Ы.АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
: 1
КІРІСПЕ . . .: Ы. АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ . . .
4: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Қазақ мәдениетінің тарихындағы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен қызметінің рөлі . . .
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны . . .
4: 12
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Ыбырай Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне қосқан үлесі . . .
4: 27
: 2
КІРІСПЕ . . .: Ы. АЛТЫНСАРИН - ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ . . .
4: 35
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Ы. Алтынсарин шығармалары - балалар әдебиетінің көркем діңгегі . . .
4: 35
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Ы. Алтынсариннің тәлім- тәрбиелік мұралары . . .
4: 48
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . . .
4: 62
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
4: 64

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Ыбырай Алтынсарин-бар саналы өмірін туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдердің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түріне үйретуге арнаған.

Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтасына айналды.

Ыбырай Алтынсарин- халқымыздың аса көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ағартушысы жаңа үлгідегі демократ тәлімгері, ғалым-этнографы, әрі публицист жазушы.

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында Қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасынды әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балқожа бидың қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балқожа өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолына ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балқожа би табысқа жетудің негізгі жолы-оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орнындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған «төре» болып шығуы, ата-анасын асырауы.

Ыбырай Алтынсаринды біз қазақ балалар әдебиетінің көсемі деп білеміз. Өмірінің соңғы күніне дейін ағартушылық-педагогикалық қызмет, оның тұмыс-тіршілігінің негізгі арқауы, басты өзегі болып саналады.

Ыбырай Алтынсаринды педагогикалық ой-пікірлері оның шығармашылық қызметінің кез-келген саласымен өзектесіп жатады.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы.

-Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті мен қазақ мәдениеті қауымындағы рөлі зерделенеді;

-Ыбырай Алтынсариннің қазақ балаларына арнап жазылған шығармаларының танымдық негізі сараланады;

-Ыбырай Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары айқындалады;

-Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі зерттеледі.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

-Ыбырай Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұраларының жариялануы мен зерттеулерін қарастыру;

-Ыбырай Алтынсариннің оқу-ағарту ісі мәселесіне байланысты еңбектерін зерттеуін қарастырып, жинақтарын саралау;

-Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнап жазған шығармаларының танымдық негізін зерделеу;

-Ыбырай Алтынсариннің оқу-әдістемелік мұраларын саралау, жинақтау.

Зерттеу обьектісінің теориялық және әдіснамалық негіздері . Көрнекті әдебиеттанушылар Ә. Дербісалиннің, Х. Сүйіншіәлиевтің, Ә. Ламашевтің, М. Жармұхановтың еңбектері алынды. Бұл тұрғыда жұмыс зеттеушілерге, Ыбырай әлемін тереңірек зерделеуге ден қойған ізденістерге біраз мағұлмат береді. Сондай- ақ жұмыс нәтежелерін қазақ әдебиетін оқуда, арнайы курстар мен тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады

1 ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН

ҒАСЫРЫ

1. 1 Қазақ мәдениеті тарихындағы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен

қызметінің рөлі

Ы. Алтынсарин аса көрнекті педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениеті жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашты.

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Өйткені әрбір ұлы азаматпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтерді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы, қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы. Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтарының бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын өмір бойы басып келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер- білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, адамгершіл, прогресшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді . . . Ыбырай да сол бір бағытта болуымен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік- қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, құрастыра білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейге барып жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашты. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы»[1, 21 б. ] .

Ы. Алтынсариннің сан саналы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қолынан шыққан.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Зотобол ауданы) . Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы белгілі би Балқожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді.

Балқожа би көзі ашық, көкірегі жарқын, заманының адалдығы қатарлы адамы еді: Ол өз заманының күйін тез байқады. Ендігі үміт артта, ескіде емес, алда, жаңада екенін, Ресей өкіметінің саясатына ыңғайланып, орыс мәдениетінен азық алудың қажет екенін аңғарды.

XIX ғасырдың екінші кезеңінен бастап, патша өкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша өкіметінің бұл мектептерді ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: «Мектеп құрудағы басты міндет - шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды сұлтан- билеушілерінің, бастықтардың ісін жүргізе білетін және айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау» деп жазылған.

Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды. Ыбырай бұл мектепте жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, ерекше талантты болған.

Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде және сонда қызмет етіп жүрген жылдары Ы. Алтынсарин Орынборда Шекара комессиясының төреғасы болып қызмет атқарған белгілі шығыстанушы ғалым, профессор В. В. Григорьевпен танысып, жақын болып және достасып алады да, оның бай кітапханасын еркін пайдаланады. Соның арқасында ол орыс және шетел ақын - жазушыларының, ағартушы-ғалымдардың шығармалырын көптеп оқып, олармен мол танысады. Сөйтіп, небәрі жеті жылдық мектепті бітіріп шыққан Ыбырай өздігінен оқып, ерінбей ізденіп, талмай еңбек етуінің арқасында жан-жақты мол білімі бар, ой- өрісі өте кең, оқымысты адам болып шығады.

«Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?», -

деп атасы Балқожа би айтқандай, Ыбырай өз атасы секілді тек ауыл адамы емес, бүкіл бір халықтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болып, қазақ мәдениетінің көгіне жарқырап шыға келді.

Ы. Алтынсарин 1860 жылдардан бастап жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ баларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мұғалім болады. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазу жұмысына арнады. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы ағартушы қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, ғылым-білім, сол білім- ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатынын мектеппен байланыстырған.

Сондықтан да ол: «Мектеп - қазақтарға білім берудің басты тұтқасы. Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты», -деп жазған болатын-ды.

Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арналған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін мамандарға, атап айтқанда, мұғалімдерді дайындауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға -мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарында табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген.

«Халық мектептері үшін ең көрнектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да ол жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін», - деп жоғары бағалады.

Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демакратияшыл идеяларын, әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісіне әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол-ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына-сол ағартушы педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.

Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің педагогикалық озат пікірлерін, тағы да басқа материялдарды қорыта отырып, Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жылы) мен « Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық» деген екі кітабын жазады. Бұл еңбектер кезінде хазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезегінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.

Ы. Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда оқу мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.

Ы. Алтынсарин оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы жағынан халықтық қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен жазушыларының шығармаларымен қатар хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің үлгірерін енгізді.

Ы. Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде бірнеше қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектеп-интернаты ашылды.

Ы. Алтынсариннің есімен Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру ісінің дамуымен байланысты. Торғайда кәсіптік-техникалық училище ашылды, содан кейін Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастырды. Ы. Алтынсарин өзі оқып, қызмет еткен жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі Шығысты зерттеуші қызметкерлермен тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болады. Солар арқылы белгілі татар жазушылары Ш. Маржанин, Қ. Насрыи, С. Кукляшев, әсіресе, Петербург университетінің оқытушысы, Ш. Уалихановтың досы, белгілі татар ағартушысы Хұсин Файызхановпен да танысып достасады. Олармен хат алысып, хат жазысып тұрады. Оқу-ағарту ісіне бұлардың қайсының болса да, Ыбырайға көп көмегі болды.

Ы. Алтынсарин сол кездегі қазақ жазуын (яғни, араб әріпіне негізделген қазақ емілесін) орыс тіліне көшіруге мүлде қарсы болған. Бұл туралы жоғарғы орындарға хат жазып, арыз айтып, ұсыныстар жасаған. Мысалы, ол 1871 жылғы 31 тамызда Н. И. Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «шапағатты төрем Николай Инванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасында орыс сөздерін енгізу жөнінде пікір айқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, мейлінше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әріпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігін, оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен . . . Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара алу керек. Міне, менің шын пікірім осы» [2, 278 б. ] .

Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша үкіметі тарапынан кедергілерге ұшырайды. В. В. Катаринскийге жазған бір хатында былай деп жазады: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ мектептің табысты боларына губернатордың күдігі бар . . . ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеме де болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға бастатынына мен қазірден бастап кәміл сенемін».

Көп ұзамай бұл арманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халқының өмірінде болған аса үлкен бастама еді. Аса маңызды бұл мәселенің сәтті шыққанына Ыбырай аса қуанды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін 1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұхсат етілді.

Алайда, Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту ісінің алғашқы қадам-

дары деп білді. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізілген оқу жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы тиіс, халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болуы керек. Ауыл мектебі ауыл болмысына, болыстық мектеп- болыстағы жағдайға сай құрылуы керек. Ауыл мектептері үлгілі, көрнекті, тәртіпті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл ағарту жұмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға керек .

Ыбырай мектептеріне енетін сабақтардың бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналады, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүргізіледі.

Ыбырай туралы мұғалімдер өте жоғары пікірде болды. Ол ағартушылық жолына түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тілінде оқыта алатын мұғалім кадрларын даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың бұл тілегін қабылдамады. Керісінше, Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің тағы бір хатында «оқушылар даярлайтын училище ашуға талпынамын деп басыма пәле тауып алдым, өкімет органдары маған теріс қарай бастады, «жер» аударылуға сәл-ақ қалдым» деп күйініп жазады.

Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселерінің бірі-белгілі педагогикалық білімі бар мамандардың жетіспеушілігі. Ыбырай ол мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске асыру қажет деп болжады.

Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н. И. Ильминскийге жаңадан ашылып жатқан екі сыныптық орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім мамандарымен көмектесуді сұрап әлденеше хат жазған болатынды. Бұл кезде Қазан мұғалімдер семинариясы Қазан, Орынбор округтары ұлт мектептері үшін мұғалім мамандарын дайындайтын бірден-бір оқу орны еді.

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында әдейі қазақ жастары үшін педагогикалық оқу орындарын ұйымдастыру мәселесін жедел күн тәртібіне қойды.

1883 жылы бітіріп шықты. Оның түлектері кезінде қазақ даласының түкпір- түпкіріенде жемісті еңбек етті.

Ыбырай Орскіде педагогикалық мектептің оқу жұмысын жетілдіріп отырды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін қалауда және қалыптастыруда ерекше рөл атқарды. Сондықтанда біз Ыбырайды Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы «Ұстаздардың ұстазы» деп бағалауымыз керек.

Ыбырай Алтынсариннің енді бір топ шығармалары халқымыздың салт- дәстүр, әдет-ғұрыптарын сипаттайтын этнопедагогикалық мәнде келеді. Оның бірі өлген адамды жерлеу және оған ас беру және той жасау салты туралы баяндайды.

Халқымыздың салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын жетік білетін

жан-жақты ғалым екендігін таныта білді. Осы ерекшелік ұлы ағартушының оқулық, хрестоматияларынан да айқын аңғарылады.

Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралдарына зер салып қарасақ, оның балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы талаптарға орай айтылған ойдың дәлдігі мен нақтылығы, танымдылығы мен көркемдік әсерлігі негізге алынады. Сондай-ақ осы мақсатта автордың халық ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мәтелдерді, небір шешендік сөз нұсқауларын талдап-талғап енгізуі де өте орынды.

Ыбырай жастарды оқу, білім-өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмытылады.

Халықты және де олардың жас өрендерін оқуға, өнер-білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтерген, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі «Кел, балалар, оқылық», «Өнер- білім бар жұрттар», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдері.

«Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей- ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!» -

деп ұран салды.

Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен сауат ашу, оқу мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнерлі кісі болуды негіздейді.

Елді қараңғылықтан жарыққа шығаратын жастар, тек қана жастар деген қорытындыға келеді. Әсіресе, оның келешекке сенімі мол болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді.

«Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сендерге бердім батамды!»-деп,

ол өз халқының келешек ұрпақтарына сеніп кеткен еді. Міне, сол ұрпақ Ыбырай арманын жүзеге асырғанын бұл күнде айқын көрініп жүр.

Ыбырайдың сол кездегі қоғамдық көзқарасында тарихи шектеушілік пен кейбір кемшіліктер болды. Қоғамдағы кемшіліктерді көре тұрып, оны өзгертудің негізгі жолы адамдарды ағарту, білім беру, өмірді төңкеріс жолымен емес, реформа арқылы әділетсіздікті жойып, жақсылық орнатуға болады деді.

Бұл оның көзқарасының, дүниетанымының кемшілігі еді. Ол табиғатты тануда материалист бола тұра құбылыстарды түсіндіруде идеалистік көзқарастан аса алмады.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдеде, Қостанай қаласынан үш шақырымдай жердегі «Инспектор көлінің» жағасында салынған өзінің үйінде, қырық сегіз жасқа толуына үш ай, үш күн қалғанда дүниеден өтті.

1. 2 Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Әр заман, тарихи кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығырып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң-мұқтажын көре біліп, халықының сол мұқтажына халының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне ықпал етіп келген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Үйсіндер.Қаңлылар.Ғұндар
М.Әуезов және фольклортану мәселелері
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Шортанбай поэзиясының тағылым қырларын ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz