Әлемнің жеті кереметі жайлы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Әлемнің жеті кереметі
Ұлы Қытай қорғаны (қытай Ваньли чанчэн - он мың шақырымдық қамал) - Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю (Көктем және күз б.з.б. 770 - 476 жылы) және Чжаньго (Жауласқан патшалықтар б.з.б. 475 - 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті. Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері - шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті. Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 километрге жетті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 - 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 - 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған. Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 километр алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі. Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери қорғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды. Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түріктер, қидандар, моңғолдар мен [[шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар Қытай жерінде Вэй (таб-ғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі. 1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.
Қытайлар - жалпы, аңыздарға құрметпен қарайтын ырымшыл, сенімшіл халық. Ерте кезден Қытай елі аса қадір тұтатын, қасиетті жануар айдаһар болып саналады. Айдаһар - көптеген аңыздардың негізгі кейіпкері. Ол әрқашан халықтың немесе жеке шаңырақтың тыныштығын сақтап, бұларға қауіп төндіретін жын-жыпырларды алыстан үркітіп тұрады екен. Тағы бір аңыздарда жын тежейтін қа­бырға ұғымы кездеседі. Сенім бойынша, қы­тай жындары тек тіке бағытта қозғалады және көбінесе солтүстікті мекен етеді. Яғни сол жақтан шабуыл жасайды. Сондықтан да қытайлар аулаларының кіреберіс бетін оңтүстікке қаратып салып, солтүстік бетке үлкен қабырғалар орнатып қояды. Бұл қабырғалар жындардың шабуылын тежейді деп есептеледі. Әлемнің атлас картасын алып, Қытай территориясына қарасақ, ирелеңдеген айдаһар бейнелі, ең үлкен жын тежегіш қабырғаны байқауға болады. Ол - әлемнің сегізінші ғаламаты болып саналатын Ұлы Қытай қорғаны... Егер Ұлы Қытай қорғанында болмасаң, сен нағыз қытай емессің.... Бұл сөздің авторы - атақты қытай көсемі Мао Цзе Дунь. Дәл осы сөйлем алып қор­ғанның кіреберісінде ілінген тақтайшада жазылған. Дүниежүзіне белгілі бұл қорғанның мыңдаған жылды қамтитын тарихы бар. Ұлы қорғанның іргетасының қалануы ша­ма­мен б.з.д. III ғасырда басталып, үш кезеңде (бірінші, екінші және үшінші қабырғалар) салынған делінеді деректерде. Бұл қорған Соғысушы патшалықтар (шамамен б.з.д 475 -221 жж.) дәуірінің ескерткішіне жатады. Осы дәуірде Қытай бірнеше патшалықтарға бөлініп, Аспан асты елі мазасыз күндер өткізіп жүрген кез еді. Сол кездегі ең қуатты империя Цинь империясы екен. Цинь империясының бас­шысы, тарихта аты жиі аталатын Ши Хуаньди атты император баршаға танымал болыпты. Бұл император Шың елінің тұрғындарына көбінесе өзінің қаталдығымен, жауыздығымен және ырымшылдығымен аты жайылған. Ол Қытай тарихындағы ең қатал император болып саналады. Өзінің ырымшылдығына байланысты көбінесе даосизмді жақын тұтып, атақты философ, ұлттың ұстазы Кон­фу­ций­дің екпінді қар­сыласы бол­ған екен. Кон­фуцийге жа­нының жылымағаны соншалықты, ол философтың жолын қуған талай шәкірттерін жазықсыз өлім жазасына кестірген. Ол аз болғандай, империя ішіндегі Конфуций ілімі жинақталған талай кітап­ха­наларды өртеп, күл-талқанын шығарған. Жал­пы, қатыгез император өзіне сәл қарсы келген немесе императордан ойы бөлек кісілерді де аямай жазалаған. Ши Хуаньдидің билік құрған кезінде талайлар жазықсыз жазаға тартылып, біразы жерлерінен айырылып, елдің жасы мен қаны судай ағыпты. Қысқасы, император бұйрығы үнемі бұлжытпай орындалатын болған.
Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7 -- 8 м, қорған үстінің кеңдігі 4 -- 5 м. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар. Қорғанды бойлай, белгілі аралыққа белгі отын жағатын тұғыр орнатылған. Жау нышаны байқала қалса, күндіз түтін салып, түнде от жағып бір-біріне әскери белгі беретін болған. Осыған негізделіп Ұлы Қорғанның жәй қорған емес, өткел аузы, әскерлер тұрағы, от жағатын тұғыр түгел қамтылған әскери қорғаныс жүйесі екендігін білеміз.Қорғанды салғанда, көбінесе, кірпіш жинап, тас қалаған, шыңдап дуал түйген.
Тәж Махал (Hindi: ताज महल; парсыша: تاج محل) - Үндістандағы ең әйгілі ғимарат және ЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны. Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл монумент Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан.
Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14 баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшыларды қабылдайды. Алдын ала ұйымдастырылған Алтын үшбұрышы саяхат бағыты бойынша, Дели-Агра-Джайпур қалаларын аралаған кезде, Тадж-Махал кесенесіне баруға болады. Сондай-ақ, Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе темір жол көлігі арқылы Агра қаласына барып, Тадж-Махалды көруге болады.
Тәж Махал кесенесін Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шах 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болған тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған. Кейіннен құсадан қайтыс болған шахтың өзі де сүйікті тоқалының қасына жерленген. 1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. Өлмес махаббат нышаны болып саналатын Тәж Махал - әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазар­дың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар жұмылдырып, құрылысты 1643 жылы аяқтады. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жата­тын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі - архитектураның шыңы. Ескерткіштің табанында оны өзен деңгейінен жоғары көтеріп тұрған мәрмәр платформа салынған.Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою-өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) Кох-и-Нұр осы мазарда тұрған, кейіннен ағылшындар елдеріне алып кеткен. Қазір ол Лондонда сақтаулы.
Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан шахтың жоспары бойынша оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем халықтарындағы жеті саны
Әлемнің жеті кереметтері
Әлемнің жеті кереметі туралы ақпарат
Айша бибі мазары
Одан кейінгі саяхатымыздың маршруты Стамбул қаласы
Өнер кереметі
Египет пирамидалары
Әлем кереметтері
Домбыра құрылымы
Әлемнің көне жеті кереметі
Пәндер