гиперхолестеринемия
2.3. Атеросклероз биохимиясы
2.4. Өт-тас ауруы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Липидтер -- (гр. λίPIος, lípos -- май) -- барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында полярсыз (көмірсутекті) және полярлы ( - СООН, - ОН, - NH2) аймақтар болады. Липидтер химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер, күрделі липидтер, стероидтар.
Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды. Триацилглицерол - бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
Күрделі липидтерге фосфолипидтер жатады. Фосфолипид биологиялық мембрананың негізгі құрамдас бөлігі болып саналады. Барлық жасуша мембранасы құрамына фосфодиацилглицерин кіреді. Ол күрделі эфир, молекуласы глицерин қалдығынан, май қышқылының екі қалдығынан, фосфор қышқылының қалдығынан және азотты негіздерден тұрады.
Стероидтар биологиялық белсенді қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклді спирт пергидроцикло-пентанофенантрен құрайды. Стероидтар сабындалмайтын липидтерге жатады, сілтілі гидролизде сабын түзілмейді. Олар жануарлар, өсімдіктер ұлпаларында және микроорганизмдерде кездеседі. Стероидтарға холестерин және олардың туындылары жатады.

Негізгі бөлім

Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін оның эмулсиялануы (лат. emulsus -- сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі қажет. Ұлтабарға ет түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді.
Осындай жағдай ұйқы-безінің ферменттері шығарылмағанда немесе тым аз шығарылғанында да байқалады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуі бұзылуы ішек эиителийлерінің қызметі төмендегенде немесе ащы ішектің перистальтикасы күшейгенде болуы мүмкін. Бұндай жағдайлар энтериттер, А және В гиповитамииоздар кездерінде байқалады. Тамақтың құрамында Са2+, Мg2+ көп болғанда, олармен май қышқылдарының ерімейтін тұздары құрылады да, майдың сінірілуі төмендейді.
Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде май және тер бездерімен тері арқылы сыртқа шығарылады. Май сіңірілуі бұзылуынан нәжісте ыдырамаған май мен күрделі май қышқылдары көбейеді, ол ақсұр түсті болады. Бұндай жағдайды стеаторея (грек. stear -- май, грек. rһео -- ағу) дейді.
Май бездерімен тері арқылы майдың артық шығарылуы (себорея -- май ағу) кейбір тері ауруларында (безеу, экзема жене авитаминоздар кездерінде) кездеседі.
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы көптеген жағымсыз жағдайларға әкеледі. Осыған қарамай тағамда май міндетті түрде болуы қажет. Өйткені майлармен бірге майда еритін тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, К сіңіріледі. Сондықтан тамақпен организмге май түспесе көрсетілген витаминдердің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Сонымен қатар табиғи майлардың құрамына организмде алмастырылмайтын қанықпаған күрделі май қышқылдары (мысалы, линол -- С18Н32О2 және линолен -- С18Н30О2 қышқылдары) кіреді. Олар басқа май қышқылдарынан организмде түзілмейді. Организмде олардың жеткіліксіздігінен терінің созылмалы (некроздық ж. б.) аурулары дамиды.
Майлардың ферменттік ыдырауының бұзылуы көмірсулар мен нәруыздардың ыдырауына теріс әсер етеді. Бұл жағдайларда нәруыздар майлармен қоршалып, оларға протеолиздік ферменттердің әсері әлсірейді.
Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылуы.
Майлардың тасымалдануы бұзылыстарының бір көрсеткіші болып гиперлипемия есептеледі. Бұл кезде қанда майдың мөлшері литріне 8 граммнан асады. Гиперлипемия ауқаттық (қоректік), тасымалдық (май қорларынан оның бауырға тасымалдануы күшейгенде) және ретенциондық (грек. retentio -- бөгелу, кідірту) немесе бөгелулік (майдың қаннан тінге шығуы кідіріп қалғанда) болып көрінеді.
Ауқаттық гиперлипемия. Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2 -- 3 сағаттан соң дамиды да, 4 -- 6 сағаттан соң ең жоғары деңгейге көтеріледі. 9 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге жетеді. Ол көк бауыр алынып тасталғанда, гепариннің өндірілуі бұзылғанда ұзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады. Ac тұзы, өт қышқылдары гиперлипемияның дамуына әкеледі.
Тасымалдық гиперлипемия бауырда гликогеннің қоры азайғанда (ашығу, қантты диабет ж. б.) байқалады. Бұл кезде май қорларынан, өкпеден, сүйек кемігінен, майлардың бауырға бағытталуы көптеген гормондардың әсерлерінен болады. Ашыққан организмге глюкоза жібергенде бауырда гликогеннің қоры қалыптасып, майлардың бауырға тасымалдануы (тасымалдық гиперлипемия) азаяды.
Бөгелулік (ретенциондық) гиперлипемия -- қаннан майлардың тіндерге ауысуы бегеледі. Босаған май қышқылдары альбуминмеп байланысып (альбуминнің I молекуласы май қышқылының 6 -- 7 молекуласын байланыстырады), қаннан жасушаларға ауысады. Осыдан қанда альбуминнің жеткіліксіздігі (ашығу, бүйрек, бауыр аурулары) кездерінде майдың қанда ұсталып қалуына, гиперлипемияның дамуына әкеледі. Осындай жағдай гепариннің жеткіліксіздігі кездерінде байқалады (атеросклероз, қантты диабет ж. б.).
Айналымдағы қаннан түскен май жасушаларда ыдырамаса және тотықпаса, ол ұзақ мерзімде сақталып, жасуша ішінде шоғырлануына әкеледі, ол майлық дистрофия деп аталады.
Майлық инфильтрация мен дистрофияның негізгі себебі болып, май алмасуындағы ферменттердің әлсізденуі есептеледі. Бұндай жағдай фосформен, хлороформен, алкогольмен ж. б. химиялық заттармен уланғанда, вирустық жұқпалар және авитаминоздар кездерінде байқалуы мүмкін.
Қалыпты жағдайда бауырда майдың мөлшері 5%-дан аспайды. Бауырдың майлық инфильтрациясы кезінде онда май мөлшері 50%-ға дейін жетеді.
Бауырдың майлық инфильтрациясьшың патогенезі онда фосфолипидтердің түзілуі бұзылуынан болады. Бауырда фосфолипидтердің қажетті мөлшерде болуы майларды өте майда бөлшектерге бөліп, жасушалардың сыртына шығуын қамтамасыз етеді. Осыдан бауырдың майлық инфильтрациясы дамиды.
Метионин бауырдан майдың артығын шығаратын липотроптық әсер етеді. Ол ірімшікте, қой етінде көп болады. Сондықтан бауыры ауыратын адамдар жас ірімшікті көп пайдалануы қажет.
Бауырдың майлы инфильтрациясы қантты диабет кезінде болуы мүмкін.
Май тінінде май алмасуының бұзылыстары
Май тінінде ұдайы қарқынды алмасу процесстері жүріп жатады. Онда майдың артық жиналуы тамақта көмірсулары басым болғанда болады. Үш глицеридтердің түзілуі мен ыдырауы қандағы глюкозаның деңгейімен реттелінеді. Онда глюкоза көп болғанда май қышқылдары энергия түзілуге пайдаланылмай қорға жиналады. Керісінше, глюкоза деңгейі төмендегенде майдың май тінінен шығуы байқалады. Ұзақ эмоциялық зорлану май тінінен оның шығуына, адамның азып-ауруына әкеледі.
Инсулин майдың қорларынан шығуын тежейді, көмірсуларының майға айналуын арттырады, бауырда гликогеннің қорлануын күшейтеді. Қанда глюкозаның деңгейін төмендетіп, адамның тәбетін көтереді.
Көрсетілген күрделі нейрогуморалдық реттеудің бұзылыстары организмде артық май жинап, адамды семіруге әкеледі. Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні. Ересек адамдардың 30%-дан 60%-ға дейіні артық салмағымен көзге түседі. Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі. Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық. Мәселен, 33% ер адамдардың және 45% әйелдердің арасында семіру 20 -- 35 жастарда кездеседі.
Пайда болу себебіне қарай семіру үш түрлі болады: ауқаттық (55 -- 66%), гормондық (20% мөлшерінде), церебралдық (16 -- 20%). Семіруде тұқым қуалаушылықтың маңызы күмән шақырмайды.
Семіру дамуында 3 патогенездік жайттардың маңызы бар:
1. энергия шығынына сәйкес емес артық тамақтану;
2. май қорларынан оның аз шығарылуы;
3. көмірсуларынан майдың артық өндірілуі.
Бір жасқа дейінгі балаларды тым артық қоректендіру гиперплазиялық (көп жасушалы) семірудің дамуына әкеледі. Бұндай семіру тұрақтылығымен сипатталады. Ересек балаларда гипертрофиялық б. а. май жасушаларының көлемі үлкеюімен байланысты, семіруі байқалады.
Тәбеттің күшеюіне байланысты тамақты тым артық ішу артқы гипоталамуста орналасқан аштық сезімі орталығының жоғары қозымдылығынан болады. Гипоталамустың ядроларында тойыну сезімінің орталығы орналасқан. Ол аштық сезімі орталығына тежеуші әсер етеді.
