Халық шаруашылындағы жылқы шаруашылығының маңызы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
“МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ”
Курстық жұмыс
Пән: Жылқы шаруашылығы, қымыз және етін өндіру технологиясы.
Тақырыбы: Халық шаруашылындағы жылқы шаруашылығының маңызы.
Орындаған : Тұрсынәлі Н. Б
Топ : ТЖ-505 Тексерген : Татенов А. Б.
Қолы: Қолы:
Тапсырған күні: Бағасы:
Күні:
Комиссия
(Қолы) (Ф. И. О. )
(Қолы) (Ф. И. О. )
Семей, 2018
Жоспар
Кіріспе . . . 3
I. Әдебиеттерге шолу . . . 6
1. 1. Жылқының шығу тегі . . . 6
1. 2. Қазақстандағы жылқы шаруашылығы . . . 9
ІІ. Негізгі бөлім . . .
2. 1. Жылқыдан алынатын өнімдер . . . 19
Қорытынды . . . 39
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 42
Кіріспе
Жылқы шаруашылығы
- мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді. «Қазақ, дала және жылқы»
Халқымыздың ерекше қастерлеп және жанына жақын көрген төрт түлігінің ішіндегі қастерлеп пір тұтқан қасиетті түлігінің бірі жылқы.
Халқымызда «қазақ, дала және жылқы» деген сөздер бір - біріне жақын тамырлас та, тағдырлас та айтылады.
Тарих деректері бойынша адам баласы жылқыны біздің жыл санауымызға дейін 3 - 4 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп саналады. Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар - Тарпаң мен Керқұлан деп есептеледі. Бұлар ерте заманда Орталық Азия мен Қазақстанның кең байтақ далаларында мың - мыңдап, үйір - үйірімен жайылып жүрген. XVΙΙ - XVΙΙΙ ғасырларда қазақ халқы тарпаңды жылқы үйіріне қосып, тұқымын асылдандырып, етін пайдаланғаны жайлы мағлұматтар бар. Біздің тегіміз - түркі, түлігіміз жылқы. Содан да болар «жылқы төрт түліктің төресі» деп атам қазақ бекер айтпаған. Қазақ қазақ болып қалғаны үшін ана мен атқа қарыздар. Осындай байтақ жеріміздің бабаларымыз аттың жалы, түйенің қомында жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап қалды. Ерте заманда қазақтар баласын кішкентайынан атқа мінгізіп үйреткен.
Жылқы қасиеттері. Жылқы түлігінің қасиеті ұшан теңіз. Ол мінсең көлік, жесең тамақ, ішсең сусын, кисең киім. Жылқының еті де, сүті де, қаны да дәрі. Қазысының майы адамның сүйегін балқытады. Адамның теріс біткен сүйегін осы майды пайдаланып қайта салады. Бие сауған әйел адамның дені сауы болады.
«Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным» деген атам қазақ. Жылқының тағы бір қасиеті соғыстарда, бәйгеде, көкпарда, жорықтарда қаншалықты аласапыран қырғындарда мертіккен жаралы жауынгерлердің денесін баспаған. Тіпті кей жағдайларда аттан құлаған адам аман қалады, тіпті еш жері жарақаттанбайды. Қазақта «Есек тұяғын төсейді, түйе шудасын төсейді, өгіз мүйізін, ат жалынын төсейді» деген сөз бар. Бұл тұлпарға тән тазалықтың, пәктіктің белгісі. Өзі туған қанды, өзінен тараған қанды білетін жаза баспай танитын, өз денесінің иісін, тараған ұрпақ иісін жаңылмай танитын, өз тұқымының үн - дыбысын мінез құлқын жаза баспай табатын қазақы жылқы тұқымының естілігі мен ақылды қасиеттері кім - кімді де таң қалдырады.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал, исі - жұпар, терісі - киім, мінсең тұлпар деп Досбол шешен жылқының халық өміріндегі алатын орнын өте жоғары бағаланған. Қазақ - өзі аттан, қазаны оттан түспеген халық, сондықтанда жылқы жайлы деректер өте көп - ақ.
Жылқы тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
1. Қолға үйрету тарихы
Қазба қалдықтары жылқының б. з. б 7000 ж. бұрын - ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдеді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан және қазірде жойылып кеткен тарпан жатады. Соңғысы 19ғ дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Рейсейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Монғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жылқылар кейін тағыланып кеткен.
Қазақстандағы тарихы
Ежелгі дәуірден - ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақтандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б. з. б. 4 - 3м. ж), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б. з. б. 2 - м. ж), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б. з. б. 1м. ж., б. з. 2ғ. ) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп әдеп - ғұрыптық рәсімдердің ажырымас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Арийлер кезеңі
Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпар қатты қадірленген.
Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер. Оған ұшқыр тұлпарларды қос - қостан жегіп алып сары далада сағымша жүйіткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері т. б туралы мағлұмат алуға болады,
Сақтар кезеңі
Сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір - үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқығы салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс - тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. «Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді» деп жазады. Ежелгі грек тарихшысы Геродот, ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшкейлейді. Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі - жыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т. б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да «иесіне аты о дүние де серік болады» деген сеніммен пайда болған.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.
1. 1 Жылқының шығу тарихы
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы ғасырлар бойы алуан түрлі гипотезалар, болжамдар қалыптасты. Ең соңында ғалымдар: «эволюция тірі ағзаның қозғаушы күші» дегенге тоқтам жасады. Эволюция ілімінің негізін қалап, оны ең биік шыңына жеткізген ағылшын ғалымы Ч. Дарвин еді. Дарвиннің “табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі” деген еңбегі, барлық эволюционер ғалымдардың еңбегіне арқау болғандығы белгілі. Бір түрден екінші түр пайда болды деген қағида, кез-келген түрдің арғы тегін анықтауына түрткі болды. Палеонтолог ғалымдар қазіргі жер бетіндегі түрлердің арғы ата тегін анықтауға құлшына кірісіп, қазба жұмыстарының арқасында табылған қаңқалар, сүйектер арқылы қалайда болсын қорытынды шығаруға әрекет жасады.
Қазіргі биология оқулықтарын ақтарып қарар болсақ, даму теориясын жақтаушылардың қажырлы еңбектері жалған теорияның негізінде, жер бетіндегі барлық тіршіліктің арғы шығу тегін анықтап қойғандығын байқайсын. Солардың бірі орыс ғалымы В. О. Ковалевский тұяқты жануарлардың тарихи дамуын зерттеді. Ол көптеген қазба жұмыстар жүргізіп, жылқылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын тексере келіп жылқы жануарының эволюциялық дамуы жөнінде ең алғашқы мағлұмат берді. Оның айтуынша жер бетіндегі жылқылардың арғы тегі түлкі сияқты кішкентай хайуан болған екен. Қазіргі жылқылардың бойшаң болып кетуі ғасырлар бойы жер бетінде болған климаттық өзгеріске байланысты екен - мыс. Егер климаттық ауытқулар болмаса онда біз “жылқы” деп түлкі сияқты хайуанды атап жүрер ме едік. Ең алғашқы жылқылар орман ішінде қысылып, тар жерде өскендіктен бойлары аласа, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3 башпай болыпты. Содан ауа райының өзгеруіне байланысты ормандардың көлемі азайып, ашық далалы жерлердің көбеюі жылқылардың ата тегінің тіршілік ортасын өзгерткен екен. Осылайша еркін, ашық далаға шыққан жылқылар жылдамырақ қозғалғандықтан түлкі сияқты жануардан, қазіргі күнгі жылқыға айналған екен (мүмкін запорожец көлігімен қатты жүрсек, бәлкім мерседеске айналып кетер эксперимент жасап көрген адам бар ма екен?) . “Әуелде етпен қоректенген жылқылар, кейін ашық далаға шыққасын шөппен қоректенді” - дейді В. О. Каволевский. Бұл мысал маған жылқыдан көрі, сиырға келетін сияқты. Ауылда сиырлардың сүйек тауып алып, кәмпит сорғандай сілекейлері шұбырып тұрып шайнаңдайтының талай көргенбіз. Бұны эволюционер ғалымдар қалай байқамай қалған, әйтпесе олар үшін керемет факті емес пе? Яғни, қазіргі шөп қоректі сиырлардың бұрынғы ата тегінің ет қоректі болғандығын, қазіргі сиырлардың сүйек мұжуымен-ақ дәлелдеуге болар еді.
Ғалымдардың айтуынша, жылқы жануарын ең әуелі қазақтар қолға үйреткен екен. Ата-бабымыз хас тұлпарды 5 жарым мың жыл бұрын пайдалана бастапты. Солтүстік Қазақстан аймағына қарасты ежелгі Ботай қонысынан табылған археологиялық қазбалар жылқы малының о баста осы жерде қолға үйретілгендігін анықтап берді. «Ер қанаты ат» - деген қанатты сөз арқылы ұлттың жалпы мінезін жылқымен байланыстырған дана халқымыздың жылқыға қаншалықты жақын болғандығын айтпасада түсінікті. Жылқы мен қазақ егіз ұғымдай, бірін-бірі толықтырып, тұтастай көшпенділіктің образын қалыптастырды. Тіпті қазақтың ауыз әдебиетіндегі жыр толғауларда, ертегілерде де осы жылқы малы Қабыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы аталып ұмытылмастай жадымызда сақталып қалды емес пе? Осындай жылқы тұлпарының арғы тегін түлкі тектес хайуанға ұқсатуға қаншалықты дәтін барады. Эволюция ілімін жақтаушылардың ең басты ұстанымы Жаратушыны жоққа шығару болғандықтан, тіршіліктің пайда болып дамуын мынадай ережелермен іске асырды
:
өздігімен пайда болу, табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес, кездейсоқтық, өзгергіштік, бейімделушілік т. б.
Яғни, осындай ережелерге сүйенген ғалымдар үшін Құдайдың қажеттілігі болмай қалды. Осының негізінде жалған теориялардың өміршеңдігі артып, ғылыми оқулықтарға бұл болжамдар емін еркін кіре алды. Әліде, ғылымилығы нақтыланбаған бұл болжамдардан тұратын теориялар белді-белді эволюционер ғалымдарының бір ауыздан мақұлдауының нәтижесінде гипотезадан бірден нақты ғылыми тұжырымға ауысты. Кешегі кеңестік атеизмге негізделген қоғамда қалыптасып, ғылыми негіздемесі нақтыланбаған осындай қарабайыр теориялар әліде еліміздің мектеп оқулықтарында еш өзгеріссіз оқытылуда. Алла тағала 18 мың ғаламды ешбір қиындықсыз, мінсіз, көркем түрде жарата білгенде жылқы тектес жануарды дәл осы күйінде жарата алмайды дегенге кім сенер? міндетті түрде бір түр, екінші түрге ауысуы керек пе?. Кейінгі ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде қазіргі өмір сүріп жатқан тірі ағзалар мен олардың миллиондаған жыл бұрынғы түрлерінің қаңқасының арасында ешқандай айырмашылық өзгерістің жоқ екендігі анықталды. Тіпті ғалымдар 100 миллион жыл бұрын өмір сүрген құмырсқаның табылған фосилі (таста қалған қаңқасы) мен қазіргі кездегі құмырсқаның арасында ешқандай айырмашылығы жоқ екенін айтады. Сол сияқты миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген араның табылған қаңқасыда қазіргі түрінен ешбір өзгешелігі жоқ екен. Бұдан шығатын қорытынды жер бетіндегі барлық тірі ағзалар бір уақытта сол күйінде жаратылған деп, толық сеніммен айтуға болады. Тіпті, Дарвиннің өзі ғұмырының соңына дейін жүргізген қазба жұмыстарынан аралық түрді (бір түрдің, екінші түрге ауысқандағы аралық өзгеріске ұшыраған түрлерді) табалмай, ең соңында ізбасарларына мынадай өсиет айтқан еді: “Егер менің ізбасарларым меннен кейін аралық түрді іздеп табалмаса, онда менің теориямның өлгендігі” деп. Яғни, Ч. Дарвин бұл күнде тірі болса, өз теориясын өзі мойындаудан бас тартар еді. Себебі, осы күнге дейін аралық түр табылған емес, ал В. О. Каволевскийдің тауып алып зерттеп жүрген қаңқалары жер бетінен мүлдем жойылып кеткен жыртқыштардың қаңқасы, не болмаса қазіргі жыртқыш жануарлардың сүйектері болуы мүмкін. Яғни, жылқының арғы ата тегі түлкі сияқты хайуан болуы ешбір қисынға келмейді. Құдіреті күшті Алла Тағала кез-келген жануарды ешбір өзгеріссіз, сол қалпында жаратқандығы шындық. Осы күнге дейін ағылшын ғалымдары қасқырдан итті адам баласы қай кезден бастап қолға үйретіп алғандығын іздеп бас қатыруда. Ал шындығына келсек, Алла Тағала о баста итті ит қылдырып жаратып адамға қызмет етуге міндеттеп қойған. Иттің бар кінәсі қасқырға ұқсас болуында ғана. Яғни, ит уақыт өте келе өзгеріске ұшырап қасқырдан итке айналған жоқ. Сол сияқты жылқыныда Құран Кәрімде айтылғандай адам баласына мініс көлігі, азық ретінде, біздердің игілігіміз үшін жаратып берген. Эволюционер ғалымдарға сенер болсақ, құстардың арғы тегі - жорғалаушылар, ал жорғалаушылардың арғы тегі - балық тектес су жануарлары болмақ. Бұл теорияларға тіпті осы күнде сенетін адамдарда аз шығар деп ойлаймын. Бірақ, соған қарамастан биология оқулықтары «Құдай жоқ» деген ұғыммен жазылған эволюция ілімін насихаттап жатқандығы өкінішті. Төменде осы ғалымның жылқының эволюциялық өзгеруінің филогенетикалық қатармен, сатылай дамуы 11 сыныпқа арналған биология оқулығында жазылуы бойынша берілді. Байқап көріңіз.
В. О. Каволевский жылқылардың даму сатысын, қазіргі жылқылардың шығу эволюциясын зерттегенде берілген атауларды кайнозой заманының үштік кезеңінің ғасыр атымен атады. Жылқыларды аяқтарындағы башпай санының біртіндеп өзгеруі ретіне қарай орналастырды.
1. Фенакодус (палеоценде тіршілік еткен) - 5 башпайлы, үлкендігі түлкідей.
2. Эогиппус (эоценде тіршілік еткен) - биіктігі 30 см, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3 башпай.
3. Миогиппус (миоценде тіршілік еткен) - ортаңғы башпай өте жақсы жетілген, 2-4 башпайлары қысқа.
4. Мерикгиппус (миоценде тіршілік еткен) - ортаңғы башпайы жерге тиген, 2-4 башпайлары өте қысқа.
5. Гиппарион (плиоценде тіршілік еткен) - бір башпайлы, жанама башпайлары жойылған, тек қалдық ретінде сақталған.
6. Осы заманғы жылқы.
1. 2 Қазақстандағы жылқы шаруашылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz