Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастырудағы дифференциалдық қатынас



Жоспары
Кіріспе
1. Дифференциалды (саралап) оқыту
2. Ойын түріндегі сабақтар
3. Тренинг сабақтар
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ҚАТЫНАС

Жоспары
Кіріспе
1. Дифференциалды (саралап) оқыту
2. Ойын түріндегі сабақтар
3. Тренинг сабақтар
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Дене тәрбиесі,
- дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан
табады, жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға , адамның денсаулығын нығайтуға,
жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлығы мен өмірін ұзартуға
бағытталған педагогикалық процесс деп анықтама берген. (21)
Қ.Р. азаматтарының жаңа әлеуметтік – экономикалық мінез-құлқын
қалыптастыру тұжырымдамасы, ҚР.денсаулық сақтау тұжырымдамасы, Қ.Р.
этникалық – мәдени білім-беру тұжырымдамасы, ҚР Білім заңының жобасы т.б.
тарихи маңызы зор құжаттарда, ұлттық менталитеті жетілген, бүгінгі қоғамдық
қатынастарға еркін араласа алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері
қарастырылады. Олай болса қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын, дені
сау, ойлау қабілеті жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда дене
тәрбиесінің маңызы зор.
Шығыс ойшылдары Әль-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Мұхамед Қашқари,
Асанқайғы, Шалкиіз және т.б бабаларымыз бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне өшпес асыл
мұра қалдырады (30).
Жоғарыда аталған ғұламалардың еңбектерінің жүзеге асуы тек сабақ
жүйесінде ғана емес, дене тәрбиесіндегі жұмыс түрлерінің оқушылардың
денсаулығына, дене бітіміне, ойлай білу қабілетін дамытуда маңызы ерекше.
Бүгінгі бала – ертеңгі қоғам иесі. Оның қазіргі өмірі – ертеңгі өмірінің
күнтізбесі.
Өмір ағымы талап етіп отырғандай жаңа қоғамға лайықты, саналы, дені
сау, дене бітімі үйлесімді жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі
мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты мектептің бастауыш
оқыту сатысындағы оқу тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, озық
үлгілермен сабақтастырып қайта қарап шығу бүгінгі күн талабының өзекті
мәселелерінің бірі болып отыр.
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі пәні арқылы оқушыларды үйлесімді
дамытуға байланысты жазылған ғылыми еңбектер көбінесе пәннің білімдік
мазмұнын ашыуға негізделіп, ал тәрбиелік жақтарына шолу жасаумен шектеліп
отырады.
Сынып оқушылары бірдей емес. Оқушының жеке тұлға ретінде
қалыптасуына, дифференциалды тәрбиенің әсері туралы педагогтардың
еңбектерінде қарастырылса, ал жеке тұлғаны дамыту мәселелері
Л.С.Выготскийдің пікірі жұмысымыздың арқауы болып отыр. Қоғамдағы
әлеуметтік – экономикалық өзгерістермен бала тәрбиесіне байланысты қоғамдық
орындардың қысқаруы, қаржы тапшылығы және онымен қоса экологияның әсері
денсаулық мәселесін тығырыққа тіреп отыр. Қаржы тапшылығына байланысты
мектепте жүргізілетін қосымша сабақтар, үйірмелердің қысқаруы, бала
тәрбиесіне өз әсерін тигізуде. Сол себепті жаңа үлгідегі мектептердің ішкі
мүмкіншіліктерді толық пайдаланудың жолдарын іздестіру қажет.

1. Дифференциалды (саралап) оқыту

Бүгінде жаңашыл педагогиканың салалары болып, өмірге енген
дифференциалдық қатынас жаттығулары жеке тұлғаның дамуының өзегі екендігіне
ешкім күмән келтірмейді.
Дифференциалды (саралап) оқыту оқушылардың бейімділігін, қызығушылығын
анықтай отырып оқыту қазіргі мектептердің даму бағытына айналып отыр.
Өйткені дифференциация процесімен ғылымдардың өзара байланысы интеграция
процесі де жедел жүруде. Кез келген ғылымның дифференциясы дегеніміз –
олардың тармаққа бөлініп, мамандандырылуы. Дифференциалану нәтижесінде
жаңа бір өз бетінше жаңалық аша алатын ғылым болып, өз бетінше бөлініп шыға
алады. Олардың өзіндік ғылыми – теориялық заңдары бар. Дифференциация және
интеграция ғылымының проблемаларын қарастыруда тарих және ойлау ғылымының
пайда болуына әсерін тигізеді. Мұнда тәрбиелеу мақсаты кез-келген
оқушылардың оқыту процесінде жеке тұлға болып қалыптасуына педагогикалық
процестердің әсер етуі арқылы олардың ақыл-ойларының еркін болуына, өзін-
өзі тануына үлкен әсерін тигізетін бірден-бір ғылым болып есептеледі.
Дифференциалды оқыту мектептердің кәсіби бағдары мен өз ішіндегі ағымына
және сыныптағы топқа бөлінеді. Саралап (дифференциалды) оқытудың
ерекшеліктері әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы балалар үшін, олардың
қабілеті, икемділігі, қызығушылығын ескере отырып, әр топқа сәйкес
бағдарлама жасалады. Жалпы білім беретін мектептерде сыныптағы оқушыларды
топқа бөлу кеңінен тараған. Топтарды жылдамдар, орташалар, бояулар деп
атайды. Дифференциалды оқытудың жүзеге асыру үшін төменгі сынып оқушыларына
күрделілігі әртүрлі жұмыстарды тапсырып, істің нәтижелі болуына мүмкіндік
жасау қажет. Шеберлікті, іскерлікті және білім мен білік дағдыларын
қалыптастыруда әр түрлі істер жасауда жәрдемдесу, бірге еңбек ету
дифференциалды оқытудың міндеті.
2. Ойын түріндегі сабақтар
Мектептегі балалардың өз бетінше жан-жақты жұмыс жасауына әсер ететін,
белсенділігін арттыратын пәндік үйірмелердің адам денсаулығын нығайтып күш
жігерін, ақыл-ойын жетілдірумен қоса дифференциалдық тәрбие мақсатын өзара
байланысты қарастыру бүгінде басты міндеттердің бірі болып отыр. Қазақстан
мектептерінде бастауыш сатыда дене тәрбиесінде жүргізілетін дифференциалдық
жұмыстар өз дәрежесінде әлі жетілген жоқ. Жек тұлғаны үйлесімді дамытуда,
денсаулығын нығайтып күш-жігерін, ақыл-ойын жетілдіруде дене тәрбиесінің
маңызы зор. Дене шынықтыру сабақтарының негізгі міндеті қимылдың белгілі
бір комплексін жасап үйрену болып табылады. Бастауыш мектепте оқушысының
жүріп – тұруы режимі, шынығу туралы, сымбаттылық туралы айтылады. Дене
шынықтыру сабақтарының басқа сабақтар құрылымынан ерекшелігі бар. Ол үш
бөліктен: кіріспе, сабақтың негізгі бөлігі қорытынды. Кіріспеде жаттығулар
тобы беріледі, содан кейін бұлшық еттің негізгі топтарының жалпы сергуін
қамтамасыз ететін саптатұру, жүру, жүгіру басталады. Осыдан кейін бұлшық
еттің жаңа қимыл комплексін жасап үйренуге қатысатын бөлігін бағытталған
дайындық жаттығулары жасалады. Мұнның өзі таяқтан секіру, доп лақтыру,
жіптен секіру, орындықтан секіріп, гимнастика жасау т.б. Сабақтың негізгі
бөлігі – сабақтың жеке міндетіне кіретін жаттығулардың арнаулы комплексін
(жүгіру, лақтыру т.б) үйрену және орындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы
Отбасы - рухани тәрбиесі
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Пәндер