ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ АЙНАЛАСЫНДА


МАЗМҰНЫ
Абай өлеңдеріндегі ұлттық рухтың тәрбиелік
маңызы . . .
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформаторы болып саналады. Сондықтан да Абай поэзиясы қазақ үшін үлгі тұтар өнеге. Ұлы Абай - ұлт поэзиясының кемеңгері. Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Оны мен, мен түгіл бүкіл қазақ жұрты солай түсінер деп ойлаймын. Шын мәнінде Абай қазақ үшін, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, әдет-ғұрпымыз бен салт-сана, рухани болмысымыз үшін өзегі терең бәйтерек. Осы орайда, елбасының мына сөзі ойыма орағытады да тұрады: «Абай - біздің ұлттық ұранымыз болуы керек, Абайды тану арқылы біз қазақстанды әлемге танытамыз.
Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше. Ұлттық құндылыққа - ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, өнері, музыкасы, ұлттық спорт ойындары, салт-дәстүрі жатады десек, қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазақ халқының аңыз-әңгімелеріне, өлең-жырларына, шығармашылығына арқау болған. Соның негізінде қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның тілі, мәдинетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған.
Осындай ұлттық құндылықтарды ұлт санасына, ұрпақ санасына сіңіруде Абай арнасының атап айтсақ, Абайдың ақындық айналасының, соның ішінде поэзиясының алатын орны ерекше. Қазақ халқындағы ұлттық құндылықтардың көпшілігі дерлік Абай поэзиясында орын алады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы. Абай поэзиясындағы ұлттық құндылықтар бағдарламаларда, оқулықтарда, халықтық педагогикада да мол тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Егер қазіргі ұрпақты тәрбиелеуде оқудан тыс іс-шаралардың өзара байланыстылығы ескерілсе, әрі ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруде Абай поэзиясын мақсатқа сай пайдаланса, болашақ ұрпақ бойында патриоттық, ұлттық рух, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Оқыту мен білім беру және тәрбиелеу үрдісінде болашақ ұрпаққа Абай поэзиясы негізінде ұлттық құндылықтарды таныту. Абай поэзиясындағы ұлттық құндылықтардың жасөспірім тәрбиесіндегі тәлім-тәрбиелік маңыздылық ерекшелігін көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Абай поэзиясын ұлттық құндылықтың бастауы ретінде қарастыру.
-Ұлттық құндылықтардың Абай поэзиясыдағы түрлерін зерттеу.
-Абай поэзиясындағы ұлттық құндылықтардың тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
-Ұлттық құндылықтардың Абай поэзиясыдағы психологиялық ықпалдастыңын қарастыру.
-Қазақ әдебиетінде Абай поэзиясындағы ұлттық құндылықтардың орнын айқындау.
Зерттеу обьектісінің теориялық және әдіснамалық негіздері. Жалпы білім ордаларында ұлттық дәстүрде тәрбие беру процесіндегі Абай поэзиясын толық зерттеп қорыту. Ұрпақтың ұлттық санасын жетілдірудегі Абай поэзиясының рөлін айқындау. Жалпы қазақ әдебиетінде адамзаттың бойына, білім беретін мектептерде оқушылардың бойына Абай поэзиясына деген қызығушылықты оятып, олардың ұлттық сана-сезімін, ұлттық қасиеттерін, ұлттық болмысы мен мінезіндамыту.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Ұлттық құндылықтар Абайдың ақындық айналасында» атты тарауда ұлттық құндылық туралы түсінікке анықтама беріліп, жалпы поэзиядағы ұлттық құндылықтарға шолу жасалынып, Абай поэзиясындағы ұлттық құндылықтардың түрлері мен ерекшелітері жайлы зерттеулер қарастырылды.
«Абай поэзиясы ұлттық құндылықтың бастауы» атты тарауда Абай поэзиясындаңы ұлттық құндылықтардың тәрбиелік маңызы және ұлттық құндылықтарымыз - салт-дәстүріміз, айтысымыз, ұлттық ойынымыз талданды.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
1 Ұлттық құндылықтар Абайдың ақындық айналасында
1. 1. Абай поэзиясы - адамзаттың асыл қазынасы
Абай поэзиясы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай поэзиясы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай поэзиясында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
ХIХ ғасырдың ұлы ақыны, ағартушысы, демократы, терең ойшылы, қоғам қайраткерi, психологi, ұстазы, сазгер, аудармашы. Ахмет Байтурсынов сөзiмен айтсақ: «Қазақтың бас ақыны - Абай. Онан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ баласында бiз бiлетiн ақын болған жоқ. » Сол айтқандай қазақ халқы ақындар керуенiнiң көш басшысы - ақын Абай.
Заманымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов, “Абай өзiнiң кiршiксiз ақ жүрегiн тебiренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетiне маржандай төгiлдiрдi, оның әрбiр сөзiнен бiзге соншама ыстық, соншама жақын леп есiлтедi, ол леп өткен заманның, тәркi дүниенiң соққан тынысы болса да бiзге түсiнiктi, жүрегiмiзге қонымды. Абай лебi, Абай үнi, “Абай тынысы - заман тынысы, халық үнi, ” деген едi. Қазiр елi дербес мемлекет болған бүгiнгi сәтте данышпандық пен айтылған асыл тұжырымның мәнi ерекше. Абай шығармашылығының нұрлы сәулесi, иiсi қазаққа ғана емес, бүкiл адамзат санасын нұрға бөлеп тұруға тиiстi. Ұлы Абайдың өлеңдерi мен қара сөздерiн оқыған сайын бүгiнгi ұрпақ, ұлы ағартушының бiлiмге өнерге шақырған үнiн ғана емес, бiлiмдi меңгерудi, меңгергенде практикалық түрде жүзеге асыру жөнiнде байыпты ойлар айтты. [1, 416 б] .
Ұлы Абай - ұлт поэзиясының кемеңгері. Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Оны мен, мен түгіл бүкіл қазақ жұрты солай түсінер деп ойлаймын. Шын мәнінде Абай қазақ үшін, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, әдет-ғұрпымыз бен салт-сана, рухани болмысымыз үшін өзегі терең бәйтерек. Осы орайда, елбасының мына сөзі ойыма орағытады да тұрады: «Абай - біздің ұлттық ұранымыз болуы керек, Абайды тану арқылы біз қазақстанды әлемге танытамыз.
Кез келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса, ұлттық сана, ұлттық құндылық, ұлттық мүдде деген ұғымдарға талдау жасайық. Біріншіден, ұлттық сана дегенде біз ұлттық идеология, психология, менталитет, патриотизм, тәрбие мәселелеріне тоқталуымыз қажет.
Өткенімізге көз жүгіртсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болып, көшпенді өмір сүргенде рулық сана басым болды. Ата-бабаларымыздың аталас, рулас болып топтасып өмір сүруі Ресейге отар болғаннан кейін де жалғасты. Тек жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде большевиктік жүйенің басымдығы, тоталитарлық жүйенің интернационалдық идеологиясының салдарынан рулық сана әлсіреп, космополиттік сана күш ала бастады. Сондықтан ұрпақтарымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ел қамын, жер қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық тәрбиені ұрпақ бойына дарытуда Елбасы Н. Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!».
Қазақтың мәдени құндылықтарының ішінде ұлттық өнер ерекше дамыған. Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті өмір салтына байланысты халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды. Сол сияқты күнделікті тұрмыс қажеттілігінен туындыған қол өнерін айтуға болады. Оның ішінде - ағаштан, теріден жасалған ыдыс-аяқ; жүннен, теріден істелінген киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп, алтын күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар; кілем, алаша тоқу, киіз басу т. б. Мұнан басқа қазақ ұлтының рухани мәдениетіне байланысты - сөз өнері, күй өнері, сән өнері сияқты өнердің басқа да түрлері жоғары дәрежеде дамыған. Осы асылдарымыз қазақ халқының бірнеше ғасыр бойы Ресейдің бодандығында болып, өмір салтына өзгерістер енгеннен кейін (қазақтың төл ұлттық қол өнері) басқа рухани және материалдық құндылықтармен ауыстырылып, көбі ұмытылып кетерлік күйге жетті.
Ұлттық құндылықтарымыздың бір тармағы - дәстүр. Дәстүр - ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Алдымен «дәстүр» сөзінің мағынасын біліп қойғанның еш артықтығы жоқ. «Дәстүр» арабтың «дүстүр» деген сөзінен парсы тілі арқылы келген сөз. Егер мағынасына үңілсек «орныққан», «тұрақты» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан ұрпағымызға сәби кезеңінен бастап ата-анасы, ұстаздары олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық дәстүрлерімізді бойына дарытып отыруға міндетті.
Ұлтымыздың келесі құндылықтарының бірі - спорт. Қазақ халқы бұрын көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан оларда өзінің өмір салтына бейімделген спорттың түрлері қалыптасқан. Көбіне ол ойындар жылқы малымен байланысты - бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу т. б. болды. Сол сияқты, қазақша күрес, жаяу жарыс, асық ойындары, ойлау қабілетін жетілдіретін тоғызқұмалақ т. б. ойындар болды. Осылардың ішінде ұлттық ойындар жайында қазақтың ағартушы ғалымы Ж. Аймауытов: « . . . Баланың жасындағы икемдігі сыртқа шығуға ақылға сыймайтын ырымшылдық бөгет қылады. «Жер қазба, қора соқпа, жаман сұмдықты бастама» деп кейбіреулер баланы ойыннан тыяды. «Қарақұлақ ойнаса» қасқыр келеді деп сұмдық көреді. Әуелі асық ойнағанды әуейілік деп тыятындар бар. Мұның бәрі баланың еліктегіштегінен, іске икемділігінен туады, үлкен кісі не істесе, бала да соны істеймін деп талпынады. Балаға «жер қаздырмаймын», «қарақұлақ» ойнатпаймын десе, үлкендер құдық қазып мал суарады. Қасқырдан мал күзетуді қою керек. Әйтпесе баланы тыю жолы емес, асық ойнаудың сан, есеп үйренуге, денесі оңтайлы болуға, ұйымдасуға, қоғамдық, әділдік сезімін күшейтуге зор пайдасы барын білген әке-шеше еш уақытта ойыннан тыймас еді . . . », -дейді. Ғалымның ойын ары қарай сабақтар болсақ, спорттық ойындар тек дене шынықтыру, денсаулықты күшейту ғана емес, қоғамдағы адамның сана-сезімінің өсуіне ықпал етеді, саяси көзқарасы қалыптасады, бүгінгі техникалық артта қалушылықтың орнын толтырып, адамдармен қарым-қатынас жасау, белгілі бір ортада өзін еркін сезіну дағдысы қалыптасатындығы сөзсіз.
Ұлттық тәрбиенің қайнар көзінің бірі - ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде дегеніміз - сол ұлттың рухани, әлеуметтік, қоғамдық дамуында шешуші роль атқаратын оның басты белгілері. Бүгінгі күні қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі басты мүдделері - тәуелсіздігіміздің нығаюы, жеріміздің тұтастығы, тіліміздің дамуы, дініміздің сақталуы, салт-дәстүріміздің, тіліміздің өркендеуі.
Сондықтан осындай ауыр жүк арқалаған ұлттық мүддемізді болашақ жас ұрпақ бойына сіңіру ұстаздар алдындағы абыройлы міндет. Ол үшін ұстаздар өз пәнін теориялық тұрғыдан жетік білумен қатар, өз ұлтының ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан ұлттық тілі, ділі, діні, болмысы, психологиясы, менталитетін терең меңгеріп, ауыз әдебиеті үлгілері мен ақын-жазушылардың көркем шығармаларындағы айтылған айшықты ойларын сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жұмыстарда да үнемі басшылыққа алып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың бойына дарытып отыру керек. Оған дәлел Ж. Аймауытовтың төмендегі айтқан ой-тұжырымы болмақ: «Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматты көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елітіп отыр. Ұлт үшін қызмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр . . . « . . . Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын. Баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды».
Ұлт пен тіл ешуақытта ажырамайтын, бірімен-бірі кірігіп, бөліп алуға болмайтын нәрсе. Ұлттың ең негізгі қасиеті - қабілетінде, ал қабілет ойлаумен байланысты, өз кезегінде ойлау деген нәрсені құрайтын - тіл. Осыдан тиісті қорытындылар жасауға болады. Ұлттың рухы тілдің мазмұнын рухтандырып тұрады. Рухсыз тіл - тіл емес. Мысалы, дүние жүзінде жасанды тілдер бар.
Ұлттық рухтың ең бір абыройлы қызметі - тілді рухтандырады. Тілдің рухты бойына сіңіріп алып, ұлттық дүниетанымдық, психологиялық, басқа да толып жатқан ұрпақтан- ұрпаққа беріліп жататын қажетті қасиеттерін бойына жинаушы, кезең-кезеңімен кейінгі ұрпаққа жеткізуші құралға айналатын себебі де сондықтан. Ұлт пен тілді ажырату мүмкін емес». Осы пікірмен сабақтас классик жазушы Мұхтар Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады, себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса, рухани ой-тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Тегінде, қай мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент дәрежесіне жету үш әдебиетті білу жалпылығы ортақ шарт. Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел «азған» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес», - дейді.
Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл - күйініш» деп, өзінің ұлт тіліне деген құрметін, жанашырлығын білдіреді.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген, ноғайша оқығанда ноғай сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыландығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз» деп ұрпақтың ұлттық тәрбие алуының негізін айтса, Халел Досмұхамедұлы: «Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды» деп тілдің сақталуы мен дамуындағы мектептің ерекше рөлін атап өтеді.
Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А. Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М. Шоқай «Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл», М. Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт - тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деген құнды ой-тұжырымдар жасайды.
Қорыта айтқанда, бір үлкен ғалым айтқандай: «Келешек туралы көп уайымдап, келешекті жасаймын деп әуре болудың қажеті жоқ, келешек біздің ешқандай ісімізсіз-ақ өзінен-өзі келеді, бірақ келетін ертеңді немен толтырамыз, соны бүгін ойлау керек». Бүгіннің өте қажет екендігі даусыз. Өйткені келешек дегенің бүгін басталады. Келешектің түбірі бүгінде жатыр. Ал бүгіннің баюы, рухтануы, нығаюы - кешеге байланысты, кешегіні бүгінге алып келіп, бүгінді байытып, рухтандырса, бізден сұрамай-ақ келетін ертеңді дұрыс мағынамен, мазмұнмен қарсы алуға дайындалуымыз керек». Сонда ғана біз ұлтымыздың алдындағы борышымызды адал атқарамыз.
Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше. Ұлттық құндылыққа - ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, өнері, музыкасы, спорты, салт-дәстүрі жатады десек, қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазақ халқының аңыз-әңгімелеріне, өлең-жырларына, шығармашылығына арқау болған. Соның негізінде қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның тілі, мәдинетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған.
Осындай ұлттық құндылықтарды ұлт санасына, ұрпақ санасына сіңіруде Абай арнасының атап айтсақ, Абайдың ақындық айналасының, соның ішінде поэзиясының алатын орны ерекше.
Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.
Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды.
Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.
Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864-1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының редакциясымен басылып шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz