КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ
ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
1.1 Ілияс Есенберлиннің шығармашылық ғұмырнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Көшпенділер трилогиясындағы тарихи шындық ... ... ... ... ... ... ... . ... 14
2 ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК БЕЙНЕСІ
2.1 Хандардың көркем тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
2.2 Билер мен жыраулар бейнесінің сомдалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.3 Батырлар бейнесінің сомдалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 60
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзекті мәселелері: Көшпенділер трилогиясы біршама зерттеліп қарастырылғанымен, шығарма тарихи романның үздік үлгісі болып табылатындықтан, әліде ғылыми зерттеуді қажет етеді.
Біз өзіміздің тарихымызды, оның ішінде ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен алып беріп кеткен жерлеріміздің, сол жерді, елді қалай басқарып, қайтып билегенін білуіміз керек. Ал, оны терең білу үшін сол тарихтың тұлғасына айналған хандарымыз, жырауларымыз, билеріміз, батырларымыздың өмір жолын - адами парасат жолын тануымыз жөн. Өйткені ер тарихы - ел тарихы.
Қазіргі еліміз тәуелсіздігін алып өркениетті елдер қатарынан көрінуге талпыныс жасап жатқан шақта - еліміздің тарихын жаза білген І.Есенберлин - қазақ өркениетінің перзенті.
І.Есенберлин тарихи шындықтың тереңінен өзіне, қазақ әдебиетінің кәдесіне жарарлық шынайысын ғана ала білген, ерлік пен еңбекті ұштастырған дарабоз қаламгердің бірі.h4
Ұлттық әдебиеттің аса ірі қайраткерлерінің шығармашылығын саралап, оны ойша шолып шығар болсақ, сонда ең алдымен сол ұлттың белгілі бір кезеңдегі рухани әлеуметтік көрінісі мен даму диалектикасын байқаймыз. Нағыз суреткер ғана өмір шындығын өз тұрғысынан даралап бейнелейді, саралап, салмақтайды. І.Есенберлин шығармашылығы да сол бір ұлы шындыққа қатал да әділ шарт-талапқа сай келген, қасқайып тұрып қайтарған лайықты жауап сияқты. Жазушы үрдісінің мәніне ден қойған кезде байқайтынымыз мынау, оның қазақ романтикасына әкелген сапалық белгілерін былай қойғанда, тарихи прозаны байытуға сіңірген еңбегінің өзі неге тұрады? Әрқайсысы үш кітаптан тұтасқан Көшпенділер, Алтын Орда атты трилогиялары, яғни алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы соның айғағы болса керек.
Сонымен қатар І.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясына арналған зерттеулер бүгінгі таңда жан - жақты зерделену үстінде.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар жайында жазылған, ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар туралы І.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясын дерек көзі ретінде пайдалана отырып, тарихи шындыққа қосқан үлесін ашып көрсету. Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
- трилогиядағы тарихи тұлғалардың бейнесін сомдаудағы жазушының көркемдік жаңашылдығын зерделеу және бейне жасаудағы көркемдік қиял мен тарихи шындықтың синтезін анықтау;
- Алмас қылыш романындағы тарихи шындықты ашып көрсету;
- Жанталас романындағы Ел қорғау мәселесінің қөркем баяндалуын ашу;
- Қаһар романындағы ұлт-азаттық қозғалыс және Кенесары бейнесін қарастыру.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы: осы уақытқа дейін жазушы Ілияс Есенберлин шығрамаларын ғылыми тұрғыда талдап зерттегендер көп. Дегенмен де, жұмыс нәтижелерін қазақ әдебиетінің тарихын жазуда, қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы және тарихи тұлғалар бойынша бағдарламалар құрастыруға мектеп, гимназия, колледж оқушыларына көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.
Зерттеу обьектісінің теориялық және әдіснамалық негіздері: дипломдық жұмыстың теориялық негізін құраған әдебиетші ғалымдардың еңбектеріндегі талдау әдістері болды. Тарихи романдарды талдауда қазақстандық ғалымдар М.Дүйсенов, Ш.Елукенов, және т.б еңбектеріндегі зерттеулер әдіснамалық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды. І.Есенберлиннің Алмас қылыш, Жанталас, Қаһар атты тарихи романдары, жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты материалдар, трилогияны зерттеуге арналған ғылыми еңбектер, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
1.1 Ілияс Есенберлиннің шығармашылық ғұмырнамасы
Қазақстан халқы үшін өткен 2015 жыл аталып өтетін мерейтойларға толы жыл болды. Олар: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл, ҚР Конституциясының қабылданғанына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл. Сонымен қатар жоғары деңгейде аталып өтетін саяси-қоғамдық маңызы бар мерекелер - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы.
Бір ел - бір кітап республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы таңдалып алынған еді. Бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келген болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ілияс Есенберлиннің шығырмашылығында атақты Көшпенділер трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық құлаш-қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнесімен, тілінің шынайылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді [1, 6 б.],- деп кемел жазушының қаламгерлік еңбегіне жоғары баға беруі Есенберлин жұлдызын биіктете түседі.
Ілияс Есенберлин 1915 жылы Атбасар қаласында дүниеге келген. Болашақ жазушының балалық шағы қиындықпен өткені белгілі. Өйткені, оның балалық және бозбалалық шағы қазақ халқының қайғылы да қиын кезеңіне тап келді. Жиырмасыншы ғасырдың Қазан төңкерісі, одан кейінгі азамат соғысы, 20-30 жылдардағы аштық пен түрлі әлеуметтік сілкіністер Есенберлиндердің де отбасын айналып өткен жоқ. Ілияс бес жасында жетім қалды. Анасының қазасынан кейін төрт бала, Ілиястың өзі және әпкесі Назым, Ілияс, інісі Раунак және әкесінің ертеректе қайтыс болып кеткен ағасының ұлы Ахметқали өгей әкеге қарап қалды. Жағдайлары қиын болды. Ашыққан, жалаңаш қалған кездері де аз болмады. Кейінірек өгей әкесінің қолындағы бұл тұрмыстарына да зар болып қалады. Өгей әке үйленіп кетеді. Әпкесі тұрмысқа шығады. Раунақты тұрмыс ағайындарының бірі асырап алады. Ал, тоғыз жасар Ілиясты балалар үйіне тапсырады. Бұл - 1924 жылдың қаңтар айы еді.
Балалар үйінде жетім бала Ілиястың қабілетінің жаңа қырлары ашылады. Ол қабырға газетіне өлеңдер жаза бастайды. Бұл оның әдеби шығармашылыққа жасаған алғашқы қадамы еді. Кейде балалар үйінің алдында отырып алып, ұзақ ойға шоматын. Бала күнінде естіген әңгімелері мен оның кейіпкерлері бірінен соң бірі көзінің алдынан өтіп жататын-ды. Байсалды да ойшыл бала тәрбиешілердің назарына бірден ілігеді. Өйткені, ол басқа балалардан өзінің өр мінезімен, тілазарлығымен ерекшеленген-ді. Бойына біткен қабілетімен таныла білген Ілияс төртінші сыныпты аяқтағаннан кейін Қызылорда қаласындағы көрнекті тәжірибелі мемлекеттік қамтудағы мектепке оқуға жіберіледі. Қызылордада үш жыл оқиды, жетінші сыныпты бітіреді. Содан кейін Қарсақпай қаласындағы аудандық атқару комитетінің жалпы білім беру меңгерушісі қызыметіне орналасады. Көп ұзамай Алматының Тау-кен институтының даярлық курсына жолдама алады да, оқуға түсіп, студент атанады. Талантты жас институтта өз ортасына тез танылады. Соның бір айғағындай, студент Ілияс Есенберлин 1937 жылы қазақ ССР-нің алғашқы Кониституциясы қабылдаған I-ші төтенше съезінің делегаты болып сайланған болатын.
52 жасқа дейін дарынды кісі көн етекті көптің бірі болып елеусіз - ескерусіз күн кешті. 1967 жылы наурыз айында республикалық бірден - бір көркем әдебиет шығаратын Жазушы баспасына директор болып бекітілді. Содан бастап жазушының тасы өрге домалап, жұлдызы жоғарлап, иығы көтеріліп, дәурені жүре бастады, қолжазбалары бірінен соң бірі кітап болып шығып жатты. Тарихи шығарма жазуға шындап ойысты, маңайына көне сөзді көп білетін, ойы терең Бақбергенов, Бердібаев секілді білгіштерді жинады.
Кешегі Ұлы Отан соғысы басталғанда Ілияс Есенберлин де қолына қару алып, майдан даласынан табылды. 1942 жылдың қаңтарында Старая Русса маңындағы шайқаста капитан Есебенрлин оң аяғынан ауыр жарақат алып, бір жылдай Кострамадағы ауруханаға жатып емделді де, 1943 жылы мүгедек болып елге оралады [2].
Ілияс Есенберлиннің шығармашылықтағы алғашқы қадамын ең әуелі өлең жазудан бастаған-ды. Ақындық қадамы сәтсіз де болған жоқ. Есенберлиннің қаламынан туған жырлар мен поэмалар өз құндылығын күні бүгінге дейін жоймағандығын әдебиеттанушылар айтып та, жазып та жүр. Қаламы төселген Есенберлин кейін ондаған фильмдерге сценарийлер жазып, өзін драматургияда сынап көреді. Қаламгердің Таудағы шайқас пьесасы көп жылдар бойы республикалық жасөспірімдер театрының сахнасында қойылып та жүрді. Бұл шығармашылық үлкен жолға түсудің алғашқы баспалдақтары еді. Есенберлиннің мақсаты - роман сынды кесек дүниелер жазу болатын. Алайда, 1950 жылы Ілияс Есенберлинге жала жабылып, он жылға сотталып кете барды. Қарақұм каналын салудың ауыр жұмысына жіберілді. Ол бұл азаптан Сталин қайтыс болғаннан соң, яғни 1953 жылы ақталып босатылады. Есенберлинді өмірдің қатал сынағы да, ауыр тағдыры да талантты жанның жазуға, әдебиетке деген құштарлығын өшіре алмады.
Көшпенділер триллогиясын жазу 1945 жылдан бастап ойымда болды. 1960 жылы үш романды жазуға кірістім. Ұзақ дайындықтың себебі анық: тарихи материал автордан табандылық пен ұқыптылықты талап етеді [3], - деген өз естелігі жазушының өлмес шығармаларын жазуға ұзақ ойланып, үлкен ізденіспен кіріскенін айғақтайтын дәлел. Жасы ұлғайғанына қарамастан кейінгі жылдары Есенберлин жылына бір роман жазып отырған көрінеді. Жазушының алғашқы ірі романы Хан Кене 1969 жылы баспадан жарық көріп, өз оқырмандарының ойынан шықты. Бұл кітап қолға түспейтін құнды дүниеге, халқымыздың рухын көтерген шынайы асыл мұраға айналды.
Қазақтың арғы- бергі тарихи әдеби шығармаға арқау етудің тың жолын тұңғыш рет Ілияс Есенберлин салды. Әрине қазақ тарихын жазғысы келген қаламгерлер болды, бірақ батылдықтары жетпеді. Өйткені, тарихшы Ермұхан Бекмаханов Қазақстандағы XIX ғасырдың 20-40 жылдары атты тарихи зерттеу еңбегінде Кенесары Қасымұлының ресей патшалығына қарсы азаттық күресі туралы жазамын деп, 1952 жылы сотталып кетті. Түрмеге түскен, азап тартқан бұдан басқа да қазақ тарихшылары мен жазушылары аз болмады. Үрей билеген шақта көптеген жазушылардың мұндай тарихи тақырыпты қозғауға үрейлері де жете бермейтін. Міне, соған қарамастан Есенберлиннің Хан Кене деп роман жазуы - үлкен ерлік екені даусыз. Әрі Ілияс Есенберлин жай ғана батылдық көрсетіп қоймай, тарихи тақырыпқа ең алғаш қалам сілтеген жазушының бірі болды. Алайда, Ілияс Есенберлиннің Хан Кене романы қаламгердің өзін қуғынға түсірді.
Сол қудалаушылыққа қарамастан Ілияс Есенберлин 1971-1973 жылдары Алмас қылыш, Жанталас атты тағы да екі романын жарыққа шығарды. Бұлар тарихи трилогияны құраған еді. Жазушы бұл романдарында қазақ даласының XV ғасырдан бастап, XIX ғасырдың ортасына дейінгі қазақ халқының Жоңғар, Хиуа, Бұхар хандықтарымен және Ресей империясымен күрделі қарым-қатынастары жайлы тарихи деректердің бетін ашты. Қаламгердің бұл шығармалары нағыз жазушылық қарым-қабілеті мен шынайы талантын айқындап берді.
І.Есенберлиннің алғашқы шығармалары баспасөз бетінде 1940 жылдан бастап жарық көрді. Ол поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында жемісті еңбек етті. Алғашында ақын ретінде танылды. 1945 ж. Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Одан кейінгі кезеңдерде Адамгершілік туралы жыр өлеңдер жинағы (1949), Большевик туралы поэма (1957), Біржан сал трагедиясы (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. Өзен жағасында (1960), Толқиды Есіл (1965), орыс тілінде жазылған Адам туралы ән (1957) атты повестері жарық көрді. Жазушы қазақ совет әдебиетінде роман жанрын дамытуға елеулі үлес қосты. Айқас (1966), Қатерлі өткел (1967), Ғашықтар (1968), Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Алтын құс (1972), Жанталас(1973), Көлеңкеңмен қорғай жүр (1974) романдары, Көшпенділер трилогиясы, Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары, Алтын орда трилогиясы (1982-83), Махаббат майданы, Алыстағы аралдар (1983), Аққу құстың қуанышы (1984) романдары жарияланды. І. Есенберлиннің жанрындағы творчествосын былайша жіктеуге болады. Тарихи тақырыпқа арналған Көшпенділер мен Алтын Орда трилогияларында қазақ халқының елеулі тарихи кезеңдері қамтылады. Жазушының Айқас, Қатерлі өткел романдары - қазақ ұлттық интеллегенциясының қалыптасу жолындағы күрделі әлеуметтік және рухани құбылыстарды суреттеген революциялық рухтағы шығармалар. Таптық күрес, танымдық көзқарастар тартысын шынайы бейнелеген Айқас романы үшін жазушыға 1968 ж. Абай атындағы ҚазССР мемлекеттік сыйлығы берілді. І. Есенберлиннің Көлеңкеңмен қорғай жүр, Маңғыстау майданы, Аманат романдарында бүгінгі жұмысшылар өмірі суреттелді. Таудағы тартыс (1962) пьесасы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған Құйма (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм елімізде және Венгер, поляк, болгар экрандарында көрсетілді. 1977 ж. Жұлдыздар атты поэмалар жинағы жарияланды. І.Есенберлин 40-тан астам ән текстерінің авторы. І.Есенберлиннің жекеленген шығармалары украин, латын, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, болгар, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде Көшпенділер трилогиясы, Адам туралы ән, Қатерлі өткел, Ғашықтар, Айқас романдары бар.
І.Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен орын алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Ақиқат шындық темір шымылдықтың ар жағында тұтқындалып, ата тарихының ақтаңдақтарын зерттеуге тиым салынған жылдары Ілияс қазақ қаламгерлерінің алғашқысы болып қиын да күрделі тақырыпқа - қазақ хандарының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталанбас бейнелерін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған шығармасы - Көшпенділер тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Осындай жан - жағынан алған қиын жағдайға қарамастан жазушы оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген Қатерлі өткел , Ғашықтар, Алтын құс, т.б тамаша романдармен қатар, өмірінің соңғы кезінде Алтын Орда атты тағы бір тарихи трилогия жазып соңына мол шығармашылық мұра қалдырды.
Қазақ халқының бұрмаланған тарихын зерделей білген Есенберлин ұлт тағдырының дәуірлер бедеріндегі болмысын өнер тілімен өрнектеп баяндау мақсатында қолына қалам алып, Көшпенділер трилогиясын жазуға кірісті. Әсіресе Қазақстанның өз еркімен Ресейге қалай қосылғандығын, оның пайдалы және зиянды тұстарын нақты дәлелдермен оқырман алдына ұсынды. Әбілқайыр хан мен Абылай ханның әр кезеңдердегі осы мәселелерге байланысты іс-әрекеттерін көрсетуге тырысты. Қазақ халқының ержүректілігін, қандай жағдайда болсын елін, жерін сыртқы жаулардан қорғай алатындығын көрсетіп берді.
Қазақ қандай халық, олар қашан және қалай қалыптасты, жеке ұлт ретінде танылуға қандай мүмкіндіктері бар? Романда осы сұрақтарға нақты жауап берілген. Бұл тоталитарлық жүйе билік құрған кезеңдегі ұлтты сақтап қалу үшін жасалған бірден-бір қадам болатын.
Бүгінгі күнді сол өткеннің нәтижесі ретінде таныған Есенберлин қоғамның түрлі қабаттарындағы жасырын қалған күрделі оқиғаларды, аса мәнді тарихи кезеңдерді әлемдік тарихтағы ұлы оқиғалармен салыстыра отырып, небір тар, қысылтаяң замандарда өз бойынан қуат тапқан халық күшінің құдыретін көркем бейнелеуге ұмтылады. Ол көне тарихқа бүгінгі заман талғамы тұрғысынан өлшеп үңіледі.
Негізгі өзегі сол кезең үшін аса маңызды болған нақты тарихи тартыстарға құрылған І.Есенберлин романдарының сюжеттік желісінде тарихи-документтік сипат пен романтикалық леп аралас келіп отырады.
I.Есенберлин - тарихи деректерді терең меңгерген сөз зергері әрі сол заманға сай тарихи сипатты нақты көре білген зерделі қаламгер. Оның шығармаларында суреттеліп отырған заманның ерекшеліктері мен өзіндік келбетін танытатын поэтикалық қуат тарихи тұрғыдан нанымды. Есенберлин қаһармандарының мінез ерекшеліктерінен қоршаған ортаның жағдайынан туындап отыратын поэтикалық қиял, ойдан шығарған оқиғалар шынайы сипатқа ие екендігін көреміз. Жазушылық қабілет пен үлкен зерттеушілік ізденістің нәтижесінде дүниеге келген Көшпенділер мен Алтын Орда трилогиялары ғылыми ой мен творчестволық қиялдың тамаша синтезі деуге болады.
Алтын Ордада халық аңызында, эпоста аты аталатын кейбір адамдардың бейнесін жаңаша танығандай боламыз. Мәселен, аңыздағыдан романдағы Әмір Темір анағұрлым күрделі болып көрінеді. Эпостың қаһарма-нына айналған Едіге тұлғасының талдауы романда неғұрлым толық та, нанымды да. I.Есенберлин Алтын Орданың ең соңғы билеушілерінің бірі Едігенің алғашқы кезде Тоқтамыс ханға қарсы күресте халық алдында беделге ие болғандығын, ел қамын жеген Едіге деген дақпырттың сол кездерде шыққанын, кейіннен қолына билік тиген кезде ол зорлықшы жанға айналғанын баяндайды. Көп жүрген жылан аяғын көрсетеді, көп жорғалаған жорға шабысынан танады. Ал билік деген бір асау тұлпар, ауыздықтап дұрыс міне алмасаң, бой бермей, алып-қашып сені тасқа ұрып кетуі де оп-оңай. Ал Едіге осы тұлпардың үстіне мінген күннен-ақ оны ауыздықтап ұстап, бабына қарай жөндеп жүргізудің орнына шапқан үстіне шапқысы келе берді. Неғұрлым дәреже, даңқы өскен сайын соғұрлым өсе түссін деді. Тентекті тентек десең бөркі қазандай болады. Айлакер, ер-жүрек, кешегі әділетті саналған Едіге енді осы тентекке ұқсай бастады [5, 263 б.].
Трилогияда Алтын Орданы билеушілердің тізбегі хронологиялық дәл қалпында берілген. Олардың іс-әрекеті, көздеген нысанасы түрліше болып келеді. Мәселен, Бату, Берке секілді хандар мемлекет іргесін бекітіп, қалыптастыруға қатты көңіл бөлгені, Еділ (Волга) бойынан хандықтың астанасын орнатқандықтары, елді билеу жүйесін жасағаны сан алуан оқиғалар тұсында көрсетілген. Бату ханның кіші баласы Ұлақшыға айтқандарынан Шыңғысхан әулетінің өзге елдерді жаулап алу, бағындыру, билеп-төстеу саясаты мейлінше анық аңғарылады. Алтын Орда ханы өзінің бабасы Шыңғысханның жолбарыс бастаған ит жолбарысқа айналады, ит бастаған жолбарыс ит болады халық қорыққанын ғана сыйлайды, сондықтан әрдайым күшті бол дұшпанға қанша қатал болсаң, досқа сонша мейірімді бол деген сөздеріне имандай табынады, үрім-бұтағы да осы ақылды берік ұстаса деп тілейді. Өз тарапынан Бату да үш түрлі өсиет қалдырыпты. Мұның біріншісін ол мысал түрінде әңгімелеген: Баяғыда екі жылан дүниеге келіпті. Біреуінің мың басы, бір құйрығы, екіншісінің мың құйрығы, бір басы болыпты. Бір күні ғаламат боран соғыпты, үскірік аязға айналыпты, мың басты жыланның бір басы інге кірейін десе, екінші басы оған қарсы шығыпты, ал үшінші басы бөтен жаққа тартыпты. Ақырында мың бас бір-біріне көнбей, суыққа ұрынып, жылан үсіп өліпті. Ал мың құйрығы, бір басы бар жыланның мың құйрығы бірдей бір басының дегеніне көніп, терең інге кіріп, жылан суықтан үсімей, аман қалыпты. Қара халық деген әлгі мың құйрық тәрізді бір басқа -- ханға бағынса, дегеніне жүрсе, ел болады. Ал монғолдың толып жатқан рулары, Шыңғыс ұрпағы, әлгі мың басты жыландай ішінен ақылды бір бас тауып, соған бағынбаса, соның дегенімен жүрмесе, әрқайсысы қанша мықты болса да, бірлік таба алмай, әлгі бір-біріне көнбеген мың басты жыландай дұшпандарының қолынан бостан босқа өледі Батудың екінші өсиеті Жауды шапқан, жеңген ақылды емес, сол жауды бағындырып ұстай білген ақылды деген сөздерінен көрінеді. Үшінші өсиетім, -- дейді хан, -- екі көзі бірін-бірі шұқымасын деп жаратқан ием ортасына мұрын қойған. Ал сен екі көзді бір-біріне шоқытып қой. Орыс ұлты секілді үлкен халықты, оның қол қусыратын адамдарын бірін-біріне қарсы қоя біл, бірін Ордаңа жақындат, екіншісін алыстат [5, 23 б.]. Бұл тұжырымдарда замана әкімдерінің ақыл-айласы, философиясы ашық білдірілген.
I.Есенберлин айбынды Алтын Орданың күшею себептерін қалай талдап көрсетсе, хандықтың ішіндегі қайшылықтарды да білгір баяндайды. Егер Бату, Берке, Өзбек, Жәнібек туыстарында мемлекеттің беделі, қуаты өсіп, толысып, халықаралық көлемге көтерілсе, осыған сәйкес түрлі құрылыстар, сауда, мәдениет, отырықшылық қанат жая бастаса, сондай-ақ мемлекет тілі болса -- қыпшақ тілінің өрісі кеңейсе, Алтын Орданы дарынсыз, азғындаған хандар басқарған кезде елдің ауыр қасіретке жиі кездесіп отырғандығы шыншыл айтылған. Әсіресе, тақ пен тәж десе туған әкесін аямайтын ман-сапқор, қызғаншақ, өркөкірек Шыңғысхан ұрпақтарының өзара бақкүндестіктері елді таусылмас пәлеге ұрындырған. Шығармада мұндай сорақы бұзақылықтың, шектен асқан нысапсыздықтың, жыртқыш мінезділіктің неше түрлі мысалдары келтірілген. Тақ үшін өз әкесі Жәнібекті өлтірген Бердібектің ұсқыны қандай жиренішті! Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді деген нақыл өмірден алынған. -- көп ұзамай Бердібектің өзі де ең жақын туысының қолынан қаза табады. Бұның орнына отырған Келдібек те әлгіндей кесірге ұшырап опат болады. Бұл мәселені автор былайша қорытындылайды.Осылайша Келдібек хан өлді. Оның өлімімен бірге жүз жиырма жылдай Алтын Орданы билеп келген Бату әулетінің ең соңғы жылы бітті. Міне осылай Жәнібек қаза болған Тауық, яғни 1357 жылдан кейінгі алты жылдың ішінде Алтын Орданың сегіз ханы бірдей бірін-бірі өлтірген, хандар ғана емес, осы хандарды жақтаған әмір, би, бекзадалары да, солармен тілектес әскер басшылары, жауынгерлері де қаза тапқан. Бұл Алтын Орданың шын күйреуінің басталған шағы еді... Осы кезде Алтын Орданың күйреуінің де, қайтадан көтерілуінің де елесі боп әлем жүзіне Ақсақ Темір, Орысхан, Дмитрий Донской, Мамай, Едіге, Тоқтамыстардың есімі бұрынғыдан да. қатты естіле бастаған. Ал дүние күн күркіреп, найзағай жарқылдап, бүкіл әлем сұрапыл айқастар келер алдындағыдай, демін ішіне тартып, үрпие, тына қалған [5, 131 б.].
Өткеннің ғибраты кейінгіге сабақ, Алтын Ордада жеке басының ғана мансабы үшін бүкіл елді дүрбелеңге, қан төгіске салуға ойланбай баратын, айласы мен қайратын қиянат жолына жұмсап дағдыланған, хандарды ойыншық құрлы көріп, қалауынша, алмастырып отырған азуы алты қарыс Ноғай, Мамай секілді тарихта аты белгілі адамдардың көп құпиясы, сан сырлары әшкере етілген. Кезінде зор беделге ие болған, бірақ тойымсыз, тыйымсыз кеткен, халықты есепсіз сорға ұрындырған бұл секілді зұлымдық иесі жандардың іс-әрекетін көрсету де тарихи оқиғалардың терең астарларын, түрткілерін тануға көмектеседі.
Трилогияның үшінші кітабында көбінесе Әмір Темір,Тоқтамыс, Едіге сынды тарихи адамдарға қатысты істер екшеп алынған. Тұранның әмірі, дүние жүзі екі патшалыққа аздық етер еді деген сөзді айтқан, мейірімсіздігі Шыңғыс ханнан асып түскен, жеңілген елдерін тұтқын адамдарының бас сүйегінен төбе үйдірген асқан күншіл, іштарлығы арқасында өзінен мыңдаған шақырым жерлердегі елдерді жаулап, халқын қырып өзінің жер бетіндегі бірден-бір билеуші екенін Дәлелдеп қайтатын Ақсақ Темірдің туғанынан өлгеніне дейінгі жорықтары мен зорлықтары, оның ел билеу, басқару тәртібі кең баяндалған. Бұл - аты шулы Әмір Темірдің өз атымен аталып, әдебиетімізде көркем бейне ретінде бірінші рет кеңінен сыпатталуы болар. Ақсақ Темірдің өз мансабын мал ұрлау, ел тонаудан, өзіне жақсылык жасаған көп адамдардың көзін жоюдан бастап әрдайым күш, қаталдық, айланы қатар ұстай отырып қолға түскен жауының бәрін жеңген әмірлік, қолбасылық дәрежеге жетуіне дейінгі істері шығармада жеткілікті сөз болған. Бір жағынан, ақылды, айлакер,ұлы әскербасы мемлекет қайраткері бола білген Темірді танысақ, екінші жағынан, қаталдығы кісәпірлікке, кекшілдігі мағынасыз даңқ құмарлыққа жеткен жендет мінез жанды көреміз. Әмір Темірдің өзге елдерге сансыз қиянатының ең асқынған түрін жазушы былай баяндайды Ақсақ Темір, қыстың суығына қарамай, қала тұрғындарын үйлерінен қуып шығып... тегіс өлтіріп, шаһардың күл талқанын шығарды, өртеді, қиратты. Тұрғын жұрттың мал-мүлкін тегіс тартып алды [5, 168 б.].
Аты аңызға айналған Асан Қайғы, Сыпыра жыраудың іс-әрекеттері де халық санасында орныққан деңгейде алынған, олардың артына қалдырған аталы сөздері қандай жағдайда туғанына, түпкі мәніне және себебіне роман нақтылық енгізген.
Сонымен, Алтын Орда трилогиясы халқымыздың тарихына, тағдырына тікелей қатысты болған бір кездегі Алтын Орда мемлекетінің, оны басқарған айбарлы хандар мен атақты билердің, тарихтың қозғаушы күші бұқара халықтың басып өткен жолынан мол мағлұмат беретін тағлымды, тартымды шығарма.
Бір кездері дәріптеуді қойып, атын атап, ерлігін жазуға тыйым салынған І. Есенберлиннің кітаптарының кейіпкерлері даңқты бабаларымыз - алтын таңды маңсұқ етіп, бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген әйгілі қазақ хандары әз Жәнібек, Қасқа жолды Қасым, Еңсегей бойлы ер Есім, Ақназар хан, Әз Тәуке, Абылайдың кең байтақ жеріміздің ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек батырларымыз - Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайдың бүкіл өмірін халқының тәуелсіздігіне арнаған Хан Кененің есімдері халқына қайта оралып, ас беріліп, еңбектеріне лайықты құрмет көрсетілді.
Бес поэма, төрт пьеса, үш киносценарий, он алты роман жазған қаламгердің берекелі таланты қазақ халқы өмірінің ғасырлар панорамасын көрсетіп берді. Көп ғасырлық тарих, ұлттық интеллегенцияның қалыптасу кезіндегі трагедиялары, колхоздастыру дәуірінің шындығы,Ұлы Отан соғысына қазақтардың қатысы, тың игеру жылдарының хикаясы, Маңғыстау майданы, геологтар, мүсіншілер, әртістер, жазушылар тағдыры - І. Есенберлиннің романдар сериясындағы өзекті тақырыптар.Кітаптардың бәрі де сынның, оқырманның талқысына түсіп, шет елдерде аударылып жатыр.
Қара өткел романы арқылы І.Есенберлин ұлттық интеллегенция басынан өткізген шытырман күйлерді, ауыр сапар, қиын жолды бейнелеп берді. Бұл шығарма бүгінгі қазақ әдебиетінің туған халқымыз жайлы небір ауыр шындықтарды тарихи дәлдікпен, көркем кестемен суреттей алатын марқайған мінезін танытады.
І.Есенберлиннің Айқас романы қазақ тілінде Жазушы баспасынан 1966 жылы шықты. 1968 жылы осы баспадан орыс тілінде жарық көрді. Осы жылы авторға Айқас романы үшін Қазақ ССр-нің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. 1975 жылы Жазушы баспасынан шыққан жазушының екі томдық таңдамалысына енді. Сондай-ақ осы баспадан 1977 жылы екінші рет жарық көрді.
Ғашықтар романы 1967 жылы Жұлдыз журналында басылды. 1968 жылы Жазушы баспасынан жеке кітап болып шықты. 1969 жылы Простор журналында орыс тілінде жарияланды. Ал 1970 жылы Москвадағы Молодая гвардия баспасында Любящие деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. 1975 жылы Жазушы баспасынан шыққан жазушының екі томдық таңдамалысына енді. Сондай-ақ орысшасы 1981 жылы Жалын баспасында екінші рет басылды. Ғашықтар романы болгар, өзбек тілінде (1977ж), молдаван тілінде (1981ж) жеке кітап болып шықты. Үзінділері 1973 жылы ағылшын, француз, неміс, араб, испан тілдерінде жарияланды.
Ғашықтар романының аты көп сырдың кілті секілді. Расында да, бұл ғашықтық туралы, ғашықтық жайлы роман.
Алтын құс романында І. Есенберлин бұрынғы шығармаларындағы форманы пайдаланған: сюжет ой ағымымен берілген. Бір әрекеттен екінші әрекет туып, оқиға желісі тізбектеліп отыратын сюжет қазақ әдебиетінде талай шығарма тудырған. Ал, қазіргі прозада кең таралып, бел ала бастаған арна - сюжетті ой-ағым арқылы өрбіту біздің топырағымызға әлі сіңісіп кетпеген тәсіл.
Қазақ романының психологиялық шытырмандар тереңіне түптеп бойламағандығынан шығар, сүйіспеншілікті бейнелегенде көбіне жастар арасындағы қызу-жалынды сезім суреттеледі. Мұнда да белгілі күйлер, романтикалық әуенді ырғақтар бар. Тіршіліктің темір қақпанына түскен шақтағы махаббат, жас шамалары алшақ жандар арасындағы жұмбақ, бір шаңырақта тұрып, басқа құшақтан ләззат табу секілді құбылыстар жазушылар сарабына сирек ілінеді.
Ондаған романдар мен халқымыздың өміріндегі әр түрлі кезеңдерді шынайы бейнелеген І.Есенберлин қазақ әдебиетінің белгілі қаламгері болып, оқырманның қалаулы жазушысына айналды.
Бұрын Айқас, Алтын құс шығармаларында геологтар, шахтерлер өмірін бейнелеген жазушы Маңғыстау майданы романында мұнайшылар тақырыбын қолға алған. І. Есенберлиннің тарихи туындылары болсын, жаңа тұрмысты көрсететін шығармалары болсын бәріне ортақ қасиеттің бірі әлеуметтік күрделі проблеманы қозғауы; тартыс кесектігі, осыдан келіп туатын мінездер даралығы; және қызықты тартымды сюжет түзілісі. Осы ерекшеліктер Маңғыстау майданында да бар. Қазіргі Қазақстанның техникалық интеллегенциясы, маман-жұмысшы кадрлары, одақтық мәні бар, мұнай ордасының ашылуы, игерілуі жөнінде көп сырлар шертіледі. Жазушы оқиғаға, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасқа орынсыз араласпайды; сюжеттің тарихи дамуына ерік берген.
Жазушы І. Есенберлин аты аталғанда ең алдымен оның алты романнан тұратын тарихи шығармалар циклы еске түседі. Сол туындыларына қарап, қаламгер өнерпаздығына баға беріледі. Асылында осы бір өнімді, берекелі талант иесі қазіргі өмір шындығын көрсетуге, ескілікпен, таптық-әлеуметтік қайшылықтармен күрес үстінде қалыптасқан, кемелденген қоғамдық қарым-қатынастардың орнығуын, сол процестердің адам психологиясындағы көріністерін жан-жақты бейнелеуге он екі роман арнаған. Бұл шығармалар топтап айтқан кезде мынадай тақырыптарды қамтиды; ұлттық көркем интеллегенцияның қиындыққа толы қалыптасу жолы, инженерлер өмірінің қат-қабат тартысты шындығы, Ұлы Отан соғысының оқиғалары, тың игеру барысындағы Республикамыздағы экономикалық, демографиялық өзгерістер әсерінен туған психологиялық жаңа құбылыстар.
Оқиғаның болған уақытын, өткен жерін дәлді көрсетіп жазған автордың соңғы шығармаларының бірі - Махаббат мейрамы романы. Туынды алғаш рет Жұлдыз журналының 1981 жылғы 11,12 сандарында басылған, жеке кітап болып 1984 жылы Жалын баспасынан шықты.
Романда қазіргі уақыттағы, дәлірек айтқанда 70 жылдардағы Алматы қаласы көрсетіледі; белгілі көшелер, алаңдар, бульварлар суреттеледі; көзге таныс шаһардың кескінін жазушы ықшам бояулармен салады.
Өнер интеллегенциясының тағдырына І.Есенберлин бірнеше роман арнады. Қатерлі өткелде заман көшіне ілесе алмаған ақын трагедиясы көрсетіледі. Ғашықтарда өмірдегі және өнердегі сұлулықты бірдей құшқан
суретші ізденістері бейнеленеді. Автордың көзі тірісінде Жұлдыз
журналына Жазушы баспасына тапсырып, бірақ жарияланғанын көре
алмай кеткен шығармасы - Аққу құстар қуанышы романы. Бұл шығарманың да негізгі тақырыптық объектісі өнер адамдарының ортасы,
оның ішінде әншілер, компазиторлар, әртістер әлемі.
Қазақ прозасында шын мағынасындағы қалалық романдар сирек, шығармаларымыздың басым көпшілігіндегі оқиғалар ауылда, аудан орталығында өтеді. І.Есенберлиннің бүгінгі тұрмысымызды бейнелейтін соңғы романдарының бір ерекшелігі бұлардағы әрекет қалада, дәлірек айтқанда Алматыда өтеді. Романның оқиға жүйесінде деректі, белгілі өмірлік ситуациялар мен жағдайлар жатыр. І.Есенберлин бір тақырыпқа шығарма жазар алдында арнаулы дайындық жасаған, объектіні жан-жақты зерттеп алып барып қалам тартқан қаламгер екендігін оның негізгі романдарының творчестволық тарихы айқын байқатады. Жазушы барлық шығармаларын өзі, қолымен жазып шыққан.
І.Есенберлин қазақ әдебиетіндегі халқы сусындар қайнар бұлақ. Бір жасы мың болатын, артында өлмес сөз, өшпес із қалдырған қаламгер.
1.2 Көшпенділер трилогиясындағы тарихи шындық
Қазақтың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ілияс Есенберлин - ұлт тарихын көркем әдебиетте алғаш суреттеген қаламгер. Ұлттың рухын оятқан Көшпенділер трилологиясы алғаш рет 1976 жылы орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы бұл трилогия әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғы есеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Сондықтан әрбір өзін сыйлайтын адам Ілияс Есенберлиннің тарихи трилогиясын оқуы қажет. Өйткені бұл атақты тарихи шығарма эпикалық құлаш-қарымымен‚ оқиғалардың серпінділігімен‚ қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғалардың бейнесімен‚ тілінің шынайылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді. Тарихта ешқандай жоғалып кетулердің болмағанын‚ осы ғасырлардың бәрінде де қазақ халқы өзінің ежелгі жерінде өмір сүріп‚ еңбек еткенін сенімді түрде көрсетеді.
Бұл трилогия тарихи аңыз қаһармандарының портретінен бастап көркем
суреттеліп, аса шеберлікпен жазылған. Тарихи оқиғаларды осылай жазба әдебиеттің қажетіне жарату І. Есенберлин сияқты ұлы қаламгердің ғана шеберлігіне байланысты деп білеміз. Елбасымыз айтқандай: Осы туынды арқылы аса көрнекті жазушының шығармаларын қастерлеушілер мен бағалаушыларға, біздің тарихымызды қымбат көретін барша жұртшылыққа бұл шығармаға жаңаша - ежелден азаттыққа ұмтылып, ұлттық тәуелсіздік үшін ерлікпен күрескен қазақ халқының жүзеге асқан арманы тұрғысынан қарауға мүмкіндік беріледі. Бүгінгі күні бұл трилогияны қайта-қайта оқи отырып, біз керемет қырағылықпен ата-бабаларымыз - Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандарымыз, Наурызбай, Қобыланды батырларымыз, Төле би, Асан қайғы, Бұқар жырау даналарымыздың егемендігіміз үшін жасаған үлкен еңбектерін түсіне аламыз. Бұл адамдар және олардың серіктестері мен ізбасарлары өз елін шексіз сүйді, оның болашағына сенді, осынау көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады. Ендігі жерде жастар бұл шығармадан рухани мықтылықтың, адамгершілік пен отаншылдықтың үлгісі мен тағылымына мөлдір бұлақтан су ішкендей қана алады. Ал енді аға ұрпаққа келетін болсақ, кітапты қайталап оқып шыққаннан кейін олар өздері осыдан біраз ғана бұрын байыбына бара алмастай көрінген көкейкесті сұрақтардың көпшілігіне жауап таба алады. Олардың ең бастысы, жеке және ортақ мүдделері үйлесім тауып біріккен халық, өзін түлетіп өсірген жерге адал берілген халық тауды қопарып тастауға, ең қиын мәселелерді шешуге қабілетті екендігін түйсінуде болса керек [6, 10 б.] - деп, тарихи туындыны аса жоғары бағалаған екен.
Осы тарихи трилогияның авторы өз күнделігіне былай деп жазған екен: Жазушы алыста қалған уақытты тарихи зерделеумен ұзақ айналысқан кезде, өтіп кеткен адамдар мен оқиғалар оның санасында қайта тіріліп, ол еріксізден осының бәрінен тек адамды ғана көреді. Менде де осылай болды. Кенесары ханға қатысты XIX ғасыр оқиғаларын зерттей келе, мен осы өткен тарихи оқиғалардың бәрінен де қасіретті адамның тұлғасын көрдім. Ол маған бүкіл күрделі мінезімен, табыстарымен, сәтсіздіктерімен көрінді де, мен ол жайында роман жазып шықтым. Ақтаған да, қаралаған да жоқпын, өмірде қалай болса, солай етіп жаздым [7, 3 б.] - деген екен. Шынымен де, кітапты түгелдей оқып шыққан адам жазушының шығарманы жазудағы ой тебіреністерін сезіне алады.
Ілияс Есенберлин өз өмірінде артқыға жетерлік мол қазына жазып қалдырды. Біз оның осы шығармасын оқи отырып, бұрын тек тарихтан ғана есімдерін біліп, ерлік істерімен ғана шектелетін батырларымыздың өмір тұрмысын, арғы тарихы мен терең сырларын біле аламыз. Шығармадағы тарихтың әр сәті өте көркем әрі дәл суреттеледі. Қаламгер өз заманын болашақ заманы, ұрпақ өмірі деп білген, сол себепті өткен өмірдің баға жетпес деректерін көркем әрі түсінікті тілде ұрпаққа жеткізген. Еліне деген, өмірге деген ыстық сүйіспеншілік оның осы туындыны жарыққа шығаруына септігін тигізген болса керек.
Не десек те біз, кейінгі ұрпақ, оның осынау тағылымынан үлгі алып, ұлт жауһарларын қадірлей білгеніміз жөн. Себебі, бұл - ерлік белгісі, ұлт болып ұйысудың алтын діңгегі, халықтың асыл мұрасы. Ол өз сөзінде: Бұл арада барлық мәселе жазушының жеке басына келіп тіреледі. Ол өмірден нені көрсе, өмір, адамдар жайында нені біліп, нені пайымдаса, жадында нені ұстаса, неге алаңдаса, азаматтық, адамгершілік көзқарасы қалай болса, оның шығармашылығы да солай болады [3, 25 б.] - деген. Демек, бұл трилогия - жазушының да көрген-білгені, білімі мен адамгершілік көзқарасы.
Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.
Бұлар - ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар. Атап айтсақ:
Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан , Жәнібек хан, Керей хан
Жанталас романында - Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау
Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.
Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ.
Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.
Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген.
Алмас қылыш (көне.) - болаттың ең асылынан соғылған қылыш. Бұрынғы қазақ батырлары асынған бес қарудың бірі. Қылыш түрлеріне: бір жүзді және екі жүзді, тура және иілген түрлері жатады. Алмас қылыш тың өткір болу себебі суару тәсілінде және болатты салқын соғуында екені батырлар жырларында айтылады
Алғашқы Алмас қылыш 1971 жылы жарық көрді. Алмас қылыш романы І.Есенберлиннің әйгілі Көшпенділер тармағының бірінші бөлігі. Романда XIV-XV ғасырдағы оқиғалар әлеуметтік қақтығыстар, жаугершілік, қазақ хандығының құрылуы суреттеледі. Алмас қылыш Көшпенділер трилогиясының бірінші кітабы ретінде Жазушы баспасынан 1976 жылы 66 мың дана болып шығады.
Алмас қылыш романы Загаворенный мечь деген атпен Москваның Молодая гвардия баспасынан 1974 жылы 100 мың дана болып шығады. Орыс тіліне аударған Б.Семашко. Алғы сөзін жазған Әлкей Марғұлан. Алмас қылыш романы Кочевники деген атпен Советский писатель баспасынан 1978 жылы орыс тілінде жарияланған. Тарихи трилогияның бірінші кітабы ретінде үшінші рет басылады. Одан кейін Атамұра баспасынан 2000-2001 жылы шыққан. І.Есенберлиннің Алмас қылыш романы көне тарихтағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz