ДЕТЕКТИВТІҢ ЖАНР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАТЫС КЛАССИКТЕРІНІҢ РӨЛІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 3
: 1
МАЗМҰНЫ: ДЕТЕКТИВТІҢ ЖАНР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАТЫС КЛАССИКТЕРІНІҢ РӨЛІ . . .
: 5
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Эдгар Аллан По - детектив жанрының атасы . . .
: 5
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Мәңгі өлмейтін Шерлок Холмс . . .
: 18
: 2
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҚҰПИЯ ЖАНР . . .
: 39
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Қазақ детективінің жай-күйі . . .
: 39
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Кемел Тоқаев - қазақ детективінің негізін қалаушы . . .
: 41
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 63
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 66

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзекті мәселелері: детектив әлем әдебиетінде сонау ХІХ ғасырдың орта шенінде жанр ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш негізін қалаған психологиялық прозада кеңінен танымал Эдгар Аллан По болды. Осыдан бір ғасырға жуық уақыт өткенде Артур Конан Дойл дүниежүзіндегі тамаша ізкесуші - Шерлок Холмсты дүниеге әкелді. Бұдан кейін Агата Кристи, Жорж Сименон тағысын тағы деп толықтыра беруге болады. Қай детективист болмасын Америкалық не Батыс Еуропалық немесе көршілес Ресей қаламгерлері. Қазақ әдебиетінде әзірге тек Кемел Тоқаевпен шектелеміз.

Детектив -шытырман оқиғалы сюжетке құрылып жазылған шығарма. Ал көркем әдебиеттің байыпты сыншылары, тіпті байсалды прозаны қаузап жүрген қаламгерлер де бұндай үрдіспен өмірге келген туындыларды талдап, сыни айналымға кіргізуге онша ықыласты да бола бермейді. Оған себеп: шығармалардың басым бөлігінде шытырман оқиға алдыңғы қатарға шығып кетіп, кейіпкер образының солғын суреттелуі, әлеуметтік-моральдық тар­тыстардың аздығы, идеялық-эстетикалық астарлардың жоқтығы, мәтін тілінің қасаңдығы, шынайы бейнелі суреттердің кездесе бермейтіндігі. Бір сөзбен айтқанда, негізгі көркемдік факторларының әлсіздігі деп жатады. Көпшілік ғалымдар талабы мықты жанрды қазақ қоғамына тосын жанр деп есептейді. Сондықтан да детектив өз алдына жанр болып қараша қазақ ортасынан өз орнын таба алмай келеді.

Оқырманның да туындыны талдап, қорытынды шығара алуы үшін осы сынды зерттеулердің керек екенін көрсетеді. Детектив жазушыларға арналған нұсқаулық тағы да әлем әдебиетшілерінің еншісінде. Қазақ тілінде не аударылған, не өзінше талдау жасалған кітап жоқтың қасы десек те артық емес. Сондықтан жанрдың сюжеттік құрылымы мен кейіпкерінің ерекшелігін саралау қажеттігі диплом жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты, міндеттері: диплом жұмысының мақсаты: детективтің жанрлық ерекшелігін ғылыми тұрғыда дәлелдеу, сюжеттік құрылымын салыстыра зерттеу, кейіпкерлердің бейнесін жан-жақты саралау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:

-Детективтің жанр ретінде қалыптасу тарихын зерделеу;

-Әлемнің озық детектив үлгілеріне талдау жасау барысында жанрдың сюжеттік құрылымын саралау;

-Туындылардағы кейіпкерлер бейнесін жасаудағы авторлардың жаңашылдығы мен көркемдік қиялын зерделеу;

-Шығармаға негіз болған шынайы оқиғаларға үңіліп, шындықты көркем бейнелеу сипатын айқындау;

-Қазақ детективінің ерекшелігі мен даму бағытын анықтау.

Зерттеу объектісі , теориялық және әдіснамалық негіздері: диплом жұмысының зерттеу обьектісі детектив жанрындағы сюжеттік құрылым және кейіпкер (әлем және қазақ прозасы мысалында) . Дипломдық жұмыстың теориялық негізін құраған белгілі шетелдік ішінара отандық ғалымдардың талдау әдістері мен принциптері болды. М. Тугушева сондай-ақ Н. Ақыш, Қ. Райымбаева, А. Жүсіпованың еңбектеріндегі талдау нәтижелері диплом жұмысында әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды. Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына, қазақ детективін зерттеуге арналған ғылыми еңбектер, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы: зерттеу нәтижелерін детектив жанрына қалам тартқалы жүрген жас таланттарға, Кемел Тоқаевтың шығармашылығын зерттеушілерге көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

1 ДЕТЕКТИВТІҢ ЖАНР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАТЫС

КЛАССИКТЕРІНІҢ РӨЛІ

1. 1 Эдгар Аллан По - детектив жанрының атасы

Детектив (латын тілінен detego - әйгілеу, әшкерелеу) - тылсым жағдайларда орын алған оқиғалардың себептері мен оларды шешудің жолын қарастыратын әдеби жанр [1] . Әдетте мұндай оқиғалар ретінде қылмыстық істер қарастырылады және детектив жанры оны зерттеу мен кінәлілерді іздеудің шым-шытырық жолдарын суреттейді. Детективтің жанр ретіндегі басты белгісі де осы. Дегенмен, қылмыс болып табылмайтын оқиғалар да жанрдың негізгі өзегі бола алады. Мәселен, детектив туындыларын жаңаша белеске көтерген «Шерлок Холмс туралы жазбаларда» сегіз әңгіменің бесеуінде қылмыс жоқ. Жанрдың тағы бір ерекшелігі ретінде оқиғаның себептері тергеу аяқталғанша оқырманға белгісіз болып қалатынын атауға болады. Оның орнына оқырман автормен бірге қылмыстық зерттеудің өн бойына емін-еркін бойлап, өзіндік қорытынды шығарып, фактілерді талқылауға мүмкіндік алады.

Жанр өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді: шектеулі детектив, психологиялық детектив, тарихи детектив, ирониялық детектив, фантастикалық детектив, саяси детектив, тыңшылық детектив, полициялық детектив, пісіп-жетілген детектив, криминалды детектив.

1. Шектеулі детектив. Детектив жанрының барлық талаптарына сәйкес келетін жанр. Мұндай туындының сюжеті шағын кейіпкермен бір ғана ортада жүзеге асырылады. Сол санаулы кейіпкерден өзге адам болуы мүмкін емес, сондықтан қылмыс тек осы арадағы адамдар арасында жасалады. Ізкесу жұмыстарын қылмыс орын алған жердегі біреу қолына алып, қалған қаһармандар көмегімен іс әшкереленіп отырады. Детективтің бұл түрінің ерекшелігі сюжет белгісіз қылмыскерді іздеуді қажет етпейді. Күдіктінің түр-тұлғасы белгілі, ізкесуші тек оқиға куәгерлерінен мейлінше көп мәлімет жинап, дәлел келтірсе болғаны. Қылмыскердің жақсы таныс, қасыңдағы адам болып шығатыны терең психологиялық жағдай тудырады. Жабық типті детективтің мысалы ретінде: Эдгар Поның «Морг көшесіндегі кісі өлімі», Агата Кристидің «Он қарадомалақ», «Шығыс экспрестағы кісі өлімі», Борис Акуниннің «Левиафан», Гастон Лерудің «Сары бөлменің құпиясы» сынды туындыларды жатқызуға болады.

2. Психологиялық детектив. Детективтің бұл түрі жанрдың талаптарынан біршама алшақтауы мүмкін. Әдетте, адамның жеке басына қатысты қызғаныш, кек сынды негізде жасалған қылмыс зерттеледі. Қылмыскердің жеке басы, оның ұстанымдары мен бауыр басқан дүниелері, өткенді қазбалау туындының басты элементі болып табылады. Француздарда тіпті психологиялық детективтің мектебі де бар. Мысал ретінде: Чарльз Диккенстің «Эдвин Друдтың құпиялары», Агата Кристидің «Роджер Экройдтің өлімі», Федор Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» туындыларын атап көрсетуге болады.

3. Тарихи детектив. Детективтік интрига арқылы жазылған тарихи туынды. Өткен күндерде болған немесе осы күні тексеріліп жатқан өткен күн оқиғасы суреттеледі. Эко Умбертоның «Роза есімі», Агата Кристидің «Өлім соңында келеді» немесе «Бес торай» туындылары тарихи детективке жатады.

4. Ирониялық детекив. Жанрдың бұл түрінде тергеу юморлық тұрғыдан қарастырылады. Әдетте, бұндай туындылар детективтік романдарды сықақтау түрінде жазылады. Агата Кристидің «Қылмыстық серіктес», Дональд Уэстлейктің «Қарғыс атқан жауһар» туындылары осындай типте жазылған.

5. Фантастикалық детектив. Туындыда фантастика мен детектив тоғысады. Оқиға болашақта немесе өткен шақта болуы мүмкін. Кейде тіпті ойдан шығарылған әлемде орын алуы да ғажап емес. Станислав Лемнің «Тергеу», Эрик Фрэнк Расселлдің «Кешкі жұмыс», «Ара», Кук Гленнің ізкесуші Гаррет жайындағы әңгімелер циклін детективтің осындай түріне жатқызуға болады.

6. Саяси детектив. Бұл классикалық детективтен тым алшақ. Негізгі оқиға билік үшін күресетін саяси партиялар мен адамдардың арасында өрбиді. Кейде басты қаһарман саясаттан алшақ, дегенмен тергеу барысында билік өкілдерінің құпияларына кезігетін жайлар жиі кездеседі. Саяси детективтің басты ерекшелігі мұнда жағымды кейіпкер тек біреу ғана, ол - ізкесуші. Агата Кристидің «Үлкен төрттік», Николай Свечиннің «Патшаға шабуыл», Адам Холлдың «Берлин меморандумы», Борис Акуниннің «Кеңесші» туындылары саяси детектив жанрында жазылған.

7. Тыңшылық детектив. Соғыста және бейбіт кезеңде көрінбейтін майданда кызмет ететін тыңшылар мен барлаушыларды суреттейтін туындылар. Стильдік жағынан алғанда саяси детективке жақын. Негізгі айырмашылығы: саяси детективте маңызды орынды саяси адамдар алса, тыңшылық детективте барлау, аңду секілді тергеу жұмыстарына баса назар аударылады. Агата Кристидің «Көгершін арасындағы мысық», «Сағат», «Бағдаттық кездесулер», Джон Ле Карренің «Суықтан келген тыңшы», Ян Флемингтің Джеймс Бонд туралы романдар циклі осы жанрда жазылған.

8. Полициялық детектив. Кәсіпқойлар тобының жұмысы суреттеледі. Мұндай түрде жазылған туындыларда қаһарман-ізкесуші я жоқ болады, я топтың өзге мүшелерінен лауазымы аз да болса жоғары тұрады. Әдетте қылмыскердің роман соңына дейін аты аталмайды немесе дәлел аздығы себебінен жазадан құтылып та кетіп жатады. Эд Макбейннің «87-полицей учаскесі» туындысын айтуға болады.

9. Пісіп-жетілген детектив. Бұл жанрдың атауы ағылшын тілінен аударылған атау. Толыққанды аударма емес. Орыс тілінде «Крутой детектив» деп береді. Негізгі атау hard-boiled яғни орыс тіліне тура аударма «круто сваренный» деген мағынаны береді. Біз оны қазақшалап пісіп-жетілген деп алуды жөн көрдік. Сонымен бұл қандай жанр? Жанрдың ерекшелігі: оның негізгі өзегі құпия мен оны шешудің жолдары емес, басты қаһарман мен оның іс-әрекеті. Жалғызбасты ізкесуші, жасы отыз-қырықтар шамасындағы ер адам немесе шағын тыңшылық агенттігі сипатталады. Соңғы он шақты жылдың ішінде тыңшы ретінде ер адамдардан кем түспейтін әйел адам бейнесі берілетін туындылар көптеп жазылуда. Дэшил Хэмметтің туындылары осы жанрдың негізін қалаушы шығармалар. Сонымен бірге Раймонд Чандлердің «Қош бол, сүйіктім» және Росс Макдональдтың көптеген туындылары осы жанрда жазылған үздік шығармалар қатарына кіреді.

10. Криминалды детектив. Туындыны қамтитын бүкіл оқиға ізкесуші тарапынан емес, қылмыскер көзқарасымен баяндалады. Классикалық мысалы Джим Томпсонның «ішімдегі кісі өлтіруші» туындысы. Сонымен бірге Джеймс Хедли Чейздің «Бүкіл әлем қалтамда» романын осы жанрға жатқызуға болады.

Детективтің жанрлық түрлерінің соншалықты молдығы оның кейіпкерінің де ерекшелігін талап етеді. Образ жасаудағы детективтің қандай ерекшелігі бар, кейіпкердің саны шектеулі ме? Осы сұрақтар төңірегінде қарастыратын болсақ. Сонымен, детективте нақты мынадай образдар бейнеленеді:

Ізкесуші - тергеумен айналысатын кейіпкер. Ізкесуші әр түрлі адам бола алады: қауіпсіздік қызметкері, жеке ізкесуші, туысқандар, достар, зардап шегушінің танысы, кейде тіпті кездейсоқ адам т. б. Бірақ ізкесуші қылмыскер бола алмайды. Ол түсінікті де.

1. Кәсіпқой-ізкесуші - қауіпсіздік органдарының қызметкері. Ол жоғарғы деңгейдегі кәсіпқой болуы мүмкін немесе қатардағы полиция қызметкері болады. Екінші жағдайда көбінесе консультанттан кеңес сұрауы ықтимал.

2. Жеке-ізкесуші - ол үшін қылмысты әшкерелеу - негізгі жұмыс, алайда ол полиция қызметкері емес, кей жағдайда зейнеттегі қызметкер де болуы мүмкін. Ізкесушінің жоғарғы білімі мен түйсігін көрсету үшін қателіктер жіберетін, қылмыскердің көрсетіп кеткен жолына түсіп жаңылысатын кәсіпқой-ізкесуші де сюжет желісіне енеді.

3. Әуесқой-ізкесуші - жеке-ізкесуші секілді, бір ғана айырмашылығы қылмысты әшкерелеу оның мамандығы емес, ұнататын ісі. Бұрын-соңды ізкесумен айналыспаған, бірақ солай етуге мәжбүр болған кездейсоқ адам. Мәселен, жала жабылған туысқанын, немесе өзін күдіктен арашалап алғысы келген кейіпкерлер. Мұндай қаһармандар Дик Фрэнсистің бүкіл романында баршылық десек артық айтқан болмаймыз.

Қылмыскер - қылмыс жасаушы адам. Бүкіл классикалық детективте қылмыскер роман соңында анықталады. Оған дейін ол я күдікті, я куәгер, я зардап шеккен адам болып көрінеді.

Зардап шегуші - қылмыс жасалған кісі, немесе тылсым оқиға негізінде зардап шеккен кісі. Әдетте, көптеген сюжеттің шешімінде зардап шегуші өзі қылмыскер болып шығады.

Куәгер - тергеу жайында белгілі бір мәліметтерді білетін тұлға. Жоғарыда айтқанымдай көп жағдайда қылмыскер бірінші болып куәгер атанады.

Ізкесушінің компаньены - ізкесушінің білімі мен түйсігін меңгермесе де, тергеуге қатынасып, ізкесушінің жанында жүретін адам. Ол ізкесушіге техникалық көмек көрсетеді, немесе қарапайым адамнан ізкесуші маманның артықшылығын көрсету үшін сюжетке енеді. Сонымен бірге, компаньен ізкесушіге сұрақтар қойып, оқырманға оның ойынан хабар беру үшін де қажет. Мұндай компаньен мысалы ретінде Конан Дойлдың дәрігер Уотсоны мен Агата Кристидің Артурын алуға болады.

Консультант - ізкесушілік қабілеті жоғары, бірақ өзі тергеуге қатынаспайтын адам. Кей туындыларда, мәселен, Виктор Прониннің журналист Ксенофонты секілді консультант басты қаһарман болса, кейде ізкесушінің ақыл сұрап келетін ұстазы ретінде жай ғана эпизодта көрініс беруі мүмкін.

Көмекші - тергеуді өзі жүргізбейді, ол тек ізкесушіні немесе консультантты керек мәліметтермен қамтамасыз етуші адам.

Күдікті - тергеу барысында қылмыс жасады деген болжам жасалатын адам. Әдетте бірінші көзге түскен күдікті қылмыскер болмайды. Ал нағыз қылмыскер үш ұйықтасаң да түсіңе кірмейтін адам болып шыға келуі ғажап емес.

Сонымен, детектив әлдекiмдер ойлайтындай оңай жанр емес екендiгiн әдебиет тарихына зер салсақ айқын аңғарар едiк. Мысалы, шығармашылық ғұмырында бес мыңдай кейiпкердi сомдаған Оноре Бальзактың өз замандасы, Париждiң атақты iзкесушiсi Видокпен жақсы таныс болғандығы, одан ма­териалдар алып отырғандығы жазушының шығармашылығына қаншалықты әсер еткендiгiн бүгiнде дәл тап басып айту қиын. Бiрақ бұл таныстықтың жемiссiз болмағандығы анық. Оның бiр дәлелi жазушының шығармасынан шығармасына көшiп отыратын Вотрен образы.

Сондай-ақ, Достоевскийдiң романдарында да детектив элементтерi аз ұшыраспайтындығын ешкiм жоққа шығара алмайды. Газеттегi «қылмысты iстер хроникасы» айдарымен берiлген кiшкентай ғана хабарды «Қылмыс пен жаза» секiлдi ғажайып психологиялық романға айналдыру - хас шеберлiктiң үлгiсi болса керек. Бiздiңше, дәл осы шеберлiктi детектив басқа жанрлардан артық болмаса кем қажет етпейдi. Мәселе - автордың материалды қалай игеруiнде, оған қай қырынан келуiнде. Сөзiмiз дәлелсiз болмасын, аргентин жазушысы Хорхе Луис Борхестенің «Иуда сатқындығының үш нұсқасы» атты әңгiмесі бар. Сол нұсқалардың бiрiнде автор Иуда емес, Иса мәсiхтiң өзi сатқын едi дейдi. Автордың пайымдауына сүйенсек, расында да солай сияқты. Борхес Иуданы күнәһарлық жолға Иса мәсiхтiң өзi итермеледi, өйткенi осылай болуы оның өзiне қажет едi деп санайды. Iзбасарларымен бiрге отырғанда, «Сендердiң бiреулерiң менi сатасыңдар» деп жиi айтуы және бұл сөздi айтқанда содан күдiктенгендей әрдайым Иудаға қарайтындығы Иуданың жан дүниесiнде Исаға деген ренiштiң тууына әкелiп соқтыруы әбден заңды едi деп санайды автор. Әйтпесе, Иса мәсiхтiң өзiн кiмнiң сататындығын бiлiп отырып, оны ағат жолдан аман алып қалуға тырыспауы қалай? Борхес әңгiмесiн оқып отырып, автордың батыл жорамалдарына таңқалмасқа шараң жоқ. Ерiксiз Иуда опасыздығының мұндай да бiр нұсқасы өмiр сүруге қақылы екен-ау деген ойға қаласыз. Мiне, бұл - шеберлiк [2] .

Өркениеттiң дамуымен бiрге, қылмыстың да күрделене түсетiндiгi, оның жаңа түрлерi пайда болатындығы заңдылық. Сонымен бiрге онымен күрестiң де жаңа тәсiлдерi дүниеге келетiндiгi ақиқат. Криминалистика тарихына қарасақ, бұл дамудың қандай қиын өткелдерден өткендiгiн аңғарар едiк. Иденфикация, дактилоскопия, баллистика, токсикология секiлдi криминалистика тарауларының әрқайсысы өз алдына бiр-бiр күрделi сала екендiгiн, ғылымның соңғы iзденiстерiнiң жетiстiктерiн молынан пайдаланып отыратындығын сезiнген адамға детектив жанрының үлкен әдебиеттегі орнының ерекше екені айқын аңғарылар едi. Мысалы, бiз ХIХ ғасырдағы Францияда қауiптi қылмыскерлердi есепке алудың бой өлшеу, аяқ киiм мөлшерiн тiркеу секiлдi қарапайым тәсiлдерi қолданылғандығын бiле бермеймiз. Ал осы тәсiлдермен бүгiнгi күнi қандай қылмысты аша алар едiңiз. Ешқандай да. Бiр ғана алып қалада бойы 180 см келетiн, аяқ киiмi 42 размерлi қаншама қылмыскер бар. Өзiңiз қолға алып отырған қылмысты iстiң осылардың қайсысының қолынан болғандығын қалай анықтаймын десеңiз де шарасыздыққа ұрынарыңыз анық. Ал адам саусағының таңбасы секiлдi бұлтартпас айғақпен кiрiссеңiз дәл қылмыскердi табуыңыз анағұрлым жеңiлдейтiндiгi дәлелдеудi қажет етпейдi. Бiрақ бедерi әр адамда мiндеттi түрде әртүрлi болатын сол саусақ құпиясына криминалистика бiр күнде ендеген жоқ қой. Сол секiлдi арғы-бергi тапанша мен мылтық түрлерiнiң барлығын бiр ортаға жинап, олардың оғының, атылу ерекшелiктерiнiң мiнездемелерiн жасау да адам миына бiр күнде келе қоймағандығы жасырын емес. Қазiр ғой қылмыс жасалған жерде қалған оқтың мылтықтың қандай түрiнен атылғандығын баллистикалық экспертиза әп-сәтте-ақ анықтап бере алады. Сырт қарағанда оп-оңай секiлдi. Мiне, детектив жазатын адамның криминалистиканың осындай жаңалық, ерекшелiктерiмен жан-жақты жақсы таныс болуы шарт. Ал, бұл детектившiден үлкен ғылыми дайындықты қажет етедi. Бiздiңше, осындай ұшқыр логика мен ғылыми негiзге құрылған және психологиямен өрiлген детектив қана шын мәнiсiндегi детектив бола алса керек.

Детектив жанрында алғаш қалам тербеген Эдгар По деп есептелінеді. Оның 1840 жылдары жазылған туындылары жанрдың іргетасын қалады деседі. Алайда, детектив элементтері одан да бұрынғы авторлардың туындыларында кездесіп отырды. Мәселен, Уильям Годвиннің 1794 жылы жазылған «Калеб Вильмстің бастан кешкендері» романы әуесқой-ізкесушінің бейнесін көз алдымызға келтіреді. Сонымен бірге, Э. Видоктың 1828 жылы жарыққа шыққан «Жазбалар» туындысы да детектив жанрының озық үлгілерінің қатарынан табылады. Алайда, әдебиет жазушы Еремей Парновтың айтуынша алғаш рет нағыз ізкесуші бейнесін жасаған ол - Эдгар Аллан По болды. Оның атақты «Морг көшесіндегі кісі өлімі»туындысындағы Дюпен бейнесі, одан келіп Шерлок Холмс, Браун, Лекок және мистер Каффаның ұмытылмас образдары туындады. Нақ сол Эдгар По сюжетке алғаш жеке ізкесуші мен қауіпсіздік қызметкерін қатар қосады. Мұнда әрине жеке ізкесуші әрдайым жоғарғы орыннан көрінеді.

Детектив жанры Англияда У. Коллинздың «ақ киімді әйел» және «Айлы тас» романдарынан кейін кең танымалдылыққа ие болды. Ал жалпы детективтің алтын ғасыры болып ХХ ғасырдың 30-70-жылдары саналады. Осы кезеңде А. Кристи мен Ф. Бидингтің туындылары жарыққа шыға бастады. Олар өз кезегінде жанрды одан әрі дамытты [3] .

Эдгар Аллан По «детектив жанрының атасы» атағына әбден лайықты. Ол тек детективті-фантастикалық жанрдың негізін қалаушы ғана емес, әдебиеттегі психологиялық туындыларға алғаш қалам тартқан жазушы ретінде белгілі. Біртуар қаламгер атану үшін қиыншылық көру керек деп жатады. Автордың өмірінде ауыртпалықтар жеткілікті болды. Ол 1809 жылы 19 қаңтарда Американың Бостон қаласында дүниеге келеді. Ата-анасы ел аралап өнер көрсететін әртістер Элизабет Арнольд По мен Дэвид По жазушы небәрі екі жаста болғанда дүниеден өтеді. Содан Эдгар Поны Джон Аллан есімді саудагер асырып алады. Оның балалық шағы молшылықта өтті. Асыраушы ата-анасы одан ештеңені де аяған емес. Болашақ дарынды қаламгердің таланты ерте кезден көзге түседі. Бес жасында оқып, сурет салған, түрлі жазулар жазған, ат құлағында ойнайтын болған. Жастайынан тұрақсыз, жалынды, қызба мінезімен танылған. Десе де оның мінез-құлқындағы өзгешелікті көпшілігі байқайтын болған деседі. Ерте жастан өлең жазып, адам миына кіріп шықпайтын фантастикалық жоспарлар құрып, өзіне және өзгеге психологиялық тәжірибелер жүргізіп жүрген. Байлықтың астында шалқып өмір сүрген Эдгар Поның өмірі 17 жасында күрт өзгереді. 1826 жылдың күзінде әкелі-балалы екеуінің арасында келіспеушілік туындайды. Кім кінәлі екенін анықтап жату қазір қиын. Осыдан кейін Эдгар По өмірінде көшпенді тіршілік басталады. Алландар үйінен кеткен соң, туған қаласы Бостонға келеді. Сонда Бостондық деген атаумен өлеңдер жинағын жазады. Бірақ ол жинақ сол күйі баспа бетін көрмейді. Қолындағы қаржысының бәрі таусылған соң Эдгар аса жауапты қадамға барады. Жататын жері болмағандықтан, әскер қатарына қосылады. Тіпті жақсы қызметі үшін сержант-майор шенін де иемденеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі (көркем аударма туындысы негізінде)
Әлемдік әдеби сынның эстетикасы
Теориялар критикасы және буржуазиялық «бұқаралық мәдениеттің» тәжірибелері
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ
XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан По
Музыка өнері
ФОЛЬКЛОР ЖАНРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
Шәкәрім лирикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz