Ақын Ақылбек Шаяхметтің өмір жолы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3-5
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ақын Ақылбек Шаяхметтің өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-7
2.2 Ақын Ақылбек Шаяхметтің қолданысындағы
фразеологизмдердің берілу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...8-13

2.3 Ақын қолданысындағы тұрақты тіркестердің түрлері ... ... ... ... ... .14-
18

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 19
ІV Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
V Қосымша мәліметтер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...20-28

Абстракт

Жұмыстың басты мақсаты: Ақылбек Шаяхметтің тұрақты тіркестерді
қолданудағы ерекшелігін талдап ашу, тілдік табиғатын зерттеу.
Ақылбек Шаяхметтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ақын
шығармаларындағы тұрақты тіркестердің қазақ әдеби тілінің лексикасын, соның
ішінде фразеологиясын байытудағы қосқан үлесін анықтау.
Қай халықтың болмасын өзімен бірге туып, бірге жасайтын көне мұрасы
болып саналатын тілдік бірліктердің бірі – фразеологизмдер.
Фразеологизмдер – қолданысқа даяр тұратын көркем сөз құралы, қаламгер
қолданысында түрленіп, ой айқындылығы мен дәлдігін, бейнелілігі мен
айшықтылығын білдіретін ұлт тілінің ерекше көрінісі.
Халық тілінің құнарлы қабаты, айшықты сөз өнері сол халықтың көркем
әдебиеті арқылы көрініс табады. Көркем шығарма – ұлт мәдениетінің негізгі
көрсеткіші. Көркем әдебиет тіліндегі көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік
нәр беретін, әсерлі ой, сезімге бөлейтін фразелогизмдер десек, сол
фразеологизмдердің шығарма тілінде дайын күйінде де, авторлық өңдеумен
өзгеріске түсіп қолданылуы да, ақынның өзіне тән стилін, әрі көркемдігін
көрсетеді.
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Ақын Ақылбек Шаяхмет ұлттық тілдің
бай қазынасы – сөздік құрамын шебер пайдаланып, әр сөзді, шумақты, тұтас
мәтінін мәнерлі, өткір шебер тілмен өрнектеген және оларды белгілі бір
стильдік мақсатпен ұтымды пайдаланған. Ақын тілінің лексикалық байлығы әр
түрлі фразеологизмдер арқылы танылады. Шығарма тілінде кездесетін
фразеологизмдердің басым көпшілігі ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
болып табылады. Сонымен қатар ақын авторлық фразеологизмдерді де қолданумен
қатар, жалпыхалықтық тілдегі фразеологизмдерді де өзінше өңдеу арқылы
шығарма ерекшелігін танытқан.
Ақын кез келген құбылысты, қимыл-әрекетті, шебер пайдаланған.
Шығарманы талдау барысында автор қолданысында эпитеттер мен теңеулер жиі
ұшырайды. Ақын өлеңдерінде тұрақты тіркестер өте көп қолданыс тапқан.
Авторлық өңдеу арқылы жасалған тұрақты тіркестер мен авторлық
фразеологизмдер кейіпкер тілін, автор тілін танытудағы ерекшеліктері
анықталды.
Ақын бейнелі фразеологизмдердің тұлғасын өзгертіп те, өзгертпей де
еркін, орынды және молынан қолданады. Осылардың барлығы жағымды үстеме реңк
береді. Бұдан ақынның тілдік ажарын, әсерлілігін, әрін арттыру мақсатындағы
сөз саптау ерекшелігін көруге болады. Фразеологиялық қолданыстағы сөздер
ақын тілінің ыңғайымен поэзияның өн бойына стильдік ажар жүктеп, ойды жан-
жақты, әрі ықшамды сипаттауға мүмкіндік берген.

Абстракт

Актуальность проблемы заключается в раскрытии особенностей
устойчивых словосочетаний, используемых поэтом Акылбекам Шаяхметом в его
произведениях, в исследовании языковой природы фразеологизмов.
Цель работы: ознакомление с жизнью и творчеством поэта Акылбека
Шаяхмета, определение научного вклада, внесенного Акылбеком Шаяхметом в
обогащение лексики современного казахского литературного языка, в частности
фразеологии современного казахского литературного языка.
Одно из древних наследий языка народа рождающегося вместе с ним –
фразеологизмы.
Фразеологизмы – средство выразительности художественного слова,
которым пользуется писатель в целях прояснения своей мысли, особенность
национального языка.
Художественное произведения основной показатель национальной
культуры. Одно из важных средств языка художественной литературы,
позволяющее выразить чувства и мысли, - это фразеологизмы.
Поэт А.Шаяхмет – большой мастер уникального богатства национального
языка, каждое слово и любой его текст способствуют созданию своеобразного
стиля художника. Лексическое богатство поэтического языка определяется
разнообразием используемых внем фразеологизмов. Вместе с тем поэт широко
использует авторские фразеологизмы, фразеологизмы народной речи. С особым
мастерством характеризует конкретные проявления национального самопознания,
любие явления, действия, движения.
В процессе анализа произведения автором часто употребляются эпитеты и
сравнения. Поэт использует образные фразеологизмы, сохраняя их оригинальную
форму, изменяя их свободно, используя их широко и к месту, с добавлением
допольнительных коннотативным оттенков. Фразеологизмы усиливают
изобразительно-выразительную образность языка поэта.
Можно сказать, что употребление поэтом фразеологических
словосочетаний на протяжении всего его творчества, определило особенности
его стиля, способствовало его сжатости, умению всестороннего выражения
мысли.
В результате научного исследования мы пришли к следующим выводам:
В поэтических произведениях Акылбека Шаяхмета устойчивые
словосочетания нашли широкое распространение. Определены специфические
особенности устойчивых словосочетаний и авторских фразеологизмов в языке
героев и языке автора.

Annotation

One of ancient heritages language of people born together with it–
phraseological units.
Phraseological units – means of expressiveness of the art word which
the writer uses for clearing the thought, feature of national language.
Art works is a main index of national culture. One of important means
of language of the fiction, allowing to express feelings and thoughts, are
phraseological units.
Akyn A.Shayakhmet – the master of all richness of the national
language, each word and any texts are promoted creation of uniform style of
the artist. The lexical richness of poetic language is shown in its
phraseological units.
A majority phraseological units of oral speech are met in his works.
At the same time the poet widely uses author's phraseological units,
phraseological units of folk speech.
Analyzing the author often uses epithets and comparisons. The poet
uses characteristical phraseological units, keeping their original form,
changing them easy, but uses them widely and to a place, their positive or
negative shades.
Phraseological units increase characteristic of language of the poet.
It is possible to tell that the use phraseological words of combinations
the poet throughout all his creativity defined his style, promoted his
conciseness, ability of multifold expression of idea.

Кіріспе

Жұмыс сипаттамасы.
Қостанай өңірі – қазақтың рухани тыныс-тіршілігінде бағалы орны бар
қазыналы аймақ. ХІХ ғасырдың орта кезінде халқына елеулі қызмет атқарған
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин секілді ағартушылардың соңынан іле-шала
шыққан ХХ ғасырдың басындағы көрнекті тұлғалар Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып
Дулатұлы, Мұхаметжан Сералин сынды тұлғалар туған елдің мақтанышы. Осындай
тұлғалардың ізін жалғастырушылардың бірі – халық қазынасын, аймақтың рухани
мұраларын жинап, ғылыми тұрғыдан зерттеген, бірнеше ғылыми еңбектердің, жыр
жинақтарының авторы, ақын, ғалым - зерттеуші Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет.
1.Тақырыптың өзектілігі.
Тіл ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Бір тіл-бір ұлт.
Кез-келген халықтың ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады,
халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді. Тіл қазынасына
жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың
тілдік табиғаты, заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің
көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні,
көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан және стильдік тұрғыдан
өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, көлемі шағын-қабат
тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Әлемдегі тіршіліктің бар саласын
қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдары – тұрақты тіркестерді
молынан табуға болады. Тұрақты тіркестер тілдің айшықты да, мәнерлі, бай
саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, суреттеме қасиетімен көзге
түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі тұрақты
тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері – тіл қазынасының
бір бөлігі.
Зерттеу жұмысымызға қазақ поэзиясының төрінен орын алған, өзіндік орны
бар тұлға – Ақылбек Шаяхметтің тұрақты тіркестерді қолданудағы ерекшелігін
талдап ашу, тілдік табиғатын зерттеу – жұмыстың өзектілігін айқындай
түседі.
2.Жұмыстың басты мақсаты.
Ақылбек Шаяхметтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Ақын
шығармаларындағы тұрақты тіркестердің, қазақ әдеби тілінің лексикасын,
соның ішінде фразеологиясын байытудағы қосқан үлесін анықтау.
Шығармаларына талдау жасау, ғылыми дерек көздерін тиімді пайдалану,
айтар ойды еркін, айшықты тілмен төгілте сөйлеуге дағдылану.

3.Жұмыстың жаңашылдығы.
Жұмыстың зерттелу көзі – ақын өлеңдеріндегі мазмұн мен ойды берудегі
сөз таңдауы, сөз қолданысы, ондағы тұрақты тіркестердің қызметі.
4.Тақырыптың теориялық – әдіснамалық негізі. Тұрақты тіркестердің танымдық
сипатын ашуда тілші-ғалымдар Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев, М.Мамаева,
Г.Смағұлова, М.Балақаев, М.Томанов еңбектері қолданылды. Соның нәтижесінде
ақын шығармаларында қолданылған тұрақты тіркестердің стильдік ерекшелігі
қарастырылады.
5. Тақырыптың тәрбиелік негізі. Ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікті,
адалдықты, мейірімділікті, қайырымдылықты, туған жерге деген
сүйіспеншілікті үйрену, ізгі қасиеттерді бойымызға дарыту.
6. Қолданған зерттеу әдістері:
- кітапханамен жұмыс жасау;
- баспасөз бетіндегі материалдарды жүйелеу.
- көркем шығармаларын оқып шығу;
- Ақылбек Шаяхметтің шығармаларына талдау жасау;
7.Тақырыптың ғылыми – теориялық маңызы. Ақын Ақылбек Шаяхмет жайлы ғылыми
зерттеу еңбектер, ақынның төл шығармалары, мерзімді баспасөз бетінде
жарияланған материалдар жұмысқа теориялық және әдіснамалық негіз ретінде
пайдаланылды.
8.Тақырыптың тәжірибелік маңызы. Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары қазақ
тілі мен әдебиеті пәні бойынша арнаулы курстар мен семинарлар жүргізуде,
қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен өнеріне қатысты зерттеулерде көмекші
құрал бола алады.
9.Тақырыптың ашылып зерттелу кезеңдері.
Ғылыми жұмыс қазақ, орыс тілдері және әдебиеті кафедрасында
талқыланып, қорғауға ұсынылды. Ғылыми жұмыстың негізгі мазмұнын танытатын
мақалалар баспасөз беттеріне, жұмыстың негізгі нәтижелері Арқалық
мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілетін ғылыми- практикалық
конференцияларға, ғылыми жинақтарға ұсынылуда.
10. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі:
Мәдени мұраның ішінде аса маңыздысы – әдебиет пен тіл. Әдебиет пен тіл
ұлттық сананың бастауы, ұлттық рухани құндылықтардың қазынасы. Ақын
туындыларында өз дәуірінің ұлттық, халықтық құндылықтары шынайы көрініс
тапқан. Сонымен бірге бір күндік немесе бір дәуірмен шектеліп қалмай, ұлт
өмірінің мәңгілік мұраты жырланады. Сондықтан да көркем шығармалар сол
ұлтпен бірге жасайды. Ақынның ұлылығы да осында.
Ақын А.Шаяхметтің жыр жинақтарын оқи отырып, өлең жолдарында кездескен
тұрақты тіркестер зерттеліп, талданып төмендегідей нәтижелерге қол
жеткіздік.

Ақын өлеңдерінде тұрақты тіркестер өте көп қолданыс тапқан. Авторлық
өңдеу арқылы жасалған тұрақты тіркестер мен авторлық фразеологизмдер
кейіпкер тілін, автор тілін танытудағы ерекшеліктері, автор тарапынан
туындаған көріктеу құралдары да анықталды.
Көркемдегіш тәсілдердің сипаты (теңеу, эпитет, метафора) поэзия
тіліндегі қолдану тәсілдері көрсетілді, суреткерлік мәні ашылды.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Соңында
пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

Негізгі бөлім
2.1. Ақын Ақылбек Шаяхметтің өмір жолы
Белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек
Қожаұлы Шаяхмет Қостанай облысының Жітіқара ауданында Желқуар ауылында
(Забеловка селосы) 1951 жылы 17 маусымда туған.
Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін Шевченко
кеңшарында шопан болып жұмыс істеді. 1968 жылы оны Әулиекөл аудандық
газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық Жетісу, Қостанай
облыстық Қостанай таңы газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс
істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін
және Москвада Әдебиет институтын бітірген.
Халықаралық Қазақ тілі қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан
жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі,
облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі
Қостанай облыстық комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет
басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім департаменті директорының
орынбасары, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,
қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика
факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде
қызмет жасайды. Қазақтардың бірінші және үшінші дүниежүзілік құрылтайының,
Қазақстан халықтарының республикалық форумының делегаты, Қазақстан
халықтары Ассамблеясының мүшесі. Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық
әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты. СССР жазушылар одағына 1983
жылы қабылданған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Дала қоңырауы газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы және редакторы болды.
Ахмет Байтұрсынов атындағы медалімен, ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл және Ерен
еңбегі үшін медалімен марапатталған.
Бұқар жырауға, Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған
республикалық мүшайралардың жеңімпазы.
2007 және 2008 жылдары өткен “Астана-Бәйтерек республикалық ұлттық
конкурсының жеңімпазы. 2008 және 2009 жылдары өткен Дарабоз бәйгесінің
жүлдегері.
Тұңғыш жинағы 1977 жылы жарық көрді. Республика баспаларынан отызға
жуық кітабы басылып шыққан.
Солардың ішінде Гүл мен бидай, Шынар, Күлімдейді күніміз,
Біздің бақшада, Әдемі, Аяз және Қыдыр, “Бағдаршам” атты кітаптары
балаларға арналған. Автордың өлеңдері орыс және шет ел тілдеріне
аударылған. Есте қалар ел тарихы, Ел есіндегі есімдер, Тыңда туған,
Пирамида, Көзімді ашып-көргенім, Жұлдызды дәуір, Жер-бесік, Мөлдір
бұлақ деп аталатын прозалық, өлеңдер және поэмалар жинақтары оқырмандардың
ықыласына бөленді.
Драматургия саласында да қалам тербеп келеді. Ақсұлу Орысбайқызына
арналған Ақсұлу тарихи драмасы Қазақ радиосының алтын қорында сақталған.
Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке, Таза бұлақ пьесаларының
авторы.

2.2 Ақын Ақылбек Шаяхметтің қолданысындағы фразеологизмдердің берілу
тәсілдері

Қай халықтың болмасын өзімен бірге туып, бірге жасайтын көне мұрасы
болып саналатын тілдік бірліктердің бірі – фразеологизмдер.
Фразеологизмдер – қолданысқа даяр тұратын көркем сөз құралы, қаламгер
қолданысында түрленіп, ой айқындылығы мен дәлдігін, бейнелілігі мен
айшықтылығын білдіретін ұлт тілінің ерекше көрінісі.
Халық тілінің құнарлы қабаты, айшықты сөз өнері сол халықтың көркем
әдебиеті арқылы көрініс табады.
Көркем шығарма – ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші. Көркем әдебиет
тіліндегі көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беретін, әсерлі ой,
сезімге бөлейтін фразелогизмдер десек, сол фразеологизмдердің шығарма
тілінде дайын күйінде де, авторлық өңдеумен өзгеріске түсіп қолданылуы да,
қаламгердің өзіне тән стилін, көркемдігін көрсетеді.
Зерттеуші – ғалымдардың пікіріне сүйене келіп, ақын тіліндегі
фразеологизмдердің көркем шығармада қолданылуын төмендегідей топтастыруға
болады:
1.Жалпы халықтық формада қолданылған фразеологизмдер.
Фразеологизмдердi жалпы халықтық формада қолдану – жалпыға танылған
тәсiлдердің бірі. Айтылатын ойға көркемдiк сипат беру мақсатында
қолданылады. Мысал ретінде төмендегідей өлең жолдарын келтірейік:

1) ...Аяқ жүрсе, жұмысқа да қол шебер,
Құлақ естіп, көзім бәрін көреді.
Тіс жармаймын, келер зиян болса егер,
Мұсылманмын – себебі [4].

...Алатын әсер жетеді,
Исламның туы желбіреп,
Жан – жүйең еріп кетеді,
Іші – бауырың елжіреп[4].

...Қосу сөзін неге қазақ қош көрді,
Жолдас – жора жұбын жазбай дос болды.
Қосылғанды қолдай гөр, - деп, - Құдайым!
Тілек тілеп, тұрмын жайып қос қолды[4].

...Тағы бір ой келді деймін,
Көңілімді бөлді деймін.
Тыныс алып, тіл қатпадым...
Оны қалай белгілеймін? [4].

...Алшыдан түссе асығым,
Алысқа қарап, елеңдеп,
Қараушы ем пошта жәшігін
Аңсатқан хабар келер деп [4].

...Қоян жүрек жасықтың
Ашып айтар сыры жоқ.
Тұзы жеңіл пысықтың
Жұмысқа еш қыры жоқ [4].

Өткеннің бәрін өртесең,
Көнені көзің көрмесе,
Жаңашыл боп та, жарлы боп,
Аталы сөзді білмес ең [5].

... Арыстаны жемтік іздеп сабылған,
Қасқырының азу тісі қағылған.
Қу түлкінің туған екен сағаты,
Соны ойласам, қайысады қабырғам [5].

... Әйтеуір, қыңыр – қисық күйімізде,
Жетердей бұл өмірдің сыйы бізге,
Жұмыла қалатынбыз шетке шықсақ,
Болсақ та қырғи қабақ үйімізде [5].

... Ат ізін салмай кетесің, қатты сағынсақ,
Көреміз қашан, - дейді ол күліп, - тойыңды?
Дастархан үсті сап – сары жұмсақ бауырсақ,
Кілегей қаймақ, құрт пенен жент те қойылды [5].

... Сен, әрине, бұзық жолға түспейсің,
Әңгі болып, жынды суды ішпейсің.
Жүйкең тозып, зығырданың қайнайды,
Қиналғаннан бармағыңды тістейсің [5].

Қар жауған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихы
ТАҺИР - ЗУХРА ДАСТАНЫНЫҢ ОРТА АЗИЯЛЫҚ НҰСҚАЛАРЫ
Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Қазақ тілінде тарихи хикая
Абайтанушы
Қайым мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы
Жүрегімнің түбіне терең бойла..
Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасы
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Пәндер