АБАЙҒА БАРАР ЖОЛ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- І. АБАЙҒА БАРАР ЖОЛ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
0.1. Абай қара сөзіндегі философиялық ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5-8
0.2. Абай қара сөздерінің тәрбиелік сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 9-13
0.3. Абай қара сөздерінің танымдық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21 -23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..24
Кіріспе
І. Абайға барар жол
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бой маңызын жоймайтын рухани қазынасы.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен дарып, біте кайнасқан. Ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол, халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт деген имандылық ережесі әр кезеңнің жас ұрпағы бұдан былай санасына Абай қазынасының нәрлі бұлағынан сіңіретін болады. Азаматтықтың үлкен жолындағы өзінің алдына қойған мақсатқа ол тиісті жауапты ең алдымен Абай мұрасынан іздеп, Абай даналығынан табатын болады.
Абайға баратын жол - ұзақ жол. Ол ешқашан таусылмайды. Заман өзгерген сайын, халықтың сана-сезіміне еркіндік самалы есіп, ақыл-есі желпінген сайын ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа бір қырларынан ашылып, жарқырай түспек. Демек, өз жолында жаңа бір олжалар тауып, тың жемістер теруге ұмтылу Абайға қарай сапар шеккен әрбір зерттеушінің абыройлы борышы болса керек.
Қай ақын болса да өз халқының, өз қоғамының кәдімгі қарапайым тұмысын, күнделікті тіршілігін суреттейді.
Абай өз замандастарының бойындағы жаман мінездерді батыл сынай отырып, оларды жақсы адамгершілікке шақырады. Өзінің ағартушылық борышына бағып, халқын оқуға мәдениетке, ғылым-білімге үндеді. Ел-жұртына шынайы парасаттылықтың жолын нұсқады.
Абай - қазақ поэзиясына шын мәніндегі лириканың классикалық үлгілерін енгізген ақын. Ал лирика дегеніміз ең алдымен сезімге құрылатыны ежелден мәлім. Бұл жерде екі түрлі сезімінің толқыны тоғысады. Бірі - өлең процесі үстінде тебіренген ақын сезімі, екінші - сол сезімінің күшімен, соның әсерінен туындайтын оқырман сезімі. Бұл екеуі шынайы болғанда, бір-бірімен табиғи үндестік табады.
Абай - ұлттық поэзиядағы жаңашыл ақын. Ол ақындық әлеміндегі шынайы көркемдіктің ауылы қай жақта екенін өз замандастарына да, келешек ұрпаққа да көрсетіп кеткен ақын. Сол шынайы көркемдікті, бір жағынан, өлең өнерінің шарттарын ақындық тілмен өрнектеп, ұстаздық жолмен насихаттап өткен, сөйтіп, артына тұтас бір эстетикалық мектеп, әсемдік мектебін қалдырған ақын.
Абай - данышпан ақын. Сәбит Мұқанов Абай жөніндегі зерттеуінде: Данышпанның бәрі ақын емес, ақынның бәрі данышпан емес. Ал Абайда осының екеуі де бар деген екен. Біз соған қосымша айтар едік: Абай - жай ғана данышпан емес, түпсіз тереңнен толғайтын, талай замандардың ақыл-ойын бір басына сыйғызған ғұлама ғалым, кемеңгер данышпан.
Ол даналықты өзінің туған табиғатынан үйренді, туған халқының сөз қазынасынан үйренді, дүние жүзінің ғылым-білімінен үйренді. Соның барлығын өз санасында, өз жүрегінде қорытып әкеліп, туған халқына ұсынады. Бұл да болса ақын шындығының бір парасы еді.
1.1.Абай қара сөзіндегі философиялық ойлар
Абайдың әдеби мұрасының көлемді де елеулі әрі қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды болмаған қайталанбас ерекшелігі бар саласы - оның қара сөздері. Абайдың атақты қара сөздері немесе ғалиясы әлі күнге дейін осы мұраның ең аз зерттелген саласы.
Абайдың қара сөздері тұңғыш рет төңкерістен кейін ғана баспасөзде дүркін-дүркін үзінді ретінде жарияланып жүрді де, соңыра 1933 жылы ғана толығымен жарық көрді.
Ұлы ақынның ой түбіне терең шомудан, өз заманының шындығы тудырып отырған түйінді мәселелерін сарапқа салудан туған ғақлия сөздері - Абайдың дүниетанымы мен ішкі дүниесінің сырын танып білуде мәні бар құбылыс. Осы себептен де ұлы ақын мұрасын зерттеушілер оның дүниеге көзқарасын білуді, танытуды сөз еткенде, алдымен, өздерінің зерттеу объектісіне ақынның ғақлия қара сөздерін алып отырады. Өйткені Абайдың дүниеге көзқарасы, негізінен, осы қара сөздерінде молырақ та әрі жүйелірек көрініс берген.
Абай мұрасы туралы пікір айту мен ішінара зерттеу сипатындағы еңбектер төңкеріске дейін-ақ орын алғанымен, оның ғақлия қара сөздері туралы пікір баспасөзде тұңғыш рет 40-жылдар басында ғана айтыла бастады. Абайдың қара сөздері туралы мектепке арналған оқулықтар мен кейбір арнаулы мақалаларда бірсыпыра пікір айтылған.
Абай қара сөздерінің әдеби тұрғыдан арнайы зерттеу нысанасына алына бастауы Х.Сүйіншәлиев, М.Фетисов, Қ.Өмірәлиев т.б. зерттеу жұмыстарында орын ала бастады. Бұлардың бірі Абайдың қара сөздерін түгел қамтып сөз етсе, екінші оны афоризм жанры тұрғысынан қарап отырды. Ал, үшінші Абай қара сөздері публицистикалық табиғатын жекеше сөз етті.
Х.Сүйіншәлиевтің монографиялық зерттеуі Абай мұрасының осы күнге дейін арнайы түрде зерттелмей келген саласы - ақынның қара сөздерін, яғни күрделі де тың өзіндік ерекшелігі бар жанр табиғатын арнайы зерттеу нысанасына алуына назар аударды.
Автор еңбегі төрт тарауға бөлініп, Абай өмірбаяны мен шығармаларын, әсіресе, Абай қара сөзінің текстологиясы мен тақырыптық мазмұнын, жанрлық түрі мен стилін жеке-жеке талдауға алып, өзіндік ой танымын монографиялық еңбегінде баяндап, тұңғыш қадам жасады.
Үшінші тарауы да (Абай қара сөздерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны) абай қара сөздерін шартты түрде әр тақырып мазмұны өз алдына жеке-жеке талданып баяндалған.
Абай қара сөздеріне байланысты зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі проф.М.Фетисов болды.
Проф.М.Фетисов Абай қара сөздерінің қазақ әдебиетінде пайда болу себебі мен оның шығу тегі туралы пікір қозғайды.
Абай қара сөздерін жанрлық жағынан негізінен публицистикаға жатқызады да, мұны қазақ әдебиетінің тарихындағы жанрлық және ұлттық ерекшелігі бар публицистика деп таниды.
Абайды публицист деп ең алғашқылардың бірі болып атап айтқан Х.Бекқожин де өз зерттеуіне қарасөздерді өзек етеді: Стиль, идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қара сөздері -- нағыз публицистикалық шығарма [2] дейді ол.
Абай адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына дейін өзінің ағартушылық міндетін терең сезініп өткен. Ол өзінің жазып қалдырған ғақлиясында ойларын жалпылама айтпай, саралай бөліп, даралай жіктеп көрсетуге ерекше мән берген... Мәселен Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба- дей келіп, адам мінездеріне жақсы да жаман әсер ететін сипаттарды тарата жіктеп түсіндіріп береді. Поэтикалық тұжырымдармен топтастыра жинақтап, Бес нәрседен қашық бол, өсек-өтірік-мақтаншақ-еріншек-бекер мал шашпақ; Бес нәрсеге асық бол; талап-еңбек-терең-ой-қанағат-рақым- ойлап қой дейді. Жалпы Абайдың көзқарастарында инабат (этика) категорияларын даралай көрсетіп талдауға тырысқанын байқау қиын емес.
Ақыл-парасат тұрғысынан келгенде Абай 19-шы сөзінде Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады дей келіп, ол өзінің 31- ші сөзінде Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені естігенде ғибратлану (үлгі) керек, үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек: төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыздық,салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, иә бір қайғыға салыну, иә бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер [1] деп тұжырымдайды.
Тәрбиелі адамдардың бойынан байқалатын: ұят пен ар, ізгілік пен мейірім, имандылық пен инабатты бір сөзбен айтқанда, Ұждан деген ұғымға сыйдырамыз. Ал адам табиғатындағы ұждан атты қасиетті сипаттың тербелетін бесігі, тек жүрек тәрбиесімен ғана үйлесіп жататыны белгілі. Мұны, орасан үлкен ақындық түйсікпен Абай да сезген. Соның айқын дәлеліндей, мынау бір жолдарға көңіл аударалық:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар, - дей келеді де,
Жүрек тербеп оятар баста миды,-деп Абай таңғажайып тұжырым жасайды. Осы ойды салыстырмалы түрде, жүкті әйелдің сезімге толы көңіл-күйін әуенге теңеп, ол ұйықтап жатқан жан иесінің жүрегін оятса, содан қалыптасқан ұждан ғана орнықты сипат алса керек. Жалпы, өзінің тәрбие жүйесінде Абай жүрек қалыптастыратын ұждандық сипатқа ерекше мән берген.
Инабат (этика) сипаттарының ішінде ерекше мәнге ие Қанағат атты қасиеттің қалыптасуына Жүректің де, Ақылдың да қатынасы бар. Адам бойындағы бұл сипат жүрек пен ақылдың үндесе жетілуінен ғана нәр алады. Тіпті адам мінезіндегі Қанағаттық қасиеті әбден толыса нұрланған соң, қайыра келі жүрек пен ақылдың өзіне шапағатын тигізеді. Міне Қанағаттың құдіреті осындай.
Абай өзінің 43-ші сөзінде: ...Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса жарамайды. Өлшеуін білмек бір үлкен іс керек. Ойланбақ жақсы, бірақ іске тіпті салынып кеткен кісі...ойын байлай алмай, қияли болып кететіні де болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құщпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ алданбастық бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса боқысы шығады... Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік осыларға ұқсаған... әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып ақылдан шығарып жіберетін нәрселер болады... Адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрселерден бойды ерте тиып алу керек. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл еді ғой. Бір ақыл қуаты бірлән мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат екі мықты қуат қосылып тоқтатады... [1] деп мөлшерсіздік пен қанағатсыздықтың түбі қайғы қасірет екенін аңғартады. Оны тоқтату үшін бір ғана ақылдың күші жетпейтінін Абай ғұлама ашып айтып отыр.
Адам мінездеріндегі қанағаттылық сипат, күллі адамгершілік қасиеттерін ашып, кісілікті мұраттарға жетелейтіндігін, халқымыздың ғасырлар бойы жасалынған халық педагогикасынан да анық байқауға болады. Мәселен, ұрпағына өсиет етіп, қалдырған қазақ халқының даналығында: Қанағат - қарын тойғызады, қанағатсыздық- жалғыз атын сойғызады - деп өз тұрмысының жай-күйін тұтас алып сипаттайтын ой түйеді. Міне бұдан көп толғанып, қаншама ілімдермен салыстыра жетілдірген, Абайдың педагогикалық көзқарастарының бастауы да, халық педагогикасымен тамырлас екендігін аңғару қиын емес...
Жоғарыда айтылған жәуан мәрттілік ілімінің бір көрінісі - Әділет-шапқат екендігін байқадық. Абай осы мәселені өзінің көсіле толғанып жазған 38-сөзінде толып жатқан инабаттылық сипаттарымен салыстыра қарастырып, аса терең ұғымдарға үңіледі.
Ол өзінің осы 38-ші қара сөзінде: Ей, жүрегімнің қуаты, перезенттілерім! Сіздерге ұғылының мінездері тұғралы біраз сөз жазып ядкар (ескерткіш) қалдырайын. Ықылас- бірлән оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың толады. Махаббат әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселер бірлән. Мұның табылмақтығына себепкер-әуелі хауас сәлим (ішкі сезім, жақсы сипат) һәм тән саулық, бұлар туысынан болады... қылмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Ғылым- білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым - білімді әуел бастап бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздейтіндей болғанша,- деп түбегейлі нәрселерді түре айтып, күллі педагогикалық тәлім мен тәрбиенің негізгі әдістеріне жөн сілтейді. Бүкіл шығыс мәдениетінің терең сезімталдық (хауас) пен ойшылдыққа құрылған ілімдерімен ойын өрнектеп отырады. Оның мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла дейтін мұңға толы сыршылдығының сипаты да осында жатса керек.
Жалпы Абай өзінің айналасындағы өнер қуған шәкірттерімен білім, ғылым өмір көріністері мен тұрмыс тәлкектерін, адам мінездері мен кісілікке лайық келбеттерін шешіле талдап, тежеусіз пікір алысып таласа талдауды үнемі жетілдіріп отыруға тырысқан. Сонымен қоса, Абай шәкірттеріне өнердің сан-сала жолдарын арнайы тапсырып олардың соған бейімделе білім жинауына көмектесіп отырған. Мәселен, біріне-шығыс ойшылдарының еңбегімен танысуды жүктесе, екіншісіне,-батыс мәдениетіндегі өнер мен әдебиеттің даму бағыттарына зер салуды тапсырады. Мұның өзі келе-келе әрбір отырыстың мәні де, терең сипат алуына барынша ететін болған. Мұндай отырыстар ұстаз бен шәкірттердің ашық сырласуына әкеліп, айналасына шын мәніндегі ағартушылық қызметтерін нәрлендіре түскен. Кейде мұндай сәттерді ауыл адамдарының ортасында өткізетін болған. Бұл да тәрбие бағытындағы Абай тәлімінің бір саласы екенін атап айтқан жөн.
1.2 Абай қара сөздерінің тәрбиелік сипаты
Абай ағартушылығының бір саласы білім-ғылымға үйренумен қоса, еріңбей еңбек етуге үндейді. Адамның тұрмыс жағдайын да, жан дүниесінің жақсылық сезімдерге бөленуін де жетілдіретін пайдалы еңбек дегенді өзінің барлық творчествосына арқау етеді. Жалпы адамдық жолын Абай білімнен де, жастықтан да, еңбектен де біртұтас қарастырғанды дұрыс бағыт деп біледі.
Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбір сырт сипаттарына қарағанда Л. Н. Толстойдың Круг чтения деп аталатын еңбегіне ұқсас. Толстой өзінен басқа ойшылдардың көп-көп жайлардан жазған толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына бірнеше кітап етіп ұсынған. Бірақ Толстой Круг чтенияда оқушыларымен тыныш, тату әңгіме өткізем дейді. Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді. Абайдың қара сөзінде Сократтың сөзін дін үгітшілерінің сөздерін келтіргендей етеді. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Осыдан соңғы қара сөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы - анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысыменен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын аярлық жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтык, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тындаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді.
Кейде өзі көп алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге сайып, мысқыл, әжуа халдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды. Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт-өсиет асырады. Соңында тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі көп.
Кейбір терең өсиет, азғын ойлар бұның тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін. Сол себепті өлең сөздерінде ұзақтан, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қара сөздерінде оңайлатып, азайтып, қысқартып айтатыны да болады. . Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өз тұсындағы сенім-нанымдарын еске алғандықтан, ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Әрине, оның өз нанымы өзгермейді. Сондықтан өлеңдегі сияқты дінді адамгершілік моральдық, тәрбиенің қараңғылыққа қарсы, шартты түрдегі өткелі есебінде бағалайды. Осындай негізгі түсінік Абайдың қара сөзінде де көрінеді. Бірақ осымен қатар мұсылман дініне иланған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздардың жайларын көбірек айтып, әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Онысы: дін түтынушылар мен би-болыс, атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз, сыншы, жазушы болған қалпын Абай қара сөздерін біраз жеңілтіп, ашуын азайтыңқырап алады.
Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар көп болса, қара сөздерінде аз көрінеді. Бірнеше шығармаларда басып айтқан ащы, сыншы пікірлер болғанмен, көпшілік қара сөздерде орташа халде таратады. Бұнда жалпы байкалатын күй, осы тыңдаушылармен Абай тану, тыныш мәжіліс құрғандай болады. Өйткені Ғақлиатты Абай өзінің касында жақын жүрген шәкірт достарына, үміт еткен жақсы жастарына аса бір жылы жүректен ағалық өсиет етіп айтқан. Ал, көпшілік қара сөзде Абайдың көз алдында көрініп отырған тындаушысы жаңағы жастар ғана емес сияқты. Бірақ олар Абайды аяп әңгімелесетін, тартына сөйлейтін адамдары тәрізденеді. Осы себептен болу керек, қара сөз ой тереңдігі жағынан да көп өлең сөздерден өзгеше, сәл ғана шындықтардың өріс-өрісін байқаткандай болады. Кейбір тақырыптар бір топ сөздердің көлемінде қайталап, әр алуан жаңа мысқыл, теңеулермен, дәлелдермен молайғаны болмаса, ой жағынан бір алуандас болады. Ал кей тақырып, бір-бір қара сөзде айтылумен тоқтап отырады. Абайдың ойында да билік, тергеу халықтың қамына жақын болсын, жұртшылыққа залалды жаманшылық атаулы орынды жазасын алатын болсын деген қамқорлық талап бар. Бұл қара сөз Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, оны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын жаңағы қара сөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқаны. Осы қатарда мінез жайын айта келіп өтірік, батырсынған бояма мінезді сынау, адамдықты үгіттеу. Жазушы көп сұрақтар бере отырып, қазақ қауымындағы адаммен адам арасындағы қарым-қатынасты қатты сынай сөйлейді. Ел мінезіне арналған қырық бірінші сөзде Абайдың көп өсиет-сын өлеңдерімен ұштасатын жайттер қайта қозғалады. Елді тағылым-тәрбие түзер еді, ол жоқ деген арманды ой туады. Халық басындағы, қоғам ішіндегі ауыртпалық күйдің бәрін теріп көрсететін осыған тән сөздердің жұмыссыздыққа арналады. Еңбексіз жатып ішу, қолы ұдайы бос болу жеке адамның басындағы және көпшіліктегі кеселдің үлкен себепшісі деген аса сыншыл, дұрыс ойлар айтылады. Қара сөздер ішіндегі көлемі үлкен, кенеуі мол сөздің бірі де осы деуге болады. Халықтың, көпшіліктің өкілі болып отырған азамат жазушы жаңағыдай ұлықтар кесірінен бейнет шегетін ел үшін ширығып, ызалы турашылдық сөздерін сөйлейді. Бұл тексерілгендерден бөлек қара сөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып - дін менен мораль, тәрбие жайларын қозғайды. Осы сөздердің кейбірінде Абай құдайға құлшылық етудің мәнін айтып, иман жайын сөз етеді Бірақ, сол мұсылманшылдықтың анық діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі - адамгершілік өсиеттер болады. Сол адамгершілік қасиетті адам өзінің жаратылыс сырымен қоса бағалап, түсінсін деп ойлайды. Сондай түсінік адамды адамгершілік биік сатыға көтереді дейді. Осы ойына тіреп, дерек етіп әдейі ұстаздық, тәрбиешілік ниетпен Сократ сөзін береді.
Абай қазақтың дін күтушілерін және сол дін жолының өзіндегі өрескел мінді мінездерін шенейді. Пайғамбар өсиетін айта отырса да, сыншыл ақылдың талаптарын Абай айқын атап отырады. Осы тұста Абай өзінің дінін түп наным жағынан да, моральдық қасиеттер турасынан да және адамгершілік тәрбие мақсатымен де анықтап, таныта түспек болады. Өлендерінің тұсында айтқанымыздай, әрине, бұл сөзде де Абай өзін мұсылман етіп көрсетеді. Ол діннің құдайына иланады. Енді соның көп сипаттарын өз оқушысына баяндап береді. Сол баяндауында үнемі адамның жақсы сипаттар жағын айрықша өкшеп терумен болады. Ендеше, бұл сөздің де түп мазмұн-мақсаты адамды жақсы етіп шығаратын қасиет, сипаттарды жеткізе түсу. Моральдық философияның, педагогикалық мұраттардың негізін діндегі негіздермен қабыстырып бермекші.. Алғашқы айтылған сөздің мысалын осы сөзде келтірген бір ұзақ пікірден байқауға болады. Барлық жаратылыстың молдық берекесін айтып келіп, Абай Адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік - дейді. Осымен бар дүниенің жан-жануары, өлі-тірі табиғаты баршасы да тек адам баласы үшін жаралады. Өйткені, адам нәсіліне тәңір иесінің жасаған махаббаты солай деген ой таратады.
Ал әлеуметтік мәселеде Абайдың дін жайын қозғай отырып, дін ұстаздарына айтатын қатты соққы, сындары және осы сөзде. Бұл жоғарыда біз айтқан Абай ойының ең қымбатты, бағалы жағы. Абай молдаларды сынап келіп Бұл заманның молдалары хаким атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлкім бұзық пиғыл деп, осыдан кейін Абай молдаларды өздерінің тілдерімен дәлелдер айтып отырып әшкерелеп, қатты шенеп шығады. Содан әрі жалғыз қазақ емес, бүкіл мұсылманшылық ғаламына ауысады. Өздерінің қараңғы нанымдарымен елді улатып, шырмап келген үлкен дін басыларға да аяусыз соққы береді.. Бұлардың сүйенгені надандар, сөйлегені жалған, дәлелдері таспиғы менен сәлделері, онан басқа ешнәрсе жоқ,- дейді. Осындай дінмен байланысты діншіл ойларды айтып келіп, Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді. Олары үш нәрсе: надандық, еріншектік, залымдық - деп атайды.
Өлең шығармаларында адамгершілік, тәрбиелік терең ойларды қозғағанда айтатын қорытынды түйіндерін осы арада тағы келіп табады. Сөйтіп анық айқын діншілдік үгіт сияқтанып басталған сөз ақынның өз ұғымындағы үлкен моральдық философияның тәрбиелік талаптарына келіп қосылады.
Ақындық өсиеттері мен қара сөзде көрінген ұстаздық мақсаттар екеуі де осындай тұстарда табысып кеп, үнемі бір сағаға қосыла құйылып жатады. Осылайша топталып, тексерілген қара сөздердің тақырып бойынша құралатын ендігі бір мол түрі тағы бір топ сөздерде көрінеді. Бұнда әр алуан түрде қайталап келіп отыратын бір тектес тақырыптар бар. Сол ортақ тақырыптар адамның адамдық қасиеттерін тереді.
Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады. Он бесінші сөзде мораль мәселесін мінез белгілерімен байланыстыра отырып, әрбір жақсы адам боламын деген кісіге өз-өзіне есеп беру қажет екенін айтады.
Адамзат баласының жер бетінде адам болып, бақытты ғұмыр кешуі үшін екі нәрсе керек. Ол - тән азығы мен жан азығы. Тән азығына материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін азық-түлік, киім-кешек, баспана, көлік сияқты адамның күнделікті тіршілігін қамтамасыз ететіндер жатады.. Басқаша айтсақ, жан азығы- рухани құндылықтар.
Рухани құндылықтардың аясы тым кең. Оған адамның адамдық санасын анықтайтын әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлық, сияқты қасиеттерінен бастап, сол ұлттың ұлттық тілінде, ұлттық тұрмыс-тіршілігінде әдет-ғұрпы, салт - дәстүрі ретінде жасасып, халықтың қоғамдық тұрмыс-тіршілік етуіне қажетті пайдалы нәрселердің бәрі жатады. Демек, рухани қазынаның негізін білім, ғылым, өнер, әдебиет, мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, экономика т.б. құрайды.
Сонымен адам өмірінде рухани құндылықтардың маңызы зор. Ал рухани құндылықтар белгілі бір халықтың ұлттық дамуымен тікелей байланысты болса, екінші жағынан, оның кемелденуінің де көрсеткіші.
Рухани құндылықтарын сақтап, дамыта алған ұлттар ғана қалыпты өмір сүре алады. Сондықтан әрбір мемлекеттің бүкіл саясаты ұлттық құндылықтарға, халықтық асқақ армандарға негізделген мемлекеттік идеологияны ұстанады. Сонда ғана халықтың дамуы үшін барлық мүмкіндіктер ашылып, ұлттық рухани құндылықтар салтанат құрады.
Әрбір адам белгілі бір рухани құндылықтардың аясында өмір сүріп, ол өмірінің мәні мен сәніне, азаматтық ұстанымына, өмір сүру салтына айналады.
1.3 Абайдың қара сөздерінің танымдық мәні
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!...
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс басқа, бірақ жарқын болашақққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті. Ақынның көптеген сөздері афоризмдері болып саналады. Қара сөздер ақынның толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл аралығында жазылған. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесуге маслихат, кеңес құрып, отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып, отырған болады. Осы әңгімесінде Абай адамгершілік, мәселелерінен; әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық еңбекті бағалағыштық (сияқты) жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын аярлық жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Қара сөздер бірнеше тақырыпқа бөлінеді.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге деген көзқарастары қара сөздерінде айқын байқалады. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығарма. Жалпы саны қырық бестен тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсы біреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады.
Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Бірінші сөзінде Абай мазмұны жағынан өзге сөздерге алғы сөз кіріспе ретінде жазылған. Мұнда ол алысып, жұлысып, айтысып, тартысып, (көре-көре) әурешілікті көре-көре өткізген өміріне налысы бар қажыған, жалыққан атқарған ісінің баянсыздығынан байлаусыздыған қоршылық көріп уайым дертіне ұшыраған адамды көрсек, екіншіден басынан өткізген тұрлаусыз істерден ақыл қорытқан.
Екінші сөзінде халықтарды салыстырады. Қазақ ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына, әділетті достық көңілмен ұғындырып береді. Әңгімені жай бір тыңдаушылар тобында отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының дәлелсіз үстірт өзгешілдігін мысқыл ете келеді. Содан барып шын сыншыл ойларына ауысады. Еңбек сүйген ел атаулының бәрі де қазақтай еңбексіздікке мол салынған, және сол еңбекті өнеркәсіпте, күндегі тірлікте көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz