ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзекті мәселелері: Төлен Әбдікұлы - қазақ әдебиетіне 60-70 жылдары келген жазушы. Ұлттық көркем ойға соны леп, терең таным әкелген қабырғалы қаламгерлеріміздің бірі, аз жазса да саз жазатын талғампаз талант. Жазушының шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттермен қоса заман талабына сай адам тағдырын анық суреттеуге арналған.
Төлен бүгінде көп қырлы, сан сырлы шығармаларының арқасында зор абыройға бөленген, талантымен танылған тұлғалы жазушы. Оның әрбір жаңа шығармасы жариялана сала жұртшылық тарапынан қызығушылық тауып, баспасөз беттерінде әрқилы қызу пікірлер айтылып жатуы да сол дарын даралығының басты белгісі болса керек. Бұл әрі жазушы шығармаларының қарапайым оқырмандарға рухани тірек екендігінің де жарқын мысалы.
«Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты жазушы тарапынан оқырманға кеңес дәуірінің шындығын, қазақ елінде болған ұлы соғыстың ауыртпашылығын, өмір шындығына қатысты сөз етілген оқиғаларды танып, түсініп, саралай білуге мүмкіншілік беретін шығарма. Қазіргі таңда өзекті талқыланып жүрген жазушының өзіне тән ерекшелігін көрсете білген, өз заманы тұрғысынан алып қарағанда нағыз өзекті тақырыптардың бірі екенін мойындататын шығарма.
Зерттеудің мақсаты, міндеттері: жазушының бұрын толық зерттеліп үлгермеген «Тұғыр мен ғұмыр» хикаятындағы заман шындығына сай талан-таражға түскен адам тағдырын ашып көрсете білу. Сонымен қатар, Төлен Әбдікұлының жалпы прозалық шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерін, қаламгердің стильдік белгілерін зерттеп, шығармаларындағы автор табиғатын аша білу. Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық жұмыста мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды:
- Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу жасау;
- Жазушының шығармаларындағы автор табиғатын ашу, оның ішінде шығармаларының үндестігін, әрбір шығармадағы оқиғаларды өмірмен байланыстыра алып суреттеуін аша білу;
- оқырманның мәтінге қатысын анықтау;
- «Тұғыр мен ғұмыр» хикаятының идеясын ашу;
- Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау;
- Кейіпкерлер бейнесін ашу, шығармадағы оқиғаларға қатысын анықтау.
Зерттеу объектісі, теориялық-әдіснамалық негіздері: жұмыста Төлен Әбдікұлының шоқтығы биік «Әке», «Оралу», «Ақиқат», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы» повестері, «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Бассүйек», «Оң қол», «Жат перзент», «Бір күндік ашу» сынды әңгімелері және басты тақырып «Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты негізге алынды. Талдау барысында көптеген қазақ зерттеушілері мен жазушыларының пікірлерін негізге алумен қатар, автор табиғаты, оқырман, авторлық позиция, автор тұлғасы сынды теорияларды пайдалану жүзеге асырылды. М. Оразбектің «Көркем прозадағы шығармашылық тұлға мен авторлық позицияның арақатынасы», Г. Танабаеваның «Төлен Әбдікұлының шығармашылық нысаны» атты еңбектерімен қатар, Қ. Құрманғали, Д. Исабеков, Ә. Кекілбаев сынды жазушыларымыздың пікірлері мен ой-тұжырымдары жұмыстың негізі болды.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы: жұмыстың нәтижелерін Төлен Әбдіковтың шығармашылық алаңына талдау жасағанда пайдалануға болады. Әсіресе, әлі көпшілік талдап, зерттей қоймаған, тек кейбір талантты жазушылардың пікір білдіруімен шектелген «Тұғыр мен ғұмыр» хикаятының идеялық-көркемдік сипатын, композициялық құрылымын тани білуге көмек береді.
1 ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ
- Суреткер және өмір
Қазақ прозасына алпысыншы жылдардың бел ортасында шоғыр-шоғыр боп талантты жастар келе бастады. Өртеңге шыққан құрақ қамыстай олар бірінен соң бірі дүрмек-дүрмек боп кеп, бір-бірімен жарыса жазып, қазақ оқырмандарының кітапханасын жаңа шығармалармен байыта түсті. Ол шығармалар алдыңғы аға буынның шығармаларынан бөлекше тыныстағы, көпсөзділік пен шашыраңқы оқиғалардан арылған, жаңа ой мен жаңа идеяны образ табиғатына сіңіре білген, керексіз, жанама детальдардан тазарған, қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейін жаңа биікке көтерген шын мәніндегі жаңашыл шығармалар болды. Айтылған шоғыр-шоғыр таланттардың ішінде осындай өмірдің мәні мен мақсатын сезіндіріп, жаныңа жылу құйып, нұрландыратын туындылары арқылы туған әдебиетіміздің мерей-мәртебесін өсіріп жүрген жазушыларымыздың бірі - Төлен Әбдіков те бар еді.
Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері (2002) . 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітіреді. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер болып қызмет жолына аяқ басады, одан бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1970-77 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, кейін бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редакторлықпен қатар, Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы және Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметін атқарса, 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары болды.
Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан бастап жариялана бастады. "Көкжиек" жинағы 1969 жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы "Ақиқат" атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді. 1979 жылы "Айтылмаған ақиқат " әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде "Истина" әңгімелері мен повестері жарық көрген. Қазақтың қынадай қырылып жер аударылып, халық жауы ретінде ұсталып, атылып, айдалып кеткен аласапыран заманды суреттеуге арналған «Өлі ара» романы 1985 жылы жарық көрсе, сол жылы "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. 1987 жылы "Ақшоқыда қыс қатты" және 2002 жылы "Парасат майданы" шығармалары жазылған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды. Халықаралық Франц Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003) . Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004) . Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгіл жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Жазушы 10-нан астам повесть, әңгіме, 1 роман, 2 пьесаның авторы. Ал, тырнақ алды «Райхан» атты әңгімесін қаламгер 20 жасында жазыпты. Ал, соңғы жылдары «Ардагер» атты пьеса мен «Тұғыр мен ғұмыр» атты повестті жарыққа шығарды. «Ардагер» пьесасы Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған драматургиялық шығармалар байқауында бас жүлдені алды [1] .
Төлен бүгінде көп қырлы, сан сырлы шығармаларының арқасында зор абыройға бөленген, талантымен танылған тұлғалы жазушы. Оның әрбір жаңа шығармасы жариялана сала жұртшылық тарапынан қызығушылық тауып, баспасөз беттерінде әрқилы қызу пікірлер айтылып жатуы да сол дарын даралығының басты белгісі болса керек. Бұл әрі жазушы шығармаларының қарапайым оқырмандарға рухани тірек екендігінің де жарқын мысалы.
Жазушының алғашқы шығармасы - «Әке» повесі. Бұл жеделхат алып, әкесінің хал үстінде жатқанын естіген Сайлаудың елге келуі, көптен бері көрмеген ауылдағы ағайын, жұртпен жүздесіп, ақыр соңында көз алдында қайтыс болған әкесі Сейсенді арулап жерлеп, Алматыға аттануымен аяқталатын хикаят. Өмір бар жерде өлім-жітім бар. Бұл - тіршіліктің қалыпты, айнымас заңы. Оқиға желісі осындай белгілі жағдайға құрылса да, жазушы қазақтың ұлттық ұстанымына қатысты қалыптасқан келелі мәселелер төңірегінде ой толғап, сыр бөліскен. Сондай-ақ, хикаятта қазақ елінің өміріндегі кешегі Кеңес орнатқан алғашқы жылдардағы аласапыран, ашаршылық пен отыз жетінің қуғын-сүргіні, соғыс салған сойқан сынды қилы кезеңдер, сол тұстағы Сейсен ақсақалдың әулеті мен жалпы ел-жұрттың тағдыр кешулері кеңінен қамтылған. Жазушы қысқа қайырым арқылы көп нәрсені көкейге қондыруға тырысып баққан және сол мақсатын сәтті орындаған [2] .
Аталмыш повестің оқиғасы екі кезең: өткен заман мен қазіргі өмірдің өзекті мәселелерін алма-кезек жарыстыра баяндау арқылы өрбиді. Сейсен ақсақалдың және алыс-жақыннан оның көңілін сұрай келген көзкөрген көнекөз қариялардың өткен өмірлерін - тағдыр кешулерін тілдеріне тиек ете әңгіме шертулері - осынау жазушының ойлап тапқан оқырманды жетелеп отыратын оңтайлы тәсілі. Сайлау әкесінің естелік әңгімесін жадында жаңғыртып, Сейсен әулетінің - төрт ұлдың қилы тағдыры арқылы күллі Алаш жұртының өмір тарихымен танысады. Ал әкесінің көңілін сұрай келген кісілердің әрқилы әңгімелері арқылы ел ішінің тұрмыс-жағдайы, өткен-кеткен мезгілдің келеңсіз өкініштері мен өнегелі оқиғалары келістіре кестеленген. Хикаяттың бағасын асырып тұрған бір қыры - оның өмірлік өнегені өзгеше дәріптеуі және сол арқылы өткен заман мен бүгінгі уақытты ұштастыра суреттеуі. Бір ғана мысал: заманында байлығына мастанып, жан баласына тақымы толмай тәкаппарланып, астамшылық жасаған Қамбар байдың кәмпескеге ілігіп, ашаршылық жылдары аштан өлгені, қой сойып қонаққа шақырған үйге бәлсініп бас сұқпайтын, кезінде мыңғырған мыңды айдаған Естөренің кейін қайыр сұрап кеткенін баяндауы уақыт шындығының көркем шежіресі. Осылайша, суреткер-жазушы бай болсаң да, басшы болсаң да асып-таспа, бұл тіршілікте адастырмайтын жалғыз жол бар, ол адалдық, арлылық, адамгершілік қасиетті қастерлеу екендігіне мойынсұндырып отыр. Заманның зорлығын, қоғамның қорлығын басынан кешкен бас кейіпкер Сейсеннің тағдыры арқылы жазушы барша қазақ халқының өмір жолынан сыр шертіп, артта қалған өмірдің ақиқатын айтып отыр. Отаршылдық өктемдіктен, бодандық бұғаудан қазақты құтқарған тәуелсіздік екендігі, сондықтан оған тәу етіп, қалтқысыз қызмет жасау бүгінгі ұрпақтың бақыты екенін еске салуы да өте орынды.
Осы шығарманың шырайын шығарып тұрып түпқазық ойдың түйінін жазушы негізгі кейіпкері Сайлаудың өз-өзіне сұрақ қойып, соның жауабын тапқан сәттегі көңіл-күйін суреттеу арқылы жетемізге жеткізген. «Әкемді бір риза қылатындай жақсылық жасап көрдім бе? Осылай түк көрмей . . . дүниеден аттанып кете бермек пе?!. . Өмірде не ата-анаңа, не дос-жаранға көңілдегі жақсылығыңды жасай алмай, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандай өкінішті».
Үлкен қалада оқып, ел қатарлы ғұмыр кешіп жатқан баланың әке алдындағы перзенттік парызын өтей алмай, өзегін өртеген өкінішін, яғни алдағы жаз, келер күз, ендігі жылы деп жүріп, қалаға әкеліп, білікті дәрігерлерге көрсетіп, дімкәс әкесін дертінен айықтыру, немерелерін көрсетіп, мауқын бастыру, сөйтіп көрген қызығынан тартқан бейнеті көп Сейсен ақсақалдың көкірегіндегі шер-шеменінен құлантаза айықтырып жіберетіндей бір қуантсам деген ой көкейінде жүрсе де, енді міне өмірінің санаулы сәтінің үстінде сол арманының орындалмайтынына қабырғасы қайыса қайғырған Сайлаудың ағынан ақтарыла айтқан сыры оқырмандардың да санасына сәуле түсіретінін іштей сезінесің. Ал бұл жазушының адамгершілік сынды арда қасиеттің өнегесін өрнектеу арқылы жұртшылық жүрегіне жеткізу жолындағы тамаша тәсіл, табылған ақыл.
Бұл шығарманың басты тәлімі баланың ата-ана алдындағы парызына адалдығын - адамгершілігінің, сана-сезімінің, ой-өрісінің деңгей-дәрежесіне байланысты екендігіне көз жеткізу. Тағы бір тағылым - Сайлаудың әке қазасынан кейінгі көкірегіне түйген ойы. Оның Алматыға қайтып бара жатқанда көңілі босап, көзіне ыстық жас үйірілетіні бар. Сөйтсе, оның жылау себебінің сыры әріде екен. Оны жазушы басқа бірдеңе еді деп жұмбақтай аяқтаса да, Сайлаудың әкесінің неге жалғыз ұлының қолына көшіп келмегенінің сыры оқырман ойының күдігін сейілтіп жібергендей. Тіршілікте қайда жүрсе де кім-кімде туған жерінен топырақ бұйыруын неге тілейтінінің себебі Сайлаудың санасына енді жеткендей. Өзі жақсы адамның өлген соң да қадірі қашпайтыны, осынау ұлттық ұлық қасиеттің ел ішіндегі жалғасып келе жатқандығы, бір кейіпкер емес, жалпы қазақ баласының болмысына жұғысты болуын қалаған қаламгердің ізгі арманы шығар, бәлкім . . .
Шығармадағы қазақтың көпті көрген шүкіршіл шалдарының ортақ образы, нағыз типтік бейнесі ретінде алып қарауға лайық кейіпкер осы Сейсен. Жазушы оның өлер алдындағы бақұлдасуын - өсиеттей сөздерін келтіре отырып, қанша азапты ғұмыр кешсе де, тағдырынан түңілмеген, көрген қайғы-қасіретін қайсарлығына жеңдіре білген, тәубасын айтумен ана дүниеге алаңсыз аттанып бара жатқан сәтін, сондай бір адамдық қасиетін алға тарта отырып, еш әсірелемей жазып шыққан.
Повестегі Сейсен қарияның жалғыз ұлы Сайлаудың Алладан амандығын сұрап, тілеуін тілеп күн кешуін, әке алдындағы перзенттік парызын өтей алмағанына өкініп, өзін кінәлі адам қатарына қосқан Сайлаудың жан күйзелісін оқи отырып, бейнебір өз басыңнан өткерген жағдайдай сезінуің ғажап. Әке мен бала арасындағы арманға, сыйластық пен қимас сезiмге толы баян сенің де жан сарайыңды тазалап, адамдыққа, кісілікке деген ақылыңды нұрландырып, жақсылыққа, ізгілікке деген іңкәрлігіңді арттыра түседі.
Хикаяттың жаныңды баурап, қимастық сезіміне бөлейтін, қазағыңның әзіз қасиеттеріне сүйсіндіретін жерлері де жетерлік. Келін түсіру, беташар мен сәлем жасату, балажандық, немеренің тәттілігі, ата-ананың баласын еркелетуі, алыста жүргенде хат алғандарына қуанып, сүйінші беруі, алданыш жасауы, қарттардың қартайса да қалмаған құрдастық әзіл-қалжыңдары, қан майданда мерт болған боздақты әке-шеше, туған-туысқа естіртудің, қайтқан адамды арулап жерлеудің ұлттық жоралғысы, тіпті үлкен кісілердің топырағын туған жерден бұйырсын деген тілектерін аманат етуі сияқты небір сындарлы қазақы мінез-құлық, дәстүр-салт повесте әдемі әдіптелген-ақ [3] .
Жазушының кемел талантын танытқан келесі бір шығарма - «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт». Бұл повестің оқиғасы да жалғыз ұлдың жыры. Жалғыз ұлдан айырылып, қайғыдан қара жамылған Қожабек қарттың қу тіршіліктен енді ештеңе қаламайтын, өзін тіпті жарық дүниенің адамы санамайтын түңілісті тағдырын баяндаған жазушы ұлының ең болмаса үйленіп, артына алданыш болар тұяқ тастап кетпегеніне қамыққан қарттың көңіл-күйін оқырмандары да қабырғалары қайысып, жандары жылап оқитындай шеберлікпен жазып шыққан. Қамкөңіл қарияның «Кісіге жасаған бір түйір қиянатым жоқ еді, қу бас атандыратындай жасаған ием, не жазығым бар еді», - деп көкірегі қарс айырыла жылауы сенің де жүрегіңді қозғайды. Сөз құдіреті деген тегі осы болар. Жастайынан атағы елге жайылып, мақталып, ұдайы мәртебелі қызметтер атқарып жүрген Болаттың білімділігін, іскерлігін, инабаттылығын, рухани тазалығын газет-журналдар жабыла жазып, жиналыстарда есімі өзге жұртқа үлгі ретінде аталатын. Қызмет бабында болмаса, күнделікті тіршілікте аралас-құралас жүрмей-ақ, бейтаныс адамдардың баласының кісілігін қалай бағалайтынына қайран қалатын. Әкенің көңіл түкпіріндегі сол күдікті ой кейін шындыққа айналды. Ол келбеті келісті, қалтасы қалың баласы Болаттың жігітшілік буына желігіп, ару қыздармен достасуынан қоштасуы жедел болғанын, тіпті артында баласы қалғанын құлағы шалғанда өз ойының үдесінен шыққанына таңғалған және өкінген-тін. Болаттың жолдастары арқылы әлгі қыздарға жолығып, біреуінен бала туса, баға алмай оның жасқа жетпей шетінеп кеткенін, келесі біреуінің немересін беруден үзілді-кесілді бас тартқанын, кезінде өзін қорлап тастап кеткен жігіттің өліміне мүлде қайғырмайтынын естіп, Қожабек қария баласының қылығына әрі ұялып, әрі іштей ренжіп еліне қайтқан. Осындай оспадар, қисынсыз қылығымен әке жүрегін жаралап, айықпас рухани дертке ұшыратып кеткен Болаттың жеңілтек мінезі, бұралаң өмір жолы өзгелер тәлім алар сабақ емес пе?! Осы повестің негізінде түсірілген кинофильмді де жұртшылықтың жылы қабылдағаны есте [4] .
Суреткердің «Оралу» повесі де тәуір туындылар санатында. Осынау оқу бітіре сала жолы ашылып Алматыда қалып, бір мықтының қызына үйленіп, сырт адамдардың ойынша, ел алдында жүрген жігіт есебіндегі Әбдікәрімнің шын мәнісінде тағдыры тайқы болатын. Себебі, оның жасындағы алау арманы, үміт-дәмесі, студент кезіндегі білікті ғалымның талантты, болашағы зор деп бағалауы, алғашқы сәтті қадамдар бүгінде құр қолпаш сөз, есек дәме күйінде бәрі жайына қалған. Қатардағы жорналшыдан аса алмаған Әбдікәрімнің алғашқы махаббаты, бала ғашығы- Бәтиманы араға ондаған жылдар салып іздеп келуі, келіншектің сонау бір қимас күндерді еске түсіріп, қуана қарсы алғаны, ұзақ уақыт өтсе де, ұмытылмай жүрегінде сақталған періште сезімінің сағынышы - көз жасының сырын түсінген жігіттің осы келісін жүрек сыздататын сырлы сөздермен суреттеген сәт көңіліңді толқытады. Сүйіспеншіліктің құпия сырын шерткен хикаят жан тазалығына, сезім мөлдірлігіне деген іңкәр көңіліңнің сағынышын жырлаған тамаша туынды екені даусыз [5] .
Әңгіме жазу - жүгі ауыр өте қиын дүние. 10-15 беттің ішіне мән-мағына, өнеге, тәрбиенің барлығын қамту кез келген адамның қолынан келе бермес. Бұл жерде роман, поэма жазатындардың жұмысы оңай деуден аулақпыз. Әр жанрдың өз көтерер жүгі бар.
Жалпы, жазушының шеберлігі жазған әңгімелерінен айрықша аңғарылатыны белгілі. Төлен де бірсыпыра әңгіме жазған. Солардың ішінен «Бассүйек», «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Жат перзент» әңгімелерінің тақырыптары да, мақсаттары да өзгеше өрнекті, өнегелі шығармалар. Бұлардың қай-қайсысы болсын бүгінгі күннің тіршілік-тынысын танытатын туындылар.
Айталық, «Бассүйек» мүсінші Хамиттың атақты Жаубөрінің келбетін жасау үшін қаншама жыл ізденіп, шығармашылықтың шырғалаң жолын таппай қиналғандығы, өлi тарихты тiрiлту пешенеге оңай бұйыра салатын бақыт еместiгi нанымды бейнеленген. Ол әуелде сәтсіздігін: «Мен антропологпін, сондықтан батырдың образын емес, пішінін кескіндеуге тиіспін», - деп сылтауратқан. Ал нағыз батырдың бейнесін сомдау үшін Жаубөрінің тарихтағы алатын орнын, халқына қадірін, өмір жолын мұқият зерттеп алып және өзі де жан дүниесін байытқанда ғана үміті ақталып, арманы орындалатыны біртіндеп жетесіне жетеді. Батыр туралы ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді тыңдап, оған қатысты тарихи деректерді зерделеді. Ақыр соңында Жаубөрінің жанқиярлық ерлігі мен халқына қадірін жан жүрегімен сезінген мүсінші өзіне ерекше шабыт оралғанын іштей сезініп, белін бекем буып іске кіріседі. Жаубөрінің бекзат бейне-мүсіні осылай сомдалғанын жазушы сендіре суреттегеніне дән риза боласың.
«Бассүйек» әңгімесіндегі автор түйіні - әр адам өзгені тану үшін өзін тану қажеттілігі. Қанша мықты адам болса да өзін тани алмаса, өмірден бос өтетіні анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz