АБАЙҒА БАРАР ЖОЛДА



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Абай поэзиясының көркемдік қуаты

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.АБАЙҒА БАРАР ЖОЛДА ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Абай поэзиясының өміршеңдігі ұлттық таным мен ақын мұратының үндестігінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Абай өлеңдерінің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .24

КІРІСПЕ

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен дарып, біте қайнасып, санаға адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол, халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт деген имандылық ережесі әр кезеңнің жас ұрпағы үшін Абай қазынасының нәрлі бұлағы іспеттес.
Абайға баратын жол - ұзақ жол. Ол ешқашан таусылмайды. Заман өзгерген сайын, халықтың сана-сезіміне еркіндік самалы есіп, ақыл-ойы толысқан сайын ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа бір қырларынан ашылып, жарқырай түспек. Демек, өз жолында жаңа бір олжалар тауып, тың жемістер теруге ұмтылу Абайға қарай сапар шеккен әрбір зерттеушінің абыройлы борышы болса керек.
Абай - ұлттық поэзиядағы жаңашыл ақын. Ол ақындық әлеміндегі шынайы көркемдіктің ауылы қай жақта екенін өз замандастарына да, келешек ұрпаққа да көрсетіп кеткен ақын. Сол шынайы көркемдікті, бір жағынан өлең өнерінің шарттарын ақындық тілмен өрнектеп, ұстаздық жолмен насихаттап өткен, сөйтіп, артына тұтас бір эстетикалық мектеп, әсемдік мектебін қалдырған ақын.
Абай - қазақ поэзиясына шын мәніндегі лириканың классикалық үлгілерін енгізген ақын. Ал лирика дегеніміз ең алдымен сезімге құрылатыны ежелден мәлім. Бұл жерде екі түрлі сезімнің толқыны тоғысады. Бірі - өлең процесі үстінде тебіренген ақын сезімі, екінші - сол сезімнің күшімен, соның әсерінен туындайтын оқырман сезімі. Бұл екеуі шынайы болғанда, бір-бірімен табиғи үндестік табады.
Өзінің ағартушылық көзқарасын таныта отырып, халқын оқуға мәдениетке, ғылым-білімге үндеді. Ел-жұртына шынайы парасаттылықтың жолын нұсқады. Өз халқының, өз қоғамының кәдімгі қарапайым тұрмысын, күнделікті тіршілігін суреттейді.
Абай өз замандастарының бойындағы жаман мінездерді батыл сынай отырып, оларды жақсы адамгершілікке шақырады.
Абай - данышпан ақын. Сәбит Мұқанов Абай жөніндегі зерттеуінде: Данышпанның бәрі ақын емес, ақынның бәрі данышпан емес. Ал Абайда осының екеуі де бар деген екен. Біз соған қосымша айтар едік: Абай - жай ғана данышпан емес, түпсіз тереңнен толғайтын, талай замандардың ақыл-ойын бір басына сыйғызған ғұлама ғалым, кемеңгер данышпан.
Ол даналықты өзінің туған табиғатынан үйренді, туған халқының сөз қазынасынан үйренді, дүние жүзінің ғылым-білімінен үйренді. Соның барлығын өз санасында, өз жүрегінде қорытып, туған халқына ұсынды. Бұл да болса ақын шындығының бір парасы еді.
Азаматтықтың жолын іздеген ұрпақ Абай мұрасынан, Абай даналығынан табатын болады.
І. АБАЙҒА БАРАР ЖОЛДА

1.1 Абай поэзиясының өміршеңдігі ұлттық таным мен ақын мұратының үндестігінде

Сөз өнері әр халықтың рухани өсуінің, өмірі мен тағдырының көркем шежіресі, жан сыры ретінде танылумен бірге оның мақтанышы, даңқы болып та табылады. Әр халықтың елдік сипаты, жарқын қасиеттері ең алдымен оның әдебиетінде терең елес береді. Поэзия -- адам баласының мәдениетін дамытудағы ең қуатты, құдіретті кұралдардың бірі. Ежелден бері поэзия көктеп өсудің, күрес пен жеңістің, жаңғырып жасарудың белгісі болып келеді. Қай халықтың поэзиясы да бұған айқын мысал бола алады. Осынау тамаша қасиет Абай поэзиясында мол.
Көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев : Абайы бар елдің бақ-талайы бар, Абайсыз бізді өзгелер қалай ұғар?! - деген өлең жолдарының өзі-ақ халқымыздың маңдайындағы күні, таңдайындағы үні болған теңіздей терең данышпан бабамыздың керемет құдіретін жеткізіп тұрғандай. Абайдың ақындық әлемі дегеніміз мағыналық ауқымы өте кең ұғым. Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Оның өлеңдерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнелеген телегей теңіз шындығы бар. Абай поэзиясының ішкі рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады. Ақын поэзиясына осындай күш-қуат, көркемдік сәулет беріп тұрған, оның шығармасында қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің шындығы терең бейнеленуі және әдебиеттегі ұлттық көркемдік ойлау өзгешілігінің, өмір құбылыстарын сөзбен мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуі.
Абай заманы ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез - қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Абай осы ортада өсті. Кедей шаруаларды сүліктей сорып, алдау мен арбаудан жиған малын қорғалатып жүрген байлардың өтірігін, күш сынасқан күндестігін көріп, озбырлар ортасынан жирене, түңіле өсті. Абай алғашқы кезде ауыл молдасынан хат танып, он жасында Семей қаласындағы медресеге түседі. Мұнда бар болғаны үш-ақ жыл оқиды. Медреседегі оқу Абайды қанағаттандыра алмады. Ол енді өз бетімен білімін толықтырмақ боп, одан әрі ізденеді. Туысқан Орта Азия халықтарының Низами, Фирдауси секілді жұлдызды шайырларының шығармаларымен танысады. Coлардың әсерімен алғашқы өлеңдерін жазады.
Абай медреседе оқи жүре, бір жағынан сол Семей қаласындағы приходская школаға түсіп, орыс тілін үйрене бастайды. Бірақ, бұл да ұзаққа созылмайды: бас-аяғы бірнеше айдан кейін орысша оқу да үзіледі, әкесі Абайды қаладан ауылға қайтарып алады. Құнанбайдың ондағы мақсаты -- баласын ел басқару ісінде өзіне ізбасар етіп дайындау. Абай бұл әмірге де еріксіз көнеді, әке ықпалымен ел жұмысына араласады. Ақынның кейініректе ызамен айтқаны:
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен, түспе ізіме...

деген сөздері осының өкініші еді.
Абай өз елінде болып жатқан осындай тарихи оқиға мен өзгерістердің қалың ортасында болды. Ел жайын барлап, әлеуметтік өмірге, халықтың саяси-экономикалық халіне, мәдени тұрмысына назар аударып, көп ойланып, көп толғанды, өз дәуірінің заман ағымын сыншыл да шыншыл пайымдады. Абай өз өлеңдерінде осыны аяусыз шенеп, әшкереледі.
Абай өзін қоршаған қапас дүниеде булыға бұлқынған қараңғы қауымның аянышты халін көріп, оның көзін қойып, көңілін ашу жолында қолынан келгенше жанып, жарқырап бақты. Езілгендердің еңсе көтеруі үшін барын салды. Ел басындағы қалың тұманның ақыр бір күн ашыларына, айығарына сеніп, жарқын келешекке зор үмітпен көз тікті:

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.

Болашақтан бақытты өмір күтті. Бойындағы бар асылын, қабілетін, күш-қасиетін, білімі мен өнерін осы ұлы үмітке арнады. Осынысы үшін ол қысым да көрді. Қазақтың бай-феодалдар тобы, патша әкімдері соңына түсіп, аяқ басқанын аңдып, ақын өмірі ауыр азапқа айналды. Өмірінің соңғы кезінде ақын басында болған реніш, өкініш сарындары осыған байланысты еді.
Абайдың аңсаған арманына жете алмай өкініп өткені өлеңінде де тұр:

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ...

Ақын кім? Ақындық деген не? Бұл сұрақтардың жауабын кезінде Абайдың өзі берген. Ұлы ақынның Адамның кейбір кездері деп басталатын өлеңінде мынадай керемет жолдар бар:

Сылдырап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай...

Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқауға болады. Мұның біріншісі - қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауызша әдебиет қоры. Екінші бір қол артқан қазынасы-араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классик поэзиясы. Үшінші, үлкен өнер, мол азық алған зор саласы - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті. Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек еді.
1886 жылы жазылған Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман, Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да өлеңдерінде Абай замана жайын толғап, әр топтардың өкілдері, әр алуан адамдардың мінезі, іс-әрекетіне көз жібереді. Осы шығармалардағы айрықша өзгешелік - айту тәсіліндегі, стиліндегі қарапайымдылық, әдемі, әшекейлі сөздерді қолдануға ұмтылмаушылық. Сонда осы өлеңдердің артықшылығы неде? Олар алдымен ақын ойының тереңдігімен, еркін төгіліп отыратын оралымдылығымен, қоғамдық өмір құбылыстарының мәнін ашып, алаламай анық, айқын бағалап, талдап беруімен тартымды. Және бір назар саларлық жай - Абай Қартайдық, қайғы ойладық деген сияқты өзінің қамыққан, қажығандай көңіл күйін осы өлеңдердің бастапқы жолдарында ғана айтады. Осылай барып, ішкі сырын ақтаратын рай көрсетеді де, одан әрі бірыңғай айналадағы өмір, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттері, қылық-мінездері туралы айтуға ойысады.
Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің және басқа кемшіліктердің түп тамыры надандығында, оқымағандығында деп түсінеді де, халқының көңіл көзін, яғни сана сезімін жетілдіру үшін қазақ жастарын оқуға, білім алуға шақырады. Ол:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, ойы орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, -

деп бар үмітін оқуға талапты жастарға жүктейді. Өзі туралы айтқанда:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-

дейді де, оқыған өз балалары жайында:

Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,

деп, оқығанда әкім болу үшін емес, ғалым болып дүние тану үшін оқу керек екенін еске салады.
Ақын өлеңдерінің ішкі идеялық мәнін ден қоя зерттеп, оның заманымен қабыстыра талдау жүргізген татар зерттеушісі А.Сағди Абайдың өскен ортасы, оның ақынға әсері туралы мынадай құнды ой айтады: Абайдың һәм барлық қазақ халқының отырған орны, қонып жүрген шеті көрінбес кең шөлдер, меңіреу үнсіз далалар болғандығы белгілі. Абай, міне, сол заманда, сол елдің ішінде сондай тіршілік орындары, сондай табиғат орындары ортасында туған, сонда өскен, бар өмірін сонда жасап, сонда өлген бір кісі. Кісіге сол ел, сол тұрмыс қандай әсер, қандай ғибрат бере алса, Абай да сол бізге өзі арқылы өлеңдерімен соны береді. Сол тұрмыстан алған жүрек толқындарын шығарады,- деген пікірінде ақынға өз ортасының, айналасының әсер-ықпалын баса көрсету бар.
Абайдың өлеңдері сияқты, қарасөздерінен де оның өзін қоршаған өмір шындығына көзқарасы, дүние тануы аңғарылып отырады Абайдың халықты өнер-білімге, еңбекке шақырған, адамдардың ой-санасын көтеруге арнаған, байлар мен болыстарды, билер мен малқұмар пысықтарды сықақ еткен, надандық пен қараңғылықты жырлаған. Сол кездегі қазақ өмірі шындығының Абай шығармаларында көрініс таппаған қыры жоқ. Ол өз халқының тарихи өткеніне де үңілген, өзі айтқандай, ойланып, ойға батып үңілген, жүздеген жылдардың, яғни ғасырлар тереңіне үңілген. Бұл өткенге қарайлау, артқа айналсоқтау емес еді. Абай халқының өткені жайында ойлағанда оның елдік қасиетін танып білуді ғана емес, болашақты бағдарлауды да мақсұт еткен. Ал ол тарих тынысын, оның қан тамырларының соғысын қапысыз сезді, бұлтартпай білді. Бұған оның өмірге, тарихи дамудың барысына және өнерге деген көзқарасы мен ойлары -- анық куә. Абай ақындығының жаңашылдық сипаты мен өзекті бағыты да осында.
Өлең -- сөздің патшасы, сөз сарасы. Абайдың ақындық кредосы, поэзиялық және философиялық тезисі осындай. Мұнда Абай тек поэзияны ғана емес, жалпы сөз өнерін, көркем әдебиетті айтып отыр. Сөз сарасы деу арқылы ол поэзиядағы айқындықты, шындықты бәрінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Ақын поэзияның іші алтын, сырты күміс болып келуін талап етеді. Міне осындай поэзия ғана -- реалистік поэзия, яғни Абайша айтқанда жақсы сөз. Мұндай реалистік поэзияны, жаңашыл поэзияны Абайға дейін ешкім жасай алған жоқ. Қазақтың келістірер қай баласы деуі - Абайдың астамшылығы емес, ащы шындықты мойындауы, әрі суреткер ретінде өзіне тарих жүктеген міндетті терең сезінуі еді. Ол қиыннан қиыстыратын, шығармашылық ерен ерлік жасайтын дана-ақынға, классик-ақынға қазақ қоғамы мейлінше ділгір екенін көре білді және өзі сол деңгейге көтеріле алды. Сонымен қатар Абайдың өлеңдерінде әр түрлі топтың өкілдері, әр қилы мінезді адамдар үнемі бой көрсетіп отырады. Мысалы:

Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп.
Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр.

Ақынның поэзиядағы өз тұлға-бейнесі арқылы біз оның өзі өмір сүрген заманды қалай танитынын, халықтың мүддесін, арман-тілегін қалай түсінетінін көреміз. Халық өмірінің, заман келбетінің поэзиядағы көрінісі арқылы ақын бейнесін айқынырақ сезіне түсеміз. Жинақтап айтқанда, осының бәрінен сол дәуірдегі қазақ өмірінің мол шындығын табамыз.
Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған халықтың, ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін Қалың елім, қазағым, қайран жұртым өлеңінен айқын көреміз. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым өлеңіндегі бейнелілігі туралы айтсақ, осындағы қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, бірі май,бірі қан боп екі ұртың деген сөздердің көркем символдық образға, өлеңдегі аузымен орақ орған, күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың, сыпырылды байлығын, баққан жылқың деген секілді барынша қарапайым, айтылу қалпы үйреншікті сөз нақыштарының да аса маңызды ой-пікірді жеткізуде ерекше мәнге ие болып тұрғанын байқадық. Осы тұста зерттеуші З.Ахметовтің Поэзиядағы тіпті ең қарапайым деген сөздердің өзі де ақын ой сезімінің байлыған, айрықша қуаттылығын аңдатқандай болса, жайдағы айтылатын үйреншікті мағынасынан гөрі әлде қайда терең мәнге ие бола алады - деп теориялық тұжырымын басшылыққа алуға болады.
Осы өлеңге домбыра сазындағы алғашқы құлақ күйіндей болып, жүрек толқытатындай жылы леп беретін қазағым, елім, қайран жұртым деген сөздер онан кейінгі айтылғанның бәріне басқаша мағына, өзгеше реңк дарытады. Дәл осындай терең толғаныстан шыққан сыншылдыққа толы өлеңде мұндай сезім жылылығы кездесе бермейді. Сондықтан да елдің күйзелген жағдайын аңдататын:

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың, -

деген сипаттаулар жалпақ жұрт туралы айтылса да, артық айтылғандай сезілмейді.
Ал, енді жалпы жұртқа қаратып айтылған:

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың, --

деген секілді сөздер халықтың қамын жеп толғанған ақынның жүрегінің түкпірінен шыққандай сезіледі де, мөлшерсіз қатты сын деуге келмейді. Ақындық шабыт пен шығармашылықпен келістіріп жырлаған, жаңа ақынның типі мен тұлғасын жасаған өлеңдер Абайда мол. Бұл -- Абай поэзиясының ең бір өзекті тақырыбы. Ең әйгілі, ең үздік шығармаларының бірі -- Сегіз аяқты ақынның осы тақырыптан бастауы тегін емес. Оқып қаралық:

Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған, Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл.

Бұл Абайдың ақындық тұлғасын, оның ерен өнерінің қат-қат қырлары мен сырларын, суреткерлік ұлылығын ұғынуымызға да мүмкіндік береді. Абай поэзияға тереңдік пен шалқар кеңдік (алыстан сермеп) жарасатынын айтумен ғана тынып қалмайды, сонымен бірге ол поэзияның шын шабыттан, шын тебіреністен тууын шарт етіп қояды.Осы өлеңінде ақын елдің берекесін кетіріп, көзін аштырмай отырған бір-бірімен дауласу, қастасу, өтірік арыз беру секілді жаман әдеттер екенін нақтылап көрсетіп:

Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың, -

деп өкініш білдіреді.
Елді бірлікке, татулыққа шақыру өлеңнің ең бір күшті сарыны.

Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі - бос, -

деген үлкен қоғамдық, мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ақын ерекше тебіреніспен айтады.
Абай поэзиясындағы психологизм, әр түрлі адамдардың мінез-құлқын, психологиясын, қандай жағдайда қандайлық әрекет ететінін ашып көрсету шеберлігі жағынан алғанда Бөтен елде бар болса,Сабырсыз, арсыз, еріншек секілді өлеңдерді атауға болады. Қиын-қыстау жағдайда жалтарғыш, бір сөз үшін жау болып, бір күн үшін дос болып қырық құбылып жүретін адамдардың мінезін, іс-әрекетін ақын осы өлеңдерінде тап басып, нақтылы сипаттаған. Осындай шынайылығы, суреттеу тәсілінің ұтымдылығы жағынан Абай шығармаларындағы қазақ әкімдерінің ел билеушілерінің бейнесі де кем түспейді.
Болыс болдым мінеки атты өлеңі болыстың монолог түрінде құрылып, кейіпкердің атынан оның өз аузынан шыққандай болып айтылған сөздер, өзі баяндап отырған іс-әрекет, мінез-құлыктары арқылы сол болыстың тұтас бітімді сом тұлғасы жасалады.

Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. Сөйтсе-дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап. Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сыяз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап. Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап.

Өлеңнің әр сөзінде атқан оқтай дөп тиетін дәлдік пен қорғасындай салмақтылық бар.Осынау кейіпкердің бір сәт ойға кетіп, болыстыққа жету үшін қандай қам жасағанын, қанша малын шашып әуреге түскенін, болыс болғандағы іс-әрекеттерін, әр түрлі адамдармен қарым-қатынасын көз алдынан өткізіп, өзіне-өзі есеп бергендей, тұжырымдап бағалағандай болып отырған қалпы мейлінше нанымды да әсерлі. Абай осы өлеңінде алдына жан салмайтын мысқылшыл, сатирик ақын, кемел психолог-суреткер ретінде әсіресе айқын танылады. Бір ғажабы - өлеңде әдейі әсірелеу арқылы күлкілі жағдай туғызу деген мүлде жоқ, Баяндалып отырған - сол заманда қазақ қоғамында болыстық үшін таласқан адамдардың басында үнемі кездесіп отыратын жағдайлар. Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық ұстаным ретінде поэзиялық туындыларында да, қарасөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады. Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың - жалын, артың - мұз, Барар едің қай жаққа? -
дейді ақын Әсемпаз болма әрнеге деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп ол әділеттілік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді. Ғылым-білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл - таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмтылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігі ерекше назар аударған.
Абай сөзінің мәні терең келеді, сондықтан қай сөзді болсын жеңілдетіп, үстірт қарап, бір жақты түсінуге жол берілмеуі керек. Мысалы, жастардың ғылым үйренуі туралы айта келіп:

Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім айтса, мейлі, сол айтты -
Ақылменен жеңсеңіз, -

дегенде ғылыми пікір қорытуда, дүниетаным мәселесінде кімнің де болсын жасы, мансабы, атағына қарамай, тек қана шындыққа жүгіну қажет екені нақты айтылған.
Абайдың адамның өмірі жайлы толғануға ауысатыны тегін емес. Ақын адам өмірден нені іздеп, нені күнкөріс қылады деген сұраққа тұжырымды жауап береді.

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Адамның өмірі мағыналы, саналы болу керек деген байламын осылай айқын айтып жеткізеді де, енді ойын жаңа бір қырынан алып өрбітіп, адамның өмір сүруі, іс-әрекеттері, алдына қоятын мақсаттары өз заманына, заман талабына сәйкес болуы қажеттігін айрықша ескертеді.

Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.

Үлкен философиялық мәні бар осы тұжырымның қоғам өмірінің күрделі заңдылығын, елеулі шындығын терең түсіну негізінде айтылғаны анық. Саналы, ойлы адамның артықшылығы заман талабын, әлеуметтік өзгерістердің бағыт-бағдарын дұрыс түсіне білу болса керек.
Абай адам табиғатын этикалық тұрғыда қарай отырып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, сегіз қырлы, бір сырлы сырбаз адам, яки кемеліне жеткен толық адам кейпінде алға тартады. Адам деген даңқым бар, -- дейді Абай. Сол арқылы ол неден қашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Мысалы, ақынның мына сөзі де осының бір дәлелі: Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не қылышы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр өй, тәңір-ай! деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам? Оларды мұсылман деп қалайша иманы бар ғой дейміз?

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Meн бір жұмбақ адаммын,оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай адамды жаратушының қаһарынан қаймыққаннан емес, өзінің арының, ұятының, халқының алдында сол істеген қылығы үшін жауапты болғандықтан да қайырымды, мейірімді болуға тиісті деп біледі.
Абайдың этикалық тұжырымдамасында еңбек деп аталатын ұғым ерекше орын алады. Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ, -- деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал оның қадірін білмейтін жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол: Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік -- бәрі осыдан шығады, -- деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді.
Абай шығармашылығының мәні ақынның бұқарашылдығында, өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы әлеуметтік теңсіздікті көре білуінде, халық тұрмысына назар аударуында, қанау мен әділетсіздікті батыл сынауында, теңдікті жырлауында, адамгершілікті насихаттауында, халықты оқу-білімге, өнер-ғылымға, талап-еңбекке үгіттеуінде, сайып келгенде халық бұқарасының сана-сезімін оятып, ой-өрісін кеңітіп, жарқын келешекке сенім нығайтуында жатыр.
Абай туындыларының тағы бір тарихи мәні -- өзіне дейін болып көрмеген тың тақырыптарды жыр етіп, оған биік идея, терең мазмұн, тың пішін беруінде; қазақтың әдеби тілін байыта, дамыта қалыптастырып, жаңа жазба әдебиетінің негізін салуында; қазақ поэзиясын сыншыл реализмнің шырқау сатысына көтеруінде болып табылады.
Абай Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхали және басқа да алыптардың сиқырлы әуез, биік рух, қиыннан қиындасқан шынайы шеберліктің үлгісіндей ғажайып поэзиясының аясында тәрбиеленіп, өмір бойы солардың дәстүрінен қол үзген емес. Адамның эстетикалық, этикалық бейнесі, арман мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Олардың негізінде адам және кісілік философиясы жатыр. Абай былай дейді:
...Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. Мені мен менікінің айырылғанын Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес...
Өйткені, адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның негізгі өзегін, басты мәселесін құрайды. Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам мәселесі үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық жақтарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің қайсысының да бір-бірімен тығыз байланысты екендігі күмәнсіз.
Жарқын жайларды көріп қуансақ та, жамандықтан түңіліп жиренсек те, ашу-ызамызды немесе ең абзал сезімдерімізді ана тілімізде білдірмек болсақ та, біз ең алдымен Абайға ден қоямыз, оның бәрін қамтыған поэзиясынан медет тілейміз.
Абай шығармаларын оқи отырып, біз оның ақындық ойының түпсіз тұңғиықтығына, ақындық сезімдерінің әсерлілігі мен шексіз байлығына, тазалығы мен мөлдірлігіне таң-тамаша қаламыз. Ол өмірге, шындыққа қыранша шырқау биіктен қарады. Бірақ оның көреген көзі ешнәрсені мүлт жіберген жоқ, оның үлкен жүрегі бәріне де сергек үн қатты, дәуір дүбіріне қоса жаңғырықты. Ол ұлы ойлар мен ілгерішіл идеяларға, ғажайып көркемдікке толы тұтас бір әлем тудырды. Абай поэзияның қуат-күшін, мүмкіндіктерін аса жоғары бағалаған. Абай поэзиясы терең мазмұнымен, шалқар кеңдігімен құнды.

1.2.Абай өлеңдерінің құрылысы

Абай-терең ойдың ақыны. Ол әрбір шығармасын жүрек тебіренте тереңнен толғайды. Оқыған сайын бұрын оқыған Абай сөздерінің жаңа сырын ашып отырасың.
Абай - қазақ поэзиясында нағыз реалистік образ, шебер сурет, жаңа көрініс жасаған ақын. Профессор Құдайберген Жұбанов айтқандай: Абай ойшыл ақын. Өлеңін пікір кернеп тұр. Оның сезімі -- ойшыл сезім. Бірақ оның ойы да сезімшіл ой. Сондықтан Абай өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын, ағартушы Абай Құнанбаев
Абай шығармаларын мектепте оқыту
ХХ ғасырдағы ағартушылардың дүниетанымын, шығармаларының өзектілігі
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Өлеңді сөйлем - ерекше сөйлем
АБАЙҒА БАРАР ЖОЛ
АБАЙ ЖОЛЫ ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Абайтану ғылымы
Пәндер