Жеке тұлғаның дамуы, баланың дамуына сынып ұжымының ықпалы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. ... ... ...3
1–бөлім. Жеке тұлғаның дамуы , баланың дамуына сынып ұжымының ықпалы.
1.1. Жеке тұлғаның дамуы ,
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Баланы дамытудағы балалар ұжымының
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 – бөлім. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда тәрбие процесінің рөлі
2.1. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс- тәжірибелерден
мысалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын
ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .21
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 28
4. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
5. Қосымша.
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі:
ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды
иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында
отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектеп ұжымы мен қатар
тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу,
сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған
міндеттерінің бірі.
Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек.
Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында
тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде
қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады.
Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын
бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын,
еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді
құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту
органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық
теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және
іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде
шығармашылық дамудың негізі болды.
Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы
ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Окушылар
ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші кушіне айналады. Қажет
болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.
Біреулері өзінің әңгімелерімен жолдастарының алдында беделді, ал
екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық
балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар
қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын
тәлімгер зерттеп, баланың дамуына ұжым арқылы ықпал жасап, қамқоршы болуы
тиіс. Жоғарыда келтірілген көкейкесті мәселелердің әлі де болса шешімін
табуға көмек болар деп, біз курстық жұмысымыздың тақырыбын Баланы
дамытудағы балалар ұжымының рөлі деп атадық.
Зерттеудің объектісі- оқушылар ұжымы және ұжымның балаға ықпалы.
Зерттеу пәні – педагогикалық процестегі оқу жұмысын ұйымдастырудағы
обьект-субьект қарым-қатынасы.
Зерттеудің мақсаты – мектеп оқушыларын ұжым ретінде қалыптастыруға
бағытталған іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыра отырып, ұжымды балаға ықпал
жасайтын құрал ету.
Зерттеудің міндеттері:
- тақырыптың мазмұнына байланысты оқушылар ұжымы мен
тұлға дамуына теориялық тұрғыдан сипаттама беру;
- оқушылар ұжымы мен баланың дамуына ұжымның ықпалы жөнінде қалам
таратқан ұлы педагогтар мен ғалымдардың еңбектерімен танысу;
- озық тәжірибелі ұстаздардың іс-әрекеттерімен танысып оны практика
жүзінде қолдана білу;
Зерттеу әдістері- тақырыптың мазмұнына байланысты тәрбие сағатын
өткізіп, бақылау, байқау, сұрақ-жауап әдістерін қолдану. Дерек көздерін
пайдалану.
1-бөлім. Жеке тұлғаның дамуы , баланың дамуына сынып ұжымының ықпалы.
1. Жеке тұлғаның дамуы , қалыптасуы.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа
адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы
тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін
қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы
әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты
процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және
жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне
жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл
процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал
жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.
Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам
үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған
құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде
болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең
алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің
дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты
ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі
жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек
қарастырған жөн.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология,
педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті
мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық,
педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға
арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика"
(М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы"
(1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық
методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері
жарық көрді. 1[14]
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де,
өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде
өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-
құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ
біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке
тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-
әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына
қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-
пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген
көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер -
айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын
көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі.
Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың
ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің
толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға
беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас
болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті
бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп
қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы
болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі
дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір
адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім
өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу -
миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. 2[117]
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да
негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін
өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын,
сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де
сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі
тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің
жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. 3[17]
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі
жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының
нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін
іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді.
Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып,
оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады.
Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап,
осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске
кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін
опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.
Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға
жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты
көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе,
екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады.
Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты
құбылыс.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі
пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон
және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым
қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе
бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. 4[17]
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі-
преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен,
адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер
ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің
ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда
болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
5[17]
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет,
жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік,
белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.
Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді.
Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер
пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға балалар ұжымы,
әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. 6[214]
2. Баланы дамытудағы балалар ұжымының рөлі
Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды
кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан оқушының жеке тұлға
ретінде қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше рөль атқарады. Атап
айтқанда, мектеп ұжымы негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада
адамның тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының
қабiлеттiлiгi қалыптасады.
Ұжым деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды,
бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны
білдіреді.
Жалпы ұжым – жас өспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль
атқарады. Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады,
осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып,
жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке
сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi
формасы - сынып ұжымы. 7[16]
Оқушылар ұжымы – тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам
жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы
үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан - жақты даму
мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы
болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi
қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.
Оқушылар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын,
күш- қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.
Баланың тәрбиелеуiнде әркiм өзiнiң мүмкiншiлiгiн өзi дұрыс бағалай
алуы ерекше орны алады, өйткенi ұнамсыз әдеттердiң басым көпшiлiгi
еркелетудiң нәтижесiнде балалардың менменсiнiп Мен өзгелерден артықпын
деуден болады, мұның солай келетiнi оны кiшi жасынан еркелетiп, оның өзiнiң
мүмкiншiлiгiн дұрыс бағалауын үйретпегендiктен.
Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады.
Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс - шаралардың бәрiне
де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не
жетекшiсi, т. б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекшеден қояды. Шағын
топтағылардың өзара қарым - қатынасына шек қойылмайды.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi - ұжым деп
аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң
бiр - бiрiмен ұштасып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратындай халге
жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк деңгейiне
көтерiлу - ұжымның басты белгiсi. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым
деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе осындай топта келеңсiз
жағдайлардың орын тебуiнен туындайды.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де
тәуелдi. Орамды ақыл, терең сезiм, күштi ерiк - жiгер, қажыр - қайрат,
қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, кiсiнiң рухани өмiрi бай
болса, дағды икем, шеберлiгi жектiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез
сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе
оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы
төмендеп, бара - бара беделiнен айрылатын болады. 8[26]
Оқушылар ұйымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды
біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының
бағыттылығында. Балалар ұйымы өсіп келе жатқан адамды біріктіре отырып, бұл
тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге асырудың шарты мен құралын жасайды.
Қоғамның неғұрлым белсенді де мақсатты түрде ықпал ету шарты бола отырып
балалар ұйымы өз мүшелерін тәрбиелеу функциясын атқарады.
Балалар ұйымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынада:
үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типіне тән қарым-
қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Әрине, сондықтан да
коллектів ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын
қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар.
Қоғамда балалар ұжымы — баланың барлық қарым-қатынасын қалылтастырып
қана қоймайды, сонымен бірге өріс жайып, сапалы өзгеріп отыратын ерекше
әлеуметтік орта мен жағдай болып табылады. Осы қатынастарды дұрыс құрып,
ұйымдастыру — тәрбие міндеттерінің бірі. Баланың ерекше икемделгіштігі
коллективтің оған белсенді ықпал жасауына мүмкілдік береді. Атап айтқанда,
коллектив — мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиетін
неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты. Баланың өткен
буынының тәжірибесін, жилақталған білімдерді, ұғымдарды қабылдау процесі
дегеніміз өту жағдайлары бойынша да, сондай-ақ механизмдері бойынша да жеке-
дара тәжірибені қалылтастыру процесінен ерекшеленетін өзгеше бір процесс.
Бұл процесс баланың айналасындағылармен қарым-қатынасында, өріс жаятын іс-
әрекетінде, өскелең адамды тәрбиелеуді, оны жеке адам ретінде
қалыптастырып, дамытуды мақсат тұтқан қарым-қатынастардың үлкел де арнайы
ұсынған жүйесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің көп қырлы жүйесінде балалардың барлық қарым-қатынастары
қалыптасады, олар осы жүйеде көрінеді. Балалар бірлескен іс-әрекеттің алуан
түрлеріне түрлі бірлестіктер де қатысады. Алайда бұл бірлестіктердің
балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға психологиялық ықпалы бірдей
емес.
Психологтар мен педагогтар балалар конгломераты, ассоциациялық топ,
кооперативтік топ және қоғамның рұқсатымен құрылған іс-әрекет пен дамудың
әр түрлі деңгейіндегі бірлестіктер, ақырында балалар коллективі деп бөледі.
Жеке адамды тәрбиелеудегі қоғамның міндеті балалардың кез келген кездейсоқ
бірлестігін құру емес. Тек оның жоғары формасы — қалыптасқан-дамыған
балалар коллективі ғана қоғамның қойып отырған міндеттерін аша алады,
сонымен бірге балалардың бір-бірімен араласу қажеттігін іске асыруға
мүмкіншілік береді. 9[31]
Дамыған балалар коллективі тек қана толық белгілі бір жас
кезеңдеріндегі баланың психикасын қалыптастыратын іс-әрекеттерінің белгілі
түрлері негізінде қажет және мүмкін болады. Шын мәніндегі әрі дамыған
балалар коллективі үшін қоғамның пайдасына мақсатты түрде бірлескен
мазмұнды іс-әрекеттің үйлесімді мотивтері мен мақсаттарының ортақтығы,
жалпы нәтижеге жету қамы, белгілі бір ұйымдастыру мен байланыстар тән.
Сонымен бірге оған барлық мүшелерінің жоғары өзіндік іс-әрекет ету
дәрежесі, коллективтік өзара қарым-қатынастың жоғары дәрежесі мен кеңдігі
тән. Дамыған коллективке баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның
басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет құралы емес, мақсаты ретінде
болуы тән. Мұндай коллективті қалыптастыру — іс-әрекет пен балалардың қарым-
қатынасының сипатын сапасын өзгертуге негізделген ұзақ процесс. I—II
кластардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте
балалардың коллективтік қызметін ұйымдастыратып, қоғамдық тапсырманы
бөлетін мұғалімдер жасайды. III—IV кластарда балалардың өз жолдастары
арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі
ретінде балалар коллективінің құрылуы басталады. Жеткіншектік шақтағы
балаларға өзара қарым-қатынасы кең құшақ жайған өзіндік іс-әрекеті бар
коллективті ұйымдастыру тән. Бұл осы кезеңде баланың әлеуметтік
позициясының сапа жағынан өзгеруіне, оның басқа адамдармен қарым-
қатынасының қайта құрылуымен байлаыысты, ол қарым-қатынас әр түрлі
ситуацияға сәйкес құру, реттеу, бөгде адамның позициясын ескере отырып,
өзінің қимылын бағалау мен бағыттау іскерлігін үйренеді. Өзін шыңдаудағы
талабы саралау үстінде 10—16 жасар мектеп оқушысыныц бұл ерекшеліктері дәл
осы тұста оны қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің түрлі формаларының ішіндегі көп
жақты қатынасқа неғұрлым икемді етеді. Оны іске асыру жеткіншектердің
қоғаммен қарым-қатынасының сапа жағынан жүзеге енгізілгендегі негізгі
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Бұл іс-әрекеттің ішінде
коллективті шыңдауың психологиялық шарты болып табылатын жеткіншектердің
өзін белсенділікпен бекітуі жүріп жатуы мүмкін.
Сонымен дамыған коллектив өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның
қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп-тамыры одан да
гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. 10[28]
Балалар коллективін дамыту дәрежесі балалардың өзара қарым-
қатынастарын дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Балалардың
қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі — олардың іс-
әрекеттерін мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Мектеп оқушысы, әдетте, бір қатар түрліше, бірдей жастағы (мысалы,
оқу), түрлі жастағы (спорт, керкемөнер, қоғамдық-ұйымдастыру) тұрақты,
уақытша және басқа коллективтерге кіреді. Тәрбие жұмысын дұрыс
ұйымдастырса, негізгі міндеті мен функциясы қоғамдық пайдалы іс-әрекет,
қоғамдық өмір мен қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру деп есептелетін,
коллективтер, шәкірт үшін неғұрлым референтті болады. Барлық бұл
коллективтерде бала басқа балалармен және үлкендермен белгілі қарым-
қатынасқа түседі, өзіндік орын алады, оның жеке басын қалыптастыратын,
жетілдіретін белгілі бір талаптар жүйесінде болады. 11[17]
Балалар ұжымын мектеп оқушыларының өміріндегі негізгі орта деп қарай
отырып, біріншіден олардың ұжымдық қызметін өзіндік іс-әрекет сипатына ие
болатындай, яғни іс-әрекет түрінде ұйымдастыру қажет, онда мақсаты балалар
үшін тартымды болғандықтан әрбір оқушының белсенділігін оятатындай мотивке
айналуы керек. Екіншіден, істі ұйымдастыру әрбір коллектив мүшесінің
творчестволық, тең праволық позициясын, оның даму, өзгеру мүмкіншілігін
қамтамасыз етуі керек. Тұрақты күрделіленетін бірлескен іс-әрекет алғаш
қатысы бар коллектив үшін, содан соң мектеп үшін, кейіннен аудан, қала үшін
орындалады. Үшіншіден, мектеп оқушыларыныц бірлескен жұмысын, әрбір
оқушынық іс-әрекетінің нәтижесін жалпы нәтижеге жетудегі қажетті буын
болатындай етіп құрған жөн. Коллективтік іс-әрекетті осылай ұйымдастыру
балалардың ынтымақтастығын, жауапкершілігін, демеуді сезінуін, көмектесуге
ұмтылысын оятады, қоғамдық пікірді пәрменді түрде қалыптастырады. 12[17]
Балалар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. Әрбір
бала — осы ұжымның мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық іс-
әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып,
көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Жеке адамға балалар
коллективінің тәрбиелік ықпалы, баланы белгіленген қатаң талаптарға
бағындыруға мұқтаж ететін қысыммен емес, балаларды олардың творчестволық
белсенділігін жан-жақты ашуға итермелеуімен анықталады. Әрбір баланың
дербестігін, инициативасын көрсету, даралығын дамыту үшін жағдай жасау
жеке адамның адамгершілік өрісінің байлығын ашып, оның моральдық-ерік
сапаларын қалыптастырады.
Ұжымшылдық — жеке адамның өзінің нақтылы іс-әрекетіне көзқарасының
бірден-бір маңыздысы — қоғамдық іске творчестволық көзқарас, бірақ тек өз
тобының жай қоғамдық ісіне ғана емес, жалпы барлық іс-әрекетке
творчестволық көзқарас. Нақ осы жағдайда қоғамдық іс-қажеттілік болып
есептелетін қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі көрсетуі болып өтеді. Мұндай
қажеттілікті тұйық топта, оның тар шеңберлі істеріне ғана көзқарасып
қалыптастыру арқылы қалыптастыруға болмайды, өйткені жеке адамды жан-жақты
дамыту бір бөлігі ұжым болып табылатын кең шеңберлі мақсаттарға бағдар
алумен қамтамасыз етіледі. 13[39]
Жеке адамның нақтылы коллектившілдік қасиеттерін қалыптастыру жеке
коллективтің істері мен мақсаттарын белгілі дәрежеде абстракциялауды, бұл
істер мен мақсаттардың біздің қоғамды құратын коллективтердің неғұрлым кең
міндеттерімен байланысты екенін сезінуді қажет етеді. Нақ осы жолда ғана
мектеп оқушыларының жалпы істер үшін дара жауапкершіліктері қалыптасады.
Демек, арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің бағытына сүйене
отырып, балалардың қарым-қатынастарының берілген жүйесін дамыту үшін негіз
жасайтындай, коллектив аралық сан алуан байланыстарының торабын құру елеулі
мақсат болады.
Балаларды жалпы біртұтас, көп салалы коллектив құратын, тұрақты және
уақытша коллективтердің бірлестіктерінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттің әр
түріне бір мезгілде енгізудің маңызы өте зор, себебі, бұл мектеп
оқушыларының жеке мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді
міндеттерді шешуге бағдарлап қоймай, балалардың сан алуан қарым-
қатынастарын жетілдіреді. Мысалы, коллективтер арасындағы байланыстарды
нығайтуда уақытша бірлестіктерді мақсаттылықпен құру маңызды орын алады.
Бұл жерде балалардың іс-әрекеттері қысқа мерзімді істерді орындауға
тапсырма алатын шағын топтарда ұйымдастырылады. Бұл бірлестіктердің
психологиялық ролі мынада: әрбір бала неғұрлым белсенді позиция ұстайтындай
мүмкіншілік алатын ситуация жасалады, балалардың өзіндік іс-әрекеттерін
кеңінен және іс жүзінде дамытатын шарттар пайда болады. Шағын бірлестіктер
шеңберінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттер процесінде әрбір мектеп оқушысы
өзін жеке адам ретінде жариялай алады, мүддесі бір, жалпы мақсат пен дара
жетістіктерге жетудегі қызығуы бірдей басқа балалардан қолдау және қуаттау
мүмкіншілігін алады. Нақ осы жағ-дайда бала барлық жолдастары мен өзі үшін
маңызы бар топтағы өзара қарым-қатынасты ұғынады. 14[156]
Балалардың бірімен бірге оқитын, екіншісімен бірге еңбек ететін,
үшіншісімен сурет салып, ән айтатын, төртіншісімен туристік жорықтарға жол
тартатын және т. б. балалардың сан алуан уақытша және тұрақты, көп және аз
мөлшерлі бірлестіктеріне өте отырып, мектеп оқушысы әр топтың ықпалын
сезінеді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz