ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ . . . 5
1. 1 Лирика - сезім сыры . . . 8
1. 2 Өлең сөзде қолданылатын өлшем-өрнектердің жасалу жүйесі . . . 15
2 «ШӨЛ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫМЫН» . . . 25
2. 1 « Өлеңнің толқындары, сені іздеп ем . . . » . . . 28
2. 2 Ақын өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер . . . 36
3 ҚОС ҚАНАТТЫ АҚЫН . . . 51
3. 1 Ақын сөзіне жазылған ән-өлеңдер . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
КІРІСПЕ
Поэзия - көңілдің толқыны, жүректің лүпілі және өмір құбылыстарын танып білудегі қуатты құрал, ой мен сезімнің тамырын терең салған бағыналы бәйтерек.
Жалпы айтқанда, поэзия - әдебиеттің ерте де қалыптасқан көне саласы.
Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі мен үні бар. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп дамуы қаншалықты тынымсыз, толассыз жүріп жатқан процесс болса көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз жүріп жатқан құбылыс. Қоғамдық сананың бір түрі ретінде көркем әдебиет қай ғасырда болса да сол заманғы адамдардың бір-біріне деген қатынасын, ой-арманын, дүние танымын байқатпақ. Соның ішінде поэзияның ғана құдіреті келетін, тек өлең ғана айта алатын тебіреніс бар. Ол заман күйі, тіршілік еткен жанның мұңы мен зары, ішкі арманы мен сезімі, қуанышы мен күйініші.
Бүгінгі қазақ поэзиясы - кемеліне келген, кең тынысты, сан-салалы, озық ойлы, сан қырлы әлемдік деңгейге көтерілген өскелең әдебиеттің үлкен саласы.
Сондай-ақ табиғатынан сұлулыққа, әсемдікке жаны құмар нәзік, сезімтал ақындар өмір сүрген ортаға, айналадағы құбылысқа, табиғаттың көз тартар келбетіне де сүйсініп жүректерін жарып шыққан жырларын арнаған. Осылайша қазақ әдебиетінде поэзия жанры қалыптасып, туып, күннен күнге дамып, өркендеп отырған.
Тақырыптың өзектілігі : поэзия жанры туралы. Ұлттық поэзиямыздың даму жолдары. Қазіргі поэзия. Қазақ теоретик ғалымдары поэзия туралы. Қазақ поэзиясының бүгінгі өкілдері. Қазақ лирикасы. Лирикадағы бейнелілік. Ақының көркемдік ізденістері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: ақындық өнер, оның табиғаты мен қуаты, көркемдік эстетикалық мәні теориялық тұрғыда талданады. Дәстүр жалғастығы, көркемдік ізденістері, ақындық шеберлігі зерделенеді.
Ш. Сариевтің шығармашылығын талдау, саралау барысында айтылған ой - тұжырымдарды, нәтижелерді мектеп оқулықтарына, арнайы курстарда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: ақын өлеңдерімен таныса отырып, оның поэзиядағы алар орнын айқындау. өлеңнің эстетикалық табиғатын ашу,
- Ақынның адамзат өміріндегі орны, атқарған қызметі;
- Қазақ лирикасындағы лирикалық кейіпкер бейнесін ашу;
Поэзиядағы көркемдеуіш тәсілдерді саралау
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: зерттеу жұмысында қазақ поэзиясы жайлы зерттеуші ғалымдардың еңбектері, ақын Ш. Сариевтің шығармашылығы туралы ой- тұжырымдар, пікірлер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
.
1 ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ
Поэзия халық ауыз әдебиетінен бері сақталып, дамып келе жатқан әдебиеттің үлкен бір сырға толы саласы. "Поэзия" термині бізге грек тіліндегі "piesis" сөзінен енген. "Жасаймын", "тудырамын, " "шығарамын" деген мағынаны білдіреді.
Поэзия - өмірдің әрі мен нәрі қайнап қорыған жамбысы. Поэзия - сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі, жанды қуанышы. Поэзия - көрікті қыз жүзінің ұялшақ, албырт, қызғылықты, теңіздей көгілдір, аспандай тұңғиық көзінің ынтықтық сәулесі, әйтпесе оның қара көзіндегі өткір от, мәрмәр иығына төгілген бұйра шашының толқыны, торғын кеудесінің демігіп тыныстауы, күміс үнінің гармониясы, сиқырлы сөзінің музыкасы, тал бойы, сұңғақ сымбатының мінсіз мүшелері, сұлу қозғалыстарының ғажайып сиқыры . . .
Поэзия - қайраты қайнардай балғын жігіттің отты көзі, өрен ерлігі, тентек тегеуріні, аспан мен жерді жалынды жалынды құшағына сидырмақ болған, өмірдің уы мен балын бір-ақ рет сарқа сімірмек болған тойымсыз талабы . . . Поэзия ұйығандай, құйылғандай орныққан, өз еркін әбден билеген, өмір үшін жетіккен, тәжірибемен шыныққан, рухани күші теңескен, көңіл көзі көреген, ойға батыл.
Поэзия әлемдік әлемдік өмірінің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні . . .
Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі мен үні бар. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп дамуы қаншалықты тынымсыз, толассыз жүріп жатқан процесс болса көркем бейне жүйесімен ойлау дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз жүріп жатқан құбылыс. Қоғамдық сананың бір түрі ретінде көркем әдебиет қай ғасырда болса да сол заманғы адамдардың бір - біріне деген қатынасын, ой - арманын, дүние танымын байқатпақ. Соның ішінде поэзияның ғана құдіреті келетін, тек өлең ғана айта алатын тебіреніс бар. Ол заман күйі, тіршілік еткен жанның мұңы мен зары ішкі ой - сезімі арман, күйініші мен қуанышы өлең өнерінен халық аз сөзбен көп дүниені айтарлықтай кілт тапқан. Тәптіштеу, баяндау, орнына өлеңнің бейнемен, суреттеумен адам халінің көп жайларын білдіре алатын қасиеті өнерлі халықтың көкейіне қонған.
Аристотель: «Тарих нақтылы жайды білдіргенде, поэзия көпті, жалпы жайды аңғартады» дегенде поэзияның осы жинақтап айтатын қасиетін меңзеген болу керек. Өлең ырғақты, әуенді сүйеді. Өзінің дыбыстық заңы бар. Ішкі сезімді оятып, жан қылын шертетін музыкамен қауышады. Сондықтан поэзия ғана туатын сурет, өрнектер өз алдына бір ғажайып.
Поэзия мен бейнелеу өнері дамыған елдерде, әсіресе, қылқалам шеберлері мәңгілік туындылар жасаған елдерде адам күйінің бар сырын поэзия тереңірек аша ма, әлде көркем сурет тереңірек аша ма деген пікірлер болған. Леонардо да Винчи поэзияға мынандай анықтама берген: «Көркемсурет тілсіз поэзия, ал поэзия көрінбейтін көркемсурет» [1, 37 б. ] .
Поэзия - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Түркі тектес халықтардың әдебиетінде, әсіресе, солардың ішінде қазақ әдебиетінде поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді.
Өлең - ұрпақтан ұрпаққа көшіп, талай заманды талай жанды таң қалдырып келе жатқан аса биік парасат көзі. Өлеңнің тегі, тарихы, құрылысы, теориясы, әесері туралы түсінік мағлұмат көне заманнан бері бар.
Аристотель, Белинский, қазақ топырағында Шоқан поэзия өнеріне ғылыми трактаттарын арнады. Фирдауси, Низами, Пушкин, Лермонтов поэзияға табынып, ақын өнері мен ақын орнын ең биікке көтерді. Ұлы Абай «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» дейді. Ш. Уәлиханов көшпелі қазақ халқының өлең мен әнге деген құмарлығын өлеңшілік, ақындық талантын айтатын тамаша аңыздарды келтіреді. Ол аңыз бойынша өлең өнері аспаннан келіпті мыс. Осының бәрінен поэзияның адам өміріндегі ерекше орны аңғарылады. Адамның күнбе - күнгі тіршілігінің рухани бейнесінің сәулесі екені сезіледі. Поэзия сырына үңілу сондықтан да әр уақытта қызғылықты.
Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу. Поэзия - өнердің асыл тегі.
Поэзия адамның еркін тілімен берілетіндіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп ол, өнердің жеке-жеке тәсілдердің бәрін бірінен бірін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты. Поэзия тұтас өнер, соның бүкіл ұйытқысы болып табылады. Және оның барлық жағын қамти отырып, бүкіл өзгешеліктерін айқын, анық түрде бойына жинақтайды.
1. Поэзия сырт жағынан идеяның мағынасын іске асырады да, міні жоқ айқын, пластикалық образдар мен рухани дүниені ұйымдастырады. Мұнда бүкіл ішкі сезім сыртқа терең жайылады, сөйтіп бұл екі жақтың екеуі де - ішкі және сыртқы - бірінен бірі жекеленіп көрінбейді, екеуі тұпа-тура бірігіп, өзімен өзі жымдасып жатқан тұтас шындықты - оқиғаны көрсетеді. Бұл жерде ақын көзге көрінбейді; айқын, пластикалық дүние өзі нен өзі өрістейді, сөйтіп ақын өздігінен болған нәрсені тек жай әңгіме етуші ғана боп табылады. Бұл эпикалық поэзия.
2. Сыртқы құбылыстың қайсысына болса да ынта, тілек, ниет, бір сөзбен айтқанда - ой-пікір мұрындық болады; сыртқы құбылыстың бәрі де ішкі, құпия күш әрекеттің нәтижесі; поэзия оқиғаның осы ішкі екінші жағына, осы күштерді ң ішіне енеді; бұл күштерден шығып сыртқы шындық, оқиға және әрекет өркендейді; мұнда поэзия қарама-қарсы, жаңа текте көрінеді. Бұл субъективті дүние, бұл ішкі дүние, өз шеңберінде қалып, сыртқа шықпайтын тырнақ-алды істердің дүниесі. Мұнда поэзия ішкі элементте, шарқ ұрған, сезгіш ойда қалады; ал рух сыртқы реалдықпен шығып, өзімен өзі болып кетеді де, поэзияға сыртқының бәрін өз бойына жинаған ішкі өмірінің әр алуан шексіз құбылыстары мен белгілерін береді. Мұнда ақынның жеке басы бірінше кезекте көрінеді де, біз тек сол арқылы ғана бәрін аңдап, түсініп отырамыз. Бұл лирикалық поэзия.
Ақырында, бұл әртүрлі екі тек бірімен бірі тұтасып қосылып кетеді: ішкі өзімен өзі болудан қалады да, сыртқа шығып, әрекетімен көзге көрінеді; іщкі, қиялдық (субъективті) нәрсе -сыртқы, реалдық (объективті) нәрсеге айналады. Эпикалық поэзиядағыдай, мұнда да әртүрлі субъективті және объективті күштерден шығатын белгілі, реалдық әрекет дамып отырады; бірақ, бұл әрекеттің ендігі жерде жалаң сыртқы сипаты болмай қалады. Мұнда әрекет, оқиға бізден таса өндіруші күштерден шығып, өз шеңберінде еркі айналып келіп, ішінен тиышталған, дап-дайы күйінде бізге кенеттен көріне қоймайды, - жоқ, біз иұнда сол әрекеттің жеке адамның еркі мен сипаттарынан пайда бола бастаған процестің өзін көреміз. Екінші жағынан, бұл сипаттар өзімен өзі болып қалмайды, үздіксіз көрініп отырады және өз рухының ішкі мазмұнын практика жүзінде ашып береді. Бұл, поэзияның жоғарғы тегі және өнердің асылы - драмалық поэзия.
Қазақ әдебиеттанушысы А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышында» атап көрсеткен дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі. Поэзия ұғымына сәйкес келеді. Зерттеуші еңбегіндегі толғаудың мазмұнына қойылатын ішкі және тысқы шарттарды белгілейді: толғау яғни поэзия а) шын көңілден шыққан сырлы; ә) былғаныш пікірден таза; б) терең күйден хабар беретін, терең із қалдыратын болуы керек. Тысқы шарттары: а) көңіл күйінің бейне бір билеуі тәрізді, күй мен би үйлесімдігі; ә) қысқа; б) әуезді болуы тиіс. А. Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында классикалық поэзия үлгісін Абай шығармаларынан көретіндігін айтады. Қазақ әдебиеті 19 ғасырларға дейін негізінен поэзия үлгісінде дамып өркендеді. Халық поэзиясы түрлі жанрларды қамтыды: өлең, эпостық жырлар, дастандар, т. б.
Поэзия тарихи-әдеби процестің дамуына орай өркендеп өсіп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырды.
Әсіресе, қазіргі заман поэзиясы сыры мен қыры мол, алып көркем дүние болып табылады. Сондықтан да сан алуан тілде туып жатқан поэтикалық шығармаларды түбегейлі зерттеу, оның әр заманға лайық қалпын, бағыт - бағдарын тексеру әдебиет туралы ғылымның міндеті.
Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды, сапасында да өзіндік ерекшелік бар. Поэзиялық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым болып келсе, ал поэзиялық туындыларға «ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйініші тән болып келеді» [2, 32 б. ] .
Поэзияда көркемдік тәсілдер мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонациялық байлығын қолдануда өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Поэзиялық шығармаларға тән айырықша тағы бір қасиет - өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған орай әсерлі, тартым ды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді.
«Поэзия -әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні» [3, 12 б. ] .
«Поэзияның және де поэтикалық ойдың негізі бола білген алты діңгекті басқа ешқандай да өнер дәл сондай етіп суреттеп бере алмайды» [3, 13б. ] .
Тәптіштеу, баяндау орнына өлеңнің бейнемен, суреттеу мен адам халінің көп жайларын білдіре алатын қасиеті өнерлі халықтың көкейіне қонған. Әсіресе, қазіргі заман поэзиясы сыры мен қыры мол, алып көркем дүние болып табылады.
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мұрасының барлығы да поэзиялық туындылар. Оның дәлелі ретінде ауыз әдебиетінен бүгінге мирас болып қалған өлең, толғау, ғашықтық жырлар, батырлар жыры, қисса-дастандар, тіпті мақал-мәтел, жұмбақтарды айтуымызға болады. Сондай-ақ поэзияның құлаштап дамуына қазақ әдебиетіндегі жыраулар да өзіндік үлес қосты.
Ә. Тәжібаев: "Поэзияның негізі - халық өлеңдерінде, әсіресе сал-сері атанған: Ақан, Біржан, Жаяу Муса, Үкілі Ыбырай, Әсеттерде жатыр" [4, 54 б. ] - дейді. Шынында да, осындай сан ғасырды басынан өткерген қазақ поэзиясы Абайдың тұсында биік деңгейге көтерілді.
Қазақ поэзиясының тыңнан түлеп, құлаштап өркен жайған кезі - Ұлы Октябрь төңкерісінен кейінгі кезең. Қазақ даласына енген жаңа заман соны жаңалыққа, соны серпінге толы өршіл, қуаты мол жаңашыл поэзиясын әкелді.
Бүгінгі қазақ поэзиясы - кемеліне келген, кең тынысты, сан-салалы, озық ойлы, сан қырлы әлемдік деңгейге көтерілген өскелең әдебиеттің үлкен саласы.
Поэзия - көңілдің толқыны, жүректің лүпілі және өмір құбылыстарын танып білудегі қуатты құрал, ой мен сезімнің тамырын терең салған бағыналы бәйтерек.
Жалпы айтқанда, поэзия - әдебиеттің ерте де қалыптасқан көне саласы.
М. Базарбаев айтқандай « . . . жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы» [5, 29 б. ] .
1. 1 Лирика - сезім сыры
Лирика - көркем әдебиет жанрының бір түрі. "Лирика" термині грек тілінен енген, "лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын" деген мағынаны білдіреді. «Қазақ көркем өнерінде лирика жанрынын алатын орны үлкен. Тіпті қазақ әдебиеттану ілімінің дені поэзия зерттеуінен тұратыны да бізді ойландыруы тиіс» [6, 36 б. ] .
Көркем әдебиеттің басқа жанрларынан қарағанда лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
Лирикалық шығарма үнемі өлеңмен жазылады. Онда автордың немесе лирикалық кейіпкердің дүниеге көзқарасы, оның сезімін, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. «Кез келген сезініс мен толғаныс лирика тудыра алмайды, әлеуметтік толғаныстар ғана лирика тудыра алады» [7, 14 б. ] .
Эпика жанры баяндауға негізделсе, лирика жанры адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықты алып қарасақ та, олардың лирикалық өлеңдері ауыз әдебиетінен басталады. Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - тойбастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда, мұң-шер өлеңдерінде немесе қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Қазтуған, Ақтанберді, Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр етуі арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш - шаттығын, тілек - мақсаттарын білдіреді.
Нағыз классикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғаныс, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады.
Белинский лириканың қасиеттерін басшылыққа ала отырып, өзіндік пікір ұсынған. Мәселен, Белинскийше лирикалық шығармалар мәңгі бай бола тұрса да, ешбір мағынасы жоқ тәрізді болып келмек: сондықтан олар, сөзсіз музыканың әуеніндей бүкіл жұлын-жүйемізді тебіренткенмен де, мазмұны тіпті айтып беруге көнбек емес.
Эпикалық шығармалардың мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беруіңіз мүмкін, ал лирикалық шығармаларды оқып шыққаныңызбен де, оның мазмұнын еш уақытта толық ұстап қалуға болмайтындықтан, өзгеге айтып беруге болмайды, айтып бергеніңізбен де әсер ете алмайсыз. Демек, лирикалық шығармалардың мазмұнын өзгеге әсерлі түрде жеткізу үшін басқаша емес, ақынның қаламынан қандайлықты боп шықса, сол қалпында оқып беруіңіз керек, себебі, сөзбен айтылған лирикалық шығарма әсер ететін қасиетін түгел жоймақ. Бұл Белинскийдің лирикаға берген бірінші сипаттамасы.
Екінші сипаттамасы бойынша, лирикадағы затта өз бетінше баға болмақ емес, жырлайтын затына ақын қандайлық мән берсе, сол лирикаға мазмұн болмақ, барлығы соның ырқында болуы керек.
Үшінші сипаттамасына қарағанда, лирикалық шығарма тезбе-тез түйсіктен шыққанмен де, өте ұзақ болмауға тиіс, ондай болған жағдайда ол тартымсыз және сылбыр болып кетпек. Оқырманға ләззат бермек тұғыл, титықтатып, жалықтырып жібермек. Егерде лирикалық шығарманы оқып беру үшін бірнеше минуттан артық уақыт керек болмайтын болса, мұндай минуттік шабыттың жемісі біздің бүкіл жұлын-жүйкемізді тебірентіп, сана-сезімімізді баурап алып көп уақыт жадымызды жүрмек.
Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді. Атап айтсақ: саяси-азаматттық лирика, махаббат лирикасы, философиялық лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы.
Көңіл-күй лирикасы - лирикалық өлеңнің нағыз өзіндік түрі. Лирика деген сөздің өзі жан толғатып, көңіл тербетеді дегенді аңғартады. Лирикалық өлең адамның көңіл күйін білдірсе, оның нағыз лирика, сезім оятқыш өлең болғаны. Абайдың «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?», «Келдік талай жерге енді», т. б. коптеген өлеңдерді осы жайды білдіреді. Көңіл-күй лирикасының үздік үлгілерін қазақ поэзиясында Абай, Мағжан сияқты ақындардан тапсақ, орыс поэзиясында Пушкин, Лермонтов шығармаларынан табамыз. Бұл ақындардың көңіл-күй лирикасы автордың өз тағдырын, қуаныш-қайғысын қоғамдық өмір, заман, дәуір туралы ой-толғаныстары мен терең қабыстырып, ұштастыра білуімен құнды.
Азаматтық лирика- лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Қазақ әдебиетіндегі азаматтық лирика түрлеріне Абайдың, С. Торайғыровтың өлеңдерін жатқызуға болады. 20 ғасырдың бас кезіндегі бұл сарын А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов поэзиясында үлкен әлеуметтік маңызға ие болды. Азаматтық лириканың тамаша үлгілерін С. Сейфулин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Т. Жароков, Ғ. Орманов, Қ. Аманжолов, Ә. Тәжібаев, Х. Ерғалиев, Қ. Бекхожин, С. Мәуленов, М. Мақатаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Ж. Нәжімеденов, т. б. шығармаларынан табуға болады. Қоғамдық өмірдің ең көкейкесті мәселелері халыңтың тағдырына, мүдделеріне, келешегіне байланысты сарындар азаматтық лириғ\каға арқау болды. Азаматтық лирика өз дәуіріне байланысты әр қырлы болуы мүмкін.
Альбомдық лирика - лирикалық жанры. Алғаш орта ғасырлардағы француз поэзиясында пайда болған. Бұл жанрға жататын өлеңдерге тән басты қасиет- сыршылдық, нәзік сезімге берілу. Бұл сипат оңаша, өзімен өзі болып отырып сыр шерту, көлденең адамға білдірмейтін ішкі сезімді, жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан. Кейін Франциядан бүкіл Еуропаға тарайды. Альбомдық лириканы әуесқой ақындар да көп қызықтаған. Қазақ поэзиясында альбомдық лирика түріне жақын келетін өлеңдер біршама. Мысалы, М. Жұмбаевтың арнау өлеңдері.
Табиғат лирикасы - лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан-дүниесі, оның айналасындағы әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі. сезінген көрінісін бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын фольклорлық поэзиядан кездестіреміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz