Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар - қарыз міндеттемесі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1 Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар - қарыз міндеттемесі ... ... ... ... ... ... .9
0.1 Құнды қағаздардың жіктелуі. Құнды қағаздардың негізгі және туынды түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
0.2 Құнды қағаздарды шығару және олардың эмитенттері ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
0.3 Құнды қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..14

1 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... 20
0.1 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының пайда болуы...20
0.2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
0.3 Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ... ... .26
0.4 Құнды қағаздар нарығын реттейтін жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 34

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Курстық жұмыс жазу барысында келесідей нормативтік сілтемелер пайдаланылды:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жыл 27 желтоқсан.
2. Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы №2227 Президенттің заң күші Заңы. 1995 жыл 21 сәуір.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы №2155 Заңы. 1995 жыл 30 наурыз.
4. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк ісі туралы №2444 Заңы. 1995 жыл 31 тамыз
5. Салықтар және басқа бюджетке төленетін міндеттемелер туралы №2235. 1995 жыл 24 сәуір.

АНЫҚТАМАЛАР
Курстық жұмыс жазу барысында келесідей терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылды:

Вексель - бұл онда белгіленген соманы вексель айналысыныың заңы бойынша белгіленген мерзімде сөзсіз төленгендігі жөніндегі мерзімді ақша міндеттемесі.
Варрант - белгіленген баға бойынша жаңа эмиссияның белгілі бір бағалы қағаздар санын сатып алу құқын беретін бағалы қағаз.
Облигация - бұл облигация шығарушыдан көрсетілген мерзімде номиналы бойынша соманы алуға, сондай-ақ облигация бойынша процент не басқа да табысты алуға куәландыратын бағалы қағаз.
Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі.
Листинг - бұл бағалы қағаздарды қор биржасына енгізу процедурасы.
Биржа - бұл анықталған орында, көрсетілген уақытта және белгілі бір ережелерге сүйенетін жариялық сауданы жүргізетін ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының негізгі ұйымы.
Брокер - бұл клиент есебінен және оның атынан құнды қағаздармен мәміле жүргізетін делдал.
Дивиденд - акционерлер арасында акция санына қарай бөлінетін таза пайданың бір бөлігі.

БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы
ҰБ - Ұлттық банк
АҚ - Ационерлік қоғам
БҚН - Бағалы қағаздар нарығы
АҚШ - Америка Құрама штаттары
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
KASE - Kazakh Asset Stock Exchange
ЕДБ - Екінші деңгейлі банктер
т.б - тағы басқа
с.с - сол сияқты

КІРІСПЕ
Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Бұл - меншік қатынастары; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.
Құнды қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық - құқықтық механизмдерге негізделген. Бұл құнды қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ, құнды қағаздардың кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алатыны белгілі, себебі олар арқылы мемлекеттің инвистициялық қызметтер түрі жүзеге асырылады. Дәлірек айтатын болсам, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің құрылымдық және ұйымдық ерекшеліктеріне орай құнды қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 1990-шы жылдардың басында етек жая бастады.
1990- шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелденгендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - құнды қағаздар екені талассыз екені бәрімізге белгілі. Құнды қағаздар ақша түріндегі капиталға, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек құнды қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыруы мұмкін. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру құнды қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеті құнды қағаз нарығын дамыту және оны одан әрі гүлдендіру мақсатында қажетті шараларды жасалуда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемелекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Құнды қағаз нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция түрлерін алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік құнды қағаздар шығарумен шұғылданады.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа тіпті, ерекше бағыт, яғни құнды қағаздарды шығару және сол құнды қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын дәлелдейді. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі әрі қиын кәсіпшілік. Сондықтан құнды қағаздармен қызмет жасайтын жоғарғы білімді мамандар дайындау - уақыт талабы.
Ұсынып отырған курстық жұмысымның мақсаты - студенттерге құнды қағаз нарығының теориялық негіздерін оқып білудің арқасында құнды қағаздардың инвестициялықпортфельдерін қалыптастыру мен басқару мәселелері туралы ақпарат беру. Сонымен қатар, студенттердің қазіргі құнды қағаздар нарығын тиімді басқару туралы білімді, дағдылар мен іскерлікті, әдістемені меңгеру. Қаржы активтерінің қалыптасуы мен құнды қағаздар нарығының елдің экономикасын дамытудағы маңызы мен орны, әлемдік экономикалық бірлестіктердегі экономиканың интеграциясындағы оның рөлі туралы ақпарат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар - қарыз міндеттемесі

1.1Құнды қағаздардың жіктелуі
Қарыз міндеттемесі анықтамасы құнды қағаздар анықтамасымен тығыз байланысты. Құнды қағаздар екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыздар міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының арнаулы құнды қағаздар сияқты нысаны болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Құнды қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркелеген инвесторларға құнды қағаздар туралы дәл және маңызды ақпарат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвесторлар өз инвестициясының сапасын анықтауына мүмкіндік алады.
Құнды қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: бірінші, түсіретін кірісіне; екінші, эмитенттің сипатына; үшінші, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздардар немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Құнды қағаздар шығарушысы жөнінен жіктелесді. Олардың эмитенттері мемлекет, корпорациялар, жергілікті әкімшілік қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғаларлар. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды құнды қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
- Қазыналық, немесе үкімет атынан қаржы министрлігі шығарған құнды қағаздар. Бұл қағаздар сенімді қағаздардың бірі. Себебі, оның төлемін мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл құнды қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық облигациялар мен вексельдер.
- Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын құнды қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақтылы жобасына үкіметтің берген дотациясы.
- Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың ация және облигация түріндегі құнды қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары, коммерциялық банктер шығарады.
- Банктердің құнды қағаздары - олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері кіреді.
- Кәсіпкерлердің құнды қағаздары - оларфьючерстік шарттар, коммерциялық вексельдер және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Құнды қағаздар сатылуы және сатып алынуы бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы құнды қағаздар болып екі түрге бөлінеді [1].
Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлшегі, онда қысқа мерзімді құнды қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттіке сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатсада, олардың бәрі қарызды құнды қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған құнды қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да құнды қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, корпорациялар, қаржы институттары, жергілікті әкімшілік және т.б
Айта кететін жағдайдың бірі, құнды қағаздардың кейбір түрі қысқа мерзімге яғни 1 жылға дейін айналымда болса да капитал нарығында жүреді. Мысалы, опцион.
Негізгі құнды қағаздар: акциялар және облигциялардан тұрады.
Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын құнды қағаздың негізгі түрі. Ол иемденушісіне компанияның мүлкінің, капиталың , кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді.
Акцияны шығару мына жағдайларда жүргізіледі:
1.меншікті акцияландырғанда, акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанды;
2.бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
3.жарғылық капиталды қосымша молайтқан кезде.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы жне корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Артықшылықты акциялар - меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс беру құқын бермейді. Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивидендтер әрқашан жай акциялар бойынша дивидендтер беруден бұрын төленеді. Артықшылықты акция әдетте, атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін.
Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу корпорацияның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша корпорацияның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланғанкіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір - шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттегендігінің жазбаша қарыз құжатын айтады. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Ол корпарацияның активіне қарсы қойылады. Облигацияның акцияға қарағанда келесідей айырмашықтарын айтып өтейін:
1.Облигация бойыншапроцент міндетті төленеді, ал акция бойынша дивиденд тек таза пайда болғанда ғана;
2.Облигацияны сатып алған тұлға - несие беруші, ал акцияны сатып алған тұлға - қоғам иеленушісі;
3.Облигация бойынша сыйақы төлеу акция бойынша дивиденті төлеуге дейін жүргізіледі;
4.Облигацияның сыйақысы қоғамның шығынына жатқызылады және олар салық салынатын пайдаға дейін шегеріледі.
Туынды құнды қағаздар: опцион және фьючерстерден тұрады.
Опцион белгілі бір базиске негізделген құнды қағаз. Оның базисі ретінде нақты тауарлар, шетел валюталары, негізгі бағалы қағаздар болады. Шығару мақсаты: активтің болашақ бағасының өзгеруінен сақтану. Анықтамасы:ұстаушының базистік активті болашақта белгіленген бағамен сатып алу-сатуды куәландыратын бағалы қағаз. Ерекшелігі: инвесторда болашақта мәміледен бас тарту құқы бар.
Фьючерс. Түрлері: мерзіміне қарай - американдық және еуроплық; қатысушыларына қарай - колл және пут. Шығару мақсаты: активтің болашақ бағасының өзгеруінен сақтану. Анықтамасы: ұстаушының базистік активті болашақта белгіленген бағамен сатып алуды куәландыратын міндеттемелік бағалы қағаз.Ерекшелігі: инвесторда болашақты мәміледен бас тарту құқығы жоқ; стандарттық келісім шарт [2].

1.2 Құнды қағаздарды шығару және олардың эмитенттері

Құнды қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, есепшотқа енгізілген жазу түрі. Басқа адамға иемденуге берілген құнды қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атаймыз.
Шығару жөнінен құнды қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді. Нарықтан тыс құнды қағаздар әлеуметтік - нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға зейнетақы қорларының облигациялары, жинақ облигацияларын, депозиттік облигациялары және с.с. жатады. Нарықтан тыс құнды қағаздар әртүрлі қорларға немес банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру) үшін шығарылуы кең өрістенген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс құнды қағаздарды шығаруды кеңейту және оладың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.
Ал айналымға түстін құнды қағаздарды нарықтық құнды қағаздар деп атайды. Құнды қағаздар айналысы деп оларды сатып алу - сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Құнды қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушілерді эмитенттер деп атайды.
Құнды қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденшілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және заңды тұлға болуы мүмкін):
Біріншіден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;
Екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;
Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.
Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.
Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті [3].
Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағ эмитенттің қысқаша жұымысы баяндалады. Үшінші тарауында құнды қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтер арасында:
1.кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылымды капиталының мөлшері;
2.шығарылатын құнды қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы;
3.акция сатуды бстау және аяқтау күндері;
4.бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акциялар саны;
5.құнды қағаздарды сату түрі (қолма-қол ақшаға немесе қолма-қол ақшасыз есеп арқылы сату);
6.кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;
7.эмитенттің адресі мен телефоны бар [4].
Эмиссия проспектісінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны, оның ішінде басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады.
Ал қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтаратын басқа да хабарлар орын алады.
Қорытындалап айтатын болсам, эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сайып келгенде, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.
Эмитент пен инвестиция институттары, яғни акциялады алғашқы иемденушілерге сатушылар акцияның бағасын барлық сатып алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған акциялардың бағасы бідей болуы шарт.
Құнды қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.
Құнды қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар - ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10-жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында өтті. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай. Ал тәуелсіз мемлекеттер достығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.
Бұл елдерде құнды қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру құнды қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чектерін өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу - өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі [5].

1.3 Құнды қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы

Құнды қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айырықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар - құнды қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымдай, бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Құнды қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың жалған капитал екенін көрсетеді.
Жалған капитал - нақты капиталдың қағаз белгісі, өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін символы болғандықтан оны қордың құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар, құнды қағаздар қордың инструменті немесі құралы болып та есептелінеді. Себебі, тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтара қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтадың нақты қызметін көрсетеді.
Құнды қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндірістің негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған - жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамның зарасыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту - қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуінен жеткізетіні ақиқат шындық [6].
Құнды қағаз - бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер, ақша, тауар және т.б. танылады.
Құнды қағаздар нарық субъектілерінің қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырады. Құнды қағаз арқылы субъектілер ақша-қаражаттарға деген сұранысын, ал осы құралдарға инвестицияланған субъектілер болашақ табыс алу қажеттіліктерін орындауға құнды қағаздар нарығының негізгі мақсаттарына жатқызылады.
Құнды қағаздар келесідей қызмет атқарады:
1) Экономика салалары және аялары арасында, мемлекеттер арасында, мемлекет пен халық арасында, әр түрлі халық топтары арасында ақшаны қайта бөледі;
2) Иелеріне қосымша құқық береді (басқаруға құқық, ақпаратқа құқық, капиталға құқық және т.б.);
3) Капиталға табыстың алуын және сол капиталдың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығының көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары - негізгі қорды құру және ескі қорларды жаңарту айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюнктурасына тікелей байланысты. Сонымен қатар конъюнктураның өзгеруі белгілі-бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі-бір уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан республиксында әзір бұндай жағдай қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие қымбат, шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде құнды қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты құнды қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектінің шығарып және нарыққа қатусушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу - сатуға және есепайырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен құнды қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
Құнды қағаздар нарығы - қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, оның инфрақұрылымы, яғни жеке комерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айырықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды. Оған дәлел мынандай мысал, ұлттық жалпы өнімнің заттай құрылымының (34) бөлігі өндірістік құрал-жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға жұмсалған. Негізгі құрал-жабдықтар соғыс-өнеркәсіп кешеніне жұмсалғандықтан халық игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде ұзаққа созылған тапшылық экономикасы қалыптасып, ол тек тұрмыстық игіліктің өткір кемшілігін ғана емес, сонымен қатар үнемі рухани кемшілікті де тудырады. Сондықтан, шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқарудың жаңа әдіспен жүргізу объективті қажеттілік еді [7].
Нарықтық экономика - адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің өркендеу тәжірибесі дәлденген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту - тек ашық нарыққа өту ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен бас тарту.
Шаруашылықты нарық әдістерімен жүргізу қаржы нарығының мол мүмкіндігін пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп және үнемі қозғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өз өркендеуіне жетеді деуге әзір ерте.
Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысын өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
Біріншіден, айналымдағы қолма-қол ақша нарығы және қолма-қол ақша қызметін атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары жатады. ҚР-ның қаржы нарығы қазіргі кезде айналымдағы қағаз ақшаның құнсыздануынан инфляцияға ұшырауда. Егер жалпы ұлттық өнім жылына 5%-ке, ал айналымдағы ақша - 6-7%-ке өссе, онда жалпы ұлттық өнімді сату да оңайға түседі. Онда экономикада жағымды өзгерістерді аңғаруға болады. Егер де жалпы ұлттық өнім жылына сол 5%-ке , ал айналымдағы ақша 10-20%-ке және одан да көп өссе, онда қарқынды инфляция болып, экономика құлдырап төмен кетеді. Қазіргі кезде біздің мемлекеттің экономикасы дағдарыста.
Екінші, несие капиталының нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік нарығы Комерциялық банктер қысқа мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары проценттік өсіммен береді. Бұл несиені өзінің айналым қаржысы жоқ кәсіпорындар алуына мәжбүр. Негізгі қорларды құруға және оларды жаңартуға проценттік өсімі өзгеріп, қайта қаралып отыратын ұзақ мерзімді несие беріледі. Сондықтан, қаржы нарығының бұл бөлігіне де дағдарыс тән.
Құнды қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуде мүмкіндік береді. Қаржы нарыығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес, тек экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың салық төлегеннен кейін қалғаны өз меншігінде болады. Кәсіпорындар осы уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін проценттік мөлшерін нарық деңгейіне сай келгенде ғана есепшотта сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу - өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.
Құнды қағаздар нарығына қатысушылар. Барлық дерлік мемлекеттерде Үкімет тарапынан бағалы қағаздар нарығының айналысы бойынша сұрақтар маңызды орын алатыны белгілі. Себебі, құнды қағаздар механизмі арқылы қаржы қорларының қалыптасуы мен оның бөлінуі сипат алады. Қорлардың бөлінуі бір саладан екінші салаға, жеке аядан мемлекеттік аяға, бр компаниядан екінші ресурстарға деген қажеттілігі бар қатысушыға аударылатын ерекше механизм деп айтуға болады.
Құнды қағаздар нарығы ерекше механизм бола отырып, өзінің күрделілігімен сипат алады. Қандай да болмасын нарыққа тән сияқты өзінің объектілерінен, қатысушылардан тұрады. Құнды қағаздар нарығының қатысушылары - бұл нарықтағы бағалы қағаздарға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, сонымен қатар нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бір-бірімен байланысты өндірістік, қаржылық институттар жиынтығы деп тұжырымдауға болады. Құнды қағаздар нарығының қатысушыларына эмитентті, инвесторларды және құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын жатқызамыз. Эмитент - бұл құнды қағазды шығару арқылы қаржы ресурстарына қажеттілік танытқан өндірістік, қаржылық ұйым. Ал, инвестор белгілі бір тәуекелге бара отырып, қаржы қорларын беруді ұйғаратын өндірістік, қаржылық ұйым немесе жеке тұлға [8].
Құнды қағаздар нарығының негізгі қатысушыларына келесілерді жатқызамыз:
oo Эмитент ретінде (қаржылық ұйымдар, Ұлттық банк, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар);
oo Инвесторлар - жеке және институционалды инвесторлар. Жеке инвесторлар деп өз қаражаттары есебінен бағалы қағаздарға жұмсайтын жеке заңды тұлғалар. Ал, инвеституционалды инвесторлар тек тартылған қаражаттар есебінен құнды қағаздарға жұмсайтын заңды тұлғалар;
oo Сауданы ұйымдастырушылар (қор биржа және биржадан тыс баға кесу ұйымдары);
oo Кәсіби қатысушылар
Мұнда кәсіби қатысушылар мен сауданы ұйымдастырушылар құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы деп атайды және олардың мақсаты құнды қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР кәсіби қатысушылардың келесідей түрлерін бекітілген: брокерлік, депозитарлық, зейнетақы активтерін басқару қызметі, дилерлік, кастодиандық, инвестициялық портфельді басқару қызметі, құнды қағаз ұстаушылар тізімін жүргізу қызметі, клирингтік қызмет және трансер агенттік қызмет.
Брокер - бұл клиент есебінен және оның атынан құнды қағаздармен мәміле жүргізетін делдал. Дилер - керісінше өз атынан және өз есебінен құнды қағаздармен мәміле жүргізетін қатысушы. ҚР-да бұл қызметтер қосарланады және сәйкесінше лицензия түрлері бар: 1-ші санатты брокер-дилер, 2-ші санатты брокер-дилер. Айырмшылығы - 1-ші санатты брокер-дилерлер бірқатар артықшылықтарға ие. Мысалы, мәмілені тіркеу бойынша. Брокерлі-дилерлік лицензияны банктік және банктік емес ұйымдар ала алады. Тек оларға алғашқы нарықтарда шектеулер қояды.
Банктік типтегі брокер компанияның алғашқы эмиссиясын шығаруға, орналастыруға құқы жоқ. Яғни, андеррайтер қзметін атқара алмайды. Ал, бірақ мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруда тек коммерциялық банктердің ғана құқы бар. Андеррайтингтік қызметі 1-ші санатты банктік емес брокер-дилер атқаруы мүмкін. Андеррайтер эмиссия шығарылымын орналастырудың келесідей әдістері бар: қатаң міндеттеме, барынша күш салу және т.б. эмиссия шығарылым орналастыру өте тәуекелді операция болып табылады. Сондықтан да брокерлер эмиссиялық синдикатты құрайды.
Клирингтік және депозитарлық қызметтерді тек жалғыз институт атқарады - ол ҚР Орталық депозитариийі. Орталық депозитарий 1997 жылы құрылды. Орталық депозитарий құнды қағаздардың құжатсыздандыруын жүргізетін және мәміленің өзара есеп айырысуын қамтамасыз ететін ұйым. Ол ҚҚБ бірге қызмет етеді. ҚҚБ мәміле жүргізу үшін Орталық депозитарийде депо шотын ашу қажет. Ол шотта құнды қағаздар немесе ақша-қаражаттар сақталады. Тіркеуші - бұл құнды қағаз ұстаушылар тізім жүйесін қалыптастыратын, сақтайтын және құнды қағазға меншік құқығын куәландыратын кәсіби қатысушы. Құнды қағаз ұстаушылар тізімінде келесідей мәліметтер бар:
1-эмитент туралы;
2-эмитенттің шығарған бағалы қағаздары туралы;
3-бағалы қағаз ұстаушылар туарлы;
4-тіркелген мәмілелер туралы.
Орталық депозитарий тіркеушілермен де өзара байланысы бар.
Тіркелген нақты мәмілелер туралы Орталық депозитарий нақты эмитенттің тіркеушісіне ақпарат береді. Заңға сәйкес, әрбір акция не облигация шығарушы эмитент белгілі бір тіркеушімен келісімшартқа отыруы тиіс. Тіркеушіні инвестор мен эмитент арасындағы буын деп атайды. Ол сондай-ақ акционерлер жиналысын ұйымдастыруға эмитентке көмектеседі.
Кастодиан- бұл клиенттің қаржылық құралдарын және ақша-қаражатын есепке алатын, сақтайтын кәсіби қатысушы. Осы қызметке қажеттілік ҚР-да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен кезде туындады. Қазіргі кезде олардың негізгі клиенттері ретінде ЖЗҚ және инвестициялық қорлар болып табылады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметі де 1997-1998 жылдары пайда болды. Яғни, зейнетақы қордың ақша-қаражатын өсірту және инфляциядан қорғау мақсатында аталған компаниялар қаржылық құралдарға инвестициялайды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар - клиенттің мақсатына, қағидасына сай портфельді қалыптастыру және сәкесінше ақша-қаражаттарды қаржылық құралдарға инвестициялайтын қатысушы.
Трансфер-агент - құнды қағаздар нарығы субъектілердің арасында құжаттарды немесе ақпараттарды қабылдау және оларды жіберу бойынша қызметті атқаратын кәсіби қатысушы [9].

2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығы

2.1 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының пайда болуы

Құнды қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда құнды қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елімізде дамыған құнды қағаздар нарығының қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
1.Сұраныс пен ұсыныс
2.Делдалдар мен басқа қатысушылар
3.Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, инвестициялық институттар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық құнды қағаздар
Артықшылықты акция әдетте атаулы бағалы қағаз
Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі
Құнды қағаздар рыногі жайлы
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бағалы қағаздар нарығы
Құнды қағаздардың мәні
Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі ретінде
Бағалы қағаздардың нарығының қызметі және оның маңызы
Қазақстан Республикасында құнды қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні мен негізгі түсініктері
Пәндер