СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕРІ БҰЙЫМДАРЫН МОДЕЛЬДЕУ ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМУЛАЛАРЫ



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕРІ БҰЙЫМДАРЫН МОДЕЛЬДЕУ ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН
ФОРМУЛАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Былғарыдан жасалған бұйымдардың формасы мен ою өрнектердің
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Теріден жасалатын қазақ ұлттық
бұйымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..8
1.3 Бұйымдарды даярлау технологиясының
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 10
ІІ. ЕҢБЕК САБАҒЫНДА БЫЛҒАРЫНЫ ӨҢДЕУДЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҒЫН
ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Құрал-жабдық дайындаудың технологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .1 2
2.2 Жалпы қолөнері, тері өңдеу шеберханасының жабдықталу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Тұмар жасалу
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..14
2.3 Ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарын үйрету шеберханасы және олардың
жабдықталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..21

КІРІСПЕ

Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына
енетін үй жиһазы бұйымдарының дүкендерден, көрмелерден кездестіріп, олар
жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені болмаса, олардың жасау
әдістерін біле бермейді.
Оның себебі кезінде мектеп өміріне, еңбекке баулуда қолөнерін үйрету
қолға алмағандықтан болып табылады.
Адамзат дамуының қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері
әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір
тынысына қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан
қазақ қолөнері де өз халқының дэстүрлі көркемдік. мүрасын сақтап қалған.
Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер халықтың
қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын
дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да қолөнерінің өзіне тэн
өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз
тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады.
Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі
күнге дейін жетіп отыр.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне
назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен
қалыптасуына үлкен әсер етеді. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер
бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланылатын орнына сәйкес сыртқы
формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен
нақышталып беріліп отырады. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі
қарастырылады десек те, олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік
байқалады.
Қазақтың сәндік қолөнері біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі.
Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас
ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса
қүрметті және игілікті іс болып табылады.
Ою - халқымыздың ұлттық өнерінің жер-жерге ерте кезден көбірек тараған
үлгісінің бір түрі. Ол іскерлік, зергерлік өнермен терезесі тең, қатар
дамыған. Мұны сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын
тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырғанынан байқауға болады.
Ұлттық үлгіде бүйымдар жасаудың технюлогиясын жетілдіріп, бүл жұмыстар
негізінде машинаның атқаруына жүктелгенімен өрнек үлгісін сызу, біріне-бірі
ұқсамайтын әсем нақышты оюлар ойылған түс-киіздер, сырмақтар, текемет,
алаша, сандық т.б. киіз үй жасаулары мен тұтыну бұйымдары күні бүгінге
дейін өзінің қолмен жасалу маңызын жоғалтпай келеді. Алдағы уақытта да оның
қиындығы мен қызықшылығы мол қолөнер саласындағы еңбек жемісті болуына
кәміл сенеміз.

Соңғы уақытта халықтық педагогиканы мектеп өміріне негіз ету көп сөз
болып барады. Халықтың педагогикалық тәрбие мәселелері туралы қарастырған
студенттерге оқу құралы ретінде ұсынылған кітаптың бірі Қ.Жарықбаевтың,
С.Қалиевтың Қазақ тәлім – тәрбиесі аттыАлматы, Санат 1995 ж. Кітабы.
Авторлар мұнда қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі туралы ой қозғап, тебіріне
әңгімелейді.
Зерттеудің мақсаты: Үйірме сабағында теріден ұлттық бұйымдар жсаудың
технологиясын дайындауды үйрету мазмұнын, тиімді әдістері мен формаларын
анықтау.
Зерттеу объектісі: Жоғары сынып оқушыларын еңбек сабақтарында ұлттық
қолөнерге баулу.
Зерттеу нысанасы: Ұлттық қолөнердегі теріден жасалатын бұйымдарды
дайындаудың технологиясы, әдіс-тәсілдері, формалары.

I. СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕРІ БҰЙЫМДАРЫН МОДЕЛЬДЕУ ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН
ФОРМУЛАЛАРЫ.

Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұсату көптен бері
келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты түрлі-түрлі
ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иеленбеген терісін шылғи тері немесе
шылғи қайыс, ал тері иеленіп ұқсатылғаннан кейін соны қайыс деп атайды.
Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі оның жүнін сызып
тастап пайдалану, екінші тері жүнін сылып тастап пайдалану. Жүнді
терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай
т.д. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл
жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған саба, торсық
көнек, шанақ істеледі. Иеленген теріден көксауыр, таспа қайыс, қапшық,
құлып, жарғақ бота ішік, шідер, жүген, айыр тарпа, тамақбау, құлақбау
сияқты көлемді заттар жасалады.
Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай
олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері
сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп
атайды да, әр терінің өн бойы-жондық, қабырғалық, үйек бас тері, жабағы
және құлын терісі деп үшке бөлінеді. Жылқы терісін – бие терісі, жабағы
және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі
деп екіге ғана бөлінеді. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары
қол істеріне ең қолайлысы. Өрім ісіне ең жатымды қайыс-үйектер мен
бауырлықтар. Ертерек кездері қараны үйектеп сойқан, яғни малдың бірі қарыс
бауыр терісін бөлек тіліп алады. Ал бүтін терілерді тұтас біріске арнағанда
оның бас терісі мен пүшпақ терісін бөлек сойған және бас тері, пұшпақ үйек
қол ісіне көбірек жұмсалатын. Терілердің мұндай бөліктерін малды сойып
жатқанда бөлектеп алады. Біз осы терілерді құрымға салып, ыстап ұхтау мен
иленген қайыстарды ұқсатуға толығырақ тоқталайық. Өйткені қол өнерде
өрнектеліп жасалатын заттарға көбінесе терінің осы соңғы екі түрі
қолданады.
Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен
жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан
кейін 2-3 күн жайып немесе киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ащы
құрымның күшімен иеленген сияқтанып ширығып, шымырланады және
қарақошқылөңге өнеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып
отырып сабаға, көнекке иықты, емізікті, торсықтарға, кеукеріндерге қауғаға
арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп
тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды сыздық салып тарамыспен тіккен.
Тігіліп болған торсықты өзен судың жағасына апарып ішіне ыстық құм
толтырып, құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай істегенде
болашақ сабаның торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар
ыстық пен желде 4-5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін
құмын төгіп тастап, ыдыстың ішін тұздалған сармаймен немесе жылқының сұр
етінің майымен, майлап тағыда күнге қояды. Енді май сіңірген тері ыдыс
ұстауға әзір тұрады.
Ыс салу жұмысы толғы бүршіктенісімен жүзеге асырылды. Мал шаруашылығы
басым көшпелі елде ыс салуға ерекше маңызы беріліп, оның өзі үлкен науқанға
айналған. Ыс салушы адам теріні күйдіріп немесе өте құратып алмайтын, ыстық
біркелкі сініуін ыс орнының мойны менен күркесін жасауды жақсы білетін
маман болады. Әйтпесе жүзедеген мал терілері ысырып етілуі мүмкін. Бұдан
біз ыс салушылық кәдімгідей мамандық саналғанын көреміз.
Қой ешкі терілері – қой терілерін жабағы тері, қырықпа тері, күзлік тері,
соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі. Бұдан өте жылы, күні, тән,
бөстек жасайды. Жидітіп жүнін алады.
Қырықпа тері – Жабағы жүн мен күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған
малдың сүйек жүнді терісі. Бұдан тон, шалбар сияқты жеңіл-желпі киім
тігіледі.
Күздік тері – қазан, қараша айларында сойылған малдың өңі қалың теріледі.
Бұл тон, шалбар, ішік, бөрік жасауға қолайлы. Соғым терісі – жүндес,
қыртысы қалың мықты терілер. Ол киім түрлерінің бәріне жарай береді.
Тақыр тері – жүнін қырқып алысымен сойылған немесе жүнін жидіп алған
терілер. Бұдан жарғақшалбар, тыстық, қап, тұлып, дорба, дабыл сияқты заттар
жасалады.
Елтірі – туғанына 2-3 ай болған қозы терілері. Жүні бұйра қаракөл сияқты
өте әдемі. Бұдан ішік, тымақ, бөрік, бөстек, ноғай бөрік, деңсе, жеңұш,
жаға тігіледі.
Мари – туа салып немесе бір, екі сөткеде өлген қозы, лақ теріліері. Бөрік,
тақия көкреше жасауға, киім тысын көмкеруге қолайлы.
Жылбысқа –іште жатьп өлген немесе туысымен өлген қозының өте жұқа терісі.
Оның жүні жоққа тән. Тыстықа, астарға, әдіпке, өрнек бетіне сауға жарайды.
Тоқтышақ терісі – сеңсеңі қырқылғаннан кейін біркелкі майдай жүн өскен, 4-5
айдай асқан қозы терісі. Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі деген
мақал да бар. Ол киімнің барлық түріне жарамады, жеңіл де жылы, жұмсақ
тері. Одан тысты тон (қаптама) жасайды.
Ешкі терілерін –жүндес тері, тақтыр тері, түбіті тері, серке терісі, лақ
терісі, лақ марий деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан
алуан киім тігеді, бөстек, тулақ, торсақ, саба, қапшық жасайды.

1.1 Былғарыдан жасалған бұйымдардың формасы мен ою өрнектердің тәсілі

Қазақтың өю-өрнегі – қазақ ою-сызу өрнектеріндегі фон суреттердің түсі
компазициялы болып келеді. Дағдыжа ақ түс қара фонға немесе керісінше болып
орналасары қазақтарда кейбір түстердің символды мәні бар: көк түс –
аспанның символы. Қызл түс – оттың символы, сары түс – ақыл парасаттың,
қара түс –жердің символы, жасыл түс – жастықшаның, көктемнің символы.
Заттың осы түстермен бояп өрнектегенде оған белгілі мән беріледі.
Қазақ ою-өрнектерінің сан ғасырлық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер,
қазақтың ою-сызу өнерінің ерте заманғы мал бағушы тайпалардың мәдениетімен
өзара байланысып жатқандығын көрсетеді. Біздің жыл санауымызға дейінгі
үлгісін молаларынан шыққан ою-сызу өрнектер 19 ғасырлары ою-өрнегімен
ұқсас. Бұл қазақтық ою-өрнек өнерінің ежелгі үлгісін мәдениетінің жалғасы
және дамыған түрі екендігін дәлелдейді.
Тұрпаныл безеніліп сағасында будда дінінің үңгір, шық үй, ғибадатхан
асының қабырғасына және төбесіне сызылған ою-өрнектерде қазіргі қазақ
сармақтарында салынатын мүйіз оюлардың үлгісі кездеседі. Осы ою-өрнектер
қайдан шықты дей келе, біреулер кәдімгі геометриялық пішімдес құрылыстардан
шықты десе, кейбіреулер жан-жануарлардың ішкі – сыртқы көріністерінен,
сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер өсімдіктің әртүрлі
көріністеріне, мысалы: сынып жатқан щи, ағаш бұталардың, сүйуелі тұрған
сынықтардың бұрыш көріністерінен шықса керек десті. Ал енді біреулері
геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей
түсуіне байланысты, оларды ойлап, қиялдауынан туған дейді. Демек ою-
өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы
мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, бір шебердің ұсталық іскерлік мәнеріне
екінші біреуге үнемі ауыстырып отырғандықтан осы күнге кейбір қошқар мүйіз
өрнегі бастапқы бейнесін өзгертіп кеткен. Ертеден келе жатқан халықтық
мұраны тазартуды ойласақ алдымен бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне
жеткізеді жаңатүр, жаңа мазмұн дамытуымыз керек.
Ою-өрнек әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір
есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт орамасын дәлдеп,
суреттің неғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағынан көбірек назар
аударады. Ал ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойлаған
затының не сюжетінің сыр сипатын өзін шеттанып, оның дәлме-дәлдігенен гөрі
көркем, әшекейлер болу жағынан бас назар аударады. Ескі замандағы ел
әдетін, шаруашылық ғұрпын этнографиясын білген адамға мұндай өрнектердің
заттың ұғымын және олардың неліктен бұлай аталатындығын пайымдау қиын емес.
Қазақтың щиге, алашаға, кілемге салынатын омыртқа өрнегі алып құрайық бұл
Ғани Иляевтің кілем, түскиіз, терме құрауға арнап жасаған өрнегі. Өрнектің
аты омыртқа ол кілем сынық мүйіз өрнегінің элементтерінен құралған.
Сонымен қатар, өрнекте ұлы жүз қазақтарының рулық белгісі болған.
Мысалы ретінде көне заманнан айбалталарын алайық. Айбалтадағы 2 жүз тек
әдемілік үшін ғана жасалған өрнек. Ал балта жүзінің өзі де жарты ай
бейнесін мезген түр.
Қазақтың өрнегі әшекейімен істелетін түрлері де, атаулары да өте көп.
Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны ою-өрнек. Ою -өрнек ісі тым
ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп
әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің
мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір бірнәрсені ойып, кесіп-алып жасау
немесе екі заттың ою кесіп қиюластырып жасау. Бір нәрсенің бетіне бедел
түсіру деген мағынада жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған,
үлгіні үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз
өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің,
күдіріп жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің,
әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп
қосарланып айтыла береді.
Ою өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрыңғы халықтарда да
соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түріне
саналады.

1.2 Теріден жасалатын қазақ ұлттық бұйымдары

Мал терілерін илеудің екі түрлі әдісі бар. Оның бірі үлкен күбіге
немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді.
Екінші иді жағып илеу. Ал иді қатықтан, айраннан не езген құрттан не
құрттың сары суынан кейде ашытқан көжеден немесе ұнға тұс қосып жасайды.
Теріні малмен илерде оны жібітіп шелдейді де, бір рет суық суға жуып
тазалайды. Одан кейін күбідегі игі салып, күн сайын сыпсыйды, шайқайды.
Иіге салынған тері иге түгел батылады. Олай болмаса терінің иіге батпаған
жері қара қайыстанып барысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой,ешкі
терілері иде 6-9 күн, ірі қара терілері 15-20 күн жатады. Терінің иі
қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалындап, ет
қыртысы көшіп тұрады. Иіден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп,
сонымен сахармен жуып тазартады. Малмаға терінің жүні ұйысып, білтеленіп
қалады.
Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкейді.
Тері бояу. Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар, Біріншісі, теріге өң
беру, ал екіншісі , теріні неғұрлым ауа өтпестей етіп шылықтыру. Тері
ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатушының тиімді
тәсілі – қабыққа салып бояу, бұған талдың, теректің ыдысы қолайлы. Сондай-
ақ жер қынасын, томар бояуды шөп түбірін, шеңгелдің, көк тікеннің бүрлерін
де кеңінен пайдаланады, семіз терілердің майын сорғыту үшін оған ащы аралас
былжыр салып кептіріп, артынан уқалап түхіріп тастайды. Кейде қызыл
кірпіштің ұнтағын салып бүктеп тастаса да жеткілікті.
Теріні бояудың келесі түрі – томар бояу. Ашылауытқа шығатын қурай
тектес жапырақтың өсімдік дәңге басы ақ үрпектенеді. Жапырақты сарғайып,
қурайдың түбі қызғыш тартады. Шамамен алғанда бұл шілденің аяқ кезі.
Осындай кезде қурайдың түбірін қазып, алады да, оны әбден жуып, жақсылап
кептіреді. Кепкен түбірді ұнтақтап, қайнатып, жоғарыда айтылған тәсілдер
бойынша тері бояуға пайдалады. Бояу сұйық кезінде ашық сары, қоюлағанда
күрең сары тартады. Томар бояумен жүнді де жіпті де бояйды. Сондай-ақ
теріні қынамен де бояйды. Қына жазықтары, адырларда, шөптің арасында жерге
жабыса өсетін өсімдік. Бұл әсіресе өрістерде көп. Ондайды пайдалану үшін
күзгі уақыт қолайлы. Қынаны үйге әкелген соң оны шөп таламнан топырақтан
арылтып, сумен бір жуып тастап қайнатады. 10-15 теріні бояу үшін екі шелек
қына қайнатса жеткілікті қынаның басқысына түз, ашутас, немесе мүсәтір
қосып, аздап май құяды. Кейде көк тіккенің қызыл мойылдың бастарын өнер
кәсіптен шыққан бояумен араластырып, қына бояумын күрең қызыл етіп түсін
ашады. Осы әдіспен боялған теріден әсем киім, түтынуға қолайлы түрлі
мүліктер жасайды.
Қой мен ешкі терісінен тон, шалбар, үлкен қолдың терісінен ішік,
сесең ішік, лақ терісінен ішік тігіледі. Қойдың, ешкінің, тайлақтың
пүшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер де бар. Мұндай құрама киімдерді
көбінесе балаларға арнап тігіледі. Олар әрі жылы, әрі жеңіл келеді. Мал
терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі бас киімдер мен ішіктер тігіледі.
Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бөрік, жанат ішік, бүлғын ішік, аң
терісінен тігіледі. Кейде мұндай киімдер аң терісінен жонынан, тамағынан
немесе пұпағынан құрап істейді. Бұл киімдер тамак тішік, тұлпақ бөрік,
пұшпақ ішік деп атайды. Аң терілерінен әр түрлі төсеніштер жасайды. Оларды
бөстек дейді. Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз маталармен
тыстап, әдіптейді, күндіз бөрік, қамқа тон т.б.
Теріні бояудың түрлері: Қазақстан жерінде халық арасында негізіне
тараған тері бояу – ағаш түбірінен алынған бояу. Томар түбірінен бояуды
мынадай жолдармен дайындап жасаған. Томар түбірінің сыртқы қабығы сыдырылып
алынып байланып, түбір ұсақ бөлшек бөлінеді. Осы түбірлер 2-2,5 сағат
қайнатылады оны қайнатып жатқан сұйық зат бірыңғай түске бөлініп
қомалжыңдалса, онда қайнатуды тоқтатуға болады. Бояудың түрі ұсталы
ерігілген түбірдің көлемі тікелей байланысты, неғұрлым суы аз болып
томардың түбірі лас болса, солғұрлым басу, қою болады. Ал суы көп болған
жағдайда бояу сұйықтау болып әлсіз көрінеді жасалған бояуымыз суығынан
кейін ғана оған терілерді толтырамыз. Ыдыс көлеміне қарай терінің бойы
өзгеріп отырады. Шамамен бояуды тері 8-10 сағат жатады, сол уақыт
аралығында ал сүрғұлт-қызғылт түске боялып сүығады. Тері кептіріліп бетіне
қойдың майы жағылып уқаланып, тасқымен созылады. Ескіден келе жатқан,
көптен белгілі бояулардың тағы бірі қына. Ол таулы алқаптарда, жайымдарда
шөпті далаларда өседі. Жаз, күз кездерінде қына әбден жетіліп иіскен
мерзімде, шамамен тамыз бен шілде айларында жиналып алынады. Қына жуылып
басқа шөптерден тазартып, біріңғай түске келгенше қайнатылады.
Тері мен былғарыдан басқа қынамен жүнді, ағашты, тағы басқа заттарды
бояуға болады. Теріні, былғарыны жасыл түстерге бояу үшін қайын нәрін
сәуір, мамыр айларында ағызып асыл, мыс салып, бірақ көгілдендіріп сонымен
бояған.
Иді дайындау жолдары. Іркіт майы айырылып, тетіліп, алынған,
ашытылған сүттен жасалған сұйық зат. Теріні илеу үшін 80-100 ал ағаштан
жасалған ыдысқа іркіткі құйып оған тұз салып, араластырып дайындайды. Айран
– қайнатылған бетінің қаймағын сүзіп алғаннан кейін ұйытқы, ашытқы қосып
ашытылған сүт, айран мен іркіткі түсі ақ, айран іркіткіге қарағанда қою,
Іркітсіз майда майлылау болып табылады. Тері илеу үшін бұған да тұз
қосылады. Күрт іркіткі әбден қайнатып, қапқа құйып, сары суынан айырып,
сөреге келтіріп алынғаннан кейін пайда болатын, бірте-бірте қатты күйге
айнатын зат.
Дайындау қажеттілігін байланысты кейде қосып та жасайды. Қысқы
уақыттарда ыстық суға салып езіп, сорлауы қосып не өзін суытып, сусын
ретінде ішеді. Теріні илеу үшін қоймалжың қалып жасап, тұз қосып, сырт
жағына жағады. Сары су-іркіті қайнатқаннан кейін қалуа құйып айратын
ашытқан сұйық қышқыл зат.Бұған да тұз, ұн қосып жиі пайдаланады.
Терімен былғары құрақтарының шетін өру: Былғарының шетін біріктіруде
ішінен жасалған заттардың шетін өңдеуге өрнектерге қолдануға арналға өрім
түрлері көп. Құрақтарды, ал заттардың шетін қорытуға арналған өрімдер
қыйындылары біріктіріп, қосумен қатар, оларды әдемілік, әшекей береді.
Өрімдердің түрлері, бір-бірінен қыйық заттың шетінде тесіліп ойылған тесіп
формаларына, өрімнің өріс, негізіне байланысты өзгеріп отырады. Өрімдер
жиі жіңішкелеп, тітіп алынған таспал арқылы іске асырады. Төменде бір
таспалы өрім деп заттың шетін әр түсті формалы тесіктермен тесік, ұзындыңы
өрілетін заттың қарынан екі елі ұзын қылып алынған таспамен өруді айтады.
Өру негізінен өрілетін заттың бетін жоғары қаратып сол қолымызға ұқстаймыз
да, таспаны бірінші тесіктен өткізіп см қалғанша тартыңыз ал қалған
таспаның ұзын екі арасына салып желімдейміз. Екі таспалы қарапайым өрім
өргенді, таспаны ұзындығын 6-2 есе артық болады бұл өрімнің бір таспалы
өрімнен айырмашылығы – таспа бір тесілген иіні қайталанып өткізілген таспа
бірінші тесіктен өткеннен кейін қалған ұын желіндеп, ары қарай кіріп жүре
білеміз. Өрім сол бірінші жолғыдай солдан оңға қарай ақырына дейін өріледі.
Өру кезінде таспаны алуына дейін қаттырақ татып отырыңдар, сонда өрім бір
келкі сұлу болып шығады. Таспаның екі тесігінен дәл келуін ұмытпаңдар,
таспаларың жұқа болсын.

1.3 Бұйымдарды даярлау технологиясының сипаты

Айқал өрім: Айқал жүргізілген таспаларға, өрімді таспа бірінші тесікті
баспай аттап екінші тесіктен өтеді. Жұп сандар ретімен жүргізіледі. Өрім
солдан оңға қарай жүргізіледі. Екінші жолда оңынан солға қарай жүріп тек
бос қаған тесіктерден өткізіледі. Таспаның ұзындығы қыры өріліп жатқан
заттың шеті қырынан 5-6 рет ұзын болуы керек. Әбден біткенде қосу, тәрізді
өрілімдер пайда болады.
Шалып алып өру: шалып алып өруде бірінші тесілген екі рет өтіп мықты
белгіленеді, екінші тесіктен өткеннен кейін екі тесіктің ортасынан
жалғастырылған таспа өткізіліп келесі тесікте өткізіледі. Осы әдеппен
өрімнің ақырына дейін жеткеніне тартып отырып өріледі. Таспаны өрер алдында
мұқият жинастырып екі жағына бірдей тазалап, өрімнің дайындау қажет. Таспа
ретінде түсті былғары пайдалануға болады. Таспа өрудің бұл әдістері
анықтап көрсетіндігі.
Былғарының шетін тесу: Тесу – былғарының шетін қырларының өңдеуде
өте маңызды орын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
8-сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу
Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қолданбалы өнердің негізгі шикізаты - тері өнімі
Оқушыларды кәсіпке баулуда оқытудың ақпараттық технологиясының маңызы
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
Гобелен тоқу технологиясы
Пәндер