ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
: 1
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ . . .
4: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Асқар Алтай өмірі мен шығармашылығы . . .
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Асқар Алтай шығармашылығының тақырыптық ерекшелігі . . .
4: 11
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Қаламгер шығармашылығындағы авторлық идея . . .
4: 19
: 2
КІРІСПЕ . . .: АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ МӘСЕЛЕСІ . . .
4: 28
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Жазушы шығармаларындағы заман көрінісі . . .
4: 28
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Автор туындыларындағы мифтік сарын . . .
4: 43
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 58
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 60

К І Р І С П Е

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлердің бірі - Асқар Алтай. Ғылыми жұмыста көрнекті қаламгердің жазушылық шеберлігі мен шығармаларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, көркем туындыларында заман көрінісін бейнелеудегі суреткерлік болмысы, сонымен қатар, автордың өзіндік қолтаңбасы мен өзіне тән стилдік ерекшелігі сараланып қарастырылды.

Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерінің бірі - жазушының шығармашылық лабораториясын зерттеу болып табылады. Ұлттық әдебиетімізде бұл сала ХХ ғасырдың 30 - 40 жылдарынан бастап қолға алынды.

Қай заманды алып қарасақ та, қаламгерлеріміз уақытпен үндесіп, заманға үн қосып отыруды басты борышы санаған. Көркем әдебиетте халықтың озық дәстүрінің, ұлттық қасиетінің, мәдениетінің сипатталуы - қалың оқырман үшін рухани азық. Бұған көңіл бөліп отыру қаламгерлердің басты мұраты. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз»[1, 3 б. ], - деп азаматтық борышымызды нақтылап көрсетіп берген болатын.

Тәуелсіздік жылдары қазақ прозасында модернистік, постмодернистік бағыттар көрініс таба бастады. Қазіргі қазақ прозасының қаламгерлері адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты, адам болмысының мәнін айқындайтын дүниетанымдық шеңбері кең кейіпкерлерді өмірге әкеле бастады. Төл әдебиетіміздегі заманы ашыла жазуға, көсіле жазуға мүмкіндік бермеген модерндік әңгіме, жазушыларымыз тарапынан постмодерндік әңгіме үлгісіне айналды. Атап айтар болсақ, Нұрғали Ораз, Жүсіпбек Қорғасбек, Асқар Алтай, Дидар Амантай, Роза Мұқанова, тағы басқа жазушылардың постмодерндік бағытын түсіну үшін тұңғиық тереңіне бойлауымыз қажет. Постмодернисттер шағын әңгімеге бірнеше мәселелерді сыйдырып, оқыстан образдарды түрлендіріп, оқиғаны күтпеген жерден аяқтап тастап, оқиғаның шешімін оқырманның өзіне қалдырады.

Асқар Алтай - қысқа жазудың шебері. Ал, «Шеберлік» дегеніміздің өзі - тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс - әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдар жасау үшін қажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу [2, 47 б. ] .

Жазушы шеберлігі сол, екі бетке жүк болатын оқиғаны екі ауыз сөзбен көз алдыңа алып келеді. Бір қызығы, Асқар Алтайдың әңгімесін, повестерін, романын оқыған сайын, оқығың келе береді. Жазушы шығармаларында бүгінгі күндегі адамдардың болмыс-бітімін, тағдыр-талайын, күнде өзгеріп жатқан қоғамның сынаптай сиқын терең тұрғыдан ашып көрсетеді. Оқиға барысындағы кейіпкерлердің бейнелері мен мінездері оқырманын терең ой түбіне жетелейді. Асқар Алтай - аз сөзге көп мағына үстеп, оқырманын өзіне магниттей тартатын сөз шебері. Қаламгер шығармаларының тақырыбы мен идеясы адам мен қоғам мәселесіне құрылған. Тіпті, әңгіме-повестерінің тақырып атауының өзі оқырманын қызықтырары хақ. Мәселен, «Казино», «Түсік», «Кентавр», «Киллер сауысқан», «Стақан», «Шаһид», «Мәйіт», «Тұл», «Лайбаран», «Дық» әңгімелерінің атауы қызық та күрделі екені айқын.

Жалпы, бұл жұмыс қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әдебиет айдынына жаңашыл серпіліс әкелген жазушы Асқар Алтайдың шығармашылық даралығын, қазіргі қазақ әдебиетіне қосқан үлесін саралап, шығармаларының тақырыбы мен идеясын айқындау өзекті мәселелердің бірі екенін сезінуге байланысты жазылды.

Қазіргі қазақ әдебиетінде талғампаз талантымен танылған шебер иесі Асқар Алтайдың шығармашылығы жайында құнды пікірлер айтылып, сыни пікірлер көптеп жазылды. Жазушы шығармаларының жанрлық ерекшелігі, композициялық құрылымы, стилі, әңгіме-повестеріндегі заман көрінісі, авторлық идея және тағы басқа мәселелер Ә. Меңдеке, Н. Түсіпхан, С. Тайманова, Б. Тұрсынбайұлы, Г. Мұқашева, А. Мантаева, Т. Әбдірайым, Н. Жұмаділова, А. Ментебаева, А. Шукирлаева, Д. Тұрантегі және т. б. мақалаларында жан-жақты талданды.

Г. Балтабаева «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі» атты еңбегінде Асқар Алтайдың бірнеше әңгімелерін талдап, өзіндік ой-пікірін ұсынды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығыжәне практикалық маңыздылығы. Асқар Алтай шығармаларының тақырыбы мен идеясы, стилі, образдар жиынтығы жайлы құнды пікірлер айтылып, прозалық туындылары жүйелі түрде зерттеу өзегіне алынып, ғылыми мақсатта қаралу көзделді. Жұмыстың нәтижелерін мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарға қолдануға болады. Жоғары оқу орындарында студенттерге«қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен пайдалануға көмекші құрал ретінде маңызы бар.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмыстың басты мақсаты - Асқар Алтай шығармашылығының тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін, жазушының кейіпкерлер образын жасаудағы шеберлік қырларын, суреткерлік өзіндік қолтаңбасын, қысқа да нұсқа жазу шеберлігін бағдарлай отырып, қаламгердің қазіргі қазақ әдебиетіндегі алар орны мен қосқан үлесін айқындау.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалды:

-Асқар Алтай шығармашылығымен толыққанды танысу;

-автордың шығармаларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін айқындау;

-жазушының әңгіме кейіпкерін жасаудағы өзіндік ерекшелігін саралау;

-қаламгер шығармашылығындағы адам және қоғам мәселесіне жіті назар аудару ;

-автордың кейіпкерлерге көзқарасын бағдарлай отырып, жазушының идеясын тану;

Зерттеу объектісінің теориялық және әдіснамалық негіздері. Аталып отырған тақырыптың негізгі мәнін ашу мақсатында, Асқар Алтайдың «Алтайдың алқызыл модағайы», «Түсік», «Прописка», «Киллер сауысқан», «Көзімнің қарасы», «Казино», «Кентавр», «Сібір офицері», «Лайбаран», «Кержақтың монологы» әңгіме-повестерін негізгі зерттеу нысанына алынды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылыған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

  1. Асқар Алтай өмірі мен шығармашылығы

ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік стилі бар жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік те болған жоқ емес, болды. Өйткені, әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді.

Қазіргі қазақ прозасында өзіндік орны бар, қара сөздің хас шеберлері, қоғамдықмәселелерді қарастырып жазып жүрген қаламгерлер қатарындаЖүсіпбек Қорғасбек, Нұрғали Ораз, Асқар Алтай, Дидар Амантай, Думан Рамазан, Нұржан Қуантайұлы және т. б. аталып жүр. Солардың ішінде, қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы бар, көркем туындылары көпшілікке танымал, көрнекті қаламгер - Асқар Алтай. Оқырманын өзіне баурап алып, қазақ елінің мақтанышы мен ыстық махаббатына бөленіп жүрген қаламгеріміз 1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында туған.

Алтайдың әйгілі Марқакөл өңірінде бес мыңнан, жеті мыңға дейін алалы жылқы біткен Шонжырбай бай - Асқар Алтайдың арғы атасы. Одан - Жылқышы, Жылқышыдан - Алпысбай, Алпысбайдан - Құмар. Алпысбай атақты Шәкәрімнің ұлы Зиятпен дос болған. Шығыс Түркістан Республикасы басшыларының бірі Сәліспен Семейде бірге оқыған. Арғы бетте генерал Мажунин дүнген көтерілісіне басшылық еткенде, оған қазақтар да қатысқан. Алпысбай ел басына күн туғанда әкесі Жылқышыдан қалған бес жүзден астам қыл-құйрықтан көтеріліске қатысқан қазақ жігіттеріне қосарлап ат та мінгізген.

Ал Құмар Мәскеу төңірегіндегі атақты Диверсиялық барлау мектебінің Шығыс барлау бөлімін (1936-1942) бітірген. Сонда жүріп советтің барлаушылық қатал тәжірибесінен өтіп, қытай, моңғол, тибет, ұйғыр, орыс тілдерінде еркін сөйлеп, еркін жазған. 1942 жылы генерал Дәлелхан Сүгірбаевтың кеңесшісі болып, Совет одағынан Зайсан шекарасы арқылы Шығыс Түркістанға енгізілген. Ол тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құрысып, Алтай аймақтық Сақшы бастығы қызметіне тағайындалады. 1951 жылы Оспан батыр ұсталғаннан кейін Құмарды қызметінен алып, Кеңес одағының ұйғаруымен Пекин Заң университетіне білімін көтеруге жібереді. Ол сол кездегі қазақтар арасында жоғары білімді заңгер азаматтардың санаулыларының бірі еді.

Құмар Алпысбайұлы Мағжанның «Батыр Баянын», Жүсіпбектің «Ақбілегін» әңгімелеп отыратын. «Алтайда ел нары екен қалың найман, Қытайға қалың найман қанат жайған» деп әкесінің әнге қоса ыңылдап айтқан сөздері Асқардың құлағында бала шағынан қалып қойған. Ол Шәкәрімнің көптеген өлеңдерін білетін, көп сөйлемейтін. Ал сөйлеп кетсе, сөздің майын тамызатын. Асқардың өз анасы Меңке де сөзге ұста адам еді.

Асқардың балалық шағы өте бай һәм құнарлы болды деуге толық негіз бар. Алты, жеті жасына дейін көп адамды көрген жоқ, қалың жылқы мен малды көрді. Құдды суретпен сызып қойғандай, қыл қаламның да құдіреті жетпейтін сұлу Алтайдай арда табиғаттың ортасында өсті. Өз көзімен көрген жабайы аң-құс, жан-жануарлар бала Асқарды рухани түлетті. Бала кезінен бөрі мен бөлтірік аулауға, бұғы мен аю атуға аңшы Қауқай, Буратай, Нұрғали қариялармен, әкесі Құмармен бірге барып жүрді. Сондықтан да оның шығармаларында аңшылық туралы оқиғалар жиі ұшырасады [3, 10 б. ] .

Асқар Алтай Абай атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетін бітірген (1984) . Алматы облысы Күрті ауданындық «Шұғыла» газетінде тілші, С. Мұқанов мұражай-үйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, «Жұлдыз» журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «Ер-Дәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін, 2004 жылдан бастап «Арда» баспасының директор қызметін атқарған.

«Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998), «Алтай новелласы» атты прозалық жинағы (2001), «Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік»(2006) атты ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалар, «Казино» әңгімелер жинағы (2008) жарық көрген. «Қызыл бөлтірік» (кітабы повестер мен әңгімелер, 1997) Халықаралық Сорос қорының бас жүлдесі грантын жеңіп алған. Қазақстан Жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының (1989, 1990), Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты [4, 25 б. ] .

Сонымен қатар, Ш. Айтматовтың «Ақ кеме», «Жәмилә», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Қызыл алма» әңгіме-повестер жинағы, М. Мақатаевтың «Аманат» жыр жинағы, Н. Ақбайдың «Абай жолы энциклопедиясы», «Қазақ балалар поэмасының антологиясы» - Асқар Алтайдың қатысуымен жарыққа шыққан басылымдар. Қаламгер қазіргі қазақ әдебиетінің терең тамыр жайып өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып, «Бұлыңғыр», «Алтайдың алқызыл модағайы», «АҚШ консулының тас лақаты», «Алалық», «Кержақтың монологы», «Тараншы жолбарыстың сатқындығы», «Ноқталы арман», «Көрмеуім-ақ керек еді», «Төребейіт», «Бозақ», «Инвестиция», «Жылым», «Жолаушы», «Глазной палач», «Жалғыз», «Кентавр», «Лайбаран», «Сібір офицері», «Қызыл қасқыр» атты мақалаларын мерзімді басылымдар мен жинақтарға жазып отырды.

Асқар Алтайдың жазушылық шеберлігі, суреткерлік болмысы, өзіндік ерекше стилі жайлы құнды пікірлер көптеп айтылды. Мысалы, « Әдебиетімізге өз үнімен, өз тілімен, өз шындығымен екпінді, қарқынды қаламгер келді. Асқардың тілі бай, Алтай топырағындай құнарлы, шөбіндей шүйгін. Қазақ тілінің қаймағы бұзылмаған, жал-құйрығы күзелмеген, бөгде сөзбен былғанбаған ортада ер жеткен жазушы екенін кітаптың әр бетін оқыған сайын біле түсесіз», - деп қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабеков қалам тербеген екен [3, 10 б. ] .

«Бүгінгі аға буынның көзімен қарасақ, Асқар Алтай жас жазушы. Жазушымен бірге әдебиет есігін ашқан оның буынының бәрі де «жас жазушы». Ол өз тұстастарының арасында өндіре жазып, өнімді еңбек етіп жүрген шығармагер. Әдебиетте кеше де, бүгін де, тіпті ертең де бүгінгі тақырып жазыла береді. Тіпті солай болуы тиісті де. Заңдылық. Қазір проза мен драмматургия саласында бүгінгі тақырыпты көтерген дүние көрсек, шыны керек, қуанатын болдық. Асқар Алтай соңғы жылдары ешкім түрен салмаған тақырыптарға бірінші болып қалам сілтеп жүр десек артық айтпағанымыз болар»[5, 9 б. ], - деп А. Мантаева жазушы шығармашылығына деген өзіндік көзқарасын білдірген.

Автор жайлы белгілі журналист, жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы:«Асқардың шығармашылығымен алғашқы қадамынан таныспын деуге болады. Оның себебі менің Ертістің сол жағалауы Сауыр бетінде, Асқардың оң жағалауы - Алтай бетінде туғандығымыздан емес, жалпы өзінің замандастарының ішінен оза шапқан жүйрік қаламгер болғандықтан да назар аударған шығармыз деп ойлаймын. Асқар алғашқы әңгімелерінен бастап-ақ шығармашылық ерекшелігі, өзіндік стилі бар екенін бірден танытқан азамат. Асқармен «Атамұра» дейтін баспада біраз жыл қызметтес болдым. Сол кезде тынымсыз еңбек етіп жүрді. Менің бір сүйсінетінім, басқасын айтпағанда, біз жазатын уақыт алда деп жүрдік қой, сөйтіп жүріп 70 деген шіркіннің жетіп қалғанын да байқамай қалыппыз. Ал Асқар жуықта ғана елуге толған азамат. Бірақ қарап отырсам, Асқардың бүгінге дейін игерген жұмысы жетпіске, сексенге келген азаматтардың біразынан алда екен. Бұл сан жағынан айтқандағым. Екі-үш романы бар. Қырыққа жуық бір кітапқа сыйған әңгімелері бар. Қай еңбегіне қарасаңыз да Асқардың еңбекқорлығын көріп тұрасың. Қазір Асқар Алтай болып жарияланып жүр. Жақсы таңдап алған болуы керек, әдебиетшілерде бола беретін нәрсе. Әкесінің есімінде Алтай деген сөз жоқ болуы керек. Бірақ Асқар Алтай деген ат әдеби тұлғасын көрсететін атау болып қалды-ау деп ойлаймын»[6, 7 б. ], - дейді. Ал Жүсіпбек Қорғасбек: « . . . «Казино», «Туажат» секілді туындыларына қарап отырсақ, бұл Асқар Алтайдың қолтаңбасы екенін жазбай танитын кезге жетіп қалдық. Асқар Алтайдың бір ерекшелігі, шығармаларынан байқадым, тәмсілдік, мифтік оқиғаларды, сюжеттерді бүгінгі өмірмен шебер шендестіре алады екен. Сосын оның қаламында өн бойынды дір еткізетін бір қатал реализм бар. Шығармаларында қаталдық бар. Кейіпкерлерін онша аяй қоймайды. Мысалы, «Көзжендет» деген әңгімесіне құсқа аңның көзін шоқытатын тосындау бір құбылысты арқау етіп алған. Содан кейін «Туажат» хикаясында да қақаған қыста қасқырды тірідей сойғызатын эпизод бар»- деп автор шығармасына деген өз пікірін білдірген.

Қазіргі тәуелсіз қазақ әдебиетінде Асқар Алтай - өз бағытын айқындап, стилін танытқан жазушы. Оның шығармаларынан кезінде З. Қабдолов жазушыдан талап ететін сегіз қасиетті толық көруге болады. Оның «Қара бура» повесі, «Қараштың қарасы» әңгімесі қазақ басынан өткерген небір тарихи оқиғалардан сыр шертеді. Асқар Алтай шығармаларындағы бір ерекшелік - шығарма ішіне тағы бар шығармаға сюжет боларлық бір оқиғаны сыйғызып жіберуі. Мұндай тәсіл көбіне О. Бөкей шығармаларына тән болатын. «Қара бурадағы» ботасын іздеген ақ түйе туралы аңыз, «Қараштың қарасындағы» Қараш батыр туралы әңгіме мен «Ереуілтөбе» жайындағы тарихи оқиғалар шығарма құрылысына нұқсан келтірмей, негізгі оқиғамен жымын білдірмей кірігіп кеткен. Асқар Алтай көбіне қазақ елінің өткенін безбендеп, елдігін танытатындай тақырыпта жазады. Оның «Көзжендет» әңгімесінің өзі жазушылық шеберлік туралы көп мәлімет береді. Біреуге істеген қастандығың, тіпті аңға жасаған қатыгездігің өз алдыңнан шығады деген философиялық түйін жасайды. Талай аң-жануарды көзсіз қалдырған «көзжендет» сауысқанның иесінің немересі көзсіз туады. Әңгіме соңы адамға ой салады [7, 5 б. ] .

Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмұны қоғамдық мәні бар өзекті мәселелерді көтеріп, соған байланысты тың ойлар түйіндеумен таразыланады. Біз қарастырғалы отырған жазушымыздың прозасында түрлі кейіпкерлер тағдырлары арқылы адам және қоғам мәселесі бейнеленіп, тағдырлар тартысының күнгейі мен көлеңкесіне талдау жасалады.

Автор әңгімелерінде кейіпкерлер қақтығысынан гөрі, кейіпкердің рухани әлеміндегі ой мен сезім қайшылықтары басым беріледі. Суреткер дәрежесіне көтерілген жазушы ешқашан персонаждарына тікелей авторлық мінездеме беріп, сырттай тон пішіп жатпай, оларды іс-қимылдары, ойлары, әсіресе өздерінің іштерінен жарып шыққан лебіздері арқылы танытады. Өйткені, адам баласы, жалпы, құлағымен естігеннен гөрі көзімен көргенге көбірек сенеді ғой, шын суреткер бұл жайды ескермей тұра алмайды, сондықтан да ол баяндаудан гөрі суреттеуге көп күш салуға тырысады.

Асқар Алтай шығармаларын оқи отырып, кейіпкер сөздерінен жан - дүниелік сезімді де, көңіл күйдің сәтін де байқай аламыз.

Көркем сөз суреткерiнiң қолындағы бояуы - сөз, тiл, бұл - жанды құбылмалы бояу, мұның мүмкiншiлiгiнiң шегi жоқ. Қандай қанық бояуларды қолына берсең де, олақ суретшi тартымды картина салып шығара алмайды. Алуан түрлi бояуды тиiстi мөлшерде пайдалана бiлген суретшi ғана жүрек тебiрентерлiк туынды жасай алады.

Халықтың тiл байлығын жете меңгерген сөз зергерi ғана көркем шығарма тудыра алады. М. Горький айтқандай, қолыңа балтаны жақсы ұстауды бiлмей тұрып, онымен ағаш жона алмайсың, ал тiлдi бiлмей тұрып, көркем де қарапайым және әркiмге де тартымды шығарма жаза алмайсың.

Жазушының шығармашылығына қатысты айтылған пікірлер молшылық екенін бағамдадық. Атақты академиктерден бастап, жас буын сыншыларға дейін оң бағасын беріпті. Бұл - жазушының жеткен жетістігі. Бүгінде сөз өнерін сүйетін әр оқырман Асқар Алтайдың кезекті туындыларын асыға күтеді. Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әбден зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей тәуекелге бармайды. Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат [8, 7 б. ] .

Сыртқы сұлулық үшiн сөз тiзбегiн жоқтан қиыстыруға автор бармайды. Оның әрбiр сөзi, сөйлемi жатық, табиғи қаламынан ешбiр кiдiрiссiз, тау бұлағындай тоқтаусыз төгiлiп отырғандай әсер бередi. Бұл жазушының шығармасында суреттейтiн жайларды, сол ортаны аса қанық бiлетiнiн көрсетумен бiрге, оның тiл байлығын мүлтіксіз пайдалана отырып, жымдастыра алтынын дәлелдейдi.

Асқар Алтай шығармаларының ерекшелігі - автор оқырман назарын кейіпкердің ішкі сезімдеріне, түйсіктеріне назар аудартып отыратындығында. Адам болмысына қатысты терең философиялық толғаныстар бір ғана адамның өз басынан өз психологиясынан тартыс табасыз. Кейіпкерлердің мінезін, қоғамға көзқарастарын білдіру үшін автор небір қиын ситуацияларға араластырып отырады да бірегей образ жасайды.

Сондай-ақ, жазушы әр кейіпкерінің мінез ерекшеліктерін сыртқа көп шығара бермейтін толғаныстары, ойлары арқылы беруге тырысады. Адам баласына сырттай қарағаннан гөрі үңіле қарасаң шешуі қиын жұмбаққа толы екенін кейіпкерлерінің бір-бірімен байланыстыра отырып көрсетеді.

Бүгінгі таңда Асқар Алтайдың қазақ әдебиетіне қосқан және қосар үлесі зор. Автордың қайсыбір шығармасы болсын, оқырманын магниттей тартып, шығармашылығына деген қызығушылығын арттырары, біз айтпасақ та белгілі.

1. 2Асқар Алтай шығармашылығының тақырыптық ерекшелігі.

Бүгінде қазақ оқырманы бір сарындас көркем туындылармен танысып келеді. Бұл шығармалардың ұқсастығы мазмұны мен сюжетінде, құрылысы мен композициясында емес, идеясы мен тақырыбында, образдылығында. Сол себепті, оқырмандардың қазақ прозасына деген қызығушылығы төмендеп, жастар шетел әдебиетімен сусындай бастағаны рас. Ол жастардың мінезіне, дүниетанымына, психологиясына, мәдениетіне әсер етеді. Бұлжастар қоғамының дерті емес, барша қазақ қоғамының дерті. Сондықтан жастарды қазақ прозасына қайта бет бұрғызу үшін жаңа тақырыптағы, өзінің жаңа кейіпкерлерімен ерекшеленетін шығармалар ауадай қажет. Осындай шығармалардың иесі - Асқар Алтай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
Көркем шығармадағы психологизм. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер
Асқар шығармашылық тілге көп мән берген жазушы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
Қиял ғажайып ертегілер жайында
Асқар Алтай шығармашылығы
Оралхан Бөкей (1943-1993)
Көркем шығармадағы психологизм туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz