АДАМНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР


КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзекті мәселелері: кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді. Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоөзектілік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осыған орай соңғы кездері қазақ тілі білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Қазақ тіліндегі адамның жас және жыныс атауларының толық құрамда қарастырылмай келгендігі, сондай-ақ олардың лексика-семантикалық құрамы мен құрылымы туралы жүргізілген зерттемелер барысында елтанымдық, мәдениеттанымдық құндылық тұрғысынан қарастырылмалуы, сөз мағынасындағы мәдени компоненттің ашылмауы және осы аталған мәселелердің қазақ сөздіктерінде лексикографиялану заңдылықтарының анықталмай отырғандығы осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі тіл білімі ғылымының дамуы антропоөзекті бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулермен сипатталады. Антропоөзекті парадигма тілді санамен байланысты қарастырады. Осы бағыт тілдік таным үдерістеріне басты назар аударады. Зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздерін Г. Шоқым, Ә. Қайдар, Б. Хасанұлы т. б. сынды зерттеушілердің еңбектері құрады.
Адамның жас ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар мен сол атауларға қатысты тұрақты тіркестер тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Бұлар әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін лексика-семантикалық топ. Мұндай атаулар өмірде өте жиі қолданылатыны белгілі. Солай бола тұрса да, лексикалық қорымыздың бұл тобы кейбір еңбектерде жол жөнекей сөз болғаны болмаса, олар күні бүгінге дейін жеке лексика-семантикалық топ ретінде арнайы зерттелінген жоқ. Адамның жас ерекшелігіне, жынысына байланысты атаулар мен солар арқылы жасалған тұрақты тіркестер тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын өз бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-жақты зерттеу сол байлықты ашып, оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз болып шығады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: қазақ тілінің лексика-семантикалық, лингвистикалық зерттеулеріндегі адамның жас және жынысына қатысты атауларының ерекшеліктерін анықтау-зерттеудің негізгі мақсаты. Нысан етіп алып отырған атаулар мен сол атауларға қатысты тұрақты тіркестерді түгел жинап, оларды әрі тіл білімі тұрғысынан, әрі лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты қарастыру, әр атаудың, әрбір фразеологиялық тұрақты тіркестердің мағыналарын ашу, сөйтіп сол мағыналардың астарында жатқан ұлттық ерекшеліктерді, яғни қазақ халқына тән ой-сананы, дүниетанымды, наным-сенімдерді, мінез-құлықты, психологияны, салт-дәстүрді, бір сөзбен айтқанда, ұлтымыздың рухани байлығы мен мәдениетін, тарихын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай нақты міндеттерді шешу көзделді:
-жас пен жыныс атауларының құрамы мен құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерін анықтау;
-түсіндірме сөздіктерде жас пен жыныс атауларының мағынасын кешенді сипатта ашу;
-«еркек» пен «әйел» атауларының қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, концептілерінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру.
-жас пен жыныс атауларына қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау.
Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: адамның жас ерекшелігіне, жынысына байланысты атаулар мен тұрақты тіркестер бұрын зерттелінбесе, енді ол жан-жақты әрі түбегейлі зерттелініп отыр. Бұлар жай ғана тілдік тұрғыдан да зерттелінді. Ол үшін, алдымен тиісті атаулар мен тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер түгелімен жиналып алынды. Содан соң сол мол материалдарға сүйене отырып, олардың жасалу жолдарын, шығу төркіндері, даму тарихы, себептері ашылды, мағыналары мен ұғымдары айқындалды. Айқындалған этнолингвистикалық мән мағыналар мүмкіндігінше толық сараланды. Сараланған этнолингвистикалық ерекшеліктер, фразеологиялық тұрақты тіркестер арқылы, халықтық мақал-мәтелдер мен ақын жыраулардың өлең жырлары арқылы дәйектелініп отырды. Міне, бұлардың бәрі жұмыстың ғылыми жаңалықтары болып есептелінді. Зерттеудің нәтижелерін мен тұжырымдарын ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға арналған арнайы курстарды жүргізуде, «Әлеуметтік лингвистика», «Лингвоелтану» пәндерін оқытуда, жалпы тіл тарихының теориялық және практикалық мәселелерін әрі қарай зерттеуде монографиялық еңбектер, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын дайындауға, сонымен қатар, лексикология пәндері бойынша оқылатын дәрістер мен өткізілетін арнайы курстарда, семинарларда қолдануға болады.
Зерттеу обьектісінің теориялық және әдіснамалық негізі: жұмыста қарастырылған жас пен жыныс атауларының құрылымдық-семантикалық сипаты ашылып, одан да басқа жас ерекшелікке және жынысқа қатысты лексемалар, фразеологиялық тіркестерінің құрамы белгіленді. Қазақ тіліндегі жас пен жыныс атаулар жүйесі сөздік құрам, семантикалық құрылым, лексикографиялану заңдылықтары тұрғысынан зерделенді. Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар лексикография теориясы мен практикасы, тарихи лексикология, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным, лингвистикалық зерттеулер т. б. ғылыми пәндердің нысанасындағы теориялық мәселелерді айқындауға, дамытуға жәрдемін тигізеді.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе, негізгі екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АДАМНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
1. 1 Адамның жас ерекшелігіне қатысты атауларды тақырыптық және мағыналық жағынан топтастыру
Жас дегеніміз адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Жас ерекшелік физиологиясымен және психологиямен байланыстыра қараймыз. Адамның жас ерекшелік кезеңін үш топқа бөлеміз. Бұл кезеңдерді психология ғылымының жас ерекшелік психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас-қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін мынадай топқа бөледі.
- туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең;
- 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең;
- 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді:
- 7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар) ;
- 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер) ;
- 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар) .
Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық жақ (18-21), кемелдену (22-
60 жастың арасы), егделік ( 64-71 жас), кәрілік (75-90 жас) деп бөлінеді [1] .
Қазақ халқы адамның өсу мезгілін әр кезеңдерге бөліп, бұл мезгілдерді, жеке-жеке атаулармен атаған. Ал бүгін кейбір атауларды дұрыс қолданбаймыз. Бала, жігіт, орта жас, егде, шал деп бөле саламыз. Әр сөзді дұрыс қолдану үшін осынау түйіндерге назар аудара жүрелік.
1 жасқа дейін-шақалақ, нәресте
1 жастан 10 жасқа дейін-сәби
1 жастан 2 жасқа дейін-қыз бала-бөпе, ұл бала-бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін-бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін-балдырған, балауса
6 жастан 7 жасқа дейін-бала, балақай
8 жастан 12 жасқа дейін-ойын баласы, жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін-ересек бала, жасөспірім
16 жастан 19 жасқа дейін-бозбала, бойжеткен
20 мен 30 жас аралығы-жас жігіт, қыз
30 бен 40 жас аралығы-дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек
40 пен 50 жас аралығы-ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте
50 мен 60 жас аралығы-жігіт ағасы, сары кідір әйел
60 пен 70 жас аралығы-қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже
70 пен 80 жас аралығы-ақсақал, ақбұрым
80 мен 90 жас аралығы-ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария
90 мен 100 жас аралығы-селкілдек шал, селкілдек кемпір
100 жастан жоғары-кейуана, баба
Мүшел жас:
Мүшел-13 жас (ер жете бастау)
2-мүшел-25 жас (жігіттік жас)
3-мүшел-37 жас (ақыл тоқтау)
4-мүшел-49 жас (орта жас)
5-мүшел-61 жас (орта жас)
6-мүшел-73 жас (қарттық)
7-мүшел-85 жас (кәрілік)
8-мүшел-97 жас (қалжырау)
9-мүшел-109 жас (шөпшек сүю)
10-мүшел-121 жас (немене сүю)
Жас сипаты:
10 жасқа дейін - қозы жасы деп қозы - лақ бақтырған,
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған,
30 жас - орда бұзар,
40 жас - қылыш жас, қырықта қамал алар,
50 жас - ел ағасы, ердің жасы,
60 жас - пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алмыстың асуы, арқаралы алпыс,
70 жас - жетпістің белесі,
80 жас - сексеннің сеңгірі.
Бауыржан Момышұлының қарттар жайлы айтқан сөзінде ол жасы үлкен қарттарды шал, қария, ақсақал, абыз деп төртке бөлген. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қарт - шал. Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты қария деп, тұтас бір ауылдың жоқ - жітігін түгендеп, жыртығын бүтіндеп, азаматын атқа мінгізіп, айдынын асырып отыратын қартты ақсақал деп, бүкіл елдің сөзін сөйлеп, намысын жыртып, дау - дамайын шешіп, арғы - бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты абыз деп атаған [2] .
Ғалымдардың топтастыруына келсек, олар дүниедегі барлық ұғымдар мен құбылыстарды яғни әлемді адам, қоғам және табиғат деп үш топқа бөледі, олардың әрқайсысын жеке-жеке таратады. Әрине, бізге бұл салалардың бәрін таратып жатудың қажеті жоқ. Орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктерді пайдалана отырып, «адамның жасы» деген тақырыпқа қатысты сөздерді анықтадық.
Әлди-крошка
Бөпе-крошка
Бөбек-младенец
Сәби-дитя, младенец; грудной ребенок
Нәресте-младенец, младенчества, младенческий; новорожденный
Бүлдіршін-малыш, малый, малютка
Балдырған-малыш, малышка
Балақай-детка, дитятко, мальчуган
Балақан-деточка
Бала-ребенок, мальчик; мальчишка; детский
Балалар-дети, детка, детки; ребята
Балалық-детства, детскость; ребячества; мальчишество, мальчишеский
Балғын-юный
Жеткіншек-отрочество, подросток
Бозбала-парень, паренек
Жас-молодой, моложе; молод, молода, молодо; молодежный
Жастар-молодежь
Жастық-молодость
Жасаң-моложавый; незрелый
Жас өспірім-юнец, юнца, юноша
Жас өспірімдік-юность, юношество, юношеский
Жас ұлан-юноша
Жас ұрпақ-юное поколение; младшее поколение
Жігіт-джигит
Жігіт ағасы-детина, взрослый джигит
Ересек-взрослый
Есейген-зрелый
Егде-пожилой
Отағасы-хозяин дома
Кексе-пожилой
Мосқал-пожилой
Кәрі-старый, старческий
Кәрілік-старость
Қарт-старик, старина
Қарттық-старческий, старость
Қария-старец
Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі ешқандай жұрнақсыз-ақ, ешқандай сөз тіркестірусіз-ақ жаңа сөз жасау екені белгілі. Мұндай жағдайда сөзжасамның қайнар көзі-тілімізде бұрыннан қолданылып келе жатқан жалпыхалықтық сөздердің мағынасында болатын әр түрлі өзгерістер жаңа сөз жасаудың лексика-семантикалық тәсілінің негізін қалайды.
Лексика-семантикалық тәсіл - терминжасау тәсілдерінің бірі. Оны басқа тәсілдерге қарағанда термин жасаудың басты негізгі тәсілі деп бағалауға да болады. Өйткені ұлт тілі негізінде жасалған ғылыми терминдердің көпшілігі осы тәсіл арқылы арқылы жасалған терминдер. Жоғарыдағы лексика-семантикалық топтарға қатысты сөздер тек осылармен ғана шектеліп қоймайды. Ал егер сол лексика - семантикалық топтарға кіретін сөздерді түгел жинақтау керек деген мақсат қойған болсақ, онда әлгі топтардағы әрбір түбір атаулардан жасалған туынды түбірлер мен біріккен сөздерді, қос сөздерді, сондай - ақ, күрделі сөздер мен сөз тіркестерін түгел қосып, ол лексика - семантикалық топтардың қатарларын бұдан да гөрі молайта түсуге әбден болады [3] .
1. 2 Адамның жас ерекшелігіне қатысты атаулардың лексика-семантикалық және этнолингвистикалық сипаты
Адамның жас ерекшелігіне қатысты атауларының этнолингвистикалық жағынан зерттеу қазақтың салт - дәстүрімен байланысты қаралды. «Бәсіре атау»-салты қазақтарда бала туғанында оған бір құлынды атап, бәсіре береді. Ежелгі наным - сенім бойынша, өмірге келген баланың аман-сау ер жетіп, есеюы осы бәсіремен тығыз байланысты. Сол себепті бәсіреге берілген құлынға (ол тай болғанда да) мінбейді, бас-қаға бермейді, сойып жемейді, сатпайды. Үш күн ішінде нәресте дүниеге келісімен үш күннен кешіктірмей оған ат қойылуға тиісті. Бұл қазақ салты бес күннен кейін жаңа туған балаға бес күн толғанында оны бесікке салады. Оған көрші - көлемнің әйелдері шашу алып келіп, «тышты ма» жасатып, сәбиді сән - салтанатпен бесігіне бөлейді. Қырық күн толғаннан кейін нәрестенің туғанына қырық күн толғанша, оны бір күн сабынды сумен, бір күн тұзды сумен, бір күн жұпар иісті шоппен (марал оты) кезекпе - кезек шомылдырады. Тұзды суға түсіп, тұзға піскен сәби шымыр болып өседі, денесі жарақат алса, жарасы тез жазылады. Сәбидің алғашқы қырық күні қауіп - қатерге толы деп есептеледі. Осы кезеңнен аман - сау өтіп, мойны қатқан соң көңілі орныққан ата - анасы оны қырқынан шығарады. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37 немесе 39 күнде, қыз баланы қырық күннен асырып, 42 немесе 44 күнде қырқынан шығару қажет. Бұл кәдеге шақырылған әйелдер ыдысқа қасық су құйып, күміс теңгелер салып, баланы суға шомылдырып, қырық күнге дейін алынбаған сұт тырнағы мен қарын шашын алады. Нәрестенің қарын шашын алған әйелді сыйлықсыз қайтаруға болмайды. Нәрестенің қарын шашын шүберекке түйіп, баланың оң иығына қадайды, тырнағын жерге көміп тастайды. Қырқынан шыққан нәрестеге «ит көйлек» кигізеді.
«Дәмету» келіннің емшектегі жас сәбиі бар енелер бір үйге қонаққа барса, сол үйдің дастарханынан бір дәмді үйіне ала келеді. Жөн - жосықты білетін әйелдер: «келіннің дәметіп, емшегі ісіп қалмасын, мына тағамнан ала кет» деп, өздері - ақ салып береді. Бұл - «дәмету» ырымы. Екі үш ай өткенде бұл кезде нәресте айналасындағы дыбысқа елеңдеп, анасының дауысын ажырата бастайды, осы кезде анасы «бесік жырын» айтып, халқымыздың әсем сазын, ана тілінің ұлттық үнін оның құлағына сіңіре бастауға тиісті. Халқымыз: «сүтпен кірген мінез сүйектен кетеді», -дейді. Балаға тәрбиені бесік жырынан бастаудың маңызы айрықша
Алты айдан соң: Бұл кезде сәби талпынып, еңбектеуге бейімделе бастайды. Ата - анасы «балам тез еңбектеп кетсін», -деп, көрші - көлемнің әйелдерін жинап, «бауырынан табақ алу» ырымын жасайды. Арнайы пісірілген бір табақ дәм талпынып тұрған сәбидің оңынан сол жағына, солынан оң жағына жүгіртіліп, «тез еңбекте!», «тез еңбектеп кетсін!» деген сөздер айтылады. Жеті айға толғанында бұл кезде шешесі сәбиіне қосымша піскен сүт, жұмсақ ет беріп қоректендіреді. Осы кезеңге байланысты халқымызда: « бала етке бола жөргегін сатады», -деген сөз бар.
Тоғыз - он бір айында: Бұл кезде бала қаз тұрып, жүруге талпынады. Ол «тәй - тәйлап» жүре бастасымен - ақ ата - анасы «балам тез жүріп кетсін», -деп, «тұсаукесер» тойын жасайды. Тұсаукесер тойы міндетті түрде аталып өтуге тиісті қуаныш. Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.
Бала сыны: Қазақтар көреген, данагөй кісілерге баласын емшекте жатқанында да, алғашқы мүшел жасқа толарында да сынатуды дәстүр санаған. Олар баланың дене бітіміне, тал бойындағы ерекше белгілеріне, жатысына, ұйықтауына қарай мынандай болжамдар жасаған. Бір құлағынан екінші құлағы үлкен болса - құйшы, маңдайы кең болса - жайдары, құлағы мен аузының арасы жақын болса - отырықшы, желкесінің шұқыры болса - жалқау, бас бармағы үлкен болса - сері, бармағы майысқан болса - шебер, бетінде қалы болса - балуан болады. Нәресте анасының омырауын тас қылып ұстап отырып емсе - сараң, алақаны ашық, алаңсыз емсе - жомарт, ер бала көзін ашып ұйықтаса - бақытты, жары сұлу болады. Қыз бала осылай ұйықтаса - күйеуі көрікті болып, бақытты өмір сүреді. Нәресте үнемі жастықтың үстінде ұйықтаса - ел басқаратын көсем, көрпені тұмшалап орап алып ұйықтаса - ынжық, шалқасынан жатып ұйықтаса - мінезі жайдары, аяқ-қолын төрт жаққа созып, бейжай ұйықтаса - төрт құбыласы тең кемеңгер әрі батыр болады.
«Сырға тойы» ертеректе баласы тұрмай жүрген ата - аналар ұлының оң құлағын тесіп, оған сырға тағып қойған. Баласы ержеткен соң той жасап, құлағынан сырғасын алған. Осы қуаныш - «сырға тойы» деп аталған. Бес жасқа толысымен ұл бала бес, жеті, тоғыз жасқа толғанында сүндетке отырғызылып, сүндет тойы жасалады. Баланы сәрсенбінің сәтінде сүндетке отырғызады. Ашамайға мінгізу ұл бала жетіге дейін жерден жеті таяғын жеп, есейген соң оны ашамайға мінгізу салты жасалады. Ашамай - ердің қарапайым түрі. Жуас атты ерттеп, үстіне ашамай салып, оған алғаш рет баласын отырғызып, атпен жүргізуді үйреткен ата - анасы ашамайға мінгізу тойын өткізеді, ашамайға міну - баланың ат жалын тартуы деп саналады. Ашамайға мінген балаға әулеттің үлкен ақсақалы ақ батасын береді.
«Тоқым қағу» ашамайға мінген бала көп ұзамай өзінің бәсіресіне мініп, бірнеше рет үйінен алысқа шығады. Ата - анасы оның құрметіне бір малын сойып, тоқым қағар кәдесін жасайды. Қазақтар көбінесе тоқым қағарды балаға он жас толысымен өткізеді.
Қозы жасы баланың кейінгі жасы. Бұл кезде қазақ баласы қозы баққан. Әлгі атау соған байланысты шыққан. Қой жасы қозы жасындағы бала он беске толысымен, отау иесі болатын жасқа келді деп есептеліп, оның жасы-қой жасы деп аталады. Бұл жастағы баланың кәсібі қой бағу болғандықтан, ол осындай атауға ие болған. Қой жасы - он бес пен жиырма бес жастың аралығы. Жылқы жасы жиырма бес - қай жастың да белі бекіп, қабырғасы қатқан шағы. Қазақтар тұлық төресін жасы жиырма беске, яғни жылқы жасына келген жігіттерге ғана сеніп тапсырған. Жылқы жасы - жиырма бес пен қырық жастың аралығы. Патша жасы шығыс халқы қырыққа толған адамды күш - қайраты толысқанымен, ақыл - парасаты әлі де толысқан жоқ деп, ондай адамды патша (хан) қойғызбаған. Қырыққа толған адамды - патша жасындағы адам деп атау содан шыққан. Я, қырық жас - патша жасы. Бұл жаста ел басқарған адамдар қазақта көп. Адам жасының үш кезеңі;
1. жас дәурен - 50 жасқа дейінгі аралық.
2. орта жас - 70 жасқа дейінгі аралық.
3. қайтқан кез - 70 жастан асқан кезең.
Мүшел жас әрбір 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Адамның мүшелі бес топқа бөлінеді. Олар: балалық мүшел, жігіт мүшел, кісілік мүшел, кәрілік мүшел, таусыншық жас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz