Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің лексикалық ерешеліктері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің лексикалық ерешеліктері . . . 7

1. 1 Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі . . . 7

1. 2 Мүсірепов әңгімелерінің лексикалық-семантикалық қабаттары . . . 14

2. Мүсірепов әңгімелерінің грамматикалық ерекшеліктері . . . 36

2. 1 Морфологиялық тұлғаларының қолданылу ерекшелігі . . . 36

2. 2 Жазушының кейбір сөйлемдерінің синтаксистік құрылымы . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әр ұлттың тарихында өмірімен де, еңбегімен де туған халқының ілтипатына бөленіп, оның сүйіктісіне айналатын ұлдары болады. Осындай азаматтардың қатарына қазақ әдебиеті тарихында Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты ұлы тұлғаларды жатқызамыз. Олардың жазушылық өнерін қазақ халқы ғана емес, бүкіл әлем мойындап, шығармалары көптеген шет тілдерде басылды.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің абыройын асырып, мәртебесін биіктеткен классиктердің бірі, көркем сөздің ұстасы, тапқырлық пен шешендіктің нұсқасы, дарқан дарын, академик- жазушы Социалистік Еңбек Ері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.

Ұлы сөз зергері, халқымыздың алыптар тобындағы ақиықтарының бірі - Ғ. Мүсірепов туралы ұлы тұлғалардың, ақын - жазушылардың, сыншылардың, ғалымдардың тума-туысқандарының ой-пікірлеріне, естеліктеріне сүйене отырып, диплом жұмысымды бастауға бет бұрдым.

Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 науырызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туылған [1, 363 б. ] .

«Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.

Ол күні жерде сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған: есте қаларлық боран да болмаған, ең алды қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра ат берілген» - деп жазады Мүсірепов өзінің автобиографиялық әңгімесінде.

Оның азанмен қойған аты - Ғабде-әл Ғабит. Бұл арабша-«құлдың құлы» деген сөз. Ғабиттің бір кезде, кейбір жазуларына осылай қол қойып жүрген шағы болды.

Ғабит документтерінде «1902 жылы туған» болып жүреді. Отызыншы жылдардың аржағында, оның документтерінде «1900» цифрі болатын. Осы «қайшылықтың» себебі неде? . . .

Санаған шағымызда, Ғабиттің де сөзінің жаны бар болып шықты: мен туған жылдың «сиыры» - 1900жыл болар деп жүрсем, анық бір мәліметте 1901 жыл екен. Қазақша жыл наурыз айымен - яғни, марттың жиырма екісінен басталады. Сонда, егер мен 1901жылдың апрелінде тусам, (бұл жасымды Ғабитша дұрыстауға тырысқан жоқпын, себебі - бір жас жасарғанда қайда барам?!), сиыр жылының аяғында туған Ғабит, әрине 1902 жылы туған болады [2] Сауатын ауыл молдасынан ашқан ол он төрт жасында Обағандағы екі кластық орыс мектебіне оқуға түседі. Осы мектепте оған белгілі педагог, жазушы Бекет Өтетілеуов орыс тілі мен әдебиетінен дәріс береді. Болашақ жазушының әдебиеттің жолына түсуіне бұл жағдай айтарлықтай ықпал жасайды. Бұл турасында жазушы кейіннен «Бекет менің қыссаға құмарлығымды білгенен кейін, мені әдебиетке тарта бастады»-деп жазды [1] .

Екі кластық орыс мектебін бітірген соң, ол Бекет Өтетілеуовтің тікелей көмегімен Пресногорьковтағы жоғары бастауыш мектепте білімін жалғастырады. Осында жүргенде орыс, батыс әдебиетіне зер сала танысады. Көркем әдебиетке деген құштарлығы арта түседі. Ғ. Мүсірепов жоғарғы бастауыш мектепті 1921 жылы бітіреді.

Төңкерістен кейінгі қазақ даласындағы әлуметтік өмір дүмпулі болатын. Ғабит те ел ішіндегі саяси науқандарға араласып кетеді, мектепті бірге бітірген жиырма шақты бала. «Ақмола облысының оңтүстік партизандарының группасы» деген отрядқа келіп қосылып, ақ қазақтарға қарсы күреседі. Сонан кейін ауылда әскери комиссар, аудандық милиция бастығының орынбасары қызметтерін атқарады. Сол кезде елге танымал болып қалған. С. Мұқановпен кездесіп, оның кеңесімен Орынбордағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) оқуға түседі. Рабфакта оқыған кезде (1923-1926) ол әдебиетке бет бұрғандай болды. Алғашқы әңгімесі қабырға газетінде жарияланды [1] .

Бұл жөнінде Ғ. Мүсірепов: «Мен сол кездегі Орынбор рабфагін кейбір жағынан жоғары дәрежелі мектептермен теңесе алады - ау деп ойлаймын. Әсіресе, әдебиет, тарих жағынан көп нәрселерді түбірлеп оқытушы еді. Қалайда он тоғызыншы ғасырдағы орыс классиктерін мен сол рабфакта ұғынып жатқандаймын. Әсіресе, Гоголь, Чехов, Горький бағыты », - дейді.

Рабфакты бітірер кезде жазу талабы менде де ояна бастады. Қабырға газетіне бірінші рет ұзақ әнгіме жаздым ( кейін ол «Тулаған толқында» деген повеске айналып, менің бірінші басылып шыққан еңбегім болды», -деп жазады.

1925 жылы «Едіге» деген қысқа әңгімесі «Еңбекші қазақ» газеті бетінде жарық көрді. Жұмысшылар факультетін бітіріп, « . . . Бірақ рабфакты бітіріп шыққаннан кейін де әдебиетке ауысуға табаным тұрақтай алмай, Омбыдағы ауылшаруашылық институтына барып түстім. Ол кезде оны академия деп атайтын. Әдебиетке алабұрту сонда басталды. Есеп үстінде отырып та, тәжірибе станциясында аудармалы егін салысып жүріп те ой алаңынан құтыла алмай қойдым. Өзгелер ауылшаруашылық үйірмелеріне кеткенде мен әдебиет үйірмесіне жазылдым. Жеті студент ортадан жалдап, өзін Белинскийдің шәкіртімін деп санайтын қартаң бір педагогтан қыс бойы оқыдық», -деп жазды ол.

1927-1928 жылдары Шортандыдағы (Шучинск) орман шаруашылығы техникумында оқытушылық қызметін атқарады. Осы кездерден бастап көркем шығармашылықпен белсенді түрде айналыса бастайды. Ол 1928-1938 жылдар аралығында кеңес, партия, баспа орындарында әртүрлі қызметтер атқарады. «Қазақстан» баспасының директоры, Қазақ АССР Оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі (1933), «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы (1934-1935) БК (б) П Қазақстан Өлкелік Комитетінің баспасөз бөлімі менгерушісінің орынбасары (1936) ; Қазақстан Орталық партия Комитетінің саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі (1937) .

Ғ. Мүсірепов 1938 жылдан 1955 жылға дейін бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды 1955-1966 жылдарда «Ара» журналының бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды. 1966 жылдан өмірінің соңына дейін тек шығармашылықпен шұғылданды. Социалистік Еңбек Ері Ғ. Мүсірепов Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, ССРО және Қазақ ССР Жоғарғы Советтерінің депутаты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, ССРО және Қазақстан Жазушылар одақтары басқармаларының хатшысы, Азия-Африка елдерімен достық -ынтымақ жөніндегі кеңестік Комитеттің және Еуропа мәдениеті қоғамы атқару комитетінің, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде қыруар қоғамдық жұмыстар атқарды. Ол қазақ әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі үшін көптеген ордендермен, медальдармен марапатталып, әдеби, ғылыми сыйлықтардың иегері аталды.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:

  • Диплом жұмысында Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің тілдік ерекшелігі мен тілдік тұлғасы анықталып, олардың лексика-грамматикалық жақтары көрсетілді.
  • Қаламгер кейіпкер тілінде қолданылатын тілдік көріктеуіш құралдарына талдау жүргізілді.
  • Қаламгер әңгімелеріне русизмдік талдау жасалды.

Мақсаты мен міндеті. Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің лексика-грамматикалық ерекшелігін анықтау - жұмыстың басты мақсаты. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер туындайды:

  • Қаламгер әңгімелерінің тілдік құралдары - көнерген сөздер, диалект сөздер, синоним сөздер мен антонимдік қатарлардың қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
  • Сан қилы көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау.
  • Ғ. Мүсірепов әңгімелерінің қазақ әдеби тіліне тигізген әсерін анықтап, көркемдік ерекшелігін талдау.
  • Жазушы әңгімелерінің сөз байлығын бағдарлап, оның лексика-грамматикалық ерекшеліктерін бағамдау.

Зерттеу обьектісінің теориялық және әдістемелік негіздері:

Жұмыста ұсынылған тұжырымдар, нәтижелер қазақ тіл біліміндегі лингвокогнитивтік, психолингвистикалық зертеудің ғылыми-теориялық негіздері мен ұстанымдарын нақтылай түсуге, айқындауға өз деңгейінде үлес қосады. Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі концепт құрылымдарын анықтау арқылы лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық білім негіздерін тереңдетуге ықпал етеді. Сондай-ақ диплом жұмысы нәтижелерін этнолингвистика, стилистика, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндеріне қосымша көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Жалпы жұмыс кіріспеден негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің абыройын асырып, мәртебесін биіктеткен классиктердің бірі, көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің әңгімелері қазақ әдебиеті тарихындағы орны бөлек. Оның әңгімесі алғаш 1925 жылы жарыққа шықты.

Жазушының әңгімелері жайында ғылыми мақалалар жазылып, сыни пікірлер айтылды. Диплом жұмысымызда Мүсірепов әңгімелерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін қарастыруды мақсат тұттық.

Ғабит Мүсіреповтің әңгімелерінің лесика-грамматикалық ерекшелігін қарастырудың өзіндік маңызы бар. Біріншіден, Мүсірепов әңгімелерінің лесика-грамматикалық сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын зерттеу болып табылса, екіншіден, жазушы әңгімелерінің өзіндік стилі мен поэтикасын, сөз қолданыстарын саралап анықтау арқылы қазақ әдебиетіндегі алатын орнын нақтылауға қол жеткізуге болады. Мұның бәрі жинақталып келіп, диплом жұмысының көкейкестілігін айқындайды.

  1. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ЛЕСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Кеңес одағының құрамында болып, Қазақстан 1941-1945 жылдардағы фашистік Германиямен оның одақтастарына қарсы соғысқа қатнасты. Бұл соғыс жалпы одақ үшін де, оған бодан болған халықтар үшін де ауыр кезең болды. Большевиктер өзінің тәуелсіздігінен арйрылып қалмас үшін өзіне қарасты барлық халықтарды соғыстың апатына салды. Соның бірі боп соғысқа қазақтар да қатысты. Қазақстан да тұтастай соғыс мүддесіне қызмет етті. Кеңес одағының Еуропалық бөлігінен көптеген зауыттар мен оқу орындары, соғысқа жарамайтын халық Қазақстанға көшірілді. Оның үстіне өкімет сенімсіздік көрсеткен біраз халықтар (шешен, неміс, кавказдағы мұсылмандар, т. б. ) жер аударылып осында келді. Бұлардың барлығы елдегі жағдайды ауырлатып, халықтың күн көрісіне әсер етті. Ерлер майданға кетіп, жұмыстың ауыртпашылығын әйелдер мен жас балалар көтерді . . .

Бейбіт құрылыс ісі тоқтап, елдің бүкіл экономикасы соғыс қажетіне ыңғайланып қайта құрылды. Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын да осы жағдайлар белгіледі. Әдебиет өзінің негізгі жұмысын халықтың отанға берілгендігін бірлігін, ерлік пен тылдағы жанқиярлық еңбегін танытарлық үгітке құрды, партияның саяси үгітшісі болды. Фашизмның басқыншы саясаты мен жауыздығын әшкерелеу, халықты оған өшпенділікке, кек алуға шақыру қажеттілігі туды. Сонымен бірге әдебиет алдына майдандағы жауынгерлер мен елдегі еңбек ерлерінің ұнамды бейнелерін жасау, оларды көпке үлгі етіп көрсету міндеттері қойылды. Бұлар, әрине, әдебиеттің кейінгі көркемдік бағытына бірсыпыра нұқсан келтірді. Қаламгерлердің көбі бұрыннан жазып жүрген, әбден зерттеп білген, етене тақырыптарын тоқтатып, төтен талапқа құлақ асуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, қазақ әдебиеті қоғам мен дәуір талаптарынан шығуға ұмытылып осы жолда жаңа көркемдік ізденістерге барды [3, 67 б. ] .

Қазақ романы белді де беделді жанрға айналды. Әдебиетіміздің қолы жеткен биігі, қуантар жемісі ең алдымен осы жанрмен өлшенеді. Бірақ мұндай табысқа жету жолы, әрине, даңғыл да, оңай болған жоқ, біз талай тар жол, тайғақ кешулерден өттік.

Өркен жайған қазақ халқы өзінің ұлттық келбеті мен тарихын дұрыс түсініп, басқа елдерге де жария еткісі келді, кешегісі мен бүгінгісіне жаңа дәуірдің биігінны көз жібере сана сарабына салып, өзіне-өзі есеп бергісі келді. Қол жеткен тарихи табыстар, ұлы жігер, ұлы қаркын эпикалық полотнолар жасауды талап етті. Демек, «Абай Жолы», «Ботакөздер» - ұлы дәуірдің шабытты қарқынына, өркені өскен халыққа лайық еді. Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабидендер уақыт талабын орындады. Замайымыздың қаһармандық тұлғасын, тарихи белестерді бейнелейтін эпикалық романдар - қазақ әдебиетінің ірі табысы.

Ғабит Мүсірепов алғаш «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтың тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген «Тулаған толқында» мен «Американ бидайығы атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. «Тулаған толқында» повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды.

Үлкен жанр тарихын саралағанда, қызғылықты тағы бір жағдайға тап боласың: әрбір кесек дарын иесі, өзіне ғана тән роман типін жасайды: басқаға мүлде ұқсамайтын өзіндік даралық қасиеті бар стиль құрайды. Мәселен, XX ғасыр прозасының көрнекті өкілдері: Мұхтар Әуезовты, Михаил Шолоховты, Эрнест Хэмингуэйді алып қараңыз, бір-біріне соншалықты ұқсамайды, бірақ бір-біріне соншалық жақын, даналығы жақын!

Ғабит Мүсіреповтің тырнақалды туындыларында төңкерістен кейінгі қазақ даласында болып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғалар көрініс тапқан. Алдында әңгіме болып жазылып, кейіннен (1928) повеске айналып жарық көрген «Тулаған толқында» жиырмасыншы жылдардағы ел өмірінде орын алған саяси күрес, оның жекелеген адамдардың тағдырына тікелей әсері суреттеледі [1, 364 б. ] .

«Тулаған толқында» бұл повесть жазушының творчестволық сапарындағы тұңғыш көлемді шығармасы. Повесть бірінші рет «Толқында өмір» деген атпен «Жаңа әдебиет» журналының 1928 жылғы 3-4 сандарында жарияланды. Сол жылы повесть «Тулаған толқында» деген атпен Қызылорда қаласындағы Қазақстан халық шаруашылығының орталық кеңесінің мемлекеттік баспаханасынан басылып шықты. Повестің оқиғалық негізі азамат соғысы жылдарының тұсында болады. Мұнда негізінен алғанда екі жастың өмір шырғалаңына ұшырап, көп сергелдеңге түскені, азаттық бақыт үшін күрес жолына шыққаны баяндалған. Балықшы жігіт Біржан мен ауыл кедейінің қызы Шәйзаның ескі тұрмыс, ескі салт - сана тұтқынынан шығып, жаңа өмірге аяқ басуы айтылады мұнд. Бірақ ол кезде жастардың сүйгеніне қосылуы, көңіл қалауымен жүруі өте қиын мәселе. Қолында малы, аузында сөзі бар, айналасына әкімшілігі жүріп тұрған бай -шонжарлар озбырлықтың қандай түрінен де тартынбаған кез. Бірін -бірі сүйетін Біржан мен Шәйзаның арасына да осындай жыртқыштың бірі Оспан болыс килігеді. Өзінің қартайып, жер таянғандығына қарамастан, Оспан болыс қалай да Шәйзаны қолға түсіруді көздейді. Бұл кешегі теңсіздік жайлаған заманның ақиқатты көрінісі. Үстем тап өкілі атаулы әйел теңдігі дегенді ойына алып та көрмеген. Қалың мал төлесе, барлық дау шешіледі дейтін заман [4, 17 б. ] .

Жалпы алғанда Ғ. Мүсіреповтің «Тулаған толқында» повесі ХХ ғасыр басындағы С. Көбеевтің «Қалың мал», М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» сияқты шығармаларымен тақырыптас, яғни бұл туындылардың көтерген мәселесі - әйел тағдыры, әйел теңсіздігі.

Отызыншы жылдардың бас кезінде елімізде түбірлі өзгерістер болып жатты. Бұрынғы батыраңқы, ұсақ шаруашылықты коллективтендіру ісі жүргізілді. Шаруалардың сан ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық негізін өзгерту, сонымен бірге Ф. И. Панферовтың «Қайрақ» романы, Твардовскийдің «Жер ұйық» поэмасы осы тақырыпқа арналған совет әдебиетінің көрнекті шығармалары. Сол кезде қазақ әдебиетінде жоғарыда аталғандай ірі шығармалар жазылмаса да, шебер әңгіме, повестер де, әсіресе Б. Майлин еңбектерінде колхоздастыру дәуірінің көптеген картиналары көрінеді, қазақ жазушысының психологиясындағы өзгерістер аңғарылады. Майлин шығармаларымен қатар шағын көлемде жазылса да әдебиеттік құнын жоғалтпаған, сол дәуірге көркемдік ескерткіш боларлық туындылар да бар. Солардың қатарына Ғабит Мүсіреповтың «Қосшалқар», «Талпақ танау», «Алғашқы адымдар» тағы басқа кейбір әңгімелері кіреді.

«Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Бір адым кейін, бір адым ілгері» (1932), «Талпақ танау» (1934) сияқты әңгімелерінде төңкерістен соң қазақ даласында болған саяси өзгерістер - байларды тәркілеу, халықты ұжымдастыру суреттеледі.

«Қос шалқар» әңгімесінде осы аттас көлдің жағасында өмір сүріп жатқан елдің тұмыс-тіршілігіне жаңа заман әкелген жаңалықтар әсерлі бейнеленеді. Әңгіменің сюжеті қарапайым да шебер құрылған: автор «Қос шалқарда» үш рет болған. Әр жолы болғанында көргендерін көркем баяндау арқылы бұл өңірде болып жатқан өзгерістерді шынайы бейнелей алған. «Қос шалқар» бұрын Қасым байдың иелігінде болып келсе, соңғы келгенінде халықтың меншігіне айналған. Еңбекші жұрт ұжымдасып, шаруашылық құрған. Бірігіп еткен еңбек алғашқы жемістерін де бере бастаған. Елдің еңсесі көтеріліп, ертеңгі күнге деген сенімі арта түскендей.

«Алғашқы адымдарда» повесі 1930 жылы «Бір адым кейін, екі адым ілгері» деген атпен жазылған. Алғаш рет «Әдебиет майданы журналынің 1932 жылғы 5-7 сандарында жарияланды. Бұл шығармада колхоз құрылысының қазақ шаруаларының тіршілігіне, психологиясына әкелген өзгерістері көрініс тапқан.

«Талпақ танау» (1933) Ғ. Мүсіреповтің ғана емес, отызыншы жылдарындағы қазақ әңгіме жанрының айтулы табыстарының бірі. Колхоз болып ұжымдасқан шаруалардың дәстүрлі кәсіптерімен бірге оның жаңа түрлерін де игере бастағаны, шаруашылықтағы жаңалықтардың ауыл кедейлерінің психологиясына айтарлықтай өзгерістер әкелгені шебер суреттеледі [1, 365 б. ] .

Осы жоғарыда айтылған «Қос шалқар» мен «Талпақ танау» сияқты әңгімелерін жаңа қоғамның, жаңа өмірдің ықпалы арқасында адамдардың тағдырындағы, ой-санасындағы елеулі өзгерістер айқын суреттелген.

Осы он жылдың ішінде (1928-1938) оның қаламынан: «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен» және т. б. әңгімелер; «Тулаған толқында», «Алғашқы адым» повестері; «Ана» циклындағы қысқа новеллалар; «Әдебиет айтысына», «Мен қалай жаза бастадым», «Мұхтардың хаты туралы», «Қазақстан» баспасының айы», «ҚазАППтың бүгінгі міндеттері», «ҚазАПП жаңа дәуірде», «Социалистік құрылыс дәуірі-түрі ұлттық мазмұны пролетариаттық көркем әдебиеттің өркендейтін дәуірі» және т. б. сын мақалалар туды.

1934 жылы Ғ. Мүсіреповтің «Қыз жібек» драмасы бойынша қазақтың мемлекеттік музыка театрында (Қазір Абай атындағы опера және балет театры) спектакль қойылды. 1935 жылы жеке кітап болып шыққан драма кейіннен либреттоға айналдырылып, 1956 жылы жазушының таңдамалы шығармалар жинағының үшінші томынан орын алды.

Ғ. Мүсірепов 1936 жылы Бейімбет Майлинмен Всеволод Ивановпен бірлесіп «Аманкелді» киносценарийін жазды. Қазақтың тұңғыш көркем фильмі экранға 1938 жылы шығып, көрермендер тарапынан жоғары баға алды.

Ол 1938-1955 жылдар аралығында бірыңғай творчестволық жұмыспен шұғылданды.

Осы он жеті жылдың ішінде оның қаламынан: - «Қозы Көрпеш Баян сұлу» (1939) мен «Ақан сері-Ақтоқты» (1942) атты классикалық трагедиялары мен «Амангелді» (1950) қыссасы; «Ер ана» (1942), «Ана кесімі айнымайды» (1942), «Ақлима»(1944) және т. б. әңгіме - новеллалары; «Қазақ батыры» повесі (1945), кейіннен «Қазақ солдаты» романы (1950) және «Оянған өлке» романдары (1953), М. Горький туралы (1943, 1948, 1950) үш мақала, «Өсер әдебиет пен өсірер сын керек», «Абай» (М. Әуезов пен Л. Соболевтің осы аттас трагедиясы туралы - С. Ж) «Абай» романы туралы», «Айтыс қатарға қосылды», «Халық таныған жазушы» (С. Мұқанов туралы-С. Ж. . ), «Абай - қазақ операсының жаңа белі», «Алып ақын атамыз» (Жамбыл жөнінде - С. Ж. . ), «Майданнан соққан жаңа леп» (Қасым Аманжоловтың «Абдолла» деген поэмасы, Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» өлеңі туралы -С. Ж . . . ) және т. б. көркем сын, өнер туралы мақалалары, әр алуан аудармалары мен очерктері шықты.

Белгілі жазушы өзінің 50 жасқа толуын «Оянған өлке» романын бітірумен қарсы алды . . . [5, 14 б. ] .

Ғ. Мүсірепов 1955-1966 жылдар аралығында «Автобиографиялық әңгіме»(1956), «Сөз жоқ, соның іздері» (1962), «Өмір жорығы» (1963), «Айгүл қойшының бір күні» (1964), «Тимка-Димка» (1965) және т. б. әңгіме- новеллалар, «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы (1966ж) ; «Әдебиет тілі жайында», «Кино өнерінің келелі мәселелері», «Күресте туған ынтымақ», «Қос жұлдыз», «Айнымас көңіл, ажырамас құшақ», «Ұлы белес», «Тың түбірлі тақырып», «Азия-Африка жазушыларының қозғалысы жаңа белесте», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», «Дос жүректен мың да бір сәлем!», «Италия сапарынан» және тағы басқа әдеби-көркем сын мақалалары, публицистикалық мақалалар жазды.

Ғ. Мүсірепов 1968 жылы қазақ кеңес әдебиеті мен филологиясын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақ ССР Ғылым академиясының академігі болып сайланды.

Республика жұртшылығы 1962 жылы көрнекті жазушының 60 жасқа толуын кеңінен атап өтті.

Ол 1966-1985 жылдар аралығында бірыңғай творчестволық жұмыспен шұғылданды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау
Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі
Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
М. Әуезов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов дәстүрі туралы
Ана тақырыбының жазылу тарихы
Ғабит Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі орны
Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Ғ.Мүсіреповтің «талпақ танау», «күсен» әңгімелерінің тақырыптық-идеялық сипаты
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz