ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ


КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзекті мәселелері: халықтың әлем туралы ой-тұжырым, дүниетанымынан туындайтын, өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, этнос болмысының тікелей көрінісі болатын қымбат дүниесі - оның тіл әлемі, тіл байлығы болмақ.
Қазіргі заманғы тіл ғылымы тілдің қатынас құралы қызметімен қатар танымдық, кумулятивтік қызметіне айрықша назар аударып келеді, өйткені адамзаттың ақыл-ойының жетілуі нәтижесінде жинақталған әлем туралы білім қоры әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан-дүниесі, психологиясынан хабардар етеді. Адам баласы дүниетаным қабілетінің қорытындысын сыртқа шығарып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Осындай нағыз этностық, тіл иесі халықтың тұрмыс тіршілігінің куәсі, ұлттық тілдің құрамдас бөлігі, этнос болмысын танытуда негізі терең арнаның бірі - жергілікті ерекшеліктері, әдеби тілдің «сыртында» жатқан халық тілінің этномәдени бояулы деректері мол сақталған.
Қай тілдің болмасын сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түп тамыры, тіл иесі этностың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тарихының қалың беттерімен, мәдениетімен, ұлттық мінез-құлқымен толық танысу қажет. Халықты тану үшін сол халықтың тілі мен діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен және мәдениетімен танысуымыз қажет. Бұл нәрселердің барлығын танып білу үшін сол халықтың шығармашылығын да жетік білуіміз керек. Ол үшін сол елдің ақындарының, жазушыларының, ғалымдарының еңбектерімен танысу ең басты мақсат болмақ. Соның бірі ақын өлеңдерін оқып, оның ішінен халыққа тән басты қасиеттерді көруіміз керек. Халықтың шаруашылығы, салт-дәстүрі, әдет ғұрпы бәрі де ақын шығармашылығынан айқын көрініп тұрады.
З. Ахметов сөзімен айтқанда: «Поэзия - сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Поэзияда тек тіл мен сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім тереңділігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой-сезімді жеткізудің құралы ғана» [1] .
Белгілі ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған, дегенмен ақын шығарашылығы лингвомәдениеттану саласында әлі толық қанды зерттеле қоймады. Атап айтқанда, бүгінгі таңдағы лингвистикалық зерттеудің басты бағыты ретінде танымдық тіл тұрғысынан, лингвомәденитанымдық қызметі жағынан ақын шығармашылығын зерделеуді өзекті мәселелер қатарына жатқызамыз.
Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының негізгі ғылыми жаңалығы - Мұқағали Мақатаевтың лирикалық өлеңдеріндегі кездесетін лингвомәдени атаулардың қолданылуын анықтау, оларды мазмұндық жағынан топтастыру, лингвомәдени атауларды қолдану арқылы ақынның ой-тұжырымдарына үңілу. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде «Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы», «Стилистика», «Тіл мәдениеті», «Когнитивтік лингвистика» курстарын оқытуда, арнайы этнолингвистика, лингвомәдениеттану курстары мен семинарлар ұйымдастыруда, солардың оқу бағдарламасында пайдалануға болады.
Мектеп бағдарламасында Мұқағали Мақатаев шығармаларын оқыту әдістемесін пайдалануға болатындығында.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: М. Мақатаев шығармаларындағы лингвомәдени атаулардың қолданысын анықтау.
- М. Мақатаев шығармаларында кездесетін мәдени атаулардың өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, оларды тақырыптық топтарға жіктеу;
- Ақын шығармашылығын лексикалық-семантикалық жақтан сипаттау.
Зерттеу обьектісінің теориялық-әдіснамалық негіздері: диплом жұмысының теориялық құндылығы лингвистикалық тұрғыда жеке ақын шығармашылығына қатысты тың пікірлер мен тұжырымдар айта алатындығында.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ саласының зерттелуі
Тіл - халықтың тарихы мен мәдениетін өз бойында сақтаушы, жеткізуші байлық. Ұлт болмысын, дүниетанымын, этносы мен мәдениетін тану тіл білімінің жаңа саласы - лингвомәдениттану еншісіне тиіп отыр.
Tiл мәдeниeтпен бір бүтін тұтастық құрып, aжырaмaс бiрлiктe өмiр сүрeдi. Oл мәдeниеттің өң бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғы шарттардың міндетті түрдегі бaсқышы. Осылайша қайсы бір уaқытта қандай да бір жерде өмiр сүретін этнос мәдениетінің маңызды бөлігін құрайды. Mәдениеттің басқа сaлаларына қарағанда тілдің өз ортасы бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген этнос өздерін өзге топтардан сыртқы физиологиялық aйырмашылықтарымен ерекшелеп тұратын адамзат қауымының белгілі бір нәсіліне жататыны анық. Tіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни біздің өмір сүру образымыздан хабар беретін тәжірибeлігіміз бен идеяларымызға тәуелді [2] .
Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі халық рухын, оның өзегі - мәдениетті жаңғырту. Мәдениет ұғымының қоғамда сан түрлі анықтамалары бар екені белгілі. Көрнекті мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, «мәдениет-адамның ақыл-ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар жүйесі» (Э. Тэйлор) ; «мәдениет- дүниенің бөлшектері болып саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т. б. негізде құрылатын семиотикалық жүйе» (Ю. Лотман) .
Мәдениет - әлеуметтік тұрғыдан «табиғаттан және индивидтің биологиялық, физиологиялық қасиеттерінен тыс, бірақ қарым-қатынас біріктірген адамдар тобына тән құбылыс» (В. Освальт), когнитивтік тұрғыдан «танымдық әрекеттер мен білім қордалау үрдістеріне қатысты құбылыс» (В. Гудинаф), семиотикалық тұрғыдан «алдымен әлемнің репрезентациясын жасайтын, содан кейін қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылатын таңбалар жүйесі» (К. Леви-Стросс) деп анықтама береді. Ғылыми мектептерінің ағымына, ғылыми тұжырымдарындағы айырмашылықтарға қарамастан, мәдениеттанушы ғалымдардың қай-қайсысы болмасын бұл күрделі құбылыстың құрылымындағы тілдің орнын, маңызды рөлін мойындайды. Э. Сепир тіл мәдениеттің біртұтастығын ашып көрсететін маңызды әдіснамалық көзқарастарын ұсына отырып: «Мәдениет белгілі бір қоғамның әрекеті мен ойлауының көрінісі, ал тіл қалай ойлаудың көрінісі. Ендеше, тіл мазмұны мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі», - деген қорытынды жасайды [3] .
В. Гумбольдт айтқандай: «Ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш - тіл» [4] .
Тіл - лингвистикалық аспекті. Ал тілдегі мәдениеттің әртүрлі көріністері мен қызметін мәдениеттану зерттейтіндіктен, лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен ХХ ғасырдың 90 жылдарында өз алдына жеке жаңа бағыт пайда болды, бұл бағыт Э. Бенвенист, В. Н. Шаклеин, В. А. Маслова және т. б. ғалымдардың еңбектеріне байланысты «лингвомәдениеттану» деген атқа ие болды.
Ал лингвомәдениеттану латының Linqua - тіл, Cultura - мәдениет, Logos - ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі әсерін зерттейтін сала болып табылады. Осы орайда В. Н. Телия «Лингвомәдениеттану - тілдің корреспонденциясы мен мәдениетінің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі» [5] - деп сипаттайды.
Лингвистика тарихында тіл мәселелерін, сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрыпымен байланыстыра зерттеу жөнінде алғашқы пікір ХVII ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Гердердің поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде В. Гумбольдт еңбегінде кездеседі. Бірақ тіл мәселесін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оған тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау ХХ ғасырдың 20-30 жылдарда белең ала бастады.
В. Гумбольдт дүниені тану, білу процесінде тілдің атқаратын рөлін түсіндіре келе, тілге былай түсініктеме беріп кеткен: «Язык и духовная сила народа развиваются не отдельно друг от друга и не последовательно одни за другим, а составляют исключительно не раздельно одно и тоже действие интеллектуальной способности. Хотя мы разграничиваем интеллектуальную деятельность и язык, в действительности такого разделения не существует» [4] .
Орыс ғалымы М. К. Азадовский өзінің еңбектерінде фольклорлық, этнографиялық және тарихи-мәдени мәліметтерді пайдалану тіл үшін нәтижелер беретінін дәлелдеп береді. Ол бір еңбегінде тіл мен мифологияның байланысы мен өзіндік ерекшеліктеріне мынадай анықтама берген: . . . язык это основной слой народности, мифология народная словестность в которой и выражена вся совокупность верований, преданий нравов и обычаев народа [6] .
В. Воробьев лингвомәдениеттануға мынандай ғылыми анықтама берген: «Лингвокультурология - это комплексная научная дисциплина синтизирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единицу в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления ( система норм и общечеловеческих ценностей ) » [7] .
Диплом жазу барысында линвомәдениеттануды терең зерттеген ғалым В. А. Масловaның еңбегіне баса назар аудардық. Ғалым линвомәдениеттануды халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтама береді: «Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [8] .
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттеу нысанын, қалыптасу кезеңдерін, әдістемесін, лингвомәдени бірліктердің түрлерін арнайы зерттеген В. А. Маслова оның динамикалық даму кезеңдерін былайша белгілейді:
А) тіл мен мәдениеттің арақатынасын, астарластығын бағамдайтын лингвомәдени көзқарастардың, ізденістердің бастау алу кезеңі;
Ә) лингвомәдениеттанудың жеке сала ретінде қалыптасу кезеңі;
Б) іргелі пәнаралық саланың, зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары мен межелері, теориялық тұжырымдары нақтыланған лингвомәдениеттану ғылымының пайда болу кезеңі.
Білімнің жаңа жеке саласы ретінде лингвомәдениеттаным ерекше міндеттерді шешіп, бірқатар мәселелерге жауап беруі тиіс, бұл мәселелерді В. А. Маслова келесі түрде атап көрсетеді:
- мәдениет тілдік концептілердің жасалуына қалай қатысады;
- тілдік таңба мағынасының қай бөліміне «мәдениет мағыналар» ұғымы бекітіліп көрсетіледі.
- осы мағыналар сөйлеушілер мен тыңдаушылар тарапынан таңбалана ма және олар тілдік стратегияларға қалай әсер етеді;
- шындығында тіл тасмалдаушының мәдени - тілдік хабарлардағы,
копетенциясы бар ма, соның негізінде мәдени мағыналар мәтіндерде орын алып, тіл тасмалдаушылар тарапынан таныла ма;
- бір мәдениеттің универсалияларды мәдениетті көрсетуге бағытталған мәдениет дискурстары, концептілік саласы (осы мәдениеттің концептілерінің жиынтығы) қандай, осы тілдік таңбаларының мәдени семантикасы әр түрлі екі сала болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара әрекеті негізінде қалай қалыптасады;
6) осы ғылымның негізгі ұғымдарын қалай жүйелеуге яғни ұғымдық аппаратты қалай құруға болады.
Алаштың айтулы ақыны Мағжан Жұмабаев: « . . . Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар дала үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ»-деп қазақ тілі жайында толғанған.
Лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу деректері мен дәйектері ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т. б.
Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пәніне қатысты деректер Ш. Уәлиханов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, Ә. Марғұлан, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков т. б. ғалымдар еңбектерінде көрсетіледі [9] .
Тіл мен мәдениетті сабақтас зерттейтін ғалымдар соның ішінде қазақ ғалымдары Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова т. б. мәдениетті тілден бөліп алып қарамай, тіл - мәдениеттің бір көрінісі, ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды деп санайды [10] . Себебі, кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнелеп көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. Осы тектес тұжырымдардың қалыптасуында, тілді зерттеудің барысында ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің ерекшеліктері ескеріледі. Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып келе жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам рухымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. Себебі, дәстүр әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, ол халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан - жалпыхалықтық құбылыс. Екіншіден, дәстүрдің тағы бір сипаты - оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.
Осыған дәлел ретінде Ә. Қайдардың мәдениет туралы мына пікірін айта кеткеніміз жөн: «мәдениет ұғымын жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым, әр этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс» деп санайды [11] . Осыған байланысты мәдениеттің таңбалық негізі тіл. Тіл әлеуметтік мәдени, танымдық мәні бар құрал.
Жер бетінде 3 мыңнан астам тіл бар. Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдаров былай деп тілге анықтама береді: «Әрбір халықтың тілі-тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар рухани болмысы мен мәдени байлығының күзгері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар» [12] . Сондықтан да халықтың тілі рухани болмысы және мәдени байлығы бірімен-бірі тығыз байланысты. Бұл жөнінде көптеген зерттеуші ғалымдардың пікірлері бірізділік табады.
Демек, лингвокультурема - ұлт мәдениетінен хабардар етер ұлт тілінде көрінетін тілдік бірліктер. «Мәтінде немесе қарым-қатынас барысында көрініс табатын лингвокультурема - ұлттың өзіне тән болмысы мен әдет-ғұрпына, әлеуметтік өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне сай уәжделген мәдени әрекеттер мен ситуациялардың негізінде бейнеленген атауыш таңба (зат, бұйым, ұлттық қажеттілік атауы мен мәдени көріністі сипаттайтын ситуациялар атауы) » [13] .
Лингвомәдениеттану саласына қазақ ғалымдары да өз пікірлерін қалдырған.
Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың да негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г. Смағұлова, А. Алдашева, А. Сейсенова, Г. Қажығалиева, А. Сейілхан, Қ. Қайырбаева т. б. ) анықталып, лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптасуынан қазақ тіл білімінде жеке сала ретінде қарастырған.
Ғалым Е. Ә. Керімбаев мәдениет ерекшеліктері қазақ онимиясының ұлттық ерекшелігінің қалыптасуына шешуші ретте әсер етеді деп көрсетеді [14] .
Г. Смағұлова өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсеткен: Лингвомәдениеттану бұл тіл - ұлт - мәдениет дейтін үштік (триада лингвомәдениеттану пәнін зерттеу нысаны болмақ) [15] .
А. Салқынбайдың пікірі бойынша, тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу - ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами, гуманитарлық, мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, әрі тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырған [16] .
А. Алдашева бұл пәннің зерттеу қөздерін ғылыми тұрғыдан анықтап әрі лингвистика ғылымымен ортақтығын лингвомәдениеттанудың ауқымы өте кең, ол әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан ұлттық «бет-пішіні» бар деп есептелген сөз ұлттық әлеуметтік, этникалық, адамгершілік, мәдени, тұрмыстық нормаларға сай деп тұжырым жасайды [17] .
А. Сейсенова: лингвомәдениеттану мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер ететінін, яғни фактор мен адам бойындағы тілдік факторлардың байланысын қарастырады деген қорытындыға келеді [18] .
Осыған байланысты қазақ ақын, жазушыларының шығармалары бойынша қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасына талдау жасаған С. Жанпейісованың, Қ. Қайырбаеваның, Ш. Елемесованың, Ф. Қожахметованың т. б. рухани мәдениет лексикасының негізгі тақырыптық топтарын және олардың қалыптасу көздерін анықтау, лексиканың бұл аталмыш қабатын, этнолингвистикалық аспектілерін халқымыздың этномәдени өміріне қатысты тұрғысынан алып қарастырып, рухани мәдениетпен байланысты түрлі тілдік номинациялардың жасау тәсілдерімен даму жолдарын айқындап көрсетуіне арналған зерттеу жұмыстарында жан-жақты ашылған.
Лингвомәдениеттану объектісі ретінде төмендегі бірліктерді Маслова былай деп атап көрсеткен:
а) мифологизацияланған тілдік бірліктер; архетиптер, мифологемалар, салт-дәстүр, наным-сенімдер,
ә) тілдің паремиологиялық фонды,
б) тілдің фразеологиялық қоры,
в) эталондар, стереотиптер, символдар;
г) метафоралар, тілдік образдар;
д) тілдік мінез-құлық, тілдік этикет аумағы [8, 129] .
Лингвомәдениеттанудың өркениетте қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын тілдік тұрғыда сөз ету пәннің зерттеу объектісін нақтылай түседі.
Лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этникалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалармен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімнің негізгі бағыты. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көріністерін, тіл фактілері мен халықтық танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деген қорытындыға келеді.
1. 2 Лингвомәдениеттанудың басқа ғылымдармен
байланысы.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеудің ара-жігіне назар аударсақ, яғни зерттеу материалдарына назар аударсақ онда лингвомәдениеттануға, елтануға қатысты тілдік фактілер аралас ғылыми нысанаға айналғандығы байқалады.
Соған қарамастан ұлттық ұғымда сақталған халық дүниетанымы, яғни бүкіл болмысы этностың тіл айнасында этнолингвистка саласынан тіл арқылы мәдениеттанудың басқа да бағыттары бастау алатынын, әр ұлт менталдылығының негізін айқындайтын бағыттар екенін баса айту керек.
Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың теориялық арқауы, зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екендігі дау туғызбайды. Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының бүтін мен бөлшектің байланысы іспетті деп қарауға болады.
Дәлірек айтсақ, этнолингвистиканың зерттеу нысаны - этнос болмысын тұтастай танытатын «тіл әлемі». Осы қағиданың құрамдас бөлшектерінің қатыстылығы мен үйлесімділігінің сипатын анықтау мақсатына қарай зерттеушілердің «этнолингвистика» деп аталатын «тіл әлемінің» тұтас шеңберін жеке-жеке салаларға бөліп қарастыруы этнос болмысының белгілі бір жақтарын көрсеткенімен, тұтас бейнесін айқындай алмайды. Осыған байланысты ол «этнолингвистика мен социология ғылымдарының аралығынан туған» (Б. Уорф) «халықтың тілінде салт-дәстүрі көрініс табады» (Ф. де Соссюр) «этностың дүниені тіл арқылы тануы оның салт-дәстүр, этнография, мифология» т. б. Символдық қызметімен байланысты (Э. Сепир) этнолингвистиканың болмысы ретінде антропологияны қолдау (АҚШ ғалымдары) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz