Негізгі құралдар туралы түсінік



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ
1-бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік
0.1. Негізгі құралдар түсінігі
0.2. Негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалануы
2-бөлім. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
2.1. Негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық есебі
2.2. Негізгі құралдардың бастапқы құжаттары,есептік тіркемелері
және синтетикалық есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Тақырыбы: Негізгі құралдардың бастапқы құжаттары,есептік тіркемелері және синтетикалық есебі

1

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындары Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңына сәйкес 2007 жылдың 28 ақпаннан бастап қаржылық есеп берулердің халықаралық стандарттарына көшті. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берулерінің бухгалтерлік есеп жүйелерін халықаралық стандарттарға көшіру ең көкейтесті проблема болып табылады. Бұл бағытта елімізде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. ҚЕХС - ке көшу Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды, өйткені ол елдің әлемдік ақпарат кеңістігіне шығуын қамтамасыз етеді, халықаралық капитал рыногымен уақытылы қарым-қатынас жасауға (байланысқа шығуға), шетелдік инвестицияны тартуға мүмкіндік тудырады.
Осы курстық жұмыста мен Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі тақырыбын тереңірек талдап, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі қаулысымен бекітілген 2-ҰҚЕС-ның 16 - Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес іске асырылады.
Ең алдымен жалпы негізгі құралдарға қысқаша атап өтетін болсам - негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдык, өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың, мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құнды-лықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.). Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың көбеюі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Шаруашылық субъектілеріне негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа субъектілер мен ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі, тағы басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға шаруашылық субъектісі үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын

2
бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандардың немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады.
Негізгі құралдарға толтырылған кабылдау-тапсыру актісі кейіннен шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті инвентарлық карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар шаруашылық субъектісінің тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні шаруашылық субъектісінің басшысы бекітеді. Бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша кіріске алынады. Жоғарыда айтылғандай, негізгі құралдардың өзіндік құнына оны әкелуге, құрастыруға және орнатуға кеткен шығындар да кіреді. Негізгі құралдарды кіріске алғанда шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 Негізгі құралдар бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:
2410 Негізгі құралдар
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады.
Негізгі құралдардың есебі 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 2411 Жер, 2412 Ғимараттар мен құрылғылар, 2413 Машиналар мен жабдықтар, 2414 Көлік құралдары, 2415 Компьютерлер, мәліметтерді өңдеу жабдықтары, 2416 Кеңсе жиһазы, 2417 Өндірістік мүлік және заттар.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.

3

1-бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік

1.1.Негізгі құралдар түсінігі
Мекеменің қалыпты өндірістік - шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс бойынша жоспарлы тапсырмаларға сәйкес өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың озық прогрессивті түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып белгіленеді. Бірнеше жыл бойы мекеменің өндірістік - шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші еңбек құралдары мен басқа мүліктің құны негізгі құралдар деген экономикалық түсінікті құрайды.
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, Негізгі құралдар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 Негізгі құралдар бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:
2410 Негізгі құралдар
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады.
Негізгі құралдардың есебі 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 2411 Жер, 2412 Ғимараттар мен құрылғылар, 2413 Машиналар мен жабдықтар, 2414 Көлік құралдары, 2415 Компьютерлер, мәліметтерді өңдеу жабдықтары, 2416 Кеңсе жиһазы, 2417 Өндірістік мүлік және заттар.
16 Негізгі құралдар IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам (бір жылдан астам - Ж.Т.) уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.
Олар өзінің табиғи-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын ауыстырады. Оларға үйлер, ғимараттар, беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, лабораториялық және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есептеу техникасы, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т.б. жатады.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті негізгі құралдар - бұл сол мекеме (кәсіпорын) иелік ететін және соның теңгерімдік (баланстық) шотта ескерілетін негізгі құралдар. Жалға алынған негізгі құралдар - бұл басқа мекеменің немесе кәсіпорынның меншігіндегі, бірақ осы мекеме немесе кәсіпорын бойынша уақытша пайдаланып жүрген негізгі құралдар. Бұл негізгі құралдар жалға алушыда (жалгерде) теңгерімнен (баланстан) тыс шотында ескеріледі.
Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізігі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса. [1,113-114-115б]

Негізгі құралдардың ерекшелігі олардың қызмет ету ұзақтығы мен бірнеше дүркін пайдаланылуы болып табылады. Осыған байланысты негізгі құралдардың құны тұрақты түрде (ішінара) өндіріс пен оралым шығындарына енгізіледі.

1.2. Негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалануы
Мақсаттық белгіленуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996ж. 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынадай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі. Олар:
- халық шаруашылық салалары бойынша(өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы,құрылыс,көлік,сауда, орман шаруашылығы және т.б.);
- функционалдық қажеттілігі бойынша(өнеркәсіптік-өндірістік,өнд ірістік
емес және консервацияланған(тоқтап тұрған) );
- натуралдық-заттық белгісі бойынша(ғимараттар, құрылыстар,бекініс
құрылғылары,машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, саймандар,
өндірістік мүліктер, шаруашылық мүліктері, жұмыс малы мен өсім малы,
көпжылдық екпе ағаштары, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары мен
басқа объектілер);
- иелігіне байланысты(меншіктік және жалданған);
- пайдалану сипаты бойынша(қолданылып жүрген, қосалқы және бос
тұрғындар);

1. Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
2. Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.

3. Ғимараттар - еңбекке керек-жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер және т.б.) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
4. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 бөлімнен тұрады:
● күш-қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуатын
өндіретін машина-генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық, яғни
қозғалыс энергиясына айналдыратын машина-двигательдер (тракторлар
және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, трубиналар, электр
двигательдері және т.б.);
● жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімін жасау процесінде
керек-жараққа механикалық, термиялық және химилқ әсер ету үшін
арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық-винт,
бұранда жасайтын станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар,

электромоторар, экскаваторлар, грейдерлер (жол құрылысына
пайдаланатын машиналар және т.б.);
● өлшеуіш және реттегіш құрал-аспаптар (приборлар, құрылғылар мен
керек-жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді
өлшеу, реттеу үшін құрал-аспаптар, құрылғылар мен керек-жарақтар
(дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар, су өлшеуіштер және т.б.)
● есептегіш техника - процестерді түзету мен автоматтандыруға
арналған машиналар, құрылғы, керек-жарақтар, құрал-аспаптар
(компьютерлер мен басқа есептегіш техника);
● басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және
басқа жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының
жабдықтары, өрт сөндіру машиналары).
5. Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы
(электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.
6. Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7. Басқа да негізгі құралдар:
● аспап - қол еңбегінің механикаландырылған және
механикаландырылмаған немесе металл, ағаш және т.б. өңдеуге
арналған, машинаға бекітілген керек-жарақтар (кескіш, соққыгер,езуші,
тығыздап нығайтылған - электр қол бұрғылар, бояу сыр пульттары,
вибраторлар, қысқыштар);
● өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары - өндірістік
операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған
заттар - жұмыс үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының
ағаш шабатын, кесетін ұзынша үстелі);

● шаруашылық мүлкі - кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер,
шкафтар, кілемдер және т.б.)
● жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы - аттар, өгіз, түйе және
тағы басқа жұмыс малы. Өсімтал мал - ірі қара мал, тұқымдық айғырлар
және тұқымдық бие; тұқымдық нар мен аруана, бұғы, марал,
ұрғашылары мен еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қошқар.
Мүліктік объект - әрбір үлкен мал.
● көпжылдық көшет егістері - қолдан егілген, жасына қарамайтын
көпжылдық егістер (жеміс-жидек беретін, жүзімдік,көпжылдық егістері,
роза плантациясы, бұтадан (өсімдіктен) жасалған қоршау, қаша, танапты
қорғайтын егістер). Жас қасиеттер әбден толысқан (жеміс беру басы,
ағаштың ұшар басының түйісуі);
● жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар - ауыл
шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі
мүліктік сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу,
алаңды егіндікке арнап тамырмен жұлу, жерді тастан тазарту);
● басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай
құндылықтары.

8. Бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды,
өйткені олар:
● тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) - уақытша қолданылмайды;
● қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында
қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
● жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа
ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.

Меншікті негізгі құралдар - бұл сол мекеме (кәсіпорын) иелік ететін және соның теңгерімдік (баланстық) шотта ескерілетін негізгі құралдар. Жалға алынған негізгі құралдар - бұл басқа мекеменің немесе кәсіпорынның меншігіндегі, бірақ осы мекеме немесе кәсіпорын бойынша уақытша пайдаланып жүрген негізгі құралдар.

Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 Негізгі құралдар есебі БЕС мен 16 Негізгі құралдар ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
16 Негізгі құралдар IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінде олар түскен сәттен бастап теңгерімнен (баланстан) шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі.
Жоғарыда аталған Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар нысанының бастапқы құны мыналарды қамтиды:

● импорттық бажды, сатып алуға шығатын өтелмейтін салықты қоса
және сауда жеңілдіктері мен қайтаруларды шегеріп сатып алу бағасы;
● активті керек жерге жеткізуге және мекеме басшылығының ниетіне
сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтіруге
тікелей жатқызылған кез келген шығындар;
● негізгі құралдар нысанын бөлшектеуге және жоюға және өздері
тұратын учаскеде табиғат ресурстарын қалпына келтіруге шыққан
шығындарды бастапқы бағалау, бұған қатысты міндетті, осы
нысанды сатып алған кезде, не осы кезең ішінде босалқылар өндіруге
байланысты емес мақсаттарда белгілі бір уақыт кезең бойы оны
пайдалану нәтижесінде мекеме өз мойынына алады.

Негізгі құралдарға жұмсалған тікелей шығындарға мыналар жатқызылады:

● негізгі құралдар нысанын салуға немесе сатып алуға тікелей
байланысты туындайтын, қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған
шығындар (19 - Қызметкерлерге берілетін сыйақылар IAS
Халықаралық қаржы есептілігінің стандартындағы анықтамаға
сәйкес);
● алаңды әзірлеуге арналған шығындар;
● жеткізуге және түсіруге арналған бастапқы шығындар;
● орнатуға және жинастыруға арналған шығындар;
● активті керек жеріне жеткізу және оны қажетті күйге келтіру
(мысалы, жабдықты сынақтан өткізген кезде алынған үлгілер)
процесінде жүргізілген,кез келген нысандарды сатудан алынған таза
түсім шегерілгеннен кейін активтің тиісінше жұмыс істеуін тексеруге
шыққан шығындар;
● білікті қызмет көрсетулердің құны.

Негізгі құралдар нысанына жұмсалатын шығындарға келесі шығындар жатқызылмайды:

● жаңа өндірістік немесе техникалық құрылыстар ашуға арналған
шығындар;
● жаңа өнімді немесе қызмет көрсетулерді енгізуге арналған шығындар
(жарнамаға және өнімді жылжытуға арналған шығындарды қоса);
● жаңа орында немесе клиенттердің жаңа санатына шаруашылық
қызметті жүргізуге арналған шығындар (қызметкерлерді даярлауға
және оқытуға арналған шығындарды қоса);
● әкімшілік және басқа жалпы үстеме шығындар.

Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) негізгі құралдар үшін бастапқы құны инвентарлық (мүліктік) құны болып табылады. Ол құралады:
● ғимараттар мен құрылыстар үшін - нысандарды салу (тұрғызу)

жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары,
жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ нысандардың инвентарлық
(мүліктік) құнына белгіленген тәртіпте енгізуге жататын басқа
шығындардан;
● монтаждауды талап ететін жабдықтар үшін - сатып алу құнынан,
жеткізу, монтаждау және ірге тасын немесе тіреу жасау, сондай-ақ
нысандардың инвентарлық (мүліктік) құнына белгіленген тәртіпте
енгізуге жататын басқа шығындардан;
● монтаждауды талап етпитін жабдықтар үшін - жеткізу
шығындарын қосқандағы сатып алу бойынша шығындардан.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мына жағдайларда өзгеруі мүмкін:

● Үкіметтің өкімі бойынша негізгі құралдар қайыра бағаланып, әр
нысанның құны қолданылатын бағаны (инфляцияны) ескере отырып
белгіленеді;
● күрделі қаржы қаражаты есебінен жаңартылғанда, қайыра
құрылғанда, кеңейтілгенде немесе қайыра жарақталғанда. Жабдықтың
алғашқы құны жаңарту, тиісті жұмыс орындау және тозған
тораптарды асыстыру үшін детальдар сатып алу, жұмыстары

күрделі жөндеу орнында жүргізілгенде өзгертіледі;
● нысанды сатып алу немесе пайдалануға беру сәтінде алғашқы құнды
анықтауда бұрын жіберілген қателіктерді түзету нәтижесінде.
[2,297,298,299]

Белгілі күнге қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша негізгі құралдардың құны ағымдағы құны деп аталады. Негізгі құралдардың ағымдағы құны бұдан әрі құрылыс пен өндірістің құны өзгеруі негізінде, еңбек өнімділігін артуына байланысты, инфляцияға және басқа факторларға байланысты бағаның өзгеруі негізінде белгіленуі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында және бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесінде мекемелер (кәсіпорындар) активтерді нақты бағалауға ұмытылады, сондықтан негізгі құралдарды қайта бағалау, ағымдағы бағалауды белгілеу нарықтық конъюктура өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі. Негізгі құралдарды бағалау және олардың амортизациясының негізделген мөлшерін (нормасын) анықтау, сондай-ақ өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнын анықтау үшін өте маңызды.
Пайдалану барысында негізгі құралдар тозады және құнсызданады. Кез келген жинақталған амортизация (тозу) және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін танылатын сома негізгі құралдардың теңгерімдік (баланстық) құны деп аталады, сол бойынша актив бухгалтерлік есептежәне қаржылық есептілікте көрсетіледі. Бұл негізгі құралдардың әлі өндірістік өнімге ауыспаған бөлігін сипаттайды.

Негізгі құралдар нысанының теңгерімдік (баланстық) құнына шығындарды тану, ондай нысан керек жерге жеткізіліп, мекеме басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде тоқтатылады. Сөйтіп, негізгі құралдар нысанын пайдалану немесе қоныс аудару барысында шеккен шығындар осы нысанның теңгерімдік (баланстық) құнына қосылмайды.
Негізгі құралдар нысанының теңгерімдік (баланстық) құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуға тиіс:

● шығып қалғаннан кейін;
● оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық
пайдалар күтілмесе.

Пайдалануда болатын және бірлескен кәсіпорынға оның қатысушылары жарғылық капиталға жарна ретінде берілетін негізгі құралдар бірлескен кәсіпорын қатысушыларының келіскен ағымдағы бағамен есепке алынып,
олардың жарналарының сомасы бөліне отырып қабылданады.
Заңды және жеке тұлғалардың сыйлығы немесе үкімет субсидиясы түрінде қайтарымсыз берілген негізгі құралдар кәсіби бағалаушылардың қатысуымен тәуелсіз комиссия арқылы бағаланады. Комиссия нысанының ағымдағы құны мен оның беру сәтіндегі тозуын белгілейді.
Негізгі құралдар сондай-ақ келесі құндар бойынша бағаланады.
Өзіндік құн - бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттардың, 2- Үлестік құралдар негізінде төлемдер Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезінде бағалау сомасы.
Негізгі құралдар нысанының өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуға тиіс, егер:

● осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың
мекемеге келіп түсуі ықтимал болса;
● осы нысанның өзіндік құнын сенімді түрде мүмкін болса.

Амортизацияланатын құн - жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.
Нақты ұйымға арналған айрықша құн - ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызметі мерзімінің сонында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.
Әділ құн - жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті

айырбастауға болатын сома.
Өтелетін сома - екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құдылығы.
Активтің жойылу құны - егер осы актив,болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, акивті өкізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.

2-бөлім. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру

2.1. Негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық есебі
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы (жаңа ғимараттар, құрылыстар, бекініс құрылғыларын салу); жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда немесе ұсталған негізгі құралдар объектілерін сатып алу; негізгі құралдар объектілерін тауар-материалдық құндылықтарға айырбастау (бартер); заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталған негізгі құралдар объектілерінің қайтаруысыз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ (артық) объектілерді кіріске кіргізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі.
Кәсіпорынға түскен негізгі құралдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Жалпы фармакология
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Оқытуда көрнекі әдістер
Математика сабағындағы дидактикалық материалдың маңыздылығы.
Математика сабағындағы құрал – жабдықтар
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Көрнекі құралдар
Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар
Тарихты оқыту әдістемесі
Пәндер