Асқазанның белгілі керілуі оның қызметін тежейді. Содан тамақты артық ішу және организмнің семіруі байқалады. Сонымен қатар ауыр қол жұмысымен немесе спортпен тұрақты шұғылданатын адамдардың тыныштық өмірге (гиподинамияға) ауысуы және бұл кезде энергия шығыны азайып, энергия түзуге қажетті майлардың май тінінен шығуы бұзылады.
Майлардың қорынан шығуының бұзылуы гипофиздің, қалқанша бездерінің, бүйрек үсті және жыныс бездерінің аурулары кездерінде гормондардың әсерлерінен де байқалады.
Организм тіршілігі үшін семіру көптеген қолайсыз жағдайларға әкеледі. Ол жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз, артериялық гипертензия, қантты диабет және т. б. аурулар үшін қауіп-қатерлі фактор болып есептеледі.
Жастарда адаптациялық мүмкіншіліктердің жоғары болуына байланысты семірудің теріс әсерлері онша қатты байқалмайды, ал жас ұлғаюына қарай онымен байланысты асқынулар көбейе түседі. 20 -- 24 жастағы толық адамдардың арасында толық емес адамдарға қарағанда өлім-жітім 3%-ға ғана артық болса, 40 -- 50 жастағы адамдардың арасында ол 50%-дан жоғары болады. Организмде майдың артық жиналуы көптеген тіршілікке маңызды ағзалардың қызметтері бұзылуына әкеледі. Көмірсулары алмасуында глюкозаның тотығуы шектеліп, бауырда гликогеннің қоры көбейеді. Энергия түзу үшін организм негізінен май қышқылдарын пайдаланады.
Жүректе май жиналып қалуы оның жиырылымдық қызметін әлсіретеді. Семіру кезінде атеросклероз, артериялық гипертензия жиі дамиды, қан ұю артады, тромбоз жиілейді. Бұл кезде өкпеде ауа алмасу нашарлайды, өкпенің өмірлік сиымдылығы төмендейді, онда қан іркілуі және тыныс алу жолдарында созылмалы қабыну дамиды. Аз күштенудің өзінде алқыну пайда болады. Осыдан циркуляциялық және тыныстық гипоксия байқалады.
Май жасушаларының бетінде инсулинді қабылдайтын рецепторлар азаяды, инсулиннің безден тыс жеткіліксіздігі және қантты диабет дамиды.
Семіруді ескерту мен емдеу тәсілдерінің негіздері
Семіруді ескерту мен емдеу тәсілдерінің негізінде, қоректенудің тәртібін сақтаудың маңызы өте зор. Тамақтың құнарлылығын, ондағы ас тұзын, тәтті және ащы тағамдарды шектеп, бөлшектеп, жиі (күніне 5 -- 6 рет) қоректену қажет. Тамақтың құнарлылығын күн бойына дұрыс бөлу ерекше маңызды. Тамақпен түсетін энергияның 70%-ы күннің бірінші жартысына (ауыз ашар, екінші ауыз ашар, түскі ас) келуі керек. Оның тек 30%-ы түстен кейінгі астануларға (түстен кейінгі, кешкі және жатар алдындағы ас) келгені дұрыс. Жатар алдындағы астану ұйықтардың алдында 2 сағат бұрын болуы қажет, Тамақтанудың осындай тәртібінде организмге аспен түсетін энергияның негізгі бөлшегі жұмыс уақытындағы кеткен шығынын толтырады да, май түрінде қорға жиналуы азаяды.
Дұрыс қоректенудің негізінде -- сапалық құрамы жағынан организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен, витаминдермен және микроэлементтермен жабдықталған тамақтану жатады. Тағамда өсімдік майларының мөлшері мен жануарлар майларының ара қатынасы 1:2 болуы қажет. Тамақта жеңіл қорытылатын көмірсулары аз болуы керек.
Сонымен бірге гиподинамияны шектеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды насихаттау қажет. Толық адамдарда май алмасуы бұзылуын жөнге келтіру үшін арнайы дәрілер, әсіресе балық майынан алынған эйконол қолданылады. Ол қанда майдың мөлшерін, артериялық қысымды төмендетеді, қанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гиперхолестеринемия және оның себептері. Өт - mac ауруының пайда болу механизмі
Клиникалық биохимия пәні
Липидтер алмасу механизмінің биохимиялық бұзылыстары
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Зат алмасудың тұқым қуалаушылық аурулар
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Қанның азотсыз органикалық және бейорганикалық қосылыстары
Холестерол
Қанайналымы жүйесі ауруларының қауіп факторларының таралуы бойынша шетелдік зерттеулердің нәтижелері
Қанның тасымалдаушы липопротеиндерінің құрамы, құрылысы және жіктелуі. Липопротеиндерінің әртүрлі кластарының және липопротеинемия патогенезіндегі ролі
Пәндер