ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚАБАТТАРЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1 ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚАБАТТАРЫ
1.1 Ауызекі сөйлеу тіліндегі 6
фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Кітаби, бейтарап, қарапайым-дөрекі сөйлеу тіліндегі
фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2 ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТТАРЫ
2.1 Шығарма тіліндегі 15
мақал-мәтелдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
2.2 Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним, диалектілер,
кірме сөздер, қарапайым сөздер, қос сөздердің қолдану
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2.3 Шығарма тіліндегі көркемдегіш-бейнелегіш 42
тәсілдер ... ... ... ... ... ... .. ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Өзекті мәселелері. Тіл - адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі
бағасыз сезімдер жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар
еді. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, ұлт үшін де қымбат. Ұлтқа
тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры,
тарихы, тұрмысы, мінезі айдай анық көрініп тұрады[1,23 б. ], - дейді
Мағжан Жұмабаев.
Қазақ ұлтының рухани мәдениеті бүгінгі күні ана тілі арқылы өзіндік
мәдени таным түсінігін қайтадан түгендеуде. Өркениеттің қай сатысында
болмасын рухани және материалдық мәдениет ұдайы бірін-бірі толықтырып
отырады. Мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек сол
арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған. Демек, тіл арқылы мәдениеттану
- ұлттың кешегісі мен бүгінгісін тану деп түсіну керек.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі –
қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін
баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді қарым-қатынастың аса маңызды
құралы қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның
саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние – әлем
туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін,
психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты
қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы,
олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді [2,3 б.].
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы Ә.Қайдар, Р.Сыздық, М.М.Копыленко,
Е.Жанпейісов еңбектерінен бастау алған зерттеу бағыты Н.Уәлиұлы, Ж.Манкеева
т.б. ғалымдардың зерттеулерінде нақты жалғасын тапты. Сонымен бірге
Т.Жанұзақов, Б.Қалиев, Б.Сағындықұлы, Г.Смағұлова, Б.Момынова, С.Сәтенова,
Р.Шойбеков, Г.Сағидолдақызы, А.Жылқыбаева, А.Ислам, Д.Керімбаев,
Ә.Хазимова, Г.Әубәкірова сынды басқа да лексиколог, этнолингвист
ғалымдардың зерттеулерінен де этностың рухани және материалдық мәдениетінен
орасан зор мәлімет беретін деректерді молынан кездестіреміз [3, 3 б.].
Қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, К.Есіркепова тағы да
басқа зерттеушіліріміз, ғылыми-зерттеу еңбектерінде, мерзімді баспасөз
бетіндегі мақалаларында қаламгер тілін тану арқылы әдеби тілдің өсу
сапасын, көркемдік дәрежесін анықтауға болатындығын атап көрсетті. Сонымен
қатар белгілі ғалымдарымыз Х.Кәрімов, Т.Қоңыров, Б.Хасанов, М.Серғалиев,
Б.Шалабай, зерттеулері қазақ көркем әдебиет стилистикасының ғылым саласы
ретінде қалыптасуына өзіндік үлес қосқан еңбектер болып табылады.
Осы мәселе төңірегінде академик М.Серғалиев: Прозик, ақын иә сыншы
болсын қай-қайсысы да жалпыхалықтық тілді пайдаланатыны жалпыға мәлім.
Солай бола тұра, жеке таланттың тілі деген ұғымды қолданатынымыз да
белгілі. Сол шарттылықтың өзінде шындық барын ескермесе болмайды, өйткені
көпшілікке етене таныс сөздерді жаңа қырымен, соны бояуымен өзгеше өңімен
жұмсай білушілік – жазушы талантын танытатын құбылыс. Әр қаламгердің сөйлем
құру даралығы да осыны дәлелдейі [4, 3 б.], -деп ой түйіндейді.
Лексикология – сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы.
Тілімізде қанша сөз болса, солардың жиынтығы лексика немесе сөздік құрам
делінеді. Лексикология тілдің сөздік құрамын тексеретін ғылым.
Лексикологияның зерттейтін объектісі – сөз. Белгілі бір заттың, оқиға,
құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы басқа ұғымның атауын сөз дейміз.
Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу
қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні
мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология дейді. Қазақ тілінің сөз
байлығын лексикология ғылымының заңдылығына байланысты зерттегенде,
біріншіден, мән-мағынасын, екіншіден, шығу тегін, үшіншіден, қарым-қатынас
жасаудағы қолданылу аясын, төртіншіден, экспрессивті-стильдік қызметін жан-
жақты тексереді. Сондықтан да лексикология сөз туралы сөз, сөздердің
бүтін жайындағы ғылым деп түсінеміз.
Осы орайда жазушы М. Әуезовтың Қилы заман повесінің тіліне, шығарма
тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қабаттарына, шығарма тіліндегі
фразеологизмдердің лексикалық қабаттарына, шығарма тіліндегі көркемдегіш-
бейнелегіш тәсілдерге жазушының өзіндік жазу машығы, дара қолтаңбасы
тұрғысынан пайымдаулар жасау жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Диплом жұмысының мақсаты, міндеттері, зерттеу объектісін теориялық
және әдіснамалық негіздері:диплом жұмысының негізгі мақсаты – Мұхтар Әуезов
Қилы заман повесі тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, мақал
– мәтелдердің қолданылу ерекшелігін, синоним, омоним, антонимдердің
қолданылуын, қарапайым сөздер, диалект сөздер, тұрмыстық сөздердің,
қолданылу аясын және көркемдегіш – бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде
теңеу, эпитет, портреттің, метафора, метонимия т.б. шығармадағы қолданылу
ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегідей
міндеттер қойылды:
o Шығарма тіліндегі антоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшеліктерін
айқындау;
o Кірме сөздер, көнерген сөздер, эмоционалды-экспрессивті (бейнелі)
сөздерді жеке топтарға бөлу және шығарма тіліндегі қолданылу
ерекшеліктерін анықтау;
o Шығарма тілінің жергілікті тіл ерекшеліктерін анықтап, Шығыс Қазақстан
өңіріне тән диалектілердің ерекшеліктерін көрсету;
o Шығарма тіліндегі қос сөздердің қолданысын сипаттау;
o Фразеологизмдердің көркемдігін, стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі
қолданылу аясын көрсету;
o Мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық-танымдық қызметін
және бейнелілігін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын
айқындау, стилистикалық ерекшеліктеріне мән беру;
o Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет,
метафора, метонимия, синекдоха) көркем шығарма тіліндегі қолдану
тәсілдерін көрсетіп, суреткерлік мәнін ашу;
o Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;
Диплом жұмысын жазу барысында Мұхтар Әуезовтың Қилы заман повесті
қарастырылды. Қазақ тіл білімінің басты зерттеу нәтижелері назарда болды.
Тіл білімі ғалымдары Жұмабаев М., Қайдар Ә., А.Кеңесбаев., Хазимова Ә.,
Ж.Аханов, Исаев С., М.Нақысбеков, О.Есімболова, М.Ысқақов, Әуезов М.,
Қоянбекова С.Б., Авакова Р., Оразбаева Ф., Ш Қанапина C.Ғ. еңбектері
әдістемелік бағыт-бағдар ретінде қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:
Мұхтар Әуезовтың Қилы заман повесі тілдерінің лексика-фразеологиялық
қабаттарын, сондай-ақ, стильдік ерекшелігіне талдау жасау.Қилы заман
повесін талдау барысында шығармадағы кейіпкер тілін, автор тілін танытудағы
ерекшеліктері анықталды.
o Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним сөздердің қолданыс
ерекшеліктері айқындалды;
o Кірме сөздер, жеке топтарға бөлінді және шығарма тіліндегі қолданылу
ерекшеліктері анықталды;
o Шығарма тілінің жергілікті тіл ерекшеліктері анықталып, тақырыптық
топтарға бөлінді.
o Мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі және бейнелілігі,
шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуы айқындалып, стилистикалық
ерекшеліктеріне мән берілді;

метафора) көркем шығарма тіліндегі қолдану тәсілдері көрсетілді, автор
тарапынан туындаған көріктеу құралдары да анықталды.
o Портреттің шығарма тіліндегі көрінісі анықталып бөлінді.
o Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты
сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, талдау, жүйелеу және оны
түсіндіру әдістері қолданылды.
Жазушы М.Әуезовтың Қилы заман повестін тілдік тұрғыдан арнайы
зерттеудің ғылими теориялық және практикалық мәні бар. Бұл жұмыстан жеке
жазушы тіліндегі лексика-фразеологиялық қабаттарынан, жазущы тіліне тән
стиль ерекшелігінен мәлімет алады. Зерттеу нәтижесін орта және арнаулы орта
білім беру оқу орындарында қазақ тілі пәнін оқытуда пайдалануға болады.
1. ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚАБАТТАРЫ
1.1 Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
Тіліміздегі тұрақты тіркестердің мағыналық астарында халықтың ерте
уақыттан бергі өмірінің бүкіл болмысы сақталып, суреттеледі.Халықтың күн-
көріс, тұрмыс-тіршілік негізінде жан-жақты өрбіген түсінік пайымдаулары,
соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың өзгешеліктері
тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Сондықтан тұрақты
тіркестер – халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени
байлығымыздың бірі. Әр ұлттың тіліндегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы
сол ұлт тіліне тән өзіндік бейнелі сөз орамдары арқылы оның бүкіл заттық,
рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді [5;2].
Фразеологизм – тіл-тілдегі фразеологиялық жүйенің қазіргі қалпын,
тарихи қалыптасуы мен даму жолын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Фразеологизмнің негізгі зерттеу нысаны – фразеологиялық бірліктер.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын
негізінен үш түрлі басты белгісі бар.
Олар: 1) Даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес
тиянақтылығы [6;14].
Қазақ тіл білімінде фраземалар құрылымдық-типологиялық, семантика-
морфологиялық, тақырыптық, түрлі аспектілік тұрғыдан XX ғасырдың 40-
жылдарынан бастап зерттеле бастады. Қазақ тіл білімінің лексикология саласы
1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық
көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде
тілші ғалымдар І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев,
К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б.Хасанов,
К.Хұсайын, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ф.Оразбаева, Ж.Манкеева тағы басқа
ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі [7;61].
Қазақ фразеология саласының көшбасшысы І.Кеңесбаев алғаш рет жалпы
түркі фразеология ғылымының теориялық негізін салды. Қазіргі уақытта қазақ
лингвистикасында фразеологизмдердің теориялық және практикалық мәселелері
(Ә.Қайдар, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, С.Исабеков, А.Алдашева, Г.Смағұлова,
С.Сәтенова т.б.), фраземалардың стильдік қызметі (М.Серғалиев, Г.Құсимова,
Г.Боранбаева), олардың көркем шығармаларда қолданылуы (Ө.Айтбайұлы,
Б.Шалабай, Х.Қожахметова, М.Жәнібеков), фразеологизмдердің мағыналық,
тақырыптық тұрғыдан топтастырылуы (А.Елешова, Р.Жайсақова), фразеологиялық
бірліктердің жеке категориялары (Ф.Оразбаева, А.Байталиев, Р.Таева),
фразеологизмдердегі диалектілік ерекшеліктер (Ш.Сарыбаев, Қ.Қалыбаева,
С.Мұстафаұлы), фразеологизмдердің жеке тілдер деректерімен салыстыра
зерттеуі
(А.С. Аманжолов, З.Ахметжанова, Р.Валиханова, М.Әбдіғалиева, П.Дәулетова
және т.б.) мәселелері тіл білімінің түрлі аспектілерінде зерттелді. Сондада
қазақ тілінің фразеологиялық қорын кешенді түрде зерттеу бүгінгі таңда
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Фразеологияның нысанасы ретінде тілдің
барлық деңгейлеріндегі (қабаттарындағы) тілдік бірліктер емес, сөздердің
тұрақты тіркестерін құрайтын, ешкімнің еркіне көнбейтін, өзіне-өзі
тіресіп қойған, дайын құрылыс материалы болып табылатын құрамы жағынан
тұрақты тіркестер танылады
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді топтастыруда екі пікір бар: бірі
– І. Кеңесбаевтың топтастыруы, екіншісі – В.В. Виноградов пен
Н.М. Шанскийдің үлгісі бойынша жасалған топтастыру.
І. Кеңесбаев фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы мен құрылымының
тұтастығына қарап, фразеологизмдерді екі топқа бөледі:
фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес, бұлардың алғашқысын
идиома, кейінгісін фраза деп атайды.
Фразеологиялық түйдекке фразеологизмдердің құрамындағы сөздер
өздерінің лексикалық мағыналарын мүлде жоғалтып, бір – бірімен өзара
жымдасып, ажырамастай болып тұтасқан фразеологизмдерді жатқызады.
Фразалық тіркеске құрамындағы сөздер негізгі (лексикалық) мағынасынан
түгелдей емес, жарым – жартылай ғана айырылған, бірақ құрамы берік
фразеологизмдерді жатқызады.
Автордың түсіндіруінше, фразеологиялық түйдекке де, фразалық тіркеске
де ортақ қасиет – тиянақтылық. Олардың компоненттерінің орын тәртібі бекем
болуы шарт. Сонымен бірге фразеологиялық түйдектер мен фразеологиялық
тіркестердің қолданылу үстінде бірін – бірі ауыстырып отыратынын, сол
себепті кейде оларды ажыратып алудың қиындығын ескертеді.
І.Кеңесбаев қолданылуы мен семантикасында, грамматикалық құрылысында
елеулі өзгешелігі бар екенін ескерте отырып, фразеологизмдерге мақал –
мәтелдерді жатқызады. Сонымен бірге қос сөздер мен қосар тіркестерді
тиянақты қалыптасқан сөз тізбектерінің қатарына қосып, фразеологизмдерге
жатқызады.
1. Кеңесбаевтың фразеологизмдерді топтастыруы 1940 жылдан
1970 жылға дейін қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді бірден – бір
топтастыру ретінде пайдаланылып келді.
2. 1970 жылдан бастап В.В. Виноградов пен Н.М. Шанскийдің үлгісі
бойынша фразеологизмдердің біртұтас мағынасы мен құрастырушы сыңарлары
мағыналарының арақатынасы тұрғысынан қазақ тіліндегі фразеологизмдерді төрт
топқа бөлу тәжірибесі қалыптасты. Олар: фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес (тізбек емес), фразеологиялық
сөйлемше [2, 190 б.].
Қазақ тілі қазынасындағы тұрақты тіркестердің релеванттық қасиетін
айқындау, қазақ фразеологизмдерін іштей саралап бөлу, сондай-ақ
фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, фразеологизмнің құрам сипаты және
компоненттердің байланысу түрлері, фразеологизмдердің стильдік
ерекшеліктері, фразеологизмдердің сөзден және мақал – мәтелдерден
айырмашылығы мен оларға ұқсас тұстары, фразеологизмдердің грамматикалық
сипаты, бірнеше фразеологизмдердің жасалуына арқау болатын ұйытқы сөздер,
фразеологиялық калька сияқты фразеологияның көкейтесті мәселелерін қазақ
тіл білімінің күн тәртібіне қойып, қазақ фразеологиясының бағыт – бағдарын
саралаған, осы саланың дербес пәнге айналуының негізін қалаған ғалым
академик І.Кеңесбаев болды. Оның ХХ ғасырдың 40 жылдары жарық көрген Қазақ
тілінің тиянақты сөз таптары (Докторлық диссертация, Алматы, 1944), Қазақ
тілінің идиомдары мен фразалары туралы (Халық мұғалімі, 1946), К вопросу
об экспрессивно – стилистических функциях фразеологизмов (Тезисы докладов
конференции Развитие стилистических систем литературных языков народов
СССР. Ашхабад, 1966) сияқты еңбектерінен кейін – ақ қазақ фразеологиясын
зерттеу айрықша қолға алынды. А.Ысқақов, М.Балақаев, Т.Қордабаев,
Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздықова тәрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері
қазақ фразеологиясының дербес пән болып қалыптасу, даму жолында көптеген
мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты.
Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып
отырғаны байқалады. Біріншісі – қазақ фразеологизмдерін таза тілдік
тұрғыдан бір тіл аясында зерттеу. Бұл бағытта қазақ тіл білімінде көптеген
зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялық
өңдеуден өткізудегі І.Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі
(Алматы, 1977), Ә.Қайдаровтың Мың әсерлі де бейнелі орамдар (Астана,
2003) сияқты еңбектерін, фразеологизмдердің сыртқы және ішкі құрылымындағы
дыбыстық, мағыналық, семантикалық, әуезділік үйлесімін, т.б.
архитектоникасын талдап ашып берудегі С.Сәтенованың Қазақ тіліндегі
қостағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты (Алматы,
1997) атты зерттеуін, фразеологизмдердің варианттарын көрсету, синонимдік
қатарын анықтаудағы Г.Смағұлованың Фразеологизмдердің варианттылығы
(Алматы, 1996), Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени аспектілері
(Алматы, 1998) тәрізді еңбектерін атап айтуға болады. Р.Сыздықованың
Сөздер сөйлейді (Алматы, 1994), Н.Уәлиевтің Фразеология және тілдік
норма (Алматы, 1998) сияқты еңбектерде көптеген фразеологизмдер
этимологиялық тұрғыдан талданып, олардың құрамындағы мағынасы
күңгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мән – мағынасы
ашылды. Қазақ фразеологизмдері фразеологиялық бірлікті жасауға ұйытқы
болатын сөздер негізінде соматикалық фразеологизмдер, фитофразеологизмдер,
сан – мөлшер фразеологизмдері, зоофразеологизмдер, антропонимдік
фразеологизмдер деп семантикалық – мағыналық топтарға, тақырыптарға
топтастырып арнайы қарастырылуда.
Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт – қазақ
тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сияқты болмыс
бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдерімен салғастыра зерттеу
ісі. М.Х.Абилғалиева, М.А.Сыздықова, М.А.Жақсыбаева, т.б. зерттеулерінде
тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді айқындау, интернационалдық
фразеологиялық қорды анықтау, салғастырылушы тілдер фразеологиясындағы
ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді саралау және ұқсастықты тудырушы
факторларды айқындау мәселелері көрініс тапты. Бұл орайда Г.Сағидолданың
қазақ және монғол фразеологизмдерін тіларалық деңгейде салыстырған
Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны (Алматы, 2003) атты
еңбегін түркі – монғол салыстырмалы фразеологиясын қалыптастырудағы алғашқы
бастама ретінде атап айтуға болады.
Қазақ фразеологиясындағы үшінші бағыт – фразеологиялық бірліктерді
когнитивтік, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық,
психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыт фразеологизмдерді
ұлттың дүниетанымдық, мәдени, тарихи, материалдық құндылықтарымен
сабақтастыра зерттеуге айрықша мән береді. Академик Ә.Т.Қайдар, Ж.Манкеева,
С.Сәтенова, Б.Ақбердиева, Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, С.Жапақов сияқты тілші
мамандардың зерттеулері белгілі бір этногенетикалық қауымдастықтың ақиқат
турасындағы таным – түсінігін, ментальді әлемін, ғасырлар бойы үзіліссіз
жалғасқан ұжымдық тәжірибесін, рухани және материалдық мәдениетін тілі
арқылы танып білуде аса маңызды.
Бірақ фразеологизмдер тілдік жүйенің қай
қабатына жатады, оның орны қандай, басқа тілдік қабаттармен онтологиялық
және генетикалық қатынастарды қалай құрады? – деген сұрақтардың туындауы
орынды.
Бұл сұрақтардың шешімін тілдің фразеологиялық құрамын зерттеудің
мақсаттары мен әдістері айқындайды. XX ғасырдың 30-жылдарының өзінде атақты
ғалым Е.Д.Поливанов фразеология саласын ерекше лингвистикалық пән ретінде
оның нысанасы мен міндеттерін белгіледі. Сол кездің өзінде Е.Д.Поливанов
жалпы типтік тіркестер емес, ерекше, арнайы мағына беретін тіркестерді
зерттейтін синтаксиспен, нақты сөздердің ерекше, арнайы мағынасын
зерттейтін лексикамен байланысты сала – тіл туралы ғылымның қажеттілігі
туралы айтқан.
Және де фразеология тіл білімінің фонетика, морфология, және т.б.
деңгейлерімен бірдей, терезесі тең болашақтағы тіл ғылымындағы ерекше
сала ретінде орнығатынын алғаш рет айтқан да Е.Д. Поливанов болатын.
XX ғасырдың орта шенінде Қазақстан топырағында І.Кеңесбаев мектебі мен оның
шәкірттері тұсында дүниеге келген фразеология проблемасы бүгінгі таңда оның
нысаны, материалдары , қолдану аясы мен функциясы тұрғысынан әр түрлі
аспектіде зерттелуде.
Дегенмен де тұрақты тіркестерді жан-жақты зерттеу Қазақ тіл білімінің
ең өзекті мәселелерінің бірі болып қала бермек [8, 4 б.].
Қазақ фразеологизмдерін когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық,
этнолингвистикалық, этнопсихолингвистикалық аспектіде зерттеуге бағыттылған
үшінші бағыт – ХХІ ғасыр ғылымының басты парадигмасы – антропоцентризмнің
жемісі, жаңа ғасыр талап етіп отырған ғылыми интеграцияның нәтижесі .
Ғалым Г.Смағұлова қазақ фразеологизмдерін мынадай стильдік қабаттарға
бөлді:
1.Кітаби фразеологизмдер;
2.Бейтарап (стильаралық) фразеологизмдер;
3. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5. Дөрекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер .
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден)
басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым
көлемді ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы
зерттейді. Фразеология термині ( грек. Phrasis сөйлемше және logos сөз,
ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады.
Көркем шығарма тіліндегі фразологизмдердің қолданылуын қарастыру мақсатында
жазушы Мұхтар Әуезовтың Қилы заман хикаятындағы фразеологиялық
тіркестерді жеке-жеке талдауды жөн санадық. 1.Аздан соң есі кіреді.
Сабасына түседі [9, 147б.].
Сабасына түседі - ашуы, ызысы басылып, саябыр қалыпқа келді [10, 248
б.].
2.Сөз байласу қажет қой,- дей бергенде, Көкбай: Оныңыз рас [9, 73
б.].
Сөз байласу – уәде жасады, мәмле етті [10, 257 б.].
3.Сол бетте баулып, аңқау, момын, тату елді әдейі орталарына от
салып, араздастырып, ушықтырып, біріне-біріне жау қылып көрсететін болған
[9, 125 б.].
От салу – шағыстырды, айдап салды, араздастырды [10, 234 б.].
4.Осы жайды шала-пұла түсінумен бірге камераның ішінде қыбырлауға
шамасы келген жандардың барлығы да енді есікті бұзып, шыбын жанын қасап
үйінен сүйретіп шығуға тырысты [9, 131 б.].
Шыбын жан – өмір, тірлік мағынасында[10, 141 б.].
5.Мол емшекті бір сорып кеткеннің өзінде де, жерден алтын тапқандай
көп қазынаны күреп әкететін [9, 11 б.].
Жерден алтын тапқандай – қуану, шаттану [10, 11 б.].
6. Қамсыздық түбімізге жетті ғой...кетті ғой есіл ерлер [9, 103 б.].
Түбіне жету – құртты, мерт қылды [10, 288 б.].
7. Бүйтіп айбар шегіп келген ата-баба әруағы екен [9, 27 б.].
Айбар шегу – қорқытты, қыр көрсетті, ашу шақырды [10, 13 б.].
Соматикалық атаулар арқылы жасалған ауызекі сөйлеу тіліндегі
фразеологизмдер
-Жүрек-
1. Бұрын жүректері орнына түсіп, қайтадан белі көтеріліп, асқақтай
бастаған ұлықтар ұйқысынан оянған жерде мына сұмдықты естігенде тағы да
біраз уақытқа шейін жүні жығылып, есі шығып қалып еді [9, 96 б.].
Жүрегі орнына түсу – көңілі жайланды, жүрегі жай тапты, сабасына
келді, толқыған көңілі басылды [10, 121 б.].
-Қол- мен –Бет- және – Ауыз-
1. Қазақ үшін ұялып, қысылғандай болған Оспан сияқты тілмаштар бетінен
басып, ұлық жүзіне тура қарап сөйлей алмай, өтірік іштен тынып жүдеген
кісімсіп, дұшпан көзі қылып құр күрсінетін [9, 45 б.].
Бетінен басып – ұялды, қысылды [10, 67 б.].
2. Таңертеңнен осыны еске алған сайын приставтың жүз жарқырап,
сүйсінген күлкіге айналып кетуші еді [9, 65 б.].
Жүзі жарқырау - қуанып кетті, бетінде шаттық оты ойнады [10, 119
б.].
3. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында ата дәулет, қан қазына
шашылып, төгіліп кеткелі отыр [9, 40 б.].
Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында - кім көрінгеннің иелігінде
[10, 331б.].
4. Саудагер сомасы қазақ даласына құда түсіп, құйрық, бауырды асап,
аузы қанданып, қолы майланып, жанданып тұр [9, 11 б.].
Аузы қанданып, қолы майланып – асқа не бір олжаға кенелген кісі туралы
айтылады [10, 38 б.].
5. Байлықтың ұлы өрісіне жеткен кең қолтық, мол қолды, аңқау ел:
Албан, Бұғы [9, 43 б.].
Кең қолтық – кең пейіл, бауырмал жан [10, 138 б.].
-Құлақ- пен –Қабырға-
1.Сауда жым-жырт басылды да, базар құлаққа ұрған танадай болды [9, 27
б.].
Құлаққа ұрған танадай - тып-тыныш, жым-жырт [10, 199 б.].
2.Қаптай басқан тұяқтан қабырғасы қайысып тұншыққандай [9, 10 б.].
Қабырғасы қайысу – қабырғасына батты, жанына батты, қатты қиналды,
ойысты [10, 167 б.].
1.2. Кітаби, бейтарап, қарапайым-дөрекі сөйлеу тіліндегі
фразеологизмдер.
Бейтарап сөзі жалпылама деген мағынаны білдіреді. Бейтарап
фразеологизмдер дегеніміз – сөйлеу стилінде болсын, кітаби – жазба
стильдерінде болсын жалпылама қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Өйткені
бұл топтағы сөз тіркестерінің, стилдік сипаты болмайды (сөзінде тұру,
сенімді ақтау, қарсы алу, дауыс беру, шын жүректен).
Сондай-ақ бейтарап қолданылатын фразеологизмдердің эмоционалды –
экспрессивті бояуы да болмайды, зат пен құбылысты тек қана аттап қана
қояды. Мысалы, ит арба, ит аяқ, ит көйлек сияқты сөз тіркестерін алатын
болсақ, бұлар тек заттың аты болғандықтан, олардың
экспрессивті бояуы да, бейнелегіштік қасиеті де жоқ.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейтарап қолданылатын фразеологизмдердің
тобына тұрақты ұғым болып қалыптасқан жер-су аттары және кейбір терминдік
сипаттағы сөз тіркестері де енеді (Қара теңіз, көз әйнек, ауыр өндіріс т.б)
[5; 89].
Кітаби фразеологизмдердің қолдану ерекшелігі
Қай стиль болмасын оның өзінің ерекшелігі болады. Ол ерекшелік
стильдерді бір – бірімен салыстыруда байқалады. Сөйлеу тілінің
фразеологиясы күнделікті тұрмыста ауызекі сөйлеуде қолданылып, оның
экспрессивті стильдік бояуы еркелету, әзіл-сықақ, тұрпайы, қарапайымдылық
мәнде болса, кітаби тіл фразеологизмдері көбіне жазба тілге тән. Көркем
шығармада поэтиалық сипат, публицистикалық шығармада салтанаттылық басым
болса, ғылыми шығармалар логикалық дәлдікті тілейді.
Ал жазба тіл фразеологиясы поэтикалық, публицистикалық және терминдік
сипатта болып келеді. Бұл топтағы фразеологизмдерге жазба тілінің негізінде
қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері түгел енеді.
Кітаби фразеологизмдер – негізінен жазба тілде:
нормаланған әдеби тілде;
публицистикалық
ғылыми шығармаларда
көркем әдебет тілінде
Кітаби фразеологизмдерге жоғары стилистикалық бояу тудыратын әр түрлі
эмоционалды-экспрессивті реңк тән. Кітаби фразеологизмдер сөйлеу тіліне
салтанаттылық реңк беріп көбіне әдеби тілді көрсетеді.
Шығарма тілінде кітаби фразеологизмдер кеңінен қолданылған.
Тарихтың тоғыз жүз тоқсан алтыншы, тышқан жылы наурыз туып, қар сөгіле,
шығыс Дәшті – Қыпшақтың падишахы Тәуеккелдің сауын айтып, шұғыл шақыруымен,
киіз туырлықты қазақ ұлына хүкім жүргізуші қасқа-жайсаң атаулы Қаратаудың
тегістігінде Созақ қаласына құрылтайға жиналды .
Сауын айтты – ас, той т.б хабарын таратты .
Келтірілген мысалдағы сауын айтты фразеологизмі қазақ тілінде көнерген
фразеологизм болып табылады. Белгілі этнограф ғалым С.Кенжеахметұлы
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары атты еңбегінде: сауын айту-
бір елде ас, үлкен той болатын болса, ол күні бұрын жан-жаққа хабарланып
сауын айтылады. Бұл жай шақыру емес, әр ел салт-дәстүрімен, яғни батыр,
палуаны, жүйрік атымен, ақын, жыршысымен, сойыс, сабасымен келсін дегенді
білдіреді, - деген анықтама береді.
1 Жәрмеңке - тоғыз жолдың торабы түйіскен жері [9, 10 б.].
Тоғыз жолдың торабы түйіскен – сан жолдың түйіскен, көп жолдың
ұласып, тоғысқан жері [10, 277 б.].
2.Олардың қарасы өшкен соң тілмашқа бұрылып қарап:- Қарашы, иттерді,-
деп басын бұлғап, есік жаққа көрсетіп, жуасығандай пішінмен мұрнынан мырс
етіп күліп қойды [9, 15 б.].
Қарасы өшу – құрысын, көзі жоғалсын деген мағынада [10, 181 б.].
3.Төбеден жай түскендей жаңа ғана естіп отырмыз [9, 24 б.].
Төбесінен жай түсу – кенеттен, ойламаған жерден ыңғайсыз жағдайға
ұшырағанда айтылады [10, 282 б.].
4.Ұлыққа тонның ішкі бауындай, мен өзімдікімін дегендей қабақтары бар
еді [9, 226 б.].
Тонның ішікі бауындай – өте жақын, өз адамындай [10, 278 б.].
5. Бәкей батыр сүйегіне таңба салды [9, 42 б.].
Сүйегіне таңба салу – тұтас бір әулеттің тұтас бір ата ұрпақтың арына
дақ түсірді деген мағынада айтылады [10, 263 б.].
6.Жәмеңке баяғы заманнан бері тізесі айырылмай келе жатқан үзеңгі
жолдасы, жан серігі еді [9, 113 б.].
Тізесі айырылмай – жұбы ажарамады, қатары бытырамады [10, 292 б.].
7.Құмалақ салардың алдында бір шай қайнатымдай бұрын барлық
тұтқындарға сорпасымақ бір нәрсені әкеп берген [9, 23 б.].
Шай қайнатым уақыт – уақыт өлшемі, бір шай қайнар мезгіл [10, 310 б.].
8. Тыныштық пен сүт пісірімдей уақыт өтті [9, 111 б.].
Сүт пісірім уақыт – халықтық өлшем, ширек сағат шамасы [10, 264б.].
Бейтарап фразеологизмдердің қолдану ерекшелігі

болсақ, бұлар тек заттың аты болғандықтан, олардың экспрессивті бояуы да,
бейнелегіштік қасиеті де жоқ.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейтарап қолданылатын
фразеологизмдердің тобына тұрақты ұғым болып қалыптасқан жер-су аттары және
кейбір терминдік сипаттағы сөз тіркестері де енеді (Қара теңіз, көз әйнек,
ауыр өндіріс т.б.
1. Ит тұмсығы батпайтын самсаған сары қол, түйілген жалпақ қара
бұлттай болып, көк даланы қаптай басып, жәрмеңкеге қарап бет қойды [9, 52
б.]
Ит тұмсығы батпау - адам өте алмайтын қалың орман, тоғай, шабындық
немесе жайылым шөп, бітік шыққан егін [10, 133 б.].
2.Білмеймін сөйткенімен сол Оспанының ауылы елдің жиыны болсын, тілеу
батасы, қару-сайман жиып қамдануы болсын, - бәрінен де бойын алып қашып,
шетірек тұрған көрінеді, - деді Жақсылық [9, 67 б.].
Бойын алып қашу – өзін-өзі сырт тартты, жырақ ұстады, жақындамады,
үйір болмады, басқамен араласпады [10, 69 б.].
3. Ішіндегі бастығы уезд помошнигі Хлиновский бұл Асыдағы Қызыл
бөріктің сыр бермегендей томаға тұйық наразылығын сезгендей [9, 77 б.].
Томаға тұйық – томарсып, көпшіліктен шеттеп жүретін, сөзге
араласпайтын кісі туралы айтылады [10, 278 б.].
4. Көшедегі тығыздық елден ерекше. Ине шаншар жер қалдырмағандай [9,
119 б.].
Ине шаншар жер – қалың, тығыз деген мағынада [10, 132 б.].
2. ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТТАРЫ
2.1. Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер дегеніміз – халықтың нақыл сөздері, белгілі бір сөзді
ықшам түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін сөз.
Қазақ тілінде ғасырлар бойы қалыптасып, қауым жадында сақталып,
ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра болып келе жатқан мыңдаған мақал –мәтелдерді
даналыққа балап, және оларды халық бойындағы асыл қасиетке теңеп, Халық
даналығы [2, 3 б.],-дейді Ә. Қайдар.
Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшелеп, бірден бірге
мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-
мәтелдері.
Мақал-мәтелдердің басқа мәдениет қорынан ерекшелігі көлем жағынан
қысқа, мазмұн жағынан тереңдігінен ғана емес, оның барлық халыққа бірдей
ортақтығында, көңілге ерекше қонымды, ұтымдылығында. Сондықтан да әр адам
күнделікті өмірінің керекті жағдайында қандай мақалды болсын өзінің төл
қаруындай қолданады. Орнын тауып жұмсаған сайын сөз тапқанға қолқа жоқ
-деп ерекше ләззат алады [10, 3 б.].
Мақал-мәтелдер құбылысын арнайы зерттеуге байланысты ғылымда
қалыптасқан пәнді паремиология деп атайды. Жеке тілдердегі мақал-
мәтелдердерге бағышталған паремиологиялық зерттеулер өте көп және олар әр
деңгейде әртүрлі мақсатқа, көпшілігі мақал-мәтелдер жинағын, не сөздігін
жасауға, бұл құбылыстың жеке аспектілерін айқындауға бағышталған. Бұл
салада орыс тілі мақал-мәтелдеріне бағышталған ірі-ірі зерттеулерден,
мысалы, мына еңбектерді атаған болар едік. Снегиров.И.М. Даль.В.И,
Савенкова.И.Е, Жуков.В.П т.б.
Мақал-мәтелдер туралы жазуда біздің көбірек назар аударған әдеби
бұлақтарымыз, негізінен, түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жеке
аспектілерін, ерекшеліктерін зерттеуге, жинақтап жариялауға байланысты
еңбектер. Солардың ішінде айрықша атауды қажет ететін еңбектердің бірегейі
- татар ғалымы Нәқый Исәнбеттің Татар халық мәкәльләре деп аталатын
(Қазан, 1959-1967 жылдары ) үш томдық жинағы. Бұл еңбекте дарынды
фольклортанушы ғалым өзінің ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинап, тәптіштеп
зерттеу нәтижесінде татар тіліндегі 40 мыңға жуық (38,670) мақал мен
мәтелді жүйелеп, топтастырып, зерттеп, жариялап отыр.
Ал қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу жайына келетін болсақ,
паремиологиялық деректерге қарағанда қазақ дерін халық арасынан толық
болмаса да жинап, әртүрлі басылымдарға жариялау ХIХ ғасырда көріне
бастайды.1879 ж. Алғаш қазақ мақал-мәтелдерін жариялаған (Хрестоматия
Орынбор) және 1906 жылы толықтырылып, ең таңдаулылырын қайта жариялаған
қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин болатын. Содан соң,
1899 жылы өзіне дейінгі жарияланған 1500 мақал-мәтелдерді жинақтап,
(Сборник киргизских пословиц) деген атпенен қазақ тілін алғаш зерттеуші
түркологтардың В.В.Катаринский жариялады.
Осы дәстүр жалғасып, қазақ мақал-мәтелдерді 1923 жылы Мәскеу қаласында
(Мың бір мақал) деген атпен, 1927 жылы Ташкентте Қазақ мақалдары деген
атпен (Құрастырушы Ә.Диваев) Алматы 1935 жылы Қазақ мақалдары мен
мәтелдері деген атпен (құрастырушы – Ө.Тұрманжанов) жариялана бастайды.
Мақал-мәтелдердің толықтырылып шығарылған жинақтардың күні бүгінге
дейін он шақты басылымы жарық көрді. Өткен ғасырдың 50-жылынан кейінгі
басылымдары мысалы, Б.Ақмұқанова, Б.Адамбаева, М.Әлімбаев, Б.Әбділдина,
Ж.Дәренбеков т.б құрастырушылар, авторлар тарапынан толықтырылып,
жаңаланып, толассыз жарияланып келеді.
Осы орайда қазақ мақалдарын зерттеген тілші ғалымдардың есімдерін айта
кету артық емес. Мысалы: Р.Сәрсенбаев, Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, М.Мұқанов,
З.Ерназарова, Қ.Бейсенов, Ғ.Тұрабаева, А.Нұрмаханов, С.Сәтенова, Дина.Б,
Сағын.Б. т.б.
Бұл зерттеулерде, әсіресе қазақ мақал-мәтелдерге байланысты
ізденістерде, паремиологиялық пәннің теориялық та практикалық мәселелері аз
сөз болып жүрген жоқ. Мақал-мәтелдер әдеби табиғаты мен тілдік
ерекшеліктеріне арналған нақтылы зерттеулерде, көбінесе, олардың жалпы
құрамдық, мағыналық даму заңдылықтары мен іштей жіктелу принциптері,
қолданыс тәсілдері мен стильдік мәнері.
Шығу төркінімен тілара ауыс-түйістігі көркемдік, поэтикалық
табиғатымен қара сөз, өлең сөз үлгілері, ауыспалы идиомалақ мағыналары мен
олардың эмоцияналды – экспрессивтік реңктері т.б қарастырылады [10, 50
б.].
Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының төл жемісі, ауыз әдебиетінің
көне жанрларының бірі, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз
жеткен философиялық әрі шешендік тұжырымдар, тілдік қордың даналық қазынасы
болып саналады. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихын негізінен 3
кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1) ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40-60 жылдарына дейінгі
кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру,
жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен сипатталады
(Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ф.Катанов,
В.В.Катаринский, П.М.Мелиоранский, Н.Н.Пантусов, А.Е.Алекторов, М.Ысқақов,
А.Байтұрсынов, Ә.Диваев, Ө.Тұрманжанов, Б.Ақмұқанова, М.Аққозин т.б.).
2) Мақал-мәтелдерді зерттеудің ғылыми айналымына түскен кезеңі.
М.Әуезов,Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Адамбаев,
М.Әлімбаев, Н.Төреқұлов, Т.Кәкішов, З.Қабдолов, М.Базарбаев, С.Қасқабасов,
С.Нұрышов,Б.Ақмұқанова т.б. әдебиетшілер зерттеулерінде қазақ мақал-
мәтелдерінің әдеби табиғаты,Р.Сәрсенбаев,Ә.Қайдар,Б.Ша лбаев Ө. Айтбаев,
З.Ерназарова, Қ.Бейсенов, Ғ.Тұрабаева, А.Нұрмаханов, С.Сәтенова т.б. тілші-
мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз болды.
3) Қазақ тіл білімінде паремиологияның дербес ғылым саласына айналып,
мақал-мәтелдердің антропоцентристік бағытта қарастырыла бастаған кезеңі.
Қазақ паремиологиясының антрополингвистикалық бағыттағы дербес пән
ретінде қалыптасуының теориялық тұжырымдамасын негіздеген академик Ә.Қайдар
мақал-мәтелдердің тілде пайда болу факторларымен, дами келе адамға, оның
сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, қалып-күйіне т.б. қасиеттеріне
ауысу мотивтерін айқындау, мән-жайын таратып, түсіндіру, соның негізінде
мақал-мәтелдер мазмұн-мағынасының бүгінгі этнопедагогикалық тұжырымдаманың
(концепция) арқауына айналуын дәйектеу, мақал-мәтелдердің логика-
семантикалық жіктелу принциптерін айқындай отырып, тақырыптық-мағыналық
тұрғыдан топтастыру және жүйелеу, этностың тіл әлеміне құйылар
этнолингвистикалық арналардың ең құнарлысы ретінде олардың этнос болмысын
танып-білуге қосар үлесін анықтау тәрізді басты мәселелерді паремиологияның
этнолингвистикалық өзекті мәселелері қатарында көрсетеді.
Сондай-ақ мақал-мәтелдерді тірек сөздер арқылы тақырыптық топтар
жүйесіне енгізе отырып, олардың бойындағы негізгі және туынды мағыналық
өзгерістердің тілдік тетіктері мен мотивтерін айқындауды этнолингвистиканың
күрделі міндеттері қатарына жатқызады [11, 25-26 б.].
Ә.Т.Қайдардың мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық аспектіде зерттеуге
байланысты ғылыми пікірлері мен тұжырымдарын, сондай-ақ В.В.Виноградов,
Н.А.Амосова, М.Т.Тагиев, В.Н.Телия, А.В.Кунин, И.И.Чернышева, А.И.Ефимов,
В.М. Мокиенко т.б. орыс фразеологтары мен Г.Л.Пермяков, Ю.М.Котова,
Н.Н.Пантусов, Я.Лютш, М.М.Копыленко т.б. паремиологтарының іргелі
еңбектерін теориялық-методологиялық тұғыр еткен Д.Бегалықызы, С.Қанапина,
Р.Атаханова, Ш.П.Қарсыбекова, М.Мирза, Ж.Исаева, Г.Қалиева, Р.Жүнісова т.б.
зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдері танымдық, прагматикалық,
этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан қарастырылды [12, 2
б.].
Зерттеуші-ғалым Қанапина.С.Ғ Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің
танымдық бейнелігі атты еңбегінде, мақал-мәтелдер туралы былай дейді:
Тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұң-мұқтажы мен тұрмыстық
жағдайлары көрініс табады. Себебі мақал-мәтелдер халықтың рухани өмірімен,
өткен тарихымен тығыз байланысты және мақал-мәтелсіз тілдегі ұлттық
нақышты, дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін толық сипаттау
мүмкін емес [13, 7 б.].
Қазақтың белгілі паремиолог ғалымы – Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай
дейді: Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын
танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте
зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне
мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан қалыптасқан
табиғи реттілік бар.
Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып,
ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді.
Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды шартты түрде Адам, Қоғам және
Табиғат деп атауды ұсынады [2, 10 б.]. Бұлай үш салаға бөліп қараудың
принципі – барлық құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз.
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді аталар сөзі, даналық сөздер,
нақыл сөздер, ақыл сөздер деп атап, Ақылың бар ма - ақылға ер, ақылың
жоқ па –нақылға ер, Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара,
Мақал-мәтел маржан сөз деуі – халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай – тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады [14, 3-4 б.].
Академик М.Әуезов қазақ мақал-мәтелдерін былайша сипаттайды:
Мақал-мәтелдер халық әдебиетінің қоғамдық құбылылыстарын кең қамтып,
өмірдегі әр қилы қарым-қатынастарды әсерлі де көркем бейнелейтін, тақырыбы,
идеялық мазмұны бай, ең бір мол саласы [15, 9 б.]. Мақал толық тұлғалы
болады, ойы тұтас келеді, әдетте, бір немесе бірнеше толық сөйлемнен
құралады.
Ал, мәтел, мақал сияқты, толық түрінде құрылмай, сөз тіркесі,
қалыптасқан нақыш, орамды сөйлемше түрінде жасалады.

даналығы деп атап отырмыз.
Әр адам күнделікті өмірінің керекті жағдайында қандай мақалды болсын
өзінің төл қаруындай қолданады. Орнын тауып жұмсаған сайын сөз тапқанға
қолқа жоқ -деп ерекше ләззат алады.
Жеке тілдердегі мақал-мәтелдердерге бағышталған паремиологиялық
зерттеулер өте көп және олар әр деңгейде әртүрлі мақсатқа, көпшілігі мақал-
мәтелдер жинағын, не сөздігін жасауға, бұл құбылыстың жеке аспектілерін
айқындауға бағышталған. Бұл салада орыс тілі мақал-мәтелдеріне бағышталған
ірі-ірі зерттеулерден, мысалы, мына еңбектерді атаған болар едік:
Снегиров.И.М. Даль.В.И, Савенкова.И.Е, Жуков.В.П т.б
1. Қалауын тапса, қар жанады. Сүт алғыш кәрі биеші сияқты жақсы
сауыншының қолы сыздаған емшегіне жабысқаннан бері қарай жайлау желіні
семізі мен сұлуын, жорғасы мен жортақысын ноқталап, таңбалап өз қолымен
атқарып жатқан [9,11 б.].
Қалауын тапса, қар жанады – ауысп. ебін тауып, орайын келтіре берсе,
орындалмайтын, тынбайтын іс жоқ демекші [10, 384 б.].
2. Түген байбатшаның дәрежесіне жетіп, бұлдану, кергу, кесірленуді
де тапқан. Қайта келер есікті серппе дегенді ол ұққан емес [9, 12 б.].
Қайта келер есікті серппе- ауыс. Халықтық тағылым:өзің болған үйдің
есігін қатты жабу деген – сол үйге қайтіп кіретін есікті өз қолыңмен
біржола бекітіп кетумен бара-бар. Өйткені қазақ салтында есікті тарс
еткізіп, қатты жабу біріншіден – әдепсіздік болса, екіншіден, үйдегі адамға
зіл тастау, оларды айыптау, жазалау болып саналады [10, 383 б.].
3. Бір ауыздан бермеймінді айту қажет. Сол – елге белгі. Сол бірді
бірге қосады. Құрастырады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарады [9, 48
б.].
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарады – ауысп. ұлттық қауымның,
әсіресе бір ұжым мүшесінің өзара жақын, туыс адамның ортақ бір игілікті
іске жұмыла кірісіп, бірлесе, қауымдаса, қолға алғанда ғана нәтиже
болатындығын уағыздап отыр [10, 266 б.].
4. Хан әділінен тайса, қарашысы бұзылады деген. Бұл күнге шейін
бізді билеп келген патша мына жарлықтарды шығарған деп елге екі сөз айтты
[9, 57б.].
Хан әділінен тайса, қарашысы бұзылады - ауысп. Ел билеп отырған
ханнан әділет кетіп, ақ, қараны дұрыс айырмайтын болса, ел ішінде
теңсіздік, жікшілдік орнаса, салт-дәстүр бұзылып, қатал заңдылық
сақталмаса, қарапайым халықтан да ұят кетіп, ойына келгенін істеуі мүмкін
алдау, арбау содан шығады [10, 535 б.].
5. Қара ешкіге жан қайғы, қасапшыға мал қайғы. Өртеніп жатқан ел
мынау, әлі де мал – дүниеге көзі тоймай, ойдан-қырдан сыпырып, шырып жатқан
Оспан анау [9, 67 б.].
Қара ешкіге жан қайғы, қасапшыға мал қайғы – ауысп. Біреулер күлкі
өмірдің ауыртпалығынан есін жиа алмай, еңсесі төмен түсіп, күйін көре
аламай, әйтеуір, аман болсам екен деп құдайдан, жердің де оны иеленуші
халықтың да иесі - хан деп анықтап, ол жалпы мемлекеттің құзырлығы байлық
дегенді аңғарады [10, 388 б.]
6. Көп тілеуі көл деген... жол болады! Несі бар... Жолы болған, міне,
осы ... [9, 91 б.]
Көп тілеуі көл – қауым болып, бірлесіп, ұйымдасып істеген жұмыс
нәтижелі болмақшы[10, 365 б.] .
7. Ауыл иті ала болса да, бөрі көрсе бірігер деген, торып тұрған
бөрі кімді тықпас,- деді Жәмеңке [9, 91 б.].
Ауыл иті ала болса да, бөрі көрсе бірігер – Адамдарға да осы тәрізді
мінез-құлық тән дегенді аңғартады [10, 214 б.]
8.Төрт түлігі сай амандық, тоқтық өзгелерге бұны киелі кісідей
көрсететін. Сондықтан ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрғаны да
замандар болатын [9, 84 б.].
Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс – не айтса, сонысы орындалатын,
қалай десе солай болатын, дәулеті асып, билігі толып, дәурендеп тұрған
адамға тән мінез-құлық, іс-әрекет [10, 184 б.].
9. Қорыққанға қос көрініп, ұлықтарға қарсы алдына шыққан қатын-
қалаштың тобы да жасанып келе жатқан жау сияқтанды [9, 86 б.].
Қорыққанға қос көрінер – қорқыныш сезімі адламды үрейлендіріп,
айналасындағы заттарды әдеттегіден басқашалау түрде құбыжық етіп көрсетеді,
яғни өзінен-өзі үрейі қашып келе жатқан қорқақтың көзіне бір қара екеу
болып көрінеді. Ауысп. Қорқақ адамға бәрі де құбыжық болып көрінеді [9, 40
б.].
10. Өзге қазақ өз білгенін өзі істесін, тағы осы арадағы аз ғана
Әлжан, сен, елің барда, есің тап [9, 148 б.].
Есі барында елін табу – атамекеннен алыста көп жүріп қалған адамға
айтылатын ақыл-кеңес; бойыңда қуат, ақыл-есің дұрыс, қартаймаған, қарып-
қасер болмай тұрғаныңда өзіңнің туып-өскен еліңе, жеріңе қайта орал
демекші. Бөтен елде жүре берме! деген тиымның астарында өз еліңді
ұмытпа, шыққан тегің, өскен тамырың сонда бар болса, қадір-қасиетіңді
білетін де, бағалайтын жұрт та сонда деген ақыл - кеңес жатыр [9, 295 б.].
2.2. Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним, диалектілер, кірме
сөздер, қарапайым сөздер, қос сөздердің қолдану ерекшелігі
Зерттеуші-ғалым Ә.Болғанбаев Қазақ тілінің лексикологиясы атты
еңбегінде антонимге мынандай тұжырым жасайды: Антонимдер дүниедегі
заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық, кем қасиетін, мөлшер-көлемін
салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады [5, 21 б.].
Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы
өмір мен өлім, жақсы мен жаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен
өлі,қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы
[6, 7 б.].
Антоним термининің өзін әр зерттеуші әр түрлі түсіндіреді.
Антонимдерге әртүрлі анықтама бергенмен де, олардың табиғатын түсіну үшін
ең алдымен, осы қарама-қарсылық дегенді анықтап алу керек. Бұл мәселе
көптеген зерттеушілерді ойландырған. Мәселен В.Н.Клюева: Сложность работы
над антонимами заключается в трудности самого определения того, что такое
противоположное понятие мы можем противопоставлять слова (понятия) по
разным причинам, - деп бірнеше қарсы қойылатын сөздердің мағынасын ашуға
тырысқан.
XX ғасырдың бас кезінде антоним деген термин жеке сөз ретінде
кеңінен қолданыс таппаған. Тіпті кейбір сөздіктердің өзінде де кездеспеген.
Антонимдер туралы дәйекті мақалалар мен пікірлер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz