Жазық алқап топырағы



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Жазық алқап топырағы.

Қабылдаған: Закиева А.А.
Орындаған: Мешітбаева М.А.
Тобы: АГ-513

Семей қ., 2017ж

Жазық аумақтардың топырақтары

Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырақтар және кешенді учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі - 25,4 млн. гектар, яғни республика жерінің 9%-на жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.

2) Кәдімгі, орташа қара шірінділі, қаратопырақты зонаша республикамыздың 11,7 млн. гектарын, яғни барлық жеріміздің 4,3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары - кәдімгі, орташа қара шірінділі қара топырақтар. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері беткі қабатында 0-10 см, 7-8 %-ы, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.
3) Оңтүстік, аз қара шірінділі, қаратопырақты зонашаның көлемі 13,7 млн. Гетар, республика жерінің 5,1 %-ы, жоғарғы зонашаның оңтүстік аймағында орналасқан. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтарының басым бөлігі аз қара шірінділі қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.
Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстанның батысынан шығысына қарай - Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып, құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн. гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағының біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара топырағына өте ұқсас, күңгірт қара топырақ. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%. Орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды, топырақтың түсі жай қара қоңырға айналады. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%-дай. Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді-далада топырақ түсі ашық қара қоңырға ауысады. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері небары, 1,5-2%.
4) Зонаның солтүстік бөлігінің топырағы күңгірт қара қоңыр, онда суарылмайтын жаздық бидай егіледі. Бірақ олардан алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта есеппен жылына түсетін ылғал 250-280 мм. Мұнда құрғақшылық үш-төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі 27,7 млн.г.
5) ал зонаның орталық бөлігінде жай қара қоңырлы топырақтарда құрғақшылық жиі болатындықтан, суарылмайтын егін өнімі мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның көлемі - 24,3 млн. гектар жер, Қазақстан жерінің 8,9%. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның топырақ жамылғысы туралы
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы
Қазақстанның топырағы
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері
Қазақстан топырақтары
Қазақстан топырақтары туралы
Топырақ ресурстары. Қазақстан топырақтарын қорғау мәселесі
Пәндер