ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ, БАҒЫТТАРЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзекті мәселелері: Фразеологизмдерге теориялық жағынан зерттеу жүргізе отырып, фразеологизмдердің ерекшеліктерінің басты белгілерін көрсету, топтастыру арқылы фраезологиялық синономия, полисемия, омономия мәселерін қарастыру. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зерттеуге алғашқы кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Р. Сәрсенбаевтар фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғаш тұжырымдар жасады. Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның объектілерін, тілдегі орны мен табиғатын, зерттеу әдістерін анықтауда теориялық тұжырымдар жасап, іргелі еңбектер жазған үш мектеп өкілдері: Мәскеу, Санкт-Петербург, Самарқанд мектептері болған.
Фразеологиялық варианттардың қолданылуы, аудармадағы фразеологизмдер жайлы зерттеу. Фразеологизмдерді басқа да тілдік элементтермен салыстыру, құрамы, құрылымын, мағынасын, шығу төркінің қолданылу аясын және экспрессивті семантикалық бояуын ашып көрсету. Тіл білімінде фразеологизмдердің ашылмаған қырларын қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- Фразеологизмдердің өзіне ұқсас тұлғалардан айырмашылығын қарастыру, сөз тіркесі мен сөйлемнен айырып тануда зерттеушілердің пікірлерін салыстыру;
- Фразеологизмдердің байланысу тәсілдері мен формаларын меңгерту;
- Көмекші сөзді фразеологизмдердің сөйлемдегі қызметін шылау сөзді фразеологизм, көмекші есімді, етісікті фразеологизмдердің жасалу жолын зерттеу;
- Модаль сөзді фразеологизмдердің сөйлемдегі синтаксистік қызметін талдау.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы:
Қазіргі білім беру үрдісінде фразеологизмдерді зерттеу арқылы сөйлеу үрдісінде фразеологизмдердің сөйлемге енуі, синтаксистік тұлғалармен байланысы, грамматикалық қатынасын сөз тіркесі құрылымында қарастыру.
Зерттеу объектісінің теориялық және әдіснамалық негізі:
Фразеологизмдерді зерттеу бағытында сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы түсіндіру. Сөйлемге ену тәсілдерін анықтау. Фразеологизмдерге ұқсас формалардан басты айырмашылығын көрсету, байланысу формасы жайлы ғалымдардың пікіріне тұжырым жасау.
Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Фразеологизмдердің зерттелу кезеңдерін, зерттеудегі жаңа бағыттар жайлы теориялық түсініктерін қалыптастыру;
- ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ, БАҒЫТТАРЫ
1. 1 Фразеологизмдердің ұқсас тұлғалардан айырмашылығы
Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зерттеуге алғашқы кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Р. Сәрсенбаевтар фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғаш тұжырымдар жасады.
Қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген І. Кеңесбаев болды. С. Аманжолов фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы, Н. Сауранбаев фразеологияға не жататына зерттеу жасады.
60-жылдары Р. Сәрсенбаевтың «Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-стилистикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында, С. Исаевтың «Қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде» мақаласында фразеологизмдер мен тұрақты тіркестердің ерекшеліктеріне тоқталған.
70-жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде Ә. Қайдаров, Р. Жайсақова, А. Елешова қазақ фраеологизмдерін классификациялау мәселесіне тоқталды.
І. Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі - он мыңнан аса фразаны қамтыған «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» шықты.
80-жылдар қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ж. Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зерттесе, Д. Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы берілу жолдарын зерттеген.
90-жылдардан бастап тіл білімінің осы саласында жан-жақты ізденістер болды. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени-танымдық аспектідегі зеттелуін академик Ә. Қайдаров еңбектерінен көрінеді.
С. Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш. Сейтова өсімдікке байланысты тұрақты тіркестерге этно-лингвистикалық сипаттама берген, Қ. Ғабитханұлы наным-сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасап, Б. Уызбаева соматикалық-етістік фразеологизмдерді зерттеген.
Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның объектілерін, тілдегі орны мен табиғатын, зерттеу әдістерін анықтауда теориялық тұжырымдар жасап, іргелі еңбектер жазған үш мектеп өкілдері: Мәскеу, Санкт-Петербург, Самарқанд мектептері болған.
Қазақ фразеологиясының зерттелуіне шолу жасау барысында қазақ фразеологиясы ілімінің қалыптасу мен дамуына ат салысып жүрген үш мектеп өкілдері бар. Фраезологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы мен жеке авторлар шығармаларындағы фразеологимдердің қолданысы жайлы Ғ. Қалиев шәкірттері зерттесе, Қазақстан топырағында дүниеге келген, қазіргі таңда әлемдік тіл білімі саласында өзіндік орны бар М. М. Копыленко шәкірттерінің еңбектері қазақ-орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу мен тіл аралық берілу жайына арналған.
Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І. Кеңесбев көрсеткен барлық бағытта жүргізілген. Олар мынандай бағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрылысы, фразеологизм және ұйытқы сөздер, фразеологизмдердің этимологиясы, фразеологизмдегі калька, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді жеке автордың қолданылуы.
«Фразеологизмді сырт сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фразеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формаль тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады», - деп бағыт сілтеген І. Кеңесбаев [1] . Оларды синтакситік жағынан қарастырмайды. Бұл айтылған пікір, негізінен, фразеологизмнің ішкі құрылымына қатысты түсіндіріліп, фразеологизм жайлы зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың пікірі негізде оның ішкі байланысу тәсілін сөз етеді.
Қазақ фразеологизмдерін лексикалық тұрғыдан әр қырынан зерттеген ғалымдардың көбі олардың ішкі байланысу тәсіліне көңіл бөлген, фразеологизмдердің құрамы екі және одан да көп сөзден болып, сөз тіркестерінің байланысу формаларына ұқсас құбылыс екенін айтып өтеді. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік табиғатын зерттеген С. Сәтенова фразеологизмдердің синтаксистік сипатына әдейі тоқталып, сөз тіркесі құрылымды фразеологиялық тіркес, сөйлем түріндегі фразеологиялық тіркес деп бөліп қарастырған. Сөз тіркесі құрылымды фразеологиялық тіркес іштей қиыса байланысқан жау жетті, ел көшті, матаса байланысқан құланның асуы, мылтықтың басуы, меңгеріле байланысқан бөтегеден биік, жусаннан аласа қабыса баланысқан ай қабақ, алтын кірпік деп жік-жігін ажырата зерттеген [2] .
Х. Қожахметова фразеологизмдер сөйлемнің барлық мүшесі бола алатынын мысалдармен дәлелдесе[3], Н. Қошанова бұл жайлы арнайы еңбек жазып шығып, тұрақты тіркестің сөйлем мүше болуы - сөйлем аясының кеңеюінің бір жолы деген тұжырымдама жасаған[4] .
«Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздер сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі болмай, сол тобымен бір-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар олар сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тркестерінің құрамында айтылады», - дейді профессор М. Балақаев[5] .
Фразеологизмдердің сөз тіркесіне қатысына ерекше ден қойып, жоғарыда айтылғандары профессор Т. Сайрамбаев: «Фразеологиялық единицалар сөйлемде сол тобымен жеке сөз таптарының қызметіне ұқсас дәрежеде болады. Олар сол тобын жазбай өзара түйдекті тіркес тобын құрайды. Сол түйдекті тобымен сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа енеді. Сөз тіркесінің барлық байланысу формаларында жұмсалады» [6] .
Фразеологизмдер сөз тіркесінің белгілі бір сыңары қызметінде жұмсалады, алдымен, сөз тіркесі деген не, оның тұрақты тіркестен, атаулық тіркестен, күрделі сөзден ерекшелігін айқындайық.
Қазіргі қазақ тілінде жеке сөздерден басқа, тілдік тұлғалардың күрделі түрлері көптеп кездеседі. Сөйлем құрауға қажетті құрылыс материалы ретінде қызмет ететін толық мағыналы бірнеше дербес сөздерден құралатын сөз тіркестерімен қатар, тілдік даму барысында әбден қалыптасып орныққан, бөлініп ажыратылмайтын тұрақты тіркеске тіліміз өте бай. Тұрақты тіркестер тілдік тұлғалар жүйесінде олармен жарыса қатар өмір сүріп, көп ғасырлар бойы қалыптасып дайын күйінде қолданылатын тіркестерге айналған. Қас пен көздің арасында, бетінен оты шығу, сақ құлақ, қуыс кеуде, аузынан жырып әкетті, сақалын сипап қалды сияқты тұтас мағына беріп, мағыналары жеке сыңарлардың мағыналарына бөлініп-жарылмай, сөйлемде тұтасымен жеке сөздер тәрізді бір ұғым беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын фразеологизмдердің ерекшеліктері, басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы, ұқсас жақтары да бар.
Тұрақты тіркестер сөздермен семантикалық және синтаксистік қызметі жағынан жақын болғанымен, олармен бірдей емес, яғни олар жеке сөздер емес. Сөз бен тұрақты тіркесті жақындастыру қағидасы көптеген сөз тіркестерінің, күрделі сөздердің, терминдер мен атаулардың арасынан тұрақты тіркесті бөліп алу процесінде сүйенетін белгілерді анықтау керек. Өйткені тұрақты тіркесті анықтауда көбінесе оларды, негізінен, жеке сөздермен салыстыру орын алып келеді. Мысалы, көзін сатты (телмірді, тіленді), бет жүзің бар демеді (тайсалмады), ит арқасы қиянда (алыста) тіркестерінің фразеологиялығын анықтау үшін оларды жеке сөздермен салыстыру керек, өйткені екі немесе одан да көп дербес сөздерден құралғанымен, жеке сөз сияқты морфологиялық, синтаксистік және семантикалық қызмет атқаруға икемді бір тұтас тұлға сипатында тұр.
Фразеологиздер кемінде екі толық мағыналы сөзден тұрады, жартылай немесе толық ауыс мағынаға ие тұлға болып табылады. Барлық түрленетін, өзгеретін сөздер басқа сөздермен парадигмалық қарым-қатынасқа түсе алатын болса, фразеологизмдер түгел түрленіп, өзгеріске түсе алмайды. Құрамындағы парадигмалық қатынасқа түскен сыңарының ықпалынан фразеологизм өзінің мағынасын жойып, жеке-жеке бөлшектеніп, құрамындағы сыңарлары дербес сөйлем мүшесі қызметін атқаратындай дара тұлғаларға айналып кетпейді. Мысалы: Қаншама ер жетті дегенмен, бет моншағың үзілмеген жассың ғой, сондықтан ойыңа алған ісіңе батылдығың жете бермейді (С. Мұқанов) .
Бұл сөйлемде фразеологизмнің барлық сыңары емес, тек соңғы сөзі ғана өзгеріске түсіп тұр.
Фразеологизмдердің тұрақтылығы оны құраушы сөздер тобының өзара байланысынан да көрінеді. Дайын күйінде алынып, тұрақты қалпында қолданылуы оның мазмұн-мағынасы, құрам-құрылысындағы сөздердің бүтін тіркестің мағынасымен арақатынасы негізінде іске асады, тұрақты тіркестің ұқсас тілдік тұлғалардан айырмашылығын белгілеуге негіз болады.
Тілімізде фразеологизмдер тәрізді грамматикалық байланысы тұрақты, орын тәртібі бөлек, бөлініп-жарылмайтын, тұтас құрамымен сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын тұлғалар көптеп кездеседі. Осыдан келіп, ең алдымен, фразеологизмдерді өзіне ұқсас тұрақты тұлғалардан ажырату қажеттілігі тұрады. Мұндай тұлғалар: күрделі сөздер, атаулық тіркестер, шектеулі тіркестер, түйдекті тіркестер. Бұл тіркестердің әрқайсысы сөз тіркесінің жеке сыңары болып, сөйлемге бір мүше болып енеді.
Жалпы, түркологиялық әдебиетте сөз тіркесі дегенді бөліп қарамай-ақ, «анықтауыштық есімдер тобы» дегенге ерекше көңіл бөлінді. Оның себебі ертедегі түркологтар түркі тілдерінің синтаксистік құрылыстарында кездесетін өзгеше құбылыстарды айқындады.
Зат есім мен зат есімнің, сын есім, сан есімдердің зат есіммен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқа еніп, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы түркі тілдерінің елеулі өзгешелігі болып саналған. Бұл өзгешелік түркологтарды қатты қызықтырды, бірақ олар ондай есімдер тобын сөз тіркесі тұрғысынан емес, сөйлем мүшелерінің құрылысын айқындау тұрғысынан қарастырды. Профессор А. П. Поцелуевский сөз тіркестерін былай бөледі:
- детерминативті;
- салалас;
- сабақтас;
- сөйлем.
Автордың сөз тіркесі аясында әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады. Мұнда сөйлемді де сөз тіркесінің бір түрі деп таныған соң, бірінен-бірінің дербестігі бар екі түрлі синтаксистік бірлік араласып кетеді.
Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зерттеген - Е. И. Убрятова. Ол сөз тіркестерінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады. Сөз тіркесін «бір бүтін мағыналық бірлік» деп танып, екінші жағынан, сөз тіркесін «предикативті», «предиикативті емес» деген тұрғыдан қарастырады, сөз тіркесі дегеннің аясын дамытып, жай сөйлем ғана емес, құрмалас сөйлем де сөз тіркесі болады деген пікірді ұсынады.
Бұл принципке қарағанда сөйлемнің сөз тіркесінен бір өзгешелігі - біріншіден, әрбір сөйлемнің айтылу интонациясы болады. Бұл қасиет сөз тіркестерінде болмайды. Екіншіден, негізінде, сөйлемдерге тән нәрсе олар көбіне бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құралып, біршама аяқталған ойды білдіреді. Бұл құбылыс та сөз тіркесінде үнемі бола бермейді. Сөз тіркесі толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің бір бөлшегі ғана бола алады. Сөз тіркесі мен сөйлемнің осындай айырмашылықтары болғанмен, олардың өзіндік ұқсастықтары да бар.
Сөз тіркесін зерттеген ғалымдардың бірқатары сөз тіркесіне номинативтілік қасиет тән, ал сөйлемге коммуникативтік қасиет тән деп көрсетеді. В. В. Виноградов, К. Аханов сөз тіркесіне номинатвтік қасиет тән, М. Б. Балақаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады. Қазақ тіл білімінің маманы профессор К. Аханов: «Сөз тіркестері номинативтік сипатқа бұрыннан жасалып қойған даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдік грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады», - дейді [7] .
Сөз тіркестерін номинативтік единицалар қатарында қарауға болмайтындығын М. Балақаев: «Алдымен, сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркесі құрылымында пайда болған терминдік тұрақты атаулар: қант қызылшасы, темір жол, мал дәрігері, ақ қайың» [8] .
Сөз тіркесі номинацияланғанда, ол синтаксистік тіркес сипатынан айырыла бастайды, бір ғана атаудың тілдік көрсеткіші болып, бір ғана сөздің мәніне ие болады. Оның құрамындағы сөздер синтаксистік қатынастан айырылып, тұрақтанып, лексикаланады да, әрқайсысы сөйлемнің жеке-жеке құрылыс материалы болудан гөрі сөйлемде дайын бүтін ретінде жұмсалады.
Сөйлем, оның ішінде жай сөйлем мен сөз тіркесі сырттай қарағанда ұқсас, бірақ бұлардың арасында елеулі айырмашылық бар.
Профессор Р. Әмір: «Сөйлем - коммуникативтік тұлға, яғни пікірді білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз тіркесі өз бетімен бұл қызметті атқара алмайды. Олар тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады, ұғымның атауы болады. Пікір белгілі ұғымдардың негізінде, солардың өзара қатынасы негізінде құралады», - деп көрсеткен [9] .
Сөз тіркестерінің негізгі белгілері деп профессор Т. Сайрамбаев мыналарды айтады:
- сөз тіркесінің байланысу формалары;
- сөз тіркесінің байланысу амалдары;
- сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары;
- сөз тіркесінің түрлері [6] .
Сөз тіркестерінде интонация мен орын тәртібінің құрылысы негізгі элементі болып кіреді.
«Сөйлем сөз тіркесінен предикативтілік қасиетімен, коммуникативтілік қызметімен, сондай-ақ интонациялық, модальдылық белгілерімен ажыратылады. Ал мұндай ерекшеліктер сөз тіркесінде болмайды», - деп тұжырымдайды [10] .
Сонымен, сөз тіркесінің ерекшеліктерін ажырату да профессор М. Балақаевтың төмендегі тұжырымдарында «Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін оның мынадай белгілерін білу керек:
- Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.
- Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
- Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Лексикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы - бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары бірігіп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық анықтауыштық, пысықтауыштық, не болмаса шақтық, мекендік, меншіктік мағына пайда болады» [11] .
Осы аталған ерекшеліктер сөз тіркесін басқа тіркестерден ажыратуда негізге алынған.
Сөз тіркесі синтаксисінің үлкен мәселесінің бірі - күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің айырмашылығы. Күрделі сөз бен сөз тіркесі жайында М. Балақаев, А. Ысқақов, К. Аханов еңбектерінде қарастырылған.
К. Аханов күрделі сөздер сыңарларының арасындағы анықтауыш +анықталғыш, толықтауыш+толықталғыш, пысықтауыш+пысықталғыш қатынастар жойылып, бір бүтін сөз ретінде ұғынылса, сөз тіркесі сыңарларының арасындағы жоғарыда аталған синтаксистік қатынастар сақталып, ол сыңарлар сөздер бірін-бірі анықтайтын, толықтайтын, пысықтайтын сыңарлар ретінде қызмет атқарады. Демек, сөз тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін де, синтаксистік дербестігін де сақтайды деген, А. Ысқақов күрделі сөздерді жай сөз тіркесінен ажырататын белгіні, алдымен, күрделі сөздің сыртқы түр-тұрпатынан, екінші дыбыс ырғағынан, лексика-семантикалық мағынасынан және грамматикалық қызметінен, қысқасы, олардың компоненттерінің арақатынасынан іздеген дұрыс екендігін айтады [12] .
Сөз тіркесінің синтаксисін жан-жақты зерттеп жүрген профессор Т. Сайрамбаев күрделі сөз бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылықтарға, жоғарыдағы айырмашылықтар қатарын толықтырады:
- Күрделі сөздің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылмайды, екеуі бірігіп бір-ақ сұраққа жауап береді, ал сөз тіркесінің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылады.
- Күрделі сөздің әрбір сыңарының орны жылжымалы емес, сөз тіркесінің әрбір сыңарының орны жылжымалы.
- Күрделі сөз сол тобымен морфологиялық өзгеріске ұшырайды көптеледі, септеледі, жіктеледі, сөз тіркесінің әрбір сыңары морфологиялық өзгеріске ұшырайды.
- Күрделі сөз тұтасымен басқа сөзбен синтаксистік байланысқа түседі, ал сөз тіркесінің әрбір сыңары жеке-жеке синтаксистік байланыста жұмсалады [6] .
Қазақ тіліндегі күрделі сөз жайын зерттеуші Ж. Шәкенов күрделі сөздің оған ұқсас құбылыстардан айырмашылығы мен ерекшелігіне көп тоқталады. Күрделі сөз бен фразеологизмнің ұқсастығы мен айырмашылығын жіктеп көрсетеді. Алдымен, олардың ортақ белгілері:
- күрделі сөздер де, фразеологиялық тұлға да бір ұғымды білдіреді.
- идиома, фразалар секілді күрделі сөздер де кемінде екі сөздің тіркесінен құралады.
- фразеологиялық тұлғалар да лексика-грамматикалық мағынадан құр емес.
Бұдан әрі күрделі сөз бен тұрақты тіркестің арасындағы 8 түрлі айырмашылықты дәлелдеп төмендегідей жіктеген:
- екеуінің де төркіні еркін тіркес болғанымен, басқа-басқа категория болып қалыптасуына әртүрлі процесс ұйытқы болған.
- екеуі де қалыптасып қалған құрылым болғанымен, фразеологиялық тұлғаларда күрделі сөздердей дербес мағынасы бар атауыш сөздермен шектелмей, оған көмекші сөздер де қатысады.
- идиома, фразалар күрделі сөздердей тура, ауыспалы мағынада емес, үнемі бейнелі мағынада жұмсалады.
- тұрақты тіркес тұлғалары сөз табы болмайды, бірақ негізгі сөз табымен орайлас келіп, оның сөйлемдегі қызметінде жұмсалады.
- күрделі сөз басқа сөздің жасалуына негіз болу қасиеті белгілі дәрежеде сақталған, ал идиома, фразаларда ол қасиет жоқ.
- күрделі сөздің қолдану аясы кең, ол көптеген сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, оның бойындағы әр алуан қасиеттерін айқындайтын болса, тұрақты тіркес тұлғалары, негізінен, мінез-құлық немесе жеке затқа тән ерекше бір қасиеттерді білдіреді.
- идиома, фразалардың дені басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді, күрделі сөздердің жеке түрлері болмаса, көпшілігін басқа тілге аударуға болады.
- фразеологиялық тұлғалар сөйлем ішіне түскенде, әуел бастағы түр-тұрпатын сақтайды, ал кұрделі сөздер алуан түрлі қосымшалармен өзгеріп түрленеді [13] .
Күрделі сөз бен тұрақты тіркес арасындағы айырмашылық пен ұқсастық жайлы Ж. Шәкеновтің тұжырымдарын толық келтіріп отырған. Оның орнына фразеологиялық тұлғалар да, күрделі сөздер де сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түскенде бұл екеуінің де соңғы сыңарлары ғана түрленіп отырады. Бұл ерекшелікті екеуінің айырым белгісі емес, ұқсастықтарына жатқызамыз. Мысалы, күрделі сөздердің сөйлем ішінде қосымшалармен келеді. Аяқ киімім қысып жүр. Бас киімімді жоғары қойдым. Фразеологизмнің сөйлем ішінде қосымшалармен келуі. Бұл сыбысты ұзын құлақтан естідік. Мына көк долыңды алып кетші.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz