ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1 ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ...
1.1Танымдық тіл білімінің негізгі теориялық 6
тұжырымдары ... ... ... ... ...
1.2Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл білімінде 11
қалыптасуы ... ... ... ...
2 ТАНЫМДЫҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ КОНЦЕПТ ҰҒЫМЫНЫҢ
ҚАРАСТЫРЫЛУЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...23
... ... ... ... ... ... ... .
2.1Танымдық тіл біліміндегі 23
концепт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2.2Тілдің танымдық 50
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы танымдық ғылым өзінің бастауын ежелгі дәуірден
алатындығы белгілі, себебі танымдық ғылымның нысаны болып саналатын таным
мен ақыл, олардың өзара қатынасы сонау ерте заманалардан пікірталас тудырып
келген түсініктер. Бұл дегеніміз танымдық ғылымның ең маңызды да, басты
мәселесі классикалық мәселе - тіл мен ойлау екендігін анықтай түседі.
Поэтикалық мәтіндегі тіл мен ойлаудың өзара қатынасы ертеде
философтарды бірден-бір ойландырған мәселе болса да, бүгінгі таңда осы
мәселе де күн тәртібінде тұрғандығын көруге болады. Бұның айғағы Платонның
Кратилі - тілдің танымдық құрал екендігі жөнінде сөз қозғалған ең алғашқы
философиялық талдауы. Тіл жөніндегі Платонның тәржімелеуінің негізі-
атаулардың қоршаған ортаны танып білуде абсалюттік дәлме-дәл еместігінде.
Платонның пікірі бойынша атаулар көмегімен қоршаған ортаны танып білу
танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл процестің ең
жоғарғы сатысы байқап бағдарлап, мән-мағынасын түсіне танып білу болып
саналады. Платонның тілдің танымдық қызметін бүндай шеңберде шектеуі сол
дәуірдегі тілді символдық белгі ретінде қарастырмай, табиғи белгі
тұрғысынан қарастыру көзқарасының қалыптасуынан деп тұжырым жасауға болады.
Ал үндітанушы ғалымдардың пікірлері бойынша, үнді философы
Анандавардханидың (IX б.э.) іліміндегі семантикалық өзгерістердің сипаты,
ойлау мен тіл арақатынасы ойдың пайда болуы мен сөзбен жеткізу арақатынасы
мәселелері бойынша айтқан ойлары қазіргі кезде де өз құндылығын жоймаған.
Қытайдың конфуциандық ілімін қарастырсақ, бір заттың мағынасын түсіну үшін
оның алғашқы идеялық болмысына, идеалдық мағынасына, дұрыс атауларына
оралу ғана сол заттың белгілі болуына жол ашады деп түсіндіреді. Ежелгі
қытайлық И Чинг (Өзгерістер кітабы) концепциясында адамның ойлау, таным
процесі бір-біріне қарама қарсы Ян (позитивті) және Ин (негативті) екі
полюстік өлшем арқылы сипатталатындығын мәдениеттану мен философия
ғылымдарының негізінде көруімізге болады. Мұсылмандық қайта өрлеу кезеңі
болып саналатын X ғасырда Абу Хайан тілдің кез келген болмасын элементінің
маңыздылығы айта келе, тілсіз ешқандай да ойлаудың болмайтындығы нагізінде
тіл мен ойлаудың өзара тығыз арақатынасы туралы айтқан ойларын орта
ғасырлық шығармаларды зерттеген ғалымдардың еңбектерінен көруге болады.
Демек, сонау Платон ой тоқтатқан тіл мен ойлау, танымдық процесіндегі
тілдің алатын өзіндік ролі мәселелері әлі күнге қазіргі заман ғылымдары
болып табылатын таным ғылымының нысаны болып саналады.
Әрине, бұл мәселенің ізденіс шеңбері кеңейіп, таным, интенционал, тіл
логикасы т.б. ұғымдарымен толықтырылып жаңа концепсиялар, бағыттар
негізінде зерттелуде. Қазіргі кезде әсіресе, шет елдік ғалымдарының өзіндік
зерттеу нысанына байланысты танымдық бағыттағы көптеген ғылыми ізденістері
жарық көрді.
Танымдық тіл білімі алғашқыда нейролингвистика ғылымы жасанды
интеллект және компьютерлік ғылымдар аясында зерттелінді. Зерттеу барысында
ғалымдар оның адамзат баласының дүниетанымын, парасат-пайымын, ойлау
деңгейін, тілдік бейнесін де қарастыратындығына көз жеткізген болса, кейін
келе адамның танымын, білімін, ойлау құбылыстарының сан қырын ашу бұл
ғылымның маңызды аспектілеріне айналады. Тіл мен танымның арақатысын толық
қабылдай қоймаған бұл ілімнің нақты танымдық үлгілерді құрастыруда, түсіну
процесіндегі танымдық күтудің маңызын сипаттауда өзіндік қол жеткізген
жетістіктері де болды.
Халықтың болмыс, тіршілігінің, мәдениетінің, таным-түсінігінің құпия
сырлары ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын – тіл арқылы көрініс табады.
Тілді танымдық тұрғыда зерттеу бүгінгі таңда дамып келе жатқан жаңа
бағыттардың бірі. Адамзат өзін қоршаған дүниелегі әлем бейнесін қалай
таниды, ұлттың дүниеге деген көзқарасы негізінде менталитеттік танымдар
қалай пайда болады деген сауалдар осы когнитивтік лингвистикада
қарастырылады. Когнитивті лингвистика ХХ ғасырдың ортасына қарай қарқынды
дами бастады. Осы бағытта көптеген ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді.
Зерттеушілер тілдің ғаламның тілдік бейнесін түзу қызметіне ерекше назар
аударды. Аталмыш жаңа лингвистикалық теорияның шын мәніндегі концептуалдық
қағидаларының негізделуі соңғы жылдары қарқынды зерттелу үстінде.
Диплом жұмысының өзекті мәселелері: когнитивті лингвистика тіл арқылы
қоршаған ортаны, адам зат қасиеттірін, қоғамдық құбылыстармен жаратылысты
танып білудің ғылыми теориялық негіздерін қарастырады. Сондықтан когнитивті
лингвистика тіл білілімінің танымдық бағыттарымен аспектілерін әртүрлі
қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін
тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. Қазіргі таңда тіл біліміндегі
зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда. Концепт
- ұлттық болмысқа негізделген ұжымдық және тұлғалық санадағы ақпараттар
бірлігі ретінде танымдық лингвистиканың басты ұғымы болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: танымдық тіл біліміндегі
концепт ұғыымына тоқатала отырып, когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл
білімінде дамуы,оның ішінде ғалым А.Байтұрсыновтың тілдің танымдық сипатын
қарастыруына тоқталу, мағлұматтар беру.Танымдық тілі біліміндегі концепт
ұғымы және тілдің танымдық қызметін қарастыру - жұмыстың міндеттері болып
табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: когнитивті
лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адам зат қасиеттірін, қоғамдық
құбылыстармен жаратылысты танып білудің ғылыми теориялық негіздерін
қарастырады. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білілімінің танымдық
бағыттарымен аспектілерін әртүрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның
таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: тақырып бойынша
әдебиеттерге теориялық талдау жасап, салыстыру, әңгімелесу, бақылау
әдістерін қолдандық және ой қорыту жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау және тараушалар,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Танымдық тіл білімінің негізгі теориялық тұжырымдары
Лингвистика ғылымының даму тарихында бүгінгі күні дәстүрлі үш түрлі
ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстырмалы- тарихи, жүйелі-
құрылымдық және антропоцентірлік.
Бүгінгі таңда жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жекелеген тіл
біліміндегі көптеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылыққа
ие болып барады. Мұның негізгі себебі лингвистикадағы антропоцентристік
принцип алдымен тілді тұтынушы ұлтты бірінші кезекке қояды.
Антропоцентристік парадигма өз шеңберіңде этнолингвистика,
лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа
бағыттарга жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер ең алдымен
қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, әрекет ету тәрізді адамның когнитивтік
құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады. "Қабылдау", "ойлау", "тіл",
"есте ұстау", "әрекет ету", "білім" тәрізді когнитивтік құрылымдар ғылым
салаларында бұрын да зерттеу нысанасы болған. Бірақ олар жалпы есім
деңгейінен шығып, жалқы есім деңгейінде бір мақсат, бір міндет аясынды бір-
бірімен тығыз байланыста қарала қойған жоқ.
"Қоршаған шындық өмірді саналы түрде тану мен адам тәжірибесін
категориялау тілмен байланысты болып келеді, өйткені адамның когнитивтік
қызметі барысында алынған мазмұндық ақпарат тіл мен тілдік формаларда
көрініс тауып, сөйлеу арқылы білдіріледі. Диалектикалық формадағы
когнитивтік процестер тілмен тығыз байланысты, оның себебі тіл адамдардың
қоғамдық тәжірибесі мен дүние туралы білімдерін бекітіп отырады. Ал біздің
сана құрылымы туралы білгендеріміз тек қана тілге байланысты, тіл осы
құрылымдар туралы хабарлауға және оларды кез-келген табиғи тілде суреттеуге
мүмкіндік береді" [1,21б.].
Осымен байланысты назар аударатын жағдай: тілді зерттеудің
когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Керісінше
тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді. Осы байланыстың
негізінде тілдің таңбалық жүйесі арқылы терең құрылымдарда грамматикалық
байланыстар, категориялар және модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым
түзеді.
Дәлірек айтқанда, когнитивтік лингвистика дәстүрлі лингвистиканың
тар аумақта шектелуін болдырмауды және тілдік "сыртқы" көріністері арқылы
танылатын терең әрі жан-жақты заңдарын көріп білуді мүмкін етеді. Қазақ
жалқы есімдерін зерттеуге арналған когнитивтік әдіс кезінде тілдік
таңбаларда, жалқы есімдерде берілген білімдерді концептілеу мен
категориялау процестері ескерілуі керек, суреттелуі тиіс. Дүние туралы
ғаламның тілдік бейнесін ономастикалық тұрғыда концептілерін вербалдау
тәсілдері тұрғысында карастыру керек.
Е.С.Кубрякованың пікірінше: "лингвист объективтік шындық туралы
түсінік соңында жеке, лингвистикалық формалардың қандай жүйеде тұрғандығын
ғана болжауды емес, сонымен қатар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғи
тұтастық, тілдік берілімдер, категориялар дүниені қабылдаумен қалай
байланысқандығын және олардың танымды қалай бейнелейтіндігін білуі тиіс"
[1,47б.]
Тілдің болмысын анықтаудың когнитивтік парадигмасында тілдің
мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы
тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі-мифтік танымнан поэтикалық
ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық
қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.
XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді өз
ішінде және өзі үшін қарастыратын имманентті зерттеу жеткіліксіз болып
табылды да, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс-тәжірибелік
қызметімен, таныммен, философиямен, дінмен тығыз байланыста қарастыру
қажеттігі туып отыр. Осы қажеттілік лингвистика ғылымында жаңа ғылыми
бағыттың және соның, негізінде қалыптасқан антропоцентристік парадигманың
дамуын талап етті. Демек, бұл-тілді зерттеудің мүддесін обьектіден
субьектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы -және керісінше тілді адам арқылы
анықтау болып табылады.
XXI ғасырдағы тіл білімі құрылымдық, жүйелік парадигмамен
сабақтастық, жалғастықпен және тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің
құралы деп емес, ұлттық рухани-мәдени коды ретінде қарастыратын
антропоцентристік бағытпен сипатталады. Оның ірге тасы В.Гумбольдт,
И.Гердер, Г.Штейнталь, А.Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектерімен
қаланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сәйкес, адам өзінің парасаттық,
рухани, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар концепт әлемін
жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқылы алады. Сол себептен де кез
келген ұлт тілінің табиғатында сол ұлттың неше ғасырлық терең сырға толы
қазынасы, тілі, мәдениетінің қайнар көзі жатады. Бірақ тіл жалпы шындықты
емес, адамдардың белгілі бір ұжымы өмір сүретін ортаның шындығын жай
көрсетіп емес, суреттеп береді. Және бұл арада тіл дүниені тікелей, тура
суреттемейтінін атап өткен маңызды. Тілде адамның дүниені қалай
қабылдайтыны, түсінетіні көрініс табады. Сондықтан да В. фон Гумбольдт:
Разные языки-это отнюдь не различные обозначение одной и той же вещи, a
различные видения ее, деп тұжырымдайды. В.Гумбольдт, А.А.Потебня,
М.Хайдеггер т.б. тілді рухпен, шығармашылық қызметпен байланыстырады. Яғни
тіл-ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз заттың тура таңбасы емес, оның
біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі.
Сондықтан да жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес тілді зерттеуде негізгі назар
тілдік түлғаға аударылды, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа
мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер
қалыптаса бастады. Атап айтқанда, антропоцентристік парадигма бірінші
орынға адамды тілдік тұлғаны шығарады да, ал тіл адам танымын құрастырушы
сипатта қарастырылады.
Жалпы адам баласына тән бұл әмбебап танымдық үлгілер-тілдің терең
құрылымдарында туатын тілдің күрделі когнитивтік қызметінің жемісі. Бұл
арада когнитивтік модельдер адамның ойы мен санасының арасындағы аралық
бейнені көрсетеді. Яғни қабылданатын ақпарат когнитивті модельдерде
кодталады.
Тіл мен ойлау, тіл мен таным бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін
тіл білімінің дәстүрлі, таза, тілдік жеке ғылым саласы шеңберінде зерттеу
мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма-когнитивті лингвистика, онымен
сабақтас этнолингвистика, псхолингвистика, социолингвистикамен т.б.
байланысуы қажет. Осы байланыс адам санасы қалай құрылған, адам дүниені
қалай таниды, қабылданған мәліметтер қалай танымға айналады, ментальдық
кеңістіктер қалай жасалады деген сүрақтарға жауапты тілдің терең
құрылымдарын зерттеу арқылы анықталады да бұл мэселелер этнолингвистикалық
аспектіде - В.Гумбольдт, Ф.Баос, Э.Сепир, Б.Уроф, А.Потебня, Н.Толстой,
Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов т.б.; псхолингвистика тұрғыда-К.Юнг, А.Н.Леонтьев,
А.Шахнарович т.б.; лингво мәдениет танымдық сипатта - Э.Тейлор, Э.Маркарян,
Ю.Лотман, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров т.б.
ғылымдардың, ғылыми зерттеу еңбектерінде философиялық, психологиялық,
этностық, лингвистикалық теорияларының жүйесі дүниені тұтас танудың
теориясы шеңберінде тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайды. Қазақ
тілінде когнитивтік лингвистика ғылымының ғылыми-теориялық негіздерімен
бірге келелі тұжырымдамаларды айтып жүрген ғалым Ж. Манкееваның
тұжырымдауынша мынадай негізгі үш ұстанымдардың негізінде қарастырылады:
1.Қоғамдық тәжірибеге негізделу, яғни дәстүр жалғастығы танымның қазыналық
сипаты.
2.Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі - ақпарат беру
емес, бейнелеуге мүмкіндік жасау. Осыған қатысты мына пікірдің мәні ерекше:
Лексема, вопреки принятому мнению, не передет информаций как таковой, она
лишь актуализирет, возбуждает в сознании слушающего уже имеющиеся у него
лексические понятия и тем самым создает базу для передачи информации
[2,34б.].
Басқаша айтқанда — тіл арқылы бейнелілік пен дүниедегі обьективті
шындықты субьективті түрде, яғни символдар арқылы беру.
З.Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол-таным моделінің
құрылымдарының тұтасуынан түратынын сипаттайды.
Байқап отырғанымыздай, жоғарыда көрсетілген тіл қызметінің
когнитивтік негіздерін айқындайтын үш сипатының да ортақ қасиеті-
тұтастырушылық, тұтас күйдегі таным тудыру. Сондықтан осы қасиеттерге
сүйенбей, адамның ментальдық қызметі мен тәжірибесінің қалыптасуы мен
сақталуын, ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамассыз ету мүмкін емес. Таза
тілдік тұрғыдан ол тілдің кумулятивтік қызметімен тікелей байланысты. Ол өз
кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз
байланыста болып, тұтас күйіндегі когнетивті парадигма құрайды - деген
тұжырымдама жасайды
Тіл білімі дамуының қазіргі деңгейіне сай когнитивті лингвистика
тілдік семантика, жұмсалымдық лингвистика т.б. тілді жалпы когнитивті
тетік ретінде қарастырады. Атап айтқанда, жұмсалымдық лингвистика тілдік
құралдарды, когнитивтік модельдер мен тәсілдердің вербализациялануын тілдік
тұлға, ғаламның тілдік бейнесі т.б. айқындайды.
Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты айтылатын когнитология,
когнитив терминдерін қазақ тілінде таным термині арқылы беріліп жүр.
Танымды танымдық ғылым немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші
антропоцентристік бағыттағы тіл біліімінің үлкен бір саласы деп атауға
болады. Танымдық ғылымның бастауы өте ертеден бастау алатындығына тіл
философиясы мен жалпы тіл білімі пәндерінің негізінде көз жеткізуге болады.
Танымдық тіл білімінің негізгі нысаны таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен
таным, тіл мен ой, тіл мен сана болып табылады. Ғылымдардың атасы саналатын
философия тарихын зерттеген Аристотель, Платон, әл-Фараби еңбектерінде
тілдің таным құралы бола алатындығы жөнінде пікірлерді кездестіруге болады.
Мәселен, ғұлама ойшыл Платон Кратиль атты философиялық еңбегінде:
белгілі бір затқа танылған атаулардың көмегімен қоршаған ортаны тану
танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл жүйенің ең жоғарғы
сатысы тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады-деп, тілдің таным құралы
екендігіне ерекше көңіл бөлген. Тілдің танымдық ғылымнан алатын орнының
ауқымды екендігіне бүгінде шетелдік, отандық ғалымдар, зерттеушілер баса
назар аударып келеді. Және де бүгінгі таңда лингвистердің зерттеу
нысандарының негізгі көзіне айналды деуге де болады.
Когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвистикаға мынадай
анықтама беріледі: Когнитивная лингвистика - это лингвистическое
направление, в центре внимания которого находится язык как общий
когнетивный механизм, как когнетивный инструмент-система знаков, играющих
роль в репрезинтаций (кодировании) и трасформировании информации [2,57б.].
Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымның маңызын
В.А.Маслова былайша анықтайды: Когнитивная лингвистика доплняет анализ
языка анализом речи, различных контекстов употробление соответствующих
лексем, зафиксированных в текстах суждений о концепте, его определений в
разных словарях и справочныках, анализом фразеологии, пословиц, поговорок,
афоризмов, в которых концепт репрезентирован. Демек, когнитивтік
лингвистика когнитивтік жүйедегі лингвистикалық бағыт болғандықтан, тілдің
танымдық сипатын тереңнен қарастыруға мүмкіндік береді. Тілдің когнитивтік
бейнесін тілдегі кез-келген тілдік бірліктердің астарынан көруге болады.
Мәселен қазақ тіліндегі мақал-мәтел, фразеолизимдер, қанатты сөздер қазақ
халқының сан ғасырлық дүниетанымы негізінде туындаған тілдік бірліктер
болып табылады.
Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам
санасын, тіл мен таным жүйесін біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып
табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде
бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған.
Когнитивтік ғылым термині алғашқыда белгілі ақпаратты қабылдау, оны
електен өткізу, ми қыртыстарында сақтай отырып, қажетті кезде оны
тәжірибеде қолдану үшін қолданылған болатын. Аталған мәселелерді қамтудың
нәтижесінде адамның миында білімнің қалыптасып және толығу жүйелерін
зерттейтін ғылыми пәндер есебінде қолданылады. Танымдық үлгі жүйесіндегі
тілдің қызметі жөнінде Г.Харман: Тілдің танымдық ғылымдардың ішіндегі ең
маңыздылығы-тілдің ойды жеткізудегі басты құралы болып табылумен
байланысты... Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін-дейді. Ал
В.Гумбольд Язык-главнейшая деятельность человеческого духа, пронызывающая
все сферы человеческого бытия и познания-деген болатын. Бұл жөнінде
Е.С.Кубрякова: Мы знаем о структурах и сознания только благодария языку,
который позволяет сообщить об этих структурах и описать их на любом
естественном языке деген де тұжырым жасайды.. Зерттеушілердің пікірінен
адам санасында, миында қалыптасқан білім қыртыстарының көрінісі тек тілдің
қызметі арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізуге болады. Яғни, таным
негізінде қалыптасқан санадағы білім тек тілдік бірліктер нәтижесінде
коммуникативтік қарым-қатынасқа түсе алады. Сондықтан да тілдің когнитивтік
лингвистикада алар маңызды болмақ [2,77б.].
Когнитивтік ғылым саласы ғылымның философия, логика, лингвистика,
психология, мәдениеттану сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы
тілдік мәселелерді шешуді ұсынады.
Тілдік бірліктердің когнитивтік тұрғыдан қарастырылуы адамның
қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты.Тіл біліміндегі когнитивтік бағыт
жөнінде Жаналина : Дәстүрлі тіл білімінің шеңберінің кеңеюі тіл мен ойлау
арақатынасы мселелерінің шешілуіне жағдай жасайды. Тілдік мәселелердің
өзге салалармен байланысы адамның ойлау процестерінің ерекшелігін жете
тануды алға тартады. Сондықтан тілдік жүйені когнитивтік парадигмада
зерделеуде адамның ойлау процесіндегі білім қоры негізгі категория
ретінде танылады[2,87б.].
Таным мен тілдің ара қатысы, сайып келгенде, адам проблемасының өзегі-
дара тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы
дүние заттарына бағытталған тәрізді көрінгенмен, оны жүзеге асырып отырған
адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ,айтылған процестің үнемі ішке қарай
адамның ішкі дүниесіне қарай бағытталғанын көреміз.
Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымының жаңа бағыттарының зерттеу нәтижелері
негізінде тілдік деректер мен ғылыми теориялардың біртұтас сипатта топтасуы
тілдің табиғатын анықтаудың жүйелі үрдісін қалыптастыруда.
Бұл үрдістің негізін қалаған В.Гумбольдт тіл мен рух, тіл мен ойлау,
тіл мен сана, тілдік бейнелеу мен таңбаның өзіндік байланысына баса назар
аударып, соның негізінде тілдің қызметі мен қолданысын сипаттайтын өзінің
ішкі форма туралы ғылыми теорисын, тілді жүйелі түрде зерттеу туралы
концепциясын ұсынады. Ғалымның лингвистика ғылымындағы бұл концепциясы
бүгінгі таңда антропоцентристік бағытта зерттеу жасаушылардың тарапынан кең
қолдау табуда. Демек ішкі форма В.Гумбольдттың пайымдауынша - ойлау
материясының элементтерін белгілі бір тілдің онтологиясына сай ұйымдастыру
тәсілі, құрылымдық жүйесі.
Тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына
теңдік қоймайды. Тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді,
тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады.
Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі – мифтік танымнан
поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және
сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.
1.2 Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл білімінде қалыптасуы
Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің
негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары қазақ тіл
білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша
қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне
ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р.Сыздық, Ә.Қайдар,
Е.Жанпейісов, Г.Гиздатов, Қ.Жаманбаева, Ж.Манкеева, Э.Сүлейменова,
Г.Смағұлова, Б.Момынова, А.Салқынбай, К.Күркебаев, Г.Снасапова,
Ф.Қожахметова, Н.Айтова, А.Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені
лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары
тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік
лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына
бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ
тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды. Дәлірек
айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г.Гиздатовтың
еңбегін атауға болады. Зерттеушінің Сөйлеу қызметіндегі когитивтік
модельдер: типологиясы мен динамикасы атты докторлық диссертациясы осы
бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық
диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері,
құрылымы мен динамикасы қарастырылған.Когнитивтік модельдер универсумдар
ретінде қарастырылады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы
жұмыстардың бірі ретінде К.Ә.Жаманбаеваның "Тіл қолданысының когнитивтік
негіздері: эмоция, символ, тілдік сана"монографиясын атауға болады.
Монография авторы алғы сөзде былай деп көрсетеді: "Зерттеу проблемаларын
тілдік сана төңірегінде жинақтап, негізгі мәселені психофизиологиялық
нақтырақ айтсақ, бұл психофизиологиялық эстетикаға жақындау,
психологиялык, негізгі психоаналитикалық теориялардан басталады,
философиялық, тілдік әдебиеттану соңғы үшеуі семиотикалық сипатта
тұрғысынан кешенді түрде когнитивтік жүйеге біріктіру арқылы ғылыми
негіздерге талпыныс жасаймыз [3,44б.].
Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және
мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер
қарастырылған. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап,
гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл
біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған
аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне
айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды
көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты
қарастырылуда.
"Тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының
когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудын, тіл мен танымның ара
қатынасы адам баласының интеллектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл
атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатынасын сипаттайтын
ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі"
Сондай-ақ ғалымның көрсетуінше, "ішкі терең қажеттіліктер символдар
арқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз
кезегінде ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін қайтадан символдар
дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар қажеттіліктердің сипаты
символдар арқылы анықталады. Яғни, сана сыртқы факторларға таңулы түрдегі
тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің,
форманын бойына жинақтау арқылы шешеді".
Профессор Ж.Манкееваның "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік
негіздері" атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок,
Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич және тағы басқалардың
есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына
қысқаша шолу жасалды. Ж.Манкеева мұнда былай деп атап өтеді: "Тіл мен ойлау
бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза тілдік
және ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми
парадигма - когнитивті лингвистика, социолингвистикамен тұтасуы.
Когнитивтік лингвистиканың дамуымен байланысты анықталуы тиіс бірнеше ұғым
немесе мәселелер бар. Оның негізгісі - тілдің қызметіне қатысты.
Ж.Манкеева "тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт т.б. мәселелер,
сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құрылымдары арқылы
тұтастырушы тілдің табиғатын анықтауға байланысты казіргі тіл біліміңде
жаңа бағыттардың айқындалып, қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның
көріністерін қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп отырмыз", - деген
пікір айтады [3,47б.]. Профессор Ж.Манкеева аталған мақаласында когнитивтік
лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете
келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б.Момынова
Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)
атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану)
ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор
А.Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы тілдік тұлға
мәселесін көтереді. С.И.Жапақовтың диссертациялық жұмысында эпикалық
фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік
бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз
етеді.
С.Ақаев Сөздің когнитологиялық сипаттары атты мақаласында
когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау,
қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру
жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова ,
Ш.Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың
үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева, Н.Зайсанбаевалар метафораның танымдық
сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы
бағытқа арнайды [3,48б.].
Қазақ лингвистикасының когнитивтік мәселелеріне арналған келесі еңбек
қазақ тілінің эпикалық фразеологизмдерінің когнитивтік негіздерін
зерттейді.
Ш.К.Жарқынбекованың докторлық диссертациясында қазақ және орыс
тілдерінің түр-түс концептілері когнитивтік және лингвистикалық
мәдениеттану парадигмаларын біріктіретін дүниенің ұлттық бейнесін тілдік
ретте іске асыру мәселесі шеңберінде талданады және әр этноста орын алған
когнитивтік механизмдер мен лингвомәдениеттану факторлары тұрғысынан түр-
түс концептілерінің қалыптасу ерекшелігі айқындалады
Қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың
түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу әзірлемелері белсенді түрде
жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі
сарапқа салынуда, өйткені тілге деген когнитивтік әдіс "тілдің адаммен,
оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат
дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның
негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы
тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады" .
Ал когнитивті лингвистика ғылымының қазақ тіліндегі орны мен қазақ
тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбегіндегі танымдық ғылымның орны
мен олардың теориялық аспектілерін зерттеуші Э. Оразалиева мынадай
ерекшеліктерін көрсетіп береді: XX ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл
білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық
бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының Тіл-құралын
жоғары бағалай келе, ғалым ...тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана
зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық ... Түр-форма деген тілде
жоқ белгі емес, бар нэрсе...түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы деген
аса құнды қорытынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы
орнын айғақтау үшін, Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде ... өте алыс
экскурстерге барды. Әр пікірін халық санасында жақындата отырып, зерттеуші
адамның жадында сақталар танымдық ұғымдарға, көрініс қалыптарға,
образдарға, ұқсата атауларға тоқталды, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға
қатысын сұрыптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар әлеуметтік-
мәдени тәжірибемізді әуелі көзқарас деп атады. Сөйтіп өткен ғасырдың
өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа
бетбұрыстарды қажет ете бастады.
Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам
өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анатомииялық
негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық
лингвитиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына
айналды — деген теориялық тұжырым айтады.
Қазақ тілінде когнитивтік лингвистиканы біршама зерттеген ғалым
А.Исламның пікірінше: Танымдық ғылым термині алғашқыда белгілі бір
ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір електен өткізіп, мида сақтай отырып,
қажетті кезде оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының
қалыптасып және толығу процестерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын
айқындау үшін енгізілген. Бұл жалпы айтқанда, танымдық ғылым адамдардың
қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінщ пайымдау нәтижесінде
белгілі бір жүйеге келтіріліп, біздің санамызда жазылып, ментальды яғни,
танымдық процестердің негізін құрайтын білім мен таным туралы
ғылым[4,55б.]. Ғалымдардың көпшілігі танымдық ғылымның адамның ми
қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай жазылу жолдары мен
сол ақпараттардың белгілі бір өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген
ықшам түріндегі анықтамасын қолданады.
Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі
Ғ.Қалиевтің Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде былайша:
Когнитивтік тіл білімі орыс.-когнитивная лингвистика табиғи тілді сана
әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің
саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін
түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін
ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты
тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін
когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің
көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында
түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу
жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді - деген анықтама береді[4,84б.].
Бүгінгі таңда адам факторы өзекті болуына байланысты тілді когнитивтік
тұрғыдан зерттеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мұнда тілдің объективті сөз
субъектінің адресатқа ойын жеткізуі, хабарлауы және субъективті адамның
тілдегі бейнесі жағына ерекше мән беріледі. Когнитивті тіл білімінің
дамуына байланысты тіл мен ойдың арақатынасы жаңа қарқынмен зерттеле
бастады. Когнитивті тұрғыдан алғанда, тіл мен ойлау адамның танымдық
қызметінің нәтижесі болып табылады. Бұл бағыттағы зерттеулер адамның
болмысты қалай концептуалдандыратыны туралы мәселеге жаңа қырынан үңілуге
жол ашып, концептуалдау теориясының дамуына негіз болды. Мұндай зерттеулер
тілдің ақиқат болмыс туралы білімді сақтап, жеткізуші ретіндегі қызметін
ескере отырып, тілдік категориялар мен олардың құрылымдарын жаңаша
сипаттауға мүмкіндік береді. Алайда бұл мәселелер тілімізде енді ғана
қалыптаса бастаған, бұрын-соңды мүлде сөз болмаған мәселелер деуге
болмайды. А.Байтұрсынұлы еңбектерін талдау арқылы ғалымның тіл жүйесінің
негізгі концептуалды құрауыштарын көрсетіп, олардың грамматикада көрініс
тапқан ұғымдар және концептілер құралатынын түсінгенін, когнитивті
лингвистика, морфологиялық концепт т.с.с. атауларды қолданбаса да, бұл
саланың өзіндік ерекшелігін терең зерделегенін байқаймыз. Ғалым
зерттеулерінде адам сөйлермен, өзіндік әлемі, өзіндік дүниетанымы бар
саналы жан ретінде сипатталады. А.Байтұрсынұлы тіл ойды жарыққа шығару
құралы болумен қатар таным әрекетіне өзіндік таңбасын қалдырып отыратынын
ескертеді.
Тілде көрініс таба отырып, білім адамның ойлау қызметінің нәтижесін
көрсетеді. Ойлау әрекеті тіл арқылы жүзеге асады, ойымыз тіл арқылы жарыққа
шығып, басқаларға жеткізіледі. Сол себепті А.Байтұрсынұлы: Сөз өнері адам
санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі
– аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі –
меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне
ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті –
ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін
түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл
шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын
ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде көңілдің түйгенін түйген күйінде
тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек, – деп жазады
[4,143б.].
А.Байтұрсынұлы еңбектерінде тіл мен сана, тілдік сана, тіл мен таным,
ұғым, концептуалдау және категориялау, сөздің лексикалық және грамматикалық
мағыналары, грамматикалық мағынаның сипаты т.с.с. мәселелер жан-жақты сөз
болған. Ғалым тіл мен ұлттық ділдің өзара қатысы туралы былай дейді: Халық
өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады.
Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан
сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып тізілетін дағдылы жолы, жүйесі,
қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай
басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Біздің жасынан орысша я
ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп
жаза алмайды я жазса да, қиындықпен жазады. Себебі – жасынан қазақша жазып
дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып
үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген.
Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай сөзінің жүйесімен тізсе, ол нағыз қазақша
болып шықпайды [4,142б.].
Ақиқат болмысты танып-түсіну нәтижесінде жинақталған ақпарат тілде
көрініс табады. Ғаламның тілдік бейнесі негізінен субъективті сипатта,
себебі онда нақты бір адамның көзқарасы, дүниетанымы көрінеді. Ол атадан
балаға берілетін категориялар жүйесі арқылы белгілі бір код құрап, дайын
күйінде қабылданылып отырады. Адамның болмысты тану, түсіну нәтижесінде
жинақтаған білімі тілдік бірліктерде көрініс табады. Адам өзіне дейінгі
жинақталған білім қорын қабылдау арқылы этномәдени қауымдастықтың өмір
тәжірибелерін де қабылдайды. Адамның танымдық әрекеті – ақиқат болмысты
тануға, қоршаған ортаны түйсініп, жинақталған білімдер негізінде әлемдегі
орнын түсінуіне бағытталады. Адам қашанда әлемді танып, өз орнын айқындауға
талаптанады. Тіл – сөйлерменнің дүниетаным ерекшеліктерін бейнелейтін
құрал, ерекше ұлттық ділдің көрсеткіші, мәдениеттің негізі. Тіл – адам
санасының көрсеткіші. Тіл – мәдениет – этнос мәселесінде этномәдени
сананың орны ерекше. Этномәдени сана – белгілі бір қоғам үшін әлеуметтік
мәні ерекше болатын білімдер жиынтығы, ол тіл арқылы көрініс тауып,
сақталып отырады. Себебі тіл, мәдениет, этнос өзара тығыз байланысты. Тіл –
мәдениеттің құралы, құраушы бөліктерінің бірі болумен қатар белгілі бір
тілдік ортада дамитын этникалық тұлғаның өзегін құрайды. Әрбір сөйлермен
мәдениетті жеткізуші болып табылады, тілдік таңбалар мәдениет таңбасы
ретінде де қолданылып, ұлттық мәдениеттің ерекшелігін білдіреді. Сан
ғасырлар бойы жинақталған білім қоры салт-дәстүр, дағды біліктер, ойлау
ерекшеліктері, дүниетаным белгілі бір этникалық мәдени қауымдастыққа тән
сипат алады. Тілдік таңба этнотілдік сананың көрсеткіші болып табылады,
мәндер жүйесі этномәдениет жүйесін айқындайды. Осыған байланысты
А.Байтұрсынұлы: Біз қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз қазақ тілін
қолдану болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес
келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-
орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне
бірдей ортақ пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады, өзінше
тұтынады. Бүтін пікірін айтып шығатын әңгіме ішінде түгіл, жалғыз ауыз
амандасу жүзінде де әркім әртүрлі сөз қолданады. Мәселен, біреу амансыз
ба? деп, біреу есенсіз бе? деп, біреу сәлемет жүрсіз бе? деп, біреу
күйлі, қуатты барсыз ба? деп амандасады. Бәрінің де ой мақсаты бір,
бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әртүрлі сөз қолданып,
өзінше сұрайды, – деп жазады [4,147б.].
Тіл мәдениеттің дамуына ықпал етіп отырады. Белгілі бір этникалық және
мәдени қауымдастықтың өкілі ретіндегі жеке адамның ойлауы тілге байланысты
болады. Тіл – халықтың рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді. Сол себепті
тіл, әр ұлттың мәдениеті ерекше болады. Оларды біріктіруге, байланыстыруға
болмайды. Мәдениет пен тіл белгілі бір этносқа тән ортақ заңдылықтарға
байланысты болады. Тіл тағдыры мен этнос тағдыры өзара тығыз байланысты.
Бұл орайда А.Байтұрсынұлының Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады, –
деуінің терең астары бар. Тілдің табиғатын, өзіндік ерекшелігін түсіну үшін
сөйлерменнің қандай ұлттың өкілі екеніне назар аудару қажет. Әр халық
өзіндік ғалам бейнесін түзеді, әр халықтың ғаламның ұлттық бейнесі түрліше
болады. Ғаламның тілдік бейнесінде белгілі бір тілдік қауымдастыққа тән
түсініктер мен білімдер кешені тілде көрініс тауып, сақталады. Ғаламның
тілдік бейнесі бірқатар өзгерістерге түскенімен, тұрақты сипатта болады,
яғни әлем туралы білім белгілі бір құрылымға ие болып, ұрпақтан ұрпаққа
беріліп отырады, сөйлермендердің тілдік санасы, ойлау жүйесі дәстүрлі түрде
қалыптасқан категориялармен беріліп, сақталып отырады. Ғаламның тілдік
бейнесі – халықтың болмыс туралы, тілдік таңбалар мен мәндерде көрініс
тапқан түсініктер жиынтығы, ғалам туралы ақпараттың, сөздердің жүйелі
мәндерінде белгілі бір тәртіпке келтірілген көрінісі.
Адамның болмысты түсінуі таным әрекетінің маңызды үдерістерінің бірі –
концептуалдаумен тығыз байланысты. Ол адамның ақпаратты қабылдап,
тәжірибесіндегі ең кіші бірліктерді айқындауына, заттар мен құбылыстарды
концепт түрінде жіктеуіне байланысты болады. Бұл концептілердің негізгі
бөлігі тілде сөз мағынасы арқылы бекиді, сол арқылы білім сақталып,
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырады. Концептуалды мазмұн мен тіл екіжақты
байланыста болады. Концептуалды мазмұнды тілдің көмегінсіз сипаттау мүмкін
емес. Себебі санадағы құбылыстарды тіл ғана бейнелей алады. Осыған
байланысты А.Байтұрсынұлы: Өнер алды – қызыл тіл деген қазақ мақалы бар.
Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен
айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама-қадарынша сөз өнері атқара
алады, қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер
болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге,
таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді, – деп жазады
[4,341б.].
Тарихи даму барысында танымның екі түрі – сезімдік және логикалық
таным қалыптасқан. Сезімдік таным адамның сезім мүшелері арқылы қабылдау,
түйсіну қызметімен байланысты болса, логикалық таным ойлау нәтижесінде
қандай да бір құбылыстардың мәнін, өзіндік ерекшеліктерін, заңдылықтарын
айқындауға бағытталған. Тіл адам дүниетанымын білдіреді. Ғалам бейнесі –
адамның түрлі сезім мүшелері (көру, есту, тері, дәм) қабылдайтын санасы
арқылы түйсініп, ақпаратты өңдеу нәтижесінде түзіледі. Концептілер
негізінен бейвербалды түзілім болып табылады. Оларға сенсорлық және моторлы
репрезентациялар негіз болады. Сол себепті концептінің қалыптасуы үшін
тілдің керегі бола қоймайды. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде адамның сезім
мүшелері түгел қамтылған: Зат тегінде екі түрлі: біреулері – көзге
көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге
сезілетін деректі заттар, екіншілері – көзге көрінбейтін, құлаққа
естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін,
адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар. Сол деректі һәм дерексіз
заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз. А.Байтұрсынұлы
еңбектеріндегі адамның сенсорлық қабылдауына қатысты жіктеулерін мектеп
оқулықтарының авторлары ескеріп, деректі және дерексіз зат есімдерді
топтастыруда сезім мүшелері түгел қамтылуы керек деп ойлаймыз. Бұл орайда
Қазақ тілі оқулықтарында деректі және дерексіз зат есімдерді тануда
сенсорлық қабылдау түгел ескерілмей жүргенін ескерткіміз келеді. Мұнда көз
түйімі мен тән түйіміне мән берілгенмен, қалған қабылдау түрлері (дәм,
мұрын, құлақ түйімдері) назардан тыс қалып келеді. Сол себепті қолмен
ұстап, көзбен көруге болатын нәрсе атаулары деректі зат есім ретінде,
көзбен көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,
ұғым атаулары дерексіз зат есімдер ретінде сипатталған.
Тілдің сөздік құрамын зерттеу арқылы сөйлермендердің тілінде көрініс
тапқан негізгі құндылықтарды айқындауға болады. Бұл орайда тілдің тұрпат
межесімен қатар мазмұн межесін де ескеру қажет. Тілдік семантика белгілі
бір тілдік ұжымға және жеке сөйлерменге тән мәдениет әлемінің ерекшелігін
сипаттайды. Адам мен халықтың дүниетанымын бейнелейтін адамзат санасы
мәдениеті мен тілі арқылы көрініс табады. Әр адам белгілі бір ұлттың өкілі
болғандықтан, ұлттық дәстүр, тіл, тарихы, әдебиеті бөлек болады. Әр тіл
дүниені өзінше бейнелейді. Адам болмысты тілі арқылы таниды. Этномәдени
ақпарат санада шифр, код түрінде көрініс табады. Сол арқылы этнотілдік
санада тілдік мәндерде кодталған әлем бейнесі көрінеді. Ғаламның тілдегі
көрінісі осы тілде сөйлейтін халықтың ұжымдық шығармашылығы болып табылады.
Әрбір жаңа ұрпақ ана тілін меңгерумен қатар ұлттық сипат, дүниетаным
көрініс тапқан мәдениет кешенін де қабылдайды. Тіл ғалам мен мәдениетті
бейнелеумен қатар сөйлерменін қалыптастырады, оның салт-дәстүрін,
дүниетанымын, ділін, ұлттық сипатын, идеологиясын айқындайды. Әр халық
мәдени, тарихи даму барысында қоршаған ортамен тығыз байланыста әлем туралы
білімін жинақтап, сақтайды, вербалды сана, ерекше мәдени код түрінде тіл
арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Жастардың үлкендердің сөзін
түсіне алмауы немесе ақын-жазушылардың шығармаларын түсіне алмауы
этномәдени кодты игере алмау салдарынан туындайды. Осыған байланысты ғалым:
һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса,
тілінде һәм сондай басқалық болады. ...Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай
сөзінің жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай
кемшілік болмас үшін һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз жазу-сызу
үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден
дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай
сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша
оқыту тиіс [5,142б.], – деп жазады.
Қазіргі кезде тіл білімі тілдің лексикалық, грамматикалық жүйесінде
әлемнің концептуалдану ерекшелігін, яғни тілдің әлемді қалай жіктейтінін,
оны қалай көрсететінін, бейнелейтінін зерттеп, табиғи тілдің метатілге
айналу үрдісін тексеруді мақсат етіп отыр. Бұл орайда әсіресе грамматикалық
категорияға, яғни сөз таптарына семантикалық интерпретация жасау,
семантикалық тұрғыдан сипаттау ерекше маңызды болады. Сөз таптарының
когнитивті сипаты әлем – адам – таным – тіл – адам – әлем үлгісі бойынша
үнемі өзгеріп отыратын тілдің мәнін түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ
әлемді тануда когнитивті құбылыс ретіндегі таным ерекшелігін, тілдің
қызметін айқындауға жол ашады. Концептуалды мазмұнды талдамайынша, тілдік
формалардың қолданыс ерекшеліктерін түсіндіріп беру мүмкін емес. Сөздің
лексикалық және грамматикалық мағыналары адамның ғалам туралы
түсініктерімен, концептуалды жүйемен тығыз байланысты болады. Түрлі
деңгейдегі концептілер мен білімнің түрлі форматтарын, білімнің ұйымдасу
тәсілдерін түсіну арқылы ғана адам тілдің қолданысын толыққанды түсіне
алады. Лексика санада көрініс тапқан заттар мен құбылыстардың ерекшелігін
зерделеп, белгілі бір тілде сөйлейтін, нақты тілдік ұжым танып, игерген
ғалам бейнесін репрезентациялайды. Ғалам бейнесі жекелеген құрауыштарын
заттар мен құбылыстарды ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы
байланысты да түйсінуді қажет етеді. Синтаксис ғаламның бөлшектенетін
құрауыштарының байланыстарын тексереді. Морфология – тілдік білімді
объективтендіретін, ғалам туралы білімді құрайтын сала болып табылады. Онда
морфологиялық категориялар мен тұлғалардың тілде қалай концептуалданатыны
туралы білім қоры жинақталып, адамның концептуалды жүйесін құруда маңызды
орын алатын, ғалам бейнесін қалыптастыратын іргелі концептілердің тіл
туралы білімді құраудағы орны сипатталады. Әр тілдің грамматикалық және
концептуалды жүйесінің ерекшеліктері, басқа тілде кездеспейтін
морфологиялық жолмен берілетін концептілер жиынтығы болады, онда бір тілден
екінші тілге ауысып отыратын морфологиялық категориялар да болады. Мұндай
ерекшеліктер морфологиядағы концептуалдану деңгейлеріне байланысты. Себебі
білім түрліше құрылымдалады. Тілдік білім морфологияның концептуалды
кеңістігінде сақталып, репрезентацияланады. Онда тілдік мағына,
категориялар мен тұлғалар туралы білімдер сақталып, ғаламның тілде қалай
концептуалданатыны көрінеді. Тілдік емес бірліктермен қатар болмыс
нысандарының бірі ретінде тіл де концептуалданады. Тілдік білімнің
концептуалдану жолдарының бірі – морфология. Морфология деңгейіндегі
концептуалдау ерекшелігі – ол білімді құрылымдай отырып, лексикалық жолмен
берілген концептуалды материал үшін қабат, тор түзіп, белгілі бір деңгейде
лексиканың қажетін өтейді.
Когнитивті тұрғыдан алғанда, морфологияның негізгі бірлігі –
морфологиялық категория ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